Бастауыш сыныпта компьютерді қолданып математиканы оқыту нәтижесін бақылау тиімділігін арттыру жолдары



Кіріспе 4

І ТАРАУ. КОМПЬЮТЕРДІ ОҚУ ҮДЕРІСІНДЕ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ. ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ

1.1. Оқыту үдерісінде компьютерді пайдаланудың маңызы 7
1.2. Оқыту үдерісінде компьютердің ролі мен орны 16
1.3. Мұғалімнің оқу.тәрбие жұмысын тиімді ұйымдастыруда ақпараттық технологияларды қолдануы 25

ІІ ТАРАУ. БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА КОМПЬЮТЕРДІ ҚОЛДАНЫП МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУ НӘТИЖЕСІН БАҚЫЛАУ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ

2.1. Бастауыш сыныптарда компьютерді қолданып есептерді шешуде алгоритмді пайдалануға машықтандыру 36
2.2. Бастауыш сыныптарда компьютерді қолдану арқылы математиканы оқытудың нәтижесін бақылаудың тиімділігін жүзеге асыру 46
2.3. Бастауыш сыныптарда тест әдісін қолданып математиканы оқыту нәтижесін бақылаудың тиімділігін арттыру 55


Қорытынды 60

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 61
Зерттеу жұмысының көкейкестілігі. XXI ғасыр компьютерлік қоғамда және өндірістің дамуының негізгі құралы болып компьютерлік ресурстардың қажеттілігі көрінеді. Сондықтан білім беру әлемі де өзінің дамуы үшін жаңа қадамдар жасауда.
Бастауыш мектеп кезеңі үздіксіз білім алу жүйесінің құрамды бөлігі, ол адамның жеке басының дамуының бастапқы кезеңі болып табылады.
Алайда осы бағыттағы ең бір көкейтесті мәселелерінің бірі –дербес компьютерді бастауыш мектепте оқу құралы ретінде пайдаланудың теориялық та, практикалық жақтары жан-жақты зерттелген. Математиканың жеке тақырыптары мен бөлімдерін компьютерді пайдаланып оқыту мәселесін Т.Ж.Байдильдин (алгебра және анализ бастамаларын оқыту тиімділігін арттыруда), Б.Беседин, М.Вахидов, М.Е.Степанов (функцияларды зерттеуде), Ю.А.Дробышев (көпмүшеліктерді оқытып-үйретуде), К.А.Таңатаров (математиканың мектептік курсында қолданбалы есептерді шығаруда), Н.И.Аманжолова (жалпы математиканы оқытуда компьютерлік технологияны қолдану), Р.Б.Бекмолдаева (бағдарлы мектептерде туынды тақырыбын оқытуда), Р.С.Шуақбаева (көпжақтарға берілген есептерді шығаруда), А.Ө.Байдыбекова, Е.А.Вьюшкова (бастауыш сынып математикасын оқытуда) және т.б. ғылыми еңбектерінде негізге алған [1].
Компьютерді оқу үдерісінде және оқудан тысқары жұмыстарда пайдалану – баланың сұранысына жауап беріп, оқытуды мотивациялау және жеке даралаудың мазмұнын терең байытатын, шығармашылық қабілетті дамытатын, қолайлы эмоциялық әсер беретін өте бір бір тиімді тәсіл.
Білім беруде компьютерлік технологияларды пайдалану бүгінгі заман талаптарына сәйкес келеді, бұл жайлы мына фактілер дәлел, 80-жылдарыдың ортасында орта мектептердің оқу жоспарына жаңа пән - «Есептеуіш техникалар мен информатика негіздерін» енгізу біздің еліміздің саяси, әлеуметтік жәнеикалық жағдайлардың өзгеру кезеңіне тура келді. Мектепте информатиканы оқытудың бастапқы базалық кезеңі ретінде оны оныншы сыныптан жетінші сыныпқа ауыстыру және бастауыш сыныптардың оқу үдерісінде дайындық шараны ендіру, қолданыстағы білім беру жүйесін толықтыру қажеттілігі уақыт талабына қарай оған бейімделуді мойындау болып саналады [2 ].
1. Мәлібекова М.С. Жаңа ақпараттық технологияны математика және информатика пәндері байланысында қолданудың педагогикалық негіздері. АКД. –Қарағанды, 1999.
2. Караев Ж.А. Активизация познавательной деятельности учащихся в условиях применения компьютерной технологии обучения. АДД. –А., 1994.
3. Баймаханова Л., Искакова Л.Т. Бастауыш мектепте компьютерді қолданып математиканы оқыту нәтижесін бақылау // Оқу-әдістемелік құрал. -Шымкент, 2008.
4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010-2015 жылдарға арналған бағдарламасы. ҚР Президентінің 2010 жылғы 30 наурыздағы №80 Жарлығымен бекітілген. //Егемен Қазақстан. 2010.
5. Халықова Қ.З. Оқушыны компьютер негізінде дербес оқытудың педагогикалық мүмкіндіктері. -Алматы, 1995.
6. Кеңесбаев С.М. Жоғары педагогикалық білім беруде болашақ мұғалімдерді жаңа ақпараттық технологияларды пайдалана білуге даярлаудың педагогикалық негіздері. АДД. –Түркістан, 2006.
7. Семенова М.В. Педагогические условия формирования профессиональной компетентности будущих педагогов в вузе. АКД. –Караганды, 2005.
8. Бидайбеков Е.Ы. Информатизация образования в Казахстане. –А.: изд. АГУ, 1998.
9. Благов М.В. Формирование готовности студентов к использованию информационных технологий в педагогической деятельности. -Саратов, 2004.
10. Турсынбаев А.З. Особенности формирования готовности будущих учителей к использованию компьютерных технологий для успешной деятельности учащихся. АКД. –Алматы, 2005..
11. Сарбасова Қ.А. Бастауыш сынып мұғалімдерін даярлаудағы жаңа педагогикалық технологиялар. //Бастауыш мектеп. 2004. №2.
12. Жоғары оқу орнында болашақ мұғалімдердің педагогикалық іс-әрекеттерін модельдеу. //Қазақстан жоғары мектебі, №1. 2007.
13. Лапчик П.М. Психолого-педагогические проблемы компьютеризации обучения. –М., 1988.
14. Гершунский Б.С. Компьютеризация в сфере образования: проблемы и перспективы. –М., 1987
15. Әбішева Л.П. ЖОО студенттерінің оқу іс-әрекеттін компьютер көмегімен дараландыру. -Түркістан, 2007.
16. Сарбасова Қ.А. Инновациялық педагогикалық технологиялар негізінде бастауыш сынып мұғалімдерінің даярлығын жетілдіру. АКД, –Қарағанды, 2005.
17. Баймаханова Л. Бастауыш сынып оқушыларының білімін, біліктіліктерін, дағдыларын бақылауда ЭЕМ-сын қолданудың тиімділігі //Бастауыш мектеп. -Алматы, 2008. – №10.
18. Сенцова Т.М. Управление качеством образования на сонове информационных технологий. -М., 2004.
19. ҚР мұғалім даярлаудың үздіксіз педагогикалық білім беру тұжырымдамасы. 2005 жылғы 18 тамыз.
20. Абрамян Г.В. Теоретические основы профессионального становления педагога в информационной среде. АКД, 2002.
21. Пидкасистый П.И., Коротяев Б.И. Организация деятельности ученика на
уроке. –М., 1985.
22. Керімбаев Н.Н. Орта мектепте жоғары сынып оқушыларын физика сабағында компьютерлік оқытудың әдістемлік ерекшеліктері. –Алматы, 2000.
23. Медетбекова Н.Н., Баймаханова Л. Бастауыш мектепте математиканы оқытудың нәтижесін бақылаудың әдісінің маңызы. // III «Сәтбаев оқулары» атты жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференция материалдары. -Павлодар, 2008.
24. Тульбасова Б.Е. Дидактические условия подготовки учителей в институте повышения квалификации к использованию информационных технологий обучения. АКД. –Алматы, 2000.
25. Байжұманов М.Қ., Жапсарбаева Л.Қ. Информатика: ЖОО студенттеріне арналған оқу құралы. –Астана, 2004.
26. Баймаханова Л. Болашақ мұғалімдерді математикалық және ақпарттық модельдеу негізінде даярлау. //Математика және физика. №2(32), 2007.
27. Құсайынов А. Ұстаз биігі: қазіргі заман мұғалімінің кәсіби шеберлігі туралы толғаныс. //Егемен Қазақстан. 2002, 30 тамыз.
28. Бидайбеков Е.Ы., Григорьев С.Г., Гриншкун В.В. Создание и использование образовательных электронных изданий и ресурсов. –Алматы: Білім, 2006
29. Тотикова Т., Баймаханова Л. Есептерді шығару барысында оқушыларды ойлауға үйрету жолдары // «Вестник» Кыргызского национального университета имени Ж.Баласагуна. -Бишкек, 2008.
30. Баймаханова Л. Бастауыш мектеп жасындағы балаларды информатикаға оқыту бағдарламасы. //«Ізденіс». 2008. – №1/2.
31. Оспанов Т.Қ., Құрманалина Ш.Х., Қайыңбаев Ж.Т., Қосанов Б.М., Ерешева К.Ә. Математика. 4-сынып, –Алматы, 2004.
32. Әділов Қ. Мұғалімдер даярлау – уақыт талабы // Ақ жол, 2006, 20 маусым.
33. Сластенин В.А. Формирование профессиональной культуры учителя. -М., 1993.
34. Есбосынов М.Б. Дидактические условия организации дистанционного обучения в средней школе. –Тараз: КАО им.Ы.Алтынсарина, 1999.
35. Байдыбекова А.Ө. Бастауыш сыныптағы математиканы оқытуда компьютерді пайдалану. –Шымкент, 2000.
36. Искакова Л.Т. Медетбекова Н.Н., Баймаханова Л. Бастауыш мектепте математиканы оқытудың нәтижесін бақылау үшін компьютерді қолданудың әдістемелік аспектілері // «Ізденіс» – 2008. – №2.
37. Баймаханова Л. Бастауыш мектепте математиканы оқытудың нәтижесін бақылау ерекшеліктері //«Жастар – Қазақстанның стратегиялық потенциалы» атты жас ғалымдардың және студенттердің республикалық ғылыми-практикалық конференция материалдары. -Талдықорған, 2007.
38. Искакова Л.Т., Баймаханова Л. Обучение информатике детей младшего школьного возраста в условиях общеобразовательного учреждения // (Психолого-педагогические основы профессионального формирования личности в условиях перехода к двухуровневой модели образования» Международная научно-практическая конференция. – Пенза, 2008.
39. Плясунова И.В. Использование компьютерных математических систем в обучении математике студентов специальности «Информатика» педагогических вузов. Ярославль, 2004.
40. Исабек Н.Е. Студенттерді компьютерлік графиканы кәсіби іс-әрекеттерде
пайдалануға даярлау. АКД. –Алматы, 2005.
41 Абдолдинова Г. Тестілік бақылау тәсілдері. //Қазақстан мектебі. №7-8, 2007.
42. Әбілқасымова А. Т.б. Тестілер –оқушылардың зердесін дамыту құралы.
// Информатика, физика, математика. №3 -2005
43.Мұстафаев А. Математикалық тест мазмұны жөнінде. // Математика және
физика. №1- 2005

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 66 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қ.А.ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

САПАРОВА ФАТИМА

БАСТАУЫШ СЫНЫПТА КОМПЬЮТЕРДІ ҚОЛДАНЫП МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУ НӘТИЖЕСІН БАҚЫЛАУ
ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ

5В010200 – Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі

КЕНТАУ, 2012ж.

Тақырыбы: БАСТАУЫШ СЫНЫПТА КОМПЬЮТЕРДІ ҚОЛДАНЫП МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУ
НӘТИЖЕСІН БАҚЫЛАУ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ

Мазмұны

Кіріспе
4

І ТАРАУ. КОМПЬЮТЕРДІ ОҚУ ҮДЕРІСІНДЕ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ

1.1. Оқыту үдерісінде компьютерді пайдаланудың маңызы
7
1.2. Оқыту үдерісінде компьютердің ролі мен орны 16
   1.3. Мұғалімнің оқу-тәрбие жұмысын тиімді ұйымдастыруда
ақпараттық технологияларды қолдануы
25

ІІ ТАРАУ. БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА КОМПЬЮТЕРДІ ҚОЛДАНЫП МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУ
НӘТИЖЕСІН БАҚЫЛАУ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ

2.1. Бастауыш сыныптарда компьютерді қолданып есептерді шешуде
алгоритмді пайдалануға машықтандыру 36
2.2. Бастауыш сыныптарда компьютерді қолдану арқылы математиканы
оқытудың нәтижесін бақылаудың тиімділігін жүзеге асыру
46
2.3. Бастауыш сыныптарда тест әдісін қолданып математиканы оқыту
нәтижесін бақылаудың тиімділігін арттыру 55

Қорытынды 60

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 61

Қосымша 64

КІРІСПЕ

   Зерттеу жұмысының көкейкестілігі. XXI ғасыр компьютерлік қоғамда
және өндірістің дамуының негізгі құралы болып компьютерлік ресурстардың
қажеттілігі көрінеді. Сондықтан білім беру әлемі де өзінің дамуы үшін жаңа
қадамдар жасауда.
Бастауыш мектеп кезеңі үздіксіз білім алу жүйесінің құрамды бөлігі, ол
адамның жеке басының дамуының бастапқы кезеңі болып табылады.
Алайда осы бағыттағы ең бір көкейтесті мәселелерінің бірі –дербес
компьютерді бастауыш мектепте оқу құралы ретінде пайдаланудың
теориялық та, практикалық жақтары жан-жақты зерттелген.    Математиканың
жеке тақырыптары мен бөлімдерін компьютерді пайдаланып оқыту мәселесін
Т.Ж.Байдильдин (алгебра және анализ бастамаларын оқыту тиімділігін
арттыруда), Б.Беседин, М.Вахидов, М.Е.Степанов (функцияларды зерттеуде),
Ю.А.Дробышев (көпмүшеліктерді оқытып-үйретуде), К.А.Таңатаров
(математиканың мектептік курсында қолданбалы есептерді шығаруда),
Н.И.Аманжолова (жалпы математиканы оқытуда компьютерлік технологияны
қолдану), Р.Б.Бекмолдаева (бағдарлы мектептерде туынды тақырыбын оқытуда),
Р.С.Шуақбаева (көпжақтарға берілген есептерді шығаруда), А.Ө.Байдыбекова,
Е.А.Вьюшкова (бастауыш сынып математикасын оқытуда) және т.б. ғылыми
еңбектерінде негізге алған [1].
Компьютерді оқу үдерісінде және оқудан тысқары жұмыстарда пайдалану –
баланың сұранысына жауап беріп, оқытуды мотивациялау және жеке даралаудың
мазмұнын терең байытатын, шығармашылық қабілетті дамытатын, қолайлы
эмоциялық әсер беретін өте бір бір тиімді тәсіл.
Білім беруде компьютерлік технологияларды пайдалану бүгінгі заман
талаптарына сәйкес келеді, бұл жайлы мына фактілер дәлел, 80-жылдарыдың
ортасында орта мектептердің оқу жоспарына жаңа пән - Есептеуіш техникалар
мен информатика негіздерін енгізу біздің еліміздің саяси, әлеуметтік
жәнеикалық жағдайлардың өзгеру кезеңіне тура келді. Мектепте
информатиканы оқытудың бастапқы базалық кезеңі ретінде оны оныншы сыныптан
жетінші сыныпқа ауыстыру және бастауыш сыныптардың оқу үдерісінде дайындық
шараны ендіру, қолданыстағы білім беру жүйесін толықтыру қажеттілігі уақыт
талабына қарай оған бейімделуді мойындау болып саналады [2 ].
    Бастауыш мектептер үшін компьютерлік технологиялар саласында қажетті
білім деңгейін жетік меңгерген педагогтардың қажетті санын дайындау
педагогикалық жоғары оқу орындары үшін қиын соғуда. Математикадан есептер
шығаруға үйрету сапасын басқару үшін біріншіден істің жай күйін білу қажет.
Мұндай білімді бақылаудың әр түрін өткізу жолымен жүзеге асыруға болады.
Оқушылар білімін сапалы бақылау – бұл бақылау тапсырмаларын қалыптастыру
және тексеру бойынша маңызы көп қыруар  жұмыстардың жүргізілуі себебінен
қиындатылған жүйелілік бақылау. Автоматтандырылған бақылау жүйелері оқушы
мен ЭЕМ аралығында жүретін диалогпен іс жүзіне асырылатын жаңа ұғынумен
бірге қарапайым біліктілік пен жұмысқа дағдыландыруда оқытушы еңбектерін
елеулі түрде жеңілдетуге мүмкіндік береді.
    Белгілі қазақстандық ғалым Л.Т.Искакованың зерттеу жұмысы мектепте
математиканы оқытудың нәтижесін әр деңгейлі жеке-дараланған тапсырмалар
жүйесін қолданудың негізінде, оның тиімділігін арттырудың ғылыми-
әдістемелік негізіне арналған. А.Б.Медешованың еңбегінде бастауыш сынып
оқушыларының икемділігін компьютерлік технологияны қолдану арқылы дамытудың
педагогикалық шарттары қарастырылған.
    Компьютердің бастауыш мектепте математиканы оқыту нәтижесін
бақылаудағы тиімділігіне қарамай, оның мектеп тәжірибесінде қолданулылығы
айтарлықтай емес. Оған көптеген себептер, соның ішінде аса назар аударып
айтатыны, компьютерді бастауыш мектепте математиканы оқыту нәтижесін
бақылауда қолданудың ғылыми-әдістемелік туралы зерттеулердің жеткіліксіз
болуы, біздің зерттеу жұмысымыздың көкейкестілігін көрсетеді [3 ].
Сонымен, қазіргі бастауыш мектептегі математиканы оқытудың барысында
компьютерді оқытудың нәтижесін бақылауда қолданып, оқытудың тиімділігін
арттыру мен оның ғылыми-әдістемелік негізінің жасалмауының арасында қарама-
қайшылық туындап отыр.
Осыған орай, компьютердің мүмкіншіліктерін пайдалана отырып, бастауыш
сыныпта компьютерді қолданып математиканы оқыту нәтижесін бақылау
тиімділігін арттыру жолдары деп дипломдық жұмыстың тақырыбын таңдауыма
негіз болды.
    Зерттеу мақсаты: Бастауыш сыныпта компьютерді қолданып математиканы
оқыту нәтижесін бақылау тиімділігін арттыру жолдарын теориялық тұрғыдан
анықтау.
Зерттеудің нысаны: Бастауыш сыныпта математиканы оқыту үдерісі.
Зерттеу пәні: Бастауыш сыныпта компьютерді қолданып математиканы
оқыту нәтижесін бақылау тиімділігін арттыру жолдары.
    Зерттеудің ғылыми болжамы: Егер бастауыш мектепте математиканы
оқытудың нәтижесін бақылауда компьютердің мүмкіндіктерін пайдаланса, онда
бақылаудың тиімділігі артып, оқыту сапасы жақсарады, өйткені, бұл жағдайда
мұғалімнің бақылауды жүргізудегі жұмысы жеңілденіп, тексеру дер кезінде
жүргізіліп, оқушылардың оқуға деген жауапкершілігі артады.
   Қойылған зерттеу мақсатына жету мен тексеру үшін зерттеу жұмысының
төмендегідей міндеттерін  шешу қажет болды:
- Компьютерді оқу үдерісінде пайдаланудың психологиялық-
педагогикалық мәселелерін қарастыру;
-   Мұғалімнің оқу-тәрбие жұмысын тиімді ұйымдастыруда ақпараттық
технологияларды қолдануын айқындау;
. - Бастауыш сыныптарда компьютерді қолданып есептерді шешуде
алгоритмді пайдалануға машықтандыру;
- Бастауыш сыныптарда компьютерді қолдану арқылы математиканы
оқытудың нәтижесін бақылаудың тиімділігін жүзеге асыру.

    Зерттеу әдістері: Зерттеу тақырыбының мазмұнына қатысты философиялық
педагогикалық, психологиялық, және әдістемелік еңбектермен танысу және
талдау жасау; бастауыш мектеп бағдарламаларына, математика оқулықтарына,
есептер жинағына дидактикалық материалдар және оқу құралдарына зерттеу
мәселесі тұрғысынан талдау жасау; бастауыш сыныптарда математиканы оқыту
үдерісін бақылау, бақылау жұмыстарын жүргізу, тексеру және талдау жасап,
қорытындылау; зерттеу мәселесіне сәйкес жүргізілген жеке өз тәжірибесін
талдап, одан қорытынды жасау.
    Зерттеудің жетекші идеясы: Математиканы оқытудың нәтижелерін
бақылауда компьютерді қолдану арқылы бастауыш сынып оқушыларының
математикалық білімді меңгеру сапасын арттыруға, жалпылама оқу іскерліктері
мен дағдыларын қалыптастыруға,  математикалық білімді саналы түрде
меңгертуге, есептерді шығара білу, өзін-өзі бақылау, бағалау,  оқулықпен
жұмыс жасай білу және т.б. іскерліктерін қалыптастыруға, өзіндік-танымдық
белсенділіктерін арттыруға болады.
    Зерттеудің әдістемелік және теориялық негіздері:   Таным, білім, жеке
тұлға және оның іс-әрекеті, ақыл-ой,  ойлау құндылықтары туралы
философиялық, психологиялық, педагогикалық теориялар мен тұжырымдамалар,
білім сапасы және оны арттырудағы бақылаудың алатын рөлі мен атқаратын
қызметі туралы теориялар. Компьютердің оқу сапасын арттырудағы
мүмкіндіктерін анықтайтын ілімдер. Қазақстан Республикасының Білім туралы
заңы, Қазақстан Республикасының жалпы орта білім берудің мемлекеттік
жалпыға міндетті стандарттары, бастауыш мектептің пәндік оқу
бағдарламалары, білімді ақпараттандыру концепциясы, педагог және әдіскер
ғалымдардың зерттеу мәселесіне қатысты іргелі еңбектері.
Диплом жұмысы кіріспе, 2 тарау, 5 бөлім, қорытынды және қосымша,
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І ТАРАУ. КОМПЬЮТЕРДІ ОҚУ ҮДЕРІСІНДЕ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
1.1. Оқыту үдерісінде компьютерді пайдаланудың маңызы

Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында: Білім беру жүйесінің
басты міндеті- ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика
жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға
бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; оқытудың жаңа
технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық
коммуникациялық желілерге шығу - деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту
міндеттерін көздейді. Бұл міндеттерді шешу үшін, әрбір білім беру
мекемедегі ұжымының, әрбір мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы, барлық
жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа практикаға,
жаңа қарым-қатынасқа өту қажеттігі туындайды [4 ].
Қазіргі кездегі жоғары білім беру қоғам талаптарын қанағаттандырудың
бірнеше жүйелерін қарастырады, яғни ғылымды, білімді және өндірісті
интеграциялау түрі ретінде ғылыми оқу-өндірістік кешендер құру; оқытуды
және студент еңбегін дараландыру, білім беруді ізгілендіру; оқытушылардың
кәсіби даярлығына жоғары талап қою, жоғары оқу орнында болашақ мұғалімдерді
даярлау мен олардың кәсіби деңгейін көтеруде педагогикалық мұғалімдерді
жаңа технологиялар негізінде көтеру. Мұндай үдеріс әлемнің түрлі елдерде
өздерінің ұлттық ерекшеліктеріне, экономикалық жағдайына, білім беру
жүйесінің дәстүрлеріне қарай әртүрлі деңгейде көрініс тапқан.
Жеке тұлғаны жан-жақты дамыту шеңберінде білім берудің мақсаты мен
мәнінің өзгеруі білім беру технологиясы деп алатын жаңа ұғымның пайда
болуына ықпал етті. Бұл ұғымның мәнін білім беру үдерісін өздігінше
дамытатын жүйе деп түсінуге болады, онда білім алушылардың қызметі жетекші
фактор болып табылып, оқыту мұғалім мен білім алушының субьектаралық өзара
әрекетін қарастыратын және олардың мүмкіндіктерін қамтамасыз ететін
рефлексиялық басқару ретінде көрінеді.
Оқыту, білім беру тәжірибесі педагогикалық үдерістің сапасын үнемі
арттырып отыруды талап етеді. Сол себепті педагогикалық үрдісті
технологияландыру мәселесі маңызды болып саналады.
Қазіргі компьютерлік қоғамда өндірістің дамуының негізгі құралы болып
компьютерлік ресурстардың қажеттілігі көрінеді. Сондықтан білім беру саласы
да өзінің дамуы үшін жаңа қадамдарға баруда. Осыған байланысты адамға
ақпараттар кеңістігінде дұрыс бағытты таңдауға мүмкіндік жасай алатын
оқытудың жаңа технологиялары пайда болуда.
Жаңа компьютерлік технологиямен орындалатын қызмет өзінің кез келген
нақты формасында тиімдірек орындалады, адам өркениетті бола бастайды.
Ұрпақ үшін кітаптың маңызы қандай болса, компьютер де оқушы үшін
қоршаған әлемді танудың табиғи құралы болып табылады. Олай болса, барлық
сабақтарды компьютерлердің қуаттануымен жүргізуді үйрену – бүгінгі күннің
кезек күттірмейтін өзекті мәселелерінің бірі.
Соңғы жылдары білім беру аясы жүйесінде компьютерлік техниканы
пайдалану белсенді түрде жүзеге асырылуда. Білім беру жүйесіндегі жаңа
компьютерлік технология дегеніміз – оқу және оқу-әдістемелік материалдар
жинағы, оқу қызметіндегі есептеуіш техниканың техникалық құралдары, олардың
ролі мен орны туралы ғылыми білімнің жүйесін және оқытушылар еңбектерін
жүзеге асыру үшін оларды қолдану формалары мен әдістері деген анықтама
беруге болады. Яғни, компьютерлік технология – білім беру мекемесі
мамандарының жұмысын жүзеге асырушы әдістер мен формалар және балаларға
білім беруші құрал.
Компьютерлік технология қызметінің құралы ретінде жаңа компьютерлік
технологияның компьютерлік құралдары қолданылып жүр, алайда заман талабына
сай компьютерлік техниканың дамып жетілуіне байланысты ғылыми сипаттағы
компьютерлік бағдарламаларды жасау керек және ол оқушының іс әрекетінің
интеллектуалды құрылысымен сәйкес келуі тиіс [5 ].
Педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерде оқытуда компьютерлік
технологияларды пайдаланудың бірнеше бағыттары көрсетілген, солардың ішінде
мектептегі оқу практикасында қажеттілерінің негізгілері мыналар: компьютер
- оқушы білімін бағалау құралы; компьютерлік модельдеуді қолданатын
зертханалық практикум; мультимедиа-технология, жаңа материалды
түсіндірудегі иллюстрациялық құрал; дербес компьютер, білім жетілдіру
құралы.
Мұғалім жұмысы оқушы білімін бағалау үшін алатын тақырыптық
тестерден көрінеді. Тест көзі мультимедиа компакт-дискілер немесе интернет
желісі болуы мүмкін.
Қазіргі кездегі компьютерлік технологиялар оқу материалдарын
иллюстрация жасау кезінде (мысалы анимациялы слайд-фильмдер) қолданылады.
Бұл оқу үрдісін қозғалыста бейнелеуге мүмкіндік береді. Компьютердің
көмегімен дыбыстық және бейнефрагменттерді де демонстрация жасауға болады.
    Балалардың ЭЕМ ерте жастан бастап танысуының тиімділігі оқушыларды
компьютерлік қоғамдағы өмірге дайындау қажеттілігі болып табылады. Бұл
міндетті шешу информатика негіздерін игеруді бірнеше сатыға бөлу және
компьютерлік мәдениетті алғашқы болып бастауыш сыныптардағы пропедевтикалық
курс ретінде мектептегі оқу үдерісіне енгізу. Бастапқы буын педагогтары
өзінің технологиялық дайынсыздығы себебінен оқу үрдісін информатика
пропедевтикасы аспектісінде оқу пәндерінің сапалы ұйымдастыра алмайды.
Қазіргі заманғы компьютерлік технологияларды пайдалану өз білімін
көтеру тиімділігін де арттырады. Бұл бірінші кезекте сандық түрде жазылған
ақпараттарды пайдалану кезінде қажетті мәліметтерді оңай табуға мүмкіндік
береді. Қазіргі кезде көптеген әлемге танымал энциклопедиялар, сөздіктер
электронды түрге айналдырылған.
Оқу үрдісінде компьютерлік техниканы қолданудағы қиыншылықтар көбіне
мұғалімнің дербес компьютерді дидактикалық құрал ретінде қабылдауына дайын
екендігіне байланысты.
Қазіргі кезде компьютердің көмегімен тек белгілі бір аудиторияларда
ғана емес, сонымен бірге қашықтан оқыту үрдісі де дамып келе жатыр. Ол үшін
Интернет желісіне қосылған компьютер керек. Қашықтан оқыту кезінде
тапсырманы және онымен бірге ұсынылған оқулықтарды қарап отырып білім
алғысы келетін адам өзі ізденіп, жауаптарын салып жібереді. Немесе
бірлескен телеконференцияларға қатысады. Оқытудың бұл түрі анағұрлым арзан,
әрі қалаған уақытыңда оқуыңа, тапсырмаларды орындауыңа мүмкіндік береді.
Ғылым мен техниканың қарқынды дамуы және әлеуметтік экономикалық өзгерістер
жас ұрпақты тәрбиелеуге жаңаша көзқараспен қарауды талап етуде. Бұл әрбір
адамның психикалық, жеке тұлғалық қасиеттерін дамытуға мүмкіндік беретін
жаңа жағдайлар құруды қажет етеді.
Осыған байланысты қазіргі педагогика ғылымы оқушылардан          
белгілі бір білім жүйесін терең меңгеруін талап етіп қана қоймастан,
олардың әрқайсысының шығармашылық қабілетін дамытуды талап етіп отыр.
Мұндай әлеуметтік сұранысты педагогикалық тұрғыдан қамтамасыз ету оқу
үдерісін компьютерлендіру арқылы шешуге болатындығын мектеп тәжірибесі
көрсетуде. Сондықтан да оқыту жүйесін компьютерлендіру қазіргі кезде білім
беруді жетілдірудің негізгі бағыттарының біріне айналды.
Дегенмен бастауыш мектепте алгоритмдік бейімділікті қалыптастырып
оқыту оқушылардың жалпы оқу іс-әрекетіне және дамуына әсері
қарастырылмаған. Бастауыш сыныпта дербес компьютерді қолданып математиканы
оқыту нәтижесін бақылау тиімділігін арттыру жолдарын қарастыруға арналған
әдістемелік құралдар сирек кездеседі. Сонымен бастауыш сыныпта оқыту
тиімділігін арттыруда, оқу іс-әрекеті мен дамуына алгоритмдік
бейімділікті қалыптастырудың айтарлықтай мүмкіндігінің бар болуы мен
оның дидактикалық және әдістемелік жағынан қамтамасыз етілмеу
салдарынан жеткілікті дәрежеде қолданыс таппай отырғандығы арасында
қарама-қайшылық пайда болды [6 ].
Егер бастауыш мектеп математика пәнін оқытудың әдістемелік
жүйесіндегі алгоритмдеудің ролі анықталса, ұстаздар оны күнделікті
оқу үдерісінде тиімді пайдаланып отырса, оны нәтижелі пайдаланудың
шарттары белгіленсе, онда бастауыш сыныпта алгоритмдік бейімділікті
қалыптастырудың дидактикалық әдістемелік жағынан қамтамасыз ету жүзеге
асырылады
Мұндағы компьютерді оқыту құралы ретінде пайдаланудың педагогикалық
тиімділігін негіздеуде мүмкіндік беретін екінші бағыттың маңызы ерекше.
Компьютерді мектептегі кейбір пәндерді (математика, физика, еңбек және
т.б.) оқытуда және математикалық, физикалық, химиялық құбылыстарды
модельдеуге қолдануға  болады.
Қазіргі уақытта компьютерді ақпараттану және есептеу техникасы
негіздері пәнін оқыту үдерісінде қолдануда ғана емес,  басқа да пәндерді
оқытуда пайдаланудың жақсы нәтижелер беретіндігін дәлелдейтін біршама
еңбектер, диссертациялық зерттеулер бар.
Көрсетілген мәселенің теориялық жағы И.В.Апатова, В.С.Гершунский,
В.А.Кальней, А.П.Ершов,  А.А.Кузнецов, В.М.Монахов, И.В.Роберт,
Н.Ф.Талызина және тағы басқа зерттеушілердің еңбектерінде қарастырылған.
Мектеп курсының жекеленген тақырыптары немесе тарауларын компьютерді
қолданып оқыту да кеңінен қарастырылған.
С.Рахтың (орыс тілінің кейбір тақырыптарын оқытуда компьютерді
пайдалану), В.А.Кальнейдің еңбек пәнін оқытуда компьютерді оқытудың
техникалық құралы ретінде қолдану [7 ].
Компьютерді оқу құрал-жабдығы ретінде пайдалану зерттеулерінде,
көрнекіліктің тиімділігін арттыру, дерексіз математикалық ұғымдарды
меңгеруді жеңілдету, оқу іс- әрекеттерін жекелендіру арқылы оқушылардың
белсенділігін арттыру т.б. мәселелерді нәтижелі шешуге болатындығы
көрсетілген.
Қазақстандағы жалпы білім беретін мектепке ақпараттандыруды енгізуде
және компьютерді оқу-құрал жабдығы ретінде пайдалану мәселесімен 
Ж.А.Қараев және оның шәкірттерінің еңбектері үлкен роль атқаруда.
Компьютерлік техниканы оқу құрал-жабдықтар кешеніндегі басты буынның
бірі ретінде қарастырып зерттеу мектепте білім беру педагогикасы мен
әдістемесінің теориялық негіздерін дамыту және мұғалімдердің практикалық іс-
әрекетіндегі маңызды әлеуметтік- педагогикалық мәнге ие болатын негізгі бір
мәселе болып табылады.
Бастауыш мектеп — орта мектептің алғашқы баспалдағы. Бастауыш мектеп
математика пәнін оқытудың теориясы мен әдістемесін жетілдіруге Ресейде
М.И.Моро, А.М.Пышкало, Н.А.Менчинская, т.б. Қазақстанда Т.Оспанова,
Ж.Қайыңбаев, К.Ерешова және т.б. ғалым-әдіскерлер үлкен үлестерін қосуда.
Бастауыш мектептегі оқу-құрал жабдықтар кешеніне дербес компьютерді
кірістіру мәселесінің маңызы да ерекше. Оның өзіндік себебі де жеткілікті.
Қазіргі кезде балалардың көпшілігі ерте бастан-ақ компьтерлік ойын ойнап,
микроүдерісорлы электронды ойыншықтармен етене таныса бастайды.
Сондықтан бастауыш мектепте компьютерлік техника оқу құрал жабдықтар
кешенінің бірі ретінде пайдалану мүмкіндіктерін қарастыру кезінде
балалардың өмірлік тәжірибесін, олардың даму ерекшеліктерінің
психологиялық, педагогикалық заңдылықтарын ескере отырып оны байыта түсу,
оқыту кезеңдерінің сабақтастығын қамтамасыз ету шарттарын зерттеудің
маңыздылығы арта түседі.
Соңғы кезде Ресей ғалымдары А.А.Кузнецов пен А.М.Пышкалоның
басшылығымен төменгі сыныптардағы математика пәнін оқытуда компьютерлік
техниканы оқыту құралы ретінде пайдалануға байланысты зерттеу жұмыстары
қарқынды жүргізілуде [8 ].
Дербес компьютерді бастауыш мектепте оқу құралы ретінде пайдаланудың
теориялық және практикалық та жақтары жан-жақты зерттеліп жеткілікті
дәрежеде толық шешімін таба қойған жоқ. Біздер бастауыш мектеп математика
пәнін оқыту тиімділігін арттыру құралы ретінде дербес компьютерді
пайдаланудың айтарлықтай мүмкіндігінің бар болуы және оның дидактикалық
мүмкіндіктерін пайдалануды іздестірдік.
Ұрпақ тәрбиесін жаңа құндылықтар негізінде жетілдіру қоғам алдында
тұрған ауқымды істердің бірі, сол себепті де мектептерде, оның ішінде
бастауыш мектептерде математиканы оқытуды жаңа көзқарастар негізінде талдау
- кезек күттірмейтін іс.
    Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға
міндетті стандартында математика пәнін оқытудың мақсаты: ...практикалық
қызметте пайдалануға, іргелес пәндерді оқып үйренуге білім алуды
жалғастыруға қажетті нақты математикалық білімді меңгерту, – деп
анықтайды. Жалпы білім беретін мектептерде математикадан сапалы білім беру
мәселесі Қазақстанда А.Е.Әбілқасымова, Б.Баймұханов, М.Е.Есмұқан,
А.Көбесов, Ә.К.Қағазбаева, А.М.Мүбәраков, Д.Рахымбек, О.Сатыбалдиев және
басқалар, Тәуелсіз Мемлекеттер Достығы елдерінде И.Б.Бекбоев, В.А.Гусев,
В.А.Далингер, Ж.Икрамов, А.И.Мордкович, В.А.Оганесян және басқалар
тарапынан зерттелген. Бастауыш мектепте математиканы оқыту ерекшеліктері
Ә.Б.Ақпаева, Ж.Т.Қайыңбаев, М.И.Моро, Т.Қ.Оспанов, А.М.Пышкало және т.б.
ғалымдардың еңбектерінде қарастырылған.
    Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2010-2015 жылдарға
арналған Мемлекеттік бағдарламасында қоғамдағы қазіргі кездегі қайта
құрулар, экономиканы дамытудағы жаңа стратегиялық бағдарлар, қоғамның
ашықтығы, оның жедел ақпараттануы мен қарқынды дамуы білім беруге қойылатын
талаптарды түбегейлі өзгертеді делінген .
    Қоғамды ақпараттандыру мәселесіне, оның негізгі белгілері мен
сипаттамаларын анықтауға В.Г.Афанасьев және т.б. философтардың,
В.В.Давыдов, Г.Е.Журавлев, Е.И.Машбиц сынды психологтардың,
С.И.Архангельский, Е.Ы.Бидайбеков, Ж.А.Қараев және т.б. педагогтардың
еңбектері арналған. О.П.Таркаев, А.В.Иващенко, В.К.Цонева, В.П.Пустовойтов
зерттеулерінде компьютерлік техниканы пайдаланудың  дидактикалық және
педагогикалық шарттары анықталған. Компьютерлік технологиялардың оқыту
үдерісіне тигізер әсерінің психологиялық-педагогикалық негізі
Б.С.Гершунский, В.М.Монахов, В.А.Новиков, А.Я.Савельев, Н.Ф.Талызина және
т.б. ғалымдардың еңбектерінде зерттелінсе, жалпыға бірдей компьютерлік
сауаттылық, оның мәні, оқыту мазмұны Я.Ваграменский, С.Гримм, А.П.Ершов,
Г.Б.Кочетков және басқа ғалымдардың еңбектерінде келтірілген [9 ].
Оқыту жүйесін компьютерлендіруді жедел қарқынмен жүзеге асыру мынадай
қоғамдық-әлеуметтік мәселелерді шешумен ұштасады:
1. Ғылыми — техникалық және өндірістік — технологиялық мәселелерді
шешуге қабілетті, шаруашылықтың кез келген саласында күрделі компьютерлік
техниканы пайдаланып қызмет істей алатын білімді және кәсіптік деңгейі
жоғары мамандарға деген сұранысты қанағаттандыру.
2. Білім беру жүйесінің деңгейі мен арнайы кәсіби мамандық берілуіне
тәуелсіз ақпарат құралдары мен компьютерлік техниканы сапалы түрде
пайдалана алатын оқушыларды дайындаудың жалпылық сипатта болуын қамтамасыз
ету.
3. Оқу-тәрбие үдерісінің сапасын жетілдіру, оны басқару тиімділігін
арттыру, оқу-педагогикалық зерттеу жұмыстарын жандандыру мен оның
нәтижелерін педагогикалық практикаға енгізуге байланысты білім беру
жүйесінің ішкі сұранысының артуы.
Қазіргі кездегі оқу жүйесінде компьютерлік техника негізінен төрт
бағытта:
1) компьютерлік техника ақпараттануды оқып-үйрену құралы;
2) компьютер - оқыту құралы;
3) компьютер - педагогикалық басқару жүйесінің бір саласы;
4) компьютер- ғылыми-зерттеу және педагогикалық іс-әрекеттің құрамды
бөлігі ретінде пайдаланылуда.
Қазіргі өмір талабына сай компьютерлік сауаттылықты жылдам дамыта
отырып, педагогикалық, психологиялық әдістемелік бастапқы дайындықты
қалыптастырмайынша, балалар өз білім деңгейін көтере алмайды. Сол себепті
информатика пәнін бастауыш сыныптан бастап енгізу қажеттілігі туындайды.
Бастауыш сынып оқушыларына информатика мен жаңа компьютерлік технология
элементтерін енгізудің қажет екендігі зерттеу жұмыстары арқылы толық
жүргізіліп, оқыту әдістемелері жан жақты қарастырылады. Атап айтатын
болсақ, отандық және шет елдік зерттеулермен таныса отырып, алдымен
теориялық материалдар жиналады, кейін осы жиналған материалдарға қатысты
бағдарлама жасалды осы жасаған бағдарламаға сәйкес жазылған әрбір
тақырыпқа тереңнен талдау жасалады. Ол үшін алдымен бастауыш мектептерге
арналған әр түрлі басылымдағы педагогикалық – психологиялық теорияға
негізделген көзқарастарды, мектептегі тәжірибелі мамандар бастауыш сынып
мұғалімдерінің көзқарастарын есепке ала отырып,т осы мақсатта жүргізілген
ата-аналар пікірі мен экспериментар жұмыстың қорытындысын қолдана отырып 1
сыныптан бастап мектеп оқушыларына информатика пәні бойынша өткізілетін
сабақтардың жылдық күнтізбелік – тақырыптық жоспарының үлгісі жасалды.
Оқушылар информатика пәнін жеңіл және тез меңгеруде, олардың қазіргі
өмір ағымына деген көзқарастарының жан-жақты жоғары дәрежеде дамуына
байланысты, енді информатика пәнін тіпті 1-ші сыныптан бастап енгізуге
болады деген пікірлер ұсынылуда.
Информатикалық қоғамда балаларды жұмыс істеуге дайындау үшін алдымен
логикалық ойлауға, талдау жасай білуге, өзара қарым – қатнасқа үйрету
керек. Психологтардың айтуы бойынша, баланың негізгі логикалық ойлауы 5-11
жаста қалыптасады [ 10].
Жаңа компьютерлік технологияның жылдан жылға кең құлаш жайып дамуы
адам қызметінің барлық салаларына енуіне орай, жас ұрпақты компьютерлік
техниканы пайдалану үшін даярлауда, олардың компьютерлерге деген оң
көзқарасын қалыптастырумен қатар, оқушылардың сыныпта және сыныптан тыс оқу
қызметін компьютер арқылы ұйымдастыру Қазақстан 2030 бағдарламасында
көрсетілгендей көкейкесті мәселелердің бірі. Бұл мәселелер бойынша
тәжірибелер жинақталуда. Қазірден бастап балаларды кішкентайынан өздерін
қоршаған ортамен жан-жақты таныстыру, олардың логикалық ой өрісін
шығармашылық жағынан дамыту, сөйлеу және жүріс – тұрыс мәдениеттілігін
арттыру, оларды компьютер әлеміне баулу бүгінгі күннің басты талабына
айналып отыр. Осы мәселелердің әр-түрлі жолдары қарастырылып, басқа шет
мемлекеттердің оқу іс тәжірибелерін оқып, үйрене отырып:
- Бастауыш мектепте оқытылатын сабақтарда компьютерді жиі пайдалану;
- Бастауыш сыныптан бастап жүйелі түрде информатика пәнін оқыту;
- Мектептерде балаларға арналған информатика үйірмелерін
ұйымдастыру арқылы жүргізуге болатынына көз жеткізуде.
Ал жоғарыда көрсетілген әдістердің барлығы бір бірімен ұштастырылса,
жас жеткіншектердің компьютерлік сауатты, әрі компьютерлік мәдениетті болып
өсуіне жол ашады.
Ғылым мен техниканың жылдан жылға кең өріс алып, жедел қарқынмен
дамуы, білімнің негізі болып табылатын – бастауыш мектепке де өз әсерін
тигізуде. Сондықтан бастауыш білім жүйесіне басты мақсат - әрбір оқушыны
информатика ғылымының алғашқы фундаментальді білім негіздерімен таныстыру,
өз бетімен жұмысын арттыру мен шығармашылық қабілеттерін дамытуда жаңа
компьютерлік технологияны пайдалану және оның тиімді әдістемесін ұсыну.
Сонымен қатар, оларды информатика пәнін мектепте оқытатын басқа пәндермен
үйлестіре отырып түпкілікті және саналы түрде меңгеруге қажетті
дағдылармен қамтамасыз ету болып табылады.
Жаңа компьютерлік технологияның басты тиімділігі – бұл мұғалімге
бастауыштағы оқу үдерісінің құрылымын түбегейлі өзгерту, оқытудағы
пәнаралық байланысты күшейте отырып, оқушылардың дүниетанымын кеңейтуге
және жеке қабілеттерін көре біліп, оны дамытуға толық жағдай жасауы.
Сонымен қатар, жаңа компьютерлік технологияның негізгі ерекшелігі – бұл
оқушыларға өз бетімен немесе бірлескен түрде шығармашылық жұмыспен
шұғылдануға, ізденуге, өз жұмысының нәтижесін көріп, өз- өзіне сын көзбен
қарауына және жеткен жеңістіктерінен ләззат алуға мүмкіндік беруі.
Информатика пәні 2-сыныптан бастап енгізілгенімен, оны әртүрлі
әдістермен оқытып, осы пәнге деген бала қызығушылығын арттыратын түрлі
оқыту бағдарламалары, әсіресе қазақ мектептері үшін өте тапшы. Сондықтан
бастауыш сынып оқушыларына информатика сабағын жүргізудің тиімді жолдарын
қарастырып, оны нақты материалдармен теориялық және практикалық жағынан
байыта түсу – бүгінгі күннің өзекті мәселесі.
Информатика пәнінің пропедевтикалық курсын бастауыш сыныптан бастап
оқытуға болатындығы және оның тиімділігі дүниежүзілік тәрбие негізінде
дәлелденіп отыр.
Ғалымдардың, практик – мұғалімдердің пікірінше, бұл курсты бастауыш
сыныптарда оқытуға негіз болатын факторлар мыналар:
- бастауыш мектеп оқушысын компьютерлік қоғамға бейімдеу;
- ерте жастан балалардың компьютерлік ойлау қабілетін дамыту;
- бастауыш мектеп оқушыларының компьютерлік мәдениетін қалыптастыра
отырып, әлемдік компьютерлік білім кеңістігіне даярлау.
Ресей ғылымдарының соңғы зерттеулеріне сүйенсек бастауыш сыныптағы
информатиканың пропедевтикалық курсының негізгі бағыттары төмендегідей:
-Қолданушылық: мұнда оқушылар компьютермен алғаш танысып, оқу,
ойындық және бастауыштағы пәндер мазмұнына құралған жаттықтырушы
бағдарламалар негізінде компьютерлік сауаттылықтары қалыптасады. Бұл
бағытты қолданушылардың пікірінше, баланың компьютерлік сауаттылықты
меңгеруі – бұл сабақта және сабақтан тыс кезде компьютерді өз қажетіне
қарай еркін пайдалана білуі, сондай ақ техникаға сауатты ұқыпты қарауы.
Қолданушылық бағыттары пропедивтикалық информатиканы меңгеру нәтижесінде
оқушыларда төмендегідей білім мен іскерлік қалыптасуы тиіс:
- оқу ойын бағдарламалары мен жұмыс істей білу;
- бағдарламамен жұмыс істеу кезінде бағдарламалық құжаттарды
пайдалану;
Ақпаратты - логикалық. Бұл бағыт бойынша оқыту біріншіден,
оқушылардың қоршаған ортаның элементтерін танып, оларды ажырата білу
қабілеттерін дамытса, екіншіден, ойлау, есте сақтау қабілеттерімен қатар
байқағыштығын зейінін, берілген тапсырманы орындаудың оңтайлы, тиімді
жолдарын таба білу қабілетінің дамуына әсері мол. Психологтардың
зерттеуінше, ойлаудың логикалық құрылымының негіздері 5-11 жас аралығында
қалыптасады. Сондықтанда алгоритмдік даму қабілеттерін барынша ерте жастан
қалыптастыру қажеттігі өзінен-өзі туындайды [11].
Шығармашылық бағыт бойынша оқытудың жаңа әдіс – тәсілдерін қолдану
арқылы баланың кішкентай кезінен дүниеге өзіндік көзқарастарының
қалыптасуына жол ашу, үздіксіз білім алуға дайындаудың тиімді жолдарын
іздестіру. Басты мақсаты – оқушы зерттеуші есебінде.
Ғaлымдардың зерттеулері бойынша, оқу үдерісінің тиімділігін арттыруда
компьютерлік технологиялардың рөлі зор. Бүгінгі күні психологтар мен
педагогтар оқу үдерісінің тиімділігін арттырудың негізгі тәсілі ретінде
төмендегі шарттарды ұсынады.:
-Проблемалық оқытуды қолдану;
-Алгоритмдік оқыту;
-Оқытуды ақпараттандыру;
-Пәнаралық кіріктіру.
Информатика пәні баланың техника құлағында ойлап отырған өз
замандастарынан кем болмауы үшін қажет. Кез келген пәнді үйретудің
әдістемелік негізі 5 компоненттен тұрады. Олар: мақсат, мазмұн, әдістер,
қажетті құрал жабдықпен оқыту формасы. Информатика үшін қазір әдістерінің
жолдары жаңаруда.
Бастауыш сыныптарда информатика курсының мақсатын төмендегідей
сипаттауға болады:
1. Компьютерлік сауат ашудың бастау негізі;
2. Ойды логикалы түрде дамыту;
3. Алгоритмдік білімді жетілдіру мен мақсатты шешудегі жүйелілік;
4. Компьютерді үйренудің оңай жолдарын іздеу.
Бастауыш сыныптарда бала үшін оқудың негізгі саласы ойын болып
табылады. Ойын және ойын жағдайлары баланың жан-жақты ой-өрісінің дамуына
да, тәрбиесіне де әсер етеді. Сонымен бірге әртүрлі педагогикалық
мәселелерді шешуге көмектеседі.
Бастауыш мектептің оқу үдерісінде компьютерді қолдану оқушының
денсаулығы мен психикасына тікелей әсер етеді, сондықтан сабақта
компьютерді қолданарда дидактикалық, тәрбиелік, психологиялық және гигиено-
эргономикалық талаптарды ескеру қажет.
Бастауыш мектепте компьютерді қолданудың маңызы жайлы төмендегідей
тұжырым жасауға болады:
-компьютерлік технологиялардың мүмкіндіктері, балалардың мектепке
дейінгі жастан бастап компьютерге ойын құралы ретінде үлкен қызығушылықпен
қарауы, олардың сапалы оқуы мен дамуына толық мүмкіндік береді;
-қазіргі уақытта шетел және отандық мектептерде компьютерді бастауыш
мект ептерде пайдалану ауқымының кеңейе түсу үдерісі байқалады. Жаңа
педагогикалық жүйелер жасалуда, компьютермен жұмыс істеудің санитарлық-
гигиеналық нормалары анықталып, үй және қашықтықтан оқу тәсілінде жаңа
мүмкіндіктер ашылуда. Оқу мазмұнының қолданбалы компонентінің рөлі артып
келеді;
-компьютерлік технологияны бастауыш сыныпта пайдаланудың өзіне тән
ерекшелігі –сабақты ойын үлгісінде жүргізу;

1.2. Оқыту үдерісінде компьютердің ролі мен орны

Ғылым мен техниканың қарқынды дамуы және әлеуметтік экономикалық
өзгерістер жас ұрпақты тәрбиелеуге жаңаша көзқараспен қарауды талап етуде.
Бұл әрбір адамның психикалық, жеке тұлғалық қасиеттерін дамытуға мүмкіндік
беретін жаңа жағдайлар құруды қажет етеді.
Осыған байланысты қазіргі педагогика ғылымы оқушылардан          
белгілі бір білім жүйесін терең меңгеруін талап етіп қана қоймастан,
олардың әрқайсысының шығармашылық қабілетін дамытуды талап етіп отыр.
Мұндай әлеуметтік сұранысты педагогикалық тұрғыдан қамтамасыз ету оқу
үрдісін компьютерлендіру арқылы шешуге болатындығын мектеп тәжірибесі
көрсетуде. Сондықтан да оқыту жүйесін компьютерлендіру қазіргі кезде білім
беруді жетілдірудің негізгі бағыттарының біріне айналды.
Оқыту жүйесін компьютерлендіруді жедел қарқынмен жүзеге асыру мынадай
қоғамдық-әлеуметтік мәселелерді шешумен ұштасады:
Компьютерлік – қатынастық технологиялардың біздің өмірімізге етене
енуі, білім беру жүйесін ұйымдастыруға жаңаша көзқарасты талап етеді,
компьютерлік қоғам талабына сай, компьютерлік технологияның соңғы
жетістіктерін пайдалана білетін білімді, жан-жақты дамыған ұрпақ
тәрбиелеуді қажет етеді.
   XXI ғасыр компьютерлік қоғамда және өндірістің дамуының негізгі
құралы болып компьютерлік ресурстардың қажеттілігі көрінеді. Сондықтан
білім беру әлемі де өзінің дамуы үшін жаңа қадамдар жасауда.
Компьютерлік технологияны оқу үдерісінде қолдану мектептегі оқу-тәрбие
үдерісінің көптеген аспектілеріне елеулі ықпалын тигізері өз-өзінен
түсінікті. Оқытуды компьютерлендіру оқу жұмысын белсендірудің аса қуатты
құралы болатындығы анық.
Компьютерлік технологияны оқу үдерісін белсендіру құралы ретінде
пайдалану, оқуға даралық сипат беру және мұғалімнің педагогткалық
қызметінде оқушыларды басқарумен байланысты таусылмайтын ауыр жұмысын
атоматтандыру болып табылады [ 12].
Бастауыш мектеп кезеңі үздіксіз білім алу жүйесінің құрамды бөлігі, ол
адамның жеке басының дамуының бастапқы кезеңі болып табылады.
Алайда осы бағыттағы ең бір көкейтесті мәселелерінің бірі
–дербес компьютерді бастауыш мектепте оқу құралы ретінде
пайдаланудың теориялық та, практикалық жақтары жан-жақты зерттелген.
Дегенмен бастауыш мектепте алгоритмдік бейімділікті қалыптастырып
оқыту оқушылардың жалпы оқу іс-әрекетіне және дамуына әсері
қарастырылмаған. Бастауыш сыныпта математика пәнін оқытуда дербес
комьютерді оқу құралы ретінде пайдалануға арналған әдістемелік құралдар
сирек кездеседі. Сонымен бастауыш сыныпта оқыту тиімділігін арттыруда
, оқу іс-әрекеті мен дамуына алгоритмдік бейімділікті
қалыптастырудың айтарлықтай мүмкіндігінің бар болуы мен оның
дидактикалық және әдістемелік жағынан қамтамасыз етілмеу салдарынан
жеткілікті дәрежеде қолданыс таппай отырғандығы арасында қарама-
қайшылық пайда болды.
Егер бастауыш мектеп математика пәнін оқытудың әдістемелік
жүйесіндегі алгоритмдеудің ролі анықталса ,ұстаздар оны күнделікті
оқу үдерісінде тиімді пайдаланып отырса, оны нәтижелі пайдаланудың
шарттары белгіленсе, онда бастауыш сыныпта алгоритмдік бейімділікті
қалыптастырудың дидактикалық әдістемелік жағынан қамтамасыз ету жүзеге
асырылады
Оқу үдерісін жетілдіруді көздеген Ю.К.Бабанский, М.Н.Скаткин,
В.В.Краевскийлер оқушылардың оқу үдерісі кезіндегі білімдерін бақылаудың
орны мен маңызын анықтады, бақылау әдістеріне қатысты оптимальды мәселелер
қарастырылып, оқыту тиімділігін теориялық негіздеу қажеттілігі туралы
мәселе көтерген. В.К.Дьяченко, М.К.Махмутовтар бақылауды оқыту әдістерінің
жалпы жүйесінде қарастырғандықтан да оның оқыту функциясы ашыла түскен,
осының өзі негізгі функциялары оқыту нәтижелерін анықтау және тексеру
екендігін байқатқан.
Бастауыш мектептердегі оқудың сипаттық ерекшелігі болып оқушылар ең
алғашқы күннен бастап меңгеруге кірісетін ақпарат көлемінің күрт өсуі болып
саналады. Бұл олардың көпшілігінде ақпаратты саналау мен есте сақтауда
едәуір қиындықтар туғызады. Өйткені, бастауыш мектеп оқушыларында адаптация
– жағдайға бейімделу барысы мүлдем баяу, ал меңгеретін ақпарат өте тез
ұлғаюда. Сондықтан да осы кезеңдегі педагогика ғылымының ең бір басты
мәселесі оқыту процесінің тиімділігінің арттыру есебінен материалды
меңгерудің жалпы уақытын қысқарту, оқыту үрдісіне жаңа көзқарас, “мектеп
пәнінің бір түріне кіретін әрбір ғылым пәнінің “моделін” балалардың ойлау
жүйесінде құрастыру проблемасына алдын ала әзірліктер жасау”.
(В.В.Давыдов). Оқушыларының ақпарат тасқынының салмағының қалыпты көтеруі
үшін оларды ақыл-ой әрекетінің: заңдылықты іздеу, ұқсастық бойынша ойлау,
объект пен түсінік арасындағы иерархиялық тәуелділікті табу, теңеу,
жалпыны тауып, жекені ажырату, логикалық тұжырым құру секілді әдіс-
тәсілдеріне баулыған жөн. Осы тапсырмаларды шешу үшін бастауыш мектеп
тәжірибесінде компьютерлік технологияларды табыспен қолданылып келеді.
Мектеп жасындағы кішкентайлардың дамуы үшін компьютерді қолдануды бұрыннан
белгілі мысалының бірі – Массачусет технологиялық институтында (АҚШ)
С.Пеперт жұмысы болып саналады. Оның басшылығымен 1968 жылдан Ж.Пиаженің
теориялық концепциясы негізінде балалардың интеллектульді қабілетін дамыту
бойынша соның ішінде мектеп жасындағы және мектепке дейінгі балаларды да
қоса, зерттеу жүргізіледі [ 13].
Жұмыс негізіне екі идея алынды:
• интеллектуалдік дамудағы маңызды өзгеріс, тек мәдіниеттілікті өзгерту
арқылы ғана мүмкін.
• мәдениеттілікті неғұрлым өзгертетін жақын арадағы сенімді жол
компьютерді мектеп тәжірибесінде жедел қарқынмен қолданысқа енгізу.
Мұнда: “біріншіден, әр түрлі мақсатта қойылған тапсырмалар қай
сыныптарда табыспен жүруі мүмкіндігін анықтау, екіншіден, компьютермен
жұмыс істеуі шектеулі және информатикамен есептеуіш техникадан әзірлігі өте
төмен мұғалімдермен қол жеткізген табыстарын бағалау болатын”.
Компьютерлік технологияның қаулап өсуі мен компьютерлік қоғамның
қалыптасуы, өркениетті елдердегідей сияқты біздің республикамызда да
информатикалық мәдениетті қалыптастыру талабы туындады. Осыған орай, енді
тек оқушылардың қазіргі заманғы компьютерлік технологияны меңгеруі ғана
емес, өмірге жаңа көзқарас, ойлау стилін қалыптастыру, жаңа қоғамның
адекватты талаптары туындады.
Біздің қоғамды ақпараттандыру концепциясына сәйкес, информатиканы
оқытудың бастапқы базалық кезеңі бастауыш сыныптарға түсірді. Былай ету
себебі, бұл мектеп білімін ақпараттандырудан бөлек, информатикалық білім
мен іскерлікті басқа да оқулық пәндерінде, бұрыңғыдан ерте кезеңде кең әрі
ұтымды пайдалану мақсатында көздеді. Біріншіден, осы жастағы балаларды
информатикағы оқытудың ол тәжірибесі біздің республикамызда да шет елдерде
де дамыды. Екіншіден, информатика – ойлауды дамыту, оқушыларда ғылыми
өмірлік көзқарас қалыптастыру үшін оқыту тап осы жастағы топтарда барынша
игі жемісін беріп отырғаны белгілі болды.
Информатиканы ерте жастан оқыту үшін пропедевтикалық кезең (2-4
сыныптар) ұсынылады. Оның негізгі міндеті – оқушыларды компьютермен алғашқы
таныстыру, оқулық ойындық бағдарламаларды, қарапайым компьютерлік
құрылғыларды пайдалану үдерісінде компьютерлік мәдениетті алғашқы
элементтерін қалыптастыру. Бұл міндеттерді шешу – жоғарғы сынып оқушыларын
алдағы уақытта компьютерді қолдану деңгейін тереңдете, келесі табыстарға
қол жеткізудің алғашқы әзірлік-дайындықтарын жасауға мүмкіндік береді,
оларды жаңа компьютерлік қоғам өміріне дайындайды [14].
Осылайша, информатиканы оқытудың базалық бастапқы кезеңін бастауыш
сыныптардың оқу процесіне дайындық кезеңді ендіру, қазіргі қолданыстағы
білім жүйесін толықтыру қажеттігін оны уақыт талабына сай адаптациядан
өткізу қажеттігін мойындатудың белгісі. Мұндай “төмен сырғу” (пәнді
неғұрлым кіші сыныптарда оқыту) білім саласында жиі болып тұрады және оны
жетілдіру әдістерінің бірі болып саналады. Информатика бастауыш мектептерде
жаппай оқыту, компьютерлік оқыту технологиясын қолдану, отандық мектептің
мүмкіндігіне орай жарасым жасау, актуальдік проблеманың бәріне айналып
келеді. Бүгінгі күндері бастауыш сыныптарды компьютерлік технологиямен
оқыту Ресейдің әр түрлі аймақтарында жүйелі түрде жүзеге асуда, оқушының ой-
өрісін жетілдірумен қатар кейбір жеке пәндерді тереңдете оқыту
информатиканың теориялық негізі алгоритмдерді игеру және бағдарлама жасау
құралы ретінде кеңінен пайдаланылуда. Солардың ішіндегі неғұрлым белгілісі
мен сынақтан өткенін белгілеп “Компьютерлік мәдениет”,
Бұл бағдарламаның көпшілін тек Ресейде ғана емес, көптеген шет
елдерде де, соның ішінде АҚШ-та, Франияда,Ұлыбританияда т.б. елдерінде
пайдалана алатын болды. Осы ойындардың көпшілігі кейінірек “Компьютерлік
мәдениет ендірілді. Ал курстың негізгі міндеті - оқушының операциялық
ойлау стилін қалыптастыру, өз қызметін жоспарлай алу қабілеті, түрлі
компьютерлік модульдерді жобалап құру қазіргі заманғы техникалық құралды
өмірде, тұрмыста, шығармашылықта қолдану. Курстың бастауыш мектеп үшін
сипатты ерекшелігі пәнаралық компьютерлік байланыстарда тілді және
математиканы оқыту барысында пайдалану. Осы тапсырманы орындау үшін курсты
төменгі сыныптарда басқа да пәндерді беретін мұғалім жүргізуі тиіс.
Сондықтан да курс жан-жақты әрі терең әдіскерлік оқулықтармен жабдықталған.

Бірінші сынып үшін курстың негізгі мазмұны : “Тышқанмен жұмыс істеуді
үйрену, тура және кері санаққа , сандар құрамына және қарапайым
арифметикаға жаттығу, мұғалім оқулығынан өзге, оқушы үшін”, “Компьютер –
сенің досың” аттыкітапша да бар.
Екінші сыныптық мазмұны алғаш рет көптеген заңдылықтар мен қағидалар,
жиын туралы түсінік, классификация және құрастыру туралы мағлұмат береді.
Үшінші сыныпта қаралып талқыланатын мәселе команда және алгоритм ұғымдары.
Оқушы үшін арнайы оқу кітабы қарастырылған.
Төртінші сыныптағы негізгі мазмұн – заңдылықтарды тану мен
алгоритмдерді зерттеу, құрама тапсырмаларды шешу,орындаушыларды үйрету
сияқты математикалық есептердің элементтері де қарастырылған.
Қарастырылған бастауыш мектепке арналған компьютерлік технология талдауынан
байқалғандай қалыптасқан оқу мазмұны көзқарас тұрғысынан екі жетекші
компонентті бөліп қарауды қажет етеді. Олардың біріншісі – информатикалық,
түп мақсаты оқушылардың ойлау қызметінің құрылымын жасауға жалпы көзқарас
қалыптастыру болып саналатын, адам мен қоғам өміріндегі информатикалық
үдерістердің маңызын ұғыну, компьютерлік технологияны машықтық қабілетті
дамытушы құрал ретінде оқып үйрену керек. Оқытудың екінші компоненті,
оқушылардың олар мектеп пәндерін математиканы, жаратылыстануды т.б. “Оқу
қызметінде жаңа технологияны пайдалану” болып саналады [15 ].
Осы екі компоненттің екеуі де қоғамның қазіргі талабына жауап береді
және білім саласын ақпараттандыруды, ақпарат бойынша білім стандартының
талабына жауап беретін компьютерлік мәдениеттің қалыптасуын қамтамасыз
етеді.
Компьютерлік технологияны мектепте қолданудың актуальді бола түсуі,
олардың мектептегі мәндерді оқытқанда пайдалану да болып отыр.осылайша,
информатиканы оқыту мақсатын түсінуге жаңа көзқарас қалыптастыру оның
жалпы білімді меңгерушілік функциясын, оның оқудың жарпы мәселесін шешудегі
әлеуметтік мүмкіншіліктерін, оқушыларды тәрбиелеу мен дамыту қасиеттерін
бөле қараумен байланысты .
1. Қазіргі заманғы компьютерлердің техникалық мүмкіндіктері, балалардың
мектепке дейінгі жастан бастап, компьютерге ойын құралы ретінде үлкен
қызығушылықпен қарап, олардың сапалы оқуы мен дамуына толық мүмкіндік
береді.
2. Қазіргі уақытта шетел және отандық мектептерде компьютерлік
технологияларды бастауыш мектептерде пайдалану ауқымының кеңейе түсу
үрдісі байқалады. Жаңа бағдарламалық-педагогикалық жүйелер жасалуда,,
компьютермен жұмыс істеудің санитарлық-гигиеналық нормалары анықталып,
үй және қашықтан оқу тәсілінде жаңа мүмкіндіктер ашылды.
3. Оқу мазмұнының қолданбалы компонентінің рөлі артып келеді. Негізінен
пәнаралық белсенді байланыстарға негізделген теориялық біліммен
салыстырғанда негізінен информатиканы ғылым ретінде оқытуға
бағытталған.
4. Компьютерлік технологияны бастауыш мектепте қолданудың өзіне тән
ерекшелігі, сабақты жүргізудің ойындық үлгісі.
Бастауыш мектептерде компьютерлік технологияны пайдалану процесін
одан әрі дамыту үшін аса көңіл бөліп қарайтын бір мәселе, осыған сай
компьютерлік педагогикалық құрал жасау, бұл қалыптасқан жағдайда, яғни осы
саладағы оқытушылардың нашар дайындығын ескеріп компьютерді балаларды оқыту
мен дамыту ісінде тиімді пайдалануға жағдай жасайды.
Осындай құрал түзуде басты мәселе баланың сұранымдарына
бағытталып, оның танымдық мотивтер жүзеге асырып, сабаққа деген
қызығушылығын тудыру керек.
Мектепте математика мен информатиканы интеграциялап оқыту
нәтижесінде күтілетін нәтижелерді анықтауда негізгі бағдарға алынады және
олардың “Математика” білім саласы бойынша түйінді және пәндік
компентацияларда анықтауда басты рөл атқарады. Себебі олардың мазмұны
мектепте математиканы оқытуда көзделетін мақсатпен атқарылатын міндеттердің
мазмұнымен өзектесіп жатыр.
Күтілетін нәтижелер барынша маңызды білм, дағдыларды қатынастарды ғана
бейнелеп қоймай, оқушылардың оқу жетістіктерін біртіндеп динамикасын
көрсетеді.
Ғалымдардың пікірінше, қазіргі мектепте информатика курсының оқытылуы
дүниежүзілік педагогикалық практикада бұрын соңды болмаған құбылыс деуге
болады. әдетте, ғылыми пәннің мктепке кейіннен бастап, оның жалпы білім
берудегі маңызды толық түсінуіне дейін кем дегенде бірнеше онжылдықтар
өтеді – бұл уақыт ішінде ғылыми аппараты тұрақтанып, пәннің методикасы мен
жалпы әдістемелік тәсілдері қалыптасады. Ал информатикалық пән есебінде
мектепке енуінен бастап өте жылдам іске асып жатқаны белгілі.
Қазіргі өскелең өмір математика мен информатиканы интеграциялап оқыту
мектепке жылдам енуімен қатар ол пәннен берілетін білім сапасын
жетілдірудіде талап етеді.
Есептеу техникасы құралдары және бұрыңғы үйреншікті тәсілдерді пайдалану
жолымен де оқушылар біліміне бақылауды қатар жүргізу оқу процесіне мынадай
ерекшеліктері арқылы жүргізіледі :
• оқушының негізгі білімдер мен дағдыларды бірінші деңгейде меңгеруі;
• компьютерлік тексеру бағдарламаларын оқушылардың алған білімдердің
белгілі бір бөлігін алдын ала тексеру үшін және балалардың ойлау
қабілетін материалды игерудің бірінші-үшінші деңгейлерде пайдалану;
• оқушылардың білімдері мен дағдыларының қалыптасу үдерісін алдын ала
тексеру нәтижесі бойынша материалды игерудің екінші-төртінші деңгейлерін
ағымдағы бақылаумен қатар жүргізу;
• материалды игерудің төртінші деңгейінде қорытынды бақылау жүргізу.
Компьютерден оқушыға керекті материалдарды беріп белгілі кезекпен
оның орындайтын тапсырмалары анықтап, дұрыс шығарылғанын тексеріп, қажетті
көмекті де беріп отырады. Мұнда оқыту ісі мұғалімнің қатысуынсыз
интерактивті режимде жүргізіледі, оқытушы тек праграммада қарастырылған
жағдайлар кездескенде немес оқушының тапқан шешімі ерекші болған сәттерде
ғана жұмысқа араласады.
Екінші типте компьютер тек бақылау үшін қолданылады. Мұнда
компьютерлер мұғалімге оқу процесін басқаруға көмектеседі: оқушылардың
бақылау жұмыстарын орындау нәтижелерін – жіберген қателері мен оны
орындауға жұмсаған уақыттарын көрсетіп отырады. Осындай мәліметтер
жинақталады да, компьютерлер бір есепті әр оқушының қалай шығарғанын
салыстыруға мүмкіндік береді немесе бір оқушының бірсыпыра уақыт кезеңінде
көрсеткен білім деңгейін анықтайды. Ол және де кейбір оқушыларға нақты бір
материалдарды беру, бермеу жайлы ұсыныстар енгізуге көмектеседі. Әдетте
компьютерді пайдалансақ бұл тәсіліі әрбір оқушыны жеке компьютермен
қамтамасыз ете алмаған кездерде қолданылады да, ол кәдімгі оқу үдерісінде
оқулықтарға, басқа құралдарға қосымша мүмкіндік рөлін атқарады [ 16 ].
    Е.А.Перовский бақылаудың тексеру деп аталатын функциясының мәнін
атап көрсетеді. Автор функциялардың өзара байланысын айта келе, тексерудің
басты мақсатына сай негізгі функцияны көрсетеді. Осылайша, егер тексерудің
мақсаты – білімді меңгеру, оның сапасын анықтау және бекіту болып табылса,
онда алдыңғы орынға оқыту функциясы шығады, егер тексеру мақсаты –
оқушылардың ойлау қызметін белсендіру болып табылса, онда бірінші кезекте
дамыту функциясы және т.с.с. жүзеге асады. Бақылау әдісінің мағынасы
оқыту, дамыту, тәрбиелеу мақсаттарына жетуді көздеуден жатыр.
Дидактикалық және әдістемелік әдебиеттерде бақылау термині тек оқыту
нәтижелерін тексеруге байланысты емес, сонымен бірге оқытудағы таным
үдерісінде мақсатқа жеткізуші әдістемелік тәсіл ретінде де қолданылады.
    Бақылау термині оқу үдерісінің зерттелетін бөлімінің ерекшелігін
айқындай түседі, оның негізгі мақсаты – білім нәтижесін көрсету. Бақылаудың
негізгі функциялары оқыту үдерісінің осы бөлігінің негізгі мақсаттарымен
сәйкес келеді. Кері байланыс деп оқушылардың сол немесе басқа оқу
материалдарын қабылдау дәрежесі туралы кері ақпаратты алу деп жиі
түсінеді. Алайда оқу үдерісін алшақ басқару жүйесінде мұндай кері
ақпаратты алу берілген жағдайда бақылау деп атауға болатын кері байланыс
әдістемесінің тек бір бөлігі ғана болып табылады. Алшақ басқарудың
классикалық мысалы – бұл білімді қорытынды бақылау. Мұндай бақылаудың
мәліметтерін пайдалана отырып, оқытушы болашақта, сөзсіз оқу үдерісін
түзетіп, оған қажетті өзгертулерді енгізе алады, бірақ оқушылардың дайындық
сапасына елеулі әсер бере алмайды.
    Оқушының бақылау құрылғысымен жұмыс жасау кезінде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш мектепте тест әдісін қолданып математиканы оқыту нәтижесін бақылаудың тиімділігін арттыру әдістемесі
Бастауыш мектепте ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолданып математиканы оқыту нәтижесін бақылаудың тиімділігін арттыру әдістемесі
Бастауыш мектепте оқыту процесінде ойын технологиясын өткізу мен ұйымдастырудың маңызы мен кейбір ерекшеліктері
ІІ БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУДА КОМПЬЮТЕРДІ ҚОЛДАНУ
Бастауыш мектепте математиканы оқыту ерекшеліктері
Бастауыш сыныпта математика сабақтарында оқушылардың білім деңгейін арттырудағы мұғалімнің іс-әрекеттері
Бастауыш сыныптарда математиканы оқытуда компьютерді қолдану
«Бастауыш сынып оқушыларының математика пәніне қызығушылығын ақпараттық технологиялар негізінде арттыру»
Компьютерді бастауыш сыныпта математиканы оқыту құралы ретінде пайдаланудың әдістемесі
Математика мен информатиканы интеграциялап оқыту мүмкіндіктерін анықтау
Пәндер