Саңырауқұлақтар және микрорганизмдермен зақымданған азықтардың құрамына байланысты жануар организміндегі биологиялық үрдісті талдау. Улы өсімдіктермен уланудан сақтандыру іс-шаралары



I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
 Саңырауқұлақтар және микрорганизмдермен зақымданған азықтардың құрамына байланысты жануар организміндегі биологиялық үрдісті талдау.
 Улы өсімдіктермен уланудан сақтандыру іс.шаралары
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
Жануарлар көптеген жағдайларда саңырауқұлақтардан улануы мүмкін. Қорда сақталатын мал азықтарының зең және басқа да саңырауқұлақтардың түрлерімен зақымданатыны жиі кездесетін жағдай. Ондай ортада әртүрлі микроорганизмдердің де өсетіні сөзсіз. Мал азықтары көптеген жағдайларда малдардың улануының көзі болып табылады. мұндай зақымдану өсіп тұрған өсімдіктерде немесе дайындалып, қорда сақталатын азықтардаа жиі кездеседі. Бұл азықтардың зиянды әсерлерін төмендегідей жағдайлармен түсіндіруге болады:
1. Саңырауқұлақтар мен микроорганизмдердің даму барысында улы заттар түзіледі;
2. Олардың әсерінен бүлінген өсімдіктердің бөліктерінде шіру процесін қолдайтын қоздырғыштар дамып, өздерінің улы заттарын бөледі;
3. Организмге түскен кейбір зең саңырауқұлақтары ағзалар мен тіндерде тоғышарлық етеді де, олардың негізгі қызметтерін бұзады.
Саңырауқұлақтардың әсерінен мал организмінде туындайтын ауруларды микотикалық аурулар деп атайды. Олар микоздар және микотоксикоздар болып бөлінеді.
Микозда мал организміне азықпен түскен саңырауқұлақтар ағзалар мен тіндерде өсіп, көбейеді де, организмге жергілікті және жалпы әсер етеді. Ал миктоксикозда олар ағзалар мен тіндерде тоғышарлық етпейді, олардың бөліп шығаратын улы заттары әсер етеді.
Малдар үшін қауіпті саңырауқұлақтардың қатарына зең, тотық, қаштауыш саңырауқұлақтары, стахиботрис және т.б. жатады.
Зең саңырауқұлақтарымен зақымданған азықтармен улану
Зең саңырауқұлақтарының ішінде қалталы, жасыл және басты саңырауқұлақтар мал азықтарын жиі жарақаттайды. Әсіресе ылғалдылығы жоғары және ауа жеткіліксіз жерлерде сақталатын азықтар, олардың ішінде әсіресе бұршақ тұқымдас өсімдіктердің шөбі мен сабаны, жиі зақымданады. Ондай азықтардың түсі қараяды, жағымсыз иіс пайда болады, қышқылдығы жоғарылайды.
Зең саңырауқұлақтарының кейбір түрлерінің улы заттары алкалоидтар болып келеді. Көбінің улылығының негізі жете зерттелмеген. Бірақ та, саңырауқұлақтардың зат алмасу процесін бұзатынын, соның салдарынан организмде улы заттардың түзілетінін, зең саңырауқұлақтарымен зақымданған азықтарды шіру процесін қолдайтын қоздырғыштардың тез дамитынын естен шығармау керек. Сондай ақ, зең саңырауқұлақтарының улылығы тек олардың спора түзетін кезінде болатынын ескерген жөн.
1. «Малдың азықтан уланулары» К.Н.Қожанов ,С.О.Балтыбеков 2008ж
2. «Ветеринария» журналы 2002ж,13-15б
3. «Токсикология»» Қорабаев Е.М. Алматы -2011

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

СӨЖ
Тақырыбы: Саңырауқұлақтар және микрорганизмдермен зақымданған азықтардың құрамына байланысты жануар организміндегі биологиялық үрдісті талдау. Улы өсімдіктермен уланудан сақтандыру іс-шаралары

Тексерген: Жакиянова М.С.
Тобы:ВС-403
Орындаған:Байзақ Н.С.

Семей 2017

ЖОСПАР:

Кіріспе
Негізгі бөлім
Саңырауқұлақтар және микрорганизмдермен зақымданған азықтардың құрамына байланысты жануар организміндегі биологиялық үрдісті талдау.
Улы өсімдіктермен уланудан сақтандыру іс-шаралары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Жануарлар көптеген жағдайларда саңырауқұлақтардан улануы мүмкін. Қорда сақталатын мал азықтарының зең және басқа да саңырауқұлақтардың түрлерімен зақымданатыны жиі кездесетін жағдай. Ондай ортада әртүрлі микроорганизмдердің де өсетіні сөзсіз. Мал азықтары көптеген жағдайларда малдардың улануының көзі болып табылады. мұндай зақымдану өсіп тұрған өсімдіктерде немесе дайындалып, қорда сақталатын азықтардаа жиі кездеседі. Бұл азықтардың зиянды әсерлерін төмендегідей жағдайлармен түсіндіруге болады:
Саңырауқұлақтар мен микроорганизмдердің даму барысында улы заттар түзіледі;
Олардың әсерінен бүлінген өсімдіктердің бөліктерінде шіру процесін қолдайтын қоздырғыштар дамып, өздерінің улы заттарын бөледі;
Организмге түскен кейбір зең саңырауқұлақтары ағзалар мен тіндерде тоғышарлық етеді де, олардың негізгі қызметтерін бұзады.
Саңырауқұлақтардың әсерінен мал организмінде туындайтын ауруларды микотикалық аурулар деп атайды. Олар микоздар және микотоксикоздар болып бөлінеді.
Микозда мал организміне азықпен түскен саңырауқұлақтар ағзалар мен тіндерде өсіп, көбейеді де, организмге жергілікті және жалпы әсер етеді. Ал миктоксикозда олар ағзалар мен тіндерде тоғышарлық етпейді, олардың бөліп шығаратын улы заттары әсер етеді.
Малдар үшін қауіпті саңырауқұлақтардың қатарына зең, тотық, қаштауыш саңырауқұлақтары, стахиботрис және т.б. жатады.
Зең саңырауқұлақтарымен зақымданған азықтармен улану
Зең саңырауқұлақтарының ішінде қалталы, жасыл және басты саңырауқұлақтар мал азықтарын жиі жарақаттайды. Әсіресе ылғалдылығы жоғары және ауа жеткіліксіз жерлерде сақталатын азықтар, олардың ішінде әсіресе бұршақ тұқымдас өсімдіктердің шөбі мен сабаны, жиі зақымданады. Ондай азықтардың түсі қараяды, жағымсыз иіс пайда болады, қышқылдығы жоғарылайды.
Зең саңырауқұлақтарының кейбір түрлерінің улы заттары алкалоидтар болып келеді. Көбінің улылығының негізі жете зерттелмеген. Бірақ та, саңырауқұлақтардың зат алмасу процесін бұзатынын, соның салдарынан организмде улы заттардың түзілетінін, зең саңырауқұлақтарымен зақымданған азықтарды шіру процесін қолдайтын қоздырғыштардың тез дамитынын естен шығармау керек. Сондай ақ, зең саңырауқұлақтарының улылығы тек олардың спора түзетін кезінде болатынын ескерген жөн.
Көгерген азықтармен улану жылқыларда жиі, ал ірі қара мен қойлардың арасында сирек кездеседі. Тауықтар, қаздар, үйректер де уланады.
Зақымданған азықтың улылығы зең саңырауқұлақтарының түріне, вируленттілігіне, мал организмінің резистенттілігіне, азықтың зақымдану деңгейіне, малдың оған дейінгі азықтануына және т.б. жағдайларға тікелей байланысты болады. Осыған байланысты уланудың белгілері де сан алуан болып келеді. Нақтылы диагноз қою үшін малдың азығын мұқият тексеру керек.

Улану жылқыларда үш түрлі болып келеді: өкпелердің, ішектердің және мидың басымырақ зақымдануларына байланысты. Негізгі клиникалық өзгерістер жіті түрдегі гастроэнтеритпен ауыр түрдегі жүйке жүйесінің қызметінің бұзылуының төңірегінде сипатталады. Уланған мал азық қабылдамайды, ауыз қуысынан сілекей ағады, жұтқыншақтың тұсында ауырсынғандық байқалады, мойын тұсындағы лимфа түйіндері ұлғаяды, бас пен мойын бұлшықеттері тартылады, іші өтеді, нәжіс жағымсыз иісті, дем алысы жиілейді, тамыр соғысы әлсіз, дене қызуы көтеріледі, бүйректер мен қуық қабынады, артқы жағы салданады, мал шатқаяқтап қозғалады, көздің қарашығы ұлғаяды.
Сиырлардың іші кебеді, сүт бермейді. Буаздығының соңғы айларында уланған аналық малдарда іш тастау байқалады. Уланудың жіті және созылмалы түрлерін ажыратады.
Зең саңырауқұлақтарымен уланулардың ішінде жылқылыар мен шошқаларда аспергиллотоксикоз жиі анықталады.
Өлекседегі өзгерістер. Жіті түрде уланған жылқының өкпелері ісінген, ас қорыту жүйесінің ағзаларында геморрагиялық қабыну, нефрит, цистит, бауырдың сары атрофиясы, көкбауырда нүктелі геморрагия.
Шошқаларда геморрагиялық диатездің белгілері анықталады, ас қорыту жүйесінің ағзаларында катаральді қабыну, паренхимотозды ағзаларда дистрофиялық өзгерістер.
Емі. Уланған малдарда емдеу таза ғана клиникалық белгілеріне қарсы жүргізіледі. Бірінші кезекте ондай азықты рационнан алып тастайды. Одан кейін уланған малдың ас қорыту жүйесін тазалап, жуады. Ол үшін зонд, жылы су, зарарсыздандыратын әлсіз концентрациялы ерітінділер, іш өткізетін дәрілер қолданады. Кілегейлі тұнбалар, байланыстырғыш дәрілік заттар кеңінен пайдаланылады. Керек болған жағдайда жүректің жұмысын жақсартатын препараттар қолданылады.
Сақтандыру шаралары. Көгеріп, бұзылған азықтарды малға бермеу керек. Немесе өте сақтықпен қолданған жөн. Мал азығы аздап зақымданған кезде ол азықты араластырып, қағып, сілкіп, күн көзіне кептіргеннің өзі жеткілікті болуы мүмкін. Зақымданған азықты известтің ерітіндісімен өңдегенде зарарсыздандырылып қана қоймайды, сонымен қатар оның жұғымдылығы артады.
Кейбір жағдайд биологиялық бақылау жүргізіп алуға болады. Ол үшін онша құнды емес бірнеше бас малға бірнеше күн азықты береді де, клиникалық бақылау жасайды.
Жалпы мал азығын дайындау кезінде оның технологиясын дұрыс сақтағанда онда зең саңырауқұлақтарымен зақымдану болмайды.

Спорыньямен улану
Мұндай улану қалталы саңырауқұлаққа жатады. Бұл саңырауқұлақ мәдени дәнді дақылдар мен шабындықтарда өсетін дәнді өсімдіктерді зақымдайтын өте қатал тоғышар. Дәнді дақылдардың ішінде қара бидай жиі зақымдалынады. Сондай дақылдардың диірмен қалдықтарымен малдарды азықтандырғанда улану байқалады. Өсімдік жауынды жылдары көп өседі, малдардың онымен улануы жиі кездеседі. Егістіктерде агротехникалық іс шараларды дұрыс жүргізгенде дәнді дақылдардың зақымдануы да аз болады.
Малдарға спорыньяның алты жұп алкалоиды улылық әсер етеді. Олар: эргокристин, эргокриптин, эргокорнин, эрготамин, эргозин және эргометрин. Алкалоидтардың жинақталуы біркелкі болмайды. Оған сыртқы факторлар әсер етеді. Сондықтан оның улылығы әр кезде әр түрлі болып келеді.
Малдардыі ішінде шошқалар, ірі қара малдары және құстар сезімтал болып келеді. Малдар негізінен тспорыньямен ластанған ұнмен, кебекпен, астық қалдықтарымен азықтанғанда уланады. Ал төлдер аналық малдың сүті арқылы да улынуы мүмкін.
Спорыньямен уланғанда пайда болатын ауру эрготизм деп аталады. Оның жіті және созылмалы түрлері бар. Жіті түрінде негізгі клиникалық өзгерістер ас қорыту және жүйке жүйелері жағынан болады. Ауыр жағдайда уланған мал тез арада өліп кетуі мүмкін.
Уланудың созылмалы түрінде шеткері ағзаларда құрғақ гангрена дамиды: құстардың айдаршасы мен сырғасы, ірі қараның құлағы, аяқтарының бақайлары, құйрығының үші, емшектері өлі еттенеді, артынан түсіп қалады. Терілердің кейбір жерлерінде де болады.
Емі. Малдың рационын тазалайды. Жылқылардың асқазанын сумен, таниннің ертіндісімен жуады. Іш өткізетін, құстыратын препараттарды қолданады. Кілегейлі қайнатпаны, байланыстыратын заттарды береді. Уланудың клиникасына қарсы: дірілдеп қалшылдауға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Уланған кездегі ветеринариялық-санитариялық шаралар
Токсикологиялық мэні жэне мөлшері
Токсикологиялық талдаудың негізгі тексеру әдістері жайлы
Химиялық заттардан уланулар
Улы заттардың жіктелуі
Ағзадан удың бөлінуі
Уытты заттар мен уланудың классификациясы
Организмде витамин жеткіліксіздігін тудыратын өсімдіктермен улану
Улану түрлері
Удың ағзаға ену жолдары
Пәндер