Қан өңдеу технологиясының негіздері және ветеринариялық-санитариялық сараптама


Қан өңдеу технологиясының негіздері және ветеринариялық-санитариялық сараптама
Қансыздандырудың нәтижесінде алынған қан өте бағалы шикізат деп есептелінеді. Қаннан емдік препраттар, қан ауыстырғыш, гематоген, гемостимулин, фибринді қабыршақ және тағы басқа тағамдар:шұжықтар, паштеттер, азықтық фабрикаттар, техникалық өнімдер:альбумин, көпіршік жасайтын өнімдер алынады.
Қолданылуына байланысты қанды алғашқы өңдеулерден өткізеді. Егер қан медициналық препараттар өнеркәсібіне арналса, онда қанға лимонды қышқыл натрий қосып, қалыпты жағдайда ұстайды, ал тағамға арналса аирофосфор тотығын қосады не арнайы аппаратта фибриннен айырады. Ал техникалық қандарды арнайы диірменде фибриндерді бір бірінен ажыратады.
Қанды өңдеуге дейін, ол бұызылып кетпеуі үшін, арнайы әдістермен сақтайды. Тағамға арналған қанды 15 C мұздатады.
Қан микроорганизмдерінің өсіп өнуі үшін өте қолайлы орта. Сондықтан да, қанды өңдеу цехтарында, әсіресе тағамға емдік мақсатқа арналған қан цехтарында санитариялық гигиеналық талаптары өте қатаң сақтау қажет.
Сау малдың қаны, көптеген зерттеулерге қарағанда, өте таза, стерильді деп есептелінеді. Қан микробтардың дамуына кедергі жасайтын бактерицидтік қасиеті сақталады. Қанды сақтау үшін температурасының да үлкен маңызы зор.
Ауыл шаруашылық малдарын сою кезінде алынатын қан бағалы белок көзі болып табылады, сондықтан оны тамақтық, емдік, жемдік және техникалық өнімдер шығару үшін пайдаланады. Қанды толық колдану қоршаған ортаны ластаудан сақтайды. Қанның құрамындағы белоктардың кұндылығы және темірдің органикалық байланысқан түрі оны тамақ өнімдерінде кең қолдануға мүмкіндік береді.
Ет өнеркәсібінде шұжық, дүмбілдер және консерві бұйымдарын өндіру үшін кан плазмасы мен сарысуы пайдаланылады. Тұтас қан мен эритроциттер қан шұжықтарын, зельц, паштеттер шығаруға жібереді. Шектелген мөлшерде түтас қанды құрама ет өнімдерінің түсін жақсарту үшін косады. Қанды басқа белок түрлерімен қосу изолейцин мен метиониннің жетіспеушілігін жойып, ет қоспаларының қасиеттерін арттырады. Қан емдік препараттар алу үшін қажет: сұйық және құрғақ гематоген, емдік сарысу жэне белок гидролизаттары. Қаннан жоғары сапалы белоктық жем түрлерін дайындайды.
Тамақтық және емдік бағытта қолданатын қан тексерілген сау малдан алынуы тиіс. Малдың сау екенін оның ұшасын толық тексергеннен соң мал дәрігерлері анықтайды, сондықтан қанды өңдеу багытын малды қимылсыздандырудан 30-40 мин кейін тағайындайды. Жемдік және техникалық өнімдер үшін союға жіберілген барлық малдың қаны жарайды. Жем өндіруге антисептикалық заттармен өңделген қан жіберілмейді. Қанды жинау үшін арнаулы құрал-жабдықтар мен қондырғылар колданылады. Алынатын қанның тазалығы мен сапасы өте жогары болу үшін жабық, вакуум қолданылатын жүйе пайдалану тиімді.
Қансыздандыру кезінде шығатын қанның мөлшері малдың түріне, тұкымына, жынысына, жасына, кондылығына және қимылсыздандыру мен қан жинау әдістеріне байланысты. Жалпы алғанда тұтас қанның шығу нормасы тірі массаға шаққанда ірі қара үшін - 4, 2 %, ұсақ мал үшін - 3, 2 %, шошқа - 3, 5 %. Жинаған соң тамақтық қанды ары қарай өңдеуге жібереді. Қалған техникалық кан конвейер астында орналасқан науаға жиналып, жем немесе техникалық өнімдер алуға пайдаланылады.
Малдан алынған қан ферменттердің әсерінен өте жылдам ұйып калады. Сондықтан қанды дереу өңдеу кажет. Ол технологиялық процесті қысқартып, канның құрамындағы белоктарды сактайды, гемолизді болдырмайды. Қанды тұрактандыру оның кұрамындағы фибриноген белогын сақтауға мүмкіншілік береді. Тұрақтандырғыш ретінде натрий хлориді, үшполифосфат, фибризол, натрий цитраты, 35 синантрин 130 колданылады. 1 тонна қанға 1-3 кг тұрақтандырғыш қосады. Олардың ең қолайлысы канды ұйыту ферменттерінің әрекеттерін болдырмайды. Синантрин мен фибризол қосылган қан 3-4 тәулік ұйымайды. Ac тұзы қанды 24 car ұюдан сактайды. Төменгі оң температурада сактау мерзімі 4-5 рет артады. Фибризол түрақтандырумен катар қанды бұзылудан сақтайды. Қанды тұрақтандыру үшін ыдысқа алдын-ала тұрақтандырғыштың ерітіндісін құяды. Тұрақтандырылмаған қанда ұю нәтижесінде фибрин пайда болады. Оны екі түрлі әдіспен алады. Тамақтық және емдік бағытта қолданылатын қанды дереу фибринсіздейді. Бұл үшін механикалық араластырғышы бар дефибринатор қолданылады. Ұзақтығы 4-5 мин. Өңделген қанды қабылдау ыдысына металл торы бар сүзгіш (тордың тесіктері 0, 75-1 мм) аркылы кұяды. Бөлінген фибрин мен тазаланған қанның мөлшері ірі қара үшін 6, 5-9 % және 91-93 %, шошқа 4 -7 % және 93-96 %. Фибрин ұйытындысында белок мөлшері 20 % болады. Фибрин мен гемоглобин қоспасы фарш бұйымдарын өндіруге пайдаланылады. Фибриннің амин қышқылдық құрамы одан белоктық гидролизаттар алуга мүмкіндік береді, бұл өнім парентеральды тамақтану және бактериалдық орталар алу үшін қолданылады.
Техникалық қанды кан ұйытпаларын үсақтау, келесіде фибринді бөлу арқылы фибринсіздендіреді. Фибрин жіпшелерін арнаулы аппараттарда ұсактайды. Ұсақталган фибринді сұйық қаннан метал тордан өткізу немесе 30 минут тұндыру арқылы айырады. Бөлінген фибрин жібшелері қан ұнын алу үшін қолданылады. Фибриннің ұсақталу дэрежесін арттыру оны шашыратқыш дөңгелектерде кетіруге мүмкіндік береді.
Қанды бөлу. Қанды сарысуға (немесе плазмаға) жэне формалык элементтерге бөлу осы фракциялардың тығыздығының әр түрлілігіне байланысты. Қанды бөлу үшін арнаулы сепараторлар қолданылады. Сепаратордың айналатын барабанына түскен қан тәленкелер арасындағы кеңістікте жұқа кабаттарға ыдырап, ортадан тепкіш күшті әсерінен формалық элементтердің ауыр фракциясы шетке қарай, ал сарысу ортаға ығысады.
Қанның бөлінгіштігі оның тұтқырлығына байланысты. Сондыктан канды сепараторда жогары температурада 35-40 °С өңдейді. Сепаратордың өнімділігіне сәйкес оған берілетін қанның мөлшерін реттеу қажет, өйткені канның көлемі ұлғайғанда сарысудың шығымы азаяды. Қанды белу үшін СК-1 сепараторы колданылады. Ірі қара малдың канын бөлгенде 62 -63 % cарысу 36-37 % формалық элементтер алынады.
Емдік препараттар алу үшін АС-ІЖ сепараторы Бұл кондырғыда канлы бөлу стерильді жағдайда өткізіледі.
Сепаратордың барабаны белгілі жылдамдықта айналған кезде канды жібереді. 3 4 сагат үздіксіз жұмыс істегеннсн кейін барабанды жуу кажет. Эритроциттер толық бөлінбесе плазма немесе сарысу кызыл түске боялады. Қанды түссіздендіру дәрежесін жоғарылагу үшін сепаратордың бөлу тәленкелеріне сүзгіштер қойылады. Сепараторда өңдегенде плазмадағы немесе сарысудағы микроорганизмдердін саны азаяды.
Канның белоктарын өндірісте жылу немесе химиялык коагуляция аркылы бөледі. Термиялык коагуляция 90-95 °С-га өткізіледі. Бұл жағдайда канның микробиологиялык ластануы төмендейді. Коагуляттың ылғалдылығы 50 %. Бұл әдістің кемшілігі қанның белоктары денатурацияга ұшырап функционалдық қасиетгерін өзгертеді. Қанды немесе оның фракцияларын қышқыл ортада pH 3. 5 4. 5 реагенттермен өндеу арқылы белоктарды бөлуге болады.
Химиялық реагенттер ретінде натрий полифосфаты тсмірдің үшхлориді, лигнин т. б. колданылады. Осы әдіс арқылы қаннан 98 % ға дейін белоктарды бөліп алады. Бей тараптандырғаннан кейін белок коагулянтын кептіріп тамактық бағытта қолдануға болады. Қаннын белоктарын альгинат, пектин, және т. б. құрамдар арқылы бөлуге болады.
Қанды және оның құрамды бөліктерін сақтау
Фибринсізденген немесе тұрақтандырылған қанды, сарысуды, плазманы және формалық элементтерді бұзылып кетпеу үшін ары қарай пайдалануға жібереді. 15 С сақтау мерзімі қан үшін 4 сағат, сарысу, плазма және формалық элементтер үшін 2 сағат. Қанды немесе сарысуды сақтау мерзімін ұзарту үшін 10% ас тұзының қаныққан ертіндісін қосады. Осындай жағдайда оларды 4 C та 2 тәулік сақтауға болады.
Консерванттар ретінде аммиак, көміртегінің тотығы, натрий цитраты, пиросульфиті, сүт қышқылы және т. б. заттар қолданылады. Техникалық өнімдер үшін қолданылатын қанды антисептиктер қосу арқылы өңдейді: бір тонна қанға 2, 5 кг криозол немесе фенол, 20% аммиак қосылады.
Қан мен оның құрамды бөліктерін тағамға пайдалану үшін суықпен өңдейді. Тоңазытылған қанды сақтау мерзімі қысқа: 0-2 С плазманы 4-5 тәулік, 4 C 8 сағат сақтайды. Қанды және оның компоненттерін ұзақ сақтау үшін мұздатады. Оларды ыдысқа салып, мұздатқыш камераларда және апппараттарда мұздатады. Қанды мұздату үшін қабыршақ мұз жасайтын барабанды мұздатқыш қондырғылар пайдаланылады. Бұл жағдайда өндірісте қолдану үшін қанды еріту қажетсіз болады.
Қан еріген кезде, гемолиз процессі жүреді. Қазіргі кезде, қанды жабық жинайтын, тұрақтандыратын және химиялық реагенттер арқылы өңдейтін арнаулы қондырғылар жасалған. Оларды қолдану жоғары өнімділікті жақсы тазалықты қамтамасыз етеді.
Қанды түссіздендіру.
Қанның белоктарын ет өнімдерін өндіру үшін қолдану дәрежесі гемоглобиннің өзіне тән түсіне байланысты.
Қандағы белоктардың 60% гемоглобин құрайды. Сондықтан, ол ең негізгі белок көзі болып табылады. тамақтанудағы гемоглобиннің маңызы жеңіл сінімді темірдің жоғары мөлшеріне байланысты, гемоглобинді түссіздендіру үшін әртүрлі химиялық тәсілдер қолданылады. Бұл тәсілдер гемді бөлуге негізделген. Гемді гемоглобиннен бөлу үшін қышқыл ортада ацитон қолданылады. Бөлінген глобин эмульсия түзгіштік қасиетке ие. Бірақ гемді бөлу белоктың денатурацияға тұрақтылыгын төмендетеді. Гемоглобинді түссіздендіру үшін оны сутегінің пероксидімен өндейді. Түссізденген белок суда ерімейді. Оны шұжық және ұсақталган дүмбілдер өндіру үшін қолданады. Ет өнімдерінің түсіне гемоглобиннің тері әсерін болдырмау үшін қанга сүт немесе өсімдік белоктарын қосып май эмульсияларын алады. Эмульсияга натрий казеинатын қосу изолейцин мен метиониннің жетіспеушілігін болдырмайды. Қан мен майдың эмульсиясын натрий казеинатын қосып ультрадыбыспен өңдеу арқылы алады. Алынған эмульсиялар сақтау және қыздыру кезінде тұрақты. Осындай эмульсияларды жоғары қысымда гомогендеу арқылы алады.
Қанды ұқсату үшін жаңа тәсілдер мен кұрал - жабдықтар жасау оларды өндіріске енгізу ет белогын алмастырғыштарды көбейтуге мүмкіншілік туғызады.
Қанды кептіру
Қанды және оның фракцияларын кептіру оларды әр түрлі температурада ұзақ сақтауға мүмкіндік береді және тасымалдауды жеңілдетеді. Кептіру шарттары мен тәртіптері қанның кұрамындағы белоктардың касиеттерін сақтауга тиіс. Қазіргі кезде қанды негізінен шашыратып кептіреді. Өте ұсақталған қанды кептіру кезінде ылғалдың бұлануы жылдам өседі. Қанды шашырату кезінде судың негізгі бөлігі бірнеше секундта бөлінеді, бұл белоктардың жоғары температураға шыдамдылығын арттырады. Кептірудің бастапқы сатысында ылғалдың жылдам булануы жылу тасығыштың температурасын кенет төмендетеді.
Материалдың температурасы кептіру соңында 50-60 °С-тан көтерілмейді, ал-кептіру агентінің температурасы 100 °С-тан жоғары. Қанды кептіру кезінде жоғары температураның аз уақыттағы әсері белоктардың денатурациялык өзгерістерін азайтады, сондықтан кептірілген өнімде белоктардың жоғары ерігіштігі сақталады. Кептіру нәтижесінде алынған ұсақ ұнтақ сумен түйіскен кезде жылдам ерітіндіге айналады. Шашыратып кептірудің жоғары жылдамдығы оны үздіксіз, толық автоматтандырылган тәртіппен жүргізуге мүмкіндік береді. Форсункалар арқылы шашырату пневматикалық және гидравликалық жолмен іске асырылады. Пневматикалық шашыратқыштар инжекторге ұқсайды. Сұйықты шашырату үшін жоғары қысымдағы ауа ағыны қолданылады (2, 5-7x10 Па) . Форсункаға кан ағынмен беріледі. Гидравликалық әдіс энергия жағынан үнемді.
Қанды ортадан тепкіш күш әсерімен шашырату жылдам айналатын төрт каналы бар диск арқылы іске асырылады. Диск арқылы шашырату қанның жоғары ұсақталу дәрежесін қамтамасыз етеді. Шашыратып кептіргіштердің барлық түрлері үшін төмендегі элементтер бар: кептіргіш камера, шашыратқыш қондырғы, ұнтақты ұстайтын құрылғы, қыздырғыш, кұрғақ өнімді түсіретін тетік, желдеткіштер және ауаны тазалайтын фильтр.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz