Бірінші кластағы бейнелеу өнері сабақтарын ұлттық көркем мәдениеттің негізінде өткізу жолдарын



І . бөлім. Кіріспе.
А) Білім беру мазмұны . оқушыларды жан.жақты дамыту.
Б)Оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру.

ІІ . бөлім. Негізгі бөлім.
А) Бастауыш сыныптарды көркемдік білім беру мазмұны.
Б) Бейнелеу өнерінде қолданылатын көрнекіліктерідің маңызы, жасалу. жолдары.
В) Бейнелеу өнері сабақтары және таңдаулары.

ІІІ Қорытынды бөлім.
Халқымыздың өнегелі мәдениеті үлігілерінің бірі – бейнелеу өнері қаншама дәуірдің тарихи ағымымен бірге жсапа дамып келеді. Қазақ халқының өмір тұрмысына тереңдеп үңілсек, мәдениет дәстүрінің үзілмей бүгінгі ұрпаққа жетуіне бірден-бір себеп халықтық педагогика.
Өзінің тәрбиелік мәнін бүгінге дейін жоғалтпай келе жатқан көркемдік педагогиканы қазіргі таңда мектеп өміріне енгізу, бейнелеу сабақтарында қолдану заман талдабына айналып отыр.
Орта Азия мен Қазақстан жері мәдениеті дамыған өркениет орталығы болғындығы көпшілікке мәлім. Сыры кетсе де, сыны кетпей сақталып келе жатқан әсем ғимараттар, тас мүсіндер, сарайлар, халықтың тұрмысында қолданылған сәндік қолданбалы өнердің інжу-маржандары жастардың көркемдік талғамын дамытуға дәнекер болғаны сөзсіз. Бұл жерде айта кететін өкінішті жағдай – көшпелі еліміздің көркем мәдениетін жас ұрпақтың игідігіне пайдалану кешеуілдеп оларды мектеп оқушыларына көркемдік білім мен әсемдік тәрбие беру бағдарламасынан тыс қалуы. Бұл көмекші құралдарға ұсталған басты бағыт жас ұрпаққа халықтың мәдени дәстүрін бастауыш кластардан бастап таныстыру, ата-бабамыздың тұрмысында жие қолданылған заттарды салып үйрету, олардың формасымен, түр-түсімен т.б. көркемдік ерекшеліктерімен таныстырудың әдіс-тәсілдерін көрсету.
Біз бұл еңбекте бірінші кластағы бейнелеу өнері сабақтарын ұлттық көркем мәдениеттің негізінде өткізу жолдарына назар аудардық.
Қазақ мектептердің ұсынып отырған тұңғыш методикалық құрал болғандықтан, кемшіліксіз деген ойдан аулақпыз. Алайда сіздердің қиын да күрделі педагогикалық қызметіңізді жеңілдетуге сәл де болса септігін тигіссе, автордың ойлаған мақсатына жетеді.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

І – бөлім. Кіріспе.
А) Білім беру мазмұны – оқушыларды жан-жақты дамыту.
Б)Оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру.

ІІ – бөлім. Негізгі бөлім.
А) Бастауыш сыныптарды көркемдік білім беру мазмұны.
Б) Бейнелеу өнерінде қолданылатын көрнекіліктерідің маңызы, жасалу.
жолдары.
В) Бейнелеу өнері сабақтары және таңдаулары.

ІІІ Қорытынды бөлім.

Кіріспе.
Халқымыздың өнегелі мәдениеті үлігілерінің бірі – бейнелеу өнері
қаншама дәуірдің тарихи ағымымен бірге жсапа дамып келеді. Қазақ халқының
өмір тұрмысына тереңдеп үңілсек, мәдениет дәстүрінің үзілмей бүгінгі
ұрпаққа жетуіне бірден-бір себеп халықтық педагогика.
Өзінің тәрбиелік мәнін бүгінге дейін жоғалтпай келе жатқан көркемдік
педагогиканы қазіргі таңда мектеп өміріне енгізу, бейнелеу сабақтарында
қолдану заман талдабына айналып отыр.
Орта Азия мен Қазақстан жері мәдениеті дамыған өркениет орталығы
болғындығы көпшілікке мәлім. Сыры кетсе де, сыны кетпей сақталып келе
жатқан әсем ғимараттар, тас мүсіндер, сарайлар, халықтың тұрмысында
қолданылған сәндік қолданбалы өнердің інжу-маржандары жастардың көркемдік
талғамын дамытуға дәнекер болғаны сөзсіз. Бұл жерде айта кететін өкінішті
жағдай – көшпелі еліміздің көркем мәдениетін жас ұрпақтың игідігіне
пайдалану кешеуілдеп оларды мектеп оқушыларына көркемдік білім мен әсемдік
тәрбие беру бағдарламасынан тыс қалуы. Бұл көмекші құралдарға ұсталған
басты бағыт жас ұрпаққа халықтың мәдени дәстүрін бастауыш кластардан бастап
таныстыру, ата-бабамыздың тұрмысында жие қолданылған заттарды салып үйрету,
олардың формасымен, түр-түсімен т.б. көркемдік ерекшеліктерімен
таныстырудың әдіс-тәсілдерін көрсету.
Біз бұл еңбекте бірінші кластағы бейнелеу өнері сабақтарын ұлттық
көркем мәдениеттің негізінде өткізу жолдарына назар аудардық.
Қазақ мектептердің ұсынып отырған тұңғыш методикалық құрал
болғандықтан, кемшіліксіз деген ойдан аулақпыз. Алайда сіздердің қиын да
күрделі педагогикалық қызметіңізді жеңілдетуге сәл де болса септігін
тигіссе, автордың ойлаған мақсатына жетеді.

Дамыта оқыту арқылы оқушылардың таным белсенділігін арттырудағы дамыту
технологияларына талдау.
Бейнелеу өнері – эстетикалық тәрбиенің етене жақын буыны. Мұның өзі
өнердің көркем бейнелеуінің ерекше түрі екендігінен туындайды. Бейнелеу
өнерінің кез-келген түрі адамның танымдық мүмкіндігіне және әдемілікті
сезінуіне әсер етеді.
Адамның өміріндегі эстетикалық талғамын қалыптастыруда оқушыларға
бейнелеу өнері сабақтарында қоршаған заттар мен құбылыстардың көріністерін
нақыт бейнелеуге үйретуіміз қажет.
Кеңістік пен зат өте тығыз болғандықтан, оқушылардың өмір шындығын
бейнелеген әр бір суреттерінде кеңістік ұғымын қалыптастырудың маңызы зор.
Уақыт сияқты кеңістік те материаның өмір сүру формасы. Өмірдегі қандай зат
пен құбылыс болсын белгілі кеңістіктен табылады.
3-сынып оқушыларының дамыта оқыту белсенділігін арттырып, ынталандыру
үшін бейнелеу сабағын мынадай жолдармен өткізуге болады.
1.Сабақта кең көлемде көрнекі құралдарын пайдалану.
2.Сабақты түрлендіріп өткізу.
3.Сабаққа оқушылардың өздері салған суреттерді пайдалану.
4.Техникалық құралдарды тиімді қолдану.
5.бейнелеу өнері туралы кинотаспаларды көрсету.
Талғамын қалыптастыра отырып эстетикалық тәрбие береміз.
-әрбір оқушының көркем (эстетикалық ) білім, тәрбие алуына жағдай
жасау;
-оқушының көркем – творчестволық қабілетін, ой-қиялын дамыту;
-оқушыны көркем іс-әрекеттердің (бейнелеу, музыка, театр т.б.)
түрлеріне бейімдеу;
-оқушының қоршаған ортамен табиғаттағы түрлі түстер мен формаларды
көріп, эстетикалық тұрғыдан қабылдауын қалыптастыру;
-оқушының жалпы өнерге деген қызығушылығын қалыптастырып, бейнелі
ойлау қабілетін арттыру;
-оқушыны ұлттық өнер мен таныстырып, өнер иелеріне, шығармаларына
деген сүйіспеншілігі мен құштарлығын тәрбиелеу;
Бағдарлама оқушыларға көркем білім-тәрбие берудің қазіргі талаптары
тұрғысынан, оқушылардың жас ерекшеліктерімен мүмкіндіктері ескеріліп
жасалынды.
Сонымен қатар, бұл бағдарламаның қазіргі таңда оқытылып жатқан
бағдарламалардан ерекшеліктері бар:
-оқушылардың көркемдік жағынан жетілуіне халықтың сәнді қолданбалы
өнерін кеңінен таныстыру арқылы дамыту көзделді;
-бейнелеу өнеріндегі дәстүрлі емес тәсілдер түрімен таныстыру;
-қоршаған орта шындығын әсерлі қабылдау, әсемдікке сүйсіну,
ұсқынсыздықтан жирену қасиеттерін қалыптастыру;
-Қазақстан Республикасының елдік белгілері (елтаңба, жалау) ұлттық
мерекелері, салт-дәстүрлері мен таныстыру;
-әрбір сынып бойынша оқушылардың мүмкіншіліктері мен жергілікті жер
ерекшеліктеріне сай, беріліп отырған тақырыптарды таңдап алуына мүмкіндігі
бар.
Бояу мен жұмыс жасуда қағазды умаждап бояу, дақ арқылы бояу, ылғал
қағаз бетінде бояу, шашыратып бояу т.б. дәстүрлі емес тәсілдер де
қарастырылған. Бояу мен жұмыс бірден қылқаламмен басталады, негізгі суреті
де қылқаламмен салынады.
Осылайша жұмыс жасау оқушының қағаз бетінде бояуды еркін жағу арқылы
түстердің үйлесімділігін сезініп, реңдер ажырата алу қабілеттерін
жетілдіруге жол ашады. Сыныбы жоғарылаған сайын түстерді шын мәнінде
бақылау процесі артып, бояу мен жұмыс жасау күрделене түседі.
Бағдарлама құрылымы білім мазмұнының әрқайсысы белгілі бір ұғымдар мен
түсініктер жүйесін біріктіретін және бір-бірімен тығыз байланысты өнер
салаларынан құрылды. Олар: сұлу сурет (живопись) сәндік қолданбалы өнер,
мүсін өнері және сәулет өнері.
Бағдарламада әрбір өнер саласы екі негізгі бөлімді қамтиды.
1.өнерді қабылдау.
2.практикалық көркем іс-әрекеттер.
Өнерді қабылдау білімі оқушыларды өнер шығармалары мазмұнын, өнер және
өнер қайраткерлері өмірі туралы оқытушымен кластағы жолдастарымен пікілесе
отырып шешу мақсатын көздейді.
Ал, практикалық бөлімде оқушылар жазықта бейнелеу, мүсіндеу, сәндеу,
сәулет өнерінің құрастыру жолдары, технологиясы, материал тану, яғни
көркемдіктің негізгі үш элементімен (бейнелеу, бе,зендіру, құрастыру)
танысады.
Бейнелеу өнерінің бір саласы сұлу сурет (живопись) өнері төменгі сынып
оқушыларын бояулар түрімен, жұмыс жасау тәсілдерінің бірнеше қарапайым
элементтерімен таныстырудан басталады. Жұмыс жасау технолгиясының
қолайлылығына байланысты акварель (сулы бояу) гуащь таңдалып алынады.
Сәнді қолданбалы өнер бөлімінде қазіргі таңда аса қажетті дизайн,
витрож әшекейлеу (роспись) сияқты өнерден де оқушылардың хабардар болуы
көзделініп, сәйкес мағлұматтар беріледі.
Мүсіндеу өнеріндегі мүсін жасау, құрастыру іс-әрекеттері еңбек
сабағында кеңінен қолданылатындықтан мүсіндеудің көркем бейнесі жағынан
шешу мақсаты көзделді. Өнер шеберлері мен олардың шығармалары жайында сабақ
үстінде, практикалық жұмыс барысында әртүрлі жолмен таныстырып өтуге
болады.
Барлық өнер түрінде (мүсін, сурет, сәндік т.б.) оқушылар екі немесе
одан да көп оқу міндеттерін (көру, қабылдау, жасау) атқаруы көзделді.
Мысалы: Бұйымның көлемі және түс реңктері. Бұйымның құрылыс формасы және
өрнекпен безендіру формасы.
Сабақ түрлеріне қарай уақытты бөлу былай қарастырылады. (сағат
сандары).

Өнер түрлері сыныптар бойынша жылдық сағаттар
1 2 3 4
1.Жазықтықта бейнелеу 23 18 15 14
2.Сәндік қолданбалы өнер 20 23 20 21
3.Мүсін 8 10 8 8
4.Сәулет өнері - - 8 8
Барлығы 51 51 51 51

Бейнелеу өнері базалық білім мазмұнының 3-сынып бойынша жіктелуін оқу
бағдарламасын талдайық.
3-сынып
(барлығы 51 сағат. Аптасына 1,5 сағаттан)
І бөлім.
Өнерді қабылдау (20 сағат).
Өнер түрлерінің ерекшеліктері. Бейнелеу өнерінің жанрлары. Натюрморт.
Пейзаж (табиғат көрінісі) Түс пен форма. Жарық пен сәуле. Мүсін өнері.
Шағын форманы мүсіндеу. Халық өнерінің түрлеі (ағаш, кирамика, фарфор,
зергерлік) ескерткіштер. Тас мүсіндер. Анималистік жанр. Шағын тұлғалар.
Сәндік қолданбалы өнер. Дизайн. Халық өнері. Өрнек пен форманың
байланысы. Жиһаздық заттар. Киіз үй жабдықтары. Хохлома. Дымыков
ойыншықтары.
Сәулет өнері. Ертегі сәулет өнері. Тараз маңындағы діни сипаттағы
құрлыс ескерткіштері. Ғимараттағы эстетикалық көркемдік.

ІІ бөлім.
Практикалық іс-әрекеттер мазмұны.
Жазықтықта бейнелеу (28 сағат).
Сұлу сурет (живопись) жанрларымен танысу. Портрет. Натюрморт. Табиғат
көріністері. Пәнаралық жұмыстар. Эскиздер жасау. Табиғатты суреттеуші шебер
суретшілер өнерімен танысу. Р.Сақи Алтын күз, Л.Левитан Алтын күз.
Шығармаларды салыстыру.
Шығармалардан эскиздер жасау. Кеңістікті бере білу. Натюрмарт.
Г.Исмилованың Натюрморт шығармасын зерделеу. Суреттер салу.
Портрет Ә. Қастеев Автопортрет, парталас достар, туған-туыс
бейнелерін бейнелеу. Менің досым, Әже.
Түс пен жарықты бере білу. Бөлме ішіндегі кеңістікті бейнелеу. Мысалы:
Менің бөлмем. Көркем сурет залы ішкі көріністер, киіз үйдің ішкі
көріністері.
Оқу құралдары: Суретшілер шығармалары. Қ.Ходжиков Қырманда, астық
ору. Р.Сахи Автопортрет, Жайлауда. А.Ғалымбаева Бір кесе қымыз.
Ә.Қастеев Түрксіб, С.Мәмбеев Терезе алдындағы қыз, Н.Нұрмұхамедов
Папам келе жатыр, Ш.О.Ниязбеков Сырым батыр, Г.Ливитан Алтын күз.
Қажетті құралдар: бояу, қылқалам, альбом.
Көрнекіліктер: диафильм, слайды, фото суреттер.
Топ саяхатта: музей, галерея, көрме.
Мүсіндеу. Адам мүсіндеу. Шығармаларды көрсету арқылы баулу. С.
Сейфуллин Абай Е. Мергенов Әлия.
Бет әлпет кескінін мүсіндеу. Портрет жанрындағы пропорцияны бере білу.
Әже, Ата, Менің досым. Бедер (рельеф).
Геометриялық өрнектер. Тұмарша, Төртқұлақ, Айқас т.б.
өрнектерден эскиздер жасау, сомдау. Тас мүсіндер. Түймекент тас мүсіні,
Қарқара ескерткіші.
Сәндік қолданбалы өнер (20 сағ.).
Дизайнер жұмысы. Үй мүліктерін безендіру. Өрнектер құрау. Кілем,
түскиіз өрнектермен безендіру.
Интерьер. Үйдің, бөоменің ішкі көрінісі, бейнелеу, безендіру.
Тұрмыстық бұйымдар эскиздерін – құмыра, шай құман, гүл вазасы т.б.
безендіру. Түстер жарасылымдығы. Тоңды таңдау. Бедерлеу өнері.
Оқу құралдары: Суретші, шебер шығармалры. Ш.Ниязбеков Абай, Ағаштан
жасалған бедерлі жүкаяқ, Киіз үйдің сүйек бедерлі сықырлауық есігі,
М.Лизогуб Ертегі.
Халық шығармалары (нұсқа, үлгілері). Киім кешек. Тұрмыстық бұйымдар.
Қажетті құралдар: қарындаш, бояу, қылқалам, ватман қағаз, сангина,
түсті борлар, альбом.
Көрнекіліктер: диафильм, оқу фильмі, плакаттар, фотосуреттер.

Сәулет өнері (8 сағ)
Қазақстандағы және басқа республикадағы сәулет өнері. Бейнелі ойлау
арқылы эскиздер жасау. Сәулет өнерінің кезеңдері. Киіз үйден бастап қазіргі
биік ғимараттар көрінісін долбар жасау. Алматыдағы кафедралық собор.
Тератрлар. Никольск шіркеуі. Қожа Ахмет Яссауий кесенесі. Қазақ Ғылым
Академиясының бас ғимараты.
Жергілікті жер ерекшеліктеріне сай материал таңдау ұсынылады.

Пәнаралық байланыс.
Тіл. Түстердің атауы. Бейнелеу өнерінің мәнерлеу құралдарының аттары.
Шрифт сызық түрлері. Түс реңктері. Терминдік сөздер. Шығармалар мазмұнына
ат қою. Шығармаларды талдау. Әңгіме сабақ. Ақын-жазушылар шығармаларына
тақырыптық суреттер салу.
Еңбекке үйрету. Бейнелеу, безендіру, құрастыру элементтері. Эскиздер
дайындау. Киіз, құрақ көрпе, майлық, ыдыс аяқтар, ойыншықтар.
Музыка. Бейнелеу өнерінің шығармаларын көрсетуде музыкалық әуен сазды
пайдаланып, бейнелі эстетикалық қабылдауды қалыптастыру. Халық әуендері:
Гауһар тас, Абай: Қараңғы түнде тау қалқып, С.Сейфуллин: Тау ішінде.
Математика. Көлем, форма, кеңістік жайындағы ұғымдарды қалыптастыру.
Үшбұрыш, төртбұрыш т.б. геометриялық фигуралар ішіндегі ою-өрнек
элементтерін орналастыру.
Дүниетану. Табиғатты бақылау. Жыл мезгілреінің өзгеруіне байланысты
табиғат бояуларының өзгеруі. Жан-жануарлар мен құстардың іс-әрекеттерін
бақылау, бейнелеу. Егін алқаптарындағы еңбек кезеңдері. Саяхаттар.

Білім, білік, дағдыларға қойылатын талаптар.
Мүмкіндік деңгейлер:
- бейнелеу өнерінің өмірде алар орнын;
- бейнелеу өнерінің табиғат жайындағы шығармаларын (3-4 шығарма және
оның авторлары);
- өнердегі ұлттық ерекшеліктері (тұрмыс, киім, табиғат);
- живопись шығармаларының тақырыптық мазмұнына байланысты: табиғат,
натюрморт, портрет, тарихи, тұрмыстық екендігін;
- кітаптарыды безендіру жұмыстарының ерекшеліктерін;
- суретші – дизайнер мамандығының ерекшеліктерін;
- тұтас көрудің сызықтық, кеңістіктегі қарапайым заңдылығы;
- көлемді бұйымдарды бейнелеудегі қарапайым ереже (жарық, көлеңке,
жартылай көлеңке, рефлекс, түскен жарық);
- бағдарламадағы терминді білуге тиіс;
- әртүрлі жанрдағы шығармаларға суретші қалай, немен өң бере
алатындығын айта алуы;
- бейнелеу барысында перспективаны бере білу;
- әшекейлеуде адам және хайуанаттарды өзіне тән ерекшеліктерін бере
білу;
- сәндік өнерді иллюстрация жасаудың қарпайым әдіс-тәсілдерін меңгеру.

Оқу - әдістемелік комплект
1. Бейнелеу өнері (оқулықтар) 1,2,3,4 кластар.
2. Бейнелеу өнері пәнін оқыту (әдістемелік нұсқау)
3. Әсемдікке баулу (мұғалім мен ата-аналарға арнлаған оқулықтар).
4. Альбом (көрнекті құралдар) 1,2,3,4 кластар.
5. Суретші шығармалары мен автопортреттері бейнеленген плакаттар.
6. Оқу кестелері 1,2,3,4 кластар.
7. Жұмыс дәптері 1,2,3,4 кластар.
8. Аудиовизуальды құралдар (музыка, саздар жазылған ленталар,
слайдтар, диафильмдер, оқу фильмдер т.б.) 1,2,3,4 кластар.
9. Сәндік қолданбалы өнер (ою-өрнек үлгілері, тұрмыстық бұйымдар мен
үй жиһаздары, киім-кешек т.б.).

Оқу мазмұнына байланысты пайдаланылатын суретшілер шығармаларының тізімі.
І ІҮ сыныптар.
М.Қисамадинов Махамбет Ә.Қастеев Амангелді, Жайылым,
Ақсай карьерасы, Шежен өзені, Колхоз тойы.
М.С.Кенбаев Ә.Жангелдин отряды, Киіз басу, Жолдағы әңгіме,
Шопан әні.
С.Романов Жер туралы декрет, Биші қайыңдар, Тазша бала, Қала
көрінісі, Бұғалық тастау.
А.И.Гортников Ә.Молдағұлова
Қ.Т.телжанов Атамекен, Бүркіт салу, Жамал, Жеңіс.
Ә.Смағұлова Қамбар батыр.
К.М.Шалхыметов Шопандар тойы.
Ж.Шәрденов Мәдениет паркындегі жылылық, Қарлы таулар.
Г.М.Ысмайлова Студент қыз, Натюрмарт
А.Ғалымбаева Гүл көрмесінде, Натюрморт, Кеседегі қымыз,
Дастархан.
Ә.Исмайлов Хан тәңірі жайлауы.
Т.Г.Тоғысбаев Асхана.
Н.Нұрманбетов Даладағы дауыл.
В.Серов Марозов мишка.
С.М.Мәнбеев Киіз үй маңы, көктем.
Н.Г.Хлудов Киіз үйде.
М.Сарьян Құмырадағы гүл.
С.Ә.Айтбаев Жас қазақтар.
М.С.Лизогуб Халық шеберлері, Ертай, Жастық шақ, Таң шуағы.
А.М.Черкасский Дина мен Жамбыл, Қара ағаштар аппеясы.

Мүсін өнері.
Н.Наурызбаев Ақын М.Хакімжанов, Абай.
Р.Ахметов Мүсін композициясы.
Б.Төлекеев Шеңбер, Кездесу, М.Елубаев.
И.Я.Иткина Ғұлама.
Т.С.Досмағамбетов Әліби Жангелдин.
О.Прокофьева Т.Бокин.

Сәндік қолданбалы өнер.
Ш.Нязбеков Абай, Аңшылық, қобыланды батыр.
А.Рахманов Айтыс.
Б.Зәуірбекова Әуен.
Қ.Тынысбеков Дала балладасы.
Д.Е.Шақпаров Саптыаяқ және келі.
Р.А.Нәлібаев Қымыз ожау түрлері, Адам және ат бейнелі тас
таяқшалар, Қола дәуірі, Аяққап, Жүн, Киіз. Күміспен қақтап,
ақықтан көз салған ердің қасы, Ағаш оймышты кеспек баспен ожау.

Графика.
Ш.Уалиханов сартай портреті.
Ә.Қастеев Кітап ұсынған қыз.
Е.М.Сидоркин Аза, С.Сейфуллинді оқығанда атты топтама.
Б.Табылдиев Бала дәурен.
Ә.С.Рахманов Москвадан сөйлеп тұрмыз.
Ә.Смағұлов Ақсуат.
Б.Машрапов Үзілген үміт.

Балаларға арналған кітапшаларға иллюстрация.
Ш.Б.Кенжебаев Кешкі ән.
Қ.Қожықов Даладағы шайхана, Алдар көсе.
В.Верещагин Аңшы қырғыз.
И.Н.Исабаев Қобыланды батыр.

Ертедегі мультфильмдер
Ж.Дәненов Сыйқырлы сыбызғы.
М.Мырқасымов Алтын сақа.
Ә.Бейсенбиев Қадырдың бақыты.
Ф.Мұқанов, Т.Мендешова Жібек шашақ
Ж.Дәненов, Ә.Ә.Қайдаров Қырық өтірік.
Ж.Дәненов, Б.О.Омаров Көртышқан мен қоян
М.Алин, Арыстан мен түлкі
М.Дүзелханов Жыл басы, Батыл есек

Сәулет өнері.
И.А Картша, В.В.Чиркин, Алматы, Қазақстан қонақ үйі.
М.Мендіқұлов Т.Қ.Басенов Абай театры.
Білім ана мұрасы 10-11 ғ. Қызылорда.
Жошы хан күмбезі Орталық Қазақстан.
Қ.А.Яссауий мовзолейі 14-15 ғ..
Қосмола мазары 14-15 ғ..
Үштас қабыр басына ескерткіш белгі
Шоқай мазары 14-15 ғ. Жамбыл.
Омар мазары Маңғыстау.

3-сыныптың бейнелеу өнері сабағының оқыту әдістемесі.
3-сыныпта бейнелеу өнері сабағында оқушылардың эстетикалық көне
экономикалық талғамдарын дамыту үшін қоршаған ортадан алған әсерлерін
кеңейтуге және кеңістік көріністеріне талдаулар жасау барысында нобайлар
арқылы бейнелеуіне басшылық етуіне болады.
Құстар бейнесін жасау сабағының мақсаты мен тәрбиелік мәні мынада.
Табиғатты қорғау мен экологиялық білімдерін тереңдету, оқушылардың
шығармашылық толғаныстарын дамыту және бейнелеу өнерінің қыр-сырын үйрету.
Бұл сабақ дәстүрден тыс әдіс-тәсілмен өтеді.
Сабақ жабдығы мыналардан тұрады: техникалық құралдар пайдалану
(таблицалар) түрлі-түсті қағаздан қиып жасалған жапсырма қапталған бүктеме,
атақты суретшілердің туындыларын көрсетіп таныстыру. Ал оқушыларға
қажеттілер: сурет дәптері, түсті бояу қарындаштары мен акварель, түрлі-
түсті қағаздар, қайшы.

Сабақты мынадай жоспармен өткізген тиімді.
1. Біз құстар туралы не білеміз? атты кестеде бейнеленген құстар
(қарға, ұзақ қарға, сарнауық торғай, кішкене торғай, сауысқан, қара
торғай, қарлығаш, боз торғай, т.б.) туралы әңгіме және құстардың
бейнелерімен таныстыру.
2. Бейнелеу өнері сабағын әдебиет пәнімен байланыстыра өткізу.
Оқушылардың тіл байлығын және есте сақтау қабілетін дамыта отырып Құс
базары тақырыбына өлең-тақпақтар айтқызу. Сол тақпақта аты аталған
құстардың бейнесін салу.
3. Атақты суретші Саврасов Алексей Кондратьевичтің Қара тағндардың ұшып
келуі тақырыбындағы туындысын көрсету және оқушыларға сұрақтар қою.
4. Бүктемелерде көрсетілген түрлі-түсті қағаздан қиып жасалған
жапсырмалар бойынша оқушылардың ой-өрісін дамытатын жұмыс түрлерін өз
бетімен жүргізуге үйрету.

Қорытындылау. Оқушылардың еңбектерін бағалау. Сыныпта үздік
жұмыстардың көрмесін ұйымдастыру.
Мен оқушыларға құстар бейнесін кезеңге бөліп өз беттерінше қалаған
құстың бейнесін ұйымдасуды үйретемін (көрнекілік бойынша). Мәселен, Қызыл
торғайдың бейнесін салу.
Сосын осы салған суреттердің бояу әдіс-тәсілін көрсетемін. Әр
кезеңдегі айырмашылықтарын бейнелеудің эскиздер жасатып дағдыландырамын.
Құстың нобайын көрнекілік арқылы және ойша салу керек. Сабақтың
мақсаты етіп оқушылардың эстетикалық талғамын дамытады, табиғат пен олардың
өзара үйлесім табуын аламын және кеңірек мағлұмат беремін.
Суретші А.К.Саврасовтың Қара тағандардың ұшып келуі тақырыбындағы
туындысын көрсетіп әңгімелесу барысында мынадай сұрақтар қоямын.
- Балалар, мына суретке мұқият қараңдар! Суретші жылдың қай мезгілін
бейнелеп көрсеткен?
- Суреттегі құстардың атын атаңдар және сол құстың бейнесін кезеңге
(этапқа) бөліп жасаңдар.
Сондай-ақ техникалық құралдарды пайдаланып, құстардың жеке түрлерін
эпидиаскоптан көрсетемін.
Бүктемелерде көрсетілген түрлі-түсті қағаздан қиып жасалған
жапсырмалар бойынша оқушылардың ой-өрісін дамытатын түрлі жұмыстар
жасатамын. Атап айтқанда Қарлығаштың үйдің ауласына ұя салуы,
Көкжиектегі тырналар тізбегі, Ұя маңындағы қара-торғайлар тақырыбындағы
жапсырмалармен (аппликациялар) таныстырамын. Сабақ қорытындысына үздік
жұмыстарды мадақтап, орташа салынған суреттің кемшіліктерін өздеріне
тапқызып түзеттіремін.
Мұндай әдіс-тәсілдермен сабақ өткізудің нәтижесінде оқушылар,
біріншіден, бейнелеу өнері сабағында белсенділік көрсетеді, екіншіден,
шығармашылық қабілеті өз бетінше жұмыс істеу белсенділігі артады,
үшіншіден, эстетикалық талғамы өссе, төртіншіден, экологиялық білімдері
тереңдей түседі.
3-сыныпта оқушыларды бояулар түрімен, негізгі және қосымша түстерімен
таныстыру керек. Акварель, гуашь бояуының түсімен таныстыру керек,
түстердің ерекшелігіне көңіл бөлдірту, бояумен жұмыс істеуді үйрету жұмысы
жүргізіледі. Бояулар сырына қызығушылықтарын арттыру жұмысы жүргізіледі.
Бояулар сырымен, түрлерімен оқуышыларды өткен сынптарда таныстырып, бірақ
олар әлі бояулар аттарын толық біле бермейді, енді солармен таныстырып,
бірақ, олар әлі білмейтіндерін, естеріне сақтауға тырысуымыз керек. Осындай
түсініктер беріп акварель бояуының түрлерімен жеке-жеке таныстырып гуашь
бояуының жалпы ерекшелігіне тоқталғаннан кейін сабақтың практикалық
бөліміне көшіп, оқушылармен тәжірибелік жаттығулар жасау қажет.
3-сынып оқушыларын заттарға қарап бейнелеуге үйрету. Көкөністің
түрлерін, түстерін, формаларын ескере отырып натюрморт құрауға баулу. Түр,
түс, форма сөздеріне түсініктер беру қажет. Алдын ала қойылған көкөніс
натюрмортын салмас бұрын, оны оқушылармен бірге талдап не себепті қарбызды,
не себепті алмұртты қойғанын немесе асқабақ пен алманы қойғанын түсчіндіру
керек. Мысалы: қарбыздың формасы домалақ, түсі жасыл, ал алмұрттың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұлттық өнердің өзіндік ерекшеліктері
Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі пәнінен дәрістер кешені
Ұлттық өнердің өзіндік ерекшеліктері. Қазақ өнеріндегі оюлардың негізгі атаулары мен түрлері
Еңбекке баулу сабақтарында 3-сынып оқушылардың қазақтың зергерлігі өнерін таныстыруда эстетикалық талғандарын қалыптастыру
Еңбекке баулу сабағында өзіне - өзі қызмет ету еңбегінің ерекшелігі
Болашақ педагогты жеткіншектердің көркемдік мәдениетін қалыптастыруға даярлау
Болашақ мұғалімдерді этнодизайн өнері арқылы көркемдік білім беруге даярлаудың педагогикалық шарттары
Бастауыш сынып оқыту үдерісінде оқушыларды еңбексүйгіштікке тәрбиелеудің педагогикалық негізі
Балаларды бейнелеу өнері арқылы шығармашылық ептіліктерін қалыптастыру
Көркем еңбекке баулудың теориялық негіздері мен практикумы
Пәндер