ҚР банктік несиелеу жүйесі
Жоспар
КІРІСПЕ 7
1 БАНКТІК НЕСИЕЛЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 9
1.1 Банктердің экономикалық маңызы, олардың функциялары және 9
операциялары 9
1.2.Банктік несиелеу принциптері және банктік ссудалардың 18
сыныптамасы 18
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА БАНКТІК НЕСИЕЛЕУ 27
ЖҮЙЕСІНІҢ ЖҰМЫС ІСТЕУ МЕХАНИЗМІ 27
2.1 Қазақстан Республикасында банктік несиелеу жүйесінің қазіргі 27
жағдайы және эволюциясы 27
2.2 Коммерциялық банктегі несиелік саясат және несиелік процесс 38
(«Банк ЦентрКредит» АҚ мысалында) 38
2.3 «Банк ЦентрКредит» АҚ несиелік қызметі бойынша талдауы 53
3 БАНКТІК НЕСИЕЛЕУ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ 61
ҚОРЫТЫНДЫ 71
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 75

КІРІСПЕ
Қазіргі заманғы қоғамда банктер әр түрлі операцияларды іске асырады. Олар тек ақша айналымын және несиелік қатынастарды жүзеге асырып қана қоймайды, сонымен қатар банктер арқылы ұлттық шаруашылықты қаржыландыру, сақтандыру операциялары, бағалы қағаздарды сату-сатып алу, кей жағдайларда делдалдық келісімдер мен мүлікті басқаруды жүзеге асырады. Несиелік мекемелер кеңесші ретінде көрінеді, халықшаруашылық мәселелерді талқылауға қатысады, статистиканы жүргізеді және олардың өздерінің қоластындағы кәсіпорындары болады.
Қазақстанның бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру мақсатында қазіргі таңда коммерциялық банктердің қызметтерінің деңгейін жоғарлату, сапалы банк қызметін көрсету міндеті тұр.
Банктің маңыздылығын оның арнайы алынған субъектіге қатысты емес, макродеңгейдегі экономикаға қатысы арқылы түсінуге болады.
Банктің экономикалық маңызын талдай отырып, қайсыбір банк қандай да бір операцияны қандай да бір көлемде орындайма екенін абстрактау қажет.
Банктік несие – заңды тұлғаларға ақшалық ссуда ретінде банктермен, несиелік-қаржылық мекемелермен берілетін несие. Банктік несие коммерциялық несиенің шекарасынан асады. Бос ақша капиталы кез келген өндіріс кешенінде бөлінеді және банктік несие арқылы кез келген бағытта жүре алады.
Берілген дипломдық жұмыстың мақсаты банктік несиелеу жүйесінің мәнін ашу және оның жетілдіру жолдарын қарастыру. Осы мақсатқа сәйкес келесі міндеттерді атап көрсетуге болады:
банктердің экономикалық маңызы, олардың функциялары мен
операцияларын қарастыру;
банктік несиелеу принциптері және банктік ссудалардың сыныптамасын қарастыру;
Қазақстан Республикасында банктік несиелеу жүйесінің қазіргі жағдайы және эволюциясы;
коммерциялық банктегі несиелік саясат және несиелік процессті жүргізу жолдары;
«Банк ЦентрКредит» АҚ несиелік қызметі бойынша талдауы.
Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Дипломдық жұмысты жазудың әдістемелік негізін банктік теория бойынша отандық және шетел авторларының еңбектері, банктік және банктік несие басылымдарының баптары және заңдары, «Банк ЦентрКредит» АҚ несиелік есебі құрды.

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Лаврушин О.И. Банковское дело: учеб.для студ.вузов, обуч. по экон.спец. Изд. 4-е, стер. - М.: КНОРУС, 2006 - 766с.
2. Балабанов И.Т. Банки и банковское дело: Учеб.пособие. – СПб.: Питер. 2003 - 253с.
3. «Қазақстан Республикасының банк және банк қызметі туралы» Заң күші бар Қазақстан Республикасының Президентінің жарлығы (06.03.1996; 11.07.1997 жылғы өзгерістер мен қосымшалар есебімен)
4. «Акционерлік қоғамдар туралы» Заң. 13.05.2003 жылдан №415, - «Казахстанская правда» 10.07.2003 жылға
5. Ауесбаев, А.Т. Актуальные проблемы экономики и финансов Републики Казахстан –Алматы: Қаз. Ун-ті, 2004 – 181с.
6. Мақыш С.Б. Коммерциялық банктер операциялары: Оқу құралы, Алматы/ 2004.-272б.
7. Сейітқасымов Ғ.С. Ақша, несие, банктер: Оқу құралы, Алматы/ 2005.-415б.
8. Сахариев С.С. Жаңа кезең-экономикалық теориясы: Оқулық, Алматы: Дәнекер, 2004. – 151б.
10. Хамитов Н.Н. Банк ісі: лекциялар курсы, Алматы: Экономика, 2006. – 215б.
11. Шаяхметова К.О. Банктік тәуекелдер: Оқу құралы, Алматы: Қазақ университеті, 2004. – 77б.
12. «Қазақстан Республикасындағы банктік заңдар»: жүйесі, жетілдіру проблемалары, негізгі сипаттамасы/М. Алимова//Заң. -2005.-№3.30-33 б.
13. Банковская система за десять лет независимости Казахстана: Национальный Банк Республики Казахстан. – Алматы: Деловая литература и образование, 2001. – 199 с.
14. Бельгибаева К.К. Финансовая и банковская статистика: учеб. пособие/ Алматы: Экономика, 2000
15. Искакова З.Д. Финансовая-кредитная система Казахстана в условиях рыночной экономики, Алматы.с. 230-236
16. Кучукова Н.К. Финансово – кредитная система в условиях углубления экономической реформы: Учеб.пособие/Н.К.Кучукова. – Караганда:КарГу, 1995.-73с.
17. «Банк ЦентрКредит» АҚ 2003 – 2005 жылдарға арналған жылдық есебі.
18. Мурзиева А.А. Понятие и сущность обязательства ипотечного кредитования, Вестник КазНУ: сер. юридическая. – 2004. – №2 – С. 252-255.
19. Рыбкин Е. Автоматизация кредитования: Предпосылки, возможности, решения// Банковские технологии.- 2005 - №4 – С. 49-54.
20. Финансы Республики Казахстан: стат. ежегодник: 2001 – 2005 гг.= Казахстан Республикасының қаржысы: стат.жылнама/ под.ред. Ю. Шокоманова. – Алматы: Қазақстан Республикасының статистика агенттігі, 2006. – 151 с.
21. Хамитов Н.Н. Банковское дело.- Алматы: Экономика, 2005. -215с.
22. Шилибаев С. Меры по решению проблем/ Шиликбаев С..-Астана: Фолиант, 2002. – 141с.
23. Серикбаева Ж.Д. Совершенствование механизма денежно-кредитного регулирования экономики РК: Автореф.дис... канд.экон.наук.: 08.00.10.- Защищена 27.04.04/ Алматы: Б.и., 2004 – 31с.
24. www.afn.kz
25. www.nationalbank.kz
1. Лаврушин О.И. Банковское дело: учеб.для студ.вузов, обуч. по экон.спец. Изд. 4-е, стер. - М.: КНОРУС, 2006 - 766с.
2. Балабанов И.Т. Банки и банковское дело: Учеб.пособие. – СПб.: Питер. 2003 - 253с.
3. «Қазақстан Республикасының банк және банк қызметі туралы» Заң күші бар Қазақстан Республикасының Президентінің жарлығы (06.03.1996; 11.07.1997 жылғы өзгерістер мен қосымшалар есебімен)
4. «Акционерлік қоғамдар туралы» Заң. 13.05.2003 жылдан №415, - «Казахстанская правда» 10.07.2003 жылға
5. Ауесбаев, А.Т. Актуальные проблемы экономики и финансов Републики Казахстан –Алматы: Қаз. Ун-ті, 2004 – 181с.
6. Мақыш С.Б. Коммерциялық банктер операциялары: Оқу құралы, Алматы/ 2004.-272б.
7. Сейітқасымов Ғ.С. Ақша, несие, банктер: Оқу құралы, Алматы/ 2005.-415б.
8. Сахариев С.С. Жаңа кезең-экономикалық теориясы: Оқулық, Алматы: Дәнекер, 2004. – 151б.
10. Хамитов Н.Н. Банк ісі: лекциялар курсы, Алматы: Экономика, 2006. – 215б.
11. Шаяхметова К.О. Банктік тәуекелдер: Оқу құралы, Алматы: Қазақ университеті, 2004. – 77б.
12. «Қазақстан Республикасындағы банктік заңдар»: жүйесі, жетілдіру проблемалары, негізгі сипаттамасы/М. Алимова//Заң. -2005.-№3.30-33 б.
13. Банковская система за десять лет независимости Казахстана: Национальный Банк Республики Казахстан. – Алматы: Деловая литература и образование, 2001. – 199 с.
14. Бельгибаева К.К. Финансовая и банковская статистика: учеб. пособие/ Алматы: Экономика, 2000
15. Искакова З.Д. Финансовая-кредитная система Казахстана в условиях рыночной экономики, Алматы.с. 230-236
16. Кучукова Н.К. Финансово – кредитная система в условиях углубления экономической реформы: Учеб.пособие/Н.К.Кучукова. – Караганда:КарГу, 1995.-73с.
17. «Банк ЦентрКредит» АҚ 2003 – 2005 жылдарға арналған жылдық есебі.
18. Мурзиева А.А. Понятие и сущность обязательства ипотечного кредитования, Вестник КазНУ: сер. юридическая. – 2004. – №2 – С. 252-255.
19. Рыбкин Е. Автоматизация кредитования: Предпосылки, возможности, решения// Банковские технологии.- 2005 - №4 – С. 49-54.
20. Финансы Республики Казахстан: стат. ежегодник: 2001 – 2005 гг.= Казахстан Республикасының қаржысы: стат.жылнама/ под.ред. Ю. Шокоманова. – Алматы: Қазақстан Республикасының статистика агенттігі, 2006. – 151 с.
21. Хамитов Н.Н. Банковское дело.- Алматы: Экономика, 2005. -215с.
22. Шилибаев С. Меры по решению проблем/ Шиликбаев С..-Астана: Фолиант, 2002. – 141с.
23. Серикбаева Ж.Д. Совершенствование механизма денежно-кредитного регулирования экономики РК: Автореф.дис... канд.экон.наук.: 08.00.10.- Защищена 27.04.04/ Алматы: Б.и., 2004 – 31с.
24. www.afn.kz
25. www.nationalbank.kz
ҚР банктік несиелеу жүйесі
Жоспар
КІРІСПЕ 7
1 БАНКТІК НЕСИЕЛЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 9
1.1 Банктердің экономикалық маңызы, олардың функциялары және 9
операциялары 9
1.2.Банктік несиелеу принциптері және банктік ссудалардың 18
сыныптамасы 18
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА БАНКТІК НЕСИЕЛЕУ 27
ЖҮЙЕСІНІҢ ЖҰМЫС ІСТЕУ МЕХАНИЗМІ 27
2.1 Қазақстан Республикасында банктік несиелеу жүйесінің қазіргі 27
жағдайы және эволюциясы 27
2.2 Коммерциялық банктегі несиелік саясат және несиелік процесс 38
(Банк ЦентрКредит АҚ мысалында) 38
2.3 Банк ЦентрКредит АҚ несиелік қызметі бойынша талдауы 53
3 БАНКТІК НЕСИЕЛЕУ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ 61
ҚОРЫТЫНДЫ 71
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 75
КІРІСПЕ
Қазіргі заманғы қоғамда банктер әр түрлі операцияларды іске асырады. Олар тек ақша айналымын және несиелік қатынастарды жүзеге асырып қана қоймайды, сонымен қатар банктер арқылы ұлттық шаруашылықты қаржыландыру, сақтандыру операциялары, бағалы қағаздарды сату-сатып алу, кей жағдайларда делдалдық келісімдер мен мүлікті басқаруды жүзеге асырады. Несиелік мекемелер кеңесші ретінде көрінеді, халықшаруашылық мәселелерді талқылауға қатысады, статистиканы жүргізеді және олардың өздерінің қоластындағы кәсіпорындары болады.
Қазақстанның бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру мақсатында қазіргі таңда коммерциялық банктердің қызметтерінің деңгейін жоғарлату, сапалы банк қызметін көрсету міндеті тұр.
Банктің маңыздылығын оның арнайы алынған субъектіге қатысты емес, макродеңгейдегі экономикаға қатысы арқылы түсінуге болады.
Банктің экономикалық маңызын талдай отырып, қайсыбір банк қандай да бір операцияны қандай да бір көлемде орындайма екенін абстрактау қажет.
Банктік несие - заңды тұлғаларға ақшалық ссуда ретінде банктермен, несиелік-қаржылық мекемелермен берілетін несие. Банктік несие коммерциялық несиенің шекарасынан асады. Бос ақша капиталы кез келген өндіріс кешенінде бөлінеді және банктік несие арқылы кез келген бағытта жүре алады.
Берілген дипломдық жұмыстың мақсаты банктік несиелеу жүйесінің мәнін ашу және оның жетілдіру жолдарын қарастыру. Осы мақсатқа сәйкес келесі міндеттерді атап көрсетуге болады:
oo банктердің экономикалық маңызы, олардың функциялары мен
операцияларын қарастыру;
oo банктік несиелеу принциптері және банктік ссудалардың сыныптамасын қарастыру;
oo Қазақстан Республикасында банктік несиелеу жүйесінің қазіргі жағдайы және эволюциясы;
oo коммерциялық банктегі несиелік саясат және несиелік процессті жүргізу жолдары;
oo Банк ЦентрКредит АҚ несиелік қызметі бойынша талдауы.
Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Дипломдық жұмысты жазудың әдістемелік негізін банктік теория бойынша отандық және шетел авторларының еңбектері, банктік және банктік несие басылымдарының баптары және заңдары, Банк ЦентрКредит АҚ несиелік есебі құрды.
1 БАНКТІК НЕСИЕЛЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Банктердің экономикалық маңызы, олардың функциялары және
операциялары
Банктік мекемелердің қызметі соншалықты әралуан болғандықтан, оның маңызын ашу өте күрделі. Қазіргі заманғы қоғамда банктер әр түрлі операцияларды іске асырады. Олар тек ақша айналымын және несиелік қатынастарды жүзеге асырып қана қоймайды, сонымен қатар банктер арқылы ұлттық шаруашылықты қаржыландыру, сақтандыру операциялары, бағалы қағаздарды сату-сатып алу, кей жағдайларда делдалдық келісімдер мен мүлікті басқаруды жүзеге асырады. Несиелік мекемелер кеңесші ретінде көрінеді, халықшаруашылық мәселелерді талқылауға қатысады, статистиканы жүргізеді және олардың өздерінің қоластындағы кәсіпорындары болады.
Банк көп жағдайда экономикалық басқарудың органы болып сипатталады. Мұндай көрініс мемлекеттің банктік іске монополиясы болған кезде жеке меншік, кооперативті банктер мемлекеттік органға айналғандағы кезеңге сүйенеді; банк мемлекетпен біріккендей сияқты, шаруашылық қызметін бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік басқару аппаратының бір бөлігі болды. Несиелеу нормативті, директивті ресурстарды үстінен тарату негізінде жүзеге асырылды, кәсіпорын арасындағы қолма қол ақшасыз есеп айырысулар директивті сипат алды, бір банк клиент үшін қағидасы банктік сферада коммерциялық қатынастарды дамытуға негіз берген жоқ. Нарыққа өтумен банктің жағдайы экономикада күрт өзгерді және оның басқару аппараты мәнінің түсінігі өз өзімен түсіп қалды.
Банк делдалдық ұйым ретінде де жиі сипатталуы мүмкін. Бұған негіз болып ресурстардың арнайы ағымы табылады, уақытша біреуінде шөгіп, ал екіншісінде қолдануды талап етеді. Бұл жағдайдың ерекшелігі болып белгілі бір ресурсы бар несие беруші лайықты кепілдік негізінде нақты мерзімге пайызға ресурстарды басқа контрагент - несие алушыға беру болып табылады. Несие беруші назары несие алушы назарымен сәйкес келу керек, несие алушының несие берілген аймақта міндетті болуы қажет емес. Қазіргі заманғы ақша шаруашылығында назарлардың мұндай сәйкес келуі кездейсоқ. Ұйымдастырушы буын болып ақша капиталының ұсынысы мен сұранысын есепке алатын келісімді жүзеге асыру мүмкіндігін қамтамасыз ететін банк -делдал табылады.
Қай жағдайда банк делдал бола алады? Егер банкті несие беруші мен несие алушы арасындағы делдал деп санасақ. Онда мынаны қалай түсіндіруге болады: егер банк өзінің күнделікті қызметінде бір уақытта несие беруші және несие алушы болып табылса, яғни ол күнде өз ресурстарын беріп, біреулердікін алады. Егер банктің делдалдық интерпритациясының логикасына сүйенсек, оны бір жағдайда несие беруші, ал екінші жағдайда несие алушы деп санауға болады.
Бұл жағдайдағы парадокс - банк несие алушы, несие беруші және олардың арасындағы делдал ретінде бола отырып, өзінің маңыздылығы жағынан ол не біріншісі, не екіншісі, не үшіншісі де болып табылмайды. Банктің несие алушы, несие беруші және делдал ретінде болуы ол тек қызметінің үзіндісі ғана және мұндағы мәнділік маңыздылығының бір бөлігінде ғана. Кез келген кәсіпорын, кез келген жеке тұлға несие беруші, ссуда алушы ретінде бола алады, қолма қол ақша және қолма қол ақшасыз төлемдер аймағында делдалдық операцияларды жүзеге асыра алады, бірақ бұдан олар банк балып саналмайды.
Банк - бұл несие беруші де, несие алушы да, олардың арасындағы делдал да, ақшалық есеп айырысулардағы делдалдар да болып табылады; дегенмен бұл жағдайда да ол өзінің мәнін толық аша алмайды. Банк - бұл шаруашылық өмірдегі ерекше құбылыс.
Бірте-бірте банк өз кезегінде несиелік орталық бола бастады, ал бұл оны несиелік кәсіпорын ретінде анықтауға мүмкіндік берді. Банк - өз кезегінде фундаменті болып табылатын несие дамуының салдары.
Жоғарыда айтқандай, банк әр түрлі операциялармен айналысады. Сондықтан оны делдал деп, биржа агенті деп тауарлық кәсіпорын және несиелік мекеме деп атайды. Банктер салымдарды қабылдайды, есеп айырысуларды жүзеге асырады, несие береді, жүздеген әртүрлі операцияларды орындайды. Банктік деп аталатын кейбір операциялар тізімін басқа да ұйымдар жүзеге асырады. Несиелерді ірі өндірістік және тауарлық кәсіпорындар ұсынады, салымдарды қабылдауды әр түрлі инвестициялық компаниялар жүзеге асырады, есеп айырысуларды ірі шаруашылық ұйымдардың арнайы бөлімшелері жасай алады. Банктің маңыздылығын ашу тарапынан қарағанда кейбір банктер барлық операцияларды жасамайды, олар маманданып олардың тек кейбіреуін ғана орындайды. Ал бұл болса, жағдайды қиындатады.
Әрбір банк өзінің белгілі клиенттеріне қатысты дара болып табылады. Клиент банктік қызмет көрсетудің барлығымен емес, тек белгілі бір жиынтығымен ғана қолданыла алады. Бұл жағдайда банктің мәнін ашу қызметтерін микро деңгейде орындайтынын ескере отырсақ қиынға түседі. Бірақ мұны мүмкін емес деп айтуға болмайды. Мысалы, банк іске асыратын көптеген операциялардың ішінен белгілі бір түйінді немесе банкқа лайықты минимум операциялар тізімін таңдап алуға болады. Дәл осы жолмен банктің заңгерлік беделін анықтайтын банктік заңнама жүреді. Банктік заңнамаға сәйкес кез келген мемлекеттегі банк - бұл депозиттік, есеп айырысушылық және несиелік операцияларды жүзеге асыратын несиелік ұйым. Мұндағы маңызды талап - берілген операцияларды орындау ғана емес, сонымен бірге оларды бір уақытта орындау болып табылады.

Банктің экономикалық маңызын талдай отырып, қайсыбір банк қандай да бір операцияны қандай да бір көлемде орындайма екенін абстрактау қажет. Мысалы, банк халықтан салымдарды уақытша қабылдамауы мүмкін. Бұдан банк бірақ банк болмай қалмайды.
Макроэкономикалық деңгейде банкпен орындалатын әрбір операция қайсыбір банк оны орындайтын орындамайтынына қарамастан, өзінің бірлігімен емес жалпылығымен мәнге ие болады. Сондықтан да банкке банк статусын береді, банктік қасиеттермен ие бола отырып, ол шаруашылыққа белгілі бір міндетті қызметтер тізімін ұсыну керек.
Берілген әдістемелік нұсқаудан шыға отырып, банктің мәнділігін анықтағанда оны орталық және коммерциялық банктерге тұжырымдап бөлуге мәнді екені екіталай. Банктің екі мәні болуы мүмкін емес, бірақ барлығына белгілі болғандай, екеуінің біреуі эмиссиондық орталық, банктердің банкісі бола отырып макродеңгейде жұмыс істейді, ал сол уақытта коммерциялық банк болса, іске асырушы нақты субъектілермен және халықпен қарым-қатынасқа түседі. Бұл банктердің әрқайсысының мақсаты әр түрлі, әрқайсысының ұйымдастырушылық құрылымы, атқарушы және заңнамалық өкіметпен деген қарым-қатынасы екі түрлі.
Банктің маңызы - бұл ең біріншіден оның спецификасы. Банктің барлық ішкі анықтылығын ескере отырып, оның спецификалық ерекщелігін ашу оңайға түспейді. Банктер өте көп, олардың қызметі әр түрлі субъектілердің - заңды және жеке тұлғалардың, әр түрлі қажеттіліктерін орындаумен байланысты. Банктердің өздерінің коммуникация құралдары, ақша шығаратын фабрикалары, типтік төлем құралдары бар, олар келіссөздер жүргізгенде делдал, консультант қызметін атқарады. Банктер жүздеген қызмет түрлерін көрсетеді, қазіргі заманғы шаруашылықта олардың саны мен түрі үдайы өсіп келуде.
Банктің мәнін ашуда оның экономикалық институт ретіндегі сипаттамасы маңызды. Бұл дегеніміз банк тек дербес заңгерлік статусқа ғана ие емес, сонымен қатар :
oo банк дербес шаруашылық субъект ретінде материалдық әрекетке қабілетке ие;
oo банк әрекетке қабілетті жалпы және спецификалық экономикалық заңдарға бағынышты, оларды елемеу үлкен жоғалтуларға және шығындарға әкеледі;
oo банктер тек өздерінің ақшаларымен ғана емес, сонымен қатар бөтен ақшалармен жұмыс істегендіктен, ақша сферасының бұзылуының зардаптары банк клиенттеріне де тиеді; банк қызметінің саяси жағы экономикалық жағдайлармен шартталған; оның экономикаға әсері тек қызметінің ақшалық аспектісі өндірістің тұрақтану назарымен және бағаммен анықталса ғана үлкен және жағымды болады.
Экономикалық институт ретіндегі осы және басқа да банктің қасиеттері оның жалпы экономикалық сипаттамасын ашады.
Банктік қызмет - абстрактілі емес өндірістік сипаттағы ерекше спецификалық қызмет. Банктің өндірістік сипаты оның өзінің жеке спецификалық өнімін шығарудан көрінеді. Олар:
oo макро және микро деңгейде төлемдік құралдарды эмитирлеу. Ақшасыз еңбек өнімін айырбастау жүзеге асырылмайды, өндірістік процесс орындалмайды. Қолма қол ақшаларды шығару - бұл банктің монополиясы, оны тек банктік жүйенің спецификалық өнімі ретінде жасап, банк қана шығарады;
oo шоғырланатын бос, уақытша қолданылмайтын ресурстар. Жұмыс істемейтін ақша қаражаттарын жұмыс істейтінге айналдыра отырып, банктер шаруашылықты қосымша энергетикалық ресурстармен қамтамасыз етеді;
oo клиентке капитал ретінде, қайта қалыптасқан құн түрінде жетілдірілген өзінің бастапқы нүктесіне қайтып келетін қаражат ретінде берілетін несиелер;
oo әр түрлі қызметтер, оның өндірістік сипаты табысы сәйкес кезеңде құрылған жиынтық қоғамдық өнім мөлшеріне қосылуымен расталады.
Несиелік іс - банк негізі, ерекше ұйымшылықты талап ететін субъект үшін негіз болатын масштабты жұмыс. Несиелік іс банктің субстанционалды негізі бола отырып, есеп айырысуды жүзеге асыратын қызметтен бөлек өз өзімен өмір сүре алмайды.
Жүргізілген талдау негізінде банкті қолма қол және қолма қолсыз ақша түріндегі төлемдік айналымды реттейтін ақша-несиелік институт ретінде анықтауға болады.
Банк теориясының маңызды сұрақтарына оның функциясы жайында мәселе де жатады. Банктің функциясы мен операциялары теңдестіріледі, өйткені функция түсінік ретінде банктің белгілі бір қызмет түрі ретінде сипатталады.
Қызмет түріндегі функция кейбір жағдайларда тек банк тарапынан ғана емес сонымен бірге клиент тарапынан да қарастырылады. Экономикалық әдебиетте мұндай функцияларды қаржыландыруды ашу және ұсыну деп кездестіруге болады; ақшаны және капиталды салу бойынша көмек ашу және ұсыну; ақша салымдары бойынша төлем қаражаттарын үнемдеуді қамтамасыз ету үшін қажетті алғышарт ретіндегі мүмкіндіктерді өңдеу және ұсыну, төлем айналымын жүзеге асыру және ұсыну, басқа да қызметтерді ұсыну.
Банктің функциясы - басқа экономикалық субъектілерге қарағанда банкке тән құбылыс. Осыдан, ақшаны орналастыру процестері, басқа кәсіпорындарға қатысу банк спецификасын көрсетпейді, сондықтан да оның функциясы ретінде саналмайды.
Уақытша бос ақша қаражаттарын шоғырландыру мәселесі қиын жағдай болып отыр. Бұл процесс банк функциясы болып табыла ма? Банк уақытша бос ресурстарды жинайтынында ешкімнің де күмәні жоқ. Эмиссиондық банкте коммерциялық банктердің ақшасы шоғырланады, ал коммерциялық банктерде - клиенттердің ақшасы. Сақтайтын операция, құндылықтарды уақытша сақтау үшін қабылдау, ертеден келе жатқан банктік операциялардың бірі.
Мұндағы мәселе ақшаны жинап, оны келешекте қолдану тек банкке тән ғана емес. Керісінше, ол банктен гөрі басқаларға тән құбылыс. Әрбір субъект қайсыбір шығындарды қаржыландырудан бұрын, белгілі бір қаражат сомасын жинау керек. Іске асырушы субъектілерге тән қаражаттарды шоғырландыру процестерінің ұқсастықтарын ескере отырып, банктің қаражатты шоғырландырудың бірқатар ерекшелітері бар. Олар:
oo банк өзінің қаражатымен қоса, басқалардың қаражаттарын да жинайды;
oo шоғырланатын ақша ресурстары өз қажеттіліктеріне емес басқалардың қажеттіліктеріне қолданылады;
oo шоғырланатын және қайта бөлінген ресурстар қайнары алғашқы кредитордың (банк клиенті) меншігінде қалады;
oo қаражаттарды шоғырландыру банк қызметінің негізгі түрлерінің бірі болып табылады. Қазіргі уақытта оны жүзеге асыру үшін арнайы рұқсаттама керек (лицензия).
Осы және басқа да қасиеттері бойынша шоғырландыру функциясы банктің бірінші функциясы болып табылады. Мұнда мынаны ұмытпаған жөн: әр түрлі инвестициялық қорлар, қаржылық-өндірістік компаниялар да инвестиция үшін ақша ресурстарын жинайды.
Банктің екінші функциясы - ақша айналымын реттеу функциясы. Банктер әр түрлі шаруашылық субъектілердің төлем айналымы өтетін орталық болып табылады. Есеп айырысу жүйесі арқылы банктер өз клиенттері үшін ақша қаражаттары мен капиталды айырбастау, айналысқа түсіру үшін мүмкіндік туғызады. Ақша айналымын реттеу төлем қаражаттарын эмитирлеу, өндірістік субъектілердің қажеттіліктерін несиелендіру, халыққа және шаруашылыққа бұқаралық қызмет көрсету арқылы жетеді. Сондықтан мынадай қорытынды жасауға болады: берілген функция банкке тән, қаржылық-несиелік институт болып табылатын операциялар кешенімен іске асырылады.
Банктің үшінші функциясы - делдалдық функция. Мұнда банк қызметі төлемдегі делдал ретінде түсіндіріледі. Банк арқылы кәсіпорындардың, ұйымдардың, халықтың төлемдері жүргізіледі, яғни банк клиенттердің арасында бола тұрып, олардың тапсырмасы бойынша төлемдерін жасай отырып делдалдық қызмет атқарғандай болады
Алдында айтып кеткендей, банк арқылы жеке субъектінің және мемлекеттік экономиканың ақша айналымы жүреді. Банк арқылы бір субъектіден екіншісіне, халық шаруашылығының бір кешенінен екіншісіне ақша қаражаты мен капиталдың ағылуы жүзеге асырылады.
Шоттар бойынша операцияларды жүзеге асыру арқылы банктер капитал қозғалысын жүзеге асырады, оларды экономиканың бір секторына шоғырландырып, басқа кешендерге және аймақтарға ресурстар мен капиталды қайта бөледі.
Банк экономикалық өмірдің ортасында бола тұрып, шаруашылықтың қажеттіліктеріне сәйкес, капиталдың көлемін, уақытын және бағытын өзгертуге мүмкіндік туады. Сөйтіп, банктің делдалдық қызметі - бұл субъектілер арасындағы кең қатынастарды қамтамасыз ететін және тәуекелді қысқартатын ресурстарды трансформациялау қызметі болып табылады.
Банктер басқа да шаруашылық қатынастардың субъектілері сияқты өздерінің коммерциялық және шаруашылық қызметтерін қамтамасыз ету үшін белгілі бір ақша қаражаттар сомасына, яғни ресурстарға ие болуы керек.
Банктер өз функцияларын екі өзара байланысқан операцияларда - пассивті және активті операцияларда орындайды:
1) банктік ресурстарды құрумен байланысты операциялар пассивті
операцияларға жатады.
Банктердің ресурстары меншікті, тартылған және эмитирленген қаражаттардан құралады.
Меншікті қаражатқа акционерлік, резервті капитал және бөлінбеген табыс жатады.
Акционерлік (немесе жарғылық) капитал акцияларды шығару және орналастыру арқылы жасалады. Негізінен, банктер өз қызметтерінің дамуына сай жаңа акцияларды шығаруды жүйелі түрде жүзеге асырады.
Резервтік капитал немесе резервтік қор табыстан түскен аударымдар есебінен құрылады және ол ойда жоқ шығындар мен бағалы қағаздардың бағамының төмендеуінен болған жоғалтуларды жабу үшін арналған.
Бөлінбеген табыс - дивиденттерді төлегеннен кейін және резервтік қорға аударғаннан кейінгі қалатын табыс бөлігі.
Тартылған қаражаттар банк ресурстарының негізгі бөлігін құрайды. Бұл депозиттер (салымдар), контокоррентік және корреспонденттік шоттар.
Негізгісі - депозиттер, олар қолданғанға дейінгі, жедел және жинақтық төлемдерге бөлінеді.
Контокорренттік шот арқылы банк және оның клиенті арасындағы барлық есеп айырысушылық және несиелік операциялар жүзеге асырылады. Бөлек кезеңдерде бұл шот пассивті болып табылады, ал қалған жағдайларда - активті: егер клиентте қаражат бар болса, пассивті, олар жоқ болса және клиент банкке төлемдік тапсырмасын шығарса немесе чек жазып берсе шот активті болып табылады.
Банктің эмитирленген қаражаттары - банктер мұндай қаражаттарды іздеуде үлкен назар аударады, оларды ұзақ уақыт қолдануға болады. Мұндай қаражаттарға облигациялық қарыздар, банктік вексельдер және тағы басқа бағалы қағаздар жатады.
Жедел ақша қаражаттарын банктер клиентураны несиелендіру үшін және кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыру үшін қолданады.
2) банктік ресурстарды орналастырумен байланысты операциялар активті
операцияларға жатады.
Коммерциялық банктердің активтерін төрт категорияға бөлуге болады: кассадағы қолма қол ақшалар және оған теңдестірілген қаражаттар, бағалы қағаздарға инвестициялар, ссудалар, ғимараттар және құрылғылар
(Қосымша А).
Несиелік келісімдер банктік қызметтің негізгі облысы болып табылады, олар арқылы банктер бір жағынан несие алады және соның негізінде салымшы-клиенттерге қарыз болып қалады (пассивті операция), ал екінші жағынан несие беріп, клиентке қатысты несие беруші болып табылады (активті операция).
Мұнымен қоса, банк көрсететін қызметтерге қарағанда төлем жүргізгенде және есеп айырысқанда банк жауапкершілігі болып тек тапсырысты дұрыс орындау ғана табылмайды, сонымен қатар, пассивті және активті операцияларды жүргізгендегі тәуекелдермен клиенттерді қамтамасыз ету де банк жауапкершілігіне жатады.
Отандық банктер үшін салыстырмалы жаңа түрі - лизингтік операциялар. Банктер өздерінің клиентеріне белгілі бір жалдық төлем орнына ұзақ мерзімге машиналар, құрылғылар және тағы басқа негізгі қорларды ұсынады.
1.2.Банктік несиелеу принциптері және банктік ссудалардың
сыныптамасы
Берілген дәрежеде несиелік қатынастардың маңызы несие түрлерін ашуға мүмкіндік береді. Несиенің түрлері оның құрлымымен тығыз байланысты, сондықтан несиенің түрлеріне тоқталмастан бұрын оның құрлымына қысқаша тоқтала кетейік. Несие бір бірімен тығыз байланыста болатын элементтерден тұрады. Мұндай элементтер ең алдымен оның қатынастарының субъектілері болып табылады. Несиелік келісімде қатынастардың субъектілері болып үнемі несие беруші және несие алушы табылады.
Несиелік қатынастар құрылымының элементіне несие беруші мен несие алушыдан басқа тапсыру объектісі - несие берушіден несие алушыға және керісінше тапсырылатын объектілер жатады. Тапсыру объектісі болып құнның негізгі бөлігі ретіндегі қарыз берген құн жатады.
Жоғарыда айтылған несиелік қатынастар құрылымының элементтері несие түрлерін сыныптаудағы белгісі ретінде көрінеді (Кесте 1).
Кесте 1
Әртүрлі белгілеріне байланысты несие түрлерінің сыныптамасы
Сыныптама белгілері
Қарыз берген құн
Несие берушінің, несие алушының статусы
Несие алушының мақсатты қажеттілігі
Басқа белгілер
Несие түрлері
1
2
3
4
Тауарлық
Банктік
Өндірістік
Тікелей және жанама
Ақшалай
Коммерциялық
Тұтынушылық
Айқын және жасырын
Аралас
Мемлекеттік
Негізгі және қосымша
Халықаралық
Дамыған және дамымаған
Тұтынушылық (жеке)
Несиелік келісімде несие беруші кім болып табылатынына байланысты несиенің келесі түрлері ажыратылады: банктік, шаруашылық (коммерциялық), мемлекеттік, халықаралық, азаматтық (жеке).
Несиенің банктік түрі - неғұрлым кең таралған түр. Бұл дегеніміз нақ осы банктер уақытша қаржылық көмекті қажет ететін субъектілерге өз несиелерін жиі ұсынады. Несиенің банктік түрі бойынша берілген ссуда көлемі басқа түрлері бойынша берілетін ссуда көлемінен анағұрлым үлкен. Банк негіз қалаушы қызметі болып несиелік іс болатын ерекше субъект болып табылады, ол қайтарымдық негізде көптеген ақша қаражаттар айналымын жүзеге асырады.
Несиенің банктік түрінің бірінші ерекшелігі болып банк тек меншікті капиталымен ғана емес, сонымен қатар тартылған ресурстармен де жұмыс істейді. Бір субъектілерден ақшаны қарызға алып, уақытша қолданысқа басқа заңды және жеке тұлғаларға береді.
Екінші ерекшелігі болып банк шотына немесе клиенттердің салымдарына салынған уақытша бос ақша қаражаттарынаң тарылуы табылады.
Үшінші ерекшелігі келесідей сипатталады. Банк жай бір ақша қаражаттарын емес, капитал түріндегі ақшаны қарызға береді. Бұл дегеніміз қарыз алушы банктен алған қаражатын несие берушімен есеп айырысып қана қоймай, одан тіпті несиенің пайызын өтейтіндей табыс ала отырып пайдалана білу керек. Несиенің банктік түрінің ақылығы оның ажырамас бөлігі болып табылады.

Қоғамдық капиталды іске асыру жағынан қарағанда банктік несие капитал ссудасына (қарыз алушылар қызмет ететін капиталдың көлемін ұлғайту мақсатында қаражаттарды қолданғанда) және ақша ссудасына (несие алушылар қарыз міндеттемелерін өтеу үшін қаражаттарды алғанда) ұлғаяды.
Банктік несие өзінің маңызды ерекшеліктерін сақтай отырып, біршама сандық және сапалық өзгерістерге ұшырады. Оның біреуі ссудалық келісімнің қатысушыларымен байланысты. Қазіргі уақытта ол екі қатысушымен: банкирлер және қызмет ететін капиталистермен ғана шектелмейді. Бір жағынан, ссудалық капиталды банктен басқа әр түрлі мекемелер де бере береді (қаржылық компаниялар, несиелік серіктестіктер, одақтар).
Несиелік мүмкіндіктер ғана өзгермейді, сонымен қатар ұсынылған ссудалардың көлемі де өзгеріске ұшырайды. Несиелік операциялардың көлеміне ішкі және сыртқы факторлар әсер етеді. Біріншісіне банктің қолындағы ресуртар көлемі жатады. Ресурстардың өсуі сәйкесінше оның несиелік мүмкіндіктеріне әсер етеді және активті операциялардың өсуіне әкеледі.
Банктік несиенің көлеміне тек ақша-чектік эмиссиямен қосылған нақты ресурстардың көлемі ғана әсер етпейді, сонымен қатар өндірістік компаниялардың, жеке тұлғалардың және мелекеттік мекемелердің қарыз қаражаттарына деген сұранысы да үлкен әсер етеді. Экономикалық түсу кезінде банктер ресурсы емес ссудалық капитал нарығының конъюктурасын анықтайтын несиеге әлсіз сұраныс басты фактор болып табылды.
Банктік несиені сипаттай отырып, несиелеу қағидалары жайында айта кеткен жөн. Кез келген несие түрінің қағидалары сияқты олар: қайтарымдылық, ақылық, қамтамасыз ету, мақсатты сипаттама, несие алушы-клиенттерге диференциацияланған тақалу. Банктік несиені сипаттай отырып, несиелеудің принциптерін айта кету қажет.
Қарызға беру құнының қозғалу кезеңіне қарамастан несиенің қайтарымдылығы несиенің жалпы қасиеті боып табылады. Қайтарымдылық өз өзінен пайда болмайды: ол материалдық үрдістерге, құнның айналымының аяқталуына негізделеді. Бірақ құнның айналымының аяқталуы - ол қайтару емес, құнның босауы несиені қайтаруға дайындық болып табылады. Несиені қайтару мерзімі босаған қаражаттар қарыз алушыға уақытша қолданысқа берген ақша қаражатын қайтарып алуға мумкіндік бергенде ғана басталады. Қайтарымдылық екі жақты үрдісті білдіреді, ол несие алушы үшін де, несие беруші үшін де бірдей маңызды.
Несиені қайтаруды білдіретін қайтарымдылық қағидасына қарағанда мерзімділік қағидасы несиенің уақытында және несиелік келісім шартта бекітілген тәртіп бойынша қайтару керектігін білдіреді. Несиенің мерзімділігі несиені беру кезінде мерзімін анықтауға мумкіндік беретін әр түрлі кешендердің ақша қаражатының айналу жылдамдығына негізделген.
Банктік несие банк үшін ақылы ресурс боып табылатын тартылған қаражаттар негізінде беріледі. Коммерциялық кәсіпорындар негізіндегі банктер ресурстарды төлеммен сатып ала алмайды және өзінің несиелерін тегін сата алмайды. Несиенің ақылы сипаттамасы капиталдың қозғалысы ретінде сипатталады.
Қамтамасыз ету қағидасы несие алушымен алынған ссуданы уақытында қайтару қандай да бір материалды құндылықтардың қолда барымен кепілдендірілуі керектігін білдіреді. Бұл қағиданы ұстану несие берушінің шығындар бойынша тәуекелдің төмендеуіне әкеледі.
Қолданудың мақсатты сипаттамасы несиелеудің несиелеу түрі мен объектісін алдын ала білу негізінде жүзеге асыруын білдіреді. Бұл қағида несие алушыға несие берушінің қызметінің нақты жүзеге асырылуына және қаражаттың қайтарылуына көзін жеткізуге мүмкіндік береді. Несиелеу кезіндегі дифференциацияланған тәсіл түрлі несие алушыларға несие берудің әртүрлі жағдайларын білдіреді.
Банктік несиенің түрі - несиені жіктеу үшін қолданылатын ұйымдастырушылық-экономикалық сапасы бойынша неғұрлым толық сипаттамасы. Олардың классификациясы бойынша бірыңғай әлемдік стандарттар жоқ, әр елде өзінің ерекшеліктері бар. Несиелер келесілерге байланысты жіктеледі:
oo несиемен қызмет көрсететін іске асыру сатысы бойынша;
oo кешендік бағытталу бойынша;
oo несиелеу объектісі бойынша;
oo қамтамасыз етілуі бойынша;
oo несиелеу жеделдігі бойынша;
oo ақылылығы бойынша және т.б.
Несие, алдында айтып кеткендей, айырбас категориясын білдіреді. Қызметін жалғастыруға қажетті өз өнімін сату, шикізат, құрылғылар және басқа тауарларды сатып алу кезінде тауар өндірушілер қосымша төлем қаражаттарды қатты қажетсінеді. Несие төлемнің маңызды құралы бола отырып, қарыз алушының әр түрлі қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қолданылады. Бұл қажеттіліктер төлем айналымының ара қашықтығы көрінетін айырбас кезінде ғана пайда болмайды, сонымен қатар басқа да іске асырулар кезінде де болады. Өнім шығаратын шаруашылық ұйымдар алған ссудаларын өндіріс құралдарын алу үшін, жұмыскерлермен жалақы бойынша есеп айырысуды жүргізу үшін, бюджеттік ұйымдармен есеп айырысу үшін қолданылады. Халық несиені өзінің тұтынушылық мұқтаждықтарын қанағаттандыру үшін алады. Айырбас категориясы бола отырып, несие өндіріс қажеттілігін қанағаттандыру үшін, жалпы өнімді тұтыну және бөлу үшін қолданылады.
Несие өзінің кешендік бағыттылығына байланысты түрлерге бөлінеді. Несие өндірістік кәсіпорындардың қажеттілігіне қызмет көрсетсе, онда ол өндірістік несие. Сонымен қатар, ауылшаруашылықтық, тауарлық несие болады. Несиенің кешендік бағытталуы елдер қатарының мемлекеттік статистикасында көрінеді (өндіріске, ауылшаруашылығына, саудаға бөлек несиелер бөлінеді). Кешендер бойынша несиелерді және бөлек коммерциялық банктерді бөледі.
Несиенің сыныпталуы сонымен қатар несиенің объектісімен ықпал етеді. Объект несиеге қарсы нәрсені көрсетеді. Көп жағдайда несие әр түрлі тауарларды иемдену үшін қолданылады (өндірісте - шикізатты, негізгі және қосымша материалдардарды, отын, тара және т.с.с., саудада - әр түрлі ассортименттегі тауарларды, халық - ұзақ мерзімді қолданыстағы тауарларды) және мұнда несиеге түрлі тауарлы - материалдық құндылықтар қарсы тұрады. Кейбір жағдайларда ссуда әр түрлі өндірістік шғындарды жүзеге асыру үшін беріледі. Мысалы, ауыл шаруашылығында шығындар көбінесе өсімдік өсіруге, мал өсіруге бағытталады, өндірісте - мерзімдік шығындарға бағытталады (ремонт, ауыл шаруашылық өнімдерді өндірудің жаңа мерзіміне дайындық және т.б.).
Несиелеу объектісінің материалды-заттық пішіні болуы да болмауы да мүмкін. Несие алушы ссуданы міндетті түрде оған керек тауарлы-материалдық құндылықтарды жинау үшін ғана алмайды. Сондықтан несиеге материалдардың нақты түрлерінің қарсы тұруы міндетті емес. Ссуда көп жағдайда кәсіпорында бос ақша қаражаты уақытша болмаған кезде, бірақ ағымдағы төлемдер бойынша әр түрлі міндеттемелер қалыптасқан кезде төлем айналымындағы арақашықтыққа алынады. Бұл кәсіпорын жұмыскерлеріне жалақыны төлеу бойынша қажеттілікпен байланысты мұқтаждық. Жергілікті және республикалық бюджетке төленетін салықтарға байланысты, мүлікті сақтандыру бойынша төлемдерге байланысты мұқтаждықтар болуы мүмкін. Бұл жағдайда несие ақша қаражаттарының жеткіліксіздігін және төлем айналымындағы қашықтықты жабады.
Несиенің түрі бойынша сыныпталуы оның қамтамасыз етілуімен байланысты. Әдетте, қамтамасыз етуді сипаты, дәрежесі және пішіні бойынша ажыратады. Қамтамасыз етудің сипаты бойынша тікелей және жанама қамтамасыз етуі бар ссудаларды ажыратады. Тікелей қамтамасыз етуі бар ссудаларға нақты материалдық объект үшін берілген, тауарлы-материалдық құндылықтарды сатып алу үшін берілген ссудалар жатады. Жанама қамтамасыз етуі бар ссудаларға төлем айналымындағы қашықтықты жабу үшін берілген ссуда жатады. Ссуда несие алушының төлем міндеттемелерін өтеу үшін, тауарлы-материалдық құндылықтарға төлеу үшін берілсе де, меншікті ақша көздерінен құрылған тауарлық қор түріндегі қосымша материалдық қамтамасыз ету көрінеді.
Қамтамасыз ету дәрежесі бойынша толық (жеткілікті), толық емес (жеткіліксіз) қамтамасыз ету мен қамтамасыз етуі жоқ несиелерге бөлінеді. Қамтамасыз ету мөлшері берілген несие мөлшерінен жоғары болса, толық қамтамасыз ету болады. Толық емес қамтамасыз ету оның мөлшері несие құнынан төмен болғанда қалыптасады. несиенің қамтамасыз етуі де болмауы мүмкін. Мұндай несие бланктік деп аталады. Ол көбінесе банктің несие алушыға толық сенімділігі кезінде немесе қаражаттың толық қайтарылуына сенімді болғанда беріледі.
Несиені қамтамасыз етуді тек берілген құнның қарсы тұруы мен өтімді тауарлық-материалдық құндылықтардың тарапынан ғана қарастыруға болмайды, сонымен қатар оларды сыртқы кепілмен де қарастырады. Несиені қайтаруды қамтамасыз етудің тобына тауарлық-материалдық құндылықтарды, несие алушы меншігіндегі мүлікті кепілдендіруден басқа сақтандыру, басқа да кепіл түрлері жатады.
Несие сыныптамасы кезінде жедел несиелендіруге байланысты несие қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді және орта мерзімді ссудаларға жіктеледі.
Қысқа мерзімді несиелер қарыз алушының айналым капиталының қозғалысымен байланысты ағымды қажеттілігіне қызмет көрсетеді. Қысқа мерзімді несие болып халықаралық стандарттар бойынша қайтару мерзімі бір жылдан аспайтын несие табылады. Бірақ тәжірибеде олардың мерзімі бірдей болмауы мүмкін. Бұл экономикалық жағдайлармен, инфляция дәрежесімен анықталады. Мысалы, Қазақстанда 90-жылдары инфляциялық үрдістер әсерінен қысқа мерзімді ссудаларға мерзімі 3-6 айға дейінгі несиелер жатады.
Орта мерзімді және ұзақ мерзімді несиелер өндірісті жаңартуға және өндірісті кеңейтудегі капиталды шығындарды жүзеге асыру үшін арналған ұзақ мерзімді қажеттіліктерге қамтамасыз етеді.
Орта мерзімді және ұзақ мерзімді несие бойынша бекітілген стандартты мерзім әлі жоқ. Мысалы, АҚШ-та орта мерзімді несиелерге өтеу мерзімі 8 жылдан аспайтын несиелер жатады, Германияда 6 жылдан аспайды. Ұзақ мерзімді несиеде де бірыңғайлық мерзім жоқ.
Қазақстанда орта мерзімді несиелерге өтеу мерзімі 6 айдан 12 айға дейінгі несиелер, ұзақ мерзімді несиелерге мерзімі 1 жылдан асатын несиелер жатады. Несиелерді олардың қызмет ету мерзімі бойынша бөлуді несие алушы шаруашылығында жақтады, өйткені ақшаның құнсыздануы кезінде тіпті қысқа мерзімнің өзінде капиталды жоғалтуға әкелуші еді. Қатты инфляция несие мерзімі жайында көріністі қалыптастырды, несиелеу жеделдігінің критерийін өзгертті.
Несиені оны қолданудағы ақылығына байланысты сыныптауға болады. Мұнда ақылы және ақысыз, қымбат және арзан несиелерді ажыратады. Бұл жіктеудің негізінде ссуданы қолданғаны үшін бекітілген пайыздық ставка мөлшері жатыр.
Қазіргі заманғы шарушылықта несие капитал қызметін атқарады. Бұл дегеніміз несие беруші қарызға беретін құнды ақша сомасы ретінде емес ссудалық пайыз ретінде қайтып келетін, өздігінен өсетін құн ретінде береді. Қарыз алушы берілген қаражатты өндірістің үзіліссіздігін қамтамасыз ету үшін, сонымен қатар, несие берушімен есеп айырысатындай жаңа құнды құру үшін тиімді қолдану керек. Сондықтан, несие құндық көрсеткіш ретінде ақылы сипатта болады.
Дегенмен, ертедегі және қазіргі тарихта өте шектелген мөлшерде ақысыз несие де кездеседі. Көп жағдайда қазіргі заманғы шаруашылықта бұл несие инсайдерлерді (банк қызметкері) несиелендіргенде, несиенің жеке (достық) түрі кезінде және т.б. беріледі.
Қымбат несие түсінігі мөлшері нарықтық несиеден үлкен пайыздық ставканы төлеумен байланысты. Ереже бойынша, мұндай ставка ссуданы қайтармауының (күмәнді қамтамасыз етуге байланысты, несие алушының төмен несиеқабілеттілігіне байланысты) жоғарғы тәуекелі бар несие бойынша бекітілген. Басқа несиелер (жоғары пайыздық ставкамен) уақытында ссуданы қайтармағаны үшін, несиелік келісім-шартқа қайшы келетін өзгерістерге өзіндік санкция ретінде қолданылады.
Несие беруші көп жағдайда ақылықтың мөлшерін несиенің мерзіміне, қамтамасыз етудің сапасына, қарыз алушының несиеқабілеттілігіне байланысты өзгертеді. Ақылық экономикалық цикл - көтерілу, депрессия немесе экономикалық кризис есебінен өзгереді
Арзан және қымбат несиелер - бір-біріне қатысты түсініктер. Мысалы, батыс тәжірибесі үшін 1990 жылғы экономикалық кризис және инфляция кезіндегі қазақстандық банктердің пайыздық ставкасы өздерінің мөлшерімен салыстырғанда анағұрлым үлкен. Әлемдік банктік тәжірибеде несиені жіктеудің басқа да нысандары бар.

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА БАНКТІК НЕСИЕЛЕУ
ЖҮЙЕСІНІҢ ЖҰМЫС ІСТЕУ МЕХАНИЗМІ
2.1 Қазақстан Республикасында банктік несиелеу жүйесінің қазіргі
жағдайы және эволюциясы
Бұрынғы КСРО, сәйкесінше Қазақстанда Мемлекеттік Сыртқы сауда және Құрылыс банктерінен тұратын бір деңгейлі банктік жүйе болған.
1990-1991жж. Қазақстанның тәуелсіздікті алу мен нарықтық қатынасқа ауысу негізінде банктік жүйені қайта құрудың қажеттілігі туды. Ол үшін 1990 жылы Қазақстанның банктік жүйесін қайта құру үшін заңнамалық негіз құрылды - Қазақ КСР банктер және банктік қызметтер туралы жаңа заң қабылданды. Берілген заңмен бірінші рет коммерциялық банктің анықтамасы мен басқа да несиелік мекемелерді (өзара несиелендіру қоғамы, зейнетақы, инвестициялық қорлар, ломбардтар) құруға рұқсат бекітілді. Жеке меншік банктерді ашуға, сонымен қатар шетел капиталының қатысуымен банктерді ашуға рұқсат берілді. Сонымен қатар бұл заңда Қазақ КСР мемлекеттік банкінің ақша - несиелік аймағындағы негізгі мақсаттары мен функциялары бекітілді, коммерциялық және мемлекеттік банктермен жүзеге асырылатын операциялар тізімі және коммерциялық банктердің қызметтерінің ашылуы мен тоқтатылуының тәртіптері мен мемлекеттік банкпен коммерциялық банктерді басқарудың негізгі қағидалары мен әдістері анықталды.
Екі деңгейлі банктік жүйесі 1991 жылы мемлекеттік кешендік банктердің қайта құрылуымен және КСРО мемлекеттік банкінің республикалық бөлімдерін зайырлы мемлекет орталық банктеріне тән функциялармен қамтуымен, сонымен қатар бірінші коммерциялық банктердің ашылуымен бірге құрылды.
Жаңа банктік жүйенің бірінші деңгейі Ұлттық Банкпен ұсынылды.
Банктік жүйенің екінші деңгейі бұрынғы КСРО шекарасындағы мамандандырылған банктердің жүйесіне кіретін ертеде болған мамандандырылған банктер негізіндегі банктер ұсынды, олар: Промстройбанк (Туранбанк), Казвнешэкономбанк (Алембанк), Жилсоцбанк (Кредсоцбанк), Казсбербанк, Агропромбанк.
1993 жылдың сәуірінде Қазақстан Республикасындағы банктер туралы және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы арнайы заңдар қабылданды, біріншісінде тек банктік қызметке қатысты реттеу нормалары ғана қалды. Сонымен қоса, реттеу құралдары мен әдістері кеңейтілді.
1993-1994 жылдары коммерциялық банктердің саны 204-ке жетті, оның көбісі қаржылық қабілетсіз болды. Ұлттық Банктің алдында банктік секторды сауықтандыру мәселесі тұрды. Банктерді құру мен олардың қызметтері туралы неғұрлым қатаң талаптары, сонымен қатар Ұлттық Банктің банктік қызметті реттеу бойынша неғұрлым кең өкілеттілігі 1995 жылдың 31 тамызында банктік қызметті жүзеге асыру мен банктік қадағалаудың халықаралық стандарттарының негізінде жасалған Қазақстан Республикасындағы банктер мен банктік қызмет туралы заңның күшімен Қазақстан Республикасы Президентінің Қаулысында бекітілді. Содан бері өзгертулер мен қосымшалар 12 рет енгізілді. Банктік заңнаманы жетілдірудің негізгі мақсаты болып банктік іс тәжірибесінің жақындауы мен банктік қызметті халықаралық стандарттар бойынша, ең алдымен банктік қадағалау бойынша Базельский комитетінің негізгі қағидалары бойынша реттеу табылады.
FSAP бағдарламасы шегінде МВФ және ВБ арнайы миссиясымен жасалған тиімді банктік қадағалаудың негізгі қағидаларын ұстануды бағалауға сәйкес, 2000 жылдың басына құқықтық жүйе толығымен Базельский комитетінің талаптарына сәйкес келді. Бұл бағалау халықаралық қаржылық ұйымдармен де расталады, мысалы Еуропалық Қайта құру мен Даму Банкісімен Қазақстанның банктік секторының қайта құрылуына жасалған бағалау бұрынғы социалистік лагерге кіретін мемлекеттер арасында тек Балтық жағалауы мен Шығыс Еуропаның елдерінің көрсеткіштеріне ғана жол береді.
Жаңа заңға сүйене отырып, 1995 жылы банктік қадағалаудың өкілетті органы ретінде Қазақстан Ұлттық Банкі банктік жүйені қайта құруды жүзеге асыра бастады.
Қазақстанның банктік жүйесін қайта құрудың бірінші бағдарламасы 1995 жылға сол жылдың 15 қаңтарында қабылданған Қазақстан Республикасы Президентінің қаулысымен бекітілді. Реформаның басты мақсаты ақша ресурстарының орталықтанған қайта бөлуді максималды қысқарту болып табылады. Банктер халықтың жинағын, шаруашылық субьектілердің бос ақша қаражаттарын және сыртқы қарызды тарту есебінен экономиканы несиелеуді қамтамасыз ету керек болатын.
Қазақстан республикасының Басқармасымен мемлекеттің банктің жарғылық капиталындағы үлесін азайту шараларын қабылдады, дәлірек айтқанда:
oo 1997-2001жылдарға Қазақстанның Акционерлік Халықтық Жинақтық Банкінің қадамдық жекешелендіру бағдарламасын бекіту;
oo Казагропромбанк ашық түрдегі АҚ акцияларының мемлекеттік пакетін айырбастауды аяқтау;
oo Туранбанк коммерциялық акционерлік Банкі және Алем Банк Казахстан акционерлік Банкі акцияларын мәжүрлік сатып алу, олардың ТұранӘлем Банк АҚ ауысуы және банктерді жекешелендіру бойынша тендер жүргізу;
oo Казкредсоцбанк ашық түрдегі АҚ акцияларын мәжбүрлік сатып алу және оның Жилстрой-банк АҚ қосылуы, содан кейін Қазақстан Республикасы Жилстройбанкін АҚ жекешелендіру мақсатында тендер жүргізу.
Банктік секторды тұрақтандыру мен дамыту мақсатында 1996 жылдың аяғында екінші деңгейлі банктердің халықаралық стандарттарға көшу Бағдарламасы қабылданды, оның шекарасында халықаралық стандарттағы банктердің жеткілікті капиталға, активтердің сапалылығына, менеджмент деңгейіне, бухгалтерлік есепті жүргізуге, ақпаратты таратуға қадамдық жету қарастырылды.
2001 жылдың 1 мамырына жағдайы бойынша 11 банк - I топқа, 24 банк - II топқа жатқызылды, 12 банк бағдарламадан шығып кетті.
Бағдарламаның мақсаты халықаралық стандарттар деңгейінде өз қызметтерін жүзеге асыратын жоғары капиталданған банктер кіретін тұрақты банктік жүйені құру болғандықтан банктердің саны қаржылық жағдайы тұрақсыз болған банктер есебінен күрт төмендеді. Мұнымен қоса келесіні айта кеткен жөн: банктердің капиталдану деңгейіне деген қатаң талаптары банктік секторды сауықтандыруды тездетті, көбінесе банктердің қосылуы, төмен капиталданған банктердің өз еркімен несиелік серіктестіктерге қайта жандануы байқалды. Қаржылық тұрақсыз және төлемқабілетсіз банктерге қатысты барлық банктік операцияларды жүргізуге жоққа шығарылған лицензиялар мен мәжбүрлік жою үрдістері қолданылды.
1997 жылы банктер инвестициялық және депозиттік болып бөлінді, банктік қызмет түрлерін кеңейту ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz