Бейбіт Құсанбектің журналистік қызметі


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті
Филология факультеті
Орыс филологиясы және журналистика кафедрасы
Дипломдық жұмыс Тақырыбы: Бейбіт Құсанбектің журналистік қызметі
«Бекітемін» Ғылыми жетекшісі
Кафедра меңгерушісі ф. ғ. к., доцент Б. Сердәлі
Ф. ғ. к., доцент Орындаған студент
Б. Сердәлі Ж. Жүсіпбекова
«» 2010ж. ФЖК-611, 050504«Журналистика»
Түркістан - 2010
МАЗМҰНЫ:
І. КІРІСПЕ
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1 - ТАРАУ. Бейбіт Құсанбектің шығармашылық қыры
1. 1 «Өмір-өзен» бағдарламасы
1. 2 Махаббат дастаны «Фатима мен Ілияс»
1. 3 «Дәуірнама» топтамасы
1. 4 «ХХ ғасырдың жиырма сәті» бейнефильмі
2 - ТАРАУ. Қазіргі қоғамның өзекті мәселелері - Бейбіт Құсанбектің публицистикасында
2. 1 Өлең - Өзім
2. 2 «Таразы» бағдарламасы
2. 3 Ел ағалары
2. 4 «Тіл» бағдарламасы
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ
IV. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДНБИЕТТЕР
V. ҚОСЫМША
Кіріспе
Диплом жұмысының өзекті мәселелері
Ұлттық руханиятты танып білу мен ұлттық сананы қалыптастыру үшін, оның алда да жалғасын табуына және дамуына ұлттың өзі ие болса, оған келесі бір көмекші әрі жарқырап көрсететін құрал - бұқаралық ақпарат құралдары деуге болады. Яғни, бұқаралық ақпарат құралдары ұлттық идеяның сақталуы мен өрістеуіне пайдалы болуымен бірге, тиісінше, ықпал ете алады. БАҚ-тың өзі руханияттың бір бөлігі. Соның ішінде телевидениенің өзіндік орны ерекше.
Бүгінде Қазақстанда телеарналар жеткілікті. Олар мемлекеттік және мемлекеттік емес болып бөлінеді. Әрқайсысының хабар беру тәсілі әртүрлі. Мәселен, мемлекеттік санаттағы телеарналар болып «Қазақстан», «Хабар» және «Ел арна» есептеледі. Қазір бұлардың аудиториясы кең. Республикамыздың көпшілік аймағын қамтиды. Қазақ теледидары өткен шығармашылық жол - уақытпен бірге тыныстап, көрермендеріне қызмет жасаудың өнегелі үлгісі. Заманына сай талғамы биік, талабы зор көрерменге күнделікті өмір күйбеңін сөз ететін қүйкі кейіпкерлер емес, заманының биік мінберінен бүкіл адамзатқа ортақ ойлар айтатын парасатты кейіпкерлер қажет. Телеарналарда руханиятымызға баса назар аударылғаны белгілі.
Бүгінгі теледидардан көрерменге ұсынылып жүрген сан алуан, қызықты бағдарламалардың бастауы, темірқазығы - Қазақ теледидары жастар редакциясының тарихында құнды дүниелер мен айтуға тұрарлық естеліктер аз емес. Мәселен, «Қазақстан» арнасынан «Аманат», «Кәусар», «Жандауа», «Назқоңыр», «Нысана», «Өмір-өзен» деген халық қамын ойлаған, ұлттың рухына бойлаған жақсы хабарлар беріліп тұрды. «Қазақстан» арнасы ұлтымыздың нағыз рухани әлемінің жақтаушысы да, жанашыры да бола білді. «Қазақстан», «Хабар» арнасы ұлтымыздың мерейін өсіріп, көптеген хабарлар дайындағаны белгілі. «Айтыс», «Тамаша» сияқты ойын-сауық хабарлары халқымыздың ықыласына бөленіп, мерейін көтеріп-ақ тастады. Бұл хабарлар ұлтымыздың салт - дәстүрін әр қырынан көрсетіп, өткен мен бүгіннің арасын жалғастырған сабақтастық тәрізді. «Халық зердесі», «Төрт құбыла», «Үркер», «Дидар» секілді хабарлар бірінен соң бірі дүниеге келіп ел-жұрттың көз-қуанышына айналып, көрермен олардың берілер уақытын асыға күтіп жүреді. Мұндай хабарларды ұйымдастыру - талантты тележурналистердің топ-топ легін елге жария етті. Атап айтқанда, Нұртілеу Иманғалиұлы, Жүрсін Ерман, Бейбіт Құсанбек, тағы сол секілді азаматтар қазақ телевидениесін жаңа сатыға көтергенінде сөз жоқ. Осындай ізденімпаз тележурналистер соңы қолтаңба, стиль, тың шешімдер әкелді. Шынында кәсіби тұрғыда шынығып шыққан журналистердің шығармашылығы көгілдір экранды онан сайын мазмұндық-идеялық тұрғыдан байытты, өркендетті. Тақырып аясын кеңейтті. Бұрынғы қасаң да, тартымсыз, бояусыз бейнехабарлар азайды. Телеэкран этикасы мен эстетикасына мән беріп қалыптастырды. Хабарлардың көрерменін көбейтті. Жайдақ та жұтаң, ой-сезімге әсер етпейтін хабарлардың жолын кесті. Уақыт пен заманға лайық, талап-талғамға сай хабарлар туындап келеді. Журналистің ізденіштігін айқын танытатын жай - көрерменін толғандырып пікір туғыза алатындығында, бүгінгі күн және болашақ туралы ойландыра білуінде. Оның жазғандары фактілердің жалаң тізбесі ғана емес, замандастарымыздың жарқын бейнесі, олардың ой-мақсаты, арман-мүддесі жайлы әсерлі әңгімесі. Олардың хабарларынан өмірді зерттеп, құпияларына терең барлау жасап, суреткерлік көзқараспен қарайтындарын айқын аңғарамыз.
Бейбіт Құсанбек тіл тазалығын тек эфир алдында ғана емес күнделікті өмірде, қай орта да болмасын қорғап бақты. Тіл байлығын халықтың байырғы, байсалды, берекелі, тамырлы әрі нәрлі сөзін аршудан жасау керек. Қазақ тілінің молдығы, көркемдігі сонша, мамандардың есебі бойынша тілдік қорымызда 100 мыңнан аса сөз бар екен. Бұл мәліметтің өзі де дәл емес. Мәселен, тіліміздегі бір ғана құс - бүркіттің түр-түсі, атауы қаншама. 12 жасқа дейінгі бүркіттің атаулары: балапан, қан түбіт, тірнек, тас түлек, мұзбалақ, көк түбіт, қана, жана, май түбіт, баршын, шөгіл, барқын. Не деген тіл байлығы десеңізші? Осының бәрін орны-орнымен ретін тауып қолданып отырса нұр үстіне нұр. Қазақ тілі - бай тіл, өскен тіл. Оны заманалар бойына халық жасап, жеке адамдар оған үстемелеп тың сөздер қосып отырған. Қаламгер атаулы, оның ішінде жазушы, журналист ұлт тіліне терең бойлап, жіті екшейді. Өзге адам байқамаған, байыптамаған қазынаны аршып, қалың көпшіліктің кәдесіне жаратады. Жансызға жан, ойсызға түйсік бітіреді. Сөз сиқыры сана ұлғайтады. Кезеңнен-кезең асып, дәуірден-дәуірге ұласатын тіл көзге ілікпес өзгеріске ұшырайды. Ғасырлар шындығын шежіредей шертіп, ұрпақты ұрпаққа жалғастыратын да осы тіл болмақ. Үздіксіз ойлану, үнемі тебіреніс, толғаныс үстінде жүру - Бейбіт ағаның табиғи қалпына айналған-ды. Сонымен қатар қандай да бір ғажайып идея, ғаламат проблема болсын онымен тележурналистің өзі ғана тебіреніп, терең әсер алғаны, қиял әлемінде шарықтағаны жеткіліксіз. Ол өзгелердің де ойына от тастап, жан дүниесін тербеп, қиялына қанат бітіруге тиіс. Тек сонда ғана оның еңбегі еш кетпейді, көпшілік қажетіне жарайды.
Жүргізушінің хабарлары өзінің жинаған материалдары, зерттеген объектісі, кездескен адамдары, олардың күйініш-сүйініші жайлы терең тебіреністен туады. Сол тебіреністі жанрлардың әрқилы шарттарына бағындырып, өмірдің шын мәніндегі көркем суретін жасайды. Осынау баға жетпес қасиеттер журналистің шеберлігін айрықша даралап, оны тұлғаландырып тұрады. Тіршілігінде жұмыс бабымен қазақтың игі жақсыларымен сырлас әрі сыйлас болып өткен Бейбіт ағаның араласқан зиялы қауым өкілдері жетерлік. Сенаторлардан бастап, ақын-жазушы, әртіс не бизнес әлемінің жұлдыздары дейсің - бәрі-бәрі бар. Осы кейіпкерлерді ағынан жарылтып сөйлете білу үшін оның көңіл кілтін таба білу қажет. Ал, бұл кілтті табудың жолы әрқилы. Журналист алдымен кейіпкерінің мінез-құлқын, адамдармен қарым-қатынасын, өмірге деген көзқарасын, ой-дүниесін байқап, ішкі сезім әлеміне кіріге білгенде ғана оның жан сарайын бар қырынан жарқырата аша алады.
Тележурналистің хабар дайындағанда алға қоятын негізгі мақсаты - көрерменін ішкі жан дүние әлеміне қоса үйіріп ала жөнелетін тамаша тәсіл тауып, айтайын деген ойын, мақсатын ұтымды әдіспен жеткізе білуінде. Бұл телехабар жанрларының қыры мен сырын жетік біліп, жеделдік танытатын, жалықпай ізденіп, кең алымдылық пен шалымдылыққа ие журналистердің ғана қолынан келеді.
Зерттеудің нысаны. Қазақ телевидениесі және Бейбіт Құсанбек.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеті. Журналист қауымның қаламынан туған кез келегн шығарма оның жан-дүниесі арқылы өмірге келеді. Ал, теледидар алдында ойға олақ, тілге шорқақ біреу өмірмен, шынайы фактілермен нақты байланыссыз жалаң сөзді сапыра жөнелсе-ақ болғаны, көрермен теледидарды өшіре қояды. Бұл - өмір шындығы. Осы көріністі болдырмау үшін не істеу керек? Ол үшін журналист көрерменін ойлы да отты сөзімен, кемеңгенрлік ой кесімдерімен баурап алатындай әрқашан жаңа бір қырынан танылып отыруы шарт. Көрерменді - көруге, тыңдаушыны - тыңдауға, оқырманды - оқуға мәжбүр етудің кілті журналистің өз қолында. Ол үшін әрбір журналист талмай ізденіп, жалықпай үйреніп, оймақтай болса да ойға толы жоғары кәсіби шеберлікке жетілуі қажет. Жұмыстың басты мақсаты Бейбіт Құсанбектің шығармашылығына талдау жасау және сол арқылы талантты журналистің қазақ журналистикасы үшін жасаған еңбектері құнды да қайталанбас дүние екеніне көз жеткізу.
Зерттеудің дереккөзі. Диплом жұмысын жазу барысында Бейбіт ағаның ата-анасымен, отбасымен жолығып, мәліметтер жинақтадық. Сонымен қатар, Бейбіт Құсанбектің кітап жинақтары, газет-журнал беттерінен оның азаматтық келбеті, журналистік қарым-қабілеті жайлы замандастарының берген сұхбаттарын қарастырдым. «Қазақ журналистикасы» 3 томдық топтамасының (2-ші томы), «Қазақ теледидары» кітабы мен Қ. Тұрсыновтың «Көгілдір экран құпиясы» оқулығы және ғаламтор сайттарынан материалдар алынды.
Жұмыстың ғылыми жаңашылдығы және практикалық маңызы. Бейбіт Құсанбек шығармашылығы ұлттық болмысқа, мемлекеттік тілге, дінге жанашырлығымен, шынайылығымен дараланады. Сөзімізге дәлел ретінде журналистің көптеген авторлық бағдарламаларын айтуға болады, мәселен «Ақиқат ауылы», «Тіл», «Ел ағалары», «Халық зердесі», «Бір сәт және бүкіл ғұмыр» бағдарламалар топтамасы.
Зерттеудің ғылыми жаңашылдығына «Ток-думан» жанрының дүниеге келуі және дамуына өз үлесін қосқан талантты журналистердің бірі - Бейбіт Құсанбек болатын. «Ток-думанның» жай ақпараттан айырмашылығы, ақпараттық бағдарламаларды диктор емес, журналистің өзінің жүргізетіндігі. Ал, журналистің диктордан өзгешелігі неде дейсіз ғой? Диктор дайын мәліметті хабарласа, журналист ақпаратты өзі дайындайды немесе өзгелер дайындаған дайын ақпараттарды оқып қана қоймай, оны өз сөзімен жеткізеді. Журналистің ойы мен диктордың кадрден тыс оқудағы шеберлігі бір жерден шығып жатса, хабардың әсер етушілік қуат-күші артып, бояуы айқындала түседі. Терең тебіреніспен, нақышына келтіріп, логикалық, психологиялық кідірістерді сақтап, бейнебір қара сөзбен әндетіп отырғандай, әр сөзді, әр сөйлемді көрермен әндей естіп, күйдей қабылдайтыны сөзсіз. Ол бір мезгілде редактор даярлаған мәтінді оқиды, оған өзгерістер енгізеді, сюжеттер арасына байланыс орнатып, тікелей түсінік жасайды. Ол - диктор ғана емес, эфирдің иесі. Ол - журналист әрі автор. Міне, осы журналист-автордың бірі - Бейбіт Құсанбек.
Жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.
II. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
І - ТАРАУ
Бейбіт Құсанбектің шығармашылық қыры
Бейбіт Құсанбек 1962 жылы Семей облысының Аякөз ауданында Кіндікті ауылында дүниеге келген (құжатта Ақшатау ауылы көрсетілген) . 1979 жылы Аякөз орта мектебін бітіріп, сол жылы қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетіне оқуға қабылданады. 1984 жылы аталмыш білім ордасын тәмамдағаннан кейін 1997 жылға дейін Қазақ теледидарының Жастар, Әдеби-драмалық хабарлар редакциясында редактор, комментатор, телеарнаның саяси шолушысы қызметін атқарды.
1997-1999 жылдары «Алатау» телеарнасының директоры, 1999-2000 жылдары Әдеби -мәдени хабарлар шығармашылық бірлестігінің жетекшісі, 2000 жылдан бері қарай «Хабар» агенттігінде продюсер, бас редактор, тележүргізуші болып қызмет атқарған. Ол 2007 жылы ақпан айының 4-ші жұлдызында мезгілсіз көлік апатынан дүние салды.
Бейбіт Құсанбек жастықтың бал шырынын «көгілдір экран» деген көкжиегі көзге шалынбас, шыңы мен құзы аспанмен тілдескен, қатпары қалың әлемге айырбастап шыға келді. Бейбіт аға жасаған 44 жас «қамшының сабындай қысқа», бірақ мазмұнды, өнегелі ғұмыр болды. Оның өмірінің 22 жылы қазақ журналистикасымен, соның ішінде қазақ теледидарымен тығыз байланысты. Осы уақыт аралығында ол әзірлеген «Өмір-өзен», «Құрдастар», «Көкпар», «Дидар», «Халық зердесі», «Кездесу», «Үкімет адамы», «Төрт құбыла», «Бейсенбіде бірге болайық», «Үркер», «Ақиқат ауылы» секілді авторлық телебағдарламалары және «Мұхиттың арғы жағы - Америка», «Махаббат дастаны», «ХХ ғасырдың жиырма сәті», «Бірінші банкир» бейнефильмдері қазақ телевизиясы мен «Хабар» агенттігінің «Алтын қорына» қосылған бағалы, көркем туындылар. Сонымен қатар, Бейбіт Құсанбек «Таразы», «Нысана», «Ойталас», «Дәуірнама», «Бір сәт және бүкіл ғұмыр», «Тіл», «Ел ағалары» бағдарламаларын жүргізді. «Махаббат маусымы», «Өлең - өзім» атты жыр жинақтарының авторы. Артына бір сәтте бүкіл ауқымды дүние қалдыру үшін де тарлан талант, теледидардың жүлдені шаппай алатын «бәйге торысы» болуы керек-ақ. Осы қасиет Бейбіт ағаның бойында болғанында еш күмән жоқ.
Экран үшін туылып, аудитория үшін жаратылатын адамдар болады. Алайда, олар некен-саяқ. Қолынан жазу келіп, микрофон ұстап ел алдына шыққандардың бәрі бірдей көгілдір экранның «бәйге торысына» айналып шыға келмейді. Оған шалқар шабыт, еселі еңбек, талмай ізденіс, тіл заңдылығының жүйесін білетін зерделік, «аузымен құс тістеген» шешендік қатарласа еріп, қапталдаса жүруі - шарт. Әрі тележурналист эфир кезінде үнемі сезім мен тартыстың айдынына ескекті қатар салады.
Ұлы философ Сенеке: «Егер адам қай жағаға бет алғанын білмейтін болса, онда оған бірде-бір жел көмекке келмейді», - деп айтқан пікірді Бейбіт Құсанбек үнемі естен шығармаған тележурналистердің бірі. Соңғы жылдары теледидардағы жаңалық нышандарының бірі ретінде - «Ток-думанды» айтуға болады. Зерттеуші Лидия Польских «Искусство кино» журналында «Классикалық түрдегі жай интервью», «Шындықты шақ» (Момент истины) пен «Қалам акуласы» (Акулы пера) бір қатарда [1] .
Ал, көңілді классикалық жанрдағы «Таңғажайыптар алаңы» (Поле чудес), «Не? Қайда? Қашан?» (Что? Где? Когда?) бағдарламалары сыйлықтар таратып, жеңімпаздарды хабарлайтын «Ток-думан» түрінде есептелінеді. Бұл ретке «Мың бір мақал - жүз бір жұмбақты» жатқызуға болады. «Ток-думан» - ол жай ғана әңгіме емес, ол жарым-жартылай әзіл де. Ол болжанбаған, кілт бұрылыстар жасайтын, шешендік әзіл, түрлі пікірлер қақтығысын тоқайластыратын әңгіме. Шын мәнінде, «Ток-думан» актерлік ойынға бейімдеу болса, интервью - шешендікке ыңғайлау. Теориялық және практикалық дәлелдегендей, «Интервью - бұқаралық ақпарат пен насихат құралдары өкілінің не баспасөзде жариялау, не радио мен телевизияда беру үшін белгілі бір әлеуметтік мәні бар мәселе туралы мемлекет, қоғам, саясат, ғылым, мәдениет қызметкерлерімен жүргізілетін әңгіме. Интервьюдің мақсаты - қоғамдық маңызы зор бір мәселе, оқиға, тың бастама, қызықты құбылыс жөніндегі соған қатысы бар, өзі араласқан беделді не білікті адамдардың, мамандардың пікірімен жұртшылықты таныстыру», - деп, профессор Темірбек Қожакеев де ойын білдіреді [2] .
Телевизиялық ток-думанның кейіпкері қандай болуы керек? Ең бастысы ол әзіл-оспақты түсіне, сезіне білуі керек. Кейіпкер әңгіме өзі туралы болып отырғаннан кейін өз-өзіне күле де, өз жанынан күлкі де шығара білуі қажет. Теледидарда кейіпкерге әзіл-оспақ қашанда көмекке келеді. Ол кейіпкерді өзгелерге сүйікті етудің, табысқа жеткізудің кілті. Бағдарламаның табыстылығы мен тартымдылығы - онда аралас жайлар мен әрекеттердің қатар, қабыса өрбуі. Әзіл-оспақтың орынды қолданылуы мен қажеттілігі де журналист қолданатын әдістердің бірі. Хабарлар мүмкіндігінше құрғақ, жалаң шықпауы керек. Тартымды бағдарлама көрермен жүрегіне жол тартса, оған деген қызығушылық оянса, журналист алдында қойған мақсатына жетті деген сөз. «Ток-думандағы» тағы бір фактор жүргізуші беделі, оның бағдарламасының рейтингі. Ондай тележурналист хабардың көрсетілу аудиториясын айқындап, дүниені түйсіну сезімінің интелектуалының қаншалықты молдығымен де білдіреді.
Фелини ойынша: «Теледидарда ойлану керек. Көпшілік саған келмейді, керісінше, сен көпшілікке барасың. Керек кезінде олардың көңіл-күйіне ене отырып, жан дүниесін баурайсың. Әйтпесе сен оларды жоғалтып аласың. Телевизор иесі кім болса, теледидардың иесі де сол» - деген сөздің астарында терең мән жатыр.
Ресей қоғамдық теледидарының жүргізушілерінен Леонид Якубович, Валдис Пельш, Анатолий Лысенко, Владимир Ворошиловтар ойларының өткірлігі, көтерген мәселелерінің актуальдығы, биік интелектуальдығымен де экранда өзгелерден ерекше.
Бейбіт Құсанбектің авторлық бағдарламаларының әрбір саны қызықты мәліметтерге толы. Автордың алға қойған мақсаты - кейіпкер, қайраткерлерінің қандай жаңашыл екендігін көрермендеріне таныстыру. Кейіпкердің өз-өзіне кездейсоқ ашылуына жағдай жасау. Оны эфирде өзіне де белгісіз жайларға алып келу.
Қазақ теледидарындағы ток-думан да жүргізушілердің толық бір ұрпағын өмірге әкелді. Олар «Қазақстан-1» арнасында Бейбіт Құсанбек, Жанна Ахметова, Ирина Кациева, Мұрат Ерғалиевтар. «Ток-думан» жанры аса қызықты, әрі арзан, көңіл-күйді көтеретін авторлық әңгіме түріндегі хабар. «Ток» - ағылшын тілінде әңгіме, сөз, пікір-талас, ал «шоу» - көрсету, оқиға, спектакль, әңгіме түріндегі хабар жанрына ұқсас. Қиын түйін, күні бүгінге дейін теледидарда ең бастысы, сөз әлде көрініс пе деген пікір таластың толастамауы. Теледидар үшін сөз де, көрініс те аса қажетті элементтер. Екеуі бір-бірін байыта, толықтыра, әрлендіре түседі.
Бейбіт Құсанбектің телеэкрандағы жүргізушілік қарымы, қайраткерлік келбеті, суреткерлік тұлғасы хабардан хабарға өсіп отырды. Экрандағы екі сүрлеу, ықылым заманнан көзге таныс суреттеу үрдістерінен сырт айналды. Алғашқы төл туындыларынан-ақ көрерменге осыны байқатты.
1. 1 « Өмір-өзен» бағдарламасы
Асыра дәріптегеніміз емес, Бейбіт Құсанбектің телеэкрандағы беделін биіктетіп, қанатын қатайтқан, бағын ашқан - «Өмір-өзен» хабары. Қазақ әдебиеті мен мәдениетіне, өнеріне, экономикасына ерен еңбек сіңірген, тарихта өзіндік орны бар қайраткерлердің сан қилы тағдырын алуан қырынан ашқан, терең мазмұнды, адамды ойлануға жетелейтін, терең тынысты хабар ә дегеннен-ақ көрермендерін «көгілдір жәшік» алдына сиқырлап байлап тастады.
Осы хабар төңірегінде Бейбітке сұрақ қойған журналист оның дария, дастан, теңіз, мұхит емес, не үшін өзен деп атағанын білгісі келеді. Сонда ол: «Өмірді «өзен» деп қарастыра отырып, мен ондағы бұрылысты бастан кешкен әр адамның жағалауға қалай көз салатынын аңдағым, байқағым келеді. Оларды не ойландырады, не толғандырады!? Сонымен бірге әр кейіпкердің өткен өмірінде, белгілі бір іс-әрекеттері мен көзқарастарында оның болмысын аңғартатын, характерін ашатын маңызды жәйттер бар. Соларды тапсам деймін. Ал тапқан жағдайда, сол кезде неге солай істегендігін білгім келеді, қазір солай істер ме еді, болашақта ше?! Міне, осының бәрі мен үшін басты компонент», - деп жауап қайтарады [3] .
Бейбіт «Өмір-өзен» арқылы телеэкранда бұрыннан таптаурын болып келген ескі сүрлеуді келмеске кетіріп, тың дүние жасай алды. Жасыратыны жоқ, бұрындары журналистер қауымы өнер адамының өнердегі жолын тереңірек зерттеп, соны баяндаумен ғана шектеліп, кейіпкерінің кісілік келбетіне, жеке адам ретіндегі қызығы мен қуанышына, арман-мұратына үңіле бермейтін. Ал, Б. Құсанбек осы «тас қамалды» бұзып, сәтті түсірілген құнды да өзекті, жасамыс хабарлар жасай алды. Әрине, бұл жолда ол үлгі алатын алдыңғы толқын аға журналистер - Сұлтан Оразалиновтың «Сұхбаты» мен «Кездесуі», Сағат Әшімбаевтың «Парызы мен қарызы», жазушы Шерхан Мұртазаның «Ұлт пен сана» хабарлары бар еді. Десек те, ол қазақ телеэкранының жұлдыздары саналған алдыңғы толқын ағаларының ерлік пен елдікті ту еткен ғибратты жолын сәтті жалғастырып, ел бірлігі мен халық қамын жейтін рухы биік ғажап хабар жасай алды.
Сөзіміз дәлелді болу үшін енді аталмыш бағдарламаның бірнешеуіне талдау жасап көрелік. Журналистің ақын Қадыр Мырза-Әлимен сұхбаты 1996 жылы дайындалғанымен, онда әңгіме өзегіне айналған мәселелер бүгінгі таңда да өзінің актуальділігін жойған жоқ. Керісінше, күн өткен сайын бұл мәселелердің өзектілігі одан бетер айқындала түсуде. Мысалы, журналист сұхбаттасына ұрымтал жерден киіп-жарып сұрақ қойып, бұған дейін үш жүзге бөлініп келген қазақтың миссионерлердің жетегінде кетіп, түрлі діни секталарға кіргендігін айтқызады. Ақын: «Енді өзі үшке бөлініп отырған қазақтың арасына басқа дін келіп кірсе, онда халқымыздың таза бақытсыздыққа душар болғандығы. Онсыз да жан-жағымызда Қазақстанды пышақ үстінде бөлісіп кетуге дайын елдер көп», - деп алаңдаушылығын білдіреді [4] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz