Ауыл шаруашылық малдарын күтуге қойылатын гигиеналық талаптар жайында


Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы: Ауыл шаруашылық малдарын күтуге қойылатын гигиеналық талаптар

Тексерген: Қойгелдинова А. С.

Орындаған: Отарғажыева А. А.

Тобы: ВС-403

Семей 2016

Жоспар:

  1. Кіріспе
  2. Негізгі бөлім

2. 2 Сиыр күтіміне қойылатын гигиеналық талаптар

2. 3 Жылқы күтіміне қойылатын гигиеналық талаптар

2. 4 Қой- ешкі күтіміне қойылатын гигиеналық талаптар

3. Қорытынды

4. Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе:

Қазақтар малды тек пайдаланып қана қоймаған, олардың бабын тауып, бағып-күтудің де жай-жапсарын, қасиетін, ерекшелігін жақсы білген. Қазақ халқы ежелден мал шаруашылығымен айналысып келеді. Мал кезінде ал-ты алаштың жесе-асы, кисе-киімі, мінсе-көлігі, жапанда-серігі болған. Біз ежел ден малға жақын халықпыз. Кезінде ата бабаларымыз төрт түлікке жайлы қоныс іздеп кең даламызда көшіп қонып жүрген. Қазақ төрт түлікті ерекше құрметтеген төрт түліктің жайымен жазда жайлауға, қыста қыстауға көш-кен. Малдың еті, сүті тамақ болған, терісінен, жүнінен арқан жіптер, киіз үй жабдықтары, киім-кешек, алаша, кілем тоқып, әр түрлі бұйымдар жасаған.

Сиыр. Сиырдың өнімділігі оны ұстайтын қораның дұрыс салынуына да байланысты. Сиыр қорасы малға қажетті жағдай туғызуға келетін арзан материалдардан салынады.
Ол үш бөлімнен - сиыр қора, азық сақтайтын бөлме және көң жинайтын лапастан тұрады. Құрылыс материалы. ретінде ағаш бөрене, қалың тақтай, кірпіш не саман қолданылады. Қораның аумағы бұзаулы сиырға 6X4 м, биіктігі 2, 2-2, 4 м болып салынса, оның ішкі аумағында сиырға
2 0 м3, бұзауға 10 м3 келеді де( зоогигиеналық талапқа сай қажетті ауа алмасуы қамтамасыз етіледі. Егер шаруашылықта бірнеше сиыр болса әр басқа 6-7 м2, ал тана-торпаққа 4-5 м келетіндей етіп жоспарлайды.
Дербес шаруашылықта әр түрлі мал өсірілетін болрандықтан сларды орналастыратын мал қораның жоспарын барлық жағдайда келтіріп көрсету қиын. Ол көптеген жағдайларға - мал түрлеріне, санына, жер ыңғайына жәнө басқа да жеке жайттарға байланысты келеді. Әсіресе малдың таза ауаға шығарылып серуендейтін алаңы, түрлі азықтар жинайтын бөлмелері болуға тиіс.
Қора еденінің ағаштан төселгені жақсы. Сонда малға сыз өтпей, көңін жинау жеңілдейді. Егер еден бетоннан болса оган зәр ағатын аралығы бар ағаш, яғни саңылаулы еден төсеген жөн. Дұрысы қатты тапталған топыраққа ағаш тақтайларды тығыз, әр метр ұзындығын 2-3 см қиғаштатып нығздап отырғызса, тәулігіне 15-20 литрдей сиыр зәрін (бұзаулар -5 литрдей) еденнің аякқы жағында салынған жолмен қорадан сыртқа ағызып тұруға болады. Сонда ғана су сіңірмейтін еден қора ішіндегі дұрыс ылғалдылықты сақтап, зәрмен шыққан заттардан улы газдар (аммиак, күкіртсутегі) пайда болмайды.
Сиыр, тана-торпақ, бұзау тұратын жерлерді бөлу үшін жеңіл жылжытылып, құрастырылатын тақтай қабырғаларды пайдаланса қора аумағын мал санына қарай бөлмелерге бөлу оңайға түседі. Ағаш немёсе бетоннан жасалған азық науаларын да әр басқа өзінше бөлектеп жасаған жөн. Сиыр науасының жоғары деңгейі, 60 см, төменгі деңгёйі 40 см, артқы қабырғасы -60-70 см, алдыңғы қабырғасы (сиырға қаразран) -30 см. Алдыңғы жағында сиыр мойнын созатын жері дөңгелектеніп ойылады.
Қораға жеткілікті түрде таза ауа еніп, жарық- түсуі тиіс. Ауа алмасуы үшін 15X15 см етін төбеден ауа сорғыш тесік қалдырады да, оның қақпағын қора жылылығына байланысты ашып-жауьш тұрады. Сиыр қорасының ішінде малға жайлы болып табылатын жылу мөлшері 8-10°С шамасында (4° градустан 20° градусқа дейін өзгере алады) . Міне осы жылуда сиыр организмі өзіндік дене жылуына азықтық қоректік заттарын аз жұмсап, көбін өнім өндіруге пайдаланады.
Қораға жеткілікті жарық түсу үшін терезе еденнен 1, 2-1, 3 м биіктікте салады. Терезенің көлемі қораның еден көлемінің оннан бір бөлігіндей болса жеткілікті. Терезе әйнектерін таза ұстап, жуып-сүртш тұрады.
Сырттан жұқпалы індет енгізбес үшін қораның кіре біресіне алдына дезинфекциялық материал салынатын арнаулы жәшік қояды. Есік көлемін мал еркін кіріп-шығатындай етіп салады. Сиырды қорадан күнделікті шығарьш, таза ауада 2-3 сағат жүргізіп тұрса ғана денсаулығы сақтальш, тәбеті бұзылмайды. Оның жүнін қатты қырғышпен тазартып, денесіне массаж жасайды. Осыдан малдың тері және май бездерінің жұмысы жаңсарьш, тәбеті ашылады. Сүтке түсетін микробтар саны кемиді. Қорадан шығарған уақытта сиырдың тұяқтарын көріп, өсіп-майысқан болса егеп, арасын қидан тазартады.
Сиыр қорасының, осыдан барып сауылатын сүттің зоогигиеналық тазалығына әсер ететін нәрсе - оның еденінө төселетін материал.
Ең жақсы төсеніш - күздік дақылдардың сабаны. Олар ылғалды өзіне тартьш, көң сапасын жоғарылатады. Бір сиырдан жылына 10 тоннадай көң түседі, оның жақсы органикалық тыңайтқыш ретінде маңызы зор.
Көңнің тыңайтқыштық қасиеттері жоғары болу үшін ондағы азотты сақтап қалу қажет. Ол үшін көң жинайтын жерді таптап, жиналған нәжісті нығыздап жинайды. Оның арасына ауаны аз енгізу үшін үстін сиыр зәрімен ылғалдандырып тұрады. Қатты нығыздалынбаған көңде жылу көтеріліп, органикалық заттары ыдырай бастайды.
Жас кезінде сиырды бұзауымен қора алдындағы жеңіл қалқа - лапас астында ұстауға болады.
Сиыр қорасының төбесін су өтпейтщдей етіп шатырлап, жабады. Күнделікті жұмыс үшін қорада қажетті айыр, күрек, сыпырғыш, шелек, қырғыш, көң таситын қорап сияқты құрал-саймандар ғана тұрады. Бір бұрышына биіктеу жерге қойылған қорапқа салынып каустикалық сода, креолин, формалин сияқты дезинфекциялық заттар, басқа жәшіктерде - қажетті минералды және дәрілік қоспалар сақталынады.

Жылқы: Жылқыны ұстаудың түрлері: ат қорада (жыл бойы ат қорада), атқора мен жайылымда (атқора мен көктемнен күзге дейін жайылымда), жайылымда (жыл бойы жайылымда, қыста пішенмен және концентраттармен азықтандыру арқылы) . Жеткілікті түрде дамыған құлындар алу және олардың алдағы уақытта жақсы сүтті өнімдіге айналуы үшін биелерді уақытылы құлындауға (тууына) даярлаудың маңызы зор, сауын маусымында толыққанды азықпен қамтамасыз етіп, қорада ұстау қажет.

Сүтті жылқы шаруашылығының технологиясы биелерді жайылымда бос ұстау жүйесін қарастырады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Ауыл шаруашылығы малдарын өсіру және селекциясы»
Ірі қара мал гигиенасы жайлы мәлімет
Ауыл шаруашылық малдарын күтуге қойылатын гигиеналық талаптар
Көк азықтармен азықтандыру
Ірі қара малының гигиенасы.Мал қораларына және мал шаруашылық өндірісіне қойылатын санитарлық гигиеналық талаптар
«Аса қауіпті инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары
Жылқылар мен түйелердің гигиенасы
Ұшадан теріні сыпыру
20-60 күндік 360 бас бұзау қорасының желдеткіш режимін оңтайландырудың есептік режимдрі
Жылқы малдарының гигиенасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz