«Көркем еңбек» пәнін 2- сыныпта оқыту барысында пәнаралық байланысты жүзеге асырудың тиімді жолдарын теориялық тұрғыдан айқындау
КІРІСПЕ
І Бастауыш сыныптың оқыту үдерісінде пәнаралық байланысты жүзеге асырудың теориялық негіздері
1.1 Бастауыш сыныптың оқыту үдерісінде пәнаралық байланысты ұйымдастыруды зерттеу мәселелері
1.2 Бастауыш сыныптта пәнаралық байланысты жүзеге асырудың ерекшеліктері
ІІ «Көркем еңбек» пәнін 2 . сыныпта оқыту барысында пәнаралық байланысты жүзеге асыру әдістемесі
2.1 «Көркем еңбек» интеграцияланған пәні бағдарламасының құрылымдық.мазмұндық ерекшеліктері
2.2 Көркем еңбек пәнін 2 . сыныпта оқыту барысында пәнаралық байланысты жүзеге асырудың әдістемесі
Қорытынды

Елбасының 17.01.2014 жылғы «Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауы бойынша Президенттің жалпыұлттық идеясы - болашақ табыстардың негізі екені баса айтылды. Ал ең бастысы - еліміздің рухын көтеретін, ұлы мақсаттарға жеткізетін «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы жарияланды. «Мәңгілік ел» идеясы - елімізді өз мақсатына талай дәуір сынынан сүріндірмей жеткізетін тұғырлы идея. Осының барлығы дамыған 30 елдің қатарына кіруімізге жаңа серпін беретіні сөзсіз.
Елбасы Жолдауында білім саласы қызметкерлерінің алдына үлкен міндеттер қойды. «Ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсартуда бізді ауқымды жұмыс күтіп тұр [1].
Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан-2050» стратегиясының мақсаты инновациялық дамуға жағдай жасау, білімнің маңыздылығын жоғарылату екенін айтып өтті. Ол үкіметке Қазақстан өндірісін дамытудың жаңа кезеңінің жоспарын жасауды тапсырды [1].
Себебі, әрбір мектеп пәні өз мүмкіндігіне қарай оқушыларға еңбек пен мамандық әлемі туралы мағлұмат береді. Ал, осындағы Көркем еңбек пәні мен оны ұйымдастыру мен оқыту әдістемелері ерекше орын алады, өйткені бұл сабақта оқушылар жалпы таныммен қатар еліміздің халық шаруашылығында болашақ жұмыс істеуге қажетті жалпы еңбек біліктілігі мен дағдысын үйреніп, белгілі бір мамандықты игеруге құлшынады. Қазіргі кезеңде кіші мектеп жасындағы оқушыларды еңбекке баулудың жетілдірілген ұлтық бағдарламасы балаларды кең тараған жұмысшы кәсіптерімен жан-жақты таныстыруда еңбектің белгілі бір түріне деген түпкілікті кәсіби ықыласын қалыптастыруды басты мақсат етіп отыр.
Міне, осы турғыдан алып карағанда коғамға жан – жақты білімді, жоғарғы мәдениетті және әрбір тапсырылған жұмысты шығармашылықпен істей білетін жеке адам қажет. Ондай адамдарды әрқашанда орта және жоғарғы оқу орындары дайындайтындығында дау жоқ және әрқашан дайындайды да.
Адам баласының жарқын болашағы толығымен жас ұрпақты тәрбиелеу ісіне тәуелді. Мектептегі тәрбиенің басты міндеттері – алған теориялық білімді еңбекпен, өмірмен байланыстыра жүргізу, экономикалық, экологиялық біліммен қаруландыру, кәсіптік бағдар беруге тәрбиелеу.

1 Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан жолы -2050:Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауы, Астана (17қаңтар 2014ж.)
2 Қазақстан Республикасының «Білім туралы заңы» - Алматы, 2007
3 «Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы» ҚР Заңы 2013ж 22 қаңтар
4 Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті, стандарттары. Алматы 2012
5 Қоянбаев Р., Қоянбаев Ж. Педагогика - Алматы: Ғылым 2004.
6 Ахметов С. Бастауыш сыныптарда білім берудің тиімділігін арттыру жолдары - Алматы, 2000
7 12 жылдық білім беруге көшу жағдайында бастауыш сынып оқушыларын оқыту мазмұнының қазіргі жағдайы
8 Қоянбаев Ж.Б,, Қоянбаев Р.М. Педагогика. - Алматы, -2000
9 Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Мектеп. Алматы, 2002
10 Әбиев Ж., Бабаев С., Құдиярова А. Педогогика- А.: Дарын, 2004
11 Назарбаев Н.Ә. Қазақстан халықына жолдауы. 1наурыз 2006
12 Оралбекова Т., Дүйсебаева Қ. Еңбекке баулу.- Алматы: Атамұра -2000
13 Тұрғынбаева А. Дамыта оқыту технологиялары.- Алматы, 2000.
14 Жазықбаева Ұ. Жаңа адамды тек жаңашыл ұстаз тәрбиелейді.- Шымкент, 2000.
15 Альмухамбетов Б.А. Тенденции развития системы повышения квалификации педагогических кадров в Казахстане. – Алматы: Ғылым, 2001. – 290с.
16 Ыбыраимжанов Қ. Т. Педагогикалық сөздік / - Тараз : ТарМПИ, 2010
17 Тұрғынбаева Б.А. Мұғалімдердің шығармашылық әлеуетін біліктілікті арттыру жағдайында дамыту Алматы – 2005, 208б.
18 Оралбекова Т.Ш. Технология оқулығы. Алмвты, 2003
19 Көпесбаева Т. Ермексаздан жеміс түрлерін жасау // Мектептегі технология. – 2007 №3.
20 Жабаев С. Сабақ түрлері және оның құрылымы.- Алматы, 2004
21 Калабаева Р. Шығармашылық жоба технологиясы бойынша оқушылармен жұмысты ұйымдастыру тәжірибесінен // Мектептегі технология Технология в школе - 2011. - N 11. - Б. 5-7
22 Жұмашева С. Табиғи материалдармен жұмыс.- Алматы, 2003
23 Жиентаева Б., Ж. Оқушыларға технология сабағында қолданбалы өнер
арқылы ұлттық тәрбие беру: Педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның авторефераты Қарағанды 2004
24 Сатқанов О. Бастауыш білімнің мемлекеттік стандарттың, оны жүзеге асырудағы еңбекке үйрету пәнінің өзекті мәселелері. – Алматы, 2000ж
25 Самандарова К. Еңбекке баулу сабағы // Мектептегі технология. – 2009 №3.
26 Сатқанов О. әдістемелік құрал. Технология.- Алматы, 2004
27 Сатқанов О. Оқушыларды сәндік қолданбалы өнерге үйрету әдістемесі.- Алматы «Рауан» 2000
28 Асылбаева С. Көркем еңбек әрекеті арқылы бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын қалыптастыру // Бастауыш мектеп. - 2012. - №5-6
29 Сатқанов О., фанасьева Т.А. Технология 12 жылдық жалпы білім беретін мектептің 2 сыныбына арналған (байқау нұсқа).- Алматы 2004
30 Кенжебаева К.Т. Технология пәнінде көркем еңбекке баулу сабақтарын
ұйымдастыру // Мектептегі технология = (Технология в школе) . - 2012. - № 2
31 «Көркем еңбек» интеграцияланған пәні бағдарламасының құрылымдық-мазмұндық ерекшеліктері. Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясы
32 Жиенбаева Ш. Еңбекке баулу: (бастауыш сыныптарға арналған) : оқу-әдістемелік құрал - Астана : Фолиант, 2010. - 152 б.
33 Оралбекова Т. Еңбекке баулу. Оқыту әдістемесі [Мәтін] : жалпы білім беретін мектептің 2 сынып мұғалімдеріне арналған - Алматы : Атамұра, 2013.
34 Касакаева А. Е. Еңбекке оқыту және бейнелеу өнерін дамыту тарихындағы икебананың ролі /сборник докладов международной студенческой научно-практической конференции / Касакаева А. Е. // Студент и лидерство: программа профессионального роста и карьеры (18-19 мая 2007г.). - 2007.
35 Жұмахан К. Қолөнер материалдарын технология сабақтарында оқытудың теориялық негіздері [Мәтін] / Жұмахан К. - Алматы : [б. и.], 2007.
36 Еңбекке баулу және ұлттық тәрбие : Көмекші құрал. - Алматы : Б.и., 2001.
37 Жабаев С. Сабақ түрлері және оның құрылымы.- Алматы, 2004
38 Садықов Т.С., Әбілқасымова А. Е. Қазіргі заманғы сабақ. Оқу процесін ұйымдастыру. Алматы, 2004. -218 б.

Зерттеудің көкейкестілігі: Елбасының 17.01.2014 жылғы Қазақстан жолы -
2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ атты Жолдауы бойынша Президенттің
жалпыұлттық идеясы - болашақ табыстардың негізі екені баса айтылды. Ал ең
бастысы - еліміздің рухын көтеретін, ұлы мақсаттарға жеткізетін Мәңгілік
ел ұлттық идеясы жарияланды. Мәңгілік ел идеясы - елімізді өз мақсатына
талай дәуір сынынан сүріндірмей жеткізетін тұғырлы идея. Осының барлығы
дамыған 30 елдің қатарына кіруімізге жаңа серпін беретіні сөзсіз.
Елбасы Жолдауында білім саласы қызметкерлерінің алдына үлкен міндеттер
қойды. Ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсартуда бізді
ауқымды жұмыс күтіп тұр [1].
Назарбаев Н.Ә. Қазақстан-2050 стратегиясының мақсаты инновациялық
дамуға жағдай жасау, білімнің маңыздылығын жоғарылату екенін айтып өтті. Ол
үкіметке Қазақстан өндірісін дамытудың жаңа кезеңінің жоспарын жасауды
тапсырды [1].
Себебі, әрбір мектеп пәні өз мүмкіндігіне қарай оқушыларға еңбек пен
мамандық әлемі туралы мағлұмат береді. Ал, осындағы Көркем еңбек пәні мен
оны ұйымдастыру мен оқыту әдістемелері ерекше орын алады, өйткені бұл
сабақта оқушылар жалпы таныммен қатар еліміздің халық шаруашылығында
болашақ жұмыс істеуге қажетті жалпы еңбек біліктілігі мен дағдысын үйреніп,
белгілі бір мамандықты игеруге құлшынады. Қазіргі кезеңде кіші мектеп
жасындағы оқушыларды еңбекке баулудың жетілдірілген ұлтық бағдарламасы
балаларды кең тараған жұмысшы кәсіптерімен жан-жақты таныстыруда еңбектің
белгілі бір түріне деген түпкілікті кәсіби ықыласын қалыптастыруды басты
мақсат етіп отыр.
Міне, осы турғыдан алып карағанда коғамға жан – жақты білімді, жоғарғы
мәдениетті және әрбір тапсырылған жұмысты шығармашылықпен істей білетін
жеке адам қажет. Ондай адамдарды әрқашанда орта және жоғарғы оқу орындары
дайындайтындығында дау жоқ және әрқашан дайындайды да.
Адам баласының жарқын болашағы толығымен жас ұрпақты тәрбиелеу ісіне
тәуелді. Мектептегі тәрбиенің басты міндеттері – алған теориялық білімді
еңбекпен, өмірмен байланыстыра жүргізу, экономикалық, экологиялық біліммен
қаруландыру, кәсіптік бағдар беруге тәрбиелеу.
Олай болса, әрбір адамзат тәрбиеге тікелей қатысы бар адамдар,
ұйымдар мен мекемелер тәрбиенің мәніне, міндеттері мен мақсаттарын жете
түсінулері қажет. Сондықтан әрбір оқушының дүниеге көзқарастарын
қалыптастыру – негізгі шарттардың бірі.
Сонымен, еліміздің болашағына сай адам – ол теориялық біліммен толық
қаруланған, оны шығармашылықпен іс жүзіне асыра алатын белсенді қоғам
қайраткері, жаңа қоғамдық өмір үшін күресуге қабілеті мол, жоғары
мәдениетті, білімді, өз ісіне асқан шебер адам.
Жеке тұлғаны барлық жағынан дамытып тәрбиелеу, жас ұрпақты қоғам
құрылысына белсене қатысуға әзірлеу міндеттері мектеп арқылы жүзеге
асырылатын іс. Мектеп қабырғасында білім және тәрбие алу барысында жас
жеткіншектердің ақылы мен ойы дамиды, адамгершілік қасиеттері қалыптасады,
ой еңбегіне төселеді, рухани өмір байлығын меңгереді, эстетикалық талғамы,
сезімі артады, тілі дамиды.
Адам баласының даму сатысында ақыл – ой тәрбиесі әр заманда балаларға
білім берудің негізгі құралы болып келеді. Дұрыс әрі ұлттық салт дәстұрге
байланыстыра берілген білім баланы тәрбиелеуде айрықша рөл атқарады.
Адамның жан–жақты және үйлесімді дамуында еңбек – шешуші факторлардың бірі.
Сол себепті халық педагогикасында еңбекті бүкіл тәрбиенің соғып тұрған күре
тамыры деп қарастырады. Адам баласы еңбексіз дамымайды, оның есесіне кері
кетеді, тіпті азып тозады.
Еңбек арқылы адамның денесі, көзқарасы, эстетикалық және ақыл–ой
деңгейі дамып жетіледі, еңбектің мәні және құндылығы артады.
Халық еңбекті асыл мұрат деңгейінде қарады. Адам өзінің жан және тән
сұлылығын тек еңбекте ғана көрсете алатындығына назар аударды. Сондықтан да
баланы еңбекке тәрбиелеу – үйелменнін қасиетті борышы.
Жас ұрпақты халқымыз жалпы еңбек сүйгіштікке тәрбиелей отырып, он
саусағынан өнері тамған нақты кәсіп иесі болуын көздеді және бұл жерде
еңбек дағдыларын меңгеруде зор жігерліктің қажет екенін жақсы түсінді.
Сондықтан еңбек сапасы негізгі көрсеткіш ретінде алынды.
Осы тұрғыдан оқу – ағарту ісінің барысында нені қалдыру нені қайта
қарап өзгерту керектігі туындап отыр. Олай болса осы айтылғандардың
аясында кезегін күтіп тұрған және бұрыннан мүлде еленбей келген, ендігі
жерде ел болуымызға мейлінше қажеттілігі айқын бір нәрсе мектепте
жүргізілетін Көркем еңбек сабағы.
Бұл сабақтың жас ұрпаққа берері мол. Ұлттық мәдениетіміз бен
өнерімізді көркейтуге, өмірдегі сұлулық пен көркемдікті тануға мамандықты
таңдап алуға, заттардың ерекшелігі мен қасиетін түсініп үйретуде, жалпы
алғанда көркем еңбек пәнінің маңызы зор. Көркем еңбек пәні баланың
шығармашылық еңбегінен табиғатында бар таланты болса, оның көзін ашып
жетілдіруге көмектеседі.
Баланың өсіп - өнуінде, оның жеке тұлға болып қалыптасуында осындай
үлкен мәні бар Көркем еңбек пәніне бүгінге дейін зер салып көңіл аударылуы
жеткіліксіз. Көркем еңбек сабағында бала қоршаған ортаны қабылдап,
өздігінен әр заттың қасиетіне және ерекшелігіне көңіл қою үшін зерттеу
жұмысына тақырып етуіміздің бірінші себебі осы.
Бастауыш мектеп мұғалімдерінің жұмыстарында сабақтың нәтижелі болуы,
еңбекке баулудың дұрыс жолын пәнаралық байланыс арқылы меңгерту баланың
көркемдікті қабылдауына байланысты екендігіне көз жеткізуі бұл –екінші
себеп, болды.
Көркем еңбек пәнін оқытуда көзделетін мақсат оқушыларды еңбекке
икемді етіп тәрбиелеу, қарапайым тұрмыстық және өндірістік заттарға биік
талғам тұрғысына қарау табиғат пен адам өміріндегі сұлулықты қорғай білуге
баулу. Осы тұрғыдан пәнаралық байланысты оқытудың тиімділігін зерттеген
авторлар да баршылық. Атап айтқанда Көркем еңбек арқылы оқушылардың жеке
басын дамыту мәселесін кезінде ұлы ойшылдар Сократ, Әл – Фараби, Абай,
Аристотель сияқты философтарымыз зерттесе, уақыт өткен сайын жас
жеткіншектерді оқытып тәрбиелеуде психолог-педагогтардың, әдіскерлердің,
бастауыш мектеп оқытушыларының еңбектері жарық көре бастады.
Пәнаралық байланыс проблемасын зерттеу мен қатар көптеген ғалымдар
орасан зор көңіл бөлуде. Мысалы, Р.М.Қоянбаев, В.В.Давыдов, И.Д.Зверев,
Р.Г.Лемберг, В.Н.Максимова, В.Н.Малахов т.б. болды.
Республикамызда соңғы жылдарда жарық көрген мемлекеттік құжаттар мен
Білім туралы заңдарда [2],[3],[4] Мемлекеттік білім бағдарламасында
болашақ қоғам мүшесі келешекте оның белсенді қайраткері болатын жастармен,
оларды білім алып дамытумен айналысатын мамандарды білімді де парасатты,
шебер де іскер етіп даярлауға көңіл бөлу керектігі атап айтылған [6].
Ғасырлар өткен сайын өмір талаптарына сай ұрпақ оқытып тәрбиелеу
туралы ойлар өз жалғасын тауып, Я.А.Коменский, К.Д.Ушинский, Л.Н.Толстой,
Ы.Алтынсарин, А.Г.Ананьев, А.Н.Леонтьев, Л.В.Занков, В.А.Крутецкий,
А.Н.Лук, Т.С.Сабыров, Р.М.Қоянбаев т.б. ғалымдардың еңбектерінде бастауыш
сынып оқушыларының Көркем еңбек пәні арқылы пәнаралық байланысқа
қызығушылықтарын қалыптастырудың теориялық негіздері анықталған.
Бүгінгі білім беру саласына түбегейлі енгізіліп, жұмыстар жүргізілуде
десек те қазіргі заман талабына сай, бастауыш мектептің оқыту үдерісінде
пәнаралық байланысты жүзеге асырудың педагогикалық негіздерін
қалыптастыруды жетілдіріп қана қоймай оны түрлендіре дамыту келелі мәселе
ретінде қаралып көңіл бөлуді керек етеді. Білім берудің мазмұнын
жетілдіру мәселесі осы тұрғыдан әлі де болса толық шешілмеген, енді ғана
ғалым педагогтардың еңбектері, қазақ авторларының қазақ мектебіне арналған
оқулық бағдарламаларының жарық көре бастағанын айтуға болады.
Айтылған мәселелер диплом жұмысы тақырыбының көкейкестілігін
дәлелдейді.
Зерттеу мақсаты:
Көркем еңбек пәнін 2- сыныпта оқыту барысында пәнаралық байланысты
жүзеге асырудың тиімді жолдарын теориялық тұрғыдан айқындау.
Зерттеу міндеттері:
1. Бастауыш сыныптарда Көркем еңбек пәні мазмұнын талдау және оқытудағы
мұғалімдердің іс-тәжірибесін зерделеу;
2. 2-ші сыныпта Көркем еңбек пәнін оқыту барысында пәнаралық байланыстың
әдістемесіне дидактикалық талдау жасау;
Зерттеу объектісі: 2- сыныпта Көркем еңбек пәнін оқыту үдерісі
Зерттеу пәні: Көркем еңбек пәнін оқыту үдерісінде пәнаралық байланысты
жүзеге асыру барысы
Зерттеудің әдістері:
Зерттеу проблемасы бойынша ғылыми әдебиеттерге, оқулыққа, бағдарламаға,
әдістемелік әдебиеттерге теориялық талдау жасау. Бастауыш мектеп
мұғалімдердің озық тәжірибелерін зерттеу, жинақтау, салыстыру, бақылау
әдістері қолданды.
Димлом жұмысының құрылымы:
Кіріспеден, 2 – тараудан, қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер
тізімінен тұрады.
І Бастауыш сыныптың оқыту үдерісінде пәнаралық байланысты жүзеге
асырудың теориялық негіздері
1.1 Бастауыш сыныптың оқыту үдерісінде пәнаралық байланысты ұйымдастыруды
зерттеу мәселелері
Бүгінгі таңда еліміздегі білім беру ісі балалардың жас
ерекшелігіне сай бағытталуы, ортаның әлеуметтік - мәдени өзгеруіне
икемделіп отыруы, ең алдымен оқушылардың жеке тұлғалық дамуы мен
жалпы дамуға дайындығы мәселелерінің бірлігін шешуі керек.
Мемлекеттік күш-қуаты ең алдымен өз ісіне шығармашылықпен қарайтын,
ғылымның, техниканың, өнердің, өндірістің ойдағыдай дамуына өзінің
жекелей еңбегімен ықпал етуге қабілетті адамдардың санымен
анықталады. Сондықтан да баланың әр уақытта қоғамдық санасының, жеке
тұлғасының жан-жақты дамыған еңбек білігі мен шығармашылық қабілеті
қалыптасқан адам болып өсуі өзекті де көкейтесті мәселе болып
отыр.
Ы.Алтынсариннің пікірінше, педагогикалық жұмыстағы ең
шешуші нәрсе: мұғалімнің ең жақсы оқыту әдістерін таба білуінде,
балалармен дұрыс тіл табыса білуінде. Үлгілі жолға қойылған, дұрыс
тәртібі бар жаңа типті мектеп оқушыларды қызықтырып, оларды
мәдениетке, жұмысқа және айналасын, өз ортасын тануға, ой еңбегін
үйретуге тиіс,- деп атап көрсетті [10].
Педагогикалық тұрғыдан еңбек – баланы жан-жаұты дамытып,
қалыптастырудың күшті құралы. Бала жастайынан еңбек етуге талпынады.
Оны еңбек дағдыларына үйрету үшін үйелмен мен мектепте еңбек
тәрбиесі қазіргі заман талаптарына сай ұйымдастырылып жүргізілуі
керек. Мектепте бұл іс-әрекеттің бірнеше түрлері бар. Олар: баланың
өзіне-өзі қызмет етуі, қоғамдық пайдалы еңбек, өнімді еңбек.
Әрекеттің мұндай түрлері оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай іске
асырылады. Еңбек әреті жүйесінде оқушылардың өзіне-өзі қызмет
етуінің мәні зор.
Қоғамдық пайдалы еңбек түрі оқу-тәрбие жұмыстарының
мақсаттарына сәйкес жүргізіледі.
Оқушылардың өнімді еңбекке қатысуының үлкен тәрбиелік мәні
бар. Олардың өнімді еңбек арысында жауапкершілігі артады, іскерлік
қабілеті дамиды.
Сонымен қоғамдық пайдалы және өнімді еңбекке тікелей қатысу
оқушыларды іскерлікке ғана үйретіп қоймай, олардың дене күштері мен
ақыл-ойын дамытуға ықпал жасайды, сабақта алған білімдерін
тереңдетіп жетілдіреді. Еңбек іс- әрекетін оқумен ұштастырып отырса,
баланың әлеуметтік тәжірибесі молаяды.
Пәнаралық байланыс проблемасын педагогикалық, психологиялық жағынан
зерттеумен қатар, философиялық тұрғыданда көптеген ғалымдар зор көңіл
бөлуде. Философиялық деңгейде қарастырған В.В.Давыдов, И.Д.Зверев,
Р.Г.Лемберг, В.Н.Максимова, В.Н.Малахов, т.б. болды. Мектеп оқушылары
жекеленген пәндерден алынған білімдерін тұтас біріктіріп қабылдай алмайды.
Оның негізгі себебі, олар бір – бірімен байланыста, сабақтастықта
қарастырылмайды. Осының нәтижесінде оқушыларда тұтас көзқаратың
туындауына қиындық туғызады. Сондықтанда оқушы санасына дұрыс көзқарас
қалыптастыру үшін мектептегі оқу пәндері арасындағы пәнаралық байланысты
анықтап, дұрыс пайдалана білу қажеттігі туады [6].
Пәнаралық байланысты жан – жақты педагогикалық – психологиялық,
әдістемелік жағынан зерттеуге бұрынғыдан да зор маңыз беріліп отыр. Бұл
мәселені көптеген ғалымдар: М. А. Данилов, В.В. Давыдов, И.Д. Зверев, Р.Г.
Лемберг, В.Н. Максимова, В.Н. Малахов, С.А. Рубинштейн, Д. Б. Эльконин,
Д. Локк, И. Г. Песталоций, Ж. Руссо, Я.А. Коменский т.б. шұғылданған. Олар
пәнаралық мәнін, құрылымын әдіснамалық деңгейде қалыптастырған.
Қазіргі кезде мектептегі қайта құру білім берудің мазмұнын жетілдіруді,
ғылыми пәндердің өзара байланыста жүргізілуін талап етеді.
Көркем еңбек – мұғалімнің оқушыларға техникалық, технологиялық білім
мен білік беретін, оқу мен еңбек үрдісін ұйымдастыратын, балаларды
перспективалық технологиямен таныстырып, олардың перспективалық көзқарасын
қалыптастыратын оқу үлгісі. Технологиялық еңбек сабақтарын жоспарлау оқу
үрдісін ұйымдастырудағы нақтылықты, бағдарламада қойылған мақсаттарды
жүзеге асыруға, шеберханаларды ұтымды пайдалануға, сапсы жоғары өнім
дайындауды қамтамасыз етеді. Оқушылар сабақта еңбекке қатысты нақты білім
мен білікті игереді. Игеру ісі мұғалім тарапынан техникалық – технологиялық
мағлұмат беру белгілі бір техникалаық операциялардың орындалу әдістерін
көрсету кезінде жүзеге асады. Мұғалім сабаққа дайындық барысында оның
мақсатын, мазмұнын, құрылымын жоспарлайды, оқытудың әдістері мен түрлерін
қарастырады. Осының бәрін қамтитын сабақ жоспары мынадай элементтерден
тұрады:
Сабақтың тақырыбы ( оқушыларға берілетін техникалық-технологиялық білім
мен біліктіліктің көлемін қамтиды)
* Сабақтың мақсаты (білім, тәрбие мен даму аспектілерін қамтитын
міндеттердің кешенімен таныстырады)
* Материалдық – техникалық базасы (жабдықтар, саймандар, материалдар,
көрнекі құралдар, технологиялық карталар).
* Сабақтың құрылымы мен мазмұны оның мақсатына сәйкес белгіленеді, әрбір
элементті орындауға жұмсалатын уақытты шамамен анықтауға мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасы ғылымына еңбегі сіңген қайраткер, профессор
Р.Г.Лемберг пәнаралық байланыстың әдіснамалық және педагогикалық негізіне
арналған баяндама жасады. Сонымен бірге осы пәнаралық байланыс мәселесімен
шұғылданып жүрген педагогика кафедрасының ғалымы А.А.Бейсенбаева "Мектептің
оқу-тәрбие үдерісі жұмысында пәнаралық байланысты жүзеге асыру тәжірибесі
туралы" көлемді баяндамасында пәнаралық байланыстың дидактикалық
ерекшелігіне тоқтады.
Қазіргі кезде шығармашылық еңбекке, еңбек тәрбиесіне ерекше көңіл
бөлуде. Шығармашылық ойлау қабілеті кез келген адамда бар. Бұл әсіресе жас
өспірімдерге тән қасиет. Психолог мамандар адамның бойындағы шығармашылық
ойлау қабілетін бала кезінен қалыптастыру керек деп есептейді.
Шығармашылық қабілетті дамытудың психологиялық, педагогикалық
ережелерін басшылыққа алып қарастырғанда мұғалімнің дидактикалық
дайындығына мына компоненттер кіруі керек:
- педогогикалық қызметті толық берілуі, оны дұрыс атқаруы;
- ақыл – ой әрекетін кезеңмен қалыптастыру теориясын білу;
- бала психологиясының жасқа байланысты ерекшеліктерін білу;
- шығармашылық процестің негізін меңгере білу;
Психологтардың зерттеуі бойынша әрбір жас кезеңінде шығармашылыққа
баулуға өзек болардай өзіндік ерекше қабілет, бейімділік бар екен.
Қабілеттілік – оқушының жеке психологиялық ерекшелігі. Ол
жалаң білім мен дағды емес, соны тез игеру жолындағы табандылығы.
Ол адам бойындағы жақсы қасиеттер, яғни олардың жиынтығы. Өзбек
ғұламасы Әлішер Науаи өзінің Ғажайып мәжілістер атты еңбегінде адам
тек рухани қабілеттіліктен туады. Оның негізі еңбек деп
тұжырымдады.
Технология пәні оқушыларңа кең көлемде білім бере отырып, олардың
қабілеттерін жетілдіре түсуге, белгілі бір кәсіпке бейімделуіне
көмектеседі. Қазір көптеген мектептерде ірілі – ұсақты темір, ағаш өңдейтін
станоктар бар. Оқушыларға тек оларды тиімді пайдалануды үйрету кекрек.
Оқушылар орындайтын еңбек екіге бөлінеді;
а) еңбек сұраныс бойынша жасалып, еңбекақы төленеді;
б) өзіне қызмет көрсету, мектеп қажеттіліктері, т.б. ( өзі үйрену
үшін, еңбекақы төленбейді ).
Еңбекті оқушылардың білімдеріне және технология мен техника негіздеріне
сүйене отырып ұйымдастырады. Сол үшін мұғалім оқушылардың әдебиеттік оқу,
математикадан, бейнелеу өнерінен алған білімдерін пайдаланатынын ескереді.
Еңбекті ұйымдастырудағы мұғалімнің міндеті:
*еңбек обьектілерін таңдау;
* материалдық-техникалық базаны нығайту:
* санитарлық нормалар мен қауіпсіздік техникасын сақтау:
* ұйымдастырудың тиімді түрлері мен әдістерін анықтау;
* нәтижелерді бақылау, есепке алу:
* оқушылардың өзін-өзі басқару топтарын құру;
* көрмелер ұйымдастыру.
Осы орайда мектептің оқу-тәрбие үдерісінің пәнаралық байланыс
негізінде ұйымдастырылуы, ғылымдар жүйесінің бір арнаға тоғысуы, адамның
интеллектуалдық өрісін байытумен бірге, бүкіл адамзаттық құндылықтар
көзінің де бірлігін, жалпы ақиқат дүниенің біртұтас жүйе екендігі туралы
ғылыми көзқарастың қалыптасуына мүмкіндік береді.
Оқыту мен тәрбиелеудегі пәнаралық байланыс мәселесін және білім
берудегі интеграцияны әртүрлі негізде жасауға Н.В.Малахов,
И.А.Лошкарева, И.Д.Зверев, В.Н.Максимова, Т.Г.Рамзаева, Н.Н.Светловская,
М.Р.Львов, Н.Я.Велинкин, т.б. зор үлес қосты. Бұл педагог-ғалымдардың
еңбектерінде пәнаралық байланыс мәселесі жан-жақты қарастырылды [10].
Қазақстандық педагогикада жалпы білім беретін мектептегі оқу-тәрбие
үрдісіндегі интеграция мәселесінің педагогикалық негізін Б.Т.Нәбиева,
А.Р.Бектениярова, А.Ерімбетова, Р.К.Аббасова, А.А.Әбдиева т.б. сипаттаса,
жаңа үлгідегі мектептердің ғылым мен тәжірибе интеграциясының
педагогикалық негізін Г.К.Мендіғалиева, аспиранттардың оқу
және зерттеушілік қызметі интеграциясы мәселесін Т.Н.Бақайбекова, бастауыш
білім мазмұнын интеграциялау мәселесін К.Жүнісова, Ә.Мұханбетжанова және
т.б. қарастырған. Олардың ғылыми еңбектерінің аса құнды екендігі мәлім [9,
10].
Ал, мектеп тәжірибесінде пәнаралық байланысты жүзеге асыруда мұғалімдер
біршама қиындықтарға кездесіп отырғаны белгілі. Атап айтқанда, оқыту
үдерісін тиімді ұйымдастыру, жеке пәндер арасындағы ортақ ұғымдарды,
зандылықтарды бір-бірімен өзара байланыстылықта қарастыру, оқушылардың
танымдық, ізденушілік қабілеттерін, іс-әрекеттерін дамыту, алған білімдерін
жинақтау, тәжірибеде қолдана білуге үйрету тағы басқа мәселелер
дидактикалық тұрғыдан шешуді қажет етеді [6].
Технология сабағында оқушыларды еңбекке баулу, олардың жеке және жас
ерекшеліктерін ескере отырып жүргізіледі. Оқу материалының мазмұны қазіргі
заман талабына сай ғылыми – техникалық жетістіктердің даму деңгейіне
жақындатылған болуы тиіс. Оқу материалы оқушыға түсінікті болуы тиіс. Ол
үшін әртүрлі әдістемелік құралдарды жиі қолдану кекрек. Оқушылардың
жүктемесін олардың жас ерекшеліктерін ескере отырып берген дұрыс әрі ол
қарапайым болғаны дұрыс. Еркін тақырыптағы сарамандық жұмысты орындау
кезінде оқушыларды қабілеттеріне байланысты үш топқа бөлуге болады.
Бірінші топқа, өз қабілеттері мен мүмкіндіктерін жақсы білетін, жаңа
тапсырмаларды орындауға қызығушылықпен кірісетін және алғашқы қиындықтардың
өзінде-ақ ешбір қысылмастан мұғалімнен көмек сұрайтын оқушылар жатады. Бұл
топқа сурет салуға жалпы өнерге бейімді бар оқушылар жатады.
Екінші топқа, өз қабілеттері мен мүмкіндіктерін сенімсіз бағалайтын
оқушылар жатады. Аздаған қиындықтардың өзінде-ақ олар көмек сұраудан
қысылады және не істерін білместен жұмыстарын тоқтатады. Мұндай оқушыларға
көбірек көңіл бөліп, оларға өз күштеріне деген сенімділік ояту керек.
Олардың еңбегін бағалау кезінде тіпті ең шағын жетістіктерін атап өтіп,
жұмысқа деген құлшынысын ояту керек. Оларға ауық-ауық көмекке келіп,
олардың жұмыстарының сәтті орындалып келе жатқандығын айтып, көңілдерін
көтеріп отыру керек.
Үшінші топқа, өз мүмкіндіктерін бағалай алмайтын оқушылар жатады. Олар
өз мүмкіндіктерін асыра бағалайды. Олар кез келген жұмысқа белсенді және
сеніммен кіріседі.
Алайда алғашқы қиындықтардың өзінде бұл қиындықтардан қалай өтуге
болатыны туралы ойламастан тоқтайды. Мұғалімнен көмек сұрамастан, өздеріне
басқа жұмыс беруін өтінеді. Егер мұғалім басқа жұмыс бермесе, жұмыс істеуін
тоқтатады. Бұл жағдай жұмыс істеп жатқан басқа оқушыға кесірін тигізуі
мүмкін. Сондықтан мұғалім оларға өздері сұраған жұмысты беріп алғашқа
қиындықтар кездескенде мұғалімді шақырулары тиіс екндігін түсіндіреді.
Оқушы жұмысқа толық кірісіп кеткенше оның қасында болып, оған көмектесу
қажет.
Бірақ соңғы кезде пәнаралық байланыс өзекті мәселе ретінде
көтерілгендігін байқатады. Дегенмен, жалпы білім беретін мектептерде бұл
мәселе әлі толық өз шешімін таппағанын байқаймыз.
Пәнаралық байланысты мектеп мұғалімдері өз тәжірибелеріне сүйеніп
жүргізеді, сондықтан да оқулық пен оқу құралдарындағы тапсырмаларда
пәнаралық байланыстың жете қамтылуын жүйелі ойластыру қажет. Пәнаралық
байланыс мәселесі кеше немесе бүгін ғана көтеріліп, сөз болып отырмағандығы
белгілі [8].
Қазірде пәнаралық байланыс педагогика ғылымының басты мәселесі
болып отырған жағдайда оны жан –жақты қарастыру барысында біздер көрнекті
философ, психолог, педагог еңбектеріне талқылау жасадық. Мұнда философ В.М.
Кедров адамның дүниетанымын қалыптастыруға әртүрлі пәндердің өзара әсерінің
мәнін көз жеткізе баяндаған.
В.М.Кедров өзінің еңбектерінде ғылымда пәнаралық байланыс
мәселесіне жаңа әдістемелік тұрғыдан қарауды талап етеді. Пәнаралық
байланыс мәселесі бүгінгі күнге дейін бір ғылымға бір пән, керісінше бір
пәнге бір ғылым ғана бір-бірімен өзара байланысты болып шектеліп тәжірибеде
қолданып келгенін көрсетіп, ал қазіргі кезде бір пәнді бірнеше ғылым өзара
әрекеттесіп жан-жақты қарастыра бастағанын дәлелдейді. Сонымен ғылымның
зерттеуінде бір ғылым тек өзіне тиісті пәнмен ғана емес, қайта көптеген
басқа пәндермен бірлікте болуы қажеттігі айқындалды [13].
Көптеген педагогтар мен психологтардың пікірлеріне қарағанда,
оқушылардың түрлі пәндердегі білімдер мен бірліктерді, бейімділіктердің
жеке элементтері арасындағы байланыстарды байқап және қабылдауы олардың
білімдерін бір жүйеге келтіреді, ақыл-ойына серпіліс тудырады, таным
қызметіне шығармашылық сипат береді.
М.Берулова өз еңбектерінде оқу пәндері арасындағы байланыстың бірнеше
деңгейі бар екендігін атап көрсеткен. Пәнаралық байланыстың алғашқы жоғары
деңгейінде пәндерді кіріктіру негізінде кешенді ғылым пайда болады. Екінші
деңгейі- дидактикалық біріктіру деңгейі. Бұл деңгейдегі оқу пәндерінің
байланысы үнемі жүзеге асырылып, өзара бірлесіп әрекет етуші пәндер өз
мәртебесін өз тұжырымдамасы негізінде сақтайды. Байланыстың үшінші деңгейі-
пәндердің өзара байланысының ең төменгі деңгейі. Пәндердің өзара байланысы
оқушылардың білімін зерттеу, талдау, жүйелеу сияқты негізгі дидактикалық
міндеттер арқылы шешіледі. Соңғы айтылып отырған деңгей бастауыш мектепте
анағұрлым тиімді [14].

ғылыми пәндердің өзара байланыста жүргізілуін талап етеді. Мектеп
оқушылары жекеленген пәндерден алған білімдерін тұтас біріктіріп қабылдай
алмайды. Оның негізгі себебі олар бір-бірімен байланысты сабақтастықта
қарастырылмайды. Осының нәтижесінде оқушыларда тұтас көзқарастың туындауына
қиындық туғызады.
Сондықтан да оқушы санасында дұрыс көзқарас қалыптастыру үшін
мектептегі оқу пәндері арасындағы пәнарлық байланысты анықтап, дұрыс
пайдалана білу қажеттігі туады [14].
Пәнаралық байланыс кезінде материалдардың өзара байланысын, бір-біріне
тигізетін ықпалын, ортақ, негізгі тенденцияларын, әлеуметтік, экономикалық
рухани ортақ белгілерін бір-бірімен сабақтастыру, ортақ белгілерін бір-
бірімен салыстыру ортақ заңдылықтарын ащуды көздеуі тиіс. Оқушылардың
меңгерген білімдері сайып келгенде, әрбір жеке тұлғаның көзқарасына,
сеніміне, өмірлік құндылық бағдарына, мінез-құлқының қағидасына айналуы
керек.
Қазіргі талап бойынша қоғам, табиғат, адам арасын пәнаралық байланыс
негізінде оқытуды мақсат етіп оқытсақ, ізденсек, ұлы педагог
ақындарымыздың еңбектерін пайдалануға болады. Философ М.Орынбеков Абай
философиясының негізгі адам мәселесі екенін ашып көрсеткен. Абайдың
уағыздағаны- адам бойындағы адамгершілік, ізгілік, еңбекқорлық, білімділік,
өзін- өзі бақылау, ұяттылық, парасаттылық, Абай аңсаған адам тәрбиесі
үнемі оқу- ағарту ісінің алдына қойған мақсаттарының бірі болып келеді.
Әсіресе, қазіргі таңда жеке тұлға тәрбиесін жоғары деңгейге көтеру. Абай
шығармалары мен ой-пікірлеріне соқпай өту мүмкін емес. Бастауыш мектеп
оқушыларына білім мен тәрбие беруде бұл өлеңдердің алатын орнына жетпейді.
Осындай тәлім-тәрбиені мұғалімдер сабақ өту үрдісінде пәнарлық байланыс
арқылы қалыптастырумен оқушыға жеткізе алады. Сондықтан да бастауыш сынып
оқушыларының шығармашылық тұлғасын пәнаралық байланыс негізінде
қалыптастыруда философия, педагогика, психология және жеке пән
әдістемелерінің де бір-бірімен байланысы бар [15].

дидактикалық тұрғыдан шешуді қажет етеді.

белгілі.
Білім беру қазіргі ғылымның, мәдениеттің, ғылыми-техникалық
прогрестің даму деңгейіне сай болуы керек. Жалпы білімнің мазмұны
ғылымдардың өзара байланысы, өндіріспен қоғамдық дамуы жаңару үдерісіне
тікелей ықпал жасайды.
Пәнаралық байланыстың классикалық педагогикадағы қалыптасқан
идеясының өзіндік даму тарихы бар.

В.М.Кедров өзінің еңбектерінде ғылымда пәнаралық байланыс мәселесіне
жаңа әдістемелік тұрғыдан қарауды талап етеді. Пәнаралық байланыс мәселесі
бүгінгі күнге дейін бір ғылымға бір пән, керісінше бір пәнге бір ғылым ғана
бір-бірімен өзара байланысты болып шектеліп тәжірибеде қолданып келгенін
көрсетіп, ал қазіргі кезде бір пәнді бірнеше ғылым өзара әрекеттесіп жан-
жақты қарастыра бастағанын дәлелдейді. Сонымен ғылымның зерттеуінде бір
ғылым тек өзіне тиісті пәнмен ғана емес, қайта көптеген басқа пәндермен
бірлікте болуы қажеттігі айқындалды.
Пәнаралық байланыстың философиялық негізіне дүниеде барлық заттың,
құбылыстардың бірімен – бірінің өзара байланыстылығы туралы тұжырымдалған
дүние туралы білімдер де бірімен – бірі байланыста болады.
Оқушының өз болмысын тануға көмектесіп, қабілетін ояту, жаңа рухани
күш беру білімінің ең маңызды мақсаты болып табылады. Адамды биологиялық
және әлеуметтік құбылыстардың бірлігі ретінде құрастыру оны тұлға деп
түсінуі философия ұғымына жатады. Тұлға - нақты тарихи ұғым. Тарихтың
барысында адам мен қоғамның ара – қатынасы елеулі өзгерістерге ұшырап
отырады. Осыған байланысты адам тұлғасының нақты мазмұны да өзгереді.
Тұлға – белгілі бір қоғамдық қатынастар тұсында өмір сүретін адамның
негізгі үш жағы бірігуінің нәтижесі.
1. биогенетикалық нышандар;
2. әлеуметтік қатынастар;
3. психоәлеуметтік қасиеттердің тұтаса бірігуінің нәтижесі.
Қазіргі кезде тұлғаның мәні жайында екі негізгі консепциялық көзқарас
бар:
1. тұлғалық адамның функциялық сипаттамасы;
2. тұлғаның әлеуметтік мәніне қарай сипаттамасы;
Философия ғылымы тұлғаны атқаратын роліне қарай сипаттамай, мәніне
қарай сипаттау, бұл ұғымның мазмұнын тереңірек ашып көрсетіп адамның
өзіндік санасын, мінез – құлқымен ерік күшінің қайнар көзін белсенді іс -
әрекеттің субъектісі екенін анықтап береді. Тұлға – адамның қоғамдық
қатынастарымен қызметінің жеке адам шоғырлануының көрнісі, дүниені танып
білудің және өзгертудің құқығы мен міндеттерінің эстетикалық, этикалық
және басқа әлеуметтік нормалардың шоғырланған бөлігі. Тұлға - әр дайым
әлеуметтік тұрғыда жетілген адам болып табылады. Ғылыми техника дамыған
сайын әлеуметтік өмір деңгейі де өзгереді. Осының барлығы табиғат байлығын
игерудегі адам миымен күшінің жұмысы. Адам, табиғат, қоғам – бір тұтас
дүние. Тұтас дүниені өз мәнінде бір – бірімен байланысты қабылдау таным
үрдісі арқылы жүзеге асады. Адамзаттың қоғамның пайда болып қалыптасуы
қоршаған табиғи ортаның қасиетті шарттарының, жағдайлардың болуына
байланысты.
Философия мен ғылымның танымдық мүмкіндіктеріне тарихи талдау жасап,
адамның білім системасында философияны алатын орнын анықтау ғылымен
философияның шыққан тегі, түп – тамыры бар екенін көрсетеді. Философиямен
арнайы ғылыми білімнің ара қатынасында үш негізгі тарихи кезеңді аңғаруға
болады.
1. Ертегілердің алғашқы бір тұтас білімдерінің жиыны барлық
пәндерді қамтитын философия деп аталды, бұл алғашқы білім, ғылым
бастамаларында философия бастамаларында қамтыды.
2. Білімдердің мамандануы, яғни жекеше нақты ғылымдардың
қалыптасып біртұтас жиынынан бөлініп шыға бастауы; бұл үдеріс
көптеген ғасырлар бойы әсіресе XVII – XVIII ғасырларда
жылдамдата жүрді.
3. Бірқатар ғылымдардың теориялық тарауларының қалыптасып олардың
біртіндеп интеграциялануы, бірігуі.
Адамның танымы білмеуден білуге, қарапайымнан күрделіге нақтылы
шындықты түсіну кезінде көшті. Бұл тұста сұлулық, әдемілік, достық туралы
дүние таным қалыптасты. Адамгершілік, батырлық байлық сияқты философиялық
категориялар орныға бастады. Күнделікті өмір тіршілігіне негізделген
дүниені тану – сезіну мен түйсінуге сүйсініп, қоршаған орта заттарын көру,
ауызша айту, эмоциялық бейнені қабылдау тұрғысында жүзеге асты. Пәнаралық
байланыстың философиялық негізіне дүниедегі барлық заттың, құбылыстардың
бірі мен бірінің өзара байланыстылығы болып отыр. Негізінен оқу пәндері әр
ғылымның логикасына сүйенетіндіктен олар бір – бірінен өз алдына
оңашаланып бөлектенбейді. Сондықтан ғылымның міндеті – дара
байланыстылықты танып – білу.

бірімен салыстыру ортақ заңдылықтарын ашуды көздеуі тиіс.
Оқушылардың меңгерген білімдері сайып келгенде, әрбір жеке тұлғаның
көзқарасына, сеніміне, өмірлік құндылық бағдарына, мінез-құлқының
қағидасына айналуы керек. Қазіргі талап бойынша қоғам, табиғат, адам арасын
пәнаралық байланыс негізінде оқытуды мақсат етіп оқытсақ, ізденсек, ұлы
педагог ақындарымыздың еңбектерін пайдалануға болады. Философ М.Орынбеков
Абай философиясының негізгі адам мәселесі екенін ашып көрсеткен. Абайдың

шығармалары мен ой-пікірлеріне соқпай өту мүмкін емес.
Бастауыш мектеп оқушыларына білім мен тәрбие беруде бұл өлеңдердің
алатын орнына жетпейді. Осындай тәлім-тәрбиені мұғалімдер сабақ өту
үрдісінде пәнарлық байланыс арқылы қалыптастырумен оқушыға жеткізе алады.
Сондықтан да бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық тұлғасын пәнаралық
байланыс негізінде қалыптастыруда философия, педагогика, психология және
жеке пән әдістемелерінің де бір-бірімен байланысы бар. Ең басты қазіргі
кезде өздігінен білім алудың, оқудың өзекті мақсаты диалектикалық
ойлауды кеңінен дамытуды жүзеге асыру. Бұл міндет бір пәннің шеңберінде
шешілмейді. Сондықтан әрбір мұғалім жеке деректерді нақтылы жағдайларды,
оқиғаларды түсіндірумен шектелмей, пәнаралық байланыс негізінде білім
беруді көздеуді жолға қою қажет.
Оқушылардың меңгерген білімдері сайып келгенде әрбір жеке тұлғаның
көзқарасына, сеніміне өмірлік – құндылық бағдарына, мінез – құлқының
қағидасына айналуы керек. Қазіргі талап бойынша қоғам табиғат, адам арасын
пәнаралық байланыста оқытуды мақсат етіп оқытсақ, ізденсек, ұлы педагог
ақындарымыздың еңбектерін пайдалануға болады.
Бастауыш сынып оқушыларына білім мен тәрбие беруде бұл өлеңдердің
алатын орнына жетпейді. Осындай тәлім – тәрбиені мұғалымдер сабақ өту
үрдісінде пәнаралық байланыс негізінде қалыптастыру арқылы оқушыға жеткізе
алады. Абай философиясы қазақ халқының мүліктік, дүниелік байлығына
гөрі рухани байлығын дәріптеген.
Ғұлама ақын тұлға арасындағы қарым – қатынасты, тіл байлығын,
ақылдылықпен – тапқырлықты, әділеттілікті уағыздаған. Философиялық
тұрғыдан алғанда адам қоршаған дүниенің ішінде тіршілік етеді. Оның көз
қарасы бүкіл дүниемен, табиғатпен, қоғаммен қатынас жасау арқылы дамиды.
Қазіргі өркендеген қоғам өзгерісі адаммен қоғам арасындағы жаңа
байланысты тудырып олардың дүние туралы көзқарасын өзгертуге себепші болып
отыр. Көзқарастың қалыптасуы мектеп қабырғасында білім алу барысында
жүзеге асады.
Сондықтанда бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық тұлғасын
пәнаралық байланыс негізінде қалыптастыруда философия, педагогика,
психология және жеке пән әдістемелерінің бір – бірімен байланыс бар.
Оқушыларға тиянақты білім берудегі сол бұрынғы білімнің бір – бірімен
байланыстылығын философта да ерекше атап көрсеткен. Мұғалімнің көздейтін
мақсаты оқушыларға берілетін ғылыми білім негіздерінің бірлігін,
пәнаралық байланысын сақтап отыр. Пәнаралық байланыс кезінде оқушылардың
ойының тиянақталуына, қиялдануына, ұғымды меңгеруге, ойда сақтау
мүмкіндіктерін арттыруға жағдай жасалады. Бастауыш сыныптардағы
оқушылардың шығармашылық тұлғасын қалыптасыруда білім мазмұнының
тиімділігі, оқытудың тиімді әдістерін іздестіру жолдары пәнаралық
байланысты күшейтуге себебін тигізеді.
Қазіргі кездегі білім беру ғылымның, мәдениеттің, ғылыми техникалық
прогрестің даму деңгейіне сай болуы қажет. Білімнің мазмұны ғылымдардың
өзара байланыс, өндіріспен қоғамдық дамудың жаңару барысына тікелей ықпал
жасайды. Осыған байланысты қазіргі күрделі қайта жаңғыру кезінде
бастауыш мектептегі оқыту үдерісінде пәнаралық байланыс ерекше
педагогикалық маңызды мәнге ие болуда.
Бастауыш мектепте пәнаралық байланыстың педагогика ғылымында
қалыптасқан идеяларының өзіндік даму тарихында Батыс Еуропадағы
педагогикалық идеялар мен тұжырымдардың бастауында атақты педагогтар
Я.А.Коменский, Д.Ж.Локк, Ж.Ж.Руссо, И.Г.Песталоций, И.Ф.Гербарт пәнаралық
байланысты педагогикалық ғылымының күрделі мәселелеріне жатқызды. Олар
жас буынға, келешек ұрпаққа білім беруге табиғат құбылыстарының өзара
байланысы жөніндегі көзқарастарын, дүниетанымын дұрыс қалыптастыру керек
екендігіне баса назар аударған. Пәнаралық байланыс – түрлі оқу пәндерінің
арасындағы өзара байланысын айқындау шарты және білім берумен оқыту
талаптарының бірі. Әлемнің бірлігін бейнелейтін ғылыми білімдермен
сенімдер жүйесін қалыптастыру міндеттерінің шартынан пәнаралық байланыс
қажеттігі туындайды. Оқу пәндерінде қарастырылатын табиғат, қоғам,
адамдардың өзара әрекеті жөніндегі негіздер олардың білім беру мазмұнының
біртұтас жүйесінді біріктіреді. Осы арада пәнаралық байланыстың дүниеге
көзқарас қызметі өте маңызды және шешуші рөл атқарады. Дүниеге көзқарас
дегеніміз – адамдардың, жеке адамдардың іс - әрекетіне терең әсер ететін
әлем және оның даму заңдылықтары жөнінде табиғат және қоғам құбылыстары
мен барыстары жөнінде біртұтас тиянақты көзқарастар жүйесі. Дүниенің өзі
микро, макро, мега жүйелерді құрайтын бір – бірімен көп салалы
байланыста болатын объектілермен құрылыстардың жиынтығы болса, дүние
танымның негізі дүние туралы белгілі бір білімдердің жиынтығы кіреді.
Дүние таным әр түрлі білімдерді игеру барысында, сонымен бірге күнделікті
көзқарастарды санада түю нәтижесінде қалыптасады.
В.Скакун пәнаралық байланыстағы оқушыларды тәрбиелеу және дамыту
әдістерімен құралдарын пайдалануда әрбір пәннің дүниетанымдық идеясын
ашуға, қоғамдық құрылыстың өмірімен байланысына, оқушылардың танымдық
белсенділігін өз бетінше жұмыс жасауын дамытуға көп мән берді. Пәнаралық
байланыстардың тәрибиелеу функциясы оқушыларда диалектикалық –
материалистік дүниетанымды, дұрыс дүниге көзқарасты қалыптастыруды
көздейді. Дүниетанымның маңызды элементтерінің бірін әлемнің тұтас
бейнесі, ондағы адамның ролі мен орнын құрайды.
Осыған сәйкес бастауыш мектеп оқушыларына білім және тәрбие берудің,
дүние танымын қалыптастырудың аса маңызды құрылымының бірі пәнаралық
байланыс болғандықтан пәнаралық байланыстың негізгі міндеттерін көрсетсек.
1. оқушылардың оқыту үдерісіндегі пәнаралық байланысты түсінуін,
саналы қабылдауын, танымдық белсенділігін қалыптастыру
жұмыстарын ұйымдастыру;
2. оқу пәндерінің оқушыларға білім мен тәрбие беру, пәнаралық
байланыс орнату мүмкіндіктерін айқындау мақсатында білім
беретін орта мектептің оқу жоспары мен бағдарламаларына
талдау жасау. Барлық мұғалімдердің пәнаралық байланысты
практикалық қызметінде әрдайым пайдалану.
3. мектептен тыс және сыныптан тыс жұмыстардың пәнаралық
байланыста жүргізіуі. Бұл міндетті шешу озық тәжірибелерді
жинақтауды, жұмыстың неғұрлым тиімді түрлерін практикада
пайдалануды қажет етуі.
4. мұғалімдерді оқушыларға пәнаралық байланыс негізінде білім мен
тәрбие беру дайындығын және қандай жағдайда екендігін білуі.
Бастауыш мектеп оқушыларының жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру да
дамушы жеке бастың психологиялық құрылымының ішіндегі, оның тұқым
қуалаушылық арқылы берілетін қасиеттер нақты айтқанда көңіл күй, ерік,
зеиін, сол сияқты қоғам тәжірибесі білім мен білік дағдылар, әлеуметтік
бағыт, қызығушылық қабылет түрткі, сенімдермен бірге дүние танымда ерекше
құрылым бөлігі болып саналады. Бастауыш мектеп оқушыларының дүние танымын
қалыптастыруының басты құралы іс - әрекет болып табылады. А.А.Люблинская:
Адамның іс - әрекет бүтіндей тізбек немесе практикалық ақыл ой
әрекеттерінің белгілі бір мақсатқа жетуге бағытталған әрекеттер жүйесі
болып табылады,- деп тұжырымдайды. Яғни әр түрлі іс - әрекеті арқылы
жеке тұлғалар қарым қатынасқа түсіп, қабілеті, мінез құлқы жетіліп, дүние
танымы қалыптасады. Адамның өмір жасын анықтауда іс - әрекет негізгі роль
атқарады. Қазақтың көрнекті қоғам қайраткері бастауыш мектепті дамытуға
зор үлес қосқан ғалым А.Ахмет Байтұрсынов адам кішкентай кезінен бастап –
ақ өзін қоршаған ортаның неден тұратынын таным – біліп, оқып үйренуі керек
екеніне көп назар аударды [17].
Балалардағы дүниетанымның қалыптасуы қоршаған ортасын танудан
басталатындығын айта келе соны танып білуде ақыл оймен білім қажетін
анықтап көрсетеді.
А.Байтұрсынов ұлттық рух, халықтық дәстүр ата – баба тағлымы, ұрпақтар
сабақтастығы мәселелерін қамтыған, бастауыш мектеп жасындағы балалардың
дүниетанымын қалыптастырудың нақты жолдарын көрсетіп кеткен ойшыл ғалым
әсіресе ана тілі арқылы ұлттық өркендеу, танудың маңыздылығын дүние
танымдық, мәдени әлеуметтік тұрғыда түсіндіру кезінде туған ананың ақ
сүтіне, туған халқының кәусарына, өз ұлтының өмір салтына қанбаған
адамның қадірсіз болатындығын анық көрсетіп жазған. Атақты қазақ педагогы
әрі біртуар ақыны М.Жұмабаев бала дүниетанымын қалыптастырудағы білім мен
тәрбиенің орнын және маңызын сипаттап берді. Оның Бала тұрмыспен көзбе –
көз таныссын, жан – жануардың тұрмысын бақыласын жанында көп білім болсын,
жаратылыстың тұрмысымен таныс болсын. Міне, сонда баланың қиялы өткір һәм
бала болмақ, - деп жазған тұжырымыда осыған дәлел.
Дүниетану пәнінің қазіргі мазмұнымен тұспа – тұс келетін Ж.Аймауытовтың
оқудың күнделікті өмірімен, қоршаған ортамен байланысына қатысты
тұжырымдамалары көрсетілген еңбектерінде де балалар дүниетанымын
қалыптастыру сипаты анықталған. Ол бастауыш мектеп оқушыларына арнап
оқулық, әдістемелік нұсқау жазды. Оқушыларды оқытып тәрбиелегенде затты,
құбылысты көрсете бақылата отырып табиғат аясында берген білімнің тиянақты
әрі мәнді болатындығын дәләлдеді. Ғалымның Тәрбиеге жетекші, психология
және өнер таңдау, қазақша ой таныту әдістері т.б. еңбектерінде де
сауатсыздықты жою, келешек ұрпақ тәрбиесі, ана тілі мәселелерін шешудің
жолдарымен қатар, қазақ балаларының дүниетанымын қалыптастыру бағытындағы
тұжырымдар жасалынады. Мәселен дүниедегі шындықты қоршаған заттармен
құбылыстарды тану үшін ұғым пайда болатындығын, сол ұғымның қалыптасуына
көрген білгендерді таңдау, іріктеу, игеру, ұғу, үйлестіру қажет екендігін
нық көрсетіп берді.
Бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың дүниетанымын қалыптастыруда
және оларды оқыту барысындағы білімдік, тәрбиелік, дамытушылық міндеттерді
шешуде пәнаралық байланыстың маңыздылығы мынадан көрінеді.
- Пәнаралық байланыс оқу пәндерінің арасындағы өзара байланыстың
дамуына және танымдық іс - әрекеттің белсенді, ауқымды болуына жол ашады;
- Бастауыш мектеп оқушыларының дүниетанымының қалыптасуына білім
мазмұнындағы барлық құрамдас бөліктерінің байланыста болуы пәрменді ықпал
етеді.
- Толыққанды тәрбие беру жүйесінің барлық салаларын кешенді жүзеге
асыруды қамтамасыз етеді:
- Пәнаралық байланыс бастауыш мектеп мұғалімінің жүргізетін
педагогикалық әрекетін ғылыми негізде ұтымды ұйымдастыруына себепкер
болады.
- Пәнаралық байланыс көптеген оқу пәндеріне ортақ жетекші ұғымдармен
қағидалар, деректер, ғылыми таным әдістері арасында өзара байланыс
орнықтырып оқушыларда дұрыс, кең әрі қажетті дүниетанымдық білімдермен
көзқарастардың пайда болуына жәрдемдеседі.
Қазіргі кездегі Республикамызда қолға алынған білім беру жүйесі
реформалау ісі осы саналы жан – жақты өзгертуге бағытталған кешенді
шығармалар мен тығыз байланысты. Білім беру ісіндегі жаңа үрдістің
мақсаты, бағыты, сипаты, Қазақстан Республикасының тәуелсіз егеменді
мемлекет болуына ұлттық білім беру ісінің әлемдік білім жүйесіне кірігуіне
тығыз байланысты [17].
Білім туралы заңда қабылданған білім беру жүйесінің жаңа моделі
ЮНЕСКО ұсынған халық аралық білім жүйесіне сәйкестендірілген. Осы Заңның
8 – бабында Білім беру жүйесінің басым міндеті ретінде оқытудың жаңа
технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халық аралық,
ғаламдық, коммуникациялық желілеріне шығу деп аталып отыр [2].
Әлемдік білім беру кеңістігіне ену педагогика теориясымен оқу – тәрбие
үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты: білім берудің парадигмасы
өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас басқаша қарым –
қатынас, өзгеше менталитет пайда болуда. Педагогикалық технологияның
кеңінен қолданылуына және ғылымның роліне мән беруде оқыту технологиясын
жетілдірудің психологиялық – педагогикалы бағыттағы негізгі ой тұжырымдары
былайша сипатталады:
- есте сақтауға негізделген оқып білім алудан, бұрынғы меңгергендерді
пайдалана отырып ақыл ойды дамытатын оқуға көшу;
- білімнің статистикалық үлгісінен ақыл – ойы әрекетінің
динамикалық құрылым жүйесіне көшу;
- оқушыларға білім беретін бағдарламадан жекелеп, саралап оқыту
бағдарламасына өту;
Бұл бағытта білім берудің әр – түрлі нұсқаудағы мазмұнын, құрылымы
ғылымға және тәжірибеге негізделген жаңа идеялар, жаңа технологиялар бар.
Сондықтан әр – түрлі оқыту технологияларын оқу мазмұны мен оқушылардың
жас және психологиялық ерекшеліктеріне орай таңдап, тәжірибеде сынып
қараудың маңызы зор. Қазіргі білім беру саласында оқытудың озық
технологияларын меңгермейінше сауатты, жан – жақты маман болуы мүмкін емес.
Жаңа технологияның меңгеру мұғалімнің интеллектуалды, кәсіптік
адамгершілік, рухани азаматтық және де басқа көптеген адами келбетін
қалыптасуына әсерін тигізеді, өзін - өзі дамытып, оқу тәрбие үлгісін
тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.
Педагогикалық технологияларды мәнділігіне, қолданылуына,
ұйымдастырылуына қарай бірнеше топтарға бөледі.
Қолдану деңгейіне қарай (жалпы педагогикалық, пәндік, жеке әдістемелік,
модульдық) психикалық дамудың жетекші факторына қарай (биогендік,
социогендік, идеалистік қабылдау консепциясы бойынша (ассоциятивтік –
рефлекторлық, дамытушы т.б.) Қазіргі кездегі әдебиеттерде 50 - ден астам
педагогикалық технология қолданып жүр. Сол технологияның ішінде
бастауыш мектепті оқыту үдерісінде пәнаралық байланысты жүзеге асырудың
қандай педагогикалық негіздері бар деген сауалға тоқталсақ. Оқушыны
қоршаған орта, ақпарат әлеміне, өзіне, өзінің іс -әрекетіне өзінің дербес
интеллектуалдық оқытуда айырмашылығы – теориялық білімнің өте аздығы, оның
есесіне өзіне тән сабақ құрылымы жасалған әр кезеңге сай әдіс тәсілдер,
стратегиялар, яғни оқыту үшін мұғалімге инстурменттер берілген. Мұнда да
мұғалімнің шеберлігі инстурментті өз орнына ұтымды қолдана білуі де аса
қажет. Пәнаралық байланыс ұғымы мынадай бөліктерден тұрады байланыс құрамы,
байланыс амалы, байланыстың бағыттылығы.
1. Байланыс құрамы. Оған байланыстардың маңызды объектілерін
жатқызамыз (оқу пәндері арасындағы құрамы мен тақырыбы)
2. Байланыс амалы. Бұны яғни, бір пәннен екінші пәнге хабар беру амалы
деп түсінеміз
3. Байланыстың бағыттылығы. Бұнда мағлұматты бір пәннен екінші пәнге
беріп отыру бағыты [10].
Мұғалімге қойылатын талаптардың орындалуы, сабақтың дұрыс жолға
қойылып, нәтижелі болуына мүмкіндік береді. Осыған орай мұғалімге
қойылатын талаптарда пәнаралық байланысты дұрыс ұйымдастыру мәселесі
көрсетілген.
Кез-келген пән бойынша әрбір сабақтың өткен және алдағымен
байланысы. Кез-келген сабақ басқалардан оқшауланып қарастырылмауы керек, ол
сабақтың жалпы жүйесіндегі белгілі бір буын болып табылады. Мұғалім белгілі
бір пән бойынша сабаққа дайындалғанда өткен сабақты жақсы елестете білуі
керек. Әрбір мұғалім өз мүмкіндігіне қарай сабақтың материалын өткен
материалмен байланыстыруға тырысады.
Шығыс даналығы былай дейді: Маған айтсаң ұмытып қаламын, көрсетсең
есімде қалар. Істеуін көрсетіп берші, үйреніп аламын яғни бұл баланың
ынтасын жетелеу арқылы оқыту, үйрету қажет деген сөз. Балалардың өз бетімен
әрекет істеуге құштарлығы, өзім - өзім істеймін - деген кездерінде
байқалады. Ол кездегі олардың өз беттерімен тырмысып, өзіне - өзі істеуі
жайдан күрделіге өтуге құлшыныс сатылар бәрімізге таныс. Бірақ танымдық
әрекеттерге ұмтылыстары өзіндік істерге ықыластары кейін кеми беретіне
практикада байқалады. Физиологтар мен психологтардың өз түсініктері бар
әрине: бірақ мәселенің біржағы біздің ойымызша мұғалімде. Сабақта көп
жағдайда бала білімді қабылдап алушы, көп объектінің бірі деп есептеліп,
олардың ерекшеліктері жеке ашыла бермейді. Сондықтан баланың субъективтік
белгілері азайып, өзін объект сезінетін орта қалыптасады. Ал біз негізге
алған пәнаралық байланыс оқушыны дамыта ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz