Улануды емдеудің жалпы принциптері. Уланудың алдын алу


Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

СӨЖ

Тақырыбы: Улануды емдеудің жалпы принциптері. Уланудың алдын алу

Тексерген:Билялов Е. Е.

Тобы:ВС-403

Орындаған:Байзақ Н. С.

Семей 2017

ЖОСПАР:

  1. Кіріспе
  2. Негізгі бөлім
  • Улану кезінде көрсетілетін алғашқы көмек
  • Уланудың алдын алу
  1. Қорытынды
  2. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Жануарлар өсімдіктерден және минералды улардан улануы мүмкін. Ауылшаруашылық жануарларының улануының басты себебі минералды улар болып табылады, ауыл қожалықтарында зиянкестермен күресу кезінде. Бұндай уларға, фосфорорганикалық қосылыстар(хлорофос, карбофос, метафос, метильмиркаптофос және т. б. ), хлорорганикалық қосылыстар(гексахлоран, гексохлорбензол және басқалар), мышьяктүзуші қосылыстар(арсенат және натрий арсениті, кальций, париж аскөгі және т. б. ), сынап препараттары(гранозан, меркуран), металтүзуші препараттар(күкіртқышқылды метал, хлорқышқылды метал, бордо сұйықтығы және басқалары) . Бұлар пестицидтар. Пестицидтармен уланған ауылшаруашылық жануарлары тасымалдаудың инструктивті ережелерін дұрыс сақтамағанда туындайды, бұл заттарды қолдану және сақтау, сондай-ақ, жануарлардың қораларына өздерімен бірге ластанулар кіргенде. Уланулардың белгілері көптеген жануарларда азықтандыру, суару немесе емдеуден кейін кенет пайда болады. Анамнез кезінде ауру және өлтіруге мәжбүр болған жануарлар, мүшелердегі және ұлпадағы пат-анатомиялық өзгерістер ветеринарлық дәрігер аурудың себептерін қояды, ал күмәнді жағдайда ауру және өлтіруге мәжбүр болған жануарлардың шынай себептері түсіндіріледі. Улануға күмәнді жанаурлардың шығу көзін анықтайды. Егер, ол жайылымда өтсе, онда оны улы шөптерге зерттейді, улы химикаттардың уақытша жиналу орны, өнеркәсіптік және техникалық шығынның орнын зерттейді. Егер, улану қолда ұстаған жағдайда болса, азықтардың қалдықтарынан сынама алады. Өлтіруге мәжбүр болған жануарлардан материал алады және химиялық және бактериологиялық зерттеуге зертханаға жібереді. Өлтіруге мәжбүр болған жануарларға, жағдайын көрсететін акт толтырылады, ауру қалай өршігені туралы, клиникалық белгілер, емдік шаралар, мүшелердегі және ұлпадардағы патанатомиялық өзгерістер, күмәнді диагноз және зертханалық зерттеу жүргізуге міндетті. Актта сондай-ақ, зертханалық зерттеулердің қорытындысын алғанша, иемденуші етті салқындатып консервіленген немесе мұздатылған түрде сақтау керек, онда иемденуші ветеринар мамандарға зертханалық зерттеу кезінде еттің бұзылғандығы үшін талап қоя алады. Уланудың союдан кейінгі диагностикасы. Мүшелердегі және ұлпалардағы патанатомиялық өзгерістер уланған жануарларда өзгерісінен қаралып жатқан 177 басқа ауруларға қарағанда ерекшеленбейді. Улардың көбі ұлпалар мен мүшелерде дистрофиялық және қабыну үрдісін шақырады. Бауыр үлкейеді, созылыңқы, сазды немесе қою-қоңыр түсті болады. Өт қабының кілегей қабықтарында нүктелі қан құйылулар болады. Жүректе, өкпеде, бүйректе, бауырда қан құйылу болуы мүмкін. Бүйрек ұлғаймаған, бос, қыртысты немесе милы қабықтың шектетері тегістелген. Ішек-қарын жолының серозды кілегей қабықтарында әртүрлі формада және қарқынды қан құйылу болады. Лимфа түйіндері кейде ісінген, кескенде сиренді-ашық-қызыл реңге боялады, қан құйылулар байқалады. Мүшелер мен ұлпаларда спецификалық өзгерістер кішкене улануларда пайда болады. Шошқалардағы улануының сипатты өзгерістері бұл сары түсті сүйек буындарының беткейі және несеп көпіршігінің кілегей қабығының гиперемиясы, күшәләмен улану - кілегей қабықтарының сарғаюы, пекринді және азот қышқылды улану кезінде, акридинмен - ішкі мүшелердің және еттердің сары реңге боялады. Зертханалық зерттеулер. Әкелінген материалды қорабынан шығарады, оны мөлшеріне тексереді, берілген ілеспе хаттармен, оның сыртқы түрін, түсін, тығыздығын, иісін қарайдыЖануардың улануға ұшырауы кезіндегі, патологиялық өзгерістерге ерекше мән береді. Содан соң, сынаманы бактериоскопиялық және бактериологиялық зерттеуге, кейін химиялық зерттеуге жібереді. Әрбір сынаманы жеке алып зерттейді. Екіншілік инфекцияның қорытындысына, адамдағы ішек ауруларын шақырылуына бактериологиялық зерттеулер жүргізеді. Жануарлардың улану кезіндегі етке және субөнімдерге санитарлық бағаны химиялық-токсикологиялық анализ қорытындысы бойынша, биохимиялық, органолептикалық және бактериологиялық зерттеу жібереді. Санитарлық бағалау сонымен қатар, улануды шақыратын токсикалогиялық заттардың сипатына байланысты. Сол себепті, барлық токсикалогиялық заттарды үш топқа бөледі. Бірінші топқа токсикалық заттар кіреді, еттегі және субөнімдердегі осы заттар жіберілмейді(сары фосфор, циянид, метафос, тияфос, гранозан) . Екінші топқа улы химикаттар, ет және ет өнімдеріндегі рұқсат етілген мөлшері. 1 кг етке берілетін мөлшері мг: шошқада - 1, сүрме - 10, аммиакты силитра -100, барий -300. Үшінші топқа, азықтық мақсатта қолдануға рұқсат етілген уланған еттер. Бұл топқа өсімдіктер, эфир майы, сапониндер және смала, фотодинамикалық әсерлі заттар(қарақұмық, тары, беде), улы және зең саңырауқұлақтар, улы утамыр, сондай-ақ, фтор препараты, цинк тұздары, металдар, қышқылдар және саңылаулар, натрий хлорид және калий, алколоидтар, газтәрізді заттар(аммияк, сұрлы ангидриттер, көміртек, хлор), карбомит, сивушты майлар және альдегидтер кіреді. 178 . А. Макарова(1978) бойынша өткір улануға ұшыраған жануарларды етке қолдануға; дибромдармен улануда, циадирлі улануда, руэленмен улануда - 7 тәуліктен кейін; антио, амифоспен, карбофоспен, фосфамид және бутифосфпен - 20; фазалон және хлорофоспен - 30; гардондар -46; байтекстермен, метильнитра - фоспен, метильмеркаптафоспен және рацидпен -60; қояндарда -10; қой және ірі қара малдарда -20, шошқаларда-35 және циноп және поликарбинмен улану жануардың барлық түрінде - тиісінше интоксикация симптомдары табылған уақыттан соң 25-30 тәулік ішінде. Сойылған жануарларды 21 тәуліктен кейін гиподерминхлорофоспен өңдеуге рұқсат етіледі, мышьяк түзуші препараттрмен - өңдеу кезінде 24 тәуліктен кейін.

Улану кезінде көрсетілетін алғашқы көмек

Улану, басқа жұқпалы аурулардан айтарлықтай белгілермен ерекшеленетін категорияға жататын ауру. Жіті улану күтпеген жерден болады. Сондықтан да, улануды емдеуде шешуші маңызы бар алғашқы көмек, уланған жануарға дер кезінде көрсетіліуі керек.

Уланған малға алғашқы көмекті дәрігер келгенге дейін, мал шаруашылық мекемелерінің жұмысшылары көрсетілуі тиіс. Ол үшін:

  1. Жануар ағзасына удың ары қарай түсуін тоқтату;
  2. Ағзаға еніп кеткен удың әсерін төмендету;
  3. Уланған жануар өмірін сақтайтын шаралар қолдану;
  4. Басқа жануарларда улану белгілері басталмай тұрғанда, күмәнді азықты алып тастап, сол жануарлардың ағзасына удың енуін тоқтатып немесе қысқартып қалу;
  5. Жануарларға көп мөлшерде су беру;
  6. Егер мүмкіндік болса, жануарды қорадан таза ауаға алып шығу;
  7. Дәрігердің келуін тездетіп, оның көмегіне сүйену керек.

Жануардың түріне қарай, олардың ағзасындағы уды әртүрлі әдістермен бейтараптауға болады. Кейбір құсу актісі тән жануарарлар ағзасын улы заттан босату мақсатында құстыратын заттар береді. Ірі қара, жылқылардың асқазанындағы уды зонтпен жуу арқылы, ал кейбір жағдайларда руминаторлық дәрілік заттар көмегімен сыртқа шығаруға болады. Асқазанындағы улы заттарды тазалап алып тастағанменде, онда удың аздаған мөлшері қалып қалатынын есте ұстау керек. Ағзадағы улы заттар әсерін жою үшін, асқазан ішек жолдарында олардың сорылуын азайтып, олардың уытты әсерін жоюға жағдай жасау керек. Осындай жағдайларда кілегейлі және ақзаттық препараттар қолданылады. Бұларға: алтей тамырының қайнатпасы, зығыр дәні, тауық жұмыртқасы және басқа да құрамында кілегей, крахмал, ақзаты және сүті бар препараттар жатады. Бұл заттар ішек қарын, асқазанның кілегейлі қабығын жұқа қабатпен жаба отырып, удың сіңімділігін төмендетеді, сонымен бірге, кейбір улы заттардың тітіркендіргіштік және күйдіретін әсерінен қорғайды.

Улануды емдеуде адсорбенттерді қолданудың маңызы өте зор. Адсорбция, ол ас қорыту жүйесіне улы заттардың сіңуін айтарлықтай немесе толық тоқтатып тастай алатын, өте құнды физикалық әдіс. Адсорбентті заттар удың құрылысын бұза алмаса да, қолданғанда, олардың ағзаға әсерін тежейді.

Уланғанда қолданылатын негізгі адсорбенттердің бірі белсендірілген көмір. Оның алколойдтарды, сынап және мышьяк қосылыстарын, әртүрлі газ түзгіш уытты заттарды сіңіру қасиеті өте жоғары. Бірақ, қарындағы уға қарағанда, оның ішектегі уға әсері өте әлсіз. Сондықтан, малдың уланғанына біршама уақыт өтіп кетсе, адсобенттермен қатар, белсенді іш өткізгіштер берсе, ем нәтижелі болары сөзсіз.

Төмендегі екі түрлі әдіспен ағзаға түскен уды құрғатуға және олардың уыттылық қасиетін жоюға болады:

  • Физикалық улы заттардың адсорбциясы;
  • Химиялық улы заттардың құрамының бұзылуы.

Улы заттардың құрылымын бұзып, ыдыратып, уытты әсерін тоқтату үшін уға қарсы заттар антидоттар деген жалпы атпен кең таралған.

Фосфорорганикалық және карбаматты пестицедтерден уланғанда: атропин сульфаты бронхоспазм, көз қарашығының тарылуы, сілекей ағу, қаңқа бұлшық еттерінің треморы және дірілі секілді клиникалық белгілерді жою үшін; тропацин антихолинэстеразды заттардың жүйке жүйесін салдандыратын уытты әсерін жоятын холинолитик ретінде; фосфолитин холинолитикалық әсер ететін атропин тәрізді химиялық зат түрінде; дипироксин фосфоорганикалық қосылыстардың уытты әсерінен қызметі төмендеген жүйке жүйесіндегі ацетилхолинэстеразаны қуаттандыратын зат ретінде қолданылады. Бұлармен қатар, диэтиксим, токсогонин, изонитрозин, дипраксим секілді антидоттар көмегімен уланудың бетін қайтаруға болады.

Хлорорганикалық қосылыстардан уланғанда токоферол ацетатының антидоттық әсері өте жоғары.

Ауыр металдардан уланғанда: унитиол жіті және созылмалы уланғанда жоғары дәрежелі есдік қасиет көрсететін антидот; тетацин, кальций, қорғасын, сынап, кобальт және кадмий сияқты металдармен уланғанда қолданылады.

Цианид, синил қышқылы және селеннен уланғанда тиосульфат натрийдің, натрий нитриттің, амилнитриттің емдік қасиеті өте нәтижелі.

Умен қосыла отырып, оның құрылымын өзгертетін және кешендік сипаты бар қосылыстар түзетін уыттылығы жоқ дәрілік заттарды арнайы антидот деп санауға болады.

Ағзаны улы заттардан тазалаған соң, зақымданған мүшелердің жағдайын жақсарту, яғни, симптоматикалық көмек көрсету керек.

Орталық жүйке жүйесі жағынан болған өзгерістер қысылуымен, тежелумен аяқталса, оған стрихнин, ал қозғанда барбитураттарды қолдануға болады. Жүрек қан тамыр жүйесі әлсірегенде, оның жұмысының жақсаруына камфора, кофеин және кордиамин препараттары көмектеседі. Асфиксиямен аяқталатын улануларда көмірқышқыл газын қолдану, ал синиль қышқылымен уланғанда метгемоглобин түзушілерді қолдануға кеңес беріледі.

Уланудың алдын алу

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Уланған кездегі ветеринариялық-санитариялық шаралар
Токсикология
Ауылшаруашылық жануарларының улануы
Удың ағзаға ену жолдары, ағзадан удың бөлінуі
Улану кезінде көрсетілетін алғашқы көмек
Малдың улы заттарға сезімталдығы
Удың ағзаға ену жолдары
Мышьяк қосылыстарымен интоксикацияны емдеу
Қорғасын қосындыларынан улану
Фармакогеномика, анықтамасы, мәні, маңызы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz