Білім берудегі қазіргі заман технологиясының теориясы мен практикасы


І бөлім. Білім берудегі қазіргі заман технологиясының теориясы мен практикасы. (Роза)
І тарау. Білім берудегі қазіргі заман технологиясының теориялық негіздері
1. 1. Технология түсінігі
Егер жалпы білім беретін және жоғары мектептер өскелең ұрпаққа жинақталған тәжірибе беру бойынша міндеттерді нәтижелі шешетін болса үздіксіз білім беру идеясы қазіргі заманғы жағдайда іске асуы мүмкін. Өскелең ұрпаққа тәжірибе беруге ақпаратпен жұмыс істеу әдістеріне, жаңа білімдерді құру әдістеріне, ең маңыздысы - әлемнің дамуы туралы білімдердің қажетті деңгейін қалыптастыратын әдістерге үйрету. Сондықтан әрбір оқытушыға және оқушыға «оқытуң мен «үйренуң процестерін игеру үшін 3 тілді меңгеруі қажет: ана тілін, ғылым тілін және технология тілін.
Технология-грек тілінен аударғанда techne (өнер, қолөнер, ғылым) және logos (ұғым, ілім) дегенді білдіреді. Шетел сөздіктерінде: «технологияң - өндірістік процестерді жүргізу құралдары мен әдістері туралы білімдердің жиынтығы. Технологиялардың көмегімен ақыл-ой ақпараты практикалық шешімдердің тіліне аударылады. Технология - бұл білім беру әдістері сонымен қатар жеке түрінде білім беруге қатысады. Кез-келген білім беру не технология, болмаса өнер болуы мүмкін. Өнер интуицияға негізделген, ал технология ғылымға. Бүкіл процесс қайтадан басталуы үшін өнерден басталады, технологиямен аяқталады.
Білім берудегі қазіргі заманғы технологиялардың көмегімен жаңа білім беру парадигмасы іске асатын құрал ретінде қарастырылады. Білім беру технологияларының даму тенденциялары тұлғаның өзін-өзі тануына және өзін-өзі дамуына мүмкіндік беретін гуманитарлық білім берумен тікелей байланысты. «Білім беру технологиялары” термині ''оқыту технологияларына” қарағанда көлемді. Өйткені, білім беру технологиясында оқушының тұлғалық сапасын дамыту және құрумен байланысты болатын тәрбиелік аспекті бар.
ЮНЕСКО құжаттарында оқыту технологиясы техникалық және адамдық ресурстар білімін игеру және оқытудың барлық процесін анықтау, қолдану және құрудың жүйелі әдісі ретінде қарастырылады. Бұл технология анықтамасы үздіксіз жаңа (экологиялық, ғарыштық, ақпараттық) технологиялар пайда болса да толық және дәл мәліметті бере алмайды.
Технология - жалпы түрінде бұл мақсат қалай және қандай өнімнің нақты түріне енеді немесе оның бөлімін құрайды деген сияқты ойдан шығарылған жүйе. Мысалы: ғылыми және әдістемелік әдебиеттерден технологиялар анықтамасының бірнеше варианттарын айтып өтелік:
-практикалық мақсаттарға жетудің техникалық әдістері;
-адамның өмір сүруі үшін қажетті заттарды алу үшін қолданылатын әдістердің жиынтығы;
-адамның білім беруін ұйымдастыру әдістері мен процедураларының жиынтығы;
-адамның тәртібін модельдеу үшін қолданылатын құралдар;
Білім берудің жаңа жүйесі құрылымында технологиялық негізбен тұжырымдалады. Оқыту технологиясының жалпы принциптері мен ережелері төмендегідей:
1. А. С. Макаренконың тұжырымымен педагогикалық мақсаттылық принципі: «Педагогтың бірде-бір іс-әрекеті қойылған мақсаттан тыс болмауы қажетң.
2. Оқыту мен оқудың бір-біріне байланыстылығы және бір-біріне негізделуі оқыту процесінің бөлінбейтін екі жағы.
Оқыту - бұл оқушының оқуын өз бетінше педагогикалық мақсатты түрде ұйымдастыру. К. Д. Ушинский бойынша: «Мұғалімнің басты міндеті оқушының білім алуын өз бетінше білім алуға айналдыру. ”
3. Оқытушының оқушының оқуын ұйымдастыру әдісінде, құралдарында, мазмұнында оқу-тәрбиелік және дамытушылық мақсаттардың нақтылығы.
4. Оқыту технологиясының қажетті элементі бір логикамен байланысты жеке сабақтардың барлық тізбегін құру және соңғы нәтижелердің қысқаша сипаттамасы енетін тақырыптық жоспарлау болып табылады.
5. Оқушының оқу- танымдық жұмысының әрбір кезеңінде бақылау ұйымдастыру.
6. Оқушының шығармашылық іс-әрекетін жоғарылату, тек қана білетін оқушыға ғана емес, жұмыс істей алатын оқушыға да бағыт беру.
7. Оқыту әдістері мен формаларының әр түрлі болуы, жеке құралдар мен формаларды әмбебап болдырмау.
Жаңашыл шеберлердің педагогикалық тәжірибелеріне сүйену, оқыту технологияларының ережесін, белгілерін табуға көмектеседі. Бұл сұрақты терең үйрену үшін В. М. Коротовтың ”Оқыту технологиясы ”(Самара 1998) оқу құралын ұсынады. Технология құрылмайынша жеке шеберлік басым болады. Жеке шеберліктің жетілдірілуімен ”ұжымдық шеберлік”, «ұжымдық шығармашылықң өседі және дамиды. Соңғы мәні технология болып табылады. Жеке шеберлікке негізделген жұмыс пен технологияға негізделген жұмысты салыстыру және үйрену пайдалы. И. Подласый мұны кесте түрінде жасайды.
Кесте 1. 1
Салыстырудағы шеберлік пен технология
Білім берудің қазіргі заманғы технологиясының нұсқауы, төмендегі принциптердің қатысуымен жасалуы тиіс:
- дидактикалық жүйені көрсететін технологияның бүтіндік принципі;
- қойылған мақсатқа жету үшін нақты педагогикалық ортада технологияларды қайта өндіру принципі;
- сәйкес келетін педагогикалық жүйелердің өзін-өзі дайындау механизміне әсер ететін факторлардың приоритеті және педагогикалық құрылымдарының қисықтық принципі;
- оқушының жеке тұлға ретінде қалыптасуына және оның танымдық қабілеттілігіне оқыту процесінің бейімделу принципі;
- біріктірілген білімдерді құру үшін оптимальді жағдай жасайтын оқу ақпараттарының потенциалды көп болу (артық болу) принципі;
Сонымен технология көмегімен білімдерді, дағдыларды, біліктілікті игеру процесінде тұлғалық қасиеттің дамуында нәтижелі шешімге жету мүмкіндігі қамтамасыз етіледі.
1. 2. Технологиялардың классификациясы
Гуманитарлық технологияларға жалпы сипаттама.
Қазіргі заманғы ғылыми-теориялық әдебиеттерде және атақты отандық педагогтардың іс-тәжірибелерінде технология негізгі үш түрге бөлінеді:
1. Техникалық.
2. Экономикалық.
3. Гуманитарлық.
Гуманитарлық технологиялар басқару гуманитарлық (адаммен) педагогикалық және психологиялық болып бөлінеді
1. 1. Технологияның классификациясы.
Техникалық және экономикалық технологиялардың тиімділігі: Мысалы: Гуманитарлық технологияларды қолдануда бизнесмендер мен менеджерлердің қаншалықты жетілдірілгенімен анықталады. Кейбір социологиялық зерттеулер бойынша шаруашылық жетекшілері өздерінің білімдері мен қабілеттіліктерін 30 пайызға, ең жоғарғысы 70 пайызға жетілдіреді. Неғұрлым олардың басқару - гуманитарлық дайындығы төмен болса, соғұрлым олардың жеке тұлғалық іскерлік потенциалдары төмен болады. Бұл дайындықты жақсарту өндірістік кәсіпорындарда еңбек өнімділігін 25-30 пайызға, ал жеке жағдайларда 40-60 пайызға жоғарылатуды қамтамасыз етеді.
Технологиялық және экономикалық техникалармен қатар, біздің өмірімізде әлеуметтік техникалар пайда болды. Олар шет елдерде бұдан бұрын белгілі болған. Бұған қызығушылық ХХ ғ. 70-80 жылдары Болгарияда 2 ірі жұмыстардың пайда болуына байланысты пайда болды. Бұл Н. Стефановтың ”Қоғамдық ғылымдар және әлеуметтік технология” және М. М. Марковтың «Әлеуметтік басқарудың нәтижелілігі”. ХХ ғ. 60 жылдары пайда болған әлеуметтік психология және социология көмегімен әлеуметтік процестерді басқару бойынша зерттеулер мүмкін бола бастады. Бұл өз кезегінде әлеуметтік, инженерияны, содан кейін әлеуметтік технологияларды қажет ете бастады. Бірақ бұл аталған ғылыми-қолданбалы аймаққа кеш қосылу, оның түсінігінде әр түрлі көзқарастарға әкелді, көбінесе әлеуметтік технологиялар, адам жүргізетін технологиялармен бірге жүреді. Әлеуметтік технологиялар адам өмірінің маңызды мәселелерін шешуге мүмкіндік береді. Оларда негізінен әлеуметтік құбылысқа назар аударылады. Адам мұнда обьект ретінде де, мақсат ретінде де болмайды. Оларда өзінің обьекті және соған сәйкес өзінің мақсаттары болады. Сондықтан бұл аталған технологиялар түрінің мамандануы пайда болады.
Гуманитарлық технологияларға футурологиялық, ситуациялық және күнделікті технологиялар жатады.
Футурологиялық гуманитарлық технологиялар болашақта мүмкін болатын нұсқаулардың экономикалық, әлеуметтік, мәдени, моральді-психологиялық және демографиялық “болжам” жасайтын синоптикалық картаны қайта өндіреді. Бұл технологиялар көмегімен еңбек ұжымдарының аймақтың қоғам жағдайының нақты моделі болжамдалады. Бұл өзінің жұмысында жаңа мәселелерді шешуге дайын болуға қызығатын жетекшілер үшін өте маңызды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz