ЛЮДВИГ ВАН БЕТХОВЕН (1770-1827)



1 Л.В.Бетховеннің балалық шағы
2 Бетховеннің әкесі
3 Жасөспірім қиялының батылдығы мен байлығы
4 Бетховен өмірінің қайғылы жағдайы
Л.В.Бетховен кішкентай неміс қаласы Бонңда туылды. Бала музыкалық отбасында өсті. Оның атасы Бонның наместнигі княздың сарай капелласының хорында өлең айтты және скрипкада ойнады, ал сонан соң осы хордың капельмейстері болды. Осы жер композитордың әкесі Иоганн Ван Бетховен де әнші-теноршы тено ретінде қызмет атқарды. Баланың музыкалык қабілеті ерте байқалды. Егер оның әкесі Моцарттың әкесі сияқты сезімтал және талант педагог болса, баланың өмірі басқаша болар ма еді.
Бетховеннің әкесі де баласын музыкаға үйретті. Бірақ тәжірибесіз педагог, музыканы сезгіш емес, қатып қалған, ал кейде мейірімсіз адам болатын. Кішкентай Людвигтің даңқы оған мән бермеді. Алдымен ол Людвигті клавесинада ойнауға үйретті, сонан соң әкесінің музыкаға қабілетті достары оны скрипкада, органда және фортепианодаойнауға үйретті. Әкесі күніне жеті-сегіз сағаттан бақытсыз баланы жаттығуды жаттауға мәжбүрлейтін. Ал кейде ол түнде де баламен жаттыққысы келетін. Ол баласын оятып, ұйқылы, жылап тұрған баланы фортепианода ойнауға мәжбүр ететін.

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
ЛЮДВИГ ВАН БЕТХОВЕН
(1770-1827)

Л.В.Бетховен кішкентай неміс қаласы Бонңда туылды. Бала
музыкалық отбасында өсті. Оның атасы Бонның наместнигі княздың сарай
капелласының хорында өлең айтты және скрипкада ойнады, ал сонан соң
осы хордың капельмейстері болды. Осы жер композитордың әкесі
Иоганн Ван Бетховен де әнші-теноршы тено ретінде қызмет атқарды. Баланың
музыкалык қабілеті ерте байқалды. Егер оның әкесі Моцарттың әкесі сияқты
сезімтал және талант педагог болса, баланың өмірі басқаша болар ма еді.
Бетховеннің әкесі де баласын музыкаға үйретті. Бірақ
тәжірибесіз педагог, музыканы сезгіш емес, қатып қалған, ал кейде
мейірімсіз адам болатын. Кішкентай Людвигтің даңқы оған мән
бермеді. Алдымен ол Людвигті клавесинада ойнауға үйретті, сонан соң
әкесінің музыкаға қабілетті достары оны скрипкада, органда және
фортепианодаойнауға үйретті. Әкесі күніне жеті-сегіз сағаттан бақытсыз
баланы жаттығуды жаттауға мәжбүрлейтін. Ал кейде ол түнде де баламен
жаттыққысы келетін. Ол баласын оятып, ұйқылы, жылап тұрған баланы
фортепианода ойнауға мәжбүр ететін. Мұндай жағдайларда онда
бәрінен бұрын көңілді кештен өзімен бірге қайтқан достарына кішкентай
музыканттың талантын көрсеткісі келген сезім басым болды. Қорқып кеткен
анасының ешқандай ақыл-кеңесі мұндай азапт түнгі сабақтарға кедергі тұра
алмады. Тек баланың жарқын таланты, оның музыкаға деген жеңілмейтін
әуестігі ғана мұндай қиындықты жеңіп шығуға көмектесті және өнерден
біржолата қашырып жібермеді.
Сегіз жасында кішкентай Бетховен Кельн қаласында өзінің бірінші
концертін берді. Баланың концерттері басқа қалаларда да болды. Әкесі балаға
бұдан басқа ешнәрсе үйрете алмайтынын көріп, онымен айналысқанды тоқтатты,
ал балаға он жас толғанда мектептен шығарып алды. Әкесінің көңіл-көтерулері
ақша қажет етті, отбасының материалдық жағдайы бұзылды. Мұқтаждық пен
бақытсыздықтан қиналған Людвигтің анасы ауырып қалды. Бала он екі жасынан
бастап жұмыс істеуге мәжбүр болды. Ол сарай капелласында органшы болып
қызмет атқарды, ауыр, көңілсіз балалық шақ!
Тек қана Бетховеннің 1782 жылы Христиан Нефемен кездесуін осы жылдардың
бақытты оқиғасы деп санауға болады. Тамаша педагог, композитор, органшы
Нефе баладан бірденнен тамаша музыкантты таниды, ал негізгісі - оның
талантының өзгешелігін түсіне алды. Бетховенді неміс композиторларының -
Иоганн Севастъян мен Филипп Эммануил Бахтың, Генделдің, Гайдннің, Моцарттың
ең жақсы шығармаларымен таныстырған да осы Нефе еді, Сонысымен ол баланың
шығармашылығының дамуы үшін берік негіз жасады. Ақыр соңында композитор
таланты қажетті қолдау алды. Оқытушы Бетховенге бірінші шығармасын
бастыруға да көмектесті. Олардың ішінде композитор Дресслердің маршының
тақырыбына жазған фортепианалық вариациялары мен клавесина үшін үш соната
бар. Өзі өте білімді бола отырып, Нефе Бетховенге бұл бағытта да үлкен
әсерін тигізді. Оның кеңесі бойынша жасөспірім көп оқыды, шет тілдерін
үйренді (латын, француз, италяндық).
Композитор мен пианист ретінде нығайып, Бетховен өзінің көптен бергі
арманын жүзеге асырды, - Моцартпен кездесу үшін және оның кеңестерін есіту
үшін Венаға келді. Ол атақты композитордың алдында өзінің шығармаларын
ойнады және импровизациялады. Жасөспірім қиялының батылдығы мен байлығына,
тасқынды және қызу орындаған өзгеше мәнеріне Моцарт таң қалды.
Жанындағыларға қарап Моцарт айқайлап жібереді: Оған көңіл аударыңдар! Ол
бәрін өзі туралы айтуға мәжбүр етеді!
Алайда екі ұлы музыканттың кездесуі ұзаққа жалғаспады.
Мейірімді және өте жақсы көрген Бетховеннің сүйікті анасы қайтыс болды.
Отбасы туралы барлық қамқорлықты жасөспірім баланың өзіне алуына тура
келді. Кішкентай екі інісін тәрбиелеу көңіл бөлуді, қамқорлықты, ақша қажет
етті. Бетховен опералық театрға қызметке кіреді, оркестрде альтада ойнады,
концерттерде өнер көрсетті, өте көп сабақтар берді. Ауыр күндер басталды,
еңбек пен мұқтаждыққа толы, ауыр жастық шақ басталды. Демалысының сирек
минуттарын Бетховен Бонның әсем төңірегін қыдырумен өткізді. Ормандардың,
алқаптардың, Рейннің тыныш жағалауларының әдемілігінен бала көзіне
қуаныштан жас үйірілетін. Туған табиғатқа сүйіспеншілігін ол өмір бақи
сақтады.
Осы жылдары Бетховеннің өмірге көзқарасы, адамдарға қатынасы қалыптасты.
Бұл жерде оның университеттегі сабағы үлкен рөл ойнады, оған Нефенің кеңесі
бойынша барған еді, бірақ ол ұзаққа созылған жоқ. Дәл сол кездері (1789
жыл) Рейннің арғы бетінде, Францияда ұлы оқиға - революция болды. Азаттық,
теңдік, барлық адамдар туысқандығы ұрандалды. Халықтың король өкіметіне
қарсы шыққан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Людвиг Ван Бетховен
Людвиг ван Бетховен. Өмірбаян
Антикалық дәуір музыкасы. қайта өрлеу дәуіріндегі музыкасы. 18-ғасырдағы музыка
Вена классикалық мектеп өкілдері
Классикалық музыканың адамға әсері
Дефектология жеке ғылым саласы ретінде
Оңтүстік қазқстан облысындағы аномальды балаларды оқыту мен тәрбиелеу мәселелері
Діни музыка
Глюк Кристов Виллибальд
Неміс классикалық философиясының негізгі сипаттары
Пәндер