Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамытудың педагогикалық шарттары



КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Зерттеудің көкейтестілігі. ХХІ ғасырда жаңа білім беру парадигмаларының енуіне байланысты күрделі тапсырмаларды шешуге қабілетті, өнімді ойлау мен белсенді қиялдауға бейім шығармашыл тұлға дамыту талабы өсе түсуде. Қазіргі кезде қоғамдағы қарқынды өзгерістер жыл сайын жаңа өмір салтын құруда. Осыған орай, әрбір адам бұл өзгерістерді дұрыс қабылдап, тиісінше, өз шығармашылық әлеуетін үнемі белсендіріп отыруы тиіс.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында білім беру жүйесінің жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған рөлі атап көрсетілсе, осы Заңның 41-бабында: «педагог қызметкерлер оқушылардың мемлекеттік білім беру стандартында көзделген деңгейден төмен емес білім, білік, дағды алуын қамтамасыз етуге, жеке шығармашылық қабілеттерінің дамуы үшін жағдай жасауға міндетті» делінген.
Ұзақ жылдар бойы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту проблемасы түрлі ғылым салалары – философия, педагогика, психология, лингвистика т.б. өкілдерінің назарын аударып келеді. Бұл қазіргі қоғамның жаңа проблемаларды қоя білетін, сапалы шешімдер қабылдауға қабілетті, игерген білімін үнемі іске асыруға ұмтылатын белсенді тұлғаларға мұқтаждығының күн санап өсуіне байланысты. Себебі бүгінгі күні талант пен шығармашылық дарындылық – экономикалық өркендеу кепілі.
Қазіргі таңда жалпы білім беретін мектептердің дамуында жағымды өзгерістер және оқыту мен тәрбиелеу ісінің ұтымды жақтары ашылып жатқанымен, оқушылардың жеке басының шығармашылық жақтарына терең үңіле бермейміз.
Адамның шығармашылық іс-әрекетінің бүкіл тіршілік көзі ретінде адам баласының сөйлей бастаған кезінен бастап, бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктері шығармашылықтың нәтижесі екендігі, әр жаңа ұрпақ өзіне дейінгі ұрпақтың қол жеткен жетістіктерін меңгеріп қана қоймай, өз іс-әрекетінде сол жетістіктерді жаңа жағдайға бейімдей, жетілдіре отырып, барлық салада таңғажайып табыстарға қол жеткізудегі орны философия, психология, педагогика ғылымдарында қарастырылған: Шығыс ойшылдары әл-Фараби, Ж.Баласағұн және қазақ ойшылы А.Құнанбаев, философтар Ғ.Есім, Д.Кішібеков, Ә.Нысанбаев, М.Орынбеков еңбектерінен кең орын алған. Сонымен бірге шетел философтары Платон, Гегель, И.Фихте, Декарт, Д.Дьюи, И.Кант, Г.Лейбниц, Б.С.Гершунский және т.б. еңбектерінде жан-жақты талданған.
Педагогика және әдістеме саласы бойынша оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мәселелерін Ж.А.Қараев, С.Қ.Қалиев, Ш.Т.Таубаева, К.Ж.Қожахметова, К.Оразыханова, Б.А.Тұрғынбаева, М.М.Жанпейісова, Ә.С.Әмірова, К.М.Нағымжанова, Д.Н.Исабаева және т.б. зерттеген.
Бастауыш мектеп оқушыларының оқу іс-әрекеті мен оқудан тыс уақытындағы іс-әрекетінде шығармашылық қабілетін дамыту өскелең буынға тәлім-тәрбие берудегі күрделі психологиялық әрекет болып табылады. Шығармашылық қабілеттің дамуы оқушылардың интеллектісін дамытумен байланысты екендігін негізге ала отырып, оқу үдерісін тиімді ұйымдастырудың, іс-әрекет субъектісінің шығармашылық сапалық ерекшеліктерінің, сабақ кезінде және сабақтан тыс кездерінде диагностикалық және шығармашылық тапсырмаларды ұтымды қолданудың мәні зор.
Қазіргі кезде мектептердегі білімдер жүйесінен дағдарыс кезеңдерін көруге болады. Мұның мәні – оқыту әдіс-тәсілдерінің жеткіліксіздігі немесе мектеп өмірін басқаша ұйымдастыру емес. Бүгінгі күннің негізгі талабы – білімді адамды әлемнің бүтіндей бейнесін қабылдай алатын, шығармашылық таныммен тікелей қатынас жасай алатын, жаңаша ойлай алатын шығармашыл адамға айналдыру.
1. Кішібеков Д., Сыдықов Ұ. Философия. – Алматы: Ғылым, 1994. – 360 б.
2. Педагогикалық және жасерекшелік психологиясы. Ред. басқ. А.В.Петровский. - Алматы, 1987. – 271 б.
3. Байжұманова Б.И. Бастауыш мектеп оқушыларының танымдық қабілетін дамыту. // Қазақстан мектебі. - 1999. - №2. - 4-5 бб.
4. Хайдарова С. Оқушының шығармашылығын дамыту. // Бастауыш мектеп. – 1997. - №4. – 15-16 бб.
5. Сабиров Т. Оқушылардың оқу белсенділігін арттыру жолдары. - Алматы, 1978. – 344 б.
6. Тұрғынбаева Б.А. Кіші жастағы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту. – Алматы, 1997. – 212 б.
7. Нағымжанова Қ.М. Креативтілік феноменінің педагогика және психологияда дамуы. // Білім.- №5 – 2006 – 10 б.
8. Кішібаева Д., Сихынбаева А. Оқушыларды шығармашылыққа баулуда белсенділігін, қызығушылығын арттыру жолдары. // Бастауыш мектеп. - №3. – 2009. – 13 б.
9. Тұрғынбаева Б.А. Бастауыш сынып оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту: канд. дисс. автореф. – Алматы, 1998. – 401 б.
10. Guilford J. The nature of human inteligece. - N.Y., 1967. – 119 р.
11. Орақова А.Ш. Оқу процесінде оқушылардың шығармашылығын дамытудың педагогикалық шарттары: канд. дисс. автореф. – Алматы, 2006. – 30 б.
12. Қадірова Б.Н. Оқушылардың шығармашылық әрекетін дамыту – ғылыми-педагогикалық проблема. // Білім-Образование. – 2004. - №2. – 16-20 бб.
13. Жанатбекова Н. Шығармашылық қабілеттілік – даму негізі. // Қазақстан мектебі. – 2006. - №2. – 15-17 бб.
14. Әмірова Ә.С. Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық іс-әрекетін қалыптастыру. – Алматы, 2009. – 52 б.
15. Кубасова О.В. Развитие воссождающего воображения на уроках чтения. // Начальная школа. – 1991. - №9. – С. 14-16.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
ӘОЖ 37.01:37.036.5:373.3 Қолжазба
құқығында

САРТАЕВА НАЗГУЛЬ ТАШКЕНБАЕВНА

Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамытудың
педагогикалық шарттары

6М010200 - Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығы бойынша
педагогика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесiн алу үшiн
дайындалған диссертацияның
РЕФЕРАТЫ

Қызылорда 2012 ж.
Жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемелекеттік университетінің
Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі кафедрасында орындалды.

Ғылыми жетекші: педагогика
ғылымдарының

кандидаты, доцент

М.К.Жайлауова

Ресми оппонент: педагогика
ғылымдарының

кандидаты, доцент

Ә.С.Боранбаев

Диссертация 2012 жылдың ___ маусымында сағат ____ Қорқыт Ата
атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Музыка-педагогикалық
факультетінде (мекен-жайы: 120014, Қызылорда қаласы, Төле би, 36 А, №7 оқу
ғимараты, №____ дәрісхана) қорғалады.

Диссертациямен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік
университетінің ғылыми-техникалық кітапханасында танысуға болады.
КІРІСПЕ

Зерттеудің көкейтестілігі. ХХІ ғасырда жаңа білім беру
парадигмаларының енуіне байланысты күрделі тапсырмаларды шешуге қабілетті,
өнімді ойлау мен белсенді қиялдауға бейім шығармашыл тұлға дамыту талабы
өсе түсуде. Қазіргі кезде қоғамдағы қарқынды өзгерістер жыл сайын жаңа өмір
салтын құруда. Осыған орай, әрбір адам бұл өзгерістерді дұрыс қабылдап,
тиісінше, өз шығармашылық әлеуетін үнемі белсендіріп отыруы тиіс.
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында білім беру жүйесінің
жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған рөлі
атап көрсетілсе, осы Заңның 41-бабында: педагог қызметкерлер оқушылардың
мемлекеттік білім беру стандартында көзделген деңгейден төмен емес білім,
білік, дағды алуын қамтамасыз етуге, жеке шығармашылық қабілеттерінің дамуы
үшін жағдай жасауға міндетті делінген.
Ұзақ жылдар бойы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту
проблемасы түрлі ғылым салалары – философия, педагогика, психология,
лингвистика т.б. өкілдерінің назарын аударып келеді. Бұл қазіргі қоғамның
жаңа проблемаларды қоя білетін, сапалы шешімдер қабылдауға қабілетті,
игерген білімін үнемі іске асыруға ұмтылатын белсенді тұлғаларға
мұқтаждығының күн санап өсуіне байланысты. Себебі бүгінгі күні талант пен
шығармашылық дарындылық – экономикалық өркендеу кепілі.
Қазіргі таңда жалпы білім беретін мектептердің дамуында жағымды
өзгерістер және оқыту мен тәрбиелеу ісінің ұтымды жақтары ашылып
жатқанымен, оқушылардың жеке басының шығармашылық жақтарына терең үңіле
бермейміз.
Адамның шығармашылық іс-әрекетінің бүкіл тіршілік көзі ретінде адам
баласының сөйлей бастаған кезінен бастап, бүгінгі күнге дейін жеткен
жетістіктері шығармашылықтың нәтижесі екендігі, әр жаңа ұрпақ өзіне дейінгі
ұрпақтың қол жеткен жетістіктерін меңгеріп қана қоймай, өз іс-әрекетінде
сол жетістіктерді жаңа жағдайға бейімдей, жетілдіре отырып, барлық салада
таңғажайып табыстарға қол жеткізудегі орны философия, психология,
педагогика ғылымдарында қарастырылған: Шығыс ойшылдары әл-Фараби,
Ж.Баласағұн және қазақ ойшылы А.Құнанбаев, философтар Ғ.Есім, Д.Кішібеков,
Ә.Нысанбаев, М.Орынбеков еңбектерінен кең орын алған. Сонымен бірге шетел
философтары Платон, Гегель, И.Фихте, Декарт, Д.Дьюи, И.Кант, Г.Лейбниц,
Б.С.Гершунский және т.б. еңбектерінде жан-жақты талданған.
Педагогика және әдістеме саласы бойынша оқушылардың шығармашылық
қабілеттерін дамыту мәселелерін Ж.А.Қараев, С.Қ.Қалиев, Ш.Т.Таубаева,
К.Ж.Қожахметова, К.Оразыханова, Б.А.Тұрғынбаева, М.М.Жанпейісова,
Ә.С.Әмірова, К.М.Нағымжанова, Д.Н.Исабаева және т.б. зерттеген.
Бастауыш мектеп оқушыларының оқу іс-әрекеті мен оқудан тыс уақытындағы
іс-әрекетінде шығармашылық қабілетін дамыту өскелең буынға тәлім-тәрбие
берудегі күрделі психологиялық әрекет болып табылады. Шығармашылық
қабілеттің дамуы оқушылардың интеллектісін дамытумен байланысты екендігін
негізге ала отырып, оқу үдерісін тиімді ұйымдастырудың, іс-әрекет
субъектісінің шығармашылық сапалық ерекшеліктерінің, сабақ кезінде және
сабақтан тыс кездерінде диагностикалық және шығармашылық тапсырмаларды
ұтымды қолданудың мәні зор.
Қазіргі кезде мектептердегі білімдер жүйесінен дағдарыс кезеңдерін
көруге болады. Мұның мәні – оқыту әдіс-тәсілдерінің жеткіліксіздігі немесе
мектеп өмірін басқаша ұйымдастыру емес. Бүгінгі күннің негізгі талабы –
білімді адамды әлемнің бүтіндей бейнесін қабылдай алатын, шығармашылық
таныммен тікелей қатынас жасай алатын, жаңаша ойлай алатын шығармашыл
адамға айналдыру.
Бастауыш сынып оқушыларында әлемнің көп бейнелі жақтарын шығармашылық
таным негізінде қабылдай алу қабілетін дамыту қажет. Осының негізінде
интеллектуалды, креативті (шығармашылық қабілетті) ұрпақты тәрбиелеп оқыту
педагогикалық психологияның маңызды мәселелерінің бірі деп білеміз.
Педагогикалық психология тұрғысынан шығармашылық іс-әрекетті зерттеу, соның
бір тарауы шығармашылық қабілет мәселесі - аса маңызды сұрақтардың бірі.
Әрбір жеке адамның шығармашылық қабілетінің дамуының жоғары жетістігі
тек сол адамның ғана жеке басының даму көрсеткішіне ғана емес, бұл қоғам
дамуына да, өркендеуіне де едәуір әсер етеді.
Біз зерттеу жұмысымызда бастауыш мектеп кезеңін алып отырған
себебіміз, жеке адамның шығармашыл тұлға ретінде дамуына бұл кезеңнің мәні
зор. Бастауыш мектеп кезеңі – тұлғаның шығармашылық әлеуетінің
дамуына ең қолайлы жас кезеңі. Бұл жас кезеңіне мыналар тән:
-барлық үдерістердің өту белсенділігі;
-рефлексия мен сынның аз көрінуі, баланың жаңа әлеуметтік топтарға енуі,
мотивация мен өзін-өзі танудың дамуы;
-ересек адамның бағалауының қажеттілігі;
-қиял еркіндігі, сезімталдық;
-жаңа әсер алуға ұмтылу.
Бастауыш мектеп оқушыларының шығармашылық қабілетінің дамуы оқу
барысын дұрыс ұйымдастырумен байланысты. Мектеп мұғалімдері көп жағдайда
оқушылардың пәнге байланысты жаңа материалды дұрыс меңгеріп, сабақ
үлгерімінің жақсы көрсеткіштеріне қанағаттанып қояды да, олардың дәстүрлі
емес шешім қабылдауына, шығармашылық белсенділігіне жағдай жасай бермейді.
Бастауыш мектеп оқушыларының қызығушылықтары заттық әлеммен
байланысты. Оларға тән жағдай - үлкендерге бағдарлану, яғни оларға еліктеу,
үлкендерді үлгі тұту ерекшеліктері педагог үшін күшті дамыту құралы болып
табылады. Соның негізінде балалардың шығармашылық және интеллектуалды даму
деңгейлері жоғарылап қана қоймайды, әрі олардың мінез-құлқындағы жағымды
өзгерістер де жүзеге асырылады.
Зерттеудің көкейтестілігі шығармашылық жеке адамды дамыту
қажеттілігінен туындап отыр. Зерттеу жұмысы жеке адамның шығармашылық
мүмкіншілігінің дамуы – креативті даму мен интеллектуалды дамудың
байланысты екендігін шығармашылық таным негізінде жеке бастық даму
сапаларымен, объектіге деген шығармашылық танымды тұтастық жүйесінде мәнді
қабілеттер мен қажеттіліктерді таратуға бағытталған шығармашылық іс-
әрекеттің негізінде қарастыруды өзіне мақсат етіп қойды.
Жоғарыда аталған ғалымдардың еңбектерін саралап, зерделеу нәтижесінде
төмендегідей қарама-қайшылықтар туындады:
- қоғамға мәселелерді жүйелі, ретімен және сапалы шешуге қабілетті
шығармашыл белсенді тұлғаның қажеттілігі мен тұлғаның шығармашылық
әрекетін ұйымдастыру үдерісінің тиімділігін арттыратын педагогикалық
жағдайлардың жеткіліксіздігі;
- бастауыш сынып оқушыларының игеруі қажет білім деңгейіне қойылатын
талаптардың артуы, оларды қолдануға дайындығы мен бастауыш мектепте
оқу үдерісін ұйымдастыру жүйесінің оқушылардың шығармашылық
қабілеттерін дамытудың қажетті деңгейін қамтамасыз ете алмауы;
- бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамытудың
әлеуметтік мәні мен оқушылардың шығармашылық әрекеттерін ұйымдастыруға
бағытталған ғылыми-әдістемелік нұсқаулардың жеткілікті деңгейде
жасалынбауы;
- оқушылардың шығармашылық әрекеттерін объективті түрде бағалау
қажеттілігі мен бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық әрекет
нәтижелерін бағалау үшін қолданылып жүрген педагогикалық құралдардың
жеткіліксіздігі.
Осы қайшылықтардың шешімін іздестіру біздің зерттеу жұмысымыздың
тақырыбын Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамытудың
педагогикалық шарттары деп таңдауымызға негіз болды.
Зерттеудің мақсаты: бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық
қабілеттерін дамытудың ұйымдастырушылық-педагогикалық шарттарын анықтау
және ғылыми негіздеу.
Зерттеу нысаны: бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық
қабілеттерін дамыту.
Зерттеу пәні: бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін
дамыту үдерісі.
Зерттеу болжамы: сабақтарда бастауыш сынып оқушыларының
шығармашылық қабілеттерін дамыту тиімді болады, егер:
- баланың шығармашылық ойлауының еркін көрінуіне ықпал ететін шынайы
шығармашылық ахуал жасалса;
- бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық әрекетке қатысуы қамтамасыз
етілсе;
- шығармашылық қабілеттерді дамыту формалары мен әдістерін таңдау жүзеге
асырылса.
Зерттеудің жетекші идеясы: оқу үдерісінде қоғам талабына сай бәсекеге
қабілетті, шығармашылық қабілеттері дамыған жеке тұлға қалыптастыру міндеті
көзделген.

Зерттеу барысында төмендегі міндеттер шешілді:
1. Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту
үдерісінің психологиялық-педагогикалық мәнін айқындау.
2. Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту
критерийлері мен деңгейлерін анықтау.
3. Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамытудың
практикалық тәжірибесін талдау.
4. Сабақтарда бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін
дамытудың тиімді шарттарын айқындау.
Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері: философиялық,
психологиялық, педагогикалық ғылыми зерттеулердегі шығармашылық іс-әрекет
теориясы, жеке тұлғаның шығармашылық қабілетін дамытуға негізделген әдіс-
тәсілдер теориясы, қазіргі білім беру проблемалары, жеке тұлғаны дамыту
саласындағы отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері.
Зерттеу көздері: зерттеу проблемасы бойынша философтардың,
педагогтардың еңбектері, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
министрлігінің бастауыш және жалпы орта білім беру мәселелеріне қатысты
нормативті құжаттары мен оқу-әдістемелік кешендері (стандарттар, типтік оқу
бағдарламалары, оқулықтар, оқу құралдары және т.б.), педагогтардың ғылыми
еңбектері мен бастауыш сынып мұғалімдерінің шығармашылық қабілеттерді
дамытудағы озық тәжірибелері.
Зерттеу әдістері: зерттеу проблемасы бойынша психологиялық-
педагогикалық әдебиеттерді оқып үйрену және талдау; педагогикалық бақылау;
сауалнама; әңгімелесу; психологиялық-педагогикалық эксперимент;
эксперименттік зерттеу мәліметтерін математикалық өңдеу.
Зерттеу базасы: тәжірибелік-эксперимент жұмыстары Қызылорда
қаласындағы №10 Ы.Алтынсарин атындағы қазақ орта мектебінде жүргізілді.
Тәжірибелік-эксперимент жұмысына 211 оқушы қатысты.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
- жүйенің құрамды компоненті ретінде көрінетін объектілерді, жағдаяттар
мен құбылыстарды тану, жасау, қайта өңдеу мен қолдануға бағдарланған
шығармашылық әрекетті ұйымдастырумен ерекшеленетін шығармашылық
тапсырмалар жүйесін құру және жүзеге асыру;
- оқу үдерісінде шығармашылық тапсырмалар жүйесімен жұмысты тиімді
ұйымдастырудың педагогикалық шарттарын анықтап, теориялық негіздеу
және тәжірибеде тексеру.
Зерттеудің теориялық маңызы: бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық
қабілеттері жайлы қазіргі түсініктерді жинақтау; сабақта бастауыш сынып
оқушыларының шығармашылық қабілеттерінің деңгейлерін жасау.
Зерттеудің практикалық маңызы: сабақта жүзеге асырылатын педагогикалық
шарттар бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық әрекеті мен шығармашылық
қабілеттерін дамытуға ықпал ететіндігімен анықталады. Шығармашылық әрекет
деңгейлерінің сипаттамаларын бастауыш сынып мұғалімдерін, мектеп
психологтарын, сондай-ақ болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін кәсіби
даярлау үдерісінде қолдануға болады.
Күтілетін нәтижелер:
1. Жаңа педагогикалық технологиялар мен тұлғаға бағдарлап оқытуды қолдану
негізінде оқушының балалық шағының қалыпты өтуі үшін барлық жағдай
жасалады.
2. Балалардың шығармашылық қабілеттерінің дамуы мен олардың жеке тұлға
болып қалыптасуы үшін қажетті жағдай жасалады.
3. Әрбір оқушы өзін жеке дара ерекшеліктері мен қабілеттері бар жеке
тұлға ретінде сезінеді.
4. Оқу үдерісі барысында оқушылардың интеллектуалдық деңгейі жоғарылап,
адамгершілік қасиеттері қалыптасады, психологиялық, физикалық жағдайы
жақсарады.
Қорғауға ұсынылатын қағидалар:
Бастауыш сынып оқушыларының сабақтағы шығармашылық қабілеттерін
дамытудың педагогикалық шарттары:
- бастауыш сынып мұғалімінің оқушылардың шығармашылық әрекетін оқытудың
мақсаты ретінде түсінуі;
- бастауыш білім беру мазмұнына оның айрықша компоненті ретінде
шығармашылық әрекеттің ендірілуі;
- бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық әрекетінің еркіндігі, оның
педагогикалық ұйымдастырылуы, мұғалімнің басқаруы;
- проблемалық оқыту әдістерінің шығармашылық әрекетті ұйымдастырудың
жетекші тәсілдері ретінде көрінуі;
- бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық әрекеті нәтижелерін
диагностикалау;
- бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық әрекетін түзету.
Зерттеудің нәтижесінің сенімділігі мен дәлелділігі: оқушыларда
шығармашылық қабілетті дамыту мәселесі бойынша теориялық талдау тереңдігі
және көлемімен, экспериментті-психологиялық әдістемелер жиынтығын таңдауды
негіздеумен, алынған мәліметтердің сандық және сапалық талдау жүйесінің
өзара байланыстылығымен, математикалық статистикалық әдістерді қолданумен
қамтамасыз етілді.
Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу және тәжірибеге енгізу:
1. Жайлауова М.К., Сартаева Н.Т. Шығармашылық қабілеттер ұғымының мәні.
Жастар және қазіргі замандағы әлемдік мәселелер республикалық ғылыми-
практикалық конференция материалдары. – Қарағанды, 2011. – 72-74 бб.
2. Жайлауова М.К., Сартаева Н.Т. Шығармашылық тапсырмаларды орындау арқылы
бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту. Қазіргі
кезеңде жаңа формация педагогтарын даярлау: жағдайы, тәжірибесі,
перспективалары республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары.
– Қызылорда, 2011. - 207-210 бб.
3. Жайлауова М.К., Сартаева Н.Т. Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық
қабілеттерін дамытудың практикалық тәжірибесін талдау. Қазақстан
қоғамының даму тенденциялары: әлеуметтік-саяси, инновациялық аспектілері
республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. – Қызылорда,
2011. – 516-523 бб.
Диссертация жұмысының құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі
тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшадан
тұрады. Зерттеу жұмысында 10 кесте, 7 сурет берілген.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Шығармашылық қабілеттер бұрыннан зерттеу пәні ретінде қарастырылып
жүр. Өйткені адам қабілеттері мәселесі барлық уақытта да адамдардың үлкен
қызығушылығын тудырып келді.
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту мәселесін
талдау ең алдымен қабілет ұғымының мәнін терең түсініп алуды талап етеді.

Философияда қабілеттерді тұлғаның белгілі бір әрекетті орындауға
жағдай жасайтын жеке ерекшеліктері дей келе, олар қоғамдық-тарихи іс-
әрекеттердің нәтижесінде қалыптасып, әрі қарай дамып отыратынын атап
көрсетеді.
Қабілет ұғымына берілген психологиялық анықтамалар саны өте көп.
Қабілеттер деп әрекеттің талаптарын қанағаттандыратын және үлкен
жетістіктерге жеткізетін адамның қасиеттерінің синтезін атайды.
Қабілеттер - білім алуға қажетті адамның психологиялық ерекшеліктері -
дейді А.В.Петровский.
Қабілет - іс-әрекеттің белгілі бір түрін ойдағыдай, нәтижелі
орындауында көрінетін адамның жеке қасиеті, - деп жазады академик
Т.Тәжібаев.
Қабілеттердің даму мәселесін зерттей келе А.Н.Леонтьев,
А.В.Петровский, В.А.Крутецкий, Б.М.Теплов, В.С.Шубинский, М.Мұқанов,
Т.Тәжібаев, Қ.Жарықбаев қабілеттер оқытусыз да дамитынын, бірақ онда ол
ұзақ үдеріске айналатынын айтады.
Қабілеттер проблемасы – оқушылардың жекелік айырмашылықтар
проблемасы. Егер барлық адамдардың әрекеттің түрлерімен айналысуға арналған
мүмкіндіктері бірдей болса, онда қабілеттер туралы сөз етпеуге де болар
еді. Мүлдем еш нәрсеге қабілеті жоқ адам болмайды. Әр адам бойында бір
нәрсеге деген қабілет болатындығы кеңестік психология ғылымының негізгі
ережелерінің бірі, бірақ ол қабілеттер дәрежесі әр адамда әр түрлі деңгейде
болады. Олардың іс-әрекетінің белгілі бір түріне қабілеті не жоғарылау, не
төмендеу болып келеді. Бұған қарап, мысалы, музыкаға, не хореографияға
немесе математикаға қабілеті төмен оқушыларды қабілеті төмен, дарынсыздар
қатарына жатқызу дұрыс емес. Бұл – оның қабілетінің басқа салада
жатқандығының белгісі. Қабілеттер туа бітті қасиет емес, олар өмір сүру
барысында іс-әрекет арқылы дамып отырады.
Шығармашылық қабілеттер ұғымы шығармашылық, шығармашылық әрекет
ұғымдарымен тығыз байланысты.
Шығармашылық – нәтижесі жаңа материалдық және рухани құндылықтар
болатын әрекет; психикалық белсенділіктің жоғары формасы, жаңа бір нәрсе
жасауға қабілеттілік. Шығармашылық – адам іс-әрекетінің түрі. Шығармашылық
әрекет нәтижесінде шығармашылық қабілеттер дамиды және қалыптасады.
Шығармашылық әрекет - өте күрделі үдеріс және ол адамға ғана тән. Мұндай
әрекеттің ерекшелігі, даму деңгейі тек әлеуметтік факторларға ғана емес,
табиғи, биологиялық факторларға да байланысты.
Шығармашылық қабілеттер немесе креативтілік деген не?
Латын тілінен аударғанда креативтілік ойлап табу, жасап шығару дегенді
білдіреді.
Шығармашылық ─ өте күрделі психологиялық үдеріс. Шығармашылықты
төмендегідей ерекшеліктермен сипатталған адам әрекеті деуге болады:
- шығармашылықта қарама-қайшылықтардың болуы;
- әлеуметтік және жеке адамға тән мәнінің болуы;
- шығармашылыққа арналған шарттардың, жағдайдың болуы;
- шығармашыл тұлғаның даралық қасиеттерінің болуы;
- нәтиженің жаңалығы, сонылығы.
Шығармашылықтың мәні, шығармашылық іс-әрекет туралы әр кезде әр түрлі
пікірлер болған. Мысалы, ХХ ғасырдың басында белгілі философиялық сөздікте
шығармашылық деп жаңа нәрсе ойлап табу, жаңалық ашу, - дей келе, – ол әр
адамға тән нәрсе емес, құдайдың құдіретімен болады. Ал адам шығармашылығы
тек салыстырмалы түрдегі әрекет - делінген.
Соңғы кезде шығармашылық сөзі мен жаңалық сөзі мәндес, астарлас болып
табылғандай. Психологиялық анықтамаларда берілгендей бұрын болмаған
жаңалық деу үзілді-кесілді мүмкін болғанымен, ерекше соны жаңалық, жаңа
жол, жаңа шешім екенін мойындаған жөн. Ал баланың ашатыны субъективті
жаңалық, ол тек қана өзі үшін жаңалық болып табылады.
Е.П.Торренстің пікірінше, креативтілік - білімдердегі кемшіліктерді,
олқылықтарды қабылдауға қабілеттілік. Ғалым шығармашылық әрекеттің
құрылымында төмендегілерді бөліп көрсетеді:
1. Проблеманы қабылдау.
2. Шешімді іздеу.
3. Болжамның пайда болуы және көрінуі.
4. Болжамды тексеру.
5. Олардың өзгерісін тексеру.
6. Нәтижелерді табу.
Шығармашылық - бүкіл болмыстың, қозғалыстың, дамудың, тіршіліктің
көзі. Табиғат, қоғам құбылыстарында жеке адамның ақыл-санасында, іс-
әрекетінде, ішкі жан-дүниесінде – бәрінде шығармашылықтың табиғи үдерістері
үздіксіз жүріп жатады. Табиғат ішкі шығармашылық үдерістерді өзі басқарады.
Сыртқы факторларды басқару, реттеу жеке адамның ой санасына, қызметіне
байланысты. Сыртқы факторлардың бірі – оқыту және тәрбиелеу жүйесі.
В.С.Шубинский шығармашылық үдерісті үш сатыға бөліп, ондағы көрінетін
қабілет – қасиеттерді көрсеткен:
1. Жаңаны, өзгеше, тың дүниені сезе білу, қарама-қайшылықтарды түсіне
білуде сезімталдық, сындарлылық, шығармашылық ой талдауға бейімділік, жан-
дүниесінде ішкі тартысты оята білу қабілеті, танымдық қызығушылық, яғни
шығармашылық көңіл-күйдің туу кезеңі.
2. Интуиция, шығармашылық қиял, әдемілікті сезіне білу, сөз ұшқырлығы,
қайшылықтарды түсіну, ой қызметінің ерекшелігі, батылдық, шығармашылыққа
деген ішкі құштарлық, яғни оқиға, образ жасаудың бағдар ұстанар кезеңі.
3. Өзіндік сын, бастаған істі аяғына дейін жеткізу, дәлелдеме,
дәйектемелер ұсына білу, оның формаларын табу, яғни сын, дәлелдеме сатысы.
Осы зерттеулерге сүйене отырып, Б.А.Тұрғынбаева өз диссертациясында
шығармашылық үдерістің кезеңдерін шартты түрде төмендегіше топтастырады:
1. Жаңалықпен бетпе-бет келу.
2. Шығармашылық екіұштылық, белгісіздік.
3. Шешімнің жарқ етуі.
4. Шығармашылық акт.
5. Шешімнің дұрыстығын дәлелдеу.
Шығармашылық қабілеттілік – баланың өз бетінше жаңа бір бейне құруымен
сипатталады, яғни іс-әрекеттің қандай түрінде болмасын жаңалық ашу,
жасампаздық бейне жасау арқылы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту
Математиканы оқыту барысында оқушының шығармашылық қабілетін дамыту
Бастауыш сынып оқушыларының оқу-танымдық дүниетанымын жетілдірудің шарттары. АВТОРЕФЕРАТ
Оқушылардың жеке пәндерін оқыту үдерісінде танымдық міндеттерін қалыптастыру
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамытудың теориялық негіздері
Бастауыш сынып оқушылардың өзіндік оқу жұмысын ұйымдастыру ерекшеліктері
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін арттырудың педагогикалық - психологиялық шарттары
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық іс-әрекетін дамытудың әдістемелік жүйесі
Зерттеу жұмысының теориялық маңызы
Бастауыш сынып оқушыларын шығармашылыққа баулудың теориялық негіздері
Пәндер