Ғылым білім ретінде және қоғамның, өркениеттің, мәдениеттің дамуына орай ғылыми білімнің күрделенуі


Пән бойынша лекция тезистері
№1. Семинарлық сабақтың тақырыбы:
Ғылым білім ретінде және қоғамның, өркениеттің, мәдениеттің дамуына орай ғылыми білімнің күрделенуі
1. Сабақ жоспары:
1. Ғылым айрықша білім ретінде.
2. Ежелгі Грециядағы, және Ежелгі Шығыстағы алғашқы ғылыми білімдер.
3. Нақты ғылымдардың пайда болуы.
4. Ғылыми білімнің басқа формаларынан айырмашылығы
2 . Сабақ мақсаты: Ғылыми білім қоғам дамуының негізгі тетігі және адамзат дүниетанымындағы алатын орнымен таныстыру.
3. Қысқаша теориялық мәліметтер…
Ғылым дегеніміз не? Бұл сұраққа жауап берудің оңай еместігінің дәлелі ретінде оның қашан пайда болғандығы туралы пікірталастың әлі күнге толастамай отырғанын айтуға болады. Ғалымдардың бір тобы ғылым ежелгі дүниенің антикалық кезеңінде, яғни, осыдан 2, 5 мың жыл бұрын пайда болды десе, енді бір ғалымдар нағыз ғылым тек Жаңа Дәуір кезеңінде, шамамен ХVІІІ-ғасырда қалыптасты деген пікірді үстанады. Мұндай пікірталастың себебі ғылымның күрделі және санқырлы құбылыс екендігінде. Ол бір жағынан алғанда білімдердің, теориялық қағидалар мен методтардың жүйесі, сонымен бірге қоғамдық сананың формасы, қоғамды» дамудың рухани жемісі, қоғам дамуын басқару құралы, өндіргіш күш күрделі информациялық жүйе және т. б. Осы әр түрлі салалардың мамандары ғылымға әр түрлі анықтамалар береді және олардың ешқайсысын да теріске шығаруға болмайды. Әртүрлі анықтамаларды қорыта келіп, ғылымның жалпы анықтамасын беретін болсақ, ғылым - табигат, қогам және адам туралы білімдер өндіруге багытталган зерттеу қызметі саласы. Бұл анықтамадан ғылымның зерттеу пәні туралы түсінік алуға болады. Ғылым ең әуелі адамды қоршаған орта - табиғатты зерттеуге бағыталған қызметтің жемісі ретінде дүниеге келді. Бірте-бірте қоғам турал ғылыми
түсініктер жинақтау қажеттігі туындады. Бірақ ғылым процесіндегі басты тұлға, ғылымның басты субьектісі де, объектісі де - адамның өзі. Адамның қатысуынсыз ғылымның қалыптасуы мүмкін емес, сонымен бірге, адам өзін түсінуге, өз мүмкіндіктерін анықтауға, табиғат пен қоғамның ғана емес, өз болашағын болжауға көне заманнан бастап осы күнге дейін талпынып келеді және бұл процесс адам жерт бетінде қанша өмір сүрсе, сонша жалғаса бермек. Ғылымның функциялары. Ғылым күрделі әлеуметтік функциялар атқарады. Бұл функциялар ғылымның өзінің дамуымен бірге үнемі өзгеріп, толықтырылып және ғылымның дамуына өзіндік осерін тигізіп отырады. Қазіргі ғылымның үш әлеуметтік функциясын атап көрсетуге болады:
1) мәдени-көзқарастық
2) өндіргіш күштер функциясы;
3) әлеуметтік күштер функциясы.
Ғылымның генезисі және негізгі даму кезеңдері. Ғылымның генезисі, қоғамдағы қызметі және дамуының қозғаушы күштері мәселесі бойынша интерналистік, экстерналистік және позитивистік концепциялар бар. Интернализм ғылымның пайда болуы мен дамуына философиялық ой тікелей әсер етті деп есептейді және қоғамның әлеуметтік-экономикалық, саяси құрылымы мен сол қоғамның ғылымының арасында ешқандай байланыс болуы мүмкін емес деген пікірді ұстанып, ғылымның ішкі факторларын абсолютке айналдырады. Экстернализм бұл концепцияға қарсы. Оның өкілдерінің пікірі бойынша, ғылымға сыртқы факторлардың әсері мықты. Позитивизм; ғылым нақты, тәжірибеден өткен, дәлеледенген фактілерге сүйене отырып дами алады, абстрактылық ойлау мен метафизикалық түсініктер ғылым үшін пайдасыз. Біздің ойымызша, ғылымның пайда болуына, эволюциясына, қоғамда атқаратын қызметіне жоғарыда аталған факторлардың бәрі де белгілі бір дәрежеде ықпалын тигізеді және ол әр дәуірде әр түрлі болуы мүмкін. Сондықтан оларды бір-біріне қарсы қойып, немесе бір-бірінен бөліп алып, белгілі бір факторларды абсолютке айналдыру дұрыс емес.
Зерттеуші ғалымдар ғылымның даму кезеңдері туралы әр түрлі пікірлер айтады. Олардың бір тобы ғылым көне заманда қалыптасты десе, енді бір ғалымдар ғылым қоғамның ерекше саласы ретінде Жаңа Дәуірде пайда болды деп тұжырымдайды. Біздің пікірімізше, ғылымның даму кезеңдері туралы мейлінше дұрыс пікірді ұсынған қазіргі заманғы Ресей ғалымы В. В. Ильин. Ол ғылымның дамуын классикалық, классикалық емес және неоклассикалық емес деп жіктейді. Бұл жіктеуді ғылымның классикалыққа Дейінгі кезеңімен толықтырған дүрыс секілді деп ойлаймыз. Себебі, классикалық ғылым кезеңіне дейін ғылым ұзақ уақытқа созылған «нағыз ғы- лымға» дейінгі қалыптасу кезеңінен өтті.
Алғашқы қауымдық қоғам дамуының мыңжылдық практикасы ғылым ды қалыптастыра алған жоқ. Білім күнделікті өмірдің қажеттіліктері қанағаттандыруға ғана бағытталып, одан жоғары кетеріле алмады. Алғашқы қауымдық қоғамда өмір сүрген адамдар дүние туралы білім жинамады деуге болмайды, бірақ заттар туралы объективтік білім оларды субъективтік қабылдаумен тығыз байланысты еді, яғни, объективтік білім элементтері мен субъективтік сана арасында шекара болмады, табиғат құбылыстары адам және оның өмірімен байланысты түсіндірілді. Адам ойы таза теориялық білім деңгейіне көтерілуі үшін оның дәстүрлі практикалық бағытталғандығын бұзу қажет еді. Ескі сананы күйрету санаға тікелей әсер ету арқылы емес, сана бейнелеп отырған дүниені түбірімен қайта түсіну арқылы жүрді. Дүниеге деген жаңа көзқараста заттар адамға байланысты емес, объективті, заттар мен адам жеке-жеке, бір-біріне қатысты, бірақ тәуелсіз, нәрселер ретінде пайымдалды. Осындай ерекшелік көне гректерге тән еді. Ғылымды зерттеуші ғалымдардың бәрі дерлік ғылымның отаны көне Греция деп мойындайды. Гректер Египет пен Вавилон империяларында бірнеше жүзжылдықтарға созылған соғыстардан аман қалған, ұзақ уақыт ескерілмеген білімдерді қабылдап алды және жәй қабылдап қана қоймай, өздерінің ақыл-ойының, ойлау қабілетінің күштілігі арқасында өздерінің білімдерін қоса отырып жаңа дәрежеге көтерген, оларға абстрактылық және рациональдік сипат берген халық болды. Ғылым қашан және қалай пайда болды? Бул сураққа байланысты екі түрлі көзқарас бар. Бір көзқарас иелерінің пайымдауынша ғылым өте ертеде, яғни адамдар алғаш еңбек қаруын жасап, табиғат туралы абстрактылы білімі болған кезде дамыған деп айтады. Ал екіншілері ғылымның пайда болуы тәжірибелік жаратылыстану пайда болған кезде (ХУ-ХУІІ ғғ. ) деп айтады.
Қазіргі ғылымтану бұған нақты жауап бермейді, өйткені ғылымның өзін бірнеше аспектіде қарастырады. Негізгі көзқарас бойынша -ғылым - білім жиынтыеы: ңоәамдық сананың формасы; әлеуметтік институт; қоәамның негізгі қозеаушы күші; кәсіптік мамандарды дайындау жүйвсі тағы басқа.
Осы аспектілер бойынша ғылым:
- XIX ғасырдың ортасынан бастап - мамандар дайындаудың жүйесі;
- XX ғасырдың екінші жартысынан - қоғамның негізгі қозғаушы күші;
- Жаңа уақытта - әлеуметтік институт
- Ежелгі Грецияда - қоғамдық сананың формасы;
- Адам мәдениетінің бастауында - білім жиынтығы ретінде қарастырылады.
Әр уақыт бойында әр ғылымның қилы салалары пайда болды. Антикалық ғылым қазіргі әлемге математиканы берді, Жаңа уақытта -механика пайда болды, ал XIX ғасырда қоғамтану келді.
Бұл процестерді дұрыс түсіну үшін біз тарихқа жүгінуіміз қажет.
Ғылым сан қырлы қоғамдық құбылыс, қоғамнан тыс ғылымның пайда болуы, дамуы мүмкін емес. Ал ғылымның өзі объективті жағдайлар туған кезде:
1) объективті білімге әлеуметтік қажеттілік;
2) осы қажеттілікті қамтамасыз етуге қоғамнан ерекше бір дарынды адамдардың бөлініп шығуы;
3) білімнің жинақталуы, ғылыми жаңалықты символикалық турде кескіндеу немесе хабарлау (жазудың болуы) тағы басца болуы керек. Осындай жағдайлар б. э. д. VII-VI ғасырларда Ежелгі Грецияда пайда болды.
Ғылымның критерийлері:
1) теориялық;
2) ғылыммен айналысатын ерекше адамдар тобының болуы, қажетті материалдар мен технологияның болуы;
3) рационалдық (тиімділік) ;
4) жүйелілік.
Егер біз ғылымды 1 критерий бойынша қарастырсақ, сол кездегі Египет, Шумер цивилизациясында, жаңа білім алуға қажетті жағдайлар онша болған жоқ. Бул кезде математика, астрономия сияқты ғылым салалары бойынша аздаған білімнің алғашқы бастаулары болды.
Индия мен Кытайдағы білімнің дамуы күнделікті өмірге қажетті жэне діни ритуалдарды жүзеге асыру үшін ғана керек болды.
Ежелгі шығыс цивилизациясындағы білімнің негізі және теория-лығы болмады. Шығыстағы дамыған астрономия әлемнің құрылысы мен аспан денелерінің қозғалысын зерттеу үшін емес, өзендердің тасу мен қайту уақытын анықтау үшін, гороскоп немесе жулдызнама қурастыру үшін қажет болды. Вавилондықтардың пайымдауынша аспандағы жулдыздар қудайлардың бет-бейнесі есебінде карастырылды, яғни олар жер бетіндегі өмірді бақылаумен болады деп есептеді.
4. Бақылау сұрақтары:
1. Философияның классикалық емес түрпатының сипаттамалары және айтылған мәдени дәстүрдегі білім табиғатын бағалау.
2. Кейінгі метафизикалық кеңістіктегі ғылым мен білім: ойлау жүйесінің концептуальдану ерекшеліктері және ғылыми ой жүйесі туралы үғым.
3. Тіл, ақиқат және өнер.
5. Аудиториялық тапсырманы орындау тәртібі:
Тақырып бойынша ойын ортаға салу және МӨЖ жұмыстары бойынша пікір талас өткізу.
6. Магистранттың аудиторияда орындайтын тапсырмалары:
-Берілген тақырып бойынша тезис жасау
-Тақырып шеңберінде дөңгелек үстел өткізу
-Глоссарий өткізу
7. Сабақ тақырыбына сәйкес әдебиеттер:
1. Герасимов И. Г. Научное исследование. - М, 1972.
2. Кун Т. Структура научных революций. - М, 1977.
3. Логико-гносеологический анализ науки. - Алма-Ата, 1990.
4. Швырев В. С. Научное познание как деятельность. - М, 1984.
5. Әбишев Қ, Әбжанов Т. Философия тарихындағы таным теориясы және метод проблемасы. -Алматы, 1990ж.
6. Д. Кішібеков, Ұ. Сыдықов Философия. -Алматы, 2002ж.
7. Әбишев Қ. Ғылым тарихы мен философиясы. -Алматы, 2011ж.
8. Бурова Е., Карабаева А. Философия и методология науки. - Алматы, 1995.
9. Наука в зеркале философии XX века. - М., 1992.
10. Научный прогресс: когнитивные и социокультурные аспекты. - М., 1993.
№2. Семинарлық сабақтың тақырыбы: Ғылым және ғылым төңірегіндегі білімдер.
1. Сабақ жоспары:
1 Ғылым және дін.
2 Ғылым және қарапайым білім.
3 Ғылым және мораль
2. Сабақ мақсаты: Қазіргі таңдағы ғылым мен діннің, моральдің қарым-қатынасының ерекшеліктерімен таныстыру.
3. Қысқаша теориялық мәліметтер…
Осынау орта ғасыр-ларда ғылымның ерек-ше дамуына Шығыстың, араб елдерінің, оныңішінде Орта Азия ғалым-дары әл-Фарабидің, Әбу Әли ибн Синаның, Әбу Рушдтың, Бирунидің, Махмұт Қашқаридың, Жүйнекидің және тағы да басқа ғұламалардың сіңірген еңбегі өте айрықша. Қазақтың Отырар жерінде дүние-ге келген Әбу Насыр Мұхаммед ибн Мұхаммед Тархан ибн Узлаг әл - Фарабидің жалғыз өзі 128-дей ғылыми еңбек жазды. Сол дәуірдегі ғалым-дардың қай-қайсы да Жаратқан Иеміздің құді-реті күштілігін мойындады. Әл - Фарабидің аспан денелері, дүние-нің пайда болуы туралы еңбектерінде Ал-лаһ Тағала үнемі бірінші орында тұр. Ол өзінің «Азаматтық саясат» деген трактатында: «Бірінші (Тұлға) жөнінде - бұл Құдіретті Алла деп сену керек» деп жазады.
ҮІІІ - ІХ ғасырда АронРашид әл Мамун ғылы-мының ірі өкілдерінің бірі - Мұхаммед Хорезми тіпті, Бағдатқа шақырылып, сондағы «Даналық үйінің» қай-раткері атанып, «Китаб әл - Мұхтасар» деген кітап жазып, бұл шығарма ХІІ ғасырда Еуропа халықтарының тілдеріне аударылды. Хорезмдік бұл ойшыл үнділердің, парсылар мен римдіктердің математикадағы күрделібелгілерінің орнына сан белгілерін ойлап тауып, алгебраның негі-зін қалады және Евклид пен Птоломей ілімдерін одан әрі дамытты. Хорезмидің «Астрономиялық кесте-сі» теңдесі жоқ еңбек болды. Осы Мұхаммед Хорезмидің арқасында кезінде Бағдатқа Мұха-ммед әл-Ферғани, Ахмед әл-Марвази және жұлдыздар туралы ілі-мнің негізін жасаушы Аббас әл-Жауһарилар келді.
ХІІІ ғасырда Ислам ғылымының көптеген салалары латын тіліне аударылып, Батыс Еуропа елдеріне тарады. Олардың ішінде әл-Фарабидің ғылыми еңбектері, музыка, фи-лософия, оптика, геометрия, астрономия, ме-дицина туралы ілімдері кең тараған еді. Оны таратқаны үшін монах Рожер Бекон шіркеу түрмесінде 14 жыл қамауда отырды. Осы орайда айта кететін бір жағдай, мұсылман емес елдердің көбінде кезінде ғылыммен айна-лысқан адамдар Исламнан басқа діндерде қатты қуғындалды. Мы-салы, Италиядан шық-қан философ Джордоно Бруно әлемнің ақыры болмайтынын дәлелдемек болғаны үшін жазаланып, 1600жылы тірідей өртеп жіберілді. Испаниялық философ Липель Сер-вет қан айналымын зерт-тегені үшін ХҮІІ ғасырда отқа өртеліп, өлтірілді. Галилео Галилей жердің айналатындығын дәлел-дегені үшін көп уақыт бойы түрмеде отырып, жазаланды.
Осындай оқиғаларды еске алып, сарапатай ке-ле доктор Хусейн Хамид Хассан өзінің 1995жылы Новосибирск қала-сындағы баспадан жарық-қа шыққан «Исламдағы ғылыми зерттеулердің бостандығы» атты еңбе-гінде былай деп жазады: «Құранды зер сала оқыған адам одан бостандыққа, ғылыми із-деністерге кедергі келті-ретін бірде-бір нәрсе таба алмас еді. Керісінше, көптеген аяттардан жерді өңдеу, Алла тағаланың жасаған нәрселерінің бә-рін адам игілігі үшін зерттеуге мүмкіндіктер берілгендігін кездесті-реді. Тарихта ешқашанда Ислам мемлекеттерінде ғалымдардың еркін ойлауына кедергі болу, зерттеу мен жаңа нәрселерді ойлап табуларына тиым салатын жайттар болған емес. Керісінше, ондай адамдарға материалдық жағынан сый-сияпаттар көрсетіліп, қоғамдық ор-тада мәртебелерін көт-еріп отырды. Ал бұл кезде Еуропада қиянат белең алып, шіркеу ғалым-дардың ашқан жаңалық-тарын құдайға қарсылық деп бағалап, олардың көзін жойып отырды».
Мұсылмандар арасында ғұламалардың қуғынға ұшырағандары болған да шығар. Алайда, Ислам дінінде ғұламаларды жазалау мәселесі жоқ, керісінше, біздің қасиетті дінімізде ғалымдар пай-ғамбарымыздан кейінгі Алла тағала ісін алға апарушылар ретінде ба-ғаланып, оларға құрмет көрсетілді. Мұсылман ел-дерінде кейбір ғалымдар қуғындалса, бұл Ислам дінінің үкімімен болған іс емес, ол сол елдің билеушілері тарапынан болған адами үкім ғана.
Өз заманында Әбу Райхан Бируни Құран Кәрімде айтылған су тасқынына байланысты көптеген зерттеулер жүргізсе, ағылшын археологы Леонард Ч. Вулли (1880-1960) қазба жұмыстары арқы-лы бұл жойқын су тас-қынының болғанын дәле-лдеді. Атақты саяхатшы-теңізшілер, ХҮ-ХҮІ ғасыр-ларда өмір сүрген Христофор Колумб пен Васко до Гама Ислам ғалымдарының ғылыми еңбектерін пайдаланып, жер шарын аралады. Орыстың ұлы жазушысы Лев Толстой Құран Кәріммен терең танысқаннан кейін Ислам дінін мойындап, «Мені Мұхаммедтің үмметі деп есептеулеріңді өтінемін», - деді, Карл Маркстің өзі Құранды араб тілінде оқып, оның ұлылығы мен тәрбиелік мәнін өте жоғары бағалады, немістің атақты ақыны Гёте: «Егер Ислам Аллаһқа мойынсұну болса, біз бәріміз Исламда өмір сүріп, Исламда өлеміз», - деп жазып кетті. Ислам дінінің осындай ғылым, білім, руханияттағы маңызы Кеңес дәуірінде дұрыс бағаланбады, ол қоғамда Ислам ғалымдарының ірі ғылыми жаңалықтары мен жетістіктерін тек материалистік жағынан ғана жақтау орын алып, дінге қатысты жақтары жасырылып, қайта оны дінге қарсы қоюға бағыт ұсталды. Сол бір атейстік идеологияның зардаптары енді - енді ғана жойылуда.
Қазір өркениетті елдер-дің ғалымдары «дін-ада-мның таным - түйсігінің дүние мен жаратылысқа деген көзқарасын айқын-дайтын аса күрделі де маңызды әлеуметтік - мәдени институт, ерекше қоғамдық сана», - деген пікірлер айтуда. Ал енді Ислам философиясының түсіндіруінше: «Дін деге-німіз - әлемді байланыстыратын күш Алланың барлығына сенім. Бүкіл әлемді және адамды жаратушы ие - Жалғыз Алла адам баласының жүрегін өзіне ұштастыра жаратады, яғни Жаратушының барына сеніп, оның ажырамас бөлшегі екенін әркім өз жүрегі арқылы сезінуге тиіс. Діннің басты мақсаты - адамның рухани жетілуі». Ал, Ислам дінінің қасиетті кітабы - Құран Кәрім барлық ғылымның қайнар көзі, адамды рухани кеме-лділікке жеткізетін Аллаһ сөзі.
Белгілі бір діннің мәнімен мағынасын түсін-діруге, уағыздауға арнал-ған кітаптар мен шығар-маларды - діни әдебиет-тер деп атайтыны белгілі. Ислам дініндегі ең басты діни әдебиет - Аллаһ Тағаланың Жәбірейіл пе-ріште арқылы сүйікті пай-ғамбары Мұхаммедке (с. ғ. с. ) бөлік-бөлігімен көктен түсіріп отырған 114 сүреден құралатын қасиетті Құран Кәрім. Кейін оған Құран Кәрімнің мәнін қосымша түсіндіріп, мұсылмандарға бағыт-бағдар беретін ережелер мен шешімдер қосылды. Олар: хадис, иджма, қияс деп аталады.
Құран Кәрім - адамзатты қараңғылықтан нұрға бастайтын құдайлық рахмет - мейірім көзі (худ, 17 аят), ол жеке адамдар мен қоғам үшін қажетті құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, саяси - басқару, этикалық-моральдық жүйелердегі негізгі қағидалар мен ұстанымдарды белгілеп беруші. Ақиқаттың ұлы Кітабы - Құран Кәрімнің әлемдік ғылымды дамы-туға, адамзат баласының дүниетанымы мен көз-қарасының қалыптасу-ына, рухани жан-дүние-сінің кемелденуіне тигіз-ген ықпалы, қосқан үле-сі, келешекте де атқара-тын қызметі өте сүбелі. Кезінде Париж Дәрігерлер Академиясының мүшесі, доктор Маурики Буалде былай деп жазған-ды: «Құрандағы ғылыми болжамдардың көпшілігі хазіреті Мұхаммед (с. ғ. с. ) дәуіріндегі білімдарлар деңгейімен салыстыруға келместей ерекше терең. Демек, оны адамзат еңбегінің туындысы деуақылға сыймайды. Сон-дай-ақ, Құран Алла тағала тарапынан уәхи болып түскен кітап еке-ніне ешбір шүбә болмасы анық. Сонымен қатар Алладан түскен күйде өзгерместен сақталғаныешбір шүбәсіз, біз бұғанкәміл сенеміз. Құранда адам қолынан келмейтін-дей оқиғалар баяндалуына да айрықша көңіл бөлген жөн». Ал енді екінші бір француз ғалымы әрі жазушысы доктор Морис Букель былай дейді: «Құранды түсіну үшін адамға энциклопедиялық білім керек. Ислам дінді де, ғылымды да бір-бірінен ешқашан ажырата қарастырмағанына мен енді таңқалмаймын. Өйткені қазіргі заманда ғылым қаншалықты биік жетістікке жетсе де, дінмен одақтас болып келеді. Тіпті ғалымдар кейбір нақты ғылыми жетістіктерді тереңірек түсіндіру үшін Құранның аяттарына жүгінеді».
Иә, әлемге әйгілі ғалымдардың өздері мойындап отырғанындай, Құран Кәрім - Аллаһ тағаланың сөзі, ол - бар ғылымның бастауы, дінсіз - ғылым соқыр. Олай болса, ғылым - Аллаһ тағаланың сипаты, шынайы діннің кепілі.
Өзінің өнерімен әуелі Англияға, сосын Еуропа мен Америкаға танылған Кэт Стивенс Құран Кәрімнің алғашқы сүресі Фатиханың тәпсірін оқы-ғаннан кейін оның Құдай сөзі екеніне иланып және бүкіл әлеммен байланысы бар екенін түсініп Ислам дінін қабылдайды . . . 17 жыл бойы еңбектеніп, араб және ағылшын тілінде «Соңғы пайғам-бардың өмірі» атты аль-бом шығарып, онда 66 минут бойы Ұлық пайғамбарымыздың (с. ғ. с. ) өмірін жырлайды. Және де ол мұсылман болғаннан кейін есімін Юсуф Ислам деп өзгертіп, «Юсуфтың бас июі» атты кітап жазады. Ол өзінің Аллаһтың ақ жолына түскені туралы былайша сыр шертеді:
« . . . Көпшілік әндерімді сүйіп тыңдайтын. Ән тас-паларым, күй табақта-рым көп сатылып, аз уақыттың ішінде байып кеттім. Мал-мүлік, атақ-даңқ, дүние ойын-сауық, қысқасы, адам армандайтын барлық қызықтың иесі едім. Бірақ ешқандай өзімді бақытты, сезінбедім. Нәпсінің жетегінде кетіп, ойыма келгенді істесем де жан-дүнием құлазып тұратын. Айналып келгенде, мұның бәрі рухани сұранысымды қана-ғаттандыра алмады. Ақиқатты және тура жолды іздей бастадым. Іздегенімді Ислам дінінен таптым.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz