Жасөспірімдердің тұлғалық дамуының теориялық негізі


МАЗМҰНЫ:
Кіріспе . . . 4-6
1 ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ТҰЛҒАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
1. 1 Жасөспірімдердің психологиялық дамуындағы өзгешеліктері . . . 7-13
1. 2 Жасөспірімдердің психологиялық дамуындағы өзгешеліктері . . . 14-16
1. 3 Жасөспірімдердің әлеуметтік психологиялық бейімделуі . . . 16-24
2 ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ИНТИМДІ-ТҰЛҒААРАЛЫҚ ҚАРМЫ-ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2. 1 Жасөспірімдердің тұлғааралық қарым-қатынасының қалыптасу ерекшеліктері . . . 25-29
2. 2 Жасөспірімдердің психологиялық дамуындағы интимді-тұлғааралық қарым-қатынасының рөлі . . . 30-39
2. 3 Жасөспірімдердің интимді қарым-қатынасында кездесетін проблемалар . . . 40-48
3 ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДАМУЫНДАҒЫ ИНТИМДІ-ТҰЛҒААРАЛЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫНЫҢ РӨЛІН АНЫҚТАУДАҒЫ ІС-ТӘЖІРИБЕЛІК ЖҰМЫСТАРЫ . . . 49-73
Қорытынды . . . 74-75
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 76-79
Қосымшалар
Кіріспе
Зерттеудің көкейкестігі. Қазақстанның қазіргі даму кезеңі қоғам өмірінің барлық саласындағы терең өзгерістермен сипатталады. Осыған орай қазіргі заман адамға: өз іс-әрекетіне жауапты болу, әлеуметтік өзгерістер жағдайына тез бейімделе отырып, байыпты шешім қабылдай білу және т. с. с. жаңа талаптар қоюымен ерекшеленеді.
Қазақстан Републикасының дамып келе жатқан елдердің қатарына қосылу мақсатында, қазіргі жасөспірімдердің саналы азамат болып, тұлға ретінде дамуына барлық жағдайларды жасайды. Өркениетті қоғам үшін қымбат қазына - жеке тұлға, оның даму, қалыптасуы мен өмірі десек, бүгінгі жас ұрпақтың осы қымбат қазынаны бағалай білуі аса маңызды.
Сол себептен жасөспірімдердің тұлғааралық қатынастарды қалыптастырудың маңыздылығы да осыдан басталады. «Жасөспірім» - сөзінің мағынасы ішкі дүниенің негізгі тенденциясының дамуын көрсетеді. Жасөспірім шаққа аяқ басқан баланың қалыптасуындағы түбегейлі өзгерістер сана - сезімнің дамуындағы сапалық өзгеріспен анықталады, осының арқасында бала мен ортаның арасындағы қатынас бұзылады. Жасөспірімнің жеке басындағы басты және діни тән жаңа құрылымын оның өзі туралы енді бала емеспін дейтін түсініктің пайда болуы орын алады. Ол өзін ересекпін деп сезіне бастайды, ересек болуға және өзіне жұрттың осылай деп қарауына ұмтылады.
Осы жастағы өзгешелік психолог А. Г. Ковалев биологиялық әсері туралы сұрақты ашып тастамай, соның ішінде психикалық сферадағы жыныстық жетілу жасөспірімнің эмоциялық қалпына беттесуін біз тұтас деп айтсақ, онда оның психикалық кескінін биологиялық фактормен анықтаймыз.
В. Г. Асеева бойынша мектеп жасындағы жетілу немесе басқа сөзбен айтқанда ерте жетілу - адамның туғаннан бастап физиологиялық, психологиялық және азаматтық ересектік жетілу кезеңі.
Мектеп оқушыларының өміріндегі ересектену (14 -15 жастан бастап 17-18 жас аралығында) өте құнды кезең. Осы жаста жасөспірімдердің мектептен оқу процесі аяқталады. Физиологиялық жетілуі баяулап, жыныстық оқдасы ерте жетіледі. Осының арқасында физиологиялық қызметі реттеледі және қан айналымы жақсарады т. с. с. Жасөспірімдердің даму кезеңінде қан тамырларының қан айналу жүйесі күшейіп, сол кезде жүрек ауруы, бас айналуы, қан қысымының көтерілуі жойылады.
Жасөспірім - барлық қатынас жағынан ересек адам деп қарастырады М. Ю. Красовицкий. Бірақ оларды толығымен жетілген адам деп айта алмаймыз, сондай ақ нақты осы жасөспірім шақта тұлғаның әлеуметтік бейімделуі белсенді жүреді. Мектеп пен ата - аналардың жасөспірімдерді, жұмысқа, оқу - танымдық және қоғамдық - саяси іс - әрекеттерге, жанұя жағдайына, азаматтық борышты өтеуге тәрбиелеуде үлкен маңызды мәні жатыр.
Рувинский Л. И., Хохлова С. И. еңбектерінде жасөспірім шақ - бұл қоғамдық жүйедегі көз - қарасқа байланысты дүниетанымның бірінші элементі байқала бастайды, бірақ та әлемге деген көз - қарасын толығымен пайымдай алмайды. Тек жасөспірімдерде философиялық ойлау әрекетінің қанағаттануы мүмкін болса, пайда болады. Бұған арқау болатын түрткі - оқудағы білім, тәртіп пен информация, әдеби оқулықтар және сыртқы ортадан алатын көріністер мен үлкендермен қарым - қатынас.
Ш. Бюллер жасөспірімдік кезеңді фаза бойынша бөліп қарастырады. Негативті фаза пубертодты кезеңде басталады. Негативті кезеңге жасөспірімдердің дамуын қоюға болады. Ал, позитивті фазада өмірге деген қызығушылықтың пайда болуы, адамға деген ыстық сезім, табиғатты түйсіну т. с. с болады. Бұл фазаны жасөспірімдерге қатысты деуге болады.
М. И. Шардаков бойынша жасөспірімдік кезең адамның тұрмыстық құндылықтары ретіндегі заттық дүниеге психологиялық тұрғыда тәуелді болып қалады. Жасөспірім осы өмірге ой жүгірте бастайды. Соның арқасында ол жасөспірімдік ортаға кіреді. Әр затпен дүниеге таңдау жасау арқылы жасөспірім тұтынушыға айналады. Өз иелігіне заттарды жинай отырып әр - түрлі құндылықтарды жинайды. Олар ақыл - ой, адамгершілік әлеуметтік жағынан есейеді.
Жасөспірімдердің әлеуметтік есейуін дамыту болашақ өмірге даярлау үшін қоғамдық тұрғыдан қажет. Мұның өзі күрделі процесс, уақытты талап етеді және жасөспірім ересектерге арналған нормалар мен талаптар жүйесінде өмір сүре бастаса мүмкін болады. Ал бұл дербестік қажетті әр міндетті түрде міндеттер мен құқықтарды ұлғайтумен байланысты. Тек осындай жағдайда ғана жасөспірімдер ересектерге іс - әрекет етуге, ойлауға алуан түрлі міндетті орындауға, адаммен қарым-қатынас жасауға үйрене алады.
Зерттеудің мақсаты - жасөспірімдер арасында тұлғағалық қарым - қатынастың психологиялық аспектілерін теориялық тұрғыда негіздеп, іс-тәжірибеде анықтау.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
1. Жасөспірімдердің тұлғааралық қарым-қатынасының қалыптасу ерекшеліктерін анықтау;
2. Жасөспірімдердің психологиялық дамуындағы интимді-тұлғааралық қарым-қатынасының рөлін айқындау
3. Жасөспірімдердің интимді қарым-қатынасында кездесетін проблемалар анықтап, анықталған проблемалардың алдын - алу жұмыстарын жүргізу.
Зерттеу пәні - жасөспірімдердің тұлғалық интимді дамуы.
Ғылыми болжамы - егер, жасөспірімдер арасында интимді тұлғааралық қарым - қатынас көрсеткіштері, психологиялық аспектілері, шарттары, жолдары анықталып, интимді қарым - қатынаста кездесетін проблемалардың алдын-алу шаралары жүйеленсе, онда жасөспірімдердің мінез - құлықтарын басқара алулары және де тұлғааралық қарым - қатынастарын жүзеге асыру жоғары деңгейде көрініс берер еді.
Зерттеудің нысаны: жасөспірімдердің қарым - қатынасындағы интимді-тұлғааралық даму процесі.
Зерттеу жұмысының әдіснамалық және теориялық негіздері.
Зерттеудің негізі ғылыми теориялар мен тәжірибенің өзара байланысын анықтайтын әдіске негізделген. Құрылымына және оларды қолдану өрістеріне деген талаптарды анықтайтын философиялық ілімдер жүйесі болып табылады. Салыстырмалы-тарихи, салыстырмалы-құқықтық талдау әдістері. Социологиялық әдістер пайдаланылып, болжамдар жасау әдістері. Криминологиялық және этникалық-педагогикалық идеялар интерпретациясы қолданылған.
Зерттеу көздері - жасөспірімдер арасында тұлғаралық қарым - қатынастың психологиялық аспектілері, философтардың, психологтардың, педагогтардың еңбектері, нормативтік құжаттар («Қазақстан Республикасының білім туралы заңы», «Қазақстан -2030 стратегиялық дамуының тұжырымдамасы», «Білім» мемлекеттік бағдарламасы) сыныптан тыс тәрбие жұмыстарының құжаттары.
Зерттеу жұмысының әдістері:
1. Қарым-қатынас деңгейін бағалау тесті (В. Ф. Ряховской) .
2. Эмоция тестісі
3. С. Спилбергер бойынша өзін-өзі бағалаудың тұлғалық шкаласы.
4. Достық қарым-қатынас деңгейін анықтау тесті
5. В. В. Мегедьдің «Мінездің биоакценттері бойынша махаббаттың түрлерін немесе қатынастарын анықтау» тесті.
Зерттеудің базасы.
Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласының №32-ші жалпы білім беретін мектебі.
Зерттеу жұмысының құрылымы.
Д ипломдық жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен, зерттеу бөлімінен және қорытындыдан, әдебиеттер тізімі мен қосымшадан тұрады.
1 ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ТҰЛҒАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
1. 1 Жасөспірімдердің психологиялық дамуындағы өзгешеліктері
XVII - XVIII ғасырларға дейін жасөспірім шақтың дамуы өзінше бір, жеке даму кезеңі болып шықпаған. Бұл жасөспірім шақтың даму процессінің аяқталуы жыныстық дамуы мен байланысты болады, осыдан кейін көптеген жасөспірімдер өз өмірлерін жанұя құрумен жалғастырған, бұндай жағдайлар қыз балаларда кездескен. XVIII ғасырда көптеген ұл балалардың жасөспірім шағы әскери өмірге ауысуымен аяқталған.
Енді шетел психологтарының зерттеулеріне келсек - Арнольд Гейзель, Е. Эриксон, М. Мид, С. Холл, Р. Бенедикт, К. Маркс пен Ф. Энгельс.
С. Холлдың (неміс психологы) негізгі ғылыми жұмысы бұл жасөспірімнің өсіп дамуы. Ол жасөспірімнің психологиясын, физиологиясын, антропологиясын, әлеуметтік дамуы, жыныстық дамуын, қылмыстық жағдайларын қарастырған. Бұл еңбек алғаш рет 1904 жылы жарыққа шыққан. С. Холлды жасөспірім психологиясын «әкесі» деп есептеген. Ол осы еңбегін «Буря и нацист» деген ат қойып кеткен. Себебі бұл еңбегі XVIII ғасырдағы неміс әдебиеттеріне теңеген. С. Холл өзінің социо генездік моделін құраған жәнеде жасөспірім кезең ол адам өміріндегі тарихи эпоха деген. Себебі осы кезеңде міндетті түрде қарым-қатынаста конфликті жағдайлар, жыныстық толысу, физиологиялық жағына өзгерістер болады.
Р. Бенедикт - биховиаристік ориентацияны зерттеп нәтижесін шығарған. Ол жасөспірім психологиясы әр түрлі әлеуметтік ортаның стимуляциясына байланысты өзгеріп, дамып отырады деген. Ол Европа қаласындағы Боас мектебінің антропологтар мәләметін пайдалана отырып, ғылыми зерттеуін жүргізген. Жасөспірімнің психологиясын мәдени ортада зерттеп Американ жасөспірімдерңмен салыстырған. Осымен қатар ол Үнді, Канада Америка, Африка, Мексика және Жаңа Гвини елдеріндегі жасөспірімдерін зерттеген.
Ал енді Р. Бенедикттің әріптесі М. Мид (1901 - 1978) ол Амеркан этногрофы болған. М. Мид жасөспірім психологиясын әлеуметтік тұрғыдан көп зерттеген. Ол жасөспірімдік даму кезеңін 1928 жылы Самоа және Адмиралтейства аралығанда және 1930 жылы Жаңа Гвинияда зерттеген осы жерлерде жасөспірімнің ересек өміріне ауысуы қандайда бір кризис ретінде көрінбеген. Оларды өмірлік ритмі «салттары» бойынша жасөспірім ересектердің өміріне жеңіл және біртіндеп ауысады. Самоа аралының жасөспірім қыз баласы жыныстық жест туралы ештеңе білмеген, ал кезеңде оынмен жасты Американ қыз бала бұл жайлы бәрін түсініп отырған. Аралды жерлерде, мұхиттарда ешбір өзін - өзі анықтау үшін жағдай (проблема) болмаған (мамандық, әлеуметтік, моральдік) . Осы М. Мид зерттеуін қортындылай келгенде аралды жерлерде жасөспірім шақтағы психо - физиологиялық дамуда қандайда бір қиыншылық қысымдар болмаған. Ал Америка елдеріндегі жасөспірімдер үшін бұл шақ өте күрделі ауытқушылық мінез - құлық ерекшелігіне әкеліп соғатын жағдайлар болған.
Е. Эриксон өзінің ғылыми жұмысын 8 түрлі стратегияға бөлген. Жасөспірім шақтағы мінез - құлық соның 5 стратегиясы болып келеді. Осы стратегияды ол былай деген: Егерде болашақ жасөспірім «басқару - бағыну» қатынасын меңгере алмаса онда ол өзінің болашағында ата - ана болуы үшін және қандай да бір өмірлік іс - әрекетпен айналысуы мүмкін емес. Е. Эриксон индивидуалды даму мен қоғамдық дамуының тәуелділігін ескере отырып ол мынанда бағыт берген - индивдтің өзіндік бағытта дамуы ол қоғамның тәрбиесімен және өмірлік тәртібімен байланысыты. Егер ұл баламен әкесінің арасында қарама - қайшы қатынастар болса онда бұл жасөспірім шақта күрделене түседі деген тұжырыммен өз стратегиясынның 5 бөлімін қорытындылаған.
Осымен қатар Ф. Энгельс пен К. Маркс «Неміс идеологиясында» адам өмірінің жолын тек ауыспалы фаза және өзіндік сана - сезім фазасы ретінде қарастырмау керек деген. Адамның өзіне - өзі деген қатынасы шынындада материалды, сол себебті оның санасын және өзіндік сана - сезімінің іс - әрекетіне деген қатынасын бөліп шығаруы керек, және де өмірлік іс - тәжірибесінеде керсінше емес.
Арнольд Гейзель жасөспірімнің даму жолын 50- жылдары қарастырған. Ол жасөспірімнің мінез - құлық ерекшелігінің дамуын жас ерекшелігіне байланысты 10 мен 16 жас аралығын алған. Сбебі осындағы ең алғашқы 5 жыл жасөспірім үшін ауыр болып келеді деген.
Кесте 1. Арнольд Гезель бойынша 10-16 жас аралығындағы жасөспірімдердің мінез-құлқы ерекшелігінің дамуы.
Осымен қатар Арнольд Гейзель жасөспірімнің қарым - қатынаста жеке тұлғалық дамуын 9 түрге бөлген.
- Қоғамдық ортада дамуы.
- Көңіл күйі және күн тәртібі.
- Эмоциясы.
- Өзіндік сана - сезімі.
- Өзіндік қарам - қатынасы.
- Қызығушылығы.
- Икемділігі.
- Этникалық дамуы
- Өмірлік көз қарасының дамуы.
Осы көрсетілген белгілер арқылы жасөспірімнің болашағына болжам жасауға болады, бірақ болжам жасау алдында жасөспірімнің неше жаста екендігін білу қажет, және берілген статустар бойынша зерттеуді кең көлемде жүргізуі керек. 1950 жылдары Арнольд Гейзельдің Институтында бұл зерттеулердің теориясы жүзеге аспады, себебі олардың алдына қойған мақсаты нәтиже бермеді.
Ресей психолог ғалымдарының тұжырымдары - олар Л. С. Выготский, Э. Шпангель, Ж. Пиаже, Л. Колберг.
Л. С. Выготский өз кезінде жасөспірімнің жеке басының дамуы ең алдымен оның организмдегі өзгерістермен тығыз байланысты болып келеді деген. Себебі жасөспірім шақта қандаи қиыншылықтар болмасын ол ең алдымен оның физиалогиалық ерекшелігіне келіп тіреледі. Осымен қатар жасөспірім өзінің болашағын жоспарлап орындағысы келгенмен оының өмірге деген шынайы көзқарасы пайда болды. Ол осымен қатар өзінің жеке басының маргенальді жағдайы бар екендігін түсінеді. Бұл деніміз жасөспірімнің өзін - өзі балалар ортасына жатқызбауы және осымен қатар өзінің әлі ересек емес екендігін түсіну. Жасөспірімнің маргенальді мінез - құлқы мына ерекшеліктерден көрінеді. Эмоциясынан шыдамсыздығы мен ренжігіштігінің және ұялшақтылығы мен агрессивтілігі (конфликтілігі) қоршаған орта адамдарымен тез арда конфликтіге түсуі, біреуге баға берумен сынаушы болуға икемділігі. Бірақ осы айтылған Л. С. Выготский көбінесе өзінің зерттелу жұмысында жасөспірімнің физиологиялық ерекшелігін көп назар аударған. 1920-шы жылы психолог Л. С. Выготскийдің айтуы бойынша жасөспірім кезеңіне қатысты психологияда біршама жалпы теория қарастырылған. Бұл теориялар қазіргі заманда мәнді болып келеді. Кең түрде жасөспірім кезеңін 3 негізгі тұрғыда қарастыруға болады.
1) Биогенетикалық биологиялық процес негізінде және дамудың басқа да процестері қарастырды.
2) Социогенетикалық тұрғы тұлғаның өмір барысында алдына қойған мақсаты мен әлеуметтік процестеріне басты зейін аударуын бекітеді.
3) Психологенетикалық - өзіндік даму негізіндегі психика процестерінің қызметтерін негіз етіп қою.
Жасөспірімдердің интеллектуалды аспектілерінің дамуын зерттеуші Ж. Пиаже (1932 -1969) болған. Ж. Пиаже бойынша бұл кезеңде жасөспірім шақтағы балада нақты бір обьектісі болмасада ол қандай да бір формальді операцияны орындауға ынтасы дамиды. Сынау формаларының гипотетикті - дедуктивтісі дамиды. Осы Ж. Пиаженің ғылыми зерттеуін жалғастарып аяқтаған Л. Колберг ол жасөспірімнің дамуын негізгі 3 моральді сынауды бөліп шығарған.
1. Моральға дейін бұл кезді балалар этикалық принципке бағытталмайды. Тек болатын жазаға келіседі. Бұл жасөспірім шаққа дейінгі кезең.
2. «Конвенциональды» моральді деңгейі. Бұл 10 - 13 жас аралығындағы балалардың қоршаған ортада болатын жағдайлармен келісуі.
3. «Автономды» моральдің деңгейі дегеніміз өзіндік моральді принципті шығару. Берілген деңгейлер тек 13 - 16 жас аралығында дамиды. Жасөспірім шақ аяқталғанда бұл деңгей тек 10% жасөспірімдерде ғана болуы ықтимал.
Д. Б. Эльконин 11-17 жас аралығындағы жетілу кезеңін 2 фазаға бөледі, бірінші 11-15 жас кіші мектеп оқушылары, яғни жеткіншектерге қатысты. Мұнда жеткіншек әр жақты қарым-қатынасқа түсуге үйренеді. Ал 15-17 жас жасөспірімдердің ең басты оқу-кәсіби іс-әрекетінің арқасында жасөспірімнің танымдық-кәсіби қызы-ғушылықтары артады. Эмоция мен психосексуалды дамуы жағдайына байланысты, жанұя құру деген бұл жаста қарастырылмайды.
К. Юнг бойынша осы жас дағдарыс кезеңі. Шынайы өмірдің талаптарына жасөспірім бейімінің сай келмеуі орын алады.
Л. Ф. Обухова психологиялық зерттеулерінде жасөспірім тұлғасының ерекшелігі психологиялық жаңа құрылымдардың түп тамыры, жеткіншек жаста қалыптасып қойған туындысы болып табылады. Өзіндік жеке тұлғасына деген қызығушылықтың күшейуі, сыншылдықтың көрінуі - бұлардың барлығы ерте жеткіншек жаста сақталады, бірақ, олар мәнді өзгерістерге ұшырап, саналы түрде бейнеленеді. Ең негізгі мәнді өзгеріс тұлғаның өзіндік дамуында болады. Оның айрықша ерекшелігі болып, өзіндік рефлексиясының күштілігі табылады. Яғни, өзін - өзі тануға, бағалауға, өз мүмкіншіліктері мен қабілеттіліктерін білуге талпынысы жатады. «Мен кіммін?», «Мен қандаймын?», «Менің қабілеттерім қандай?», «Менің өмірлік идеалым қандай?», «Мен кім болғым келеді?» - міне осы сияқты сұрақтар жасөспірім жастағыларға өте қатты әсер етеді. [58]
Психолог В. А. Крутецкийдің бекітуі бойынша жасөспірімдердің жетілуі жеткіншектерге қарағанда жоғары деңгейде. Жеткіншектердің айқын сезімін сырттан қарағанда ересек адамдарға келеді. Оларға қарағанда жасөспірімдердің ортаны бөлек олардың басқаға ұқсамауы және құр-былыстарымен ересек адамдардың арасында ерекше болуы, әр түрлі бағытта өз - өзін көрсетуі және өзінің өзіндігін бекітуі тән. Жасөспірім кезеңі жалпы тұлға болып дамуындағы маңызды фаза. Жасөспірімнің жеке басы дамуының аса маңызды факторы - оның өзінің ауқымды әлеуметтік белсенділігі. Ол белгілі бір үлгілер мен игіліктерді игеруге, үлкендермен және жолдастарымен, ақы-рында өзінің жеке басы мен өзінің болашағын және ниетін, мақсаты мен міндетін жүзеге асыру әрекеттерін жобалау бағытталады.
Жасөспірім шақты зерттеуші неміс философы мен психологы Э. Шпрангер болды. Ол 1924 жылы жасөспірім кезең психологиясы деген еңбекті басылымға берді. Ол еңбегі бүгінге дейін қолданылып келеді. Э. Шпрангер жасөспірім кезеңін толық қарастыра отырып, жас кезеңді қыз балаларды 13 -19 жас, ұл балаларды 14 - 21 жас деп қарастырды. Ол тәуелділік - еркіндік мазмұны болып табылатын «кризиспен» сипатталады. Э. Шпрангер жасөспірім кезеңнің мәдени - психологиялық концепциясын жасады. Э. Шпрангер бойынша жасөс-пірімдік кезең мәдениет деңгейіне өсу жасы. Ол психикалық даму жеке даралық психиканың осы дәуірде обьективті және нормативті рухқа өсуі деп жазады.
Э. Шпрангер айтқан тұжырымдарын талқылай келе, жасөс-пірімдердің даму деңгейінің үш типін бөліп көрсетеді:
1) Өткір ашулы кризистік уақытпен сипатталады. Ол қайта дүниеге келген адамдай уайым - қайғыға түседі, түп тамырында оның жаңа өзіндік «мені» пайда болады.
2) Өте баяу, ақырын, жайбасар тұлға. Жасөспірім ересектік өмірге өзінің жеке тұлғасында ешқандай өзгеріс енгізбей аяң басумен сипатталады.
3) Жасөспірім белсенді және саналы түрде өзін тәрбиелейді, өзін - өзі қалыптастырады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz