Мәліметтер базасын жобалау процесі


Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:
Мәліметтер базасын жобалау процесі
Мәліметтерсіз жобалау бұл ұзақ және жұмысты көп қажет ететін процесс. 500 немесе одан да көп элементтерден тұратын үлкен МБ-ын жобалау, әдетте бірнеше ай, кей жағдайларда жылдарға созылуы мүмкін. Қазіргі кезеңге дейін МБ-ын жобалау ғылым емес, өнер болып қалуда.
МБ-ын жобалаушының негізгі ресурстары - оның интуициясы мен тәжірибесі. Алайды, бұдан алынатын нәтиженің сапасы күмәнді десек болады. Көптеген дайын жүйелердің ақау тұстары МБ-ның құрылымы болып табылады. Жобалаудың негізгі проблемасы мәліметтер элементтерінің тағайындауын анықтауында. Бұл проблеманы шешкеннен кейін де құрылым процесінің қиындығынан қанағаттандыратын мәліметтер құрылымын алу қиын. Жобаланған құрылымды қанағаттандыратын негізгі критериялар, ол қосымшаның функционалды талаптарының қамсыздандыруы және жүйенің жоғары өнімділігі. МБ алынған қажетті мәліметтерді және олардың эффективті өңдеуін қамтамасыз ету керек. Нашар жобаланған МБ қолданбалы программа процесін қиындатуы мүмкін және қажетті ақпаратты алуға қажет программадағы қиындау логикасының іске асуын талап етуі мүмкін. Бұл өз кезегінде ақпараттық жүйені іске асыру кезіндегі уақыт пен еңбек көлемін өсіреді және эксплуатация процесінде өңдеу уақытының өсуіне алып келеді.
МБ-ның аса маңызды аспектілері мәліметтердің бүтінділігі және сәйкестілігі; мәліметтердің бұзылуы және кенет жоғалуы болмауы керек, сонымен пайдаланушы өзіне қажетті мәліметтерді алу үшін қайталанылатын мәліметтер жасаудың бір деңгейіне сәйкес болуы керек. МБ сапасының маңызды критерийсіне қорғауды қамсыздандыру және мәліметтер құпиялылығы жатады: мәліметтер санкциондалмаған қол жетерлік қорғалуы қажет. МБ кеңейтілу қасиетіне және мәліметтерге қатысты өзгертілетін талаптарды қамсыздандыру мүмкіншілігіне ие болуы керек. Осы және одан басқа МБ-н жобалауға қатысты көріністер бір-біріне қарама-қайшы талаптарды көрсетеді, және жобалаудың автоматтандырылған процедураларын қолдану жобалаушыға көптеген конфликті жағдайларды білуге және олардың шешімін МБ-н жобалау біткенге дейін табуға көмектеседі.
МБ құрылымының негізгі нашар ақырғы МБ-нің жұмысқа жарамсыз екендігін байқағаннан кейін оның қайта құрылуына жұмсалатын шығындардың көп болуы. Мысалға, DL/1 МБ үшін логикалық құрылымды өзгерту (яғни, иерархиялық құрылымның, сегменттер өлшемін және олардың құрылымын логикалық байланыстарды және екінші индекстерді өзгерту), әдетте қолданбалы программаның өзгеруіне және МБ-н қайта ұйымдастыруға алып келеді. Сондықтан жобалаушы барлығын бірінші реттен дұрыс жасауы тиіс. Физикалық құрылымының өзгеруі (қол жетерлік методы, блоктың өлшемі, мәліметтер жинағының топтары, қолданылатын көрсеткіштер т. б. ), әдетте дайын жобаны аз дәрежеде қозғайды. Бұл жағдайларда қолданбалы программалар өзгермейді, бірақ МБ-н қайта ұйымдастыру керек. Жобалаушының кейбір параметрлерін, мысалға, сегменттерді қосу, өшіру және өзгерту, МБ-ның өлшемі индекстердің физикалық орналасуы және тағы басқалары қолданбалы программаның өзгеруіне және МБ-ның қайта ұйымдастыруына алып келмейді. Жобаға тиянақты анализ жасау мүмкіншілігін қамтамасыз ететін автоматтандырылған жобалаудың жүйелендірілген құралдарының болуы параметрлердің нәтижеленетін құрылымға және программалық құралдарға мүмкін болатын өзгерістердің әсер етуінің азаюына алып келуі керек.
Әдетте эффективті МБ-н жобалауға келесілер кедергі келтіреді:
- мәліметтерге терең анализді талап етудің жеткіліксіздігі ( сонымен қатар аттар семантикасы және мәліметтердің өзара байланысы) ;
- қолмен өңдеудегі жалықтыратын және қиын жасалатын құрылу процесінің ұзақтығы;
- жобалау барысындағы жүйе өнімділігімен байланысты қиындықтар;
- техникалық құралдармен қолданылатын уақыттық шектеулер .
Бұл кедергілерді жою автоматтандыру құралдарын қолданатын МБ-н жобалаудың жүйелендірілген поцедурасын қабылдайды.
Жобалаудың мақсаттары
Ережелер, құралдар және поцедуралардың бір жиынтығын көрсететін МБ-н жобалау методологиясы жобалау уақытын азайтуға және оның сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Автоматтандырылған процедураларды қолдану нәтижесінде қажетті жобалау информациясы жобалаушыға жобалаудың ерте кезеңінде және кең көлемде алуына қол жетерлік болады. Жобалау кезінде қолдық (ручные) методтарды қолдану кезінде әдетте «ағаштар артынан орманды көру» қиын, ал кей кезде «ағаштардың» өзін көру қиын болады. Жобалаудың автоматтандырылған құралдары бұл мәселені шешуге көмектеседі.
Сонымен, МБ-н жобалаудың автоматтандыру мақсаттары келесідей:
- жобалаудың жоғары сапасын қамтамасыз ету;
- жобалау уақытын қысқарту.
Нақтырақ айтқанда аз уақыт ішінде жақсы ойластырылған, кеңейетін және бүтінділік қасиеттеріне ие МБ-н құру.
Жобалау методы
МБ-н жобалау процесінде жобалаушыны жалықтыратын жұмыстардан босату үшін және қажетті жобалық ақпаратты алу үшін жобалаудың көптеген процедураларын автоматтандыру керек. Құрылатын құрылымның редакторлау этапында берілетін қалыптар жобалаушыға мәліметтер элементтерінің аттарын стандартизациялауға және олардың тағайындауын анықтауда көмегін қамтамасыз етеді. Логикалық құрылымдау процесінде диагностикалық қалыптар көмегімен альтернативті шешімдер, пропусктар, мәліметтер элементтерінің келісілмеген характеристикалары шығады. Жобалау кезеңінде алынатын жүйе өнімділігінің бағасы жобалаушыға әр түрлі құрылым түрлерін таңдауына көмек береді, жобалау процесі қалыптасқан жағдайға байланысты құжаттамаларды алумен қатар жүреді.
МБ-н жобалау этаптары
1. 1 суретінде МБ-н жобалау процедурасының жиынтығы көрсетілген. Процесс 3 тәуелсіз этапын қамтиды . Концептуальды жобалау кезінде мәліметтердің жиыны, анализі және редакторлау талаптары қойылады. Логикалық жобалау процесінде мәліметтерге қойылатын талаптар МББЖ-мен қолданылатын құылымға айналады . Физикалық жобалау этапында жүйе өнімділігі, мәліметтерді сақтау құылымының анықталуы және қол жетерлік методтары айқындалады.
Жобалаудың әр этапы нәтижесінде модель алынатын итеративті процедуралардың жиынтығы ретінде қарастырылады. Біз концептуальды модельді жобалаудың концептуальды этапында құрылатынын, логикалық модельді жобалаудың логикалық этапында және физикалық модельді жобалаудың физикалық этапында құрылатынын айтамыз. Барлық процесс итеративті болып келеді. Физикалық немесе логикалық жобалау этапында алынған жобалау нәтижелері жобаланатын жүйенің талап ететін қасиеттерін камтамасыз ету үшін итерацияның қайталануы мен өзгерісін талап етуі мүмкін.
Жобалау процесінің көптеген процедуруларының автоматтандырылғанына қарамастан, адамның бұған активті қатысуы керек.
Итеративті процедуралар жобалаушылар мен ақырғы қолданушылар арасында диалогтың болуын талап етеді. Ал жақсы ойластырылған автоматтандыру диалог процесінде талқыланатын және шешілетін проблемаларды түсінуге көмектеседі.
1. 2 суретінде жобалаушының шешім қабылдау моменттері және итеративті процедурулардың кезектілігі жекелеген түрде көрсетілген.
Мүмкін болатын нәтижелер
Жобалаушының мүмкін болатын методология мен арнайы жобалау құралдарын қолдануы жоғарыда айтылған мәселелерді шешуге көмек береді. Бұл құралдардың көбісі программды түрде іске асқан: олар жобалаушыға жобалаудың процесін жеңілдетеді және жобалау құрылымының терең анализін алуына әсерін тигізеді.
Методология мен жобалаудың автоматтандырылған құралдарын қолдану нәтижесінде:
- жобалау сапасының жоғарылауы қосымша спецификациясының терең анализі есебінен мәліметтер талаптарындағы қателіктердің, келіспеушіліктердің және рұқсаттардың жойылуы; шектен көп ассоциациялардың жойылуы; мәліметтер элементтерінің шектен көптік идентификациясы жобалаушының шешім қабылдауын талап ететін құрылымның варианттар идентификациясы; өнімділік анализ; оқыту құралдарының бар болуы.
- жобалау уақытын үнемдеу: итерация санының азаюы; әр итерацияны істеу кезіндегі уақыттың азаюы; нәтижелердің құжаттануы.
Жобалаудың қосымша аспектілері
Жоғарыда келтірілген түсініктерге және жобалаудың автоматтандырылған процедураларына қосымша практикада нақты мәлімет базасын құру кезінде басқа да проблемалар туындайды. Біз осындай екі проблемены қарастырамыз: сөздіктер жүйесімен интерфейс және өңдеушілердің МБ-н жобалаудың автоматтандырылған жүйесімен байланыс тілі. Екінші жағдайда да көрсетілген материал толықтылыққа және аяқталғандыққа үміттенбейді.
Сөздіктер жүйесімен интерфейс
Әдетте сөздіктер жүйесі бар МБ-нда мәліметтер элементтері жайлы ақпаратты сақтауға арналған құрал ретінде қолданылады. Мәліметтерді суреттеуді сақтаушы ретінде сөздік мәліметтер элементтерінің аттарын, оның характеристикасын (ұзындығы, формат және т. б. ) және оның мағынасын сөзбен суреттеу. Бақылау және бірдей мәлімет элементтерінің альтернативті атауларды (синонимдер) өңдеу, мәліметті қолданушы жайлы және оның құпиялылығы жайлы ақпаратты сақтау, мәліметтердің жаңаруын бақылау қарастырылған. Бұдан басқа, мәліметтердің программамен және программа иесімен байланысатын ортаның мәліметтерді қолдану жайлы ақпарат сақталынады. Бұл мәлімет базасын өзгерту кезінде қозғалатын тұлғалар тізімін алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар МБ-ның құрылымын суреттеу сақталынады. IMS МББЖ үшін бұл сипаттама мәлімет элементтерінің сегментіне, сегменттердің физикалық МБ-на, физикалық МБ-ның логикалыққа кіруі жайлы ақпаратты құрайды. Яғни, сөздік физикалық және логикалық МБ-н сипаттау генерациясы үшін барлық қажет ақпаратты құрайды. Сөздік жүйесі мен МБ-н жобалау жүйесінің автоматизациясы бір-бінімен тығыз байланысқан. Екі жүйе де мәлімет элементтерінің характеристікасы мен сипаттамасымен, сол элементтерден және олардың байланысымен құрастырылған логикалық құрылыммен жұмысы бар. Сөздіктер жүйесі жобалаудың автоматтандырылған жүйесіне кіру мәліметтерін ұсына алады, ал жобалаудың жүйесі өздерінің нәтижелерін сөздікте сақтай алады.
Сөздік жүйесі мен МБ-н жобалаудың автоматтандырылған жүйесінің арасындағы интерфейс 3 аймақты қамту керек:
- мәліметтерді енгізу және редакторлау;
- логикалық модельдердің құрылымын анықтау;
- физикалық модельдеудің құрылымын анықтау.
Мәліметтерді енгізу және редакторлау
Мәліметтерді енгізу.
Жобалаудың автоматтандырылған процедураларына қажет және сәліметтер талаптарын қамтитын ақпарат қазіргі заманғы коммерциялық сөздіктер жүйесінде сақталатын толық (меншік) ақпаратты білдіреді. ҚҰрылымдық емес мәліметтер элементтерінің сәйкесінше локальдік көріністермен байланысын орнатып, сипаттамаға құрылымдық емес мәліметтер элементтерінің жұптық байланысы мен оның пайдалануының қатысты жиілігінің арасындағы типтік ассоциацияны қоссақ, онда сөздік сипаттама кірістік мәліметтің жобалаудың автоматтандырылған процедурасын қамтамасыз ете алатын еді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz