Қояндар мен терісі бағалы аңдар гигиенасы


Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы Қояндар мен терісі бағалы аңдар гигиенасы

Тексерген: Қойгелдинова А. С.

Орындаған: Отарғажыева А. А.

Тобы: ВС-403

Семей 2017ж

Жоспар:

  1. Кіріспе:
  2. Негізгі бөлім

2. 1 Қояндардың ұстау жүйелері

2. 2 Бағалы терілі аңдарды ұстау гигиенасы

2. 3 Бағалы терілі аңдарды азықтандыру гигиенасы

3) Қорытынды

Кіріспе:

Үй қояндарын өсірудің маңызы оның биологиялық ерекшеліктерімен байланысады. Қояндар өте тез өсетін, басқа малдар мен салыстырғанда шағылысқа келу мерзімі ерте туатын және аналық қоян жылдың әр кезінде күйті келіп, шағылысқа түсе алады. Онымен қоса бір аналықтан жыл ішінде 25-30 бас көжек алуға болады, яғни әр аналықтан 80-100 кг құнды, жұғымды ет және бағалы 30-35 қоян терісін алады. Сол сияқты қояндар, басқа үй малдарына қарағанда, сыртқы ортаның әсерлеріне өте сезімтал келеді де, әртүрлі тосын жағдайларға үрейленіп, стресске ұшырайды.

Қояндардың ұстау жүйелері

Үй қояндарын ұстау үшін әртүрлі конструкциялы торкөзді клеткалар пайдаланады. Клеткаларды орналастыратын жерлеріне байланысты қояндарды мынандай ұстау жүйелеріне бөледі.

  1. Сыртқы клеткаларда (ашық аспан астында) ;
  2. Арнайы сарайлар - шедтарда;
  3. Жабық қоян қораларында.

Сыртқы клеткаларда ұстау кездерінде қояндарды ашық аспанның астында немесе жабық қалқандарда жыл бойы әртүрлі типті клеткаларды қойып, сонда азықтандырып өсіреді. Бұл тәсілмен ұстағанда қоян организмі шынығып, денсаулығы артып, жүнінің сапасы жақсарады. Бірақ мұндай жүйеде ұстағанда ауа райының қолайсыз мерзімдерінде, әсіресе қыста, тудырып өнім ала алмайды.

Арнайы сарайларда (шед) ұстағанда екі қатарлы, бір-біріне беттерін қаратып, бір немесе екі қабатты клеткаларды, жергілікті арзан материалдардан, ұзындығы 50-70 м дейін, ені - 2, 5-3 м қылып салынған шедтердің ішіне қойып соған жекелеме немесе шағын топпен қояндарды орналастырады. Екі қатарлы орналасқан клеткалардың ортасынан 1, 2-1, 5 м жол қалдырып, төбесі шатырлы болып жабылады. Бірінші қабаттың клеткалары жерден 40-60 см биіктікте аяқтарға тұрғызады да, астынан түскен көңді жинап алатын арықтар (канал) қалдырады. Әр клетка екі бөліктен: кіші ұялы, үлкен - азық бөлімнен тұрады. Кіші бөлігінің қабырғалары тұтас материалдардан жасалып, ортасындағы бөлігінде қоян кіріп-шыға алатын тесік қалдырып, ішіне 40*50*20 см фанерден жәшік қояды да құрғақ төсеніш (солома, жапырақ) материалмен толтырады. Азық бөлігінің алдыңғы қабырғасы және асты тор көзді болады да, алдыңғы бетінің іш жағынан азық науасы мен су құбырын орнатады. Екінші қабаттағы клеткалардың еденінің асты болып, біріншілерінің төбесі есептеледі де, шедтің сыртынан келіп, ашып көңді жинап алатын сырмалы бір тақтай бойындай, саңылау қалдырылады.

Ортаңғы жолдың жоғарғы жағына аспалы, жылжып тұратын азық салатын жәшік ілінеді. Қояндарды сарайда ұстау күннің аязы мен жауын-шашындарынан қояндарды сақтайды да, мұндай тәсілмен ұстағанда жылдың ауыспалы мезгілдерінде де (күз, көктем) оларды төлдетіп, өнім алуға болады.

Қоян қораларында ұстау жүйесі кезінде әртүрлі арзан материалдардан, көбінесе кірпіштерден, шлак, саз құймалардан, сирек самандардан жылыланған қоралар тұрғызып, ішіне бір типті (размерлі) тоттанбайтын сым темірден жасалған клеткаларды бірнеше қатарлы қылып, көбінесе бір қабат, ал жас қояндар үшін 2-5 қабатқа дейін орналастырады.

Ірілендірілген қоян шаруашылықтарында, жыл бойында ұздіксіз ет алынатын, қояндарды асфальттанған немесе бетондаған едендері бар, ішінде тіреулері жоқ жақсы жылыланған жабық қораларда ұстайды да, оның ішіне орналастыратын клеткалардың едендерінің ауданы: көжектері мен аналық, бір аталық, 5-6 бас өндірістік 3 айдан асқан жас қояндар үшін - 0, 5 м2, ал бройлерлік көжектері мен бір аналыққа - 0, 7 м2 жасалады. Аналық қояндардың клеткаларының ішіне ұялық размері 40*60*25 см жәшік, оған жұмсақ, құрғақ төсеніштік материал салып қояды. Қабырғалары мен есіктері клеткалардың тор көзді, көздерінің размерлері 2, 5*2, 5 см. Қояндарға арналған негізгі технологиялық элементтердің размерлері (25) кестеде көрсетілген.

Шағын қояндар фермаларында ірі қояндарды жекелеме түрде, ашық аспанның астында қос бөлмелі, тұрақты аналыққа арналған орны бар клеткаларда ұстайды. Әрбір клетканың ішіне бөлік жасап одан 20*20 см кіріп-шығатын тесік қалдырып, азық бөлімінің ұзындығы 60 см, ұялы бөлмесінікі - 40 см, ал азық бөлімінің есігіне өздігінен аударылып кететін су науасы және құрама қоспалар салатын астаушалар отырғызады. Азық бөлімінің едендері тор көзді болып, олардың нәжістері астындағы арықшаға түсетіндей қылып клеткаларды қатар-қатар тізбектеп, жерден 60-70 см биіктікке, аяққа тұрғызады. Әр қатарда 15-17 клеткадан соң, бір көлденең жол тастап отырады.

Көптеген қоян шаруашылықтарында қояндарды бір ғана жүйемен ұстап қана қоймай, әртүрлі жүйені кезекпен пайдаланады. Мысалы, еттік жас қояндарды күннің қатты суығына дейін далада клеткаларда, ал ауыспалы мезгілдерде шедтерде ұстаса, аналық қояндарды қыста қорада клеткаларда ұстап, қосымша көжектетіп өнім алады.

Жабық қораларда ұстағанның жоғарғы нәтижелі болуы оның микроклиматының негізгі көрсеткіштері температурасы, ылғалдылығы, ауа қозғалысының жылдамдығы, тағы басқа зиянды газдардың мөлшері қояндардың физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес, нормативке негізделуіне байланысты болады.

Қоян қораларынан көңді (әр тәулікте бір реттен кем емес) қырғыш транспортерлермен жинап, автокөлікке тиеп шығарып отырады. Ауа алмастыру қоян қораларында механикалық жүйемен жасалады. Қыс айларында қоян қораларын жылыту электірлі каллориферлер мен ауа алмастыру жүйесімен біріктіріп жүргізіледі

Қояндарға таза ауаның жетіспеушілігі өкпе ауруларының тууына және жалпы резистентілігінің төмендеуіне апарып соғады. Қояндар төменгі температураны да (минус 30 С дейін), жоғарғы температураны да (+30) жақсы көтереді, бірақ ылғалдық жоғары, қора іші сыз, өтпелі жел болса, тез әртүрлі ауруларға шалдығады. Жоғарғы салыстырмалы ылғалдылық 80 % асса, төменгі температурада өкпе ауруына ұшыратса, төменгі ылғалдылық (40-50 %) жоғарғы температурада терісін кептіріп, төзімділігін нашарлатады.

Ауаның суық кездерінде, қорадағы оның қозғалысының жылдамдығы - 0, 05-0, 25 м/сек аспаса, жаз айларында 0, 5-0, 7 м/сек дейін болып, ауыспалы мезгілдерде - 0, 3-0, 5 м/сек болуы керек.

Қоян қораларындағы жарықтандырудың тәулігіне ұзақтығы 16-18 сағат, ал жарықтың шамасы - 50-70 люкс, бордақылауға арналған қояндарға - 10 люкске дейін.

Қояндар қорасының ауасындағы зиянды газдардың жоғарғы мөлшері олардың әртүрлі ауруларға төзімділігін төмендетеді. Ауадағы аммиактың концентрациясы әр куб. м. 10 мг артық болса, қояндардың сүзелең улануға ұшырап, өкпе және кеңсірік (ренит) ауруларын туғызады. Қоян қораларының ауасындағы қалыпты көмірқышқыл газының мөлшері 0, 15 % жоғары болмай, күкіртті сутегі және аммиакцтың әр куб. м аудағы концентрациясы - 10 мг аспауы керек.

Қояндардың тамақ жеуі және су ішуі түнгі мезгілдерде қарқынды болады. Күндіз тыныштықты жаратып, дем алғанды ұнатады. Ол кездердегі механизмдердің (азық тарату, көң шығару, ауа желдету т. б. ) өндірістегі шулары оларда стресс (күйзеліс) туғызып, мазасызданып, клетка ішінде жүгіріп, кей кездерде секіріп, артқы аяқтары жансызданып (паралич) қалуға дейін барады. Тосыннан болған өзгерістер (айғай, бөтен адамдардың кіруі, өлшеу, егу жұмыстары т. б. ) қояндардың күйзелісін тудырып, содан өз көжегін жеуге (канниболизм), үстіне жатып өлтіруге, іші өтіп ауруға ұрындырады.


Бағалы терілі аңдардың гигиенасы

Андарға арналған фермаларды бағытына байланысты екі түрге бөледі: тұқымды фермалар - жас тұқымды андарды өсіріп дамытуға және бұрынғыларын жаңарту мен айналасатындар және өнімдік фермалар - бағалы аң терілерін алуға және нутрий фермалары-ет өндіру мен шұғылданады.

Аң терілерін өндіруде алдыңғы қатарда орын алатын норкалар, поляр түлкілерін, жай қызыл түлкілерінің фермалары, нутри және бұлғын өсіретін шаруашылықтар болып саналады.

Бағалы терілі аңдарды ұстау гигиенасы

Аңдар өсіру мен айналасатын шаруашылықтар қатынастар шектелген, жабық типті болуы керек. Ондай шаруашылықтың территориялары тұтас немесе тор көзді әртүрлі материалдармен қоршалып, қоршаудың төменгі басы кем дегенде 30 см жерге сіңірілген болады. Қорғанның биіктігі түлкілер және поляр түлкілері (песец) үшін 2 м кем болмай, жоғарғы басының қалқыны болса, норка мен бұлғындар үшін қоршау биіктігі 1, 5 м болып, оның орта тұсында, аңдардың өрмелеп шығып кетпеуі үшін, жылтыр, тайғақ материалдан жолақ жол жасалады. Таулы және қары қалың түсетін аймақтарда барлық андардың түрлеріне арналған фермалардың қорғандарының биіктігі - 2, 5 м жасалады.

Бағалы терілі аңдарды ұстау тәсілдері де үй қояндарын ұстайтын жүйелеріндей (сыртқы ауада клеткаларда, шедтерде және қораларда) болады. Оларға арналған қоралар мен технологиялық элементтердің размерлері мен орындарының нормативті көрсеткіштері ұстау жүйелері және андардың түрлі мен физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты әртүрлі болады (кесте 27) .

Бұлғындар, норкалар, түлкілер, сол сияқты поляр түлкілеріне арналған сарайлар (шедтер) сыртқы ұзын бойымен төбенің карнизінен (қабырғаның жоғарғы ернеуі) серуен алаңының үстіне дейін және азық жолының бойы мен серуен алаңының астыңғы ернеуінен жерге 20 см сіңірілген сеткамен (торкөз) тартып, қоршалады. Аңдарды сарайларда ұстау, оларды ауа райының әртүрлі қолайсыз жағдайларынан (жауын-шашын, аяз борандар) сақтап және азықтандыруды, көң тазалап, шығаруды, сумен қамтамасыз етуді механикаландыруға мүмкіншілік тудырады.

Аңдарды жабық қораларда ұстау ірі фермаларда жыл бойына үздіксіз бағалы аң терілерін алуға қолданылады. Ол үшін размерлерімен конструкциялары аңдардың түрлері мен жасы және жынысына байланысты болатын клеткаларды пайдаланады.

Түлкілер мен песецтерге жеке тұруына арналған клеткалары екі бөлімнен тұрады: үйшік және алаңша. Аңдарды желмен жауын-шашындардан сақтандыру үшін, үйшіктің жан-жағынан саңылаусыз жабық қоршау болса, ал алаңшаның қоршауы-торкөзді сетка болады. Сетканы бағанаға немесе рамаға жерден биіктігін 0, 7-0, 8 м қылып, керіп тастайды. үйшіктің алаңша мен жалғасатын қабырғасынан, аңның кіріп-шығуына арналған тесік (20*20см) қалдырады да, ал алаңның азық-көң жолы жағынан, аңдарды қамап отыруға арналған есік жасайды да, оған су құбыры мен азық науасын орнатады.

Түлкілер мен песецтердің ұрғашысына арналған клеткалар төрт бұрышты параллелипипед тәрізді сеткалы (торкөзді) рамалардан жасалады. Күшіктейтін және күшіктерді азықтандыру мезгілдерінде клеткалардың ішіне ұялы үйшік қояды, үйшіктің қабырғасы тұтас болады да, бір қабырғасында аңның клеткаға қатысатын тесігі (лаз) болады. Үйшіктің төбесі немесе бір қабырғасы күшіктерге бақылау жасап, үйшіктегі ұяның төсенішін құрғатып ауыстырып отыруға ашылатын болуы керек. Түбі (едені) екі қабатты - бірі торкөзді, екіншісі тұстас болады да, тұстас тақтай едені жылжымалы суырылып алынатындай қылып жасайды.

Норкалар мен бұлғандардың жекелеме клеткалары сеткалы төрт бұрышты параллелепипед тәрізді алаң мен жабық үйшіктен тұрады. Үйшіктен аңдардан алаңға шығуына тесік қалдырылады. Үйшіктің төбесі екі қабатты: бірінші - үстіңгісі тұстас тақтайдан болады да, жылжымалы қылып жасайды, екіншісі - сеткалы көтеріп ашатындай болады. Үйшіктің еденіде екі қабатты: үстіңгі тұтас ағаштан, ал астыңғысы-торкөзді-жиналмалы болады. Клетканы азық науасымен және су құбыры мен жабдықтайды. Нутриларға арналған жекелеме клеткалар үйшіктен, алаңнан және су қоймасынан бассейн (немесе бассейнсіз) тұрады. Үйшік нутрилердің ауа райы қолайсыз болғанда және ұрғашы нутрилардың күшіктеуі үшін жасалады. Үйшіктін сыртқы қабырғасынан, алаңнан бөліп тұратын, жапқышты тесік қалдырады, ал алдыңғы, ортаңғы жол жағындағы қабырғадан есік шығарады.

Бағалы терілі аңдарды азықтандырудың гигиенасы

Барлық бағалы терілі аңдар-ет көректілері болады да, тек нутрилар-өсімдіктер мен көректенеді. Нутрилердің көректенуі үй қояндарыныкі мен сәйкес келеді. Олар дәнді, бұршақты азықтарды, жемді тамыр-түйнектілерді, қант қызылшасының қоспасы (жом) т. б. көректенеді.

Ет көректі аңдардың рационына мал өнімдері және өсімдік азықтар кіреді. Клеткалы аңдардың фермаларында азықтарды нормалау, өңдеу және дайындау өте маңызды орын алады. Бағалы терілі аңдарды көректендіру үшін ет, балық, сүт өнімдері пысқан немесе шикі күйінде, көк өністер, дәнді өнімдер, витаминді құрама қоспалар пайдаланады. Бұл азықтарды ұнтақтап, кесіп, арнайы машинкалардың көмегімен араластырып су қосып немесе құрғақтай түрінде аңдардың сұранысына қарай көректендіреді.

Күні бұрын ет және балық өнімдерін дайындауға болмайды. Ондай жағдайда, көбінесе аңдардың уланып ауыр ішек-қарын ауруларына ұшырауы мүмкін. Ұсақталған азықтарды тез арада араластырып, қолма-қол аңдарға беру керек.

Аңдардың арасындағы аурулар мен өлім-жітім, көбінесе ет-балық азықтарының сапасыздығы мен (ескі, микробтар мен зақымдалған) немесе көректі заттардың (белок, витаминдер) жетіспеушілігімен байланысты болады. Көптеген инфекциялық және инвазиялық аурулар (ауеска ауруы, туберкулез т. б. ) негізінен ластанып, зақымдалған азықтармен (ет, балық) көректендірген кездерде болады.

Егер аңдарды көректендіруге бір кезде әртүрлі мал өнімдерін пайдаланса, мысалы жібек құрттары, ірімшік, ет, сүйек, балық ұндарын, тағы басқа

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның терісі қымбат және кәсіптік аңшылықтың аңдары. Тиімді пайдалану және қорғау
Қоян шаруашылығын дамыту
Терісі бағалы аңдар
Жоғары сатылы аңдар немесе плацентарлық сүтқоректілер
Терісі бағалы аңдарды өсіру
Обаның вирусын эпизоотологиялық, профилактикалық, диагностикалық және емдеу жолдарын анықтау
Оңтүстік Қазақстанда кездесетін сүтқоректілер, олардың сан алуандылығы
Қоян өсіруге арналған қора-жайларға қойылатын ветеринариялық- санитариялық гигиеналық талаптар, қояндарды күтіп-бағу жағдайлары және оларды жақсарту шаралары
Зиянды кеміргіштер Кеміргіштердің жалпы сипаттамасы және экономикалық маңызы
Солтүстік Американың жануарлар дүниесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz