Физика сабағында дарынды балаларды оқытудың ерекшеліктері


Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты
Жаратылыстану-математика факультеті
Физика-математика және жалпы техникалық пәндер кафедрасы
Қорғауға жіберілді «___»201__ж.
Калаков Б. А.
(кафедра меңг. )
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Физика сабағында дарынды балаларды оқытудың ерекшеліктері
5В011000-Физика
Орындаған: Қошқар Ш. С.
Ғылыми жетекшісі: А. Г. Косжанова,
ФМжЖТП кафедрасыныңаға аға оқытушысы
Қостанай, 2017
Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты
Жаратылыстану -математика факультеті
Физика-математика және жалпы техникалық пәндер кафедрасы
Қошқар Шаяхмет Сейілжанұлы
Физика сабағында дарынды балаларды оқытудың ерекшеліктері
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
5В011000-Физика
Қостанай 2017
Мазмұны
Кіріспе
Тәуелсіздікке қол жеткізгенге дейін Қазақстанда Орталық Азиядағы ең үздік мектепке дейінгі білім жүйесі болды. Қазіргі жаңарған қоғам шығармашыл, белсенді, өз мүмкіншілігін толық атқара алатын және жоғары білімді меңгерген, өзіне сенімі мол, салауатты-сауқатты, жан-жақты мәдениетті азамат тұлғасын қалыптастыру қажеттілігін талап етуде. Өйткені, мәдениетті әрі білімді жас ұрпақ қана ғажайып биік деңгейге көтеріле алады.
Еліміздің ғылыми- техникалық потенциалының артуы, табиғаттану және техникалық білім- өндіріс саласында жоғары шебер технократ мамандарға деген казіргі заманғы сұраныс орта мектепте білім берудің жаңа формаларын шешімді түрде енгізуді және насихаттауды қажет етеді.
Физика пәнінен қиындатылған, олимпиадалық деңгейдегі есептерді шығару- физикалық құбылыстарды, оны сипаттайтын заңдылықтарды дұрыс және терең түсінуге көмектеседі. Физикалық пәндік олимпиадалар жастар арасында білімді насихаттауда, физиканың оқытылу сапасын көтеруде аса маңызды орта болып табылады. Ал, мектепішілік, қалалық және аймақтық олимпиадаларға нәтижелі қатыса білу аса зор дайындықты, дәлірек айтсақ, сабақтан тыс дайындықты қажет етеді.
Дипломдық жұмыстың тақырыбы:
Дипломдық жұмыстың мақсаты: оқушылардың дарындылығын ғылыми тұрғыда зерттеу, оқу материалының тақырыптық жоспарын және әдістемелік нұсқау құрастыру және машықтануда қолдану.
Дипломдық жұмыстың міндеттері:
- «Дарынды және талантты оқушыларды анықтау» жолдарын табу.
- Пән мұғалімдеріне оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер, оларды оқу мен тәрбие жұмыстарында қалай қолдануға болатындығы жайлы, ол әдіс-тәсілдердің тиімділігі туралы түсінік беру:
Құралы: мектептегі оқыту процесі.
Гипотеза: Егер «Физика» курсы бойынша дарынды балаларға арналған бағдарламасын мектептегі оқушыларды оқыту процесіне енгізсек, онда сол оқушылардың білімдерінің сапасын арттырады және жетістіктерге жетеді.
Дипломдық жұмыс кіріспеден, бірінші тарау дарындылықты шыңдаудың негізгі көзі-мектеп және әртүрлі деңгейдегі олимпиадаларды ұйымдастыру және
1 Дарынды балалармен психология-педагогикалық жұмыс істеу аспектілері
Жалпы ақыл-ой дарындылығы ақыл-ой жетістігі талап етілетін жағдайдың бәрінде болады (жалпы сұрақ-әртүрлі жаттығуда индивидтің ақыл-ой қабілеті мүмкіндігінің бірдей болмауы) . Мектептің жалпы білім беру шартындағы оқушылар арасындағы ақыл-ой қатынасы бойынша ерекшеліктер жоспарда бірінші орынға шығады. Мектепте «орташа оқитын» оқушыны бағалау негізінде бағдарлау өткен уақыттарда қалды. Қазір біздің қоғамның жаңа дамуында қүрбыларын интеллект белгілерін көрсете отырып, озық еткен балаларға көңіл аудару - мектептің көкейтесті міндетінің бірі болып табылады.
Жалпы ақыл-ой қабілеттілігіне біршама психологтардың зерттеу жұмыстары арналған. "Ақыл-ой» мүмкіндігінің біртұтас сипаттамасын, жиі «интеллект» сөзімен белгілейді. Психологияда бұл термин аумағында дау-жанжал туылуда: интеллект құрылымының күрделілігі анықталуда, оның әр түрлі сапалы түрлері бөлінуде. Бірақ бұл терминнен бас тарту дұрыс емес секілді көрінеді. Ол таным және шығармашылық мүмкіндіктердің өзіндік деңгейін белгілеуге арналады, яғни көбіне «ақыл-ой дарындылығы» түсінігінің термині ретінде қолданылады.
Ақыл-ой дарындылығының арнайы түрлері, яғни философиялық-теоретиялық жаттығуларға, қоғамдық іс-әрекетке, қандай да бір ғылым аумағында, техникаға немесе ұйымдастырушылық -практикалық іс-әрекет түрлеріне дарындылық - мәселенің маңызды бөлігі болып табылады.
Ақыл-ой дарындылығы - бұл жалпы және жеке ақыл-ой сапасының сәйкес келуі. Психологиядағы бар материалдар, мұғалімдер мен тәрбиешілерді ақыл-ойға байланысты дарынды балалардың 3 категориясына назар аударуға көмектеседі. Бірінші категорияда - өмірдің бірдей шартында ақыл-ой дамуының ерекше жоғары деңгейін көрсететін балалар. Олар жиі мектепке дейінгі және төменгі сынып жасындағы балалардың арасында кездеседі. Екінші категорияда - арнайы, мысалы: математика немесе басқа ғылымның қандай да бір аумағында ақыл-ой қабілеттілігінің белгілері бар балалар. Мұндай оқушылар жасөспірім жаста байқалуы мүмкін. Үшінші категорияда - оқуда табысты болып үлгермеген, бірақ психикасының оригиналдылығымен, танымдық белсенділігімен, сирек кездесетін ақыл-ой қорымен қамтамасыз етілген балалар енгізілген. Бұл жерде потенциалды немесе «жасырынды» дарындылық туралы сөз болып отыр. Мұндай ақыл-ой мүмкіндігі бар оқушылар жоғары сыныпқа дейінгі жаста жиі көрінеді. [1]
Ғылым жетістігінде мәнді нәтижелерге жету, әдетте кешқұрым өтеді, ол қандай да жаңалық үшін терең және ауқымды біліммен қамтамасыз етілу керектімен байланысты. Осы келтірілген дарындылық сыныпификациясымен қатар, әдебиеттерде басқа да көзқарастар кездесуде. Шетел ғалымдары дарындылықтың келесі түрлерін бөледі:
• интеллектуалды, оның түрі - академиялық
• көркемдік, шығармашылық (креативтілік)
• модерлік немесе әлеуметтік психомоторлы немесе спорттық.
Басқа ғалымдар шығармашылықты еңбектің өз бетінше түрі етіп бөлудің қажеті жоқ, - дейді. Шығармашылықты дарындылық - бұл тек жоғары деңгейлік емес, сонымен қатар оның өзгеруі мен дамуының ерекшелігі. Іс-әрекет әрдайым жеке орындалынады. Оның мақсаты мен мотивтері іс-әрекеттің жүруіне әсер етеді. Дарындылық жоғары деңгейдегі қабілеттілік кешенінің барын, сонымен қатар баланың мотивациясын, оның іспен айналысудағы қызығушылығын да болжайды. Адам өз жүмысын шын ниетпен орындаса, ол сол іс-әрекет процесінде туылатын жаңа ой-пікірлерді іске асырады. Іс-әрекеттің бала инициативасы бойынша дамуының өзі шығармашылық. Мүндай теориялық түсініктің практикалық маңызды мәні бар, өйткені дарынды балалармен жүмыс жасауда іс-әрекеттің ішкі мотивациясын қалыптастыру, жеке түлға бағыттылығы мен бағалық жүйесі үшін жағдай құру қажет. Бұл жеке тұлғаның рухани қалыптасуына негіз болады.
Шығармашылықта психикалық процестер (ойлау, ес, қиял, эмоциялар т. б. ), психикалық күйлер (құмарлық, зерігу, яғни уайымдау мен қылықтың бірлігі) және индивидтің жеке түлғалық қасиеттері байқалады, дарындылықтың психологиялық құбылыс ретінде даму деңгейі үшін психологиялық критерий жасауға әсер етеді.
• психологиялық процесс түрінде, ол кейде эпизодтық түрде пайда болады, өйткені белгілі индивидтің жеке түлғалық дамуына әсер етпейді.
• психикалық күй түрінде, бұл уайым мен жеке тұлғалық өзін-өзі сыйлау үшін ситуациялар іздеу және қалыптастыру ретінде кездеседі. Бірақ ол белгілі индивид үшін «өміріндегі жалғыз ғана мән-мағына» болып табылмайды
• жеке тұлғалық мінездеме түрінде. Бұл «өмірдің жалғыз мағынасы» болып табылатын және шығармашылық актінің кез-келген ситуацияда өмір сүру қажеттілігінде көрінетін және кез-келген іс-әрекет түрінің, әсіресе жеке тұлғаға қызығушылық туғызатын іс-әрекеттің орындалуында көрінетін, жеке тұлғалық мінездемелер ерекшелігі. Келтірілген психологиялық ерекшеліктермен сәйкес, балаларда дарындылықтың көрініс бесеуі 3 топқа бөлінеді. Оларды шартты түрде былай деп белгілеуге болады: дарындылықтың «эпизодтық», «ситуативті», «тұрақты» топтары. Бала дарындылығының көрсетілген типтері, оқу процесінің индивидуализациясы мен дифференциациясын жасауда, сонымен қатар үлгілі технологияларда берілген ерекшеліктер бойынша, психологиялық білім беру деңгейімен сәйкес, диагностика жүргізуге көмектеседі. [2]
1. 1 Қазіргі шет елдер ғылымдарындағы дарындылық түсінігі
Бірқатар жас ғалымдар - Дж. Гилфорд, П. Торренс, Ф. Баррон, К. Тейлор және тағы басқа психологияда шығармашылық дарындылықтың жаңа шекарасын белгілейтін бірқатар ауқымды ірі зертетулерді жүргізді. Бұл зерттеулер және жеке-дара айырмашылықтар психологиясы бойынша теориялық зерттулердің шоғырлауына себепші болды.
70-ші жылдардың басында жеке-дара айырмашылықтар психологиясы практикалық ғылым болып қалыптасады. Зерттеулер білім саласына ығысады. 70-ші жылдардың соңы - 80-ші жылдардың басында енді мүлдем жаңа, психологияның қолданбалы саласы - таланттылар психологиясы саласы пайда бола бастайды.
Дж. Гилфорд еңбектері мынаны көрсетті: мектептің соңында көптеген дарынды балалар ауыр депрессия күйін бастап кешеді, өз құрбылары мен ересектер өз дарындылығын жасырғысы келеді.
Дарынды балалар мектепте олар үшін даралап оқыту болмағандықтан “дискриминацияны” сезінеді (С. Марленд, 1972) .
70-ші жылдардың соңында тек жеке емес, әрі мемлекеттік мектептер даралап оқытуды таңдауға көшті.
80-ші жылдардың басында дамыту жоғары дарынды балалар мүмкнідігін дамыту бойынша халықаралық ірі жоба жүзеге асты АҚШ-та дарынды балалардың жетекшілігі (лидерлігі) бойынша оқытудың арнайы курстары құрылды.
Біздің елімізде 20-шы-30-шы жылдары дарындылықты зерттеудің пәні ретінде когнитивті әдістемелер диагностикасы табылды.
В. Штерн дарындылыққа мынандай анықтама берді: “Ақыл-ой дарындылығы жаңа талаптарға өз ойлауын саналы бағыттау, жаңа міндеттер мен өмір жағдайларына бейімделудің жалпы ақыл-ой икемділігі болып табылады”. Дарындылықтың мұндай сипаттамасы оның деңгейлерін саралап бөлуге мүмкіндік берді.
Ерте уақыттан бастап, ХІУ ғасырға дейін данышпандық тек өнерде көрініс береді деген тұжырым қалыптасты. Мемлекеттік іс-әрекеттенушілерге, әскери басшыларға, ғалымдарға данышпандық атағы берілмеді. Бірақ бұл көзқарасты қайта қарастыруға талпыныс болды. Аристотель көркем шығармашылықтың интеллектуалдық іс-әрекетпен байланысын ескерген. “Созерцательная деятельность разума” терминін енгізе отырып, ол адам іс-әрекетінің түрлерін ерекшелеуге талпынды. “Сананың мазмұнды іс-әрекеті” (ғылыми және көркемдік), оның ойынша кез-келген басқа іс-әрекеттен жоғары рақымдылық іс-әрекеті (саяси және әскери) басқалардан әдемілігімен, кеңдігімен ерекшеленеді. Осыған қарамастан Аристотельде шығармашылық процесі белгілі бір деңгейде мистикалық көрінісін жоғалтады. Оның пікірі бойынша шығармашылық бақылауға жүктелген. Ол өнер шығармашылығы қажет болып табылатын ережелер, нормалар қатарына негіздеуге талпынды. Аристотель көркем шығармашылықты оқу қажет деген талап қойды.
Ертедегі грек философтары данышпандылықты құдай күшімен пайда болды дей келе, тәрбие мен білімнің маңызды екенін айтты. Бірақ олар талантты дамыту үшін қоршаған орта мен оқытудың маңыздылығын “құдайылық” қабілеттілігімен салыстырғанда қосалқы, екіншілік деңгейдегі іс деп санайды.
Жаңа дәуірде дарындылықтың табиғатын испаниялық дәрігер Хуан Уарте мәнді түрде түсіндірді. Ол Испаниялық империяның жаңа дәуірдегі перспективасын мемлекеттік қызметте максималды түрде ерекше дарынды балалармен байланыстырды. Оның зертетуінің негізгі міндеті кәсіптік таңдау мақсатымен қабілеттілігі даралық ерекшеліктерді зерттеу болып табылады. Бұл зерттеу дифференциалды психологияның пайда болуына үлкен әсер етті.
Х. Уарте іс-әрекеттің кез-келген түрінде анықталатын негізі қабілеттіліктер сапасы ретінде қиял, ес және интеллектті бөліп көрсетті. Оның ойынша, бұл қабілеттіліктің адамда көрініс беруі “ми темпераменті” бойынша анықталады. Ол белгілі бір ғылым, өнер салсында талап етілетін қабілеттіліктерге талдау жасаған. Осы мақсатпен қолбасшы дәрігер, заңгер, геологтар тағы басқа “психологиялық портретін” құрастырды. Х. Уарте талант табиғаттан, генофонға тәуелді дей отырып, оның дамуы үшін тәрбие мен еңбек қажет екенін айтты. аДамның табиғи қабілетіне сәйкес келетін мамандықты таңдауда шатаспас үшін, кіші жасында көмектесетін әдейі ақыл-ойы мен білімі жоғары адамдарды бөліп көрсету керек. Жеке тұлғаның қабілет және дарындылық мәселесін Орталық Азия мен Қазақстанның көптеген ғалымдары мен ағартушылары зерттеген.
Арабтың сөз бостандығының негізін қалаушылар (Әл-Хорезми, Ферғани, Әл-Фараби, Ибн Сина, Беруни тағы да басқалар) философия, логика, химия, атсрономия, география, медицина, психология, сонымен қатар жасөспірімдерді тәрбиелеуді дамыту үшін үлкен үлес қосты.
Осылай, Әл-Фараби “Бақытқа жету туралы” трактатында этикалық сұрақтармен қатар, адам қабілеттілігіне, оқуды жақсарту мақсатындағы түрлі тәсілдерді қолдануға назар аудартады.
Ғылымды дифференциациялаумен байланысты (ХІХ ғ. ) психология мен педагогикада адам психологиясы мен қабілеттілігі туралы зерттеу жұмыстары жүре бастады. Қабілет түсінігінің алғаш негізін қалаушылардың бірі - англиялық психолог Френсис Гальтон (ХІХ ғ. ) . Ол адамдардың даралық ерекшеліктер мәселесін зерттеді. Ф. Гальтон өзінің “Таланттың тұқым қуалаушылығы: оның пайда болуы мен заңдылығы” атты еңбегінде қабілеттің пайда болуының әдістемелік базасын негіздеді және келесі заңдылықтарды бөліп көрсетті.
- Егер адам аса жоғары қабілеттерге ие болмаса, бір де бір адам қоғамда жоғары дәрежеге ие болмайды.
- Тек жоғары қабілетке ие болатын адамдардың өмірбаяны талдай келе, қабілеттің кез-келген деңгейі тұқым қуалаушылыққа негізделген деген қорытындыға келеді.
Э. Мейман (ХІХІ-ХІХ ғ. ғ. ) дарындылықтың теориялық негізін зерттеуді жалғастырды. Ол дарындылықтың туа біткен аспектілерін зертетй отырып, осының негізінде “нышан типтерін” бөлді. Осымен қатар, Мейман табиғи, жасанды моменттерді біріктіруге ұмтылды. Бұл феномен түрлерінен дарындылықты ес, қиял тағы басқа даралық ерекшелітерді зерттей отырып, олар бөлек адамдарда кездесетінін анықтады, әрі адамдардағы дарындылықтың деңгейін анықтауға көңіл бөлді. Э. Мейман дарындылықтың педагогикалық аспектісін: тәрбие мен дарындылықтың, табыстылықтың және жұмысқа қабілеттілігінің байланысын зерттеген.
Диффренциалды психологияның зерттелу көзі - адамның жекелігі болып табылады, бұл істің бастауында неміс психологы В. Штерн (ХХ ғасырдың бірінші жартысында) тұр. Ол ойлау қабілетін бағалаудың шараларын зерттеп, “ойлау қабілеттерін” зерттеу үшін пайдаланған.
В. Штерн бойынша ақыл-ой қабілетінің белгілері ойлаудың қандай да бір жаңашылдыққа бағытталуы (ақыл-ой қабілетін естен ерекшелейді) және сыртқы жағдайға тәуелділікті мінездемелейтін (өмір талаптары, міндеттері) және өзіндік шығармашылық мәні бар данышпандықты ақыл-ой дарындылығынан ерекшелейтін үйренусішілік болып табылады. Үйренусішілік қабілеттің жалпылық белгілері, ақыл-ой дарындылығын мінездемелік ерекшелігі бойынша, ақыл-ой қабілеті бар ғана облыстың мазмұнын қамтумен шектелетін талант ұғымын ерекшелейді.
Адам тек түрлі шарттардағы және түрлі облыстардағы жаңа талаптарға оңай үйренісе алатын болса ғана, ақыл-ой дарындылығымен қамтамасыз етіледі. Бұл белгілердің бөлінуі зерттелушілерде “санадағы зерттеуді емес, ақыл-ой дарындылығын” зерттеуге мүмкіндік береді. Ақыл-ой дарындылығының диагностикасын жасау үшін тесттер сериялары жасалды (Бине-Симон әдістемесі) .
В. Штерн психологиялық теорияда алғаш рет жеке тұлға біртұтастылығы принципіне негізделген, қабілеттілік пен дарындылықты барлық психикалық процестер мен жеке тұлғалық сапалармен тығыз байланыста қарастырады.
ХІХ ғасырда халықтық ағартуға байланысты, қазақтың орыс мәдениті негізделуіне, балаларды жүйелі дамыту және оқыту қажеттілігі туылғаннан қазақ педагог-ағартушылары мен қоғамдық қызметкерлері әрекет ете бастады. Осылай, Ы. Алтынсарин “табиғи ойлау тек өзін қоршаған ортаны қамтамасыз етуге қабілетті, ал оларды дамыту үшін және оның көрмегенін біліп, үйренуге тек білім беру ғана қабілетті” деген. Біз осыны саналы түрде түсінеміз және осыған қарамастан өз балаларымыздың орысша-қазақша мектептерге береміз.
Жеке тұлғаны қалыптастырудағы тәрбие мен оқытудың шешуші рөлі туралы Мәселені өз шығармаларында Ш. Уәлиханов қарастырды. Оның ойынша, ақыл-ой қабілеті мен деңгейі адам мәдениетінде негізінен тәрбиеге жүктелген. Қазақтардың ақыл-ой қабілеті туралы, ең жоғары пікірде болды, “қырғыз-қазақтар табиғатынан ақылды және таң қаларлықтай әсерленгіш".
Абай Құнанбаев “адамдарды қоршаған ортадағы объективті шынайылықтың табиғи бөлігі дей отырып, балаға туғаннан білімге ұмтылу дарыны беріледі, бірақ өсе келе, ол біртіндеп бұл дарынды жоғалтады”. Ақынның тұжырымы бойынша, сана мен ақыл-еңбек іс-әрекеті, еңбек процесінде қалыптасады. Осылай, қазақ ағартушылары қабілеттің туа біткенімен келісе отырып, жеке - тұлғаның қалыптасуында тәрбиенің күші, еңбек іс-әрекеті және қоршаған ортаның әсері бар деген.
Педагогикалық теория негіздерінің дамуына Қазақстанда ХХ ғасыр басында өмір сүрген қоғмадық қайраткерлер, педагогтар (Ж. Аймауытов, А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев және тағы басқалар) маңызды әсер етті. Олардың психологиялық-педагогикалық және әдеби еңбектерінде баланың қызығушылығы мен қабілетінің қалыптасуы, олардың оқудағы мәні туралы пікірлері дамиды.
Ж. Аймауытов өзінің “Психология және мамандықты таңдау” оқулығында эксперименталды зерттеу негізінде жастарға мамандықты дұрыс таңдауға кеңестер береді. Оның айтуынша, кәсіпкерлікте, темперамент, қабілет, мінез және ерік сияқты жеке сапаларды ескеру керек.
Ж. Аймауытов адамда нәрестелік шағынан бастап белгілі бір мамандыққа тұқымқуалаушылық қабілеті болады, - дейді. Ол жастарға қоғамнан табиғатына сәйкес орынды алуға кеңес береді.
М. Жұмабаев “Педагогика” кітабында, жалпы адамның рухани дамуы туралы айта отырып, ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық тәрбиесін бөліп көрсетеді. Жеке тұлғаны тәрбиелеу мәселесін ол интеллектуалды қабілеттердің дамуымен тығыз байланыстырады. Ақыл-ой тәрбиесі, оның пікірінше, мыналарды жүзеге асыру керек: интеллектуалды мәдениет, таным мотивтері, ақыл-ой іс-әрекетінің дағдыларын дамыту керек.
Дарындылық теориясының негіздері Кеңес психологтарымен өңделген. Л. С. Выготский, Б. Г. Ананьев, В. Крутеций, Н. С. Лейтес, В. М. Теплов және тағы басқа психологиялық тұжырымдары интегралды жеке тұлғалық білім ретінде дарындылыққа жүйелік көзқарас қалыптастырды және адам қабілетінің құрылымдылық компоненттерін анықтады. Дарындылық мәселесіне шетел ғалымдары К. Абрамс, Ф. Гальтон, М. Кранев, Э. Мейман, Дж. Рензулли, Э. Торндайк, К. Тэкээк, В. Штерн тағы басқа да өз зерттеулерін арнаған. Олар дарынды балаларды эксперименталды және қолданбалы зерттеу бөлігіне көп үлес қосқан және олар осыған байланысты тест әдістерін өңдеген.
Қабілеттілік және дарындылық мәселесін Кеңес психологиясыда 40-50 жылдары Б. М. Теплов ерекше зерттеген. Ол қандай да бір күрделі іс-әрекеттің орындалуы үшін, тек қана қабілеттілік емес, оның толық қатары қажет екенін дәлелдеген. Іс-әрекеттің табысты орындалу мүмкіндігіне тәуелді болатын қабілеттіліктің өзіндік сапалы байланысын, ғалым дарындылық деп атады. Б. М. Теплов “дарындылық” түсінігінде белгілі іс-әрекеттегі табиғи нышан болмысына ерекше көңіл аударады.
Сол жылдардағы оқулықтар мен оларға қосымшасының авторлары да осындай көзқараста болды. Л. А. Рудик “дарындылық” терминімен қабілеттіліктің дамуына алғышарт болып табылатын, туа біткен қабілеттілік деп, ал Н. Д. Левитов аналитикалық-физиологиялық нышан бейнелейтін қабілеттіліктің табиғи қоры да, ал Г. И. Иванов дарындылықты - адам дамыған кезде қабілеттілікте көрінетін туа біткен ерекшеліктер деп түсіндіреді.
В. А. Крутецкий өзінің математикалық қабілеттіліктің құрылымын зерттеу жұмыстарында былай дейді: “Егер “қабілеттілік” сөзімен белгілі психикалық қасиеттерді атайтын болсақ, дарындылық деп - адамдағы қабілеттердің өзіндік байланысын, бірлігін атау керек”. Ол сонымен қатар бұл феноменді зерттеу кезінде іс-әрекеттегі қоғамдық-тарихи өзгерістерді және олардың табыстылығын бағалауды ескеру керек.
Дарындылыққа А. Т. Асмолов жұмыстарында мәнді, аса терең түсінік берілген. Ол бұл феноменнің табиғатын түсіндіруге көңіл бөлген. А. Т. Асмолов ғылыми зерттеулерде үш түрлі көзқарас бар екенін көрсетеді, яғни генді, әлеуметтік, “тарихи-эволюциялық қатынасқа, герменевтикалық парадигма” біріншілік түсіндірушілер дарындылық мазмұнында генетикалық алғышарттар негізі дейді. Екіншілік түсінікті жақтаушылар адамнан психиканы тіптен бөліп шығып, өз зерттеулерінде дарындылықтың қалыптасуына бағытталған әлеуметтік манипуляция әдістерінің ізденісіне көңіл бөліп, қоршаған орта факторын басым етеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz