Физика пәнінен 8,9,11 сыныптарға арналған зертханалық жұмыстар топтамалары


7 КЛАСС.
№1 жұмыс. Өлшеуіш цилиндр (мензурка) бөліктерінің құнын анықтау. Дененің көлемін өлшеу.
Жұмыстың мақсаты: Өлшеуіш цилиндрді мысалға ала отырып, аспаптар шкалалары бөліктерінің құнын анықтау; оларды қолдануды үйрену және өлшеуіш цилиндрді пайдаланып, дененлердің көлемін өлшеу.
Құрал - жабдықтар: Өлшеуіш цилиндр (мензурка), су құйылған тос-таған, жіңішке жіп, әр түрлі ыдыстар мен денелер (гайка, өшіргіш, т. б. )
1 - тапсырма: Өлшеуіш цилиндр бөліктерінің құнын анықтау.
Жұмыстың барысы:
- Өлшеуіш цилиндрді мұқият көріп шығыңдар, оның шкаласына зер салыңдар. Қолдарыңдағы өлшеуіш цилиндрдің шкаласындағы жазуға қарап, ол арқылы көлемді қандай бірліктермен анықтауға болатынын дәптерлеріңе жазып алыңдар.
- Оқулықтағы 10-параграфты қайталап, қолдарыңдағы өлшеуіш цилиндрдің бөлік құнын анықтаңдар.
- Сұйық көлемін см3өлшем бірлікпен аламыз.
- Өлшеуіш цилиндрдің бір бөлік құны 1 см3. Аспап қателігі бөлік құнының жартысына тең, яғни 0, 5 см3.
- Қолдарыңдағы өлшеуіш цилиндрді пайдаланып, жүргізілген өлшеулердің қателігін анықтаңдар. Ол үшін цилиндрге су құйып, құйылған судың көлемін өлшеу қателігін ескере отырып анықтаңдар.
- Анықталған шамаларды дәптерге жазып алыңдар.
- Өлшеуіш цилиндрдің сипаттамаларын және өлшеген сұйық көлемін мына кестеге жазыңдар:
Ескерту: Сұйықтық көлемін есептегенде көздің шкаланы көру деңгейіне көңіл аударыңдар. Көзді су бетінің жазықтығымен дәл келетін горизонталь деңгейде бағыттау керек.
2- тапсырма. Әр түрлі пішіндегі қатты денелердің көлемін анықтау.
Жұмыстың барысы:
- Өлшеуіш цилиндрге қатты дене толық болатындай етіп су құйып, денені сұйыққа толық батырыңдар. Сонда мензуркадағы судың соңғы және алғашқы деңгейлерінің айырмасы қатты дененің көлеміне тең болады.
- Пішіні мен көлемі әр түрлі 2 - 3 қатты денені таңдап алып, оны жіңішке жіппенбайлап, суы бар өлшеуіш цилиндрге салыңдар да,
көлемін анықтаңдар. Өлшеу нәтижелерін кестеге жазыңдар.
Сұйықтың бас-тапқы көлемі
( V1, см 3 )
Қатты дененің көлемі
( V = V1- V2) см 3
цилиндр
Тас
60
38
72
45
12
7
3. Өлшеуіш цилиндрге сыймайтын дененің көлемін шүмегі бар ыдыстың көмегімен анықтауға болады. Өлшеу алдында ыдысқа шүмектің жоғары деңгейіне жеткенше су құйылады. Денені
ыдыстағы суға батырғанда оның көлеміне тең су асып
төгіледі. төгілген судың көлемін мензуркамен өлшеп,
батырылған ірі дененің көлемін анықтайды.
Егер зертханада шүмегі бар ыдыс жоқ болса, онда бірінің ішіне бірі сиятын кез келген ыдысты пайдалануға болады. Бұл жағдайда ішкі ыдысқа суды кемеріне дейін толтырып құю керек. Денені суға батырғанда оның көлеміндей су сыртқы ыдысқа құйылады. Құйылған судың көлемін мензуркамен өлшейді.
Қорытынды. Оқушылар аспаптың бөлік құнын таба білуге, аспап қателігі, әр түрлі пішіндегі дененің көлемін анықтау туралы білімі толығады.
№2 жұмыс. Кішкентай денелердің өлшемдерін анықтау.
Жұмыстың мақсаты: Қатарлау тәсілімен өлшеп үйрену.
Құрал-жабдықтар: Сызғыш, кішкентай денелердің жиынтығы (бытыра, подшипник шариктері, бұршақ, тары, сымның қиындылары. т. б. ), астауша, бұранда, бұранда шеге, бұранғыш(гайка) .
1 - тапсырма. Шариктің диаметрін өлшеу.
Жұмыстың барысы:
1. Астаушаға шариктердің бірнешеуін салыңдар да, оның екі жағындағы жылжымалы тиекті қозғай отырып, оларды бір - біріне түйістіріңдер. Сызғышпен екі тиектің L арақашықтығын өлшеп алыңдар.
Оны астаушадағы шариктердің N санына бөліп, бір шариктің диаметрін анықтаңдар: d =
2. Ұсақ денелердің өлшемдерін анықтайтын мұндай тәсіл қатарлау тәсілі деп аталады. Қатарлау тәсілімен жоғарыда аталған басқа да материалдардың өлшемдерін (диаметрлерін) анықтауға болады.
3. Өлшеу мен есептеу нәтижелерін мына кестеге жазыңдар.
Диаметр
(d, мм )
Диаметрді өлшеу қателігі
( h d , мм )
Шарик
Бұршақ
10
25
18
15
1, 8
0, 6
Өлшеу қателігі 0, 1:2=0. 05мм
2 - тапсырма. Бұранда қадамын өлшеу.
Жұмыстың барысы:
- Бұранда қадамы деп қатар жатқан орам оймасының ара қашықтығын айтады. Бұранда қадамы өте аз шама болуы да мүмкін. Сондықтан оны анықтау үшін де қатарлау тәсілі қолданылады.
- Бұранданың немесе бұрандашегенің орам оймалары орналасқан бөлігінің L ұзындығын сызғышпен өлшеп алыңдар. Одан кейін оймалардың N орам санын мұқият санап шығыңдар. Бұранда қадамы: d =LN\frac{\ \ L}{\ \ \ \ N}LN\frac{\ \ L}{\ \ \ \ N}өрнегімен анықталады.
- Бұранда қадамын анықтауда (әсіресе, оймасы ішкі жағында болатын бұранғыштар үшін) бұранда оймасының бедерін қағаз бетіне түсіріп алып өлшеу ұтымды болады. Ол үшін бұранда оймасы орналасқан бетті сия немесе жұмсақ графитпен ( қарындашпен) бояп алу керек.
- Өлшеулер мен есептеулер нәтижелерін мына кестеге толтырыңдар.
Зерттелетін
дене
Ойма ұзындығы
( L, мм)
Орам саны
N
Бұранда қадамы
( d, мм)
Бұранда қадамын өлшеу қателігі
(h d , мм)
Бұранда
Бұранғыш
Бұранда шеге
3
2
3, 2
6
5
7
0, 5
0, 4
0, 46
0, 45
0, 35
0, 41
Қорытынды . Кішкентай денелердің өлшемін анықтап, нәтижесін өлшеу қателігімен жазуға үйрену.
№ 3 жұмыс. Қатты дененің массасы мен тығыздығын анықтау.
1 - тапсырма. Дененің массасын таразыға тартып өлшеу.
Құрал - жабдықтар: Таразы, ұсақ кірлер, параллелепипед тәрізді біл-еуше және массасы әр түрлі кішігірім бірнеше дене.
Жұмыстың барысы:
Дененің массасын анықтау тәсілдерінің бірі - таразы көмегімен өлшеу. Осындай таразылармен өлшеу кезінде оның бір табақшасына (сол жақтағы) массасы белгісіз дене, ал екіншісіне (оң жақтағы) таразыны теңгеретін кірлер салынады. Дененің массасы таразыны теңгеретін кірлердің массасына тең. Ол үшін:
- Таразыны өлшеуге дайындаңдар. Таразының дұрыс теңгеріліп тұрғандығына көз жеткезіңдер;
- Таразыны бұзып алмау үшін өлшенетін денені және кірлерді таразы табақшаларына жайлап қою керек.
- Денені кірлермен теңгеріп болғаннан соң, таразы табақшасындағы кірлердің жалпы массасын есептеңдер.
Өлшеу нәтижелерін төмендегі кестеге жазыңдар.
1.
2.
3.
Шарик
Білеуше
Цилиндр
61, 5
10, 5
97
61, 5*10 -3
10, 5*10 -3
97*10 -3
Қорытынды: Таразыны өлшеуге даярлау, дене мен гірлерді табақшаға қою, денені кірлермен теңгеруге дағдылану, массасын жазуға үйрену.
2 - тапсырма. Дененің тығыздығын анықтау.
Құрал - жабдықтар: тығыздығы анықталатын денелер, мензурка, сызғыш, жіп.
Жұмыстың барысы:
- Алдыңғы берілген тапсырмадағы массасы анықталған денелерді алыңдар. Параллелепипедтің көлемін анықтау үшін сызғышпен оның қабырғаларын өлшеңдер, содан соң оның көлемін (V=abc) есептеңдер.
- Пішіні күрделі болып келген басқа денелердің көлемін мензурка көмегімен анықтаңдар немесе № 1 зертханалық жұмыста көлемі анықталған денелерді пайдаланыңдар.
Дене тығыздығын формуласымен есептеп, оны г / см 3 және кг / м 3 - пен өрнектеңдер. Өлшеу мен есептеу нәтижелерін төмендегі кестеге жазыңдар.
Тығыздығы
p =
1.
2.
Шарик
Цилиндр
61, 5
97
9
12
6, 8
8, 1
6800
8100
Қорытынды. Дене тығыздығын анықтау үшін таразы мен мензурканы қолдана білу. Тығыздық формуласы арқылы нәтижені тауып, өлшем бірлігін жаза білу.
№ 4 жұмыс. Серпімді деформацияны зерделеу.
1-тапсырма. Серпімді элементі серіппе болып табылатын мектеп динамометрін градуирлеу.
Құрал - жабдықтар: динамометр, бір
тілім қағаз, әрқайсысының массасы 102г
болатын жүктер жиыны, қысқышы, сақинасы
және жалғастырғышы (муфтасы) бар штатив.
Жұмыстың барысы:
- Динамометр шкаласын ақ қағазбен бүркеңдер. Қағаздың екі жағы резеңке сақиналардың көмегімен динамометрге бекітіледі.
- Динамометрге массалары102г, 204г, 306г және т. б. жүктерді іле отырып, 1Н, 2Н, 3Н, т. с. с. күштерге сәйкес келетін көрсеткіш орнын белгілеңдер.
- Көршілес сызықшалардың арасын өлшеңдер. Олар өзара тең бе? Неліктен осы шкалада нъютонның оннан бір үлестерін белгілеңдер. Көршілес сызықшалар арасын өлшеп олар тең екенін білу. Себебі ілінген жүктің массалары бірдей.
- Өздерің жасаған шкаланы заводта градуирленген динамометрдің шкаласымен салыстырыңдар.
- Өлшеу дәлдігін бағалаңдар. Сызғыштың бөлік құны-0, 1мм. Аспап қателігі-0, 05.
Қорытынды. Динамометрге жүктер ілу арқылы серіппенің созылуын белгілеп, ақ қағазға шкала салады. Жасалған динамометр арқылы жүктерді өлшейді. Градуирлеу тәсілін меңгереді.
2 - тапсырма: Серпімді дене мен оған әрекет ететін ауырлық күші мен оның арасындағы байланысты анықтау.
Құрал - жабдықтар: Қысқышы, сақинасы және жалғас-
тырғышы бар штатив. Ұзындықтары 15 - 20 см болатын
бірдей екі резеңке жіп, ұзындығы 35 - 40 см болатын
бір тілім ақ қатырма қағаз (картон), жүктер жиынтығы,
сымнан жасалған ілгек, сызғыш, мектеп динамометрі.
Жұмыстың барысы:
- Резеңке жіптердің бір ұшын ілмектеп байлаңдар, екінші жағын қағазбен бірге штатив қысқышына бекітіңдер. Резеңкелердің ұштары бір деңгейде болуынакөңіл аударыңдар. Ол деңгейді қатырма қағазда белгілеп қойыңдар.
- Ілгектің көмегімен массалары m1= m, m2=2m, m3=3 m жүктерді кезекпен бір жіпке іліңдер.
- Резеңкенің созылған кездегі орнын белгілеңдер.
- Денені ілгектің көмегімен екі жіпке қатар іле отырып, тәжірибені қайталаңдар.
- Ауырлық күші мен серпімді деформацияның арасындағы байланысты анықтаңдар. Өлшеу нәтижелерін кестеге жазыңдар. Эксперимент дәлдігі ауқымында Гук заңы орындала ма? Тексеріңдер.
1.
2.
3.
4.
5.
6.
біреу
біреу
біреу
екеу
екеу
екеу
100
200
300
100
200
300
1
2
3
1
2
3
50
100
150
20
30
40
0, 05
0, 1
0, 15
0, 02
0, 03
0, 04
Қорытынды: Ауырлық күші артқан сайын жіптің ұзаруы артады. Денені екі жіпке қатар ілгенде жіптің ұзаруы азаяды. Себебі резеңкенің қатаңдығы артады.
№ 5 жұмыс. Архимед заңын тексеру.
1 - тапсырма. Су ішіндегі массасы 100г денеге әрекет ететін ығыс-тырушы күшті анықтау.
Құрал - жабдықтар: суы бар ыдыс, массасы әр түрлі жүктер, динамо-метр, мензурка, жіп.
Жұмыстың барысы:
- Мензурка көмегімен жүктің Vgкөлемін анықтаңдар
- Дененің өлшенген Vgкөлемі мен су тығыздығы бойынша дене ығыстыратын су салмағын табыңдар.
- Денені жіпке байлап, динамометр ілгегіне іліңдер және оған әрекет ететін ауырлық күшінің (дененің ауадығы салмағының) мәнін табыңдар.
- Динамометр ілгегіне ілінген жүкті түгелімен суға батырып, оның су ішіндегі салмағын анықтаңдар және ығыстырушы күштің мәнін есептеңдер.
- Ығыстырушы күш ығыстырылған су салмағына тең бе? (тең)
- Тәжірибені басқа денемен жасаңдар.
- Тәжірибе нәтижелерін кестеге жазыңдар.
Дене ығыстырған сұйық салмағы
P 0, H
P 0 =mg=ρ cV g=9*10 -3 ; P=0. 6H; P 2 =0. 5H; F A =g ρV=P 0
Қорытынды: Дене ығыстырған сұйықтың салмағы мен ығыстырушы күш тең болатынына көз жеткізу.
- Бұл тәжірибеде Архимед заңы қандай дәлдікпен орындалатынын бағалаңдар.
2 - тапсырма. Сұйыққа батырылған денеге әрекет ететін F ы ығыс-тырушы күштің дене көлеміне байланысты екенін тексеру.
Құрал-жабдықтар: Мектеп таразысы (табақшаларсыз), әрқайсысының массасы 100г болатын көлемдері әр түрлі екі дене, суы бар екі ыдыс.
Жұмыстың барысы:
- Жүктерді таразы иіндеріне бекітіп, таразыны тепе - теңдік қалпына келтіріңдер.
- Егер екі денені де суы бар ыдыстардың ішіне батырсақ, таразының теп - теңдігі бұзыла ма? Сұраққа жауап беріңдер.
Қорытынды. Тепе-теңдігі бұзылады. Себебі, денелердің көлемдері әртүрлі. Көлемі үлкен денеге әсерететін Архимед күші көп. Таразы табақшасы көтеріледі.
3 - тапсырма. F ы ығыстырушы күштің P с сұйық тығыздығына байланысты екенін тексеру.
Құрал - жабдықтар: Мектеп таразысы (табақшаларсыз), массалары мен көлемдері бірдей екі жүк, суы бар және судан басқа кез келген сұйық құйылған ыдыстар.
Жұмыстың барысы:
- Жүктерді таразы иіндеріне бекітіп, таразыны тепе - теңдік қалпына келтіріңдер.
- Егер бір жүкті суы бар ыдысқа, екіншісін басқа сұйық құйылған ыдысқа батырсақ, таразының тепе - теңдігі бұзыла ма? Сұраққа жауап беріңдер.
- Тәжірибеде жауаптарыңды тексеріңдер.
Қорытынды: Таразының тепе-теңдігі бұзылады. Қай сұйықтың тығыздығы көп, ығыстырушы күші көп болады.
№6 жұмыс. Дененің сұйықта жүзу шарттарын анықтау.
Тапсырма. Денелерді суға батырған кезде олардың суда жүзетінін, батып кететінін немесе қалқып шығатынын анықтау.
Құрал-жабдықтар: Динамометр, суы бар ыдыс, мензурка, ішіне салынған құмдарының массалары әр түрлі бірдей үш пробирка немесе құты тығыздығы белгілі сұйығы бар ыдыс (тұз қосылған су) .
Жұмыстың барысы:
- Динамометр көмегімен денеге әрекет ететінFаауырлық күшін өлшеңдер.
- Мензурканы пайдаланып, дененің Vgкөлемін анықтаңдар.
- Денені сұйыққа батырған кезде оған әрекет ететін ығыстырушы күшті есептеңдерFы= PсgVg.
- Fаауырлық күші мен Fыығыстырушы күшті салыстыру арқылы тапсырмада қойылған сұраққа жауап беріңдер.
- Денені берілген сұйыққа батырып, жауаптарыңды тәжірибе жүзінде тексеріңдер.
- Кестені толтырыңдар.
1
2
3
Су
Тұзды су
Тұзды су
1, 5
1
0, 95
13*10 -6
9*10 -5
1, 2*10 -4
1, 5
0, 93
1, 3
F A =F ы
F A F ы
F A F ы
Жүзеді
Батады
Қалқиды.
Қорытынды: Архимед күші мен ауырлық күші арасындағы байланысты тексере отырып, денелердің жүзу шарты орындалуына көз жеткізу.
№ 7 жұмыс. Денені бірқалыпты көтеру кезіндегі жұмысты анықтау. Көлбеу жазықтықтың ПӘК - ін анықтау.
Жұмыстың мақсаты:
Денені Һ биіктікке бірқалыпты тік жоғары көтергенде істелетін пайдалы жұмыстың сол денені осы биіктікке көлбеу жазықтық бойымен көтергенде істелетін толық жұмыстан кем болатынын көрсету.
Құрал - жабдықтар: тақтай, динамо-
метр, өлшеуіш таспа немесе сызғыш,
ағаш білеуше, жылжымалы қысқашы
бар штатив.
1 - тапсырма: Денені Һ биіктігіне бір-
қалыпты тік жоғары көтергенде істелетін жұмысты анықтау.
Жұмыстың барысы: Денені Һ биіктікке бірқалыпты тік жоғары көтеру үшін F 1 күші А 1 жұмысын істейді. А 1 = F 1 Һ.
Денені бірқалыпты тік жоғары көтеретін F күші дененің Р ауырлық күшіне тең : F 1 = Р.
Оны динамометрмен тікелей өлшеу керек:
1) білеуді көтеретін Һ биіктігін таңдап алыңдар;
2) білеудің ауырлық күшін динамометрмен өлшеңдер;
3) білеуді Һ биіктігіне бірқалыпты тік жоғары көтергенде істелетін жұмысты есептеп шығарыңдар.
Жұмысты орындау: 1. Білеуді көтеретін биіктікH=40 см=0. 4 м
Ауырлық күші F=0, 7 Н. Көтергенде істелетін жұмыс А 1 = F 1 Һ. =0, 7Н*0, 4 м=0, 28Дж
2 - тапсырма. Денені көлбеу жазықтың бойымен Һ биіктігіне бірқалыпты көтергенде істелетін жұмысты анықтау.
Жұмыстың барысы:
Денені жоғарыдағы таңдап алынған
Һ биіктігіне тік көтерудің орнына, F
2
күшін түсіріп ұзындығы L көлбеу жазықтықты пайдаланып көтеруге де болады. Алайда, көлбеу жазықтықты пайдаланғанымызда, механиканың алтын ережесі бойынша күштен ұтқанымызбен (F
1
< F
2
), оның есесіне жолдан ұтыламыз (L>Һ) . Көлбеу жазықтықты пайдаланғанда істелген А
2
жұмыс мынаған тең: А
2
= F
2
L
«Алтын ережеге» сәйкес үйкеліс есепке алынбаған жағдайда А 1 және А 2 жұмыстары бір - біріне тең: А 1 = А 2 немесе F 1 Һ= F 2 L
Практикада үйкелісті болдырмау мүмкін емес, сондықтан толық жұмыс А 2 пайдалы А 1 жұмыстан іс жүзінде үлкен: А 2 >А 1
- Тақтайды көлбеу орналастырыңдар (Һ биіктік пен көтерілетін білеу өзгеріссіз қалуы керек) ;
- Көлбеу жазықтықтың L ұзындығын өлшеңдер;
- Білеуге динамометрді іліп, оны көлбеу жазықтықтың бойымен жоғары қарай бірқалыпты қозғалтып тартыңдарда, F2тарту күшін өлшеңдер;
- Білеуді көлбеу жазықтықтың бойымен бірқалыпты көтергенде істелетін А2жұмысты есептеңдер.
Жұмысты орындау: 1. Биіктік Һ=40 см=0. 4 м
2. Көлбеу жазықтықтың ұзындығы L=65 см =0, 65 м
3. F 2 тарту күші F 2 =1, 2Н
4. Білеуді көлбеу жазықтықпен көтергенде істелетін жұмыс
А 2 = F 2 L =1, 2Н*0, 65м=0, 78 ДЖ
3 - тапсырма. Көлбеу жазықтықтың пайдалы әсер коэффициентін (ПӘК-ін) табу.
Жұмыстың барысы: Көлбеу жазықтықты пайдаланып, білеуді көтергендегі көлбеу жазықтықтың ПӘК-ін пайдалы А 1 жұмысты толық А 2 жұмысқа бөлгенге тең: ŋ= немесе (%) есептесек: : ŋ= *100 %
ПӘК -ті табу үшін : 1) Көлбеу жазықтықтың ПӘК -ін есептеңдер;
2) Механиканың «Алтын ережесін» пайдаланып (§76) үйкеліс есепке алынбаған жағдайда көлбеу жазықтық күштен қандай ұтыс беретінін есептеңдер. Есептелге F 2 мәнімен динамометр арқылы өлшенген F 2 мәнін салыстырыңдар;
3) Көлбеу жазықтықтың Һ биіктігін өзгертіңдер де істелген жұмыстарды және көлбеу жазықтықтың ПӘК -ін анықтаңдар;
Зертханалық жұмыстың барлық тапсырмалары бойынша алынған нәтижелерді мына кестеге түсіріңдер;
1. Көлбеу жазықтықтың ПӘК- = *100%=36%
2. Көлбеу жазықтықтың формуласы - = F 2 = F 1 Һ/ L=0, 4Н
F 2 - динамометрмен өлшенген мәні 1, 2 Н, есептелген мәні -0, 4 Н себебі үйкеліс күші бар
3. Көлбеу жазықтық биіктігін өзгертеміз Һ=60 см=0, 6 м
А п = F 1 Һ=0, 42 Дж А Т = F 2 L=0, 97 Дж; = *100%=43%
Көлбеу жазықтық бойымен тарту күші
F 2 (Н)
Ауыр-
лық
күш F1(Н)
Білеуді көлбеу жазықтық бойымен қозғалтып көтергенде істелетін толық жұмыс
А 2 =F 2 (Дж)
Көлбеу жазықтық
биіктігі,
Һ (м)
Көлбеу жазық-
тық
ұзын-дығы,
L (м)
Білеуді тік жоғары көтергенде істелетін пайдалы жұмыс,
А 1 =F 1 Һ (Дж)
Қорытынды: Көлбеу жазықтық арқылы денені Һ биіктікке көтергенде пайдалы жұмыс Ап толық жұмыстанА Т аз болады. Көлбеу жазықтық биіктігі артқан сайын пайдалы әсер коэффициенті артады.
№8 жұмыс. Иіндіктің теп - теңдік шарттарын анықтау.
Жұмыстың максаты:
күш моменттері ережесінің дұрыстығын иінтіректі пайдаланып, эксперимент жүзінде тексеру.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz