Батыс Қазақстан облысы жайында


БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ - Қазақстан Республикасының солтүстік батысындағы әкімшілік аумақтық бөлік. Шығысында Ақтөбе, оңтүстьігінде Атырау облыстарымен, батысында Ресейдің Астрахан, Волгоград, солтүстік батысында Саратов, Самара, солтүстігінде Орынбор облыстарымен шектеседі. Облыс 1932 ж. 10 наурызда Орал облысы болып құрылған. 1996 жылдан Батыс Қазақстан облысы болып аталады. Жерінің аум. 151, 3 мың км 2 , тұрғындары 617, 6 мың адам (1999) . Әкімшілік жағынан Батыс Қазақстан облысы 12 ауылдық, 2 қалалық әкімшілік ауданға, олар 4 кенттік және 155 ауылдық әкімшілік округтерге бөлінген. Орталығы - Орал қаласы. Облыстағы 539 елді мекеннің тұрғындары біркелкі орналаспаған. Халықтың орташа тығыздығы 1 км 2 -ге 4, 0 адамнан келеді (1999) . Солтүстік аудандарда және Жайық өзеннің аңғарында халық жиі қоныстанған (1 км 2 -ге 9 - 12 адам) . Қала халқы бүкіл Облыс орталығы, Орал каласы халықтың 41%-ке жуығын құрайды. Қалалары: Орал, Ақсай; ірі кенттері: Бөрілі, Дерқүл, Зашаған, Круглоозерное, Чапаев.
Табиғаты. Батыс Қазақстан облысы аумағының басым бөлігі Каспий ойпатының солтүстігінде орналасқан. Жер бедері, негізінен, кұмды алқаптар мен сор ойпандар алмасып жатқан жазық болып келеді. Бұл өңірдің абсалюттік биіктігі 10 - 25 м-ден аспайды. Солтүстігіндегі қырат бөлігі (абс. биікт. 45 - 65 м) Сырт қырқасы арқылы Орал үстіртіне ұласады. Жалпы Сырттың осы тұстағы ең биік жері 259 м (Ешкі тауы) . Орал үстіртінің облыс жеріндегі бөлігі - құрғақ арналармен тілімденген жонды-белесті өңір. Оның абс. биіктігі. ПО - 260 м, ең биік жері - Ақтау тауы (263 м) .
Геологиясы және кен байлықтары. Жер қыртысы бор кезеңінің мергелінен, палеогеннің құмтастарынан, әктастарынан түзілген. Олардың бетін Каспий ойпатының төрттік кезең шөгінділері жапқан. Өзен аңғары аллювий шөгінділерінен құралған. Облыс жерінде тұз күмбездерінен қүралған ірі тектоникалық. құрылымдар (Сан-тас, Сасай, т. б. ) көп. Облыстың жер қойнауы мұнайға, әсіресе, газға (газ-конденсат) мейлінше бай. Мұнда Қазақстандағы зерттелген газ-конденсаты қорының 90%-тен астамы шоғырланған (Карашығанақ газ конденсаты кен орны) . Одан басқа облыс аумағында жаңғыш тақтатас (Чернозатон, Тоғай, Новошаново), калий, магний тұздары (Шалқар көлі), цементтік шикізат (Ақсуат, Шаново), керамзиттік саз (Тұйықсай, Погодаев), т. б. құрылыс материалдары кен орындары бар.
Климаты. Облыстың климаты тым континенттік. Қысы суық, жазы ыстық әрі құрғақ. Қаңтар айының орташа температурасы -11 - 14°С, кейде -40°С-қа дейін төмендейді, шілде айындағы температура 22 - 25°С, кейде 40°С-қа дейін көтеріледі. Жауын-шашынның көп жылдық орташа мөлшері 190 (оңт-те) - 350 мм (солт-те) . Қар жамылғысы 70 күннен (оңт-те) 140 күнге (солт-те) дейін жатады. Жыл бойына екпінді желдер (кейде 15 - 20 м/с-қа дейін) болып тұрады. Өсімдіктердің вегетациялық кезеңі 150 - 170 төулік.
Гидрографиясы. Облыстағы өзендер Каспий теңізінің алабында жатыр. Ұзындығы 100 км-ден асатын 14 өзен бар. Басты су артериясы - Жайық өзені солтүстік-шығыстан оңтүстікке қарай ағады. Оның облыс жеріндегі ұзындығы 500 км-дей. Жайыққа облыс аумағында Емболат, Шаған, Дерқұл, Елек, Шыңғырлау, Барбастау өзендері құяды. Облыстың шығыс жағындағы шағын Өлеңті, Қалдығайты, Жақсыбай өзендері Орал үстіртінен басталып құмға сіңіп жоғалады. Өзендері қарашаның 2-жартысында қатып, сәуірдің 1-жартысында мұзы ериді. Батыс Қазақстан облысы 140-тан астам көл бар. Оның 9-ның су айдыны 10 км 2 -ден асады. Суы тұщы маңызды көлдері: Қамысты Самар, Ит-мұрынкөл, Сұлукөл; ірі тұз-ды көлдері: Шалқар, Аралсор, Жалтыр, Жалтыркөл, Боткөл, т. б. Жер бетіндегі ағынды суды реттеу үшін облыс аумағында бірнеше бөгендер салынған. Олар негізінен Көшім суландыру жүйесіңде және Қараөзен (Үлкенөзен) бойында (Бітік, Дөңгелек, Киров, Пятимар, Сарышаған, Айдархан) орналасқан. Топырағы мен өсімдік дүниесі. Батыс Қазақстан облысы солтүстік бөлігі далалық белдемде, қалған жері шөлейт жөне шөл белдемдерде жатыр. Облыс жерінің 15%-ін кұмды алқап алады. Қиыр солтүстік, Сырт су-айрықтарында қара, Сырт жөне Орал үстіртінің қыратты бөліктерінде қызыл қоңыр, өзен аңғарларында шалғынды сортаң, шөгінді (құмдақ сазды) топырақ түрлері тараған. Облыстың оңтүстік бөлігін құмды алқаптар (Нарын, Көкөзенқұм, Аққұм, Қарағандықұм, т. б. ) алып жатыр. Солтүстік бөлігінде бетегелі дала өсімдіктері мен шөлейт белдемнің өсімдік түрі басым. Өзен жайылымдарында астық тұқымдасты шөп түрлері, кей жерлерде қалың қамыс, құрақ өскен. Жайық аңғарында терек, емен, қайың, тал, Сырт және Орал үстіртінде, Елек өзенінің алабында шоқ қайың орманы көптеп кездеседі.
Жануарлар дүниесі. Батыс Қазақстан облысы тоғайлы-орманды өңір-лерінде бұлан, елік, өзендер бойындағы қалың қамыс арасында қабан, оңтігіндегі құмды жағында ақбөкен, түлкі, қарсақ, қасқыр, қоян, күзен, құндыз; қеміргіштерден сарышұнақ, құм тышқаны, т. б. мекендейді. Облыста құстардың көптеген түрлері (аққу, қоңырқаз, сұрқаз, тырна, бірқазан, балықшы, құр, ақиық, кезқүйрық, безгелдек, қаршыға, т. б. ) кездеседі. Өзен-көлдері балыққа бай (сазан, көксерке, аққайраң, табан, жайын, шортан, т. б. ) . Жайық өзендерінде қызыл балық түрлері (бекіре, шоқыр) кездеседі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz