Германиядағы тарихи мектептердің қалыптасуы



Германиядағы буржазиялық саяси экономиканың дамуы өзінің ерекшеліктерімен өзгешеленеді. Англия мен Францияға қарағанда мұнда классикалық саяси экономия өкілдері болған жоқ. Өнеркәсіптік даму жағынан да ол өзінің қарсыластары осы екі елге қарағанда артта қалды. Капиталистік өндірісті дамытушы өнеркәсіптік төңкеріс Германияда тек ХІХ ғасырдың 40-60 жылдарында ғана болды.
Германияда нарықтық шаруашылықтың дамуы франко – пруссия соғысынан кейін орын алды. Бұл кезде Эльзас пен Латорингияның өнеркәсібі дамыған аймақтары мен жерлерін қосып алған болатын. Дегенмен, осы кезеңде экономикалық дағдарсытардың жиі – жиі қайталануы себепті, экономикалық өсуде кедергілер көп болды, жұмыссыздық өсті, мүліктік, әлеуметтік теңсіздіктер, кәсіпорындардың монополиялануы орын алды.
Міне осындай жағдайда, ХІХ ғасырдың 40 – шы жылдары Германияда тарихи мектеп қалыптасты.
Фридрих Лист (1789-1846) XIX ғ. алғашқы жартысындағы буржуазиясының идеологы. Ол Оңтустік Германияның Рейтлинген қаласында қолөнерші отбасында дүниеге келген, негізгі еңбегі "Саяси экономияның ұлттық жүйесі" (1841) деген еңбегінде ол жекелеген елдердің экономикасы өз заңдарына сәйкес дамиды, сондықтан әрбір ұлттың өндіргіш күштерінің дамуына тиімді жағдай жасайтын "ұлттық саяси экономиясы", өздерінің экономикалық даму жолы, экономикалық саясаты болуы тиіс дегенді айтады. Осы пайымдамаға сәйкес барлық мүшелерін патриоттық байланыс арқылы біріктіретін ұлт дербес экономикалық субъект бола алады.
Фридрих Лист ұлттық экономиканы біртұтас "органикалық" жүйе тұрғысынан зерттеуді ұсынды. Бұл макроэкономикалық зерттеу тәсілін енгізуді білдірді. Лист жиынтық экономикалық шамаларды шын мәнісінде пайдаланды: жиынтық ұсыныс, ұлттық байлық, еңбек бөлінісінің қоғамдық деңгейі.
Лист "Саяси экономияның ұлттық жүйесі" еңбегінде ұлт байлығы мен тұрмыс деңгейі өндірілген тауар игіліктерінің санымен емес, ұлттың өндіргіш күштерінің даму көрсеткіштерімен анықталады деп пайымдады. Өндіргіш күштерге ол "ұлт байлығын" көбейтуге, экономикалық өсуге қолайлы қоғамдық жағдайлардың жиынтығын жатқызды.

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Германиядағы тарихи мектептердің қалыптасуы.
Германиядағы буржазиялық саяси экономиканың дамуы өзінің
ерекшеліктерімен өзгешеленеді. Англия мен Францияға қарағанда мұнда
классикалық саяси экономия өкілдері болған жоқ. Өнеркәсіптік даму
жағынан да ол өзінің қарсыластары осы екі елге қарағанда артта қалды.
Капиталистік өндірісті дамытушы өнеркәсіптік төңкеріс Германияда тек ХІХ
ғасырдың 40-60 жылдарында ғана болды.
Германияда нарықтық шаруашылықтың дамуы франко – пруссия соғысынан
кейін орын алды. Бұл кезде Эльзас пен Латорингияның өнеркәсібі дамыған
аймақтары мен жерлерін қосып алған болатын. Дегенмен, осы кезеңде
экономикалық дағдарсытардың жиі – жиі қайталануы себепті, экономикалық
өсуде кедергілер көп болды, жұмыссыздық өсті, мүліктік, әлеуметтік
теңсіздіктер, кәсіпорындардың монополиялануы орын алды.
Міне осындай жағдайда, ХІХ ғасырдың 40 – шы жылдары Германияда тарихи
мектеп қалыптасты.
Фридрих Лист (1789-1846) XIX ғ. алғашқы жартысындағы буржуазиясының
идеологы. Ол Оңтустік Германияның Рейтлинген қаласында қолөнерші отбасында
дүниеге келген, негізгі еңбегі "Саяси экономияның ұлттық жүйесі" (1841)
деген еңбегінде ол жекелеген елдердің экономикасы өз заңдарына сәйкес
дамиды, сондықтан әрбір ұлттың өндіргіш күштерінің дамуына тиімді жағдай
жасайтын "ұлттық саяси экономиясы", өздерінің экономикалық даму жолы,
экономикалық саясаты болуы тиіс дегенді айтады. Осы пайымдамаға сәйкес
барлық мүшелерін патриоттық байланыс арқылы біріктіретін ұлт дербес
экономикалық субъект бола алады.
Фридрих Лист ұлттық экономиканы біртұтас "органикалық" жүйе тұрғысынан
зерттеуді ұсынды. Бұл макроэкономикалық зерттеу тәсілін енгізуді білдірді.
Лист жиынтық экономикалық шамаларды шын мәнісінде пайдаланды: жиынтық
ұсыныс, ұлттық байлық, еңбек бөлінісінің қоғамдық деңгейі.
Лист "Саяси экономияның ұлттық жүйесі" еңбегінде ұлт байлығы мен
тұрмыс деңгейі өндірілген тауар игіліктерінің санымен емес, ұлттың өндіргіш
күштерінің даму көрсеткіштерімен анықталады деп пайымдады. Өндіргіш
күштерге ол "ұлт байлығын" көбейтуге, экономикалық өсуге қолайлы қоғамдық
жағдайлардың жиынтығын жатқызды.
Лист меркантилистердің "белсенді сауда балансын" жақтайды. Ел неғұрлым
бай әрі әлді болса, соғұрлым сыртқа өнеркәсіп өнімдерін көптеп шығарады,
сол үшін ұлттың өнеркәсібін дамыту қажеттігін айта келіп. негізгі, шешуші
өндіргіш күштерге өнеркәсіпті жатқызады.
Өнеркәсібі дамыған елдерге талдау жасай отырып, Лист шаруашылық
дамудың бес сатысы туралы ілімді қалыптастырады, жабайылық, мал бағу, жер
өңдеу, жер- мануфактуралық, мануфактуралық-саудалық. Соңғы сатыны ол
экономика жүйенің үйлесімді дамуын білдіреді, себебі ауыл
шаруашылығы, өнеркәсіп және сауданың бірігуі қоғамда еңбек бөлінісі мен
ұлттық өндіргіш күштердің жетілуін қамтамасыз етеді деп есептеді. Бірақ бұл
жетістіктердің Лист протекционистік саясат пен экономикаға мемлекеттің
араласуынсыз жүзеге аспайтындығын жақсы түсінді.
Ол протекционизм саясатын ішкі рынокта шамамен қолдануды, оны тек
сыртқы сауда саласында белсенді қолдану: арқылы ішкі рынокты дамытып, елді
артта қалушылықтан шығаруға болатындығын ұсынды. Экономикалық
либерализмнің де біртіндеп, өндіргіш күштердің дамуына қарай жүзеге асуы
керектігін ескертті.
Сол кездегі дамыған елдердің экономикалық сатысына жеткендігін оған
Францияның жақын келгендгі пен Германияның төртінші сатыға жету жолында.
ал үшінші сатыда Испани.я, Португалия, Италияның турғандығын пайымдайды.
Лист дамудың әрбір сатысында мемлекеттің өндіргіш күштерді дамытудың
басты мақсатына сай сыртқы экономикалық саясатжүргізе білуі туралы пікірді
ұсынады.
Лист үкіметтің орталықтануы, неміс жерлерінің бір тұтастығы үшін
күресуші, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, сауданың негізінде ішкі рыноктың
даму қажеттілігін көрсетті.
Ол 1819 жылы Германияның біртұтастығы үшін күрес мақсатында "сауда-
өнеркәсіп одағын" ұйымдастырды, 1832 жйлы Лейпцигтегі АҚШ елінің консулы
бола отырып Германияда Лейпциг-Дрезден темір жолы құрылысының акционерлік
қоғамын құрады. Транспортты, әсіресе темір: жолдарды дамыту арқылы ол
экономикалық прогрестің болашағын көрді. Листің барлық ұмтылысы Германияның
тәуелсіздігі мен қуаттылығы үшін ірі өнеркәсіпті құруға дамытуға
бағытталды.
Идеялары ғылыми көзқарастары дамушы экономикалық өсу жолында болатын
кедергілік жерді болдырмау мен ынталандыру бағытындағы талдаулармен
ерекшеленеді. Оның "өндіргіш күштер" теориясы концепциялары дамушы елдердің
зкономикалық және тарихи дамуындағы артта қалуды жою жолдарын көрсетуде өз
үлестерін қосты.
Ф.Листің негізгі идеялары "ескі" тарихи мектептің ядросына айналған
Вильгельм Рошер (1817-1894), Бруно Гильдебранд %1813-1878), Карл Книсстің
(1821-1 898) еңбектерінде жалғасын тапты.
Бұл тарихи мектептің өкілдері бірінші кезекке ұлттардың табиғи
айырмашылықтарын ерекшеліктерін алға тартады.
В.Рошердің пайымдауынша елдердің табиғи айырмашылығы және қабілеті,
әдет-ғұрыптары, дағдылары, даму көрсеткіштері арқылы көрінетін жекелеген
ұлттардың ерекшеліктері олар үшін біртұтас шаруашылық жүйесінің болуы
мүмкінідігін жоққа шығарады. Барлық, әлемге ортақ жалпы көйлек тігілмейтін
сияқты, халықтар үшін бір экономикалық идеал болмайды",- деп жазды ол яғни
барлығы үшін біріңғай саяси экономия жоқ, көптеген ұлттық ғылым бар дегенді
айтады. 1843 жылы В Рошердің "Тарихи тәсіл көзқарасы тұрғысындағы саяси
экономия очеркі" еңбегі жарық көрді.
Б. Гильдебранд классиктердің абстрактылы тәсіліне өзінің эмпирикалық
зерттеу тәсілін, яғни статистикалық және тарихи деректерді жинақтау тәсілін
қарсы қойды. Ол экономикалық дамудың үш фазалы схемасын ұсынды. Біріншісі-
табиғи немесе натуралды шаруашылық. Бұл фазада айырбас мүлдем жоқ немесе
айырбас ақшаның көмегінсіз жүреді. Екіншісі- ақша айналымы шаруашылығы.
Ақша айырбастың қажетті делдалдық құралы болып табылады. Үшіншісі- кредит
(несие) шаруашылығы. Мұнда ақша айырбастың делдалдық құралы рөлін атқарады.
Айырбас ақшаның қатынасуынсыз, кредиттің көмегімен жүреді. Үшінші фазадағы
шаруашыпық - шаруашылықтың ең жоғарғы типіне жатады, себебі мұнДй белсенді
адамдар үшін барлық мүмкіндіктерге, шаруашылық субъектілері үшін
экономикалық белсенділіктегі дамытуға ашылады капиталды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Германиядағы «ескі» және «жаңа» мектептердің қалыптасуы
Германиядағы әлеуметтiк педагогтарды дайындаудың ерекшелiктерi
Салыстырмалы педагогика пәнінен дәрістер
17 ғасырдың музыкалық мәдениеті
Бастауыш мектепте экологиялық білім мен тәрбие берудің әдіс-тәсілдері
Жалпы білім беретін мектептерде оқушыларға экологиялық білім және тәрбие беру
Жаппай сауатсыздықты жою және халыққа білім беру
12 жылдық білім беру
Әлемдегі ең үздік білім беру жүйелері
Лев Николаевич Толстойдың /1828-1910/ педогогикалық қызметi мен көзқарасы
Пәндер