Кеңірдекті, трахеяны, қалқанша бездерін зерттеу. Жөтел және оның қасиеттеріне клиникалық баға беру


Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ.

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті.

БӨЖ

Тақырыбы: Кеңірдекті, трахеяны, қалқанша бездерін зерттеу. Жөтел және оның қасиеттеріне клиникалық баға беру

Орындаған : Отарғажыева А. А.

ВС - 403 Топ

Тексерген : Жексенаева А. Б.

Семей 2016

Кіріспе

Жоғарғы тыныс жолдарын (мұрын қуысы, қосалқы қуыстар, көмекей, кеңірдек, қалқанша без) тексеру. Тыныс алу қозғалыстарын тексеру.

Жоғарғы тыныс жолдарын тексерудің әдістемесін келесі ретпен уйретеді:

а) мұрын ақпасының және шығарылатын ауаның түрін анықтау;

б) мұрын қуысының кілегей қабатын тексеру;

в) жылқы ауақабының маңдай және үстіңгі жақ қуыстарының шекарасын анықтау;

г) қосалқы қуыстарды көру, сипалау, нұқу арқылы тексеру:

д) жылқы ауақабын тексеру:

е) көмекей мен кеңірдекті көру, сипалау және риноскоп, ларингоскоп құралдары арқылы тексеру;

ж) жөтел мен қақырықты тексеру;

з) қалқанша безін (орнын, көлемінің, тығыздығының, қозғалғыштығының өзгерісін) тексеру.

Сау малдарда мұрын ақпасы білінбейді (немесе сірлі, сірлі-кілегейлі ағынды түрінде аздап ағады) .

Ринит, бронхит, пневмония, қосалқы қуыстардың қабынуы, өкпе ісінуі, ларинго-фарингит кезінде мұрын ақпасы үнемі немесе кезеңмен сірлі, сірлі-іріңді немесе шірікті ағынды түрінде бөлінеді.

Шығарылатын ауаны тексергенде оның күшін, температурасын, иісін ( өкпе гангренасында жағымсыз иіс, кетоз кезінде ацетон иісі, уремия кезінде аммиак иісі) анықтайды.

Мұрын қуысының кілегей қабатын көру арқылы немесе рефлектор көмегімен тексереді. Жылқыларда ол көкшіл-қызғылт, ірі қара малда- қызғылт болады. Ауру кезінде қызаруы, көгеруі, бозаруы, сарғаюы, ісінуі мүмкін. Кейде кілегей қабатының бүтіндігінің бұзылуы-жара, күлдіреуік, тыртық, бөртпе кездеседі.

Жылқылардың маңдай және үстіңгі жақ қуыстарының топографиялық шекаралары: маңдай қуысының алдыңғы шекарасы-бет қырларының ортасына дейін, артқы шекарасы- жақ буынына дейін, бүйір шекарасы- сыртқы маңдай қырына дейін жетеді. Үстіңгі жақ қуысының жоғарғы шекарасы-көздің ішкі бұрышынан жақ бұрышына дейін, төменгісі - бет қыры деңгейінде, алдыңғысы- орбита ортасының деңгейінде болады.

Ірі қара малда маңдай қуысының алдыңғы шекарасы- орбиталардың алдыңғы шеттерін қосатын сызық бойымен, артқысы-мүйіз аралық қырмен, бүйір шекарасы-маңдай сүйегінің сыртқы қырымен өтеді. Үстіңгі қуысының жоғарғы шекарасы- орбитаның ішкі қырынан бірінші премолярдың алдыңғы қырына дейінгі сызық бойынша, алдыңғысы- көзасты тесігінің деңгейінде, артқысы- орбита ортасының деңгейінде, төменгісі- бет төмпегінен мұрынға паралелль жүргізілген сызық бойымен өтеді.

Тақ тұяқтылардың ауа қаптары құлақ қалқанынан төменірек, атлант каналы мен төменгі жақ бұтағының артқы қырының арасында орналасқан. Ауа қабын көру, сипалау, нұқу әдістерімен және қажет болған жағдайда ренгеноскопия, рентгенографияны қолданып тексереді.

Өңеш пен кеңірдекті көру, сипалау және тыңдау әдістерімен тексереді. Бірқатар аурулар (сақау, жоғарғы тыныс алу жолдарының жұқпалы катары, ларингит және т. б. ) кезінде ауырсыну, қабынулар, жергілікті температураның жоғарылауы байқалады.

Жөтелді зерттегенде оның күшіне, жиілілігіне, ұзақтығына және жөтелдің табиғатына (бронхит, трахеит кезінде- жаңғырған, пневмония кезінде -глухой, плеврит, өңеш қабынуы, бронхит және плевропневмония кезінде ауырсынудың байқалуы) .

Негізгі бөлім

Көмей мен кеңірдекті сырттай және іштей зертеу тәсілдерімен кездеседі. Олар сырттай қарау, сипау, тыңдау тәсілдерін қолдану арқылы жүргізіледі. Қарау кезінде мынадай жағдайды кездестіріуге болады, малдың басын төмен еңкейтіп, мойнын жоғары созып тұрғанын, қиналып деп алғанын, кейде кеңірдек аумағы маңындағы ұлпалардың қабынуы салдарынан томпайып тұрған ісікті байқауға болады. Көмей мен кеңірдекті қарап зерттегенде оның сырт пішінінің өзгерісіне, қисайып майысқанына, жұмсақтығына назар аударады. Сипау кезінде кеңірдек аумағының қызулығын, сезгіштігін және кеңірдек қуысындағы түрлі шуылды анықтайды. Қызудың жоғарлауы және ауырсынуы көмей мен кеңірдектің қабыну салдарынан болады. Егер кеңірдектің алдыңғы сақинасын, ожау тәріздес шеміршекті саусақпен қысқан кезде, көмей қабынуынан жөтел пайда болады. Көмей мен кеңірдектің қуысы тарылған жағдайда, ысқырған, тұншығу, көмей мен кеңірдектің ісігінде, қуыстарда кілегей, фибринді пленка жиналғанда сипау кезінде шуылдар байқалады. Көмей мен кеңірдекті тыңдау екі тәсілмен жүргізіледі: ол тікелей аспап көмегімен тыңдау. Дені сау малдарда «Х» әрпіне үндес дыбыс естіледі, көмей тұсын тыңдағанда мұндай дыбыс естілсе, онда оны «көмейлі тыныстану» дыбысы дейді. Аталған дыбыстардан басқа патологиялық жағдайларда мынадай дыбыстар естіледі:

• Көмей мен кеңірдектің тыныстану дыбысының күшеюі, көмей мен кеңірдек кілегейлі қабығының қабынуы салдарынан болады. • Стридор ысқырғанға немесе пышырлағанға ұқсас дыбыс, ол кеңірдек пен көмейдің қуысы тарылған кезде (гемиплегия, көмей ісігінде, ісікте) пайда болады. • Қырыл, көмей мен кеңірдектің кілегейлі қабығы қабынғанда болады, ол экссудаттың сипатына қарай ылғалды немесе құрғақ болып бөлінеді. Көмейді іштей зерттеу, ауыз қуысын ашып көру арқылы жүргізіледі. Тұмсығы қысқа итте, мысықта және құста ол жақсы көрінеді. Көмейді көру кезінде оның түсіне және және кілегей қабықшасының ахуалына көңіл бөледі және онда жарық жара немесе басқа жаралар жоқ па соны анықтайды. Ірі малдардың көмейін зерттеу үшін ларингоскоп аспабын қолданады. Ол үшін малдың басын бекем ұстап, матау керек . Ларингоскопты қолдану үшін, оны жылы суға салып жылытады, содан соң маймен майлап, төменгі танау жолымен көмекейге дейін енгізеді . Тексеру кезінде жұмсақ таңдайдың кілегейлі қабығын, дауыс қуысын, дауыс сіңірін, кәкпір тәріздес шеміршектің мүйізін көруге болады. Эндоскопияны ысқырықты, тұншығуда көмей кілегей қабығы қабанғанғанда ауруды анықтау үшін қолданған дұрыс

Тыныс алу қозғалыстарын зерттеуді көкірек қуысын көру арқылы тексеруден бастайды. Мұнда көкірек қуысының пішініне, көлеміне, қозғалғыштығына; тыныс алу түріне, жиілігіне, симметриялығына және ырғағына назар аударады. Көкірек қуысының пішінін, көлемін, қозғалғыштығын бүйірінен және артынан қарау арқылы анықтайды.

Тыныс алу түрін кеуде және құрсақ бұлшықеттерінің қозғалысы бойынша анықтайды. Ауылшаруашылық малдарында тыныс алудың кеуде-құрсақтық (косто-абдалинальдық), иттер мен терісі бағалы аңдарда - кеуделік тыныс алу. Ауылшаруашылық малдарында кеуделік тыныс алу- перитонит, қарынның жіті үлкеюінде, ішектердің метеоризмінде, мес қарынның тимпаниясында т. б. кездеседі. Ал, құрсақтық тыныс алу-плевритте, өкпе эмфиземасында, пневмонияда байқалады.

Тыныс алу жиілілігін көкірек қуысының, құрсақ қабырғасының, жылқыда мұрын қанаттарының қозғалысы бойынша, шығарылатын ауа ағындары бойынша, өкпе немесе кеңірдекті тыңдау арқылы анықтайды.

Ауруларда тыныс алудың жиілілеуі (палипноэ ) және тыныс алудың сиреуі (олигопноэ) байқалады.

Палипноэ - өкпе ауруларында, плевра ауруларында, жүрек жетіспеушілігінде, анемияда, көптеген лихорадкалық ауруларда кездеседі.

Олигопноэ - көмекей мен ірі бронхиттардың диаметрінің кішіреюі, бас қысымының жоғарылауы, гастрит, кетоз т. б. ауруларда болады.

Тыныс алу мүшелерін тексергенде тыныс алу ырғағына назар аударады. Тыныс алу ырғағы дегеніміз- дем алу және дем шығару фазаларының дұрыс кезектесуі.

Тыныс алу аритмияларына келесілер жатады:

Саккадирлі немесе үздікті тыныс алу.

Плеврит, микробронхит, өкпе эмфиземасы, менингит, кетоз, уремия ауруларында байқалады.

Кусемаульдің үлкен тыныс алуы. Минутына тыныс алу санының азаюымен және тыныс алу фазаларының ұзаруымен сипатталады. Бұзау сальмонеллезі жылқы ИЭМ, кала кезінде байқалады.

Биоттік тыныс алу. Бірдей тыныс алу қозғалыстарынан кейін ұзақ үзілістің пайда болуымен сипатталады. Энцефалит, менингит, ми қабынуларында, миға қан құйылғанда байқалады.

Чейн-Стокс тыныс алуы. Ұзақ үзілістен кейін бірте-бірте күшейе беретін тыныс алу қозғалыстарының пайда болып, содан кейін қайтадан тыныс алу қозғалыстары әлсізденіп, үзіліске ауысуымен сипатталады. Миға қан құйылғанда, шаншуда, миокардитте, улануда байқалады.

Грокктың дислоцирленген тыныс алуы. Тыныс алу координациясының бұзылуы, тыныс алудың көкірек қуысының бұлшықеттерінің жұмысына сәйкес болмауымен сипатталады. Аутоинтоксикация және жылқы ПЭМ кезінде болады.

Ентігу (диспноэ) - тыныс алудың түрінің, ырғағының, тереңдігінің және жиілілігінің өзгеруі. Ентігу инсператорлық, эксператорлық және аралас болып бөлінеді.

Инсператорлық ентігу - дем алудың күшеюі мен ұзаруы салдарынан қиындауы. Ол жоғарғы тыныс алу жолдарының тарылуы нәтижесінде пайда болады. Мұрын кілегей қабығының қабынуында, сақау кезінде, жоғарғы тыныс алу жолдарының жұқпалы катарінде және т. б. ауруларда болады.

Экспираторлық ентігу. Дем шығарудың қиындауы, шап соғуын түзеді. өкпенің альбеолалық эмфиземасында байқалады.

Аралас ентігу дем алу мен дем шығарудың қиындауымен сипатталады. Пневмония, пневмоторакс, плеврит, жүрек жетіспеушілігі, лейкоз, энцефалит, анемия ауруларымен ауыратын жануарларда кездеседі.

Көкірек қуысын сипалау арқылы оның сезімталдығын, температурасының өзгеруін, терісінің зақымдалуының бар-жоғын, ісіктер, эмфизема және т. б. өзгерістерді анықтайды.

Қалқанша без кеңірдектің алғашқы екі-үш сақинасының вентральдық бетінде, көмекейдің қалқанша шеміршегінің артыңда орналасқан жұп без. Оның массасы адамда 20-40 г, жылқы мен сиырда -25-40 г, шошқада - 15-20 г, қой-ешкіде 5-10 г, тауықта 40-100 мг. Без сырт жағынан дәнекер ұлпалы кабықшамен қапталады да, одан тараған перделермен жеке-жеке көпіршіктерден (фолликулалардан) тұратын бөліктерге бөлінеді. Көпіршіктер қабырғасы бір қабат эпителиальды торшалардан құралады да, оның ішінде тиреоглобулині бар біртекті коллоид жинақталады.

Қалқанша без құрамында йод элементі бар тироксин және үш йодты тиронин атты гормондар бөледі. Бұл гормондар организмдегі зат алмасу процесінің қарқынын, организмнің өсіп-жетілуін реттейді, жоғары дәрежелі нервтік қызметке әсер етеді. Тироксин белоктардың, кемірсулардың, майлардың тотығуын күшейтіп, ұлпалардың глюкозаны сіңіру қабілетін жоғарылатады, бауыр мен бұлшық етте гликогеннің ыдырауын жылдамдатады. Қалқанша без гормондары денедегі су мен минералды заттардың алмасуын реттейді, ас қорыту ағзалары қызметін күшейтіп, сүт түзу процесін жандандырады.

Қалқанша без қызметі нашарласа зат алмасу процесінің қарқыны төмендеп, организм әлсірейді, бұлшық ет болжырап, дене температурасы төмендейді, жыныстық қызмет бұзылып, нерв жүйесінің қозғыштығы нашарлайды, жоғары дәрежелі нервтік қызмет бұзылады.

Бездің гиперфункциясы базед дертіне шалдықтырады. Бұл жағдайда зат алмасу қарқыны жоғарылап, адам қатты арықтайды, жүрек соғады, дене қызуы көтеріліп, адамның жұмыс қабілеті төмендейді, әлжуаздык, тершендік, ашушаңдық байқалады.

Организмде йод жетіспеген жағдайда без шырышты секретті көп бөліп, көпіршіктер қабырғасы керіліп, бездің көлемі өседі, секрециялық торшалар қысылып, олардың қызметі нашарлайды, гормондардың түзілуі бәсендейді, организм жемсау (зоб) ауруына шалдығады. Без қызметі мүлдем тоқтаса шырышты ісік - микседема, байқалады. Мұндай сырқаттың өсуі тоқтап, сүйектің жетілуі тежеледі, жүрек соғуы сиреп, зат алмасу процесі нашарлайды, дене температурасы төмендеп, ас қорыту ағзаларының жұмысы бұзылады. Балалар өспей, жарым ес болып қалады. Ересек адамда зат алмасу қарқыны 30-40 пайызға төмендеп, белоктың алмасуы бұзылады, ұлпааралық сұйықта муцин мен альбуминнің мөлшері көбейіп, онкостық қысым жоғарылайды. Организм ісінеді, жоғары дәрежелі нервтік қызмет нашарлап, адамның ойлау қабілеті төмендейді.

Қалқанша без кызметі жыл маусымына, организмнің физиологиялық күйіне қарай өзгеріп отырады. Қыста бездің белсенділігі жоғарылап, жазда төмендейді. Буаздық, сүттену кезеңдерінде бездің физиологиялық гиперфункциясы байқалады.

Қалқанша без фолликуласының сыртында орналасқан торшалар (парафолликулярлық торшалар) тиреокальцитонин гормонын түзеді. Бұл гормон қан құрамындағы кальцийдің сүйек ұлпаларына жинақталып, үнемдеп жұмсалуын, бүйрек арқылы фосфордың бөлінуін қамтамасыз етіп, қандағы кальций мен фосфордың арақатынасын реттейді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ІШКІ ЖҰҚПАЛЫ ЕМЕС АУРУЛАР КЛИНИКАЛЫҚ ДИАГНОСТИКА РЕНГИНОЛОГИЯСЫМЕН пәніне арналған оқу-әдістемелік құралы
Бұзауларды оқшаулап бағу
Көмей мен трахеяны зерттеу
Көкірек қуысын зерттеудің клиникалық маңызы
Эзофаготомия (oesophagotomy) — өңеш қабырғасын зерттеу, бөгде денелерді жою немесе қандай да бір құралдарды енгізу үшін таратудан тұратын хирургиялық операция
Сальмонеллез ауруы жануарлар мен адамдар арасында болатын жіті ішек ауруы
Сынықтардың асқынулары
Тыныс алу мүшелеріне анатомо – гистологиялық сипаттама
Тауықтың оба ауруы
Өкпе қабының ауруы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz