Ішек шикізаты, ақаулары өндеу технологиясы және ветеринариялық санитариялық сараптау



I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
 Ішек қарынды ветеринариялық санитариялық сараптау
 Ішектер шикізаттарындағы ақаулар.
 Тері мен техникалық шикізаттарды өңдеу және ветеринариялық санитариялық сараптау
 Қан және техникалық фабрикаттар
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
Қазіргі таңда елбасымыздың тікелей қолдауымен ауылшаруашылығына деген көзқарас біршама деңгейге жақсарып келеді. Оған себеп 2002-2005 жылдар аралығы ауыл жылдары болып аталып елді-мекендердегі халықтың әл-ауқаты дұрысталып қалды. Ауылшаруашылығының негізгі салаларының бірі мал шаруашылығы үкімет тарпынан қолдаудың арқасында, яғни мал бастарын асылдандыру құрып кете жаздаған Кеңес үкіметі кезінде ғалымдарымыз қажырлы еңбегінің арқасында дүниеге келген асыл тұқымды малдардың басын сақтап қалу, одан әрі санын көбетуде мүмкіндік туды.
Ауыл шаруашылығын нығайту мақсатында ел басымыздың қолдауымен көптеген шаралар кешенін ұйымдастыру көзделген. Осы мақсатқа жету үщін ветеринария саласының алатын орыны өте зор. Ол үшін мал басын көбейтіп, өнімділікті жоғарлату, аурулардың алдын-алып, емдеу тәрізді ветеринариялық жұмыстарды ұйымдастыру қажет.
Ветеринарлық-санитарлық сараптаудың әлеуметтік-экономикалық маңызы зор, атап айтсақ:
— адамдардың денсаулығын сақтауда;
-өндірістік экономикада өнімдерді консервілеуде, сақтауда, тасымалдауда және сатуда;
-қоғамдағы жалпы экономикалық мәселелерді шешуде.
Жануар текті өнімді ветеринарлық – санитарлық сараптау оларды өндіргенде, барлық өңдеу сатыларында, тасымалдағанда, сақтағанда және реализация жасағанда өткізеді.
1. Б.Қ.Заядан, Г.Өнерхан “Тағам биотехнологиясы”.
2. Е.Т.Төлеуов, Қ.Ж.Әмірханов, А.К.Хаймулдинова “Ет және етөнімдерінің технологиясы ”.
3. Технология пищевых производств Л.П. Ковальская, Под ред. Л.П. Ковальской. – М.Колос, 1999.
4. Қ.Күзембаев, Т.Құлажанов, Г.Кузембаева “Азық - түлік өнімдерін тану”, Алматы, 2006 ж.
5. Интернет желісі
6. Мустафин О.Ж., Барақбаев Б.Б., Сойыс малдары, Алматы, 1990 ж.
7. Мустафин О.Ж., Барақбаев Б.Б., Мал өнімдерінің технологиясы.,1993 ж.
8. С. Қырықбайұлы, Т.М. Телеуғали. «Ветсансараптау практикумы», Алматы 2007
9. Бегенова А.Б.,Жұмақаева А.Н.,Майқанов Б.С. «Шекара және көліктердегі ветеринариялы-санитариялық бақылау»
10. Дүйсембаев С.Т. «Ветеринариялық-санитариялық сараптау»
11.Дүйсембаев С.Т. «Ветеринариялық-санитариялық сараптау» практикумы;

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

СӨЖ
Тақырыбы: Ішек шикізаты, ақаулары өндеу технологиясы және ветеринариялық санитариялық сараптау. Эндокринды шикізаттар, жинау, алғашқы өндеу және консервілеу кезінде қойылатын талапттар. Тері-үлбір және техникалық шикізаттар. Техникалық шикізаттарды өндеу кәсіпорындарына және утильдеу кәсіпорындарына қойылатын санитариялық талапттар.

Тексерген:Серикова А.Т.
Тобы:ВС-403
Орындаған:Байзақ Н.С.

Семей 2017

ЖОСПАР:

Кіріспе
Негізгі бөлім
Ішек қарынды ветеринариялық санитариялық сараптау
Ішектер шикізаттарындағы ақаулар.
Тері мен техникалық шикізаттарды өңдеу және ветеринариялық санитариялық сараптау
Қан және техникалық фабрикаттар
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

КІРІСПЕ
Қазіргі таңда елбасымыздың тікелей қолдауымен ауылшаруашылығына деген көзқарас біршама деңгейге жақсарып келеді. Оған себеп 2002-2005 жылдар аралығы ауыл жылдары болып аталып елді-мекендердегі халықтың әл-ауқаты дұрысталып қалды. Ауылшаруашылығының негізгі салаларының бірі мал шаруашылығы үкімет тарпынан қолдаудың арқасында, яғни мал бастарын асылдандыру құрып кете жаздаған Кеңес үкіметі кезінде ғалымдарымыз қажырлы еңбегінің арқасында дүниеге келген асыл тұқымды малдардың басын сақтап қалу, одан әрі санын көбетуде мүмкіндік туды.
Ауыл шаруашылығын нығайту мақсатында ел басымыздың қолдауымен көптеген шаралар кешенін ұйымдастыру көзделген. Осы мақсатқа жету үщін ветеринария саласының алатын орыны өте зор. Ол үшін мал басын көбейтіп, өнімділікті жоғарлату, аурулардың алдын-алып, емдеу тәрізді ветеринариялық жұмыстарды ұйымдастыру қажет.
Ветеринарлық-санитарлық сараптаудың әлеуметтік-экономикалық маңызы зор, атап айтсақ:
-- адамдардың денсаулығын сақтауда;
-өндірістік экономикада өнімдерді консервілеуде, сақтауда, тасымалдауда және сатуда;
-қоғамдағы жалпы экономикалық мәселелерді шешуде.
Жануар текті өнімді ветеринарлық - санитарлық сараптау оларды өндіргенде, барлық өңдеу сатыларында, тасымалдағанда, сақтағанда және реализация жасағанда өткізеді.

Ішек қарынды ветеринариялық санитариялық сараптау. Бір жануардан алынған өңеш, барлық ішек және несеп қуығының жиынтығы ішектер жиынтығы деп аталады. Мысалы, ірі қара ішегіне өңеш, он екі елі ішек, тоқ ішектер және несеп қуығы жатады. Ауыл шаруашылығы малдарының ішектерінен шұжықтардың қабын, кетгут және ішекті аспаптардың қылын жасайды.
Ішектерді шарбыдан ажыратқаннан, ішек қарын жынынан, майынан тазартады,ішіне қарай айналдырып сиыр мен жылқының ішегінің кілегейлі қабатын, ал шошқа мен қой ішегінің кілегейлі, бұлшық етті және сірлі қабығын ажыратады. Сонан соң тоңазытып, сорттап, реттеп, өлшеп түйінге орап, ыдысқа салып, белгі соғып сақтайды. Егерде жаңа ішектерді өңдеу мүмкіндігі болмаса, оны ас тұзымен, мұздату және кептіру әдістерімен сақтайды. Тұздалған ішектерді аузы жабылған бөшкелерде 10 градустан жоғары емес температурада үш айдан асырмай сақтайды, егер температура 0-5 градус болса, алты сегіз ай сақтауға болады.
Ішек қарынды ветеринариялық санитариялық сараптау кезеңінде оның сірілі қабығын тексеріп, кейбір лимфа түйіндерін жарып кесіп, қарайды. Ішек қарындарды тағам үшін туберкулездің бар түрынде, паратуберкулезде, листериозда, лептоспирозда, оба мен тілмеде, Ауески ауруында, пастереллезде пайдаланбайды.
Ішек қарынды тексергенде, онда қанталау, некроз, жаралар бар ма, жоқ па, соған көңіл аударады. Сірілі қабаттың үстіңгі қабығында көптеген түйіндер болуы мүмкін. Бұлар адамға қауіпті емес, бірақ балаң құрттар босатқан соң, ол жерде некроз ошақтары, не жара пайда болуы мүмкін. Ішектің бұндай аймақтарын кесіп, аластау қажет. Ал егер кесуге келмесе, ішекті азыққа пайдаланбайды.
Ірі қараның өңешінде тері асты бөгелегінің балапаны, жылқының таз қарынында, соқыр ішектерінде гастрофилюстер, ал қой, шошқа ішектерінде тікенек бастылар болуы мүмкін. Ал тікенек бастылар болуы мүмкін. Ал тікенек бастылар кездескен жағдайда ішектер тек қана техникалық мақсатта қолданылуы керек. Ішектерді сақтағанда да оның сапасын үнемі қадағалап отыру керек.
Ветеринариялық санитариялық сараптауға әрбір ішек фабрикаттар он пайыздай мөлшерін, жоғарғы және ортаңғы қабатынан алып тексереді. Органолептикалық әдіспен оның түсін, иісін, консистенциясын анықтайды. Ал ішек қарын тұздалған болса, оны алдын ала жылы сумен жуады. Ішек қабырғасының беріктігін тексеру мақсатында, ішек қуысына 0,5 кгссм2 қысыммен ауа кіргізіледі., ал қой, шошқа ішектеріне су жіберіліп, ішектің екі жағын басып, тексереді. Ал егер қабырғасы жарылып кетсе, ондай ішектер жарамсыз деп табылады. ішектердің кірленуі өңдеу кезіндегі үрдістерге кері әсерін тигізеді. Аздаған кірлену болса тазартады, жаппай болса техникалық утилизацияға жатқызылады.

Ішектер шикізаттарындағы ақаулар.
Ішек қабырғаларының жұмсаруы. Бұл ақау ішектің нашар майсызданғанында және жоғары температурада жабық ыдыста сақтағанда, ішектің майы тотығуға және гидролизге ұшырайды. Ол кезде ішектің түсі өзгеріп, стеариннің иісі шығып кетеді. Ол шұжық дайындағанда соған шығып кетуі мүмкін. Сондықтан ондай ішектерді жуып, иісін кетіреді. Иісі кетпеген жағдайда утильдейді.
Шіру үрдістері. Шіру үрдістері тұзда утехнологиясының бұзылғанында, ыдырау үрдісі кезінде тұздау және ішектерді жоғарғы температурада ұстағандықтан пайда болады. Ішектегі шіру үрдістері белоктардың ыдырауымен, қабық беріктігінің нашарлауымен және шіріген иістің болуымен сипатталады.
Шіру үрдістерінің алғашқы сатысында, егер де ішек қабырғасының беріктігі сақталған жағдайда, біраз желдеткіште ұстап иісін кетірген соң, не болмаса 0,01- 0,25 % марганец, калий қышқылы ертіндісінде ұстаған соң қайтадан пайдалануға болады. Сапасыз ішектерді утильдейді.
Көгеру сақтау талаптарын сақтамаған жағдайда, әсіресе ішектерді дұрыс кептірмей, ылғалдылығы жоғары бөлмеде ұстаған жағдайда зең саңырауқұлақтары өсіп өнуі мүмкін. Егер ішектің аз ғана көлемі зақымданса, ондай зең саңырауқұлақтарын аластайды, не болмаса жеті пайызды сірке қышқылы сіңген мақта тампонымен сүртіп, артынан шошқа майымен майлайды да, әрі қарай пайдалануға болады. Егерде қара саңырауқұлақтар пайда болып және ішектің ішіне еніп кеткен жағдайда ішектің беріктілігі нашарлап, жағымсыз иіс пайда болады. Ондай өнімдерді техникалық утилизацияға жатқызады.
Ішектердің тоттануы. Тұздалған ішектердің бет жағында бұдырлы қоңыр сары дақтар немесе ұзындығы 2-8 мм, ені 1-3мм сары қоңыр жолақтар пайда болғанында, оны ішектің тоттануы деп санайды. Оған көбінесе қой ішектері ұшырайды. Тоттанудың адам өміріне қауіпі жоқ. Тоттанудың себептері ішектерді ұзақ уақытта он градустан жоғарғы температурада ұстаған жағдайда және кальций мен темір тұздарының қатысуымен болатын галофильді микрофлоралардың дамуымен байқалады. Сондықтан да, егер тоттану аз мөлшерде ғана болса, бір екі пайызға тұз, сірке , не сүт қышқыл ертіндісімен үш сағат өңдеп, шайып, соңынан екі пайызды сілтімен бейтараптап кептіреді. Егер де көп мөлшерде зақымданса, ондай жерлерін кесіп алып тастайды.
Ішектің қызаруы. Ішектің қызаруы галофил бактериясы дамуының салдарынан болады. Қызарудың қоздырғыштары он градустан жоғары температурада және оттегі көп болған жағдайда дамиды. Ішектер бұндай қоздырғыштармен қоздырғыштары бар тұз, аспаптар және адам қолы арқылы зақымдануы мүмкін. Қызару үрдісінен кейін негізгі шіру үрдісі жүреді. Сондықтан да, егер ішектің қызаруы алғашқы сатысында байқалса, алдын ала жуып тазалаған соң таза сумен және 15-20 % пайыздық тұздықпен шайылған соң тағамға пайдалануға болады, ал қызыл дақтарды кетіре алмаған жағдайда, ішектерді техникалық утилизацияға жатқызады.
Құрғақ ішектерде насекомдарда болуы мүмкін. Олар тері жегіш қоңыздар, күйе шыбыны және олардың балаңқұрттары т.б. өте көптеген кенелер. Бұл паразиттер ішек қабырғасын тесіп тастайтындықтан, ондай ішектерді шұжық жасауға қолдануға болмайды.
Эндокриндік өнімдер. Эндокринді өнімдерге ішкі мүшелерге гормондар мен ферменттер шығаратын бездер жатады. Алынатын шикізатар үш топқа бөлінеді: эндокринді, ферментті, арнаулы.
Эндокринді өнімге гипофиз, қалқанша без, бүйрек үстіндегі без, ұйқы безі, жыныс бездері ен және аналық бездері, қағанақ, яғни тікелей қан мен лимфаға гормон шығаратын бездер жатқызылады.
Ферментті өнімге ұйқы безінің, ірі қара мен шошқа ұлтабарының кілегейлі қабығы, бұзау мен қозының ұлтабарының кілегейлі қабығы жатады.
Арнаулы өнімдер - қан, өт,бауыр, жұлын жатады.
Эндокриндік бездерде, сойғаннан кейінгі алғашқы сағаттарында, гормон өте белсенді болады. Сондықтан да, бұндай өнімдерді Сондықтан да, бұндай өнімдерді 30 минут - 1,5 сағат ішінде жинап алу қажет. Бездерді зақымдап амлау үшін, айналасындағы мүшелермен қоса алу керек. Ал жеке алған соң қоршаған мүшелерден өзін жеке бөліп алады да, физикалық химиялық әдістермен сақтайды.
Эндокриндік бездер тек сау малдан ғана алынуы керек. Фармацевтикалық кәсіпорындарға эндокринді өнімдерді жібермес бұрын ветеринариялық санитариялық сараптаудан өткізеді. Егерде өнімердің шірігені не бөгде иіс болғаны және патологиялық өзгерістері анықталса эндокринді өнімдерді толықтай утильдеуге жатқызады. Ет комбинаттары дайындаған емдік және арнайы техникалық препараттарды химиялық бактериологиялық зертханаларда зерттеп отырады. Бұл препараттарды егер де органолептикалық, зертханалық көрсеткіштері мемлекеттік стандарттарға және құқықтық құжаттарға сәйкес болса ғана қолдануға рұқсат етіледі.

Тері мен техникалық шикізаттарды өңдеу және ветеринариялық санитариялық сараптау
Сойыс малдарының сыртқы жамылғысы тері, жүн, қыл, мүйіз, тұяқ, сонымен қатар құс мамығы мен қауырсыны әртүрлі техникалық фабрикат және тұрмыстық негізде аса бағалы шикізаттар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ішек шикізатын өңдеудегі ақаулар
Ветеринариялық санитариялық сараптау
Консервіленетін өнімдердің микроорганизмдерден ластану көздері
Пісірілген шұжық өнімінің технологиялық схемасы
Субөнімдерді өңдеу технологиясы
Сүттің сапасы мен тағамдық бағасына құрамында антибиотик, пестицид, радионуклеид және басқа заттардың болуының әсері
Шұжық дайындау технологиясы
Ішкі дәнекер ұлпа қабаты, жүрек бұлшықеті жане сыртқы - сірілі қабат
Құс етінің классификациясы. Жұмыртқаны жинау,сорттау,жуу,сақтау және тасымалдау
Консерві бұйымдарының өндіру технологиясы
Пәндер