Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамытуда этнопедагогика материалдарын пайдалану жайлы


Ф-ОБ-001/033
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министірлігі
Қ. А. ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ
«Қорғауға жіберілді»
«Бастауыш оқыту теориясы мен
әдістемесі» кафедрасының
меңгерушісі, п. ғ. к., доц.
С. Қожагелдиева
«» 2010 ж.
Тақырыбы: «Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамытуда этнопедагогика материалдарын пайдалану»
050102 -мамандығы - «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі»
Орындаған: СПМ-717о тобының
студенті Г. Жүзтаева
Ғылыми жетекшісі,
магистр-оқытушы Н. Нұртазаева
ТҮРКІСТАН, 2010 ж.
Ф-ОБ-001/033
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министірлігі
Қ. А. ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ
ЖҮЗТАЕВА ГҮЛНАР
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ТІЛІН ДАМЫТУДА ЭТНОПЕДАГОГИКА МАТЕРИАЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУ
050102 - мамандығы - « Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі»
ТҮРКІСТАН, 2010 ж.
МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . .
І. І Этнопедагогикалық ойлардың дамып, қалыптасуының теориялық негіздері
1. 1. Этнопедагогиканың шығуы мен дамуы . . .
1. 2. Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамытуда этнопедагогика материалдарының мүмкіндіктері….
ІІ. Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамытуда этнопедагогика материалдарын ана тілін оқыту үдерісінде пайдалану жолдары.
- Бастауыш сынып оқушыларына этнопедагогика материалдарын пайдалануда ана тілінің ролі мен маңызы . . .
- Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамытуда этнопедагогика материалдарын пайдалану . . .
Қорытынды . . .
Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . .
КІРІСПЕ
Қазақстан ғасырлар тоғысында тәуелсіз елге айналып, саяси, әлеуметтік және экономикалық жүйесі әлемдік өркениет үлгісінде қайта құрылуы білім беру саласында - қазақ ұлттық мектебін жасау, оқушыларға ұлттық тәрбие беру, оған қазіргі мектеп мұғалімдері мен болашақ мұғалімдерді кәсіби дайындау мәселелерін шешу қажеттігін қойып отыр.
Жалпы білім беретін қазақ мектептерінің оқушыларына ұлттық тәрбие берудің және оған болашақ мұғалімдерді дайындаудың бағдарлы идеялары еліміздің тұңғыш президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан -2030» халыққа Жолдауының «Қазақстан мұраты» бөлімінде былай айтылған: « . . . Олар бабаларының игі дәстүрлерін сақтай отырып, қазіргі заманға нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуге даяр болады. Олар . . . күллі әлемге әйгілі, әрі сыйлы, өз елінің патриоттары болады . . . Олар ұрпақ тәрбиесінде дана болады: оның саулығына, біліміне және дүниеге көзқарасына қамқорлық жасайды . . . » [1] .
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы өркениетті елдердің қатарына қосылу жолында, қоғам алдында келер ұрпақты заман талабына сай интелектуалды, жоғары мәдениеттілігі имандылығымен ұштасып жататын елжанды етіп тәрбиелеу міндеті түр. Осыған орай білім беру саласы мен тәрбие жүйесінде жаңа ғылыми көзқарас қалыптастыру қажеттілігі туады.
Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын үлы міндет - өзінің өмірін жалғастырушы сапалы ұрпақ тәрбиелеу. Еліміз егемендікке қол жеткізген соң жас үрпаққа үлттық тәрбие беру міндеті уақыт талабымен бірге келген игілікті іс екендігі белгілі. Кез келген адам баласының өмірі, тіршілік әрекеті оның туған - туысқандарымен, ата-анасымен, жора-жолдасымен ғана емес, сонымен қатар оның өмір сүріп жатқан әлеуметтік ортасымен, ғасыр уақытымен байланысты болады.
Әрбір тарихи-әлеуметтік кезеңнің өз талғам-танымына лайық дәстүрі, салты болады. Дегенмен қаншама уақыт өтсе де ата тегі дәстүрді сақтап қалған жөн. Өйткені сол арқылы ғана біз өз тарихымызды біле аламыз. Ғасырдан-ғасырға, үрпақтан-ұрпаққа, әкеден балаға, анадан қызға ауысатын тарихи-элеуметтік, қоғамдық тәжірибелік дәстүр сабақтастығы болмаса, адамзаттың алға жылжу өрісі де болмас.
Қазақстан Республикасының егеменді ел болып ана тілінің мемлекеттік тіл болуымен қатар өткен тарихымызды қайта қарап, ондағы рухани қүндылықтарды елеп-екшеп және рухани қүндылықтардың қорына өлшеусіз үлес косатын мүраларын зерделеп зерттеу бүгінгі үрпақ тәрбиесінің керегіне жарату, өзекті мәселелердің бірі болуда
Халықтық педагогиканың саласы мол мазмұны бай. Оны халқымыз үзбей тәлім-тәрбие ісіне пайдаланып келеді. Ұлтымыздың ұлағатты дәстүрлерін келешекте де кеңінен пайдаланып, тәрбие ісіне арқау ету-борышымыз. Ол үшін не істеуіміз керек?
Ең әуелі ата-аналар мен жанұя ересектері мектеппен тығыз байланыс жасай отырып, үй ішінде халықтың педагогиканы дамытып, баланың өзіне батырлар жырын оқып, пікірлесіп, аңыз әңгімелерден үзінділер, айтқызып, жаңылтпаштар айтысып, ой өрісін кеңейтіп, тілін ширатып, жұмбақ айтысып, жұмбақты көп айта алғанға ұпай жинатып, не сыйлық ұсынып санамақтар айтып, оны шешеуден мүдірмеген баланы мадақтап, мақал-мәтел жаттаудан озған балаға құрмет көрсетіп, шешендік сөздерді жаттатып, ұлттық дәстүрлерді талап ете білу керек.
Қазіргі кезеңнің ерекшелігі - адамгершілік, азаматтық сияқты қасиеттер сынға түсуде. Біздің қоғамның жаңаруы үшін, адамдардың мінез - құлқы жаңаруы керек. Экономикалық және әлеуметтік табыстардың түп тамыры моральдық және мәдениеттілік шарттарында жатыр. Қоғамымызға адал, арлы адамдар қажет.
Қазіргі тандагы еліміздегі түбегейлі өзгерістер, яғни нарықты қатынастардың туындауына байланысты республикамыздың экономикалық, материалдық күйзелістерге ұшырауы - жас өспірімдерінің тәрбиесінің қалыптасуына ғана емес, сонымен бірге оның психикасының өзгеруіне де әсерін тигізуде. Сондықтан болашақ ұрпағымызды заманның талабы мен сұранысына қарай шынайы ұлттық тұлға болып қалыптасу процесінде қазақ тәлім-тәрбиесі мен ұлттық әдет - ғұрыптарының асыл мұрасын пайдалана білу бүгінгі тәрбие мәселесінде маңызды орын алады.
Қазақ халқының көне дәуірден бері сақталып келе жатқан салт-дәстүрлері жас баласын тәрбиелеуде, оның адамгершілік мінез - қулқын қалыптастыруда үлкен мәңге ие.
«Білім туралы» заңда білім беру жүйесінің міндеті - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім беру үшін қажетті жағдайлардың ең бастысы жалпы білім беретін қазақ ұлттық мектебін жасау. Қазір елімізде орын алып отырған имунопсихологиялық проблемаларды: Ана тілін, Ата тарихын, Төл мәдениетін, Ұлттық салт-дәстүрлерін білмейтін жастар, тастанды жетім балалар, «қиын» балалар, қарттар үйлерінде көздерінен қанды жастар ағып, жылап отырған әжелер мен аталар, ішкілік пен нашақорлыққа салынған жастар, қылмыстың қаулауы, сыбайлас жемқорлық, жұмыссыздық, жезөкшелік, қазақ мектептерінің жабылуы, мектептегі оқу-тәрбие жұмысының нашарлауы. Осы проблемаларды бірте-бірте жоюдың және олардың алдын алып, болдырмаудың негізгі жолы, мектептерде бастауыш сыныптардан бастап ұлттық тәрбиені негізге алып, ата-бабаларымыздың игі дәстүрлерін сақтай отырып, азаматық пен елжандылыққа, білімді, ақылды, иманжүзді, еңбекқор, ұлтжанды азаматтарды тәрбиелеу бүгінгі күннің кезек күттірмейтін мәселесі. [1-2]
Қазақ халық педагогикасындағы тәрбие дәстүрлері, оның даму тарихы, эстетикалық мәні жөнінде С. А. Үзақбаева, А. А. Қалыбекованың, СҚалиевтің болашақ мұғалімдерді ұлттық тәрбие беруге дайындауда Қ. Бөлеевтің, халық педагогикасын оқу-тәрбие ісіне ендіруде Т. Қоңыратбаеваның, қазақ халқының салт-дәстүрлерін оқу-тәрбие үрдісінде пайдалануда Л. А. Бөлееваның еңбектерін атап өтуге болады.
Бастауыш сынып оқушыларын тәрбиелеу мәселесі жылдар бойы қарастырылып келеді, алайда ғылыми тұрғыда бастауыш сынып оқушыларының оқу-тәрбие үдерісінде этнопедагогика материалдарын пайдалану мәселесі жоқтығын көрсетеді. Аталған мәселенің өзектілігі мен ғылыми теориялық және әдістемелік жағынан қарастырылмауы біздің зерттеу жұмысымыздың тақырыбын : Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамытуда этнопедагогика материалдарын пайдалану (Ана тілін оқыту үдерісі негізінде) деп атауымызға себеп болды.
Зерттеу нысаны: Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамытуда оқу-тәрбие үдерісі.
Зерттеу пәні: Ана тілін оқыту үдерісінде бастауыш сынып оқушыларының тілін дамытуда этнопедагогика материалдарын пайдалану жолдары.
Зерттеу мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамытуда этнопедагогика материалдарын ана тілін оқыту үдерісінде пайдалану жолдарын теориялық практикалық тұрғыда негіздеп, әдістемелік жағын қарастыру.
Зерттеу міндеттері:
1. Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамытуда этнопедагогика материалдарының теориялық негіздерін анықтау;
2. Бастауыш сынып оқушыларының ана тілін оқыту үдерісінде этнопедагогика материалдарының педагогикалық шарттарын айқындау;
3. Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамытуда этнопедагогика материалдары арқылы жүзеге асырып, олардың нәтижелерін тексеру;
4. Ана тілін оқыту үдерісінде оқушылардың тілін дамыту қабілеттерін арттырудың тиімділігін тәжірибелік жүзінде дәлелдеп, ғылыми-әдістемелік үсыныстар, нүсқаулар беру
Зерттеу көздері: Қазақстан Республикасында қабылданған ресми қүжаттар (Қазақстан Республикасының конституциясы, Білім беру туралы заң), түжырымдамалар, жарғылар, нүсқаулар, бағдарламалар, т. б. зерттеліп отырған мәселе бойынша философиялық, психологиялық, педагогикалық, әдеби, тарихи деректер, мерзімдік басылым аппараттары, бастауыш сынып мүғалімдерінің озат тәжірибелері, педагогикалық инавация және технологиялар.
Зерттеу әдістері: зерттеу мэселесі бойынша философиялық, психологиялық, педагогикалық эдістемелік әдебиеттерге талдау жасау, озат педагогикалық іс-тэжірибелермен танысу, пікір алысу, сауалнама бақылау, әнгіме, тест эдісі және оқушылардың шығармашылық еңбектерін талдау.
І. ЭТНОПЕДАГОГИКАЛЫҚ ОЙЛАРДЫҢ ДАМЫП, ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1. ЭТНОПЕДАГОГИКАНЫҢ ШЫҒУЫ МЕН ДАМУЫ
Қай заманда, қандай қоғамда болсын алдында тұрған зор міндеттердің бірі-болашақ ұрпағын тәрбиелеу. Жан-жақты жетілген, ақыл-парасаты мен мәдениеті мол, саналы ұрпақ тәрбиелеуді әр халықтың салт-дәстүрі мен дамуындағы бағалы байлықтың нәрін біртіндеп сіңіру арқылы ғана жүзеге асыруға болады. Басқа халықтар сияқты қазақ елінің де ұрпақ тәрбиелеуде мол тәжірибесі, жиған-тергені, озық ойлары мен өзіндік ерекшеліктері бар. Осындай мол мұраның «дәнегін мәпелеп екпейінше» жастарды ізгілік пен парасаттылыққа тәрбиелеу мүмкін емес.
Этнопедагогикалық білім беру - этнопедагогиканың ғылыми негіздері туралы жүйелі білімдерді студенттердің меңгеру, қазіргі жағдайда халықтың аса бай тәрбие беру тәжірибесін шығармашылықпен пайдалану шеберліктері мен дағдыларына ие болу және халықтың рухани мәдениетіне бағалы көзқарас процесі мен нәтижесі.
Этнопедагогиканың зерттеу обьектісі халық педагогикасы. Халық педагогикасы халықтардың ғасыр бойы ұрпақ тәрбиелеу тәсілдеріне негізделген тағылымдардың бай тәжірбиесінің эмпирикалық жиынтығы.
Ал этнопедагогика халық педагогикасының ұрпақ тәрбиелеудегі тағылымдарын ғылыми жүйеге келтіріп зерттейтін, оны тәжірибеде қолданудың әдіс-тәсілдерін теориялық тұрғыда сөз ететін ғылыми педагогиканың бір саласы.
Этнопедагогиканың мақсаты - халықтық салт-дәстүрді, өнерді дәріптейтін, ана тілі мен дінін қадірлейтін, отанын, елін, жерін сүйетін, жан-жақты жетілген, саналы намысқор, патриот азамат тәрбиелеу.
Халықтың жазбаша жазылмаған, бірақ ұрпақ есінде мәңгілікке сақталып, бір ұрпақтан бір ұрпаққа ауызша жалғасып келген нақыл-өсиет, өнеге қағида болып таралып келген тәлім - тәрбие тағылымының бай мұрасы бар. Ол халықтық педагогика деп аталады. Халықтық педагогика отбасылық тәрбиеден басталып, ел-жұрт, ауыл-аймақ, тіпті бүкіл халықтық қарым-қатынастан берік орын алған тәлім-тәрбиенің түрі. Ендеше халық педагогикасы қоғам дамуының барлық сатыларынан өтіп, тәжірибеде жүйеленіп, ғылыми педагогикалық дәрежеге жеткенше ұрпақ тәрбиесінің қайнар көзі, алтын діңгегі болып келгені даусыз. Міне, сол себептен де халық педагогикасы мен ғылыми педагогиканың өзара сабақтастығы және ұстамдық-идеялық үндестігі туындайды. Бүгінгі ғылыми педегогика халық педагогикасынан бастау алып, оны ғылыми теориялар тұрғысынан жан-жақты зерттеп, өз керегіне пайдалануда.
Әр халықтың қалыптасу, даму тарихында сол халықтың зиялы қауымы шешуші рөл атқарса, ал бүкіл бір мемлекеттің дамуында этностардың өзара байланысының мәні зор. Әр этностың өзіне тән материялдық мәдени байлықтары және олардың өзіндік ерекшкліктері бар. Археологтар тапқан мәдени қазба ескерткіштер көмегімен этностар мәдениетінің гүлденуін немесе құлдырауын анық байқауға болады. Этнологиялық, этнографиялық тұрғыда қарастырылған зерттеулерге сүйене отырып, этностар мәдениеті жөнінде бүгінгі ұрпаққа тәлім-тәрбие беруге болады. Сондай зерттеу қорытындылары арқылы әр ұлттың мәдениетіндегі, салт-дәстүріндегі ерекшеліктерді айқын байқау қиын емес. Ал ұлт мәдениеті арқылы келер ұрпақты жан-жақты дамыту мен тәрбиелеу ісі этнопедагогика ғылымының негізгі мақсаты.
Бұл пәннің міндеті халықтық тәрбие түрлерін оқушы жастардың бойына сіңіріп, білім, білік дағдыларын дамыту, сөйтіп дене еңбегіне де, ой еңбегіне де қабілетті, нарық жағдайында өмір сүруге икемді, жан-жақты жетілген азамат етіп шығару. Ол жан тәрбиесі мен тән тәрбиесін қатар жүргізе отырып, оқушы жастардың қайрат жігерін, ақыл-ойын халықтың өнер туындылары негізінде оқытып тәрбиелеу арқылы іске асырады.
Халықтық педагогика - тәлім-тәрбиелік ой-пікірдің ілгері бастауы, халықтық рухани мұрасы.
Этнопедагогика - халықтық тәлім-тәрбиені, оның тәжірибесін қорытындылап, жүйелейтін теориялық сипаттағы ғылым саласы.
Этнопедагогика курсы болашақ маманды тәрбие жүйесіндегі этникалық өзгешеліктер мен ұлттық даралық жайлы біліммен қаруландырады, көпғасырлық тәрбие әрекеті нәтижесінде жинақталған педагогикалық байлықты практикада қолдана алу дағдысын игеруді көздейді [4] .
Курс мазмұнында этнос педагогикасының пайда болуы, дамуы және қазіргі жағдайы, оның халық өміріндегі орны мен адамзат педагогикалық мәдениеті дамуындағы ролі жайлы ашып көрсетілуі қажет. Этностың орнықты әлеуметтік қауым ретінде тұлға, тарихи зерде қалыптастыруы, әлеуметтік тәжірибе этномәдени дәстүрлердің бірлігін қамтамасыз етуде қуатты фактор екендігін көрсетудің мәні үлкен де зор болып табылады.
“Этнос” гректің - etnos - тайпа, халық деген сөзінен шыққан. Ғылымда “халық” терминінің орнына “этнос” термині орынды қолданыла бастады. Бұл термин этностың негізгі тарихи түрі - “тайпа”, “ұлыс” (“народность”), “ұлт” ұғымын түгел қамтиды. Оның үстіне, “халық” сөзінің “бір топ адам” (мәселен, “халық жиналды” десек) деген мағынасы бар екені белгілі. Сондықтан “этнос” терминін қолдану қолайлы. Адам ұжым болып тіршілік етеді. Оған әлеуметтік бірлестік деп те, этностық бірлестік деп те қарауға болады. Шындығында, әрбір адам, бір жағынан, белгілі бір қоғамның мүшесі бола отырып, сонымен бірге ұлттың (этностың) мүшесі болып саналады. Мұның бәрі халықтық педагогика өзіне нақты этникалық қауымға қатыссыз эмпирикалық педагогикалық білімдер мен құралдарды кірістірсе, этнопедагогика ұлттың өзіндік ерекшелігі көрініс берген нақты этникалық педагогикалық дәстүрлермен байланысты екендігі жөнінде анық түсініктің қалыптасуына ықпал етеді. Этникалық тәрбие дәстүрлері адам әлеуметтенуінің ықпалды құралы бола отыра, балалар мен жасөспірімдерді қоғамда тіршілік етудің түрлі тәртіптеріне дайындауғы қабілеттілігі жайлы ұғымды тереңдетеді [5] .
Этностың педагогикалық мәдениетін қоғам дамуының бүкіл кезеңдеріне тән әлеуметтік тарихи құбылыс ретінде қалыптастыруды қамтамасыз етеді.
Сонымен қатар этнопедагогика өзіндік ішкі тарихи-педагогикалық даму заңдылықтарына ие. Осыған орай оларды жалпы және даралық тәртіптегі элементтер құрайтынын; жалпы заңдылық этностық тәрбиенің қоғамдық болмыс, өмір саят, қоғамдағы өндірістік қатынастардың дамуы, оның қайта құрылуына тәуелділігімен анықталса; даралық заңдылық этнопедагогиканың ұлттық «адамшылық табиғаттың адамгершілік тұрғыдан қозғалуын, генофондты сақтау және оның табиғи дамуын қамтамасыз етуге қабілеттілігінде екенін көрсету басты міндет болып табылады.
Болашақ маман тәрбие жұмысының сапасы мен нәтижелігі ғасырлар бойы қалыптасқан этнопедагогика жетістіктерін тиімді пайдаланумен анықталатынын түсінуі аса қажет. Сондықтан педагогикалық оқу орнындағы студенттің халық өміріндегі құбылыстардың педагогикалық мәнін талдап, олардың тәрбиенің қазіргі міндеттеріне сай немесе сәйкес еместігін ажырата алу, сондай-ақ мәлім және аса мәлім емес халық педагогикалық шығармаларын анықтау және жинаудағы ізденіс жұмыстарына белсене қатысуы; көне әдет-ғұрыптардың қазіргі жағдайдағы педагогикалық мүмкіндіктерін анықтай алу, жаңа дәстүрлі халықтық мейрамдар мазмұны мен ескі тәртіптердің өзара әрекеттесуі, қазіргі салттар және олардың көне әдет-салттарымен сабақтастық байланысын аша білу дағдысын игеруі аса маңызды.
Этнопедагогиканың халыққа білім беру саласында қолданылу жағдайларымен байланысты мәселелер проблеманың өзіне және оның шешілу жолдарына толық түсіндірме беру арқылы баяндалғаны тиімді.
Дәл сондықтан да этнопедагогиканы алдымен оқу-тәрбие үдерісінде кеңінен енгізудің негізгі жолы өткен кезеңдерде қисынсыз алынып тасталған халықтық және табиғатпен үйлесімділік педагогикалық принциптерін жаңарту екендігі арнайы атап көрсетіледі. Халықтың педагогикалық даналығы халықтық тәрбие құралдарын толық пайдаланған жағдайда дәл осылар педагогика ғылымын байытуға; халыққа білім беруді жаңартуды жүзеге асыруға; отбасы, балабақша, кәсіби оқу орындары тәрбие проблемаларын шешудегі одағын нығайтуға елеулі үлес қосатын бастау болып табылатындығын ескеру керек.
Этнопедагогикадағы бала денсаулығы мен денесінің жетілуі жөніндегі қамқорлық, ақыл-ой мен еңбекке дайындық, саналы адамгершілік - эстетикалық тұрғыда бағыттау, мінез-құлықты реттеу, өзін-өзі тәрбиелеу, яғни тұлға қалыптастырудың бүкіл жетекші бағыттарын қамтитын аса бай фактілерімен танысу болашақ мамандарды оқытылатын материалға қызығушылығын арттырады.
Құрылымында этнопедагогика элементтері бар немесе өзге өлшем мен көрініс беретін сабақтар жобаларын сыныптан тыс жұмыс түрлерін дайындап, өткізу; этнопедагогикалық тақырыптарды үйірмелер жұмыстарының бағдарламаларына енгізу, этнопедагогикалық факультативтер ұйымдастыру, халық педагогтары шығармалары бойынша сабақтары циклін ұйымдастыру, тарихи этнопедагогикалық тақырыптамалар бойынша жоғары сыныптар үшін кештер дайындау, арнайы этнопедагогикалық газеттер, хабарламалар ұйымдастыру және өткізу әдістемелері және өткізу әдістемелері жайлы бірізділікпен баяндаудың студентті этнопедагогика материалдарымен жұмыс істеуге баулудың мәні ерекше [6] .
Педагогика ғылымының негізгі қарастыратын мәселесі адам тәрбиесі екендігі белгілі. Осы кезге дейінгі дамуы барысында ол өзінің теориялық ауқымын кеңейтіп, жаңа мазмұнмен толықтырылуда және зерттеу бағыттарының күрделенуіне байланысты іштей ғылыми жіктелу процесі жүруде. Мұның нәтижесінде өзге жеке ғылыми салаларымен қатар (мәселен, жоғары мектеп педагогикасы, кәсіптік бағдар беру педагогикасы т. б. ) оның этникалық педагогика деп аталатын білім саласын белгілейтін тармағы дүниеге келді. Этнопедагогика ұғымын ғылыми айналымға тұңғыш енгізген чуваш ғалымы, профессор Г. Н. Волков екені ХХ ғасырдың 60-жылдары ортасында белгілі болды [7] . Ал Қазақстанда «этнопедагогика» терминін тұңғыш енгізген профессор Қ. Жарықбаев өзінің «Революцияға дейінгі Қазақстанда педагогикалық ой-пікірдің даму тарихынан» атты әдістемелік ұсынысында берген еді [8] . Сондай-ақ ол 90-жылдары «Халықтық педагогика - халықтың тәрбиелеу және оқыту туралы білімдерінің қосындысы» ал «Этнопедагогика - халықтық тәлім-тәрбиені, оның тәжірибесін қорытындылап, жүйелейтін теориялық сипаттағы ғылым саласы» деп, оларға өз анықтамаларын нақты жасап, қазақ этнопедагогикасы бойынша зерттеу мәселелерін анықтап берді [9] .
Халықтық педагогиканы теория жүзінде танытқан іргелі зерттеулердің қатарында оның историографиялық негіздемесін жасауға өз үлесін қосқан Э. Д. Днепров, Г. К. Искаков, А. Ш. Гашимов: «Халықтық педагогика» және «Этнопедагогика» ұғымдарының ара жігін ажыратып, зерттеу объектілерін анықтауға бағытталған Е. Л. Христова, Г. Н. Волков, Я. И. Калбиков, И. С. Кон, А. Э. Измаилов тәрбиенің этностық сипаты мен педагогикалық процестегі халық бұқарасының орнын әділ бағалап, халықтық тәрбиені қоғамдық қажеттілік талабынан туған құбылыс ретінде көрсеткен М. Ф. Шабаева, Г. С. Виноградов еңбектерін атауға болады [10] .
Соңғы уақыттарда қоғамдық қарым-қатынастардағы елеулі өзгерістер мен жетістікердің мәні мәдениеттің ұлттық болмысын терең сезіндіріп, оны әлемдік өркениетпен сабақтастыра дамытуға бағытталуымен ерекшеленеді. Бұл оң өзгерістердің мәдениеттің құрамды бөлігі-халықтық тәрбие тәжірибесі мен оның даму тарихын зерттейтін пән болғандықтан этнопедагогика ғылымы үшін де қатысы бар екені даусыз.
Осы орайда этнопедагогика проблемаларының өзектілігіне баса назар аударылуда. Көптеген зерттеулерде бүгінгі тәрбие жағдайында озық педагогикалық дәстүрлерді сақтаудың маңыздылығы, халықтық педагогика мен қазіргі тәрбие тәжірибесін байланыстыру мәселесін шешуде талпыныстар жасалған. Бұл тұрғыда Н. Тұрсынов (Тәжікстан), В. И. Элашнили (Грузия), Н. В. Павлова, С. Темурова, А. Минаваров (Өзбекстан), З. Кусейнова, Ж. Бешимов, Б. Анышев, Т. Максутов (Қырғызстан), А. Ф. Ильшентаев (Башқұртстан) және т. б. зерттеулері аса көңіл аудартады [11] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz