Энергия активті екіұштықты және пассивті екіұштыққа беру


Пән: Электротехника
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Факультет: Ақпараттық - коммуникациялық технологиялар

Кафедра: автоматика және есептеу техникасы

Пән: Электротехника, электроника және автоматика негіздері

СӨЖ №3

Тақырыбы: Энергия активті екіұштықты және пассивті екіұштыққа беру

Орындаған:

Тексерген:

Күні:

Семей - 2016 ж.

Мазмұны:

Кіріспе

1. Энергияны активтік екіұштықтан жүктемеге беру

2. Екіұшты тізбекті қосу

2. 1 Активтік екіұшты тізбек

2. 2 Пассивт і екіұшты тізбек

Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе

Активті екіұштық дегеніміз екі ғана жалғану ұшы бар, ал ішінде э. қ. к. мен резисторлар бар тізбекті айтамыз.

Егер екіұштықтың ішінде энергия көзі (қоректендіргіш) болмаса, онда оны пассивты екіұштық дейді және оны электр энергиясын қабылдаушы деп санайды. Балама сұлбада пассивты екіұштықты бір кедергімен бейнелейді. Ол кедергіні екіұштықтың ішкі немесе кірістік кедергісі деп атайды.

Тізбектің бөлектенген тармағына байланысты активті екіұштықтықты балама генератормен айырбастауға болады. Бұл генератордың э. қ. к. -і Eб бөлектенген тармақты тізбектен ажыратып анықтайтын қысқыштардың кернеуіне Uбж, ал ішкі кедергісі Rб екіұштықтықтың анықталатын кірістік кедергісі Ri тең.

Қарастырылатын тармақтағы токты табуды мынадай ретпен жүргізген жөн:

а) Eб-ні табу үшін тогы анықталуға тиісті тармақты а және б нүктелерінде ажыратамыз. Одан кейін а және б нүктелерінің арасындағы кернеуді Uаб белгілі тәсілдердің біреуін таңдап пайдалану арқылы табамыз.

ә) Генератордың ішкі кедергісін Rб табу үшін а және б нүктелеріне байланысты екіұштықтың кедергісін анықтаймыз. Ол үшін екіұштықтың сұлбасындағы э. қ. к. көздерін қысқа тұйықтаймыз, ал ток көздерін ажыратамыз. Сұлбада тек кедергілерді қалдырамыз.

б) Қарастырылып отырған тармақтағы токты мына формула бойынша табамыз:

I= Uаб /( Rж+ Ri) .

  1. Энергияны активтік екіұштықтан жүктемеге беру.

Активті екіұштыққа қосылған жүктемеде R ж бөлінетін қуат P = I 2 R = U аб бж R ж /( R ж + R i ) . Қабылдағышқа максимал қуат беру шартын анықтау үшін P-ның R ж бойынша бірінші ретті туындысын тауып, оны нөлге теңейміз. Осыдан R ж = R i . Демек осы теңдік орындалған жағдайда жүктемеде максимал қуат бөлінеді: P max = U 2 аб бж /4R і . Балама генераторда бөлінетін толық қуат P тол =U аб бж I =U 2 аб бж /( R ж + R i ) . Пайдалы әсер коэффициенті ( п. ә. к. ) : η= P/ P тол = R ж /( R ж + R i ) . Егер R ж = R i болса, онда η=0, 5.

Активті екіұштықтың кірістік кедергісіне R i тең жұктеме кедергіні R ж келістіру немесе үйлестіру жүктемесі деп атайды.

(1-сурет)

2. Екіұшты тізбекті қосу

Электр тізбегінің элементтері активті және пассивті болады. Егер элемент жұмысын - кедергі, - индуктивтілік, - сыйымдылық және - өзара индуктивтілік параметрлері түсініктерімен сипаттасақ, онда бұл элемент - пассивті. Егер элемент жұмысын сипаттау үшін электр тізбегі шамалары ( - тоқ күші, - кернеу, - ЭҚК) түсініктерін қолдану қажет болса, онда бұл элемент - активті.

Активті элементке барлық қоректендіру көздері және кейбір қабылдағыштар (аккумуляторлар, қозғалтқыштар және басқалары) жатады.

Қоректендіру көзі тізбектің ішкі бөлігін, ал қабылдағыштар сыртқы бөлігін құрайды. Бұл бөліктер ұштарындағы полюстерімен айырмашылықта болады. Екі полюспен бөлінген тізбек екіұшты деп аталады. Егер екіұшты тізбекте бір активті элемент болса, онда ол активті екіұшты тізбек деп аталады. Пассивті екіұшты тізбек тек пассивті элементтерден тұрады.

Кез келген күрделі электр тізбегін активті екіұшты тізбекті пассивті екіұшты тізбекке қосқан сияқты көрсетуге болады.

(2. 1-сурет)

Пассивті екіұшты тізбекке қосылған активті екіұшты тізбектің жұмысы нақтылы (номинальды), жұмыстық емес (салт жүру тәртібі), қысқаша тұйықталу, келісілген жұмыс тәртібімен сипатталады.

(2. 1. 1-сурет)

Жұмыс тәртібі жүктеме кедергісі мен қоректендіру көзінің ішкі кедергісі арасындағы қатынаспен анықталады (суретте тоқ көзі мен кедергіден тұратын тізбек, яғни активті екіұшты тізбек көрсетілген) .

Нақтылы жұмыс тәртібі қоректендіру көзінің оптимальды параметрлеріне, жеткілікті үлкен ПӘК-іне, сенімділігіне және ұзақ мерзімді жұмысына кепілдік береді.

Жұмыстық емес жұмыс тәртібі - пассивті екіұшты тізбектен активті екіұшты тізбекті ажыратқан кездегі жұмыс тәртібі. Тоқ көзінің клеммаларындағы кернеу ең үлкен және ЭҚК-ке тең және тізбекте тоқ жоқ. Бұл жұмыс тәртібі салт жүріс деп аталады.

Қысқаша тұйықталу жұмыс тәртібі жүктеменің кедергісі нөлге тең болғанда жүзеге асады. Энергияның қабылдағышындағы кернеу жоқ, қысқаша тұйықталу тоғы өте үлкен.

Келісілген жұмыс тәртібі жүктемеге өте үлкен қуат берілетін жұмыс тәртібі. Сондай-ақ мұнда ПӘК де нақтылы жұмыс тәртібіндегі ПӘК-нен төмен.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Электр тізбегінің элементтері
Сипаттамалық теңдеудің түбірі
Сызықты емес электр тізбектері
Синусоидалы тоқтар
Токтар, кернеулер, қуаттар, магнит ағымдары
Эквивалентті генератор әдісі
Эквиваленттік генератор әдісі
Директорлық антенна
Екіполюстіктер
Электротехниканың теориялық негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz