Радиациялық патология


Жұмыс түрі: Реферат
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
СӨЖ
Тақырыбы: Радиациялық патология
Тексерген:Оразалиева С. Б.
Тобы:ВС-403
Орындаған:Байзақ Н. С.
Семей 2017
ЖОСПАР:
- Кіріспе
- Негізгі бөлім
- Қорытынды
- Пайдаланылған әдебиеттер
КІРІСПЕ
Жануарлар патологиясы- жануарлар мен адамның ағза - тоқымаларында
түрлі аурулар әсерінен пайда болатын морфологиялық өзгерістерді зерттеп,
анықтайтын ғылым. Жануарлар патологиясы- дертке шалдыққан организмдегі тіршілік әрекеттерінің бұзылуын анықтайтын ғылым. Алғашқыда аурудан өлген мал өлігіндегі өзгерістер оны сою барысында анықталса, кейіннен микроскоп арқылы зерттеле бастады. Сөйтіп бұл ғылым патологиялық гитологиямен толықтырылды. Қазіргі кезде патоморфологиялық зерттеу жұмыстары әрқилы тәсілдермен жүргізіледі - гистохимиялық, гистобактериялық, электронды және люминисцентті микроскопия, т. б. Осыған орай патологиялық анатомиялық
өзгерістерді ультрақұрылымдық және молекулярлық деңгейлерде зерттеуге
мүмкіндік бар.
Қазіргі кезде ғылыми деректер бойынша патологиялық процестерін даму барысындағы тіршілік әрекеттерінің бұзылуы мен морфологиялық өзгерістердің бір- бірімен өте тығыз байланыстылығы нақтылы дәлелденген.
Ветеринариялық ғылым мен практиканың өзекті проблемаларын ғылыми
тұрғыдан шешу потоморфологиялық зерттеусіз мүмкін емес, өйткені бұл ғылым аурудың материалдық түбірін анықтайды- ағза тоқымалардағы дертке тән патоморфологиялық өзгерістерін, аурудың даму барысында ( патогенез бен морфогенезі ) . Патологиялық анатомия оған қатысты бар бірталай пәндермен тікелей байланысты. Олардың ішіндегі ең жақын ғылымдар: патологиялық, физиология, анатомия, гистология. Бұлар организмнің морфологиялық құрылымын және де ондығы тіршілік әрекеттерінің бұзылуын қарастырады. Сонымен қатар бұл ғылым індеттану, клиникалық диагностика, терапия, паразитология, хирургия, акушерлік сияқты ветеринариялық салаларымен тығыз байланыста бірге дамып келеді. Бұл ғылымдардың жетістіктері патологиялық анатомияда жан- жақты пайдаланылады.
Сәулелік ауруларды иондаушы сәулелер қоздырады. Олар организмді сырттан әсерлегенде немесе радиобелсенді заттар түрінде азықпен, сумен бірге ішке енгенде белсенді радикалдар мен иондар пайда болады.
Радикалдардың өзара және оттегімен әсерлесулері нәтижесінде екінші және үшінші кезекті белсенді өнімдер туындайды да, олар өз кезегінде әртүрлі молекулалармен, ең алдымен нәруыздармен реакцияға түсіп, оларды тотықтандырады. Торшалар ферменттерінің химиялық құрылысы өзгеріп, олар белсенділігінен айырылады, ДНҚ түзілуі тежеліп, торшалардың көбеюі тұншығады. Сонымен қатар, белігілі бір мөлшердегі сәулелену кейбір ферменттердің белсенділігін арттырып, , фосфолипидтердің, липопротеидтердің ыдырауына әкеледі, ДНҚ шиыршықтары жыртылады, торшалар жарғақтарының өткізу қабілеті өзгеріп, иондарды жарғақтар арқылы тасымалдау бұзылады.
Мал организмнің иондаушы сәулемен (радиациямен) зақымдану заңдылығы екі факторға тәуелді:
- Организмнің тіршілігіне өте маңызды өрмелердің, мүшелер мен жүйелердің сәулеге сезімділік деңгейіне;
- Иондаушы сәуленің мөлшеріне және оның таратылу ретіне.
... жалғасыБұл факторлар жеке жеке және бірге сәулелік реакциялардың түрін, ерекшелігі мен біліну уақытын және олардың организмге маңыздылығын анықтайды.
Организмді сәулемен сырттан әсерлегенде альфа бөлшектер терең өтпей, эпидермисте кідіреді, бета бөлшектер теріге өтеді, ал гамма сәулелер дене арқылы өтіп кетеді.
Ауыл шаруашылығы жануарларының барлық түрлеріде радиацияға сезімді болғанымен, кейбіреулері, мысалы: тауықтар төзімді келеді.
Өте мол мөлшердегі сәуленің бір дүркін әсерінен жіті немесе жайтүскендей шапшаң өтетін сәулелік ауру қозады. Мұндай ауру организмді тұтас иондаушы сәуленің мол мөлшерімен сыртынан әсерлегенде, сондай ақ радиобелсенді заттар организмнің ішіне азық пен сумен көп мөлшерде енгенде байқалады.
Өрмелер мен мүшелердің радиацияға сезімділігі әртүрлі: торшаларының бөлініп көбею деңгейі жоғары сүйек кемігінің, лимфоидтық өрменің, жыныс бездері мен ішек және тері эпителийлерінің сезімділігі жоғары, керісінше, торшаларының өсіп жетілу деңгейі төмен бұлшықеттер мен сүйектің, дәнекер өрме нейрондардың сезімділігі төмен.
Жіті сәулелік ауру. Бірнеше күндік алғашқы реакциялармен, 9-10 күндік жасырын кезеңмен басталады да, әдетте 1-1, 5 ай ішінде сәтсіз аяқталады.
Өлексені сойып зерттегенде организмде етек алған сипаттағы, көптеген мүшелерді зақымдаған, көлемі де, пішіні де әрқилы дақ, жолақ гематомалар түрлеріндегі көп қанталаулар байқалады. Қанталаулар арқаның бұлшық еттерінде де, құрсақ қуысында да, диафрагмада да, аяқтарда да болады. Лимфалық түйіндер мен миндалиналардың көлемі ұлғаяды, қанталайды, тілік беті қара қызыл болады. Ауыз қуысы кілегейлі қабығында, негізінен тілдің жиегінде, жұтқыншақта өлі ошақтар мен ойылымдар пайда болады. Организмді әсерленген иондаушы сәуленің мөлшері тым мол болған жағдайда ас қорыту даңғылының өңештен анусқа дейінгі аралықтағы бөліктерінің қай қайсыда өзгерістерге ұшырап, мүше қабырғасы домбығады, қанталайды, кілегейлі қабықта ойдымдар мен ойылымдар пайда болады. Шошқаның әсіресе соқыр және бүйен ішектерінің бүлінуі өте зілді болады. Бүйрек астауында ұйыған қан болуы, қуықтағы қан араласып қызарған несепте ұйысқан фибрин болуы мүмкін. Көбінесе қуықтың кілегейлі қабығы ойылымданады. Өкпе іркілмелі молқандылыққа, домбығуға ұшырайды, серозды қанараласа қабынады. Сүйек кемігі әдеттегі қызыл түсін жойып, сұрланады, сарғаяды, жалқаяқтанады. Иондаушы радиациямен сырттан әсерленгенн жануардың терісі зақымданып, түгі түскен телімдер мен ойылымдар пайда болады.
Микроскопиялық өзгерістер қан торшаларын түзетін мүшелердегі, яғни сүйек кемігіндегі, лимфалық түйіндер мен талақтағы митозға қабылеті жоғары торшалар ядроларының бүлінуімен басталады да, көп ұзамай гемопоэз тұншығады. Шыңына жеткен сәулелік аурудан өлген жануардың сүйек кемігінде эритроциттерді, лейкоциттер мен тромбоциттерді түзетін миелоидтық торшалар түгел ыдырап кетіп, олардың орынын липоциттер басады сонымен қатар, әдетте стромалық рөл атқаратын рейтикулоциттер, домбығу сұйығы, қанталаулар болады. Лимфалық түйіндерде лимфоциттер ыдырап, жойылып кетіп, фалликулдар мен ішкі қабаттағы рейтиккулярлық торшалары жалаңаштанады, қанның молаюы, қанталаулар және эритрофагия құбылысы байқалады. Осы өзгерістерге минданиларда да, аш ішек пен тоқ ішек
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz