Физика сабағында оқушылардың білім, білік және дағдысын тексерудің жолдары



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1. Оқушылардың білім, білік, дағдысын бақылаудың теориялық негізі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
5
1.1 Оқыту үдерісінде білімді бақылаудың маңызы ... ... ... ... ... ... ... . 5
1.2 Білім, білік, дағдыны анықтаудағы педагогикалық бақылаудың түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
10
1.3 Білім мен дағдыны бақылау мен бағалаудың маңызы мен міндеттері, талаптары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
13
1.4 Білімді бақылау және бағалаудың түрлері мен формалары ... ... 18
1.5 Қазіргі кезде оқыту жүйесіндегі білімді тексеру, бақылау және бағалаудың жаңа технологиялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
22
2 Тестілеу арқылы оқушылардың білім, білік, дағдысын бақылау.. 28
2.1 Бақылаудың бір түрі.тест және оны өткізудің әдістері ... ... ... ... 28
2.2 Физикадан оқушылардың алатын білімдерін, біліктерін, дағдыларын тексеру және ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
34
2.3 Quizizz қосымшасын физика сабағында қолданудың мүмкіндіктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
44
2.4 Физика сабағында интернет қосымшаларды қолданудың бүгінгі күй.жайы және көрсеткіштері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
50
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 58
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 60
Жұмыстың өзектілігі. Бүкіл адамзат қоғамның, XXI ғасырдың алғы шебіне, яғни ғылыми-техникалық прогресс пен өркениетті даму дәуіріне бет бұру кезеңінде жаңа қоғамға лайықты сапалы білімді, жетілген жеке тұлғаны қапыптастыру бүгінгі мектеп алдында тұрған негізгі міндет болып отыр.
Оқушыны бұрынғыша пәндік білім, біліктерінің белгілі бір жиынтығымен қаруландыру емес, оқу әрекетін қалыптастыру негізінде жеке бас тұлғасын тәрбиелеу мәселесі қойылған. Белгілі бір көлемдегі білік дағдыларды меңгерумен қатар оларда шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту бүгінгі күннің басты талабы болып отыр.
Оқушылардың білім, білік, дағдыны тексеру, бақылаудың бір түрі тестілеу болып отыр. Қазіргі бақылау мен бағалаудың, яғни тест түрімен тексеру, барлық мектеп тәжірибесінде бар. Әлі де болса жүзеге толық түрде аса қойды деп айту да қиын. Осы тұрғыдан алғанда зерттеп отырған мәселеміздің өзектілігін байқауға болады.
Зерттеу объектісі: Орта мектептегі оқу үдерісі.
Зерттеу пәні: Тестілеу - оқушылардың білім, білік, дағдысын бақылаудың бір түрі.
Зерттеу мақсаты: Физика бойынша оқушыларының білім,білік, дағдыларын тестілеу арқылы анықтау, оны практикада жүзеге асырудың жолы ретінде Quizizz қосымшасын құрастыру айқындау.
Зерттеу міндеттері:
-оқушының іс әрекетін анықтау үшін жүргізілетін тестілер жөнінде ғылыми әдебиеттерге талдау жасау;
-мобильді құралдарға арналған оқу қосымшаларын құрастырудың ерекшеліктерін анықтау;
- Quizizz қосымшасын басқа қосымшалармен салыстыру
- физика сабағында қосымшаларды қолдану мүмкіндіктерін зерттеу
Зерттеу әдістері: тестілеу, сауалнама, талдау.
Болжамы: Егер физиканы оқыту үрдісінде Quizizz қосымшасын қолдансақ, онда орта мектептерде оқушылардың білім, білік дағдыларын онлайн режимінде жүзеге асыруға болады.
Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тарау, қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімнен тұрады.
1. Лернер И.Я., Зорина Л.Я., Батурина И.И. Качество знаний учащихся и пути его совершенствования.-М.: Просвещение, 1984-208 с.
2. Савин Н.В. Педагогика. Мектеп баспасы «Алматы», 1975.
3. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педогогика. Алматы 2004.
4. Ералиева М.Е. Мектептің сатысында оқушылардың білім сапасын мониторингілеудің ғылыми әдістемелік мәселелері. 16-19б. «Білім» №6 (24) 2006.
5. Бабаев С.Б. Оңалбек Ж.К. Жалпы педагогика. Алматы 2005.
6. Разумовский В.Г. и др. Контроль знаний учащихся по физике.-М.: Просвещение, 1982-208 с.
7. Досқалиев Қ. Білім бағалау негіздері. 58-60 б. «Қазақстан мектебі» 10/2004.
8. Р.Қарменов. Оқушылардың білімдерін бағалау жолдары 38-43. « мектеп» 4/2006
9. Ахметов Г. Мониторинг және бағалау. 38-43 б. «Қазақстан мектебі» 2/2005
10. Г.Н.Аширалиева. Оценка возможностей учащихся в средней школы. 31-34 с. « мектеп» 1/2005.
11. Ахметова Г. Рейтинг жүйесі арқылы құрылған мониторинг - әділ бағалау құралы. 83-92б. «Білім берудегі менеджмент» 3-2004.
12. Тоқбергенова У. Оқу жетістігін бағалау. «Қазақстан мектебі» 8/2005.
13. Байбекова М. Оқыту процесіндегі бағалау 19-22б. «Ұлағат», 1-1999.
14. Демеубаева Т. Тест тиімділігі. 39-40б. «Қазақстан мектебі» 2/2006.
15. Қайырбекова А., Қилыбаева С. Жаңа технологиямен оқытуда тестік жүйенің тиімділігі. 20-26 б. «Ұлағат» 1/2004.
16. Досқалиев Қ. Оқушылар білімін есепке алудың және бағалаудың жай жоспары. 39-41б. «Ұлағат» 5-2003.
17. Б.Е. Акитай. «Физиканы оқыту теориясы және әдістемелік негіздері». – Алматы: «Қазақ университеті», 2006 ж.
18. Физиканы оқыту методикасы 6-7. Тұп нұсқасының редакциясын басқарған В.П.Орехов пен А.В.Усова. Алматы: Мектеп 1978, 392 б.
19. Жүсіпқалиева Ғ.Қ., Джумашева А.А., Құбаева Б.С. Мектепте физика курсын оқытудың теориясы мен әдістемесі, Оқу құралы./ - Орал: М.Өтемісов атындағы БҚМУ редакциялық баспа орталығы, 2012. – 195 б.
20. https://yateacher.ru/kahoot.it/
21. https://quizizz.com

Пән: Физика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 60 бет
Таңдаулыға:   
Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты

Жаратылыстану-математика факультеті

Физика-математика және жалпы техникалық пәндер кафедрасы

Қорғауға жіберілді ____________201__ж.
___________________________Калаков Б.А.
(кафедра меңг.)

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Физика сабағында оқушылардың білім, білік және дағдысын тексерудің жолдары
5В011000-Физика

Орындаған: Дандыбаев С.Т.

Ғылыми жетекшісі: А.М. Нупирова,
ФМжЖТП кафедрасыныңаға аға оқытушысы

Қостанай, 2017
Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты

Жаратылыстану - математика факультеті

Физика-математика және жалпы техникалық пәндер кафедрасы

Дандыбаев Сагадат Тулегенович

Физика сабағында оқушылардың білім, білік және дағдысын тексерудің жолдары

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

5В011000-Физика

Қостанай 2017

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
4
1.
Оқушылардың білім, білік, дағдысын бақылаудың теориялық негізі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

5
1.1
Оқыту үдерісінде білімді бақылаудың маңызы ... ... ... ... ... ... ... .
5
1.2
Білім, білік, дағдыны анықтаудағы педагогикалық бақылаудың түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

10
1.3
Білім мен дағдыны бақылау мен бағалаудың маңызы мен міндеттері, талаптары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

13
1.4
Білімді бақылау және бағалаудың түрлері мен формалары ... ...
18
1.5
Қазіргі кезде оқыту жүйесіндегі білімді тексеру, бақылау және бағалаудың жаңа технологиялары ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ..

22
2
Тестілеу арқылы оқушылардың білім, білік, дағдысын бақылау..
28
2.1
Бақылаудың бір түрі-тест және оны өткізудің әдістері ... ... ... ...
28
2.2
Физикадан оқушылардың алатын білімдерін, біліктерін, дағдыларын тексеру және ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

34
2.3
Quizizz қосымшасын физика сабағында қолданудың мүмкіндіктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

44
2.4
Физика сабағында интернет қосымшаларды қолданудың бүгінгі күй-жайы және көрсеткіштері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

50
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
58
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
60
КІРІСПЕ

Жұмыстың өзектілігі. Бүкіл адамзат қоғамның, XXI ғасырдың алғы шебіне, яғни ғылыми-техникалық прогресс пен өркениетті даму дәуіріне бет бұру кезеңінде жаңа қоғамға лайықты сапалы білімді, жетілген жеке тұлғаны қапыптастыру бүгінгі мектеп алдында тұрған негізгі міндет болып отыр.
Оқушыны бұрынғыша пәндік білім, біліктерінің белгілі бір жиынтығымен қаруландыру емес, оқу әрекетін қалыптастыру негізінде жеке бас тұлғасын тәрбиелеу мәселесі қойылған. Белгілі бір көлемдегі білік дағдыларды меңгерумен қатар оларда шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту бүгінгі күннің басты талабы болып отыр.
Оқушылардың білім, білік, дағдыны тексеру, бақылаудың бір түрі тестілеу болып отыр. Қазіргі бақылау мен бағалаудың, яғни тест түрімен тексеру, барлық мектеп тәжірибесінде бар. Әлі де болса жүзеге толық түрде аса қойды деп айту да қиын. Осы тұрғыдан алғанда зерттеп отырған мәселеміздің өзектілігін байқауға болады.
Зерттеу объектісі: Орта мектептегі оқу үдерісі.
Зерттеу пәні: Тестілеу - оқушылардың білім, білік, дағдысын бақылаудың бір түрі.
Зерттеу мақсаты: Физика бойынша оқушыларының білім,білік, дағдыларын тестілеу арқылы анықтау, оны практикада жүзеге асырудың жолы ретінде Quizizz қосымшасын құрастыру айқындау.
Зерттеу міндеттері:
-оқушының іс әрекетін анықтау үшін жүргізілетін тестілер жөнінде ғылыми әдебиеттерге талдау жасау;
-мобильді құралдарға арналған оқу қосымшаларын құрастырудың ерекшеліктерін анықтау;
Quizizz қосымшасын басқа қосымшалармен салыстыру
физика сабағында қосымшаларды қолдану мүмкіндіктерін зерттеу
Зерттеу әдістері: тестілеу, сауалнама, талдау.
Болжамы: Егер физиканы оқыту үрдісінде Quizizz қосымшасын қолдансақ, онда орта мектептерде оқушылардың білім, білік дағдыларын онлайн режимінде жүзеге асыруға болады.
Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тарау, қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімнен тұрады.
1 Оқушылардың білім, білік, дағдысын бақылаудың теориялық негізі

1.1 Оқыту үдерісінде білімді бақылаудың маңызы

Оқыту үдерісінде оқушылардың білім, білік дағдыларын есепке алу, бақылау оның аса құрамдас бөлігі болып есептеледі. Мұғалімнің сабақтар жүйесінде оны дұрыс ұйымдастыра білуі көптеген жағдайларда оқу тәрбие процесінің табысты болуының оң кепілі. Ол үшін мұғалім оқушының оқу материалын меңгеру дәрежесін сапасы мен көлемін үнемі анықтап отыруы тиіс. Бұл бағытта оқушылардың сабақтар жүйесінде білім, білік, дағдыларын есепке алу, бақылау мен бағалаудың орны ерекше. Бақылаудың көмегімен теориялық білімді меңгерудегі, сапа, біліктілік пен дағдының қалыптасу дәрежесі анықталады. Осы тұрғыдан білім, білік, дағдыдыны есепке алу және бақылау мәселесіне теориялық және практикалық талдау жасаудың маңыздылығы ерекше.
Бақылаудың тақырыптық түсінігін ұйымдастырудың практикалық мәселелері П.Горбунов, У.С.Березняк, В.И.Иващенко, А.Қ.Исаков, Е.И.Теповский, С.Ф.Сухорский, Чергинский, ғылыми педагогикалық еңбектерінде талдаған. Бақылауды ұйымдастырудың жекеленген әдістемелік мәселелері жайында М.Р.Львов, Н.Н.Светловский, А.П.Пышкало, Т.Л.Доган теориялық талдау жасаған. Осылардың негізінде қаралып отырған педагогикалық мәселенің теориялық аспектісі жеткілікті дәрежеде зерттелген деп қорытынды шығаруға болады. Себебі есепке алу бақылау ұйымдастырудың мәні, олардың оқу-тәрбие үдерісіндегі қызметі, формалары мен тәсілдері анықталған.
Екіншіден, оқыту сапасын тексерудің 5 балдық жүйесі оқушылар білімдерінің нақтылы дайындық дәрежесін барлық жағдайда дұрыс көрсетпейді. Ондағы негізгі кемшілік оның жеткілікті түрде ішкі және сыртқы кері байланысты қамтамасыз ете алмауында, соның нәтижесінде оқыту үдерісінде сапасын арттыруда мұғалім әркезде бағалау жүйесін қолдана алмайды. Жоғарыда айтылған тұжырымдамаларға сүйене отырып, білім, білік пен дағды нәтижесін есепке алу, бақылау мен бағалаудың теориялық талдауы мен практикада қолдану тәжірибесі арасында әлі де болса қарама-қайшылықтың бар екендігін байқаймыз.
20-жылдары үй тапсырмасын беру білімді және емтиханды бағалауды оқыту үдерісі жүйесінде қарастырмайды. Соның нәтижесінде оқушының үлгерім сапасына мұғалімнің бақылау жасау түрлері кең көлемде тартылды. Ол бір жағдайда үлгерім нәтижесін бақылауда жауапкершіліксіздікке әкелсе, екінші жағдайда, оқу сапасының төмендеуіне кері әсерін тигізді.
30-жылдары білім, білік, дағды нәтижесін есепке алуды, бақылау (Е.В.Гурьянов) және тәрбиелік қызметіне көптеп көңіл аударыла бастады.
40-60 жылдары бұл мәселе төңірегінде отандық білім мен практика тәжірибесін жинақтау жұмыстары қолға алынды.
Онда білімді бақылау (Е.И.Перовоский) оқушыларды бақылау ретінде қарастырылды. Оқушыларды бақылау: әрі оқыту, әрі тәрбиелеуді көздесе, кейіннен оны дамыту қызметі ойластырылды. (Н.Т.Даири).
Осы мәселені дұрыс шешудегі оң қадам 70-жылдары Педагогика ғылым академиясының оқыту мазмұны мен әдістері ғылыми зерттеу институты қызметкерлерінің зерттеулері негізінде бастама алды. Мұнда оқу-тәрбие үдерісінің барлық буындарын басқару және тексерудің диагностикалық қызметі айқындалды.
80-жылдардан бастап оқыту нәтижесін есепке алу, бақылау мазмұны, амал тәсілдері мен қызметінің дидактикалық әдістемелік негіздерін талдап, жасау қолға алынды. Оның әділдігін, дәлдігін көтеруге бағытталған мәселелер, үлгерім нәтижелерін есепке алуды қатаң және тәртіпке келтіру жүйесіне арналған жұмыстар қолға алына бастады. [1]
Білім, Білік, Дағды деген ұғымдарды мағынасын анықтап алатын болсақ, педагогикалық әдебиеттерде бұл түсініктердің біркелкі анықтамаларын былай береді:
Білім шындықты танып білу процесінің нәтижесі, оның адам санасында елес, ұғым пікір, ой-тұжырымы, теория түрінде сәйкесті көрінісі. Шынайы білім - танудың нәтижесі, қоғамдық - тарихи практиканың тексерілген және логикамен көз жеткізілген. Білім арқылы жеке адам табиғаттың және қоғам құбылыстарының объективті жақтарын зерттейді, түсінеді, ұғады.
Білім - оқыту мазмұнының негізгі элементі. Ол заттар мен құбылыстарды табиғат пен қоғам дамуының заңдылықтарын танудың нәтижесі. Білім - фактілер, ережелер қортындылар, заңдылықтар, идеялар, теориялар түрінде кездесетін шындықтың түрлі салалары бойынша адамзат жинақтаған тәжірибе. Бұл адам санасында түсініктер ұғымдар түрінде бейнеленеді.
Білім жеке адамның қажеттігіне белсенділігіне, еңбексүйгіштігіне байланысты ынта жігеріне байланысты жүзеге асады. Білім деген ұмтылу, іс-әрекет, сезім қабылдауының бірлігі, теориялық ой-жүйе, оны тәжірибеде қолдану арқылы қалыптасып, іске асады. Білім теориялық, практикалық әрекетті ұштастыру арқылы қажетке жарату.
Білік іске асқан, қолданысын тапқан білім. Ал біліктіліктің психологтар анықтаған анықтамасы бойынша білік, ақыл-ой мен практикалық әдебиеттің саналы мақсатты меңгеруге бағытталған ерекше қызметі деп көрсетілген. Ю.Н.Бабанский қандайда болсын қызмет тәсілін саналы меңгеруді - білік деп атаған. Бұл анықтама мына жүйеге негізделеді. Оқу қызметі белгілі бір әрекеттің жиынтығы арқылы іске асу әдісін меңгеру - білік.
Дағды - оқушылардың белгілі бір міндеттер мен жағдайларға сәйкес меңгерген білім негізінде орындалатын әрекеттер кешені.
Сондай-ақ дағды бірнеше рет қайталанған жаттығулар негізінде қалыптасады. А.В.Петровскийдің еңбектерінде дағды біліктен бұрын қалыптасады деген пікір айтылады. Оқушының күрделі іс-әрекетті әр түрлі жағдайда орындау үшін бойындағы бар білім мен дағдысын саналы түрде пайдалануын білік деп анықтайды.
Қандай болсын білікті, дағдыны оқушы іс-әрекет үстінде, басқа адамдармен қарым-қатынас жасау барысында меңгереді. Білік, дағды еліктеуден өз бетімен атқаратын іс-әрекетке ұласады. [2]
Қазіргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуда. Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға оқушының білім, білігін, дағдысын білім алу арқылы дамуын қойып отыр. Оқушылардың білім, білік, дағдыларын меңгеруін жетілдіру, ой-өрісін тұрақты кеңейту қабілетін дамыту, даралап, саралап оқыту сияқты қағидаларды жетекші орынға шығарады.
Ендеше қазіргі кезеңде оқушыға тек жаңа білім жүйесін берумен шектелмей, оның оқуды және оған керек біліктілікті үнемі қажетсініп отыруын тәрбиелеу керек.
Мұғалімнің ең алғашқы міндеті - оқушылардың білім, білік, дағдыларын есепке ала отырып, оларды өз бетімен жұмыс істеуге үйрету.
Сөйтсе де, әлі де болса оқушылардың білім, білік, дағдыларын есепке ала отырып, оларды күнделікті бақылау-бағалау бес балдық жүйеден аса алмай отыр. Қазіргі таңда, бақылау мен бағалаудың жаңа түрлері мен әдіс-жолдары жолға қойылып отыр. Адам әрекеттерінің барлығы бір мақсатқа, бір мүддеге сапалы түрде бағытталып отырады. Еңбекте болсын, оқуда болсын, адам алдында бір мақсат қойып, содан бір нәтиже шығаруға тырысады.
Дағдылану еңбектің түрлі салаларында өте үлкен орын алады. Ал өзінің істейтін еңбегіне орай, адам тиісті дағдыларды меңгермесе, өзінің істейтін жұмысының тетігіне жете алмайды, жұмысын дұрыс ұйымдастырып, еңбек өнімін арттыра алмайды, әр уақытта күнделікті істейтін жұмысына шамадан тыс көп жігер, көп күш жұмсайтын болады. Егер мұғалім мен шахтерді салыстырса, екеуінің де өздерінің мамандығына лайықты көп үйреншікті дағдыланулардың бар екенін байқауға болады. Егер мұғалімді шахтаға түсірсе, мұғалім жұмыстың тетігін білмегендіктен, шахтёр күніне 150 тонна көмір шығаратын болса, мұғалімнің күніне бір тонна көмір табуы қиын болар еді. Дағдыланудың педагогикалық үдерісте алатын орны ерекше. Егер оқушы оқу үдерісінде оқуға, жазуға, есеп шығаруға, тағы басқаларға машықтана алмаса, олар жақсылап оқи да, ғылым негізін меңгере де алмас еді.
Дағдылану - соқыр сезімдермен және басқа нәсіл арқылы пайда болған биологиялық әрекетпен салыстырғанда адамның жеке басының тіршілігінде пайда болатын қылықтар.
Дағдылану - үйренумен, жаттығумен, бір әрекетті бірнеше рет пайдаланумен дәл қазіргі әрекетті басынан өткізген адамның бұрынғы тәжірибесіндегі әдеттермен байланысып, жүзеге асады.
Дағдылану зейіні, ерік-жігері, күші жұмсалмаса да өздігінен автоматизм арқылы жүзеге асып отырады. Бірақ барлық дағдылану автоматизм тәрізді деуге болмайды. Кейбір өте күрделі дағдыланулар, мәселен, ақыл-оймен байланысты, автоматизм түрде әрекет етпеуі де мүмкін.
Дағдылану бір қалыпта өзгермей тұратын әрекет емес. Егер адам өзінің әрекетінде, жүріс-тұрысында, ақыл-ойында жаттығу, қайталау арқылы атқаратын болса - сол әрекетін басқа әрекеттерге де көшіре алады. Мысалы, адам әр уақытта оң қолымен жазып, сол қолымен еш уақытта жазбаған болса, ол сол қолымен де жаза алады. Дағдылану өте күрделі үдеріс. Оған бірнеше жекелеген мысалдар келтіруге болады. Мысалы, мылтықты жақсы ататын құрал ету үшін, әуелі оның бірнеше жалқы, жеке бөлшектерінің қандай қызмет атқаратынын үйрену қажет. Адамда заттарды еске түсіру дағдылануы көп болса, оның әрекеті соншама жемісті болмақ. Дағдылануды қалыптастыруда адам оқушысында саналы әрекеттер үлкен орын алады. Көбінесе біз кейбір әрекеттерді қайталап дағдылануды үйренгенде, ол дағдыланудың неге керегі бар, біз неге оған үйренеміз, оның қандай пайдасы бар, оны қалайша атқару керек деген мәселелердің барлығын ойлап, саралап, санамыздан өткізіп отырамыз. Бұл жағдай адам оқушысында дағдыланудың пайда болуы хайуанаттар дағдылануынан өте айрықша екендігін көрсетеді. Дағдыланудың физиологиялық негізі адамдағы шартты рефлекстердің пайда болуымен байланысты. Дағдыланудың физиологиялық негізі мидың шарларының әрекеті.
Дағдылануды сипаттарына қарай екі түрге ажыратуға болады:
Автоматизмге айналған дағдыланулар.
Автоматизмге айналмаған дағдыланулар.
Автоматизм дағдыланулар оқыту, үйрету арқылы пайда болатынын бірақ әрекетпен қатар адамның зейінін жұмсауды керек ететінін айтамыз. Мысалы: жүру, жүгіру т.б. Автоматизмге айналған дағдыланулар өздігінен әрекет етіп, адамның санасына бағынбайды, оның ықпалында болмайды. Көбінесе мұндай жағдай психикасы ауруға шалдыққан адамдарда болады. Мұндай әрекетер адамның кейде өте шаршағандығынан, зорыққандығынан, я болмаса бір жері ауырғандықтан өздігінен пайда болатын қимылдар жатады.
Автоматизмге айналған қимылдарға әдеттерді де қосуға болады. Әдеттердің адамға пайдалылары да, пайдасызы да бар. Сондықтан оқушыларға пайдалы әрекеттерді сіндіріп, пайдасыз, зиянды әрекеттерді үйретпеу жағын көздеу керек. Мысалы, әдеттерге ерте тұру, уақытты дұрыс пайдалана білу, тапсырмаларды уақытында орындау, жұмысты жақсы істей білу, т.б. жатады. Дағдылануды сипаттарына қарай тағы да екіге бөлуге болады. Оның бірі - қимыл дағдылары; екіншісі интелектуал (ақыл-ой) дағдылары. Дене қимылы арқылы пайда болатын дағдыларды қимыл-моторика дағдысы дейді. Мысалы, билеу, конъкимен сырғанау т.б. Дағдыланудың бұл түрінде адамның дене мүшелері қимылға түседі. Интелект дағдылар адамның ақыл-ойымен байланысты. Мысалы, оқу үстінде оқушыларды есепті дұрыс, әртүрлі жолдармен шығара білуді үйрететін дағдыландыру.
Дағдылануды мына төмендегі бағытпен жүріп отырады деуге болады. Дағдылану жылдамдығы біреше себептерге байланысты: егер дағдыланатын әрекет өте қиын болып, дағдылану нәтижесі бір дегеннен көңілдегідей болмаса, ол біртіндеп қалыптасады. 2) Адам әрекетке дағдылануда өзіне қатысты тәжірибесінде болған әрекеттерді қалыптастыруда, оған қызығушылық пайда болып ол тезірек дағдылануы мүмкін; 3) Оқыту, үйрету әдісі, жеңіл, әсерлі болса адам дағдылануға тез үйренеді; 4) Егер оқыту, үйрету әдісі нашар, қиын болса тез дағдылана алмайды. Кейбір мұғалімдердің сыныбындағы оқушылар хат тануға тез үйреніседі, есепті тез, қатесіз шығара алатын болады. Ал, кей мұғалімдердің үйрету әдісі көңілдегідей болмағандықтан, оқушы оқып-жазуға тез үйрене алмайды, қате жазып, есепті дұрыс шығара алмайды. Дағдылану кезінде оның нәтижесі әркез жоғары өсіп отырмайды, кейде бәсеңдеп, төмен түсіп кетуі де мүмкін. Оның бірнеше себептері бар, оларды объективтік және субъективтік себептер деп бөлуге болады. Мысалы, кей оқушының оқу құралы өне бойы түгел бола бермейді, т.б. Әрине, бұндай жағдайлар дағдының қалыптасуына көп әсерін тигізеді. Немесе субъективтік жағынан көбіне физиологиялық ерекшеліктері нашар болуына байланысты да болуы мүмкін.
Дағды - әрекеттің адам бойында орнығуы әрекетке ең алғаш кіріскен кезде адам олақ, артық көптеген қимыл-қозғалыстар жасайды. Мысалы, оқушы оқу-жазуға үйрене бастаған кезде қаншама қимыл-қозғалыстар жасайды. Атақты физик М.Лауэ оқу, білім жөнінде айта келіп, дағды - бүкіл оқығандарың ұмытылып қалғанда, бойында сақталатыны, - дейді. Бұл сақталып қалатын не? Ол - әдет, сенім, бағыт, дағды және қабілет. Міне нағыз білім осылар!
Дағды, - деп психолог С.Л.Рубинштейн саналы түрде автоматталған қимыл-әрекет түрінде көрінеді, ал сонан соң әрекеттің автоматталған тәсілі ретінде қызмет атқарады. Қандай да болмасын дағдыға оқушы басқалармен қарым-қатынас жасау барысында үйренеді. Оқушы үлкендерден естіген іс-әрекеттерін көріп, бақылап оған еліктейді, кейін оны өзі істей бастайды. [3]
Білім, білік, дағды беріктігі - дидактика принциптерінің бірі. Білімнің саналы және берік меңгерулері арасында принципті үйлесімділік бар.
Тест түрлерін әуелі оқушы жақсы ажырата білуі керек және оны пайдалану жолдарын да білгені шарт. Тестілеу арқылы арнайы бақыланған оқушылар тексерудің бұл әдісіне түсінгеннен соң өзгереді де, соған икемделіп, келесі сабақта өтілетін тестілеуге іштей дайындалып жүреді. Білім, білік, дағдыны тесті арқылы үнемі тексеруден кейде оқушының қызығушылығы кемуі мүмкін.
Сапа ұғымы екі мағынада қарастырылуда. Біріншісі - стандартқа сәйкестігі, екіншісі - оқушының сұранысын қанағаттандыру (бұл 12 жылдық оқуға ауысудың бағдарламасында ескерілген ереже).
Бағалау - оқушы жұмысындағы дербестікті, тапсырманы дұрыс орындау нәтижесін, білімнің, біліктің және дағдының сапасын анықтау. Мониторинг түсініктері: байқау, сынау, сараптау, жетілдіру.
Бұлар Оқушы-оқытушы қатынасындағы ынтымақтастық, бірлігін жұмыс істеу шығармашылық одақта бөлу, бірге басқару сияқты қарым қатынастардың орнығуына ықпал етеді. Оқушы - оқытушы жүйесіндегі үздіксіз бақылау нәтижесінде оқушыны білімсіздіктен білімге қарай ұмтылдырады. Оқушылардың білімін бағалау білім берудің мазмұны мен мақсаттарын өлшейтін өзіндік құрал ретінде қарастырылады. Берілген мазмұнның міндетті стандарттық деңгейде игерілген білім көлемі арқылы жүзеге асады. Білім мазмұнын жаңалау және оқыту сапасын жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары жасалып, бекітілді және Базистік оқу жоспары жетілдірілді. [4]
1.2 Білім, білік, дағдыны анықтаудағы педагогикалық бақылаудың түрлері

Педагогика ғылым саласында білім, білік, дағдыны бақылаудың көптеген түрлері кең тараған Мысалы, ғалым-педагогтар Ю.К.Бабанский, Н.А.Сорокин бақылауды күнделікті, қорытынды деген пікірлер айтады. Ал Г.И.Шукина - күнделікті, тақырыптық, жиі қортынды және емтихан деген көзқарастарын білдірді. У.А.Дмитриев -күнделікті, тақырыптық және қортынды нәтижесі деген тұжырымға келген. Профессорлар Ж.Б.Қоянбаев, Р.М.Қоянбаевтың Педагогика оқулығында ол тақырыптық тараулар бойынша жиі және қорытынды бақылау деп бөлінген.
Бақылау - бұл педагогикалық басшылықтың және оқушылардың танымдық меңгеруінің функциясы. Бақылаусыз жеке адамның дамуы мен қалыптасуын басқаруға болмайды. Бақылаудың психологиялық, педагогикалық мәні оқушыларға дер кезінде көмек көрсету. Олардың шығармашылық күшіне, қабілетіне сенім білдіру, оқушылардың оқу тапсырмасын нәтижелі етіп орындау үшін ынталандыру және іске жұмылдыру.
Бақылау үдерісінде мұғалім оқушыларға ерекше көңіл бөліп құрмет сезімін білдіруі тиіс. Егер кейбір оқушы тапсырманы орындауда қате жіберсе, оған дөрекі, өрескел сөздер айтып, ескерту жасауға болмайды. [5]
Сабақтың барлық кезеңдерінде бақылаудың мазмұны оқушыларды іс-әрекетіне ынталандыру және олардың белсенділігін дамыту болуы тиіс. Бақылау үдерісінде оқушылардың алған білімді игеруі және баянды етуі бойынша оқу жұмысының сапасы туралы толық хабар алуы өте қажет. Осыған байланысты бақылаудың бірнеше түрлерін атауға болады.
Тақырыптық бақылау оқу бағдарламасындағы белгілі тақырыптар бойынша өткізіледі. Сабақтың тақырыбы және әрбір кезеңдері негізінде оқушылар білімді, білікті, дағдыны меңгеруі тексеріледі. Сонымен бірге мұғалім жаңа тақырыптың кейбір басты мәселелерін өткен сабақтардағы оқу материалдарымен толықтырады, кейбір ұғымдарды, анықтамаларды, ғылыми тәжірибелерді оқушылардың есіне салады.
Тараулар бойынша қайта-қайта бақылау әрбір тоқсанның аяғында оқу бағдарламасының тарауын оқып болғаннан кейін беріледі.
Қорытынды бақылау барлық пәндер бойынша жыл аяғында өткізіледі. Бақылау үдерісінде тақырыптың және тарау бойынша тарау нәтижелері есепке алынады. Оқушылардың жыл бойында алған теориялық және практикалық білімдері негізгі емтихан және оқушылардың жылдық үлгерім бағалары болады. Емтихан және жылдық үлгерім бағаларынан педагогикалық кеңестің шешімі бойынша қорытынды бағалар шығарылады. Бақылау әдістері арқылы оқушылар жұмысының тиімділігі мен мазмұны туралы кері байланыс қамтамсыз етіледі. Оқу үдерісін компьютерлендірудің жедел қарқынмен дамуы оқушылардың дайындық деңгейін анықтаудың бұрынғы сапалық сипаттау жүйесіне көшуге мүмкіндік туғызып отыр. Ағылшын тілінде Роіnt rаtіng деп аталатын бұл жүйе бойынша оқушылардың күнделікті сабақ үстінде, сондай-ақ аралық және қортынды бақылау жұмыстары кезінде бағалары немесе ұпай санымен есептеліп, бір ортаға жинақталады.
Бақылау түрлерінің біріне тестілер де жатады. Бақылау арқылы мұғалім өз жұмысының жетістігі мен кемшілігін анықтайды, осы күнделікті әр кезеңдегі бақылаудың нәтижесінде жоғарғы нәтижеге жетуді көздейді
Ш.И.Амоношвили, В.М.Полонский М.Н.Скаткин, В.С.Цетлин, Н.В.Селезнев, т.б дидактиктердің және басқа да әдіскердің еңбектерінде айтылмыш екі мәселе жіктеліп, әрқайсысы жеке-жеке қарала бастады. Бағалау - бұл оқушынын оқу-тәрбие алу үдерісінде деңгейін көрсетті Оқушы бағдарламаны қаншалықты меңгергендігін мұғалімнің басқаларға көрсете білуі.
Бағалауға екі объект қатысады, мұғалім бағалаушы, оқушы бағаланушы. Бағаланушы пікірін, ойын сөзбен немесе сандық балмен білдіреді. Бағалаушы маман баға сұрағында жатқан мәселені терең біледі, берген сұрағына айтылатын жауаптың моделін алдын ала болжамдайды, немесе оған ол мәселе әбден жаттанды болып қалған, ешқандай қиындығы жоқ, сондықтанда оқушының жауабын бағалауға бағалаушы алдын ала даяр. Бағалау барынша кең түсінік, ол тек баға қоюмен ғана шектелмейді, ауызекі пікірден және баға қоюдан тұрады.
Профессор Щ.А.Амоношвили бағалау - баға берудің білік нәтижесі, үдеріс-біліктің қортындысы, шартты формальды түрі екенін айтқан. [5]
Оқытудың негізгі технологиясында оқушылардың білімін тексерудің күнделікті бақылау немесе ағымдағы бақылау, аралық бақылау, қортынды бақылау сияқты үш құрамдас бөліктен тұратын кешені қолданылуда.
Күнделікті бақылау - оқыту үдерісінде күнделікті қолданылады және сабақ барысында оқушылардың оқу-танымдық әрекетіне басшылық жасайды. Ол ішкі және сыртқы байланысты жан-жақты жүзеге асыруға мүмкіндік туғызады. Соның негізінде оқушылардың келесі оқу әрекетіне ықпал етеді. Күнделікті бақылау мұғалімнің жалпы немесе жекелеген оқушылар жұмысына жүйелі түрде бақылау жасау көмегімен жүргізіледі. Бақылаудың бұл түрі оқушылардың сынып немесе үй тапсырмаларын өз бетінше орындауға деген ниеттері мен берілген тапсырманы орындауға деген олардың қызығушылығы және жауапкершілік сезімін ынталандыруда үлкен маңызға ие болады Тақырыптық бақылау оқу бағдарламаларындағы белгілі тақырыптар бойынша өткізіледі Сабақтың тақырыбы және әрбір кезеңдері негізінде оқушылардың білімді, білікті, дағдыны игеруі тексеріледі. Сонымен бірге мұғалім жаңа тақырыптың кейбір басты мәселелерін өткен сабақтардағы материалдармен толықтырады, кейбір ұғымдарды, анықтамаларды, ғылыми ережелерді оқушылардың есіне салады.
Күнделікті бақылау немесе ағымдағы бақылаудың бұл түріне әр сабақта күнделікті жүзеге асатын бақылау жұмыстары жатады. Бақылаудың бұл түрінін формалары: ауызша сұрау, тест тапсырмаларына жауап беру, қысқа жазба жұмыстары, баяндама, есеп беру, дәріс немесе арнаулы әдебиеттерден жазған конспектісін тексеру.
Аралық бақылау. Бұл оқу материалдарының белгілі бір бөлімін немесе тарауын өткеннен кейін, мысалы механика, молекулалық физика, оптика сияқты көлемді тақырыптарды, оқыту әдістемесінің әр тарауын өткеннен кейін, солардың мазмұны бойынша жүргізілетін бақылау жұмысы. Тақырыптың көлемі мен күрделілігіне қарай, шамамен 10-15 сабақтан кейін бір аралық бақылау жұмысын алу қарастырылады.
Бақылаудың бұл түрінің формалары: қалыпты және бағдарламалық бақылау жұмыстары, мәнжазбалар, жаттығу тапсырмалар, тестілер.
Қортынды бақылау - Бақылау әдістеріне ауызша, жазбаша және графикалық бақылау әдістері жатады. Жоғарыда айтылған талаптарды орындау ең алдымен бақылаудың сенімділігін, оқыту үдерісінде өздерінің алдында тұрған міндеттерінің орындалуын қамтамасыз етеді, бақылауда әр түрлі қателіктер мен сәтсіздіктердің болмауына кепілдік жасайды.
Оқушылардың білім, білік, дағдыларын бақылау бағалау - педагогика ғылымы мен практикасында белгілі бір әдістерді қолдану негізінде жүзеге асады. Олар мыналар: ауызша баяндау, (әнгіме, жеке-дара, топтық, жаппай сұрақ).
Жазбаша бақылау (диктант, шығарма, кесте, сызба, суреттер, құрастыру).
Практикалық бақылау (лабораториялық жұмыстарын, еңбек операцияларын орындау, тәжірибе жүргізу).
Машиналы бағдарламалар (бақылау карталарын, дұрыс жауап, диафильмдерді қолдану).
Өзін-өзі бақылау (қателерді болдырмау, оларды түзеу, оқудағы өз жетістіктерін бағалау, соған сәйкес балл қою).
Оқыту үдерісінде бақылаудың фронтальдық, топтық және дербес формалары қалыптасқан. Оның тиімділігі мұғалімнің оларды дұрыс ұйымдастыруына байланысты.
Жаппай бақылау жағдайында барлық оқушыларға сұрақтар немесе мазмұны бірдей тапсырмалар беріледі. Оларды орындау барысында оқушылар арасында ынтымақтастық, жолдастық сезім пайда болады. Бір-біріне сұрақтар қойып, жауаптарын толықтырады, орындалған жұмыстарын өз ара тексеріп іске асырады. Демек, бірігу іс-әрекетінде құнды мотивтер қалыптасады. Топтық бақылауда белгілі оқушылар тобы сабақ барысында мұғалімнің тапсырмаларын орындайды. [6]
Бұл әдістерге қарғанда бағдарламаны бақылау әдістерінің өзіндік ерекшелігі бар. Олар машиналы және машинасыз бағдарламаны бақылау әдістеріне бөлінеді.
Машинасыз бағдарламалар бақылау әдістері бойынша перфокарталар және бақылау карталарын қолданып, оқушылардың теориялық және практикалық білімдерін анықтайды. Мұғалім оқыту және білім беру мазмұны, бөлімі бойынша 20-25 сұрақтар дайындап, әрбір сұраққа нұсқалық, жауаптың мазмұнын жазады, олардың ішінен бір сұраққа ғана жауап беріледі. Қалған сұрақтар нұсқалары дәл емес, толық немесе бағдар тектес ұғымдарға сәйкес келеді.
Бақылаудың тағы бір бөлігі, кейбір жағдайда тапсырмалар түрі (жазбаша бақылау жұмысы, тестілік жұмыс, зертханалық-тәжірибелік жұмыс, шығарма, диктант, т.б.) немесе оқушылар әрекетінің бірі болып (баяндама, хабарлама, оқушы әңгімесі, мұғалім сұрағына жауап беру, т.б.) деп ұғынылады.
Білімді бақылау ғылыми дәлелденген, тәжірибеде қолданылған принциптер негізінде жүргізіледі (әділдік, жан-жақтылық, жүйелілік, жеке даралық, дифференциялық және тәжірибелік). Әділдік, шындық (білім сапасының нақтылығы, баға өлшемі мен ережесі нормасына қатысты) бұл субъективтік факторларды болдырмауды көрсетеді.
Жүйелік, бірізділік - әрбір сабақ, тақырып бойынша оқушылар оқу әрекетінің басқа буындарымен байланыстыра қаралып, оқыту процесінің барлық кезеңдерінде бақылау жүргізуді көздейді: түйінді сұрақтар бойынша оқыту нәтижесін қортындылау, тақырыптық бақылау сабақтар бойынша балл қою т.с.с.
Жеке дара қатынас. Әрбір оқушының ерекшелігін бақылау (оның қабілеті, бейімділігі, денсаулығы, оқу әрекеті, т.б.) қарастырылады.
Жан-жактылықты бақылау. Оқу бағдарламасының барлық бөлігін қамтиды, оқушылардың теориялық білімдерін, интеллектуалдық және практикалық дағдыны, бақылауды қамтамасыз етеді.
Дифференциалды қатынас. Әрбір пәннің ерекшелігін жекелеген білімдерін, сонымен бірге, оқушылардың жеке дара қасиетін ескеріп, соған сәйкес бақылаудың әр түрлі әдістері мен мұғалімнің педагогикалық әдеп сақтауын талап етеді. Оқыту үдерісінде оқушылардың өзін-өзі бақылауы өте қажет. Өзін-өзі бақылау олардың оқу бағдарламасы материалы мен игерген іскерлігі, дағдысының беріктігі жайлы ақпарат алуын қамтамасыз етеді. Өзін-өзі тексеру арқылы оқушылардың алған біліміне сенімі артады, орындаған жаттығу, есеп шығару және тәжірибе жұмыстарының нәтижесін бағалайды.
Сынақ - қорытынды бақылаудың айрықша түрі, ол белгілі бір тарау немесе тақырып бойынша атқарылған оқу жұмыстарының бүкіл өн бойында мұғалім қолданған тексерудің барлық түрлерін ескере отыра қойылады. Ол оқу бағдарламасының негізгі бөлімдері және тақырыптардағы білім, білік, дағдыларды жүйеге келтіру, тереңдету міндеттерін шешеді.
Емтихан - оқушылардың білімін қорытынды бақылаудың арнаулы формасы. Оқушылардың білімін жинақтауға және бір жүйеге келтіруге, оларды оқу жылы бойына оқуға ынталандырады, оқу жұмысының сапасын арттыруға көмектеседі. [7]

1.3 Білім мен дағдыны бақылау мен бағалаудың маңызы мен міндеттері, талаптары

1. Білім мен дағдыны бақылау мен бағалаудың маңызы мен міндеттері. Оқушылардың оқу материалын меңгергенін тексеру және бағалау - оқыту нәтижелерін бақылау, оқу процесінің әр түрлі кезеңіндегі оқушылардың танымдық іс-әрекетін басқару.
Білімді тексеру және бағалау оқушының білім алуына көмектесіп, оның және мұғалімнің білім сапасы жөнінде сандық мәлімет береді. Мұғалім оқушының білім деңгейінен хабар алып, оның танымдық жұмысын ұйымдастыруға негіз жасайды. Мұғалім өз жұмысындағы жетістіктер мен кемшіліктерге баға беріп, жұмыс әдістерін толықтырып, түзетіп, жеке оқушылармен жұмыстың жолдарын және құралдарын тауып, бағдарламалық білімдердің меңгерілуі деңгейін анықтайды.
Оқушы тақырыпты қаншалықты деңгейде меңгергенін ұғады. Егер білімді тексермесе, онда оқушы өз білімін терең, жан-жақты және дұрыс бағалай алмайды. Оқушы баға алған соң өзінің мектептегі, үйдегі жұмыстарын жетілдіруге, жақсы сапаларын дамытуға, білім, білік, дағдыларындағы кемшіліктерді жоюға мүмкіндік алады.
Білім, білік және дағдыларды тексеру және бағалау тәрбиеге де ықпал етеді. Оқушылардың өз оқулары, табысы, сәтсіздіктері туралы ой-пікірлері қалыптасып, қиындықты жеңуге ұмтылады. Баға оқушының өзі туралы ойына қозғау салады.
Білімді тексеру және бағалаудың мемлекеттік маңызы бар. Мектептің, мұғалімдер ұжымының жұмысын білімді басқару органдары оқушылардың үлгеріміне қарап бағалайды. Мектеп әкімшілігі, қалалық, аудандық, облыстық білім беру ісін басқару органдары, Білім және ғылым министрлігі оқушылардың білімдерінің сапасын, мектеп және мұғалімдердің жұмысының жетістіктерін және кемшіліктерін білу үшін бақылау және тексеру жұмыстарын береді. [8]
2. Білімді тексеруге қойылатын талаптар: тексерудің және бақылаудың жүйелілігі, тұрақтылығы, міндеттілігі. Бұл талапты орындамау оқушылардың оқуға деген қатынасын нашарлатып, білімнің сапасына кері әсер етеді;
:: әрбір оқушы өзінің білімінің, білік дағдысының бағаланатынын түсіну керек. Егер білімді тексеру және бағалау оқыту процесінің құрылымына тұрақты түрде енсе, онда оқушы мұғалімнің сұрақтары мен тапсырмаларына жауап беруге дайын болады.
:: оқушылардың білім, білік және дағдылары мемлекеттік .оқу бағдарламаларына сәйкес тексеріледі. Бағдарламаны меңгеру - білімді бағалаудың негізгі өлшемі. Мұғалім оқушының қосымша біліміне, оқыған қосымша әдебиеттеріне кеңес, нұсқау, беріп, баға қоймайды.
:: оқушылардың теорияны және фактілерді білуін тексеру және бағалау арқылы, білімдерінің жалпы және ақыл-ой дамуына, жеке тұлғалық сапаларын қалыптастыруға ықпалын, оқуға әсерін білу;
:: білім, білік, дағдыларды түрлі тәсілдер арқылы тексеру;
:: байқалған кемшіліктерді оқушының өзі түзетуі;
:: мұғалімнің оқушыларды білімдерін бақылап, бағалауға, кемшіліктерді жоюдың әдістемесі мен тәсілдерін білуге үйретуі;
:: бағаны әділ қойылуы;
:: оқушының өзін-өзі және басқаны бақылауы және бағалауы;
:: әр тақырыпты оқудың нәтижесіне мұғалімнің және оқушылардың баға беруі;
:: бақылау-бағалау процесінің әрбір оқушының оқу үлгерімінің төмендемеуіне, көңіл-күйінің жақсы болуына көмектесуі.
3. Оқушылардың оқу жұмысын күнде бақылап отыру. Бұл әдіс арқылы мұғалім оқушылардың төртібін, білімді қалай қабылдайтынын және түсінетінін, тәжірибелік білік және дағдыларға машықтандыру кезінде өз бетімен атқара алатын жұмыстарын, оқуға икемділігін, қызығушылығын, қабілетін, білімді жүйелі алуын қадағалайды. Бақылау мәліметтеріне сүйеніп, мұғалім оқушылардың жеке ерекшіліктерін анықтап, оларды өз жұмысында қолданып, оқушылардың білімдерін дұрыс тексеруге және бағалауға мүмкіндік алады.
Ауызша жауаптар алу үшін мұғалім сұрақтарды тұжырымдап, кеңестер береді, міндеттер қояды.
Ауызша сұрау оқушылардың білімін тексеріп бағалау үшін жиі қолданылады. Бұл әдіс арқылы мұғалім оқушыларға оқылған материал бойынша сұрақ беріп, жауаптарын бағалап, материалды қаншалықты деңгейде түсінгендерін анықтайды. Кейде оқушылардың білімін ауызша тексеруді әңгімелесу деп атайды. Мұғалім бір оқушыға барлық тақырыпты түгел баяндатады. Толық жауап білімінің тереңдігін, жүйесін көрсетеді. Бірақ оқушылардың білімін ауызша тексерудің кемшіліктері де бар, себебі оған көп уақыт кетіп, 45 минут ішінде 3-4 оқушының ғана білімін тексеруге мүмкіндік береді.
Ауызша тексерудің жетілдірілген түрі жаппай тексеру. Бұл әдіс арқылы мұғалім оқылған материалды ұсақ бөліктерге бөліп, оларды оқушылардың қалай меңгергенін білу үшін сыныпқа сұрақтар беріп, олардың білімдерін тексеріп, көп оқушылардың білімдерін анықтауға мүмкіндік алады. Бірақ жаппай тексеру арқылы оқушыларға әділ баға қою қиын, себебі бір-екі шағын сұраққа жауап берген оқушының толық білімін анықтау қиын.
Ауызша сұрауға сабаққа үнемі қатысып отырған оқушылардың біліміне ұпай беру де жатады. Мәселен, өз жолдасының жауаптарын толықтырған, нақтыландырған және тереңдеткен оқушылар, мысалдар келтірген, мұғалімнің жаңа материалды баяндау кезінде қойған сұрақтарына жауап берген, жаңа тақырыпты тез түсінген оқушылар ұпай ала алады. Сабақтың соңында аталған өлшемдер бойынша 4-8 оқушыға ұпай беріп, олардың танымдық белсенділігіне және зейініне жақсы әсер етіп, баға қорын жинауға болады.
Баға 5 балдың шкала бойынша қойылады. Жақсы оқитын оқушылар оқу жұмысында үлкен белсенділік танытады, сондықтан оларды бағалау қиын емес, бірақ та басқа оқушыларға да сабақтың соңында баға қойылатыны ескертіледі.
Тексерудің негізгі әдісі - мұғалімнің оқушылардың іс-әрекетін жүйелі түрде бақылауы. Бөлшектерді дұрыс құрастыру, аспаптар мен қондырғыларды дұрыс қолдану, мектеп жанындағы учаскеде тәжірибені дұрыс жүргізу бағаланады.
Тәжірибелік жұмыс мазмұнына жетіспейтін жабдықтарды, материалдарды құралдарды өз бетімен табу, теорияны оқу және қайталау, жұмыс орнын ұйымдастыру, техниканы және технологияны есептеу, қондырғыларды жинақтау және әзірлеу, экспериментке, жұмысқа керекті құралдар әзірлеу, эксперимент өткізу, құрастыру жұмыстарын жасау, қауіпсіздік техникасын, еңбек гигиенасын сақтау, есеп жазу, еңбек тәртібі жатады.
Әр оқушының тегі, аты-жөнінің тұсына жұмыс түрлерінен алған бағалары қойылады, әрбір жұмысқа берілген бағадан қорытынды баға шығарылады. Мұғалім жұмыс кезінде жіберілген кемшіліктерді айтып, әр оқушыға дер кезінде, нақты көмек береді. [9]
Машинамен тексеру әдістері. Кейбір мектептерде білімді автоматты түрде тексеретін сыныптар болады. Демонстрациялық үстелде сұраққа дұрыс жауап берілсе, қызыл шырақ жанады. Мұғалім оқушының біліміндегі кемшіліктерді біліп отырады.
Кейбір мектептерде тексеруші оқу машиналары қолданылады. Машинада бірнеше сұрақтардың жауаптары болады. Машина 3-5 жауаптың біреуінің дұрыс екенін хабарлап, оқушы қате жауап берсе, белгі бермейді, немесе жауаптың қате екенін айтады. Оқу процесіне электрондық-есептейтін техникалар, компьютерлер көптеп енгізілуде. Оқушы пәндер бойынша тақырыптарды қалай меңгергенін тексере алады.
Өзін-өзі бақылау әдістері - оқушылардың оқу жұмысының маңызды элементі. Үй жұмысын оқушының өзі тексеретін тәсілдері: Оқулық мәтінін оқып, оның жоспарын құру, ол жоспармен мәтіннің негізгі ойын айтып беру, әр тақырып соңында бақылау сұрақтарымен жұмыс істеу, мәтін бойынша сұрақтар құрастырып, оған жауап беру.
Оқушылардың үй жұмысын тексеру - мектептегі негізгі әдістердің бірі. Күнделікті тексеру жақсы нәтиже береді. Бұл әдіс арқылы мұғалім меңгерілген білімнің сапасын бақылап, оқушылардың біліміндегі кемшіліктерді анықтап, келесі сабақтардың жоспарларына түзету енгізеді. Дәстүрлісі және тиімдісі - оқушылардың үй жұмыстары орындалған дәптерлерді тексеру. Оқу үлгерімі нашар оқушылардың дәптерлерін үнемі тексеріп, жақсы оқитын оқушылардың дәптерлерін кейде тексеруге болады. Кейде сабақтың соңында үй жұмысын тез тексеруге болады, ол үшін оқушылар жаттығу жазып, немесе шағын өздік жұмыс орындап жатқан кезді пайдаланған дұрыс. Оқушылар тек дұрыс жауапты айтады, мұғалімнің қате жауаптарды талдауға уақыты жетпейді. Сондықтан осындай тексеруден кейін нашар оқушылармен жұмыс істеледі.
Кейбір мұғалімдер оқушылардың үй жұмыстарын бір-біріне тексертеді. Бұл тәсілдің екі нұсқасы қолданылады: 1) оқушылардың бір-бірінің дәптерлерін тексеруі; 2) бір оқушының тақтаға үй жұмысын жазуы (Бұл кезде сынып басқа тапсырмаларды орындайды: ауызша ережелерді қайталайды, басқа тапсырмаларды тексереді). Оқушының тақтадағы жұмысына қарап, басқалары өз жұмыстарындағы қателерді түзетеді.
Сынақ-емтихан әдісі арқылы ірі тақырыптарды, курстың бөлімдерін немесе тұтас курсты оқып үйренудің қорытындылары шығарылады. Оқушылар монолог түрінде жауап бере алады. Сұрақ-жауап арқылы және алдын ала әзірленген сұрақтар, тапсырмалар арқылы да оқушылардың білімдері тексеріледі.
4. Тексеруден диагностикаға көшу. Оқытудың әр бөлігін оқып-үйренуді аяқтаған соң оның нәтижелерін білу үшін диагностика қолданылады. Диагностика - оқу-тәрбие процесінің барысы және нәтижелері туралы ақпарат алу тәсілі. Мектептегі диагностиканық міндеттері:
:: оқушылардың даму барысына және нәтижелеріне талдау жасау (білім алуға әзірлігі, психикасының жұмысы, дамуы);
:: оқыту процесінің барысын және нәтижелерін талдау (білімнің көлемі және тереңдігі, білім, білік, дағдыларды қолдана білуі, ой жұмысының негізгі тәсілдерінің болуы, шығармашылық іс-әрекет тәсілдерін білу);
:: тәрбие барысын және оның нәтижелерін талдау (тәрбиелік деңгейін, адамгершілікке сенімін, адамгершілігін).
Неге тексеруден гөрі диагностика туралы көп айтылуда? Дәстүрлі тексеру әдістері неге қайта қаралуда? Бұл оқу-тәрбие процесін ізгілендіруге байланысты.
Егер өткен тәрбиеде талдау, тексеру және бағалаудың объектісі оқушының еңбегі болса, енді жаңа жағдайда мұғалім мен оқушының бірлескен еңбегі, оның нәтижелері талданады. "Енді жоспарланған көрсеткішке неге толықтай жете алмадық?" - деген сұраққа жауап беру керек. "Оқыту процесі тиімді болу үшін не істеу керек?" - деген сұраққа диагностика жауап береді.
Диагностика нәтиже мен процесті бірге зерттейді. Оқушының еңбегі мұғалімнің еңбегімен бірге талданып, оқушының мүмкіндігі, қабілеті және икемділігі зерттеледі. Мұғалімнің жұмысына ықпал еткен жағдайлар ескеріледі. Тексеру оқушының "оқығым келмейді" деген пікірімен санаспайды. Ал диагностика онымен санасады, оқушының оқуға ынтасын арттыру тәсілдерін табады. Мысалы, тексеру арқылы оқушы барлық тапсырманы дұрыс орындағаны анықталады. Мұғалім оған "өте жақсы" деген баға қойды және мадақтады. Үдеріс те, нәтиже де жақсы сияқты. Тек қана диагностика оқушының "өте жақсы" баға алғаны есте сақтау қабілетінің жақсылығынан екендігін, бірақ оның ақыл-ой жұмысына қабілеті нашарлығын анықтайды. Мұғалім кемшілікті жою мақсатымен оқушыға түрлі тапсырмалар береді.
Дәстүрлі тексеру нәтижелерді бағалап, олардың себептерін түсіндірмейді. Диагностика арқылы оқушылардың білім, біліктері тексеріліп бағаланады, сандық мәліметтер талданады, бағыттар айқындалып, одан арғы жұмыстар болжанады. Диагностика үшін көптеген әдістер және әдістемелер қолданылады. Мысалы, дәстүрлі тексеру, бағалау әдістерімен қатар тест әдісі, оқушылардың оқуға керекті психикалық сапаларын, атап айтсақ, есті, зейінді, ақыл-ойды, т.б. зерттеу, жеке оқушылармен жұмысты жооқушыу әдісі қолданылады. Қазіргі мектепте қолданылатын диагностика педагогикалық қатынастар жүйесіндегі оқушыны (сыныпты) жан-жақты зерттеуге мүмкіндік беретін әдістер мен әдістемелердің жиынтығы.
Дәстүрлі тексеру әдістері диагностика арқылы ізгілікке қызмет етіп, мектепте жақсы қарым-қатынас орнатады. Диагностика оқушыларды "орташа", "үздік" деп бөлмей, олардың мүмкіндіктерін анықтайды. Диагностикалық қорытындылар дәл, толық болу керек. Барлық мұғалімдер гуманистік идеяларды мойындағанда ғана диагностика арқылы әрбір оқушы туралы ақпараттар жиналып, оның қабілетін, дарындылығын дамытуға қолайлы жағдай жасалады.
Оқыту нәтижелерін бағалау. Бақылау - білім, біліктерді анықтау, өлшеу және бағалау. Тексеру - бақылаудың бір бөлігі, негізгі дидактикалық қызметі мұғалім мен оқушы арасындағы кері байланысты қамтамасыз ету, оқушылардың материалды қалай түсінгендігі туралы мұғалімнің ақпарат алуы, білімдегі кемшіліктерді дер кезінде табу. Бақылаудың жалпы қызметі; тексеру, оқыту, тәрбиелеу, дамыту, ынталандыру. Тексерудің мақсаты - оқушылардың білім деңгейін, оның сапасын, оқу еңбегінің көлемін анықтау.
Бақылау арқылы үдеріске, оның нәтижелеріне баға беріледі. Үлгерімнің табеліне, сынып журналына бағалар қойылады. Әділ бағаның ықпалымен оқушылар дұрыс баға беруге үйренеді. Үлгерімді диагностикалау мен бақылаудың маңызды принципі әділдік, жүйелілік, көрнекілік. Баға әділ қойылу үшін диагностикалық тестілердің (тапсырма, сұрақтардың) мазмұны ғылыми әдістермен жасалып, мұғалімдер мен оқушылардың арасында дұрыс қарым-қатынас болу керек. [10]
Жүйелілік принципінің талабына сәйкес диагностикалық бақылау білімді қабылдаудан оны тәжірибеде қолдануға дейін жүру керек.
Көрнекілік принципіне сәйкес барлық оқушыларды бір өлшеммен сынақтан өткізіп, бағаны талдап қойып, тестілердің нәтижелері талқыланады.

1.4 Білімді бақылау және бағалаудың түрлері мен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Биология пәнінен оқушылардың білімін тексерудің маңызы
Дағдылар мен дағдылардың мәні
Оқыту үдерісіндегі бақылау әдістері
Оқушылардың білімі мен дағдысын ауызша тексеру
Білімді бақылау формасы
Пәнге қызығушылықтарын білімді сынау арқылы арттыру (білімнің тексерудің әр түрлі түрлері)
Қабілет пен дағды - сол немесе басқа әрекетті орындау қабілеті
Математика сабағында өз бетімен жұмыстың педагогикалық-психологиялық теориялық негіздемесі
Тест тапсырмаларын сынақтан өткізу
Физика сабағында білімді бекітуде оқушылардың ойлау қабілетін дамыту
Пәндер