Бастауыш сыныптың жаңа тұрпатты мұғалімін қалыптастырудың педагогикалық негіздері
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1. БАСТАУЫШ СЫНЫПТЫҢ ЖАҢА ТҰРПАТТЫ МҰҒАЛІМІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.
1.1. Бастауыш мектептің жаңа тұрпатты мұғалімін дайындаудың қазіргі жағдайы.
1.2. Бастауыш сыныптың жаңа тұрпатты мұғалімін қалыптастыру жолдары.
2. ЖАҢА ТҰРПАТТЫ МҰҒАЛІМНІҢ ЖАҢА МОДЕЛІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ АЛҒЫШАРТЫ
2.1. Жаңа тұрпатты мұғалімнің өзін.өзі дамытуына қойылатын педагогикалық талаптар.
2.2. Бастауыш мектептің жаңа тұрпатты мұғалімінің нобайы.
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қосымша
Зерттеу жұмыстары.

Президент Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасымен Қазақстан Республикасының үкіметінің 2004 жылғы №128 қаулысына сәйкес бес аймақтық педагогикалық институттар қайта ашылды. Соның ішінде Тараз мемлекеттік педагогикалық институты. Сонымен қатар 2004 жылғы Қазақстан халқына жолдауында Республикадағы жалпы орта білім беретін мектептердің 12 жылдыққа көшу дайындығына байланысты Республиканың педагог-ғалымдарына XXI ғасырдың жаңа тұрпатты педагогтарын дайындау нобайын жасауды тапсырған болатын. Нобайды жасауға Республиканың көптеген ғалымдары ат салысты. Соның ішінде Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының бұрынғы ректоры, қазіргі білім және ғылым министрлігінің вице-министрі М.Н.Сарыбековтың ұсынған нобайы мақұлданып, министрдің бұйрығымен Тараз мемлекеттік педагогикалық институты жаңа тұрпатты мұғалім даярлау ісінде педагогикалық инновацияларды іске асыру мен енгізуге арналған оқу эксперименталды алаң ретінде бекіді.[1]
2004 жылдың 12 қазанында Қазақстан Республикасы білім саласы қызметкерлерінің III сьезінде сөйлеген сөзінде Елбасы Н.Назарбаев «Құрылымдық өзгерістер мұғалім кадрларын әзірлеу жүйесін оздыра отырып дамытумен қамтамасыз етілуі тиіс. Жаңа формацияның мұғалімі қажет» деп атап көрсеткендей, әрбір оқушының жеке, дербес қабілеттерін ашуға, шыңдауға толықтай жағдай жасап, оларды білімді өз бетінше іздеп табуға, шығармашылық үйрететін ізденімпаз, шебер мұғалім даярлау қоғамның қазіргі сұранысынан туындап отыр. Қазіргі білім беру саласындағы басты мәселе – тез өзгермелі жаңа әлемде бәсекеге төтеп бере алатындай білім беруді мақсат тұтатын жаңа білім мазмұнына сай оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін меңгерген жаңашыл ұстаздарды даярлау. [2]
Шапшаң өзгеретін, жоғарғы технологиялық бәсекелі әлемде өмір сүруге дайын, сапалы білім алуға ұдайы ұмтылатын интеллектуалды, физикалық және рухани дамыған азаматты қалыптастыру кадрлар даярлау жүйесін дамытудың басым бағытына айналмақ .
XXI ғасырда мемлекеттің тұрақты дамуының негізі ретінде адам әлеуетінің рөлі артып отыр. Қоғамға адамның интеллектуалдық қабілеті, оның білімділігі, жаңа білімді жинақтау мүмкіндігі қажет. Бүгінгі таңда инновацияларды жедел игеретін, өмірдің серпінді сұраныстары мен талаптарына тез бейімделетін тұлға ғана жеңіске жетеді.
Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының басты мақсаты – экономиканың және азаматтардың әл-ауқатының тұрақты дамуын қамтамасыз ететін білім беру жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, адами капиталды дамыту үшін оны түбегейлі жаңғырту [3].
Алдағы онжылдықта 12 жылдықта көшу мәселесі бойынша орта жалпы білім беру жүйесінде кәсіби білім беру реформасын жүргізу көзделіп отырғандықтан, болашақта мектепке оқушылардың жеке-дара шығармашылық, креативтік, интеллектуалдық қабілеттерін аша алатындай жаңа тұрпатты мұғалім қажет етеді.
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Бүгінде 12 жылдық мектеп моделі анықталды, алайда оған көшу білім сапасының артуын өздігінен қамтамасыз етпейді, білім берудің мазмұнын елеулі түрде қайта қарау талап етіледі және мұны бүгіннің өзінде жасау қажет» - атап көрсетті.
Бүгінде Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаларын жүзеге асыру нәтижесінде 12 жылдық оқытуды енгізу үшін жағдайлар жасалуда.
Бүгінгі заман талабына сәйкес жаңа тұрпатты мұғалім дегеніміз, ол – педагогикалық құралдардың бүкіл әлеуетін меңгерген, педагогикалық үдерісте мультимедиялық технологияларды тиімді пайдалана алатын, өзін-өзі жетілдіруге үнемі ұмтылып отыратын рухани дамыған, әлеуметтік жағынан жетілген шығармашыл тұлға, білікті маман.

1. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. / Егемен Қазақстан -14 желтоқсан, 2010 ж
2. Назарбаев Н.Ә. Инновациялар мен оқу-білімді жетілдіру арқылы білім экономикасына. / Елбасы Н.Назарбаевтың Еуразия Ұлттық университетінде студенттерге оқыған лекциясы./ Ақ жол, 30.05.06.
3. Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты / Елбасы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы/ 2012 ж 27 қаңтар.
4. Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.
5. К.Ж.Бұзаубақова. Ұстаздық шеберлік /оқу-әдістемелік құрал/ Тараз – 2009
6. Кларин М.В. Педагогическая технология в учебном процессе – М., 1989.
7. Таубаева Ш.Т. Передовой педагогический опыт: от теоритического осмысления к практике – Алматы, 1997
8. Көбесов. А Әл-Фарабидің педагогикалық мұралары. Алматы: Мектеп, 1989.
10/11. К.Ж. Бұзаубақова Ұстаздық шеберлік. / оқу-әдістемелік құрал/ Тараз – 2009.
12. ЮНЕСКО. Доклад ЮНЕСКО о положении дел в мировом образовании за 1991 год – Париж, 1991.
13. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы (Жаңа мазмұндағысы) Астана – 2011.
14. Бөлеев. Қ. Болашақ мұғалімдерді оқушыларға ұлттық тәрбие беруге кәсіби дайындау: теориясы мен практикасы - Алматы : Нұрлы әлем, 2004.
15. К.Ж.Бұзаубақова Мұғалімнің инновациялық іс-әрекетке даярлығын қалыптастырудың теориясы мен практикасы. Алматы – 2009.
16. Жарқынбеков.С.Д., Сманқұлова.Ж.Е. XXI ғасыр мұғалімі /көмекші құрал/ Алматы – 2006 ж.

МАЗМҰНЫ:
КІРІСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...
1. БАСТАУЫШ СЫНЫПТЫҢ ЖАҢА ТҰРПАТТЫ МҰҒАЛІМІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ
НЕГІЗДЕРІ.
1.1. Бастауыш мектептің жаңа тұрпатты мұғалімін дайындаудың қазіргі
жағдайы.
1.2. Бастауыш сыныптың жаңа тұрпатты мұғалімін қалыптастыру жолдары.
2. ЖАҢА ТҰРПАТТЫ МҰҒАЛІМНІҢ ЖАҢА МОДЕЛІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ АЛҒЫШАРТЫ
2.1. Жаңа тұрпатты мұғалімнің өзін-өзі дамытуына қойылатын педагогикалық
талаптар.
2.2. Бастауыш мектептің жаңа тұрпатты мұғалімінің нобайы.
ҚОРЫТЫНДЫ

... ... ... ... ...
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ...
Қосымша
Зерттеу жұмыстары.
Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі.
Президент Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасымен Қазақстан Республикасының
үкіметінің 2004 жылғы №128 қаулысына сәйкес бес аймақтық педагогикалық
институттар қайта ашылды. Соның ішінде Тараз мемлекеттік педагогикалық
институты. Сонымен қатар 2004 жылғы Қазақстан халқына жолдауында
Республикадағы жалпы орта білім беретін мектептердің 12 жылдыққа көшу
дайындығына байланысты Республиканың педагог-ғалымдарына XXI ғасырдың жаңа
тұрпатты педагогтарын дайындау нобайын жасауды тапсырған болатын. Нобайды
жасауға Республиканың көптеген ғалымдары ат салысты. Соның ішінде Тараз
мемлекеттік педагогикалық институтының бұрынғы ректоры, қазіргі білім және
ғылым министрлігінің вице-министрі М.Н.Сарыбековтың ұсынған нобайы
мақұлданып, министрдің бұйрығымен Тараз мемлекеттік педагогикалық институты
жаңа тұрпатты мұғалім даярлау ісінде педагогикалық инновацияларды іске
асыру мен енгізуге арналған оқу эксперименталды алаң ретінде бекіді.[1]
2004 жылдың 12 қазанында Қазақстан Республикасы білім саласы
қызметкерлерінің III сьезінде сөйлеген сөзінде Елбасы Н.Назарбаев
Құрылымдық өзгерістер мұғалім кадрларын әзірлеу жүйесін оздыра отырып
дамытумен қамтамасыз етілуі тиіс. Жаңа формацияның мұғалімі қажет деп атап
көрсеткендей, әрбір оқушының жеке, дербес қабілеттерін ашуға, шыңдауға
толықтай жағдай жасап, оларды білімді өз бетінше іздеп табуға, шығармашылық
үйрететін ізденімпаз, шебер мұғалім даярлау қоғамның қазіргі сұранысынан
туындап отыр. Қазіргі білім беру саласындағы басты мәселе – тез өзгермелі
жаңа әлемде бәсекеге төтеп бере алатындай білім беруді мақсат тұтатын жаңа
білім мазмұнына сай оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін меңгерген жаңашыл
ұстаздарды даярлау. [2]
Шапшаң өзгеретін, жоғарғы технологиялық бәсекелі әлемде өмір сүруге
дайын, сапалы білім алуға ұдайы ұмтылатын интеллектуалды, физикалық және
рухани дамыған азаматты қалыптастыру кадрлар даярлау жүйесін дамытудың
басым бағытына айналмақ .
XXI ғасырда мемлекеттің тұрақты дамуының негізі ретінде адам
әлеуетінің рөлі артып отыр. Қоғамға адамның интеллектуалдық қабілеті, оның
білімділігі, жаңа білімді жинақтау мүмкіндігі қажет. Бүгінгі таңда
инновацияларды жедел игеретін, өмірдің серпінді сұраныстары мен талаптарына
тез бейімделетін тұлға ғана жеңіске жетеді.
Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011-2020
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының басты мақсаты – экономиканың
және азаматтардың әл-ауқатының тұрақты дамуын қамтамасыз ететін білім беру
жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, адами капиталды дамыту үшін оны
түбегейлі жаңғырту [3].
Алдағы онжылдықта 12 жылдықта көшу мәселесі бойынша орта жалпы білім
беру жүйесінде кәсіби білім беру реформасын жүргізу көзделіп
отырғандықтан, болашақта мектепке оқушылардың жеке-дара шығармашылық,
креативтік, интеллектуалдық қабілеттерін аша алатындай жаңа тұрпатты
мұғалім қажет етеді.
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: Бүгінде 12 жылдық мектеп моделі
анықталды, алайда оған көшу білім сапасының артуын өздігінен қамтамасыз
етпейді, білім берудің мазмұнын елеулі түрде қайта қарау талап етіледі және
мұны бүгіннің өзінде жасау қажет - атап көрсетті.
Бүгінде Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011-2020
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаларын жүзеге асыру нәтижесінде 12
жылдық оқытуды енгізу үшін жағдайлар жасалуда.
Бүгінгі заман талабына сәйкес жаңа тұрпатты мұғалім дегеніміз, ол –
педагогикалық құралдардың бүкіл әлеуетін меңгерген, педагогикалық үдерісте
мультимедиялық технологияларды тиімді пайдалана алатын, өзін-өзі
жетілдіруге үнемі ұмтылып отыратын рухани дамыған, әлеуметтік жағынан
жетілген шығармашыл тұлға, білікті маман.
Зерттеудің мақсаты. Қазақстанның әлемдік бәсекеге нақты қабілеттілігін
қамтамасыз ететін жаңа онжылдықта 12 жылдық мектепке көшудегі кәсіби білім
беру реформасын жүзеге асыра алатындай индустриалды-экономикалық және
қоғамдық жаңару қажеттілігіне сай келе алатын, инновациялық ғылым мен
білімді меңгерген бастауыш сынып мұғалімдердің интеллектуалдық-
технологиялық әлеуетін қалыптастырудың ғылыми-теориялық негіздерін анықтау.
Зерттеудің міндеттері:
-Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің шығармашылығын қалыптастырудағы
оқытудың ғылыми - әдістемелік, педагогикалық - психологиялық әдебиеттерді
талдау, мазмұнын, мәнін ашу.
-Болашақ бастауыш мектеп мұғалімдерінің қызығушылықтары мен қабілеттерін
дамыту үшін оқытудың тиімді жолдарын қарастыру;
- Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби, мәдени, шығармашылық өсуін
қамтамасыз ету;
- Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін педагогикалық дайындаудың мазмұнын
жасау;
- Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің педагогикалық білімдері,
іскерліктері мен дағдыларының қалыптасуы және дамуы арқылы көрсету.
Зерттеудің болжамы – егер болашақ бастауыш сынып мұғалімдері оқу барысында
педагогикадан теориялық және практикалық білімдерді меңгеріп, бастауыш
сынып оқушыларына тәлім-тәрбие берудің формалары және әдістерімен
қаруланса, онда олардың педагогикалық дайындықтары тиімді болады.
Зерттеудің нысаны – жоғары педагогикалық оқу орнындағы оқу-тәрбие процесі.
Зерттеудің пәні – бастауыш сынып оқушыларын 12 жылдыққа көшуге дайындайтын
болашақ бастауыш мұғалімдерін дайындау жүйесі.
Зерттеудің базасы – Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының Бастауыш
мектеп педагогикасы және оқыту әдістемесі кафедрасының 1-4 курс
студенттерінің жұмыс барысы.
Зерттеудің басты идеясы – болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін педагогикалық
дайындау тұтас педагогикалық процестің ауқымды жүйелі негізінде жүргізілуі
тиіс.
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздері – философиялық таным
теориясы, жеке тұлға және әрекет туралы ғалымдардың педагогикалық,
психологиялық, теориялық, практикалық әдістерді басшылыққа алу.
Зерттеудің деректі көздері – философиялық, психологиялық, педагогикалық
зерттеу проблемасы бойынша еңбектер.
Зерттеудің ғылыми-педагогикалық әдістері – әдебиеттерге шолу, бақылау,
анкета, тест, кеңес, статистикалық талдау.
Зерттеудің ғылыми-педагогикалық жаңалығы:
1) Жалпы орта білім берудің 12 жылдыққа көшуге байланысты жаңа тұрпатты
бастауыш сынып мұғалімдерін дайындау.
2) Осыған байланысты студенттерге оқылатын пәндерге өзгерістер енгізу.

Мұғалімдік мамандық жан-жақты білімді, шынайы сезімтал болуды, балаларға
шексіз сүйіспеншілікті қажет етеді. Әр күн сайын балаларға қуаныш әкелгенде
ғана оларды ғылымға ынталандыруға, еңбекке баулуға, адамгершілік негіздерін
сіңіруге, иландыруға болады. Сонымен қатар мұғалімді адам жанының инженері,
мінез-құлық сәулетшісі, ауру шипагері, ақыл-ой мен естің жаттықтырушысы, ой
мен сезім дирижері, адамның алғашқы әділ қазысы, жас өркенді мәпелеуші
бағбан деп атайды.
Білім беру реформасының ойдағыдай жүргізілуінің басты өлшемі- тиісті білім
мен білік алған еліміздің әрбір азаматы әлемнің кез келген елінде қажетке
жарайтын маман болатындай деңгейге көтерілу. Біз бүкіл елімізде әлемдік
стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін жолға қоюға тиістіміз, –
деген еді Н.Ә.Назарбаев. [3] XXI ғасыр ұлттық бәсеке, ақпараттық сайыс,
инновациялық технологиялар, күрделі экономикалық реформалар сияқты
көріністерімен ерекшеленеді. Сол кезеңге сай интеллектуалды, дені сау, ой-
өрісі жоғары дамыған, халықаралық деңгейге сәйкес білімі бар азаматты
тәрбиелеу - әр мұғалімнің міндеті. Мұғалім – барлық білім беру жүйесінің
негізі, жаны және жүрегі.
Елбасы Н.Ә. Назарбаев Әлеуметтік – экономикалық жаңғырту – Қазақстан
дамуының басты бағыты атты биылғы жолдауының жетінші бағытында:
педагогтар құрамының сапасын арттырудың маңызы зор. Арқаулық педагогтік
білім беру үлгі-қалыптарын, мектептер мен жобалар оқытушыларының
біліктілігін арттыруға талаптарды күшейту қажет. Әр өңірде педагогтардың
біліктілігін арттыратын интеграцияланған орталықтар жұмыс істеуі тиіс,-деп
нақты атап көрсетті. [4]
Елбасы Н.Ә.Назарбаев білім мен ғылым қызметкерлерінің екінші съезінде
Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары.
Мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады.
Сондықтан жүктелетін міндет өте ауыр деген болатын. Осы ғылым мен
білімнің негізін тереңдету нәтижесінде ғана еліміз өзінің елдігін
басқа елдер алдында көрсете алады. Ал ел тағдыры оның келешекте
кемелді ел болуы мектептің қандай негізде құрылуына байланысты
болмақ.
Қазіргі таңда Қазақстан бүкіл әлемдік білім кеңістігіне ену
табалдырығында. Өмір ағымына қарай білім беру жүйесінің моделі күрделі
өзгерістерге ұшырап отыр. Сондықтан заман талабына сай жаңа мазмұнда
білім беруді ұйымдастыру 12 жылдық оқытуға көшумен тікелей байланысты.
Ондағы өзекті мәселе әлемдік білім кеңестігіне шығудағы
Қазақстанның жаңа ұлттық білім моделін қалыптастырудың тиімді жолын
анықтауында.12 жылдық білім берудің басты мақсаты - өзінің және қоғамның
мүддесінде өзін-өзі белсенді етуге дайын, өзгермелі даму үстіндегі ортада
өмір сүруге бейім, бәсекеге қабілетті және құзіретті, шығармашыл, білімді
тұлғаны қалыптастыру. Қазақстан Республикасының әлемдік кеңістігіне кіруі,
12 жылдық білім беруге көшуді шарт ететін, ұстаздық қоғамнан кәсіби
міндеттерге және оны шешу жолдарына жаңа көзқараспен қарауды талап етеді.
Инновациялық қызметтің белгісі болып шеберлік, шығармашылық, жете білушілік
болды.
Қоғамның дамуының бағыттарының бірі - әр салаларды ақпараттандыру болып
отыр. Сол салалардың бірі – білім саласы. Білім берудегі өзекті
мәселелердің бірі инновациялық ғылым мен білім арқылы бастауыш сынып
мұғалімінің интеллектуалдық-технологиялық әлеуетін қалыптастыру болып
табылады. Инновациялық үдеріс – білім беру жүйесін жаңарту және дамыту ғана
емес, қоғамның, Қазақстанның өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында
жаңа қоғамның, жаңа әлемнің жаңа мұғалімі қажеттілігінен туындаған үдеріс.
Тәуелсіз қазақ елінің ХХІ ғасырдың бас кезіндегі аса ерекше оқиға –
ғаламдық жаһандану кеңістігіне әлемдік озық тәжірибелер мен жетекші
технологиялардың қарқыны һәм ықпалымен санаса отырып, бес мың жылдық тарихи-
мәдени мұрасын сақтай отыра ену үрдісі – қоғамдағы құбылыстарды адамзат
перзентінің танымдық-тағылымдық тұрғыдан түсіну жағдаяттарының жаңа моделін
қалыптастыруда.
Қазірде білім беру саласына қажетті жаңа тұрпатты мұғалімдерді даярлау мен
қайта даярлау қоғам алдына тұрған кезек күттірмейтін мәселе.
Қазір Республикамызда педагог кадрлардың біліктілігін арттыру бойынша
білім беру жүйесінде басшы және ғылыми-педагогикалық кадрлардың
біліктілігін арттыру Республикалық институты мен Алматы, Ақтөбе, Тараз,
Қостанай, Павлодар, Семей қаласындағы педагогикалық жоғарғы оқу орындары
жанынан ашылған Аймақтық педагог кадрларының біліктілігін арттыру
орталықтары жұмыс жасауда.
Солардың бірі және бірегейі – Тараз мемлекеттік педагогикалық
институты жанынан 2004 жылы құрылған Аймақтық педагог кадрлардың
біліктілігін көтеру орталығы.
Аймақтық педагог кадрлардың біліктілігін көтеру орталығының басты
мақсаты:
-білім беру мекемелеріндегі инновациялық іс тәжірибені анықтау,
зерттеу, тарату және насихаттау;
-оқу-тәрбие үдерісіне инновациялық технологияны тиімді ұйымдастыру
жолдарын іздестіру;
-білім беру жүйесін жетілдіруге ғылыми-педагогикалық зерттеулер
жүргізудің басым бағыттары, көкейкесті мәселелерді қамту;
-үздіксіз білім беру жүйесіндегі педагог кадрлардың білімін
жетілдірудің тиімді жолдарын көрсету, даму бағдарламасын жасау және т.б.
Педагог кадрлардың кәсіби білімін жетілдіруде кәсіби өсуінің маңызы зор.
Тез өзгермелі бүгінгі әлемде жаңашыл педагогтың жоғары технологиялық,
интеллектуалдық әлеуетін қалыптастыру үшін мұғалімдерге инновациялық
технологияның қыры мен сырын тек теоретик-ғалымдар емес, мектепке дейінгі
мекеме мен жалпы орта білім беретін мектептердегі жаңашыл, тәжірибелі
мұғалімдер; аудандық (қалалық), облыстық, республикалық әдістемелік
кабинеттердегі әдіскерлер, бас мамандар тәжірибелік сабақтар жүргізілуі,
қажет болған жағдайда (қаражат жағы көтеріп жатса) жақын және шет елдерден
сол саланың мамандарын, яғни қажетті технологияның авторларын шақыртып
дәріс алып, іс-тәжірибе алмасу қажеттігі туындап отыр.
Қазіргі заманғы білім беру жүйесі, оқытудың инновациялық нысандары мен
əдістерін енгізу педагог қызметкерлердің тұлғасына жəне кəсіби
құзыреттілігіне жоғары талаптар қоюда. Бүгінгі таңда педагог еңбегін
материалдық жəне моральдық жағынан ынталандыратын жəне оның əлеуметтік
мəртебесін көтеретін барабар заңнамалық база мен жүйе құрылмаған. Жұмыс
істейтін əрбір бесінші мұғалімнің жасы 50-де жəне одан да үлкен.
Педагогтердің жалпы санынан 3 жылға дейінгі өтілі барлар – 13 %.
Жыл сайынғы жас кадрлар есебінен толығу тек 2,6 %-ды құрап отыр.
Қазіргі таңдағы білім беру жүйесінің әлсіз жақтары:
-білім беруді қаржыландырудың жеткіліксіздігі;
-педагог кəсібі мəртебесінің төмендігі;
-педагог кадрларды даярлау сапасының жеткіліксіздігі;
-жоғары білікті педагог кадрлардың тапшылығы;
-Білім беруді ақпараттандырудың нашар дамуы болып отыр.
Білім беру саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатын іске
асырудың ұйымдастырушылық негізі – қазақстандық білімді
жаңғыртудың жалғастырылуын қамтамасыз ететін Қазақстан Республика-
сында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасы қабылданды. Бағдарлама білім беру саласындағы мемлекеттік
саясаттың ұйымдастырушылық негізі ретінде білім беру мен тəрбиенің, басқару
жүйесінің кешені болып табылады.
Мемлекеттік бағдарлама еліміздің экономикалық əл-ауқаты үшін бəсекеге
қабілетті адами капиталды дамыту. 12 жылдық оқыту моделіне көшу, педагог
мамандығының беделін көтеру секілді маңызды міндеттерден тұрады. Бағдарлама
екі кезеңде іске асырылатын болады:
бірінші кезең: 2011 – 2015 жылдар;
екінші кезең: 2016 – 2020 жылдар.
Педагог үшін: педагог кəсібінің тартымдылығы, мансаптық өсу жүйесін
қамтамасыз ету, барлық қызмет аясында білім алу, оның ішінде шетелде жəне
кəсіптік құзыреттілікті дамыту мүмкіндіктері ашылады.
Алға қойылған мақсаттарға жету үшін педагог қызметкерлердің еңбегін
мемлекеттік қолдау мен ынталандыруды күшейту,12 жылдық оқыту моделіне
көшуді білім беру мазмұнын жаңғыртумен жүзеге асыру, жоғары білікті ғылыми
жəне ғылыми – педагог кадрларды даярлау; өмір бойы оқыту, баршаға білім алу
үшін жағдай жасау міндеттері көзделген.
ХХІ ғасырдағы әлемдік білім беру жүйесі дамуының негізгі басымдықтары:
- мұғалімдер мен оқытушылардың білімі мен біліктілігін жетілдіру
- біліктілікті үздіксіз арттыру және адамның бүкіл өмірінде білім алу
мүмкіндігін қамтамасыз ететін инновациялық қоғам қалыптастыру
- өмір бойы оқу жүйесін дамыту – білім сапасын арттырудың негізгі
мақсатына айналып отыр. [5]
Сонымен қатар жаңа тұрпатты мұғалім қалыптастыру үшін мұғалімге қойылатын
талаптарды күшейту шаралары қарастырылуда. Мұғалім мамандығы бойынша жоғары
оқу орнына түсу кезінде педагог қызметіне икемділік деңгейін анықтауға
арналған шығармашылық емтихан енгізілетін болады. Мұғалімдік мамандығына
түсетін талапкерлер үшін шекті деңгей көтерілетін болады. Бірінші жəне
жоғары санаттарды алуды ынталандыратын жағдай жасау мақсатында
педагогтердің біліктілік деңгейіне қойылатын талаптар қайта қарастырылатын
болады. 2016 жылдан бастап 5 жылда бір рет аттестаттау түрінде, оның ішінде
жұмысқа алғаш рет немесе педагог қызметінің үзілісінен кейін қабылданып
жатқан педагогтер біліктілігінің деңгейін растау рəсімі енгізілетін болады.
Білім беру ұйымдарына жұмысқа кіру қағидалары əзірленеді, ол азаматтардың
аталған санаттары үшін тестілеуден өтуді көздейді. Бейіндік мектеп үшін
мұғалімдерді іріктеу кезінде білім беру саласындағы магистр дəрежесінің
болуы көтермеленеді. Өздігінен білім алу жəне өзін-өзі жетілдіру педагог
портфолиосында көрінетін қызметінің ажырамас бөлігі болып табылатын болады.
Педагог кадрларды даярлау сапасын бақылау жəне ынталандыру үшін біліктілік
деңгейін бағалау тəуелсіз коммерциялық емес үкіметтік емес агенттіктерде
өтетін болады. Мұғалімнің кəсіби беделін көтеру мақсатында қоғамда
педагогтің оң имиджін қалыптастыру жұмысы жүргізілетін болады: Жыл
мұғалімі конкурсы, акциялар, БАҚ-пен ортақ жобалар, шеберлік сыныптары,
жаңашыл педагогтер форумдары, конкурстар, педагогтер əулеттерінің слёттері,
ғылыми-педагогикалық семинарлар мен симпозиумдар, семинар-тренингтер жəне
дөңгелек үстелдер.
Сондықтан жаңа ұлттық пайымдау ұсынылады: 2020 жылға қарай Қазақстан –
білімді мемлекет, ақылмен құрылған экономика жəне біліктілігі
жоғары жұмыс күші. Білім берудің дамуы еліміздің болашақ экономикалық,
саяси жəне əлеуметтік-мəдени өркендеуі сүйенетін тұғырнамасы болуы тиіс.

XXI ғасырда мұғалімнің басты мақсаты – жаңа педагогикалық технологияны
меңгеру, оны тәжірибе ісінде пайдалану. Мұғалімнің инновациялық іс-әрекетке
даярлығын қалыптастыруда ең алдымен мұғалімнің инновациялық белсенділігін
ескеру қажет. Мұғалімнің инновациялық белсенділігінің жаңа өзгерістеріне
мұғалімнің көзқарасын, жаңаны білсем, үйренсем, қолдансам т.с жаңа іс-
әрекеттерін жатқызуға болады. Мұғалімнің инновациялық іс-әрекетке
даярлығының дәрежесіне сәйкес мұғалімдердің төмендегідей типтері
анықталынады:
Жас маман (мұғалім - теоретик);
Тәжірибелі маман (мұғалім - практик);
Озат тәжірибелі мұғалім;
Шығармашыл мұғалім;
Жаңашыл мұғалім;
Мұғалім – инноватор;
Зерттеуші мұғалім;
Мұғалім – ғылыми ізденуші.
Қазіргі қоғам талабына сәйкес, оқушыларғы әлемдік бәсекеге қабілетті
білім беретін XXI ғасырдың (жаңа формацияның) іскер, шебер, талантты
мұғалімі – мұғалім- ғылыми ізденуші болады. Мұғалім ғылыми ізденуші –
философия, педагогика, психология ғылымдарының негізін, әдіснамасын терең
меңгерген, қоғамдағы, білім беру саласындағы болып жатқан инновациялық
өзгерістер мен реформаларды жүзеге асыратын өзіндік көзқарасы, белсенділігі
қалыптасқан озат, шығармашыл, жаңашыл, зерттеуші мұғалім. Мұғалімнің
инновациялық іс-әрекеті атқару даярлығына қатысты төмендегідей түрлері
айқындалады:
-Педагогикалық іс-әрекет;
-Кәсіби іс-әрекет,
-Әдістемелік іс-әрекет;
-Шығармашылық іс-әрекет;
-Инновациялық іс-әрекет;
-Инновациялық технологиялық іс-әрекет;
-Инновациялық ғылыми зерттеушілік іс-әрекет;
-Инновациялық ізденушілік іс-әрекет.
Инновациялық даярлығы қалыптасқан мұғалім – ғылыми ізденуші
педагогикалық іс-әрекетті кәсіби тұрғыдан қарап, оны әдістемелік жағынан
түрлендіріп, өзінің шығармашылығы арқасында инновациялық деңгейге көтеріп,
технологиялық операцияларды жүйелеп, педагогикалық іс-әрекеттің
жетістіктері мен кемшіл тұстарын зерттеп, себептерін ашып, өзінің іс-
тәжірибесінен шыққан технологияны ғылыми жағынан негіздеп, ғылыми
ізденушілік іс-әрекет атқарады. [6]
Қазақстан Республикасында мұғалімнің кәсіби стандарты – мұғалімнің
кәсіптік-педагогикалық іс-әрекеттер жүйесінің мазмұнын, біліктілік пен
құзіреттілік талаптарын анықтайтын нормативті құжат болып табылады.
Мұғалімнің қазіргі кезеңдегі білім беру саласындағы өзгерістерге сәйкес
оның жаңа педагогикалық сапасын қалыптастыруда рефлексияның рөлі зор
болмақшы. Педагогика ғылымында рефлексиялық жүйе, рефлексия деңгейі
ұғымдары жан-жақты зерттеле бастады. Ғалым С.Л.Рубинштейннің пікірінше,
рефлексия адамның өмірден өз орнын табуға, өмірлік үдерістерде өз
көзқарасын білдіруге, оны талдауға, пайымдауға көмектеседі.
Рефлексия – адамды ойлауға бағыттайтын адами түсініктің принципі, танымның
әдіс-тәсілдерін сыни талдау, өз білімінің деңгейін білу, өзіндік таным іс-
әрекеті, адамның рухани әлемінің ішкі құрылымын ашып көрсету.
М.В.Кларин шығармашылық ойлаудың ерекшеліктерін ашады, оның мағынасын
рефлексиямен байланыстырады, мқғалім өз іс-тәжірибесінің нәтижесін түсіне
алады. Ғалымның пікірінше, рефлексияның құрылымына – түйсік, жалпылау,
салыстыру, бағалау және қобалжу, еске алу, мәселені шешу және т.б. жатады.
М.В.Кларин рефлексияны ойлаудан ажыратып қарастырады, оны психологиялық
күйге ауыстырады.
Психологиялық зерттеулерде рефлексияның тағы да төрт саласы ашылады: кез
келген мәселені шешудегі ойлану, өзінің іс-әрекетін ой елегінен өткізу;
өзара қолдауға құрылатын іс-әрекет; адамның жеке тәжірибесінің басқа адамға
жеткілікті және басқаның тәжірибесін өзіне алатын қарым-қатынас; өзін-өзі
түсіну, адамның өзінің ішкі жан дүниесімен анықталатын Мені және Мен
емесі. Осындай төрт бағытты қамтыған рефлексия ғана мұғалімнің өз ісіне
басқаның көзімен қарап, өзінің іс-әрекетінің дұрысы мен бұрысын көріп,
ой елегінен өткізіп, өзінің жаңа қабілеттерін меңгеруіне, яғни шеберлігінің
арттыруына жол ашылады. [7]
Педагогикалық рефлексия – мұғалімнің өзін оқушының орнына қоя алу
қабілеті, кез келген жағдайда да оқушының іс-әрекетіне түсінушілік білдіру,
оқушыны қолдап, дер кезінде қуаттап отыруы және оқушының өзіне деген
көзқарасын ұдайы көре алуы, одан дұрыс қорытынды шығара алуы.
(Ш.Т.Таубаева). [8]
Педагогикалық рефлексия мәселесі мұғалімнің өзінің тұлғасын өзі
өзектендіруімен тығыз байланысты. Өзін-өзі өзектендіру тұлғаны дамыту
тетігі ретінде адамның әлеуеттік ерекшеліктерінің көкейтестіге айналуымен
сипатталады.
З.А.Исаева болашақ педагогты даярлаудың екі принциптік жүйесін ашып
көрсетеді.Бірінші жүйе-болашақ мұғалімнің зерттеу мәдениетін
қалыптастырудың принциптері: кәсіби шығармашылық бағыттылық, ғылымилық,
шығармашылық белсенділік, жүйелілік жеке және топтық жұмыстардың алмасуы,
ощқытудың кәсіби-шығармашылықтан өзін-өзі жетілдіруге дейін өсуі. Болашақ
педагогты даярлаудың екінші жүйелік принципі: интеграция,басымдылық және
т.б.
Жаңа тұрпатты мұғалім оқу-тәрбие үдерісіне инновациялық технологияны тиімді
енгізе алатын, қажетті өзгертулерді, түзетулерді жасай алатын, өз
білімін толықтырып отыратын ұдайы ізденіс үстіндегі инновациялық-
технологиялық іс-әрекетті меңгерген маман болуы тиіс, ал ол инновациялық
ғылым мен білім арқылы болашақ мұғалімнің интеллектуалдық-технологиялық
әлеуетін қалыптастыруды көздейді.
Алдағы уақытта педагогтардың біліктілігін арттыру жүйесі де түбегейлі
өзгеретін болады. Педагог кадрлардың біліктілігін арттыру жүйесіне
ваучерлік – модульдік қаржыландыру енгізіледі: әрбір ұстазға өз
біліктілігін арттыру орнын, уақытын, тіпті оқу елін таңдау мүмкіндігін
береді.
Тез өзгермелі бүгінгі әлемде оқытудың инновациялық технологияларын
меңгермейінше жан-жақты сауатты, іскер мұғалім - жаңа тұрпатты мұғалім
болу мүмкін емес.
Мұғалімнің инновациялық іс-әрекетке даярлығын қалыптастырудың төмендегідей
принциптерін жүйелеуге болады:
а) мұғалімнің инновациялық іс-әрекетке қызығушылық таныту принципі;
ә) инновациялық іс-әрекетке бағыттылық, мақсаткерлік принципі;
б) инновациялық іс-әрекетке жүйелілік, тұтастық принципі;
в) мұғалімнің инновациялық іс-әрекетке қатысушылық-операциялық-
технологиялық принципі;
г) мұғалімнің инновациялық іс-әрекетке ізденушілік шығармашылық,
зерттеушілік принципі;
ғ) инновациялық іс-әрекетті дамыту, жетілдіру принципі;
д) мұғалімнің инновациялық іс-әрекетке қарай өзін-өзі дамыту, өзектендіру
принципі;
ж) мұғалімнің инновациялық іс-әрекетін ынталандыру принципі;
з) ынтымақтастық принципі;
е) әлеуметтік әділдік принципі;
Мұғалімнің инновациялық даярлығын қалыптастырудың мотивациясы мұғалімнің
әдістемелік жұмыстарымен бірлікте қарастырылуы қажет. Әдістемелік жұмысқа
қойылатын ең маңызды талап – ол әдістемелік жұмысты үнемі жетілдіру, оның
ғылыми негізін оқытудың сапасын, оқушылар білімінің деңгейін көтеру
мақсатында оқудың нәтижесіне дәл бағытталады: Әдістемелік бірлестік жұмысын
жоспарлау: ақпараттық қор, талдау, диагностика, мақсаттары мен міндеттері,
жоспарлау.
Әдістемелік бірлестік жүргізетін іс-шаралар: алдыңғы қатарлы озық іс-
тәжірибені оқып үйрену және енгізу, педагогикалық шеберлікті жетілдіру,
сыныптан тыс жұмыстар, мәжілістерді өткізу сапасы.
Әдістемелік бірлестік жұмысының мұғалімнің кәсіби шеберлігінің өсуіне
тигізер әсері: мұғалімдердің теориялық және әдістемелік білімінің деңгейі,
дамыта оқыту әдістерін пайдалану, мұғалімнің өз білімін көтерудегі
шығармашылық белсенділігі.
Мұғалімнің педагогикалық іс-әрекетінің нәтижесі: оқушылардың жалпы
білімділік, іскерлік дағдыларын дамыту, сабақта оқушының пәнге деген
қызығуы, шығармашылық белсенділігі, оқушылардың пән бойынша білімі, ппән
олимпиадаларының қорытындысы. Әдістемелік бірлестіктерді өткізудің белсенді
формалары: дөңгелек үстел басындағы сұхбат, іскерлік ойын, пікірталас,
конференция, педагогикалық оқулар, т.б.
Кәсіби құзіреттілікті қалыптастыруда педагог кадрлардың біліктілігін
арттыратын орталықтың рөлі басым. Бұндай орталыққа тыңдаушылар үшін әр
түрлі педагогалық іс-шаралар ұйымдастырған жөн:
-миға шабуыл;
-психологиялық-педагогикалық тренингтер;
-Ғылыми жоба тұсаукесері және т.б.
Осындай инновациялық іс-шаралар барысында мұғалім өз тәжірибесін өзгенің
іс-тәжірибесімен салыстырып, өзінің кемшіл тұстарын өзі байқауы, өзгенің
жаңашыл әдіс-тәсілдерін, жаңа технологияны меңгеріп, өз білімін жетілдіріп,
өз біліміне диагностикалық сараптама жасайды: Маған не керек?, Қандай
технологияны меңгергенім абзал?, Инновациялық білімді қалай және қайдан
алам? және т.б.сұрақтарға жауап іздейді.
Ең бастысы, мұғалімнің өз жұмысына деген оң көзқарасы пайда болып,
ұдайы ізденіс, жаңаны меңгеру өмір талабы екенін түсінеді.
1-кесте. Жаңа тұрпатты мұғалім ұғымына сипаттама
№ Анықтама Шығу көзі
1 Жаңа тұрпатты мұғалім – кәсіби білікті, талантты, Қазақстан
жаңалыққа құштар, рефлексияға қабілетті, рухани Республикасында жаңа
дамыған, шығармашыл тұлға тұрпатты мұғалімнің
үздіксіз педагогикалық
білім беру
тұжырымдамасы. -
Астана, 2005.
2 Жаңа формация мұғалімі – бұл рухани дамыған, әрі Н.Ә.Назарбаев, ҚР білім
әлеуметтік тұрғыда есейген, педагогикалық құралдардың саласы қызметкерлерінің
барлық түрлерін шебер меңгерген білікті маман, ІІІ съезінде сөйлеген
өзін-өзі әрдайым жетілдіруге ұмтылатын шығармашыл сөзінен.- Астана, 2004.
тұлға
3 Жаңа тұрпатты мұғалім – бұл заманауи педагогикалық Бұзаубақова К.Ж.
құралдардың бүкіл әлеуетін, инновациялық технологияныңИнновациялық педагогика
қыры мен сырын меңгерген, өзін-өзі кәсіби жетілдіруге негіздері. – Алматы:
үнемі ұмтылып отыратын рухани дамыған, әлеуметтік Білім – 454 б. 2009
жағынан шығармашыл, интеллектуалды тұлға, білікті жылы
маман.
4 Жаңа тұрпатты мұғалім – бұл өз дүниетанымы бойынша Жарқынбеков С.Д.,
ашық өмір сүретін қазіргі заманғы гуманитарлық Сманқұлова Ж.Е. ХХІ
этикалық көшбасшысы ғасыр мұғалімі. –
Алматы, 2006 ж
2. ЖАҢА ТҰРПАТТЫ МҰҒАЛІМНІҢ МОДЕЛІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ АЛҒЫ ШАРТЫ

Ұлы шығыс философы Әл-Фараби Ұстаз жаратылысынан өзіне айтылғанның
бәрін жете түсіне білетін, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін
жадында жақсы сақтайтын, еш нәрсені ұмытпайтын, алғыр да аңғарымпаз ақыл
иесі, мейлінше шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл, жаны асқақ және
ар намысын ардақтайтын, дирхем, динар атаулыға, жалған дүниенің басқа да
атрибуттарына жирене қарайтын, табиғатынан әділеттілік пен әділеттерді
сүйіп, жақындарына да, жат адамдарына да әділ, жұрттың бәріне өз білгенінше
жақсылық пен ізгілік көрсетіп, қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін
батыл, ержүрек болуы керек. [ 9]
А.Байтұрсынов 1914 жылы Қазақ газетінде Мектеп керегі мақаласында ...
ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, оқыта
білетін мұғалім.
Екіншісі – оқыту ісіне керек құралдар қолайлы һәм сайлы болуы.
Үшіншісі – мектепке керегі белгіленген бағдарлама. Әр іс көңілдегідей болып
шығу үшін оның үлгісі я мезгілді өлшеуі балаларға керек.
XXI ғасыр жаңа тұрпатты мұғалімнен ұстаздық шеберлікті талап етеді:
- Мұғалімнің өмірге көзқарасы, оның идеялық нанымы.
- Мұғалімнің өз пәнін жетік білуі, ойын оқушыларға жете түсіндіре алуы,
оқушылардың алдына үнемі жан-жақты дайындықпен келуі.
- Оқыту мен тәрбиелеудің әдіс-тәсілдерін меңгеруі.
- Әр сабақты түсінікті де қызғылықты етіп өткізуі.
Көрнекті ғалым К.Д.Ушинскийдің сөзімен айтсақ, ұстаздық шеберлік:
- тек қана мұғалімнің жан- жақты және әдістемелік сауаттылығы ғана емес,
ол - әр сөзді оқушыларға жеткізе білу, олардың толық қабыл алуы,
толғанып бойға сіңіруі;
- балаларды сүйетін, жүрек қалауымен жұмыс істейтін, әрбір педагогтың қолы
жетерлік тәрбие мен оқытуында тұрақты жетілдіріліп отыратын өнер. [10]
Ұстаздық шеберлік компоненттері:
- Психологиялық, педагогикалық, әдістемелік білімдарлығы, өз пәнін еркін,
терең игеруі.
- Мұғалімнің мамандығына бейімділігі, педагогикалық қабілеттілігі.
- Кәсіптік көрегендігі.
- Педагогикалық сүйіспеншілік пен балаларға деген сенімділігі.
- Ұйымдастырушылық қабілеті.
- Оқу-тәрбие процесінде кездесетін қиындықтарды жеңе білуі, шешімді дұрыс
әрі уақытылы қабылдай алуы.
- Ұстаздық сезімталдығы, үлкен жүректілігі.
- Педагогикалық техника.
С.Б.Елканов мұғалімге қойылатын талаптардың 3 тобын бөліп көрсетеді:
- Мұғалімнің жеке басының ізгіліктік бағыттылығы, қоғамдық борыштылық пен
жауапкершілікті сезімі.
- Кәсіптік мамандыққа даярлығы, терең де тиянақты жалпы ғылыми білімі: өз
пәнін, ғылымды игеруі, пәнді оқыту әдістемесін, психологияны, педагогиканы
меңгеруі.
- Педагогикалық технологияны игеруі.
Педагогикалық кәсібилігі негізінен мынадан байқалады: ол қалай оқыту және
қалай тәрбиелеу, оқушыны бір күйден екінші күйге қалай көшіру керектігін,
педагогикалық мәселелерді қалай қалай шешуге және мейлінше тез, үнемді
жолдармен тәрбие мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыруға болатындығын
біледі...педагог білімдерінің жүйесі оқушылар білімдерінің жүйесін
анықтайды. [11]
Мұғалім шеберлігінің, шығармашылығының мәні педагогикалық мәселелердің жаңа
шешімін іздеуде және ол педагогикалық іс-әрекеттің мына салаларымен
байланысты: гностикалық, конструктивтік, ұйымдастырушылық және
коммуникативтік.
Мұғалімнің конструктивтік іс-әрекеті – оқу-тәрбие материалын іріктеп
алумен, композициялаумен, жобалаумен байланысты іс-әрекет.
Ұйымдастырушылық іс-әрекеті - бір мезгілде мұғалім жобаларын практикада
жүзеге асыру және әлдеқайда нақты жобалаудың шарты болып табылады.
Мұғалімнің бұл іс-әрекетін ұйымдастыру өз мінез-құлқын ұйымдастыру, балалар
іс-әрекетін ұйымдастыру (ұжымдық, топтық және жекеше)
Коммуникативтік іс-әрекет - мұғалімдер мен оқушылардың өзара қарым-
қатынасының саласын қамтиды. Педагогикалық іс-әрекет өзінің табиғаты
бойынша оқушылар мен оқытушылардың бірлескен іс-әрекеті.
Гностикалық іс-әрекет - мұғалімнің төмендегілерді зерделеуін қамтиды: өз іс-
әрекетінің объектісі; яғни оқушылар көмегімен бұл іс-әрекет жүзеге асатын
мазмұн, құралдар, нысандар мен әдістер; өз тұлғасын саналы жетілдіру
мақсатында өз іс-әрекетінің артықшылықтары мен кемшіліктері.
Бастауыш сынып мұғаліміне қажетті қабілеттер:
Дидактикалық қабілет - оқушыларға оқу материалын түсінікті етіп жеткізу,
олардың білім дәрежесін, іскерлігі мен дағдысын дұрыс анықтай білу, пәнге
қызығушылығын арттырып, таным белсенділігін және ойын дамыту.
Академиялық қабілет - мұғалім қабілетінің пән саласына сәйкестігі. Мұндай
мұғалім өз пәнін өскелең өмір талабына сай біледі, қарапайым зерттеу
жұмыстарын жүргізеді.
Перцептивті қабілет - оқушының ішкі дүниесін тани білу. Қабілетті мұғалім
оқушыларда ауық ауық болатын психологиялық жағдайды бірден байқайды.
Экспрессивті сөйлеу қабілеті - Тілдің көмегімен өз ойын, сезімін нақты және
түсінікті етіп жеткізу.
Ұйымдастырушылық қабілет - оқушылар ұжымына дұрыс басшылық жасап, оны
ұйымдастыра білу, белсенділермен, ата аналармен жұмыс жасай білуі.
Коммуникативті қабілет - оқушылармен дұрыс қарым қатынас жасай білу,
педагогтық әдептілікті дамыту.
Конструктивті қабілет - оқу және тәрбие міндеттерін шешудің ең үйлесімді
жолдарын іздестіру, оқу және тәрбие жұмысының формалары мен әдістерінің
мазмұнын анықтау, терең ойлап, педагогтық тапқырлықты дамыту.
Қолданбалы қабілет - мұғалім өз мамандығына тікелей қатысы жоқ іс әрекет
түрі спорт, шахмат ойындармен, көркемөнер, бейнелеу өнері туындыларымен
айналысып, оқушыларды қызықтыра білуі.
Жаңа тұрпатты мұғалімге қойылатын талаптар:
Кәсіби педагогикалық іс әрекеттің нәтижелі болуы мұғаліинің
біліктілігін, іскерлігін құзыреттілігін қажет етеді. Біліктілік, жалпы
алғанда, маманның жеке мүмкіндіктері, оның білімі мен тәжірибесі, соның
арқасында ол өзінің көздеген мақсатына қол жеткізеді. Ал құзыреттілік
тәжірибеде көрінетін біліктілік, мұғалімнің барлық ішкі және сыртқы
мүмкіндіктерін толық пайдаланып, табысты нәтижеге қол жеткізе алатын
қабілеті, іскерлігі.
Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі деп педагогикалық іс әрекетті жүзеге асыру
үшін жоғары нәтижеге қол жеткізетін оның теориялық және практикалық
дайындығының бірлігі.
Ғалымдар кәсіби тұлғаны, мұғалімнің кәсіби құзіреттілігін кәсіби
біліктілік, ұстаздық шеберлік ұғымдарымен бірлікте қарастырады:
1) тұлғалық адамгершілік бағдар;
2) педагогикалық шындықты жүйелі түрде қабылдай білу және онда жүйелі іс
әрекет жасау;
3) заманауи технологияны меңгеру.
Адамзаттың өмір сүру тәсілдерінің, ойлау жүйесінің, идеяларының алмасу
қарқыны білімнің қоғамдағы орны мен рөлінің де үнемі ауысуына ықпалын
тигізері даусыз. ЮНЕСКО XXI ғасырдағы білім сапасы бойынша дүниежүзілік
деңгейдегі білім құндылығының негізін құрайтын төрт түрлі мәселеге ерекше
көңіл бөледі. Олар бірлікте өмір сүруге үйрену болып табылады. Бұларға
нақты тоқталатын болсақ, біріншіден, әр мемлекет, әр халық басқа
мемлекеттер мен халықтардың, олардың тарихы, дәстүрлері мен ойлау жүйесі
туралы білімдерді дамыта отырып, олармен бірлікте өмір сүруге үйренуі
қажет. Екіншіден, білімге деген талғамды қалыптастыратын, сондай ақ ғұмыр
бойы, сондықтан ең әуелі білімді меңгеруді үйрену қажет. Үшіншіден, еңбек
етуге үйрену үшін әркімнің өз мамандығын жетілдіруі қажет, яғни өзгермелі
өмірдегі күтпеген кездейсоқ жағдайлардан жол тауып шығуға мүмкіндік
беретін, қажетті біліктілікті меңгеруі керек. Төртіншіден, XXI ғасыр өмір
сүруге үйренуді, яғни ұжымдық жобаларды жүзеге асыру ауқымында жеке
жауапкершілікті күшейтумен үндесетін өзіндік қабілеттерді дамытуды талап
етеді. [12]
Жаңа стандартта педагогикалық іс-әрекеттің нәтижелігін анықтауда Болон
декларациясына сәйкес жалпы және пәндік құзіреттілікке сәйкес 3
құзіреттілік басшылыққа алынды:
- жалпымәдениеттілік;
- жалпыкәсібилік;
- кәсібилік.
Жаңа стандарт әрбір мұғалімге үлкен кәсіби жауапкершілік жүктейді:
- білім сапасын және білім беру процесін басқару сапасын қамтамасыз ету;
- әрбір оқушының жеке мүмкіндіктерін, интеллектуалдық әлеуетін алатындай
біртұтас педагогикалық процесті ұйымдастыра және басқара алатындай
инновациялық ақпараттық технологияларды игеру.
- Ізгіліктік және ынтымақтастық педагогикасына сүйене отырып, өзін-өзі
дамыту, өзін-өзі тәрбиелеу, өзін тану және тұлғаға бағытталған
гуманистік тәрбие технологияларының негізінде оқушының жеке тұлғасын,
өзіндік Мен-ін қалыптастыру бойынша инновациялық қызметті ұйымдастыру;
- Мұғалімнің кәсіби, мәдени, шығармашылық өсуін қамтамасыз ету мақсатында
оның инновациялық педагогика, акмеология, синергетика, аксеология,
ынтымақтастық педагогика, педагогикалық деонтология, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz