«ҚарағандыЭлектроМонтаж» ЖШС бюджетін құру
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1 Бюджеттеудің теориялық негіздері
1.1 Бюджеттеу түрі, түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
1.2 Бюджеттеудің мақсаты, міндеті, функциялары ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
1.3 Бюджеттеудің кезеңдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
1.4 Икемді бюджет түсінігі және ауытқуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16
2. Кәсіпорын бюджетің құру
2.1«ҚарағандыЭлектроМонтаж» ЖШС бюджетін құру ... ... ... ... ... ... .19
2.2 Икемді бюджетті құру басқарушылық бақылау ... ... ... ... ... ... ... ... .26
2.3 Ауытқуды талдау және бақылау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...29
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31
Пайдаланылған әдебиеттер тізі

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында елбасымыз: «Жаңа индустриялар құрумен қатар дәстүрлі базалық салаларды дамытуға серпін беруіміз керек. Бұл – өнеркәсіп, агроөнеркәсіптік кешен, көлік пен логистика, құрылыс секторы және басқа салалар»,- деп атап өтті. [1]
Мемлекет Басшысы Н.Ә.Назарбаев атап өткендей, «Осындай қиылыста орналасып,біздер шекараның периметрі бойынша біздің өнімді өткізудің ірі нарық әлеуетіне иеміз. Сыйымдылығы 2 млрд. адам жақын жердегі нарықтар,әлбетте,оның бәсекелестігі және сәйкес көлік каналдарын дамытқан кезде, сирек жағдайларды есептемегенде, кез-келген қазақстандық өнімді қабылдауға қабілетті. Ол көршілер – тарихи маңызды әлемдік орталықтар болып болып табылатын Ресей, Қытай және ислам мен орталық азия мемлекеттерінің тобы, Жақын және Орталық Шығыс елдері » [1].
Осындай үлкен мүмкіндіктерге ие бола отырып,біздің кәсіпорын басшылары басқарудың жаңа құралдарын меңгеруге әншейін міндетті,атап айтқанда отандық бизнесте алдыңғы айқындамада болу үшін қаржыны корпоративтік басқару саласында.
Оған кәсіпорында бюджеттендіру жүйесін ендіру көмектеседі.Бюджеттендіруде жоспарлау оның құрамдас бөлігі ретінде қарастырылады.
Нарықтың даму жағдайында, бизнестің бәсекеге қабілеттілігі кезінде, тауарөндіруші кәсіпкер тек қана дағдарыстан аман қалуды ойламай, пайда табуды жоспарлау қажет. Мұндай жағдайда бизнесінің бәсеке қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін, кәсіпкер өнім өндірудегі бағытын анықтап, фирманың қандай деңгеге жетуін қалайтынын жоспарлауға міндетті. Қазіргі таңда бізге бюджетті жетілдіру мәселесі өзекті мәселе болып отыр, өйткені ол отандық кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық қызметін жоспарлау ерекшеліктерін ескере отырып шешім қабылдауға және бухгалтерлік есеп қағидалары мен әдістерін тікелей байланыстыра отырып, компанияның экономикалық нәтижесін бақылауға мүмкіндік береді. Бұл бюджеттеу тәртібін жетілдірудің маңызды мәселерінің бірі болып табылады. Басқарушылық шешімдерді қабылдауда ұйыммен әзірленген бюджет маңызды рөл атқарады. Бюджеттеу– бұл жоспарлау, бақылау, басқарушылық қызметті реттеу және кәсіпорынның даму стратегиясы негізінде тиісті өндірістік жобаларды орындау мақсатында шешімдерді қабылдау процесі арқылы экономикалық субъектіні басқару.[2]
Қаржылық стратегияны жоспарлаудың мақсаты инвестицияны тарту жоспарын құру болып табылады. Кәсіпорындар үшін күрделі салымдар оның материалдық-техникалық базасын жаңарту және бәсекеге қабілетті өнім өндіру мақсатында жаңа технология мен техниканы ендіруде маңызды болып табылады. Осыған сәйкес бюджеттеу кәсіпорынның инвестицияға қажеттілігін анықтау мен қаржылық стратегияны жүзеге асыруда негізгі роль атқарады.
Бизнесте мақсатқа қол жеткізу үшін кәсіпорынның барлық бөлімдері болашақ операциялар мен іс-әрекеттерін көздейтін жалпы бизнес-жоспарына сәйкес болуы маңызды. Батыс компанияларының тәжірибесі бойынша осындай жоспар ретінде, қаржылық менеджменттің ықпалды құралы қызметін атқаратын бюджетті айтуға болады.

1. Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік»» атты Қазақстан халқына Жолдауы // www.akorda.kz; 1 Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан - 2030» бағдарламасы
2. Ержанов А.К, Айнанаева Ә.К, Жұманова Г.Ш. Бюджет туралы түсінік, мақсаты және құрылу міндеті // Басқару есебі 2009 , С.206-211.
3. www.stat.gov.kz
4. Нәдірбек Әпсәләмов, Қазиқан Исабеков,Өмірзақ Сұлтанов “Экономикалық теория негіздері” Алматы ғылым . 2011 жыл
5. Бердар М. М. Бюджетирование в системе управления финансовыми ресурсами предприятия// Внешняя торговля: право и экономика. – 2010. – №5. – С.82-88
6. Аналитическая информация о состоянии рынка ценных бумаг Республмкиа Казахстан. // Рынок ценных бумаг Казахстана. N° 1. 2012
7. Друри К. Управленческий и производственный учет. / Пер с англ.- М.: Юнити-Диана, 2012.
8. Лихачева О.Н. Финансовое планирование на предприятии: учеб. пособие для студ.».- М.:Проспект, 2010.
9. Колмыкова Е. С. Бюджетирование как инструмент финансового планирования / Е. С. Колмыкова // Молодой ученый. — 2014. — № 3. — С. 456–458.
10. Осипов В. И. Бюджетирование деятельности сельскохозяйственных предприятий / В. И. Осипов, В. М. Нарватова, Т. В. Мирошкина // Молодой ученый. — 2014. — №21. — С. 93-95.
11. Қабылова, Н. Бухгалтер (Бухгалтерлік есеп негіздері).- Астана, 2010
12. Безруких, Бухгалтерский учет: Учебник / П.С., Ивашкевич В.Б., Кондраков Н.П. и др. Под ред. П.С. Безруких. – 3-е изд., перераб. и доп.– М.: Кнорус, 2010.
13. Богатырева, Е.И. Принятие к налоговому учету доходов и расходов от реализации // Бухгалтерский учет. – М.: ИНФРА-М, 2012. – 234 с, №8
14. Кондраков, Н.П. Бухгалтерский учет: Учебное пособие. – 4-е изд., перераб. и доп. – М.: ИНФРА-М, 2011
15. Назарова В.Л., М.С. Жапбарханова, Фурсов Д.А., Фурсова С.Д. Басқару есебі. Алматы, 2012
16. Мархаева Б.А. Басқару есебі 1. Оқу құралы. Шымкент: Нұрлы бейне, 2010
17. Мадиева Қ.С. Өндіріс саласындағы бухгалтерлік есеп. Оқулық. Қарағанды, КЭУ 2011

Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 Бюджеттеудің теориялық негіздері
0.1 Бюджеттеу түрі, түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
0.2 Бюджеттеудің мақсаты, міндеті, функциялары ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
0.3 Бюджеттеудің кезеңдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13
0.4 Икемді бюджет түсінігі және ауытқуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16
1. Кәсіпорын бюджетің құру
2.1ҚарағандыЭлектроМонтаж ЖШС бюджетін құру ... ... ... ... ... ... .19
0.2 Икемді бюджетті құру басқарушылық бақылау ... ... ... ... ... ... ... ... .26
0.3 Ауытқуды талдау және бақылау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31
Пайдаланылған әдебиеттер тізі
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына 2017 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік атты Жолдауында елбасымыз: Жаңа индустриялар құрумен қатар дәстүрлі базалық салаларды дамытуға серпін беруіміз керек. Бұл - өнеркәсіп, агроөнеркәсіптік кешен, көлік пен логистика, құрылыс секторы және басқа салалар,- деп атап өтті. [1]
Мемлекет Басшысы Н.Ә.Назарбаев атап өткендей, Осындай қиылыста орналасып,біздер шекараның периметрі бойынша біздің өнімді өткізудің ірі нарық әлеуетіне иеміз. Сыйымдылығы 2 млрд. адам жақын жердегі нарықтар,әлбетте,оның бәсекелестігі және сәйкес көлік каналдарын дамытқан кезде, сирек жағдайларды есептемегенде, кез-келген қазақстандық өнімді қабылдауға қабілетті. Ол көршілер - тарихи маңызды әлемдік орталықтар болып болып табылатын Ресей, Қытай және ислам мен орталық азия мемлекеттерінің тобы, Жақын және Орталық Шығыс елдері [1].
Осындай үлкен мүмкіндіктерге ие бола отырып,біздің кәсіпорын басшылары басқарудың жаңа құралдарын меңгеруге әншейін міндетті,атап айтқанда отандық бизнесте алдыңғы айқындамада болу үшін қаржыны корпоративтік басқару саласында.
Оған кәсіпорында бюджеттендіру жүйесін ендіру көмектеседі.Бюджеттендіруде жоспарлау оның құрамдас бөлігі ретінде қарастырылады.
Нарықтың даму жағдайында, бизнестің бәсекеге қабілеттілігі кезінде, тауарөндіруші кәсіпкер тек қана дағдарыстан аман қалуды ойламай, пайда табуды жоспарлау қажет. Мұндай жағдайда бизнесінің бәсеке қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін, кәсіпкер өнім өндірудегі бағытын анықтап, фирманың қандай деңгеге жетуін қалайтынын жоспарлауға міндетті. Қазіргі таңда бізге бюджетті жетілдіру мәселесі өзекті мәселе болып отыр, өйткені ол отандық кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық қызметін жоспарлау ерекшеліктерін ескере отырып шешім қабылдауға және бухгалтерлік есеп қағидалары мен әдістерін тікелей байланыстыра отырып, компанияның экономикалық нәтижесін бақылауға мүмкіндік береді. Бұл бюджеттеу тәртібін жетілдірудің маңызды мәселерінің бірі болып табылады. Басқарушылық шешімдерді қабылдауда ұйыммен әзірленген бюджет маңызды рөл атқарады. Бюджеттеу - бұл жоспарлау, бақылау, басқарушылық қызметті реттеу және кәсіпорынның даму стратегиясы негізінде тиісті өндірістік жобаларды орындау мақсатында шешімдерді қабылдау процесі арқылы экономикалық субъектіні басқару.[2]
Қаржылық стратегияны жоспарлаудың мақсаты инвестицияны тарту жоспарын құру болып табылады. Кәсіпорындар үшін күрделі салымдар оның материалдық-техникалық базасын жаңарту және бәсекеге қабілетті өнім өндіру мақсатында жаңа технология мен техниканы ендіруде маңызды болып табылады. Осыған сәйкес бюджеттеу кәсіпорынның инвестицияға қажеттілігін анықтау мен қаржылық стратегияны жүзеге асыруда негізгі роль атқарады.
Бизнесте мақсатқа қол жеткізу үшін кәсіпорынның барлық бөлімдері болашақ операциялар мен іс-әрекеттерін көздейтін жалпы бизнес-жоспарына сәйкес болуы маңызды. Батыс компанияларының тәжірибесі бойынша осындай жоспар ретінде, қаржылық менеджменттің ықпалды құралы қызметін атқаратын бюджетті айтуға болады.
Қазақстан Республикасындағы қазіргі экономикалық жағдай кәсіпорындарға микроэкономикалық деңгейде ішкі фирмалық жоспарлауда және макроэкономикалық деңгейде стратегиялық жоспарлауда жаңа қадамдар жасауды қарастырады. Кәсіпорынның қабілеттілігі нарықтық қатынастардың мәселелерінен шығады, яғни оның мақсатын бюджеттеу арқылы ертерек кәсіпорынның өз күшімен орындауға мүмкіндігін және қаржыландырудың тартылған көздері арқылы өндірістік бағдарламаны орындауды қамтамасыз ететінін, материалдық-техникалық базаны нығайтатын және басқа да міндеттерді шештінін анықтауға болады. Бюджеттеуді басқа экономикалық пәндерден бөлуге болмайды, себебі, оны кәсіпорынның қызметін, басқару процесінде жоспарлау, бақылау және басқару қызметі арқылы пайдаланады.
Қазір статистика органдарының мәліметі бойынша 16.02.2017 Қазақстанда 415 418 кәсіпкерлік субъектісі тіркелген, бірақ олардың 63% жеке кәсіпкерлер болып табылады, шағын бизнес секторы 66 492 субъектіден тұрады, ал орташа бизнес кәсіпорындарының саны барлығы 8712 бірлікті немесе жалпы санының 1,3% құрайды. Бұл жағдайлар орындарда бюджеттендіруді табысты енгізуге мүмкіндік бермейді, себебі көптеген кәсіпорындар мұндай жобалар үшін сәйкес кадрлар және қаржы қорлары жетіспеушілігін сезінуде.[3]

Бюджеттеу кешенді іс-шара жүйесі ретінде кәсіпорынның маңызды жақтарын (өндіріс, өнім қаржы) қамтиды және де оларды үйлестіреді. Әр басқарушылық шешімдерді қабылдау барысында, менеджменттің барлық денгейлерінде негізгі екпіннің қаржылық жаққа қойылуы келесі мақсаттарға жетуге мүмкіндік береді: шығындарды оңтайландыру, пайданы барынша көбейту, қамтылған қаржылық ресурстарды қолдануына байланысты көлемді және уақытылы теңдестіру, демек бұл кәсіпорынның жалпы қаржылық жағдайының жақсаруына үлесін тигізеді. Кәсіпорынның бюджетін жоспарлауды жүзеге асыру барысында мақсаттары, міндеттері және бюджет қағидаттарын айқындау, бюджеттік жоспарлау әдістерін, түрлерін таңдау, бюджет құрылымын ұйымдастыру, бюджеттік жоспарлау іске асырылады.
Нарық талаптары бойынша бюджеттендіру есепті жоспарлау мен басқарудың негізі болып табылады. Бюджет жүйесі кәсіпорынның қаржылық жағдайы үшін ағымдағы жұмыс жағдайы мен жоспарланған стратегияларды уақытылы бағалауға мүмкіндік береді. Сәйкесінше, бюджеттендіру жоғарғы басшылықпен орындалатын стратегиялық басқару мен төменгі деңгейде орындалатын оперативті басқару арасындағы байланыстырушы буын болып табылады.
Кәсіпорында бюджеттендіру жүйесін енгізу басшылыққа белгілі бір қаржылық нәтижеге жету есебімен қаржылық-шаруашылық қызметті жоспарлауға мүмкіндік береді, сонымен қатар, мақсаттарды анықтауға және қызметтің бақылаулы көрсеткіштерін бекітуге мүмкіндік береді және де барлық бөлімшелер қызметінің қаржылық нәтижелер барысына бөлімшелер басшылары арасында жауапкершілік аумағын анықтау және қаржылық басқарудың қызметін бөлу арқылы жол көрсетуге мүмкіндік туады.
Басқарушылық есепті енгізу кезінде басқарушылық есеп жүйесіндегі ақпаратты қалыптастыру кезінде бюджеттік есептің деректерін пайдалану мүмкіндіктерін жасау үшін бюджеттік есебінің мақсаттары үшін қолданылатын бағдарламалық өнімді пысықтау жөнінде қажетті шаралар қабылдануға тиіс. Бұл ретте оның кезінде барлық бастапқы ақпарат бюджеттік есеп жүйесінен келіп түсетіндей ақпаратпен алмасуды ұйымдастыруға артықшылықтар беру қажет .
Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келсек, бюджеттендіру - ол өздігінен ақша ағымдары мен қаржылық нәтижелерді жоспарлау, бақылау және талдаудан тұратын бірыңғай жүйе болып табылады.
Кәсіпорында өңделетін қаржы нысандарының бірі - икемді және тұрақты бюджет. Тұрақты бюджет тек қана бір сату көлемі мен өндіріске жасалады. Тұрақты бюджеттің басты кемшілігі, нақтылы көлемдер жоспарланған көрсеткіштерден ауытқыса, ол шығынды қадағалауға мүмкіндік бермейді. Икемді бюджет бір өнім өлшемінің барлық ұсталмалы шығындарын өзгертуге икемделген. Ол әр түрлі сату көлеміне қарамастан, шығын мен пайданың айырмашылығын есептеуге мүмкіндік береді. Икемді бюджет іс-қызмет деңгейінің өзгеруін көрсетеді. Икемді бюджеттің түп негізіне жеке көрсеткіштердін жалпы іс-әрекет көлемінің өзгерістеріне жауап қайтару қағидасы енгізілген. Бюджетті құру кәсіпорындағы жоспарлау мен қадағалаудың басты құралы болып табылады.[4]
Курстық жұмыстың ғылыми жаңалағы: кәсіпорын бюджетін сатылар бойынша әзірлеу, икемді бюджетін құру, бақылаудағы ауытқуларды ақуытқудың қарапайым түрімен талдау.
Курстық жұмыстың мақсаты: бюджеттеудің, икемді бюджеттің теориялық және әдістемелік ережесін анықтап, олардың экономикалық категория ретінде мазмұнын, мақсатын және мүдделі міндеттерін ашу үшін әдебиет көздерін зерттеу және мәліметтермен деректерді, негізінде шығындарды бақылау арқылы оны азайту және де табыстарды көбейту бойынша ұсыныстар жасау.
Курстық жұмыстың зерттеу объекітісі - ҚарағандыЭлектроМонтаж ЖШС жөндеу-құрылыстық цехі.
Берілген курстық жұмыстың әдіснамалық негізі - отандық, шетелдік экономистердің ғылыми әдебиеттері, кезеңдік басылымдар және зерттеліп отырған объектінің бастапқы мәліметтері болып табылады.
1. Бюджеттеудің теориялық негіздері
3.1 Бюджеттеу түрі, түсінігі
Басқарушы есеп басқарушылық шешімдердің тиімділігін алдын ала бағалауға, оптималды түрде ресурстарды бөлімшелер арасында бөлуге, ұйымның даму жолдарын белгілеуге және дағдарыс жағдайын болдырмауға қолайлы жағдай туғызатын бюджеттеу жүйесіне сүйенеді.
Бюджет - бұл бөлімшелердің және ұйымның қызметін толығымен сандық көріністе көрсететін жоспарлы көрсеткіштер.
Батыс елдерінің басқарушы есебінде кездесетін "бюджет" термині біздегі "смета" терминіне жақын ұғым екенінде дау жоқ. Кейде басқарушы есебіндегі "бюджет" ұғымын "жоспар" ұғымының синонимі ретінде пайдаланады.
Бюджет - жорамалданған әрекеттерді орындауға дейін жасалатын қаржылық құжат болып табылады. Осы әрекет болашақ қаржылық операцияның болжамы ретінде саналып, содан соң ол бюджеттеу кезеңіне өтеді. Басқару есебіндегі бюджеттеуді жоспарлау процесі деп түсіндіріледі. Жоспарлау процессі бақылау процесімен тығыз байланысты.Жоспарлау мен бақылау ұйымды басқарудың ең қажет атрибуттары болып табылады.[5]
Бұл кезде басқару деп белгіленген жоспарға сәйкес, ұйымның өз мақсатына жету үшін жасалатын қызметтің қамтамасыз етілгенін айтады. Басқарудың кейбір жекелеген түрлерін, яғни олардың нақты мазмұндылық қызметін практиктер мен теоретиктер әртүрлі бағалайды.
Жалпы алғанда шешім қабылдау процесін, еркін қалыптасатын процесс іспеттес, болашақпен байланысты жасалатын жоспарлау процессі ретінде қарастыруға болады. Осыдан, жоспарлауды кең мағынада қарастырсақ,онда ол болашақтағы оқиғалармен байланысты болатын басқарушылық шешімдерін жүйелі түрде дайындау негізінде қабылданатындығын білдіреді,ал оны шұғыл мағынада ұғынатын болсақ,онда ол болашақтағы оқиғаларды анықтаумен байланысты, тек ағымдағы шаралардың болашақтағы шешімдерімен үлесімді дайындалғанын көрсетеді.[6]
Жоспарлаудың басты мағынасы ол жұмыстың тиімділігі мен өнімділігін арттырудан тұрады,ал олар өз кезегінде мыналар арқылы жүзеге асырылады:
- ұйымдағы барлық оқиғаларды үйлестіру және мақсатты бағдарлау;
- тәуекелділікті анықтау және олардың деңгейін төмендету;
- бөлшектеу, демек соның арқасында процестерді оңайлату;
- өзгеріске бейімдеу,икемділігін арттыру.
Сондықтан біз бюджетті басқаруды интеграция мен координация тұрғысынан қарастырамыз. Координация - бұл белгіленген мақсаттарға жету үшін ұйымның функциональды бөлімшелері мен цехтары бойынша, өндірістің барлық факторларын теңгеру және олардың қолайлы жағдайын тауып алу. Координация тұжырымдамасының байымдауынша, мысалы,жабдықтау бөлімі өзінің жоспарларын өндірістік қажеттіліктермен интеграциялайды, ал өндірісті басқару бөлімі болса,олар құрал-жабдықтардың пайдалануын және персоналдардың тұтынуын жоспарлау үшін сату бюджетімен байланыстырады. Ұйым басшыларының мүдделері менеджерлердің мүдделерімен қақтығыспауын қадағалап отырады.Өйткені, жоспарлау жүйесі жаңа көкжиектерді түсінуге және өндірісті ұлғайтуға, сәтсіздіктерден сақтануға көмектеседі. Одан басқа да, бюджеттелетін қызметтер ұйымның тұтас жылдық циклін қамтуы мүмкін, бұл жерде басшы жаңа жылдың бюджетін үйлестіреді және талқылайды, содан соң ұйым ішіндегі әртүрлі бөлімдердің, топтардың және цехтардың нақты өнімділік көрсеткіштерін қадағалайды.Бұл жыл сайынғы қайталанатын процестің жиынтық шоттары емес,керісінше, Кірістер мен шығыстар қаражаттарының қозғалысын және міндеттемелерге тиесілі тоқсан сайын,тіптен ай сайын қажет бюджеттерін жасауға бағытталған іс-әрекеті. Демек, жоспарлау ұйымды басқарудың бірінші кезектегі технологиясы. Бюджеттеу процесі ұйымда мынадай ретінде қолданылады:
1.Нарықтық мүмкіндіктер тұрғысынан ұйымдардың пайдаланған ресурстарын жоспарлау әдісі;
2.Болжау бойынша ұйымның қызметін үнемі және жүйелі қадағалап отыратын құралы (негізінен бұл болжау бюджеттің жоспарлық аспектісімен үйлестіріліп жасалады);
3. Ұйымның ішкі әр түрлі топтарының қызметін бақылау құралы;
4.Ұйымның мақсатына жетуге арналған жергілікті жердегі басшыларды ұмтылдыратын желісі;
5.Жоғарыдағы басшымен субъект ішіндегі басқа да мүдделі топтардың ынталары мен ұмтылыстарын байланыстыратын құралы;
6.Ұйым ішінде әртүрлі мүдделі топтардың арасындағы қақтығыстарды шешетін құралы.
Осы алты алғы шарттардан шығындардың жіктемесі сияқты, бюджеттеу де басқарудың әртүрлі мақсаттарына жауап беретіндігін түсінуге болады.
Осы алты негізі себептерді зерттей келе, яғни ондағы бюджеттеудің көрініс табуы, келесідей әрекеттердің пайда болуымен, атап айтсақ: өндірістің жоспарлануын жөнге қою үшін технологияларды ірікеу процесімен; қажет инвестицияның деңгейін белгілеумен және ұйым қаржыландырудың нысандармен байланысты.[6]
Сосын материалдық ресурстармен жабдықтау; құрал-жабдықтарын монтаждау; білекті мамандарды іріктеу, дайындау және жұмысқа алу және т.б осы сияқты өндірісті жөнге қоюдың ұйымдық-техникалық және экономикалық шаралар бойынша кешенді жұмыстарын жүргізеді. Осы аталған барлық жұмыстарды аяқтағаннан кейін оларды тақтылайды және ұйымның белгіленген мақсатына жету үшін функционалдық бөлімдер мен цехтар бойынша өндірістің барлық факторларын баланстайды. Әр бөлім өз жоспарын өндіріс қажеттіліктерімен интегралдайды және бір мезгілде орындаушыларға жауапкершілікті бекітеді, сондай-ақ коммуникация мәселелерін, ұйымның құрылымдық әлсіз буындарын анықтайды.[7]
Шаруашылық жағдайының өзгерісі кезінде әкімшілік пен менеджерлер тарапынан икемді бюджеттерді пайдалану қарастырады. Әдетте бюджет бір жылға, тоқсанға,айға жасалынады. Көптеген ұйымда "тайғанақ" (айнымалы) бюджеттер жасалынады: жеткілікті ұзақ уақыт кезеңіне жасалған бюджетжылға орындау процесінде түзетіледі (мыс: ай сайын). Бұндай түзетулер,шаруашылық жұмысында өзгеретін жағдайды дәл ескеруге мүмкіндік береді.[6]
Ұйымдағы бюджеттің жасалу процесін бюджеттік цикл деп атайды және ол мына кезеңдерден тұрады:
- жалпы ұйымның және құрылымдық бөлімшелерінің қызметін жоспарлау;
- шаруашылық қызметті бағалау кезінде пайдаланатын көрсеткіштерді анықтау;
- жаңа оқиғалардың пайда болуына байланысты,жоспарға енетін өзгерістерді талқылау;
- ұсынылған түзетулерді ескере отырып жоспарларды түзету.
Бюджеттер кең мағынада екі негізгі бөліктен тұрады: ағымдағы бюджеттер, яғни ұйымның өндірістік қызметін көрсететін бюджет, қаржылық есеп берудің болжамын көрсететін қаржылық жоспар.
Негізінде өндіріс процесі жаңа өнім шығаруға арналған. Бұл процесте жұмысшылар еңбегімен еңбек құралын пайдаланып, еңбек заттарынан жаңа өнім шығарады. Өндіріс процесінде экономикалық тұлға - ол адам еңбегі, еңбек құрал-жабдығы шығыны, еңбек материалдары қосылып жаңа өндіріс шығынын құрайды. Бұл экономикалық элементтердің нақты нұсқасы жаңа өнім шығыны ретінде үш түрге бөлінеді. Олар-жұмысшылар еңбек ақысы, өндіріс материалдарының құны және өндіріс процесіне қатысатын еңбек құралдарының амортизациясы.
Өндіріс процесіне қатысты бұл шығындарды өндірістің негізгі немесе тікелей шығындары деп атайды. Бұл шығындардан басқа өндіріс процесінде қосалқы шығындар болады, оларды өндірісті басқару және өндіріске қызмет ету шығындары деп аталады. Өз кезегінде, осы өндіріс процесінің қосалқы шығындары күрделі екі топқа бөлінеді: жалпы өндіріс шығыны және жалпы шаруашылық шығыны болып табылады. [8]
Ал енді, осы өндіріс процесіне қатысты шығындардың бәрі қосылып өндіріс өнімінің нақты өзіндік құнын құрайды. Немесе осы шығындардың қорытындысының жиынтығын жаңа өнімнің өндірістік өзіндік құны деп атайды.
Өндіріс процесінің ең соңғы нәтижесі ол жаңа өнім.
Операциялық бюджет - ұйымның шаруашылық қызметінің арнайы техникалық - экономикалық көрсеткіштері арқылы баяндалады, онда оның сатып алынатын материалдық ресурстарының бағасы, сатылатын өнімнің бағасы, өнімді сатудың көлемі, өндіріс көлемі,өндірістік - шаруашылық қызметінің кезеңі және басқа да жекелеген жақтары сипатталады.
Операциялық бюджет келесідей жоспарлы құжаттардан тұрады:
1. Сату бюджеті;
2. Өндіріс бюджеті;
3. Тікелей материалдық шығындардың бюджеті;
4. Тікелей материалдық ресурстарды сатып алудың жоспары;
5. Тікелей еңбек шығындарының сметасы;
6. Жоспарлы кезең аяғына қалатын өндірістік және тауарлы қорлардың жоспары;
7.Сатылған өнімнің өзіндік құнындағы тікелей және үстеме шығындардың сметасы;
8.Сатылған өнімнің өзіндік құнындағы жалпы әкімшілік шығындарының сметасы;
9. Операциялық қаржылық нәтижесінің жиынтық есебі.
Бюджеттің атқаратын қызметі (функциясы) бақылау мен бағалаудың құралы ретінде, ол нақты көрсеткіштерді болжамдық көрсеткіштермен салыстырғанда ғана шаруашылық етуші субьектісінің қызметін аша түседі.
Жоспарлауда, есеп пен талдауда тұрақты және айналмалы шығындардың жеке есебі жолымен пайданы анықтау мен болжамдаудың қарапайым және сенімді әдісі бар. Бұл әдістің мәні келесіде:
1.Экономикалық объектінің (өндіріс, өткізу, әкімшілік және қаржылық шығындар) функциясына қатысы бойынша шығындар элементтерін бөлу, сондай - ақ қысқа мерзімді кезеңде өндірістің жағымды шарттары кезінде өндіріс пен өткізудің көлемінің өзгерісіне байланысты көлемдері өзгеретін тұрақты және айнымалы шығындарға шығындар элементінің бөлінісі.
2.Айнымалы шығындардың өнімнің өзіндік құнына жатқызылуы. Өнімді өткізуден түскен табыс пен оның өзіндік құны арасындағы айырма маржиналдық табысты, яғни тұрақты шығындарды жабуға дейін өнімнен түскен табысты білдіреді. Өйткені айнымалы шығындар экономикалық объектінің қызметінің нәтижесі болып табылатындықтан, онда оларды өнімнің өзіндік құнына жатқызу қажет болады.
3.Тұрақты шығындар олардың пайда болу кезеңінетабыстар мен шығындар есебіне жатқызылады және өнімді өткізуден түскен табысты алу үшін табыстардың жалпы шотынан алынады.
4.Аяқталмаған өндіріс пен өткізілмеген өнім (кезең басында және аяғында) айнымалы шығындар бойынша бағаланады. Осыған байланысты келесілерді атап өту керек:
- өткізілген, сондай - ақ өткізілмеген өнім мен аяқталмаған өндірістің өзіндік құнына айнымалы шығындар жатқызылатындықтан, ал өндіріс пен өткізуге кеткен тұрақты шығындар пайда мен шығын шотына жатқызылса, онда ешқандай есепке алынбаған шығындар қалмайды;
- айнымалы шығындар тікелей және жанама шығындардың бөлігін қосатындықтан, бұл әдіс жанама айнымалы шығындардың үлестіру мәселесін шешуге көмектеседі;
- өнімнің айнымалы өзіндік құны өте маңызды болып келеді, өйткені өнімді сату үшін минимальды баға болып табылады. Өнімнің өзіндік құнына айнымалы шығындардың элементтерінің көлемінің өзгерісі әсер ететіндіктен және қысқа мерзімді кезеңде тұрақты шығындар көлемінің өзгерісін өткізу мүмкін емес болғандықтан, бұл табыс пен пайда тұрақты шығындардың нәтижесі емес, айнымалы шығындардың нәтижесі болып табылатынын білдіреді. Маржиналдық табыс сомасы өндірістің бар немесе жоғына қарамастан пайда болатын тұрақты шығындардың барлығын немесе бір бөлігін жабуда қатысады. Осыған маркетингте маржиналдық табыс пен өндіріс көлемінің шекті нүкте әдісі негізделген.
Сөйтіп, бюджет кәспорынның әрі қарай дамуына үлкен септігін тигізетінін, дұрыс жасалған бюджет кәсіпорын қызметін өрге жүзитінін көруге болады. Бюджеттің сатылары бір - бірімен тығыз байланыста болады. Бірінші бөлімді қорытындылай келе кез келген кәсіпорын үшін бюджеттің маңызы аса зор екенін байқауға болады. Кәсіпорын қызметіне, өндіріс аясына байланысты өзіне арнаулы шығыны мен кірісі болады. Ойластырылып жасалаған бюджет кәсіпорынның болашақтағы қызметін қаншалықты жақсы болатынын көрсетеді. [5]
3.2 Бюджеттеудің мақсаты, міндеті, функциялары
Бюджеттеу - бұл жоспарлау, бақылау, басқарушылық қызметті реттеу және кәсіпорынның даму стратегиясы негізінде тиісті өндірістік жобаларды орындау мақсатында шешімдерді қабылдау процесі арқылы экономикалық субъектіні басқару.[5]
Қаржыны басқарудың қазіргі жүйесі кәсіпорынның бюджеттер жүйесін әзірлеу туралы қабылданған шешімдер және оның орындалуын бақылаудың үйлестірілуін талап етеді. Бюджеттер жүйесі қаражаттардың түсуі және шығындарын ағымды қатаң бақылау жасауға мүмкүндік тудырады.
Ағымдағы және оперативтік қаржылық жоспарлау бюджеттендіру арқылы іске асырылады. Бюджетті жасау жоспарлау процесінің бөлнбейтін элементінің бірі.
Бюджеттендіру процесі белгілі бір кезеңге дайындалған және қабылданған ақшамен байланысты.
Бюджеттер кәсіпорынға көптеген мақсаттарға жетуге қажет. Ол тек жопсарлауға тән экономикалық жұмыстарды үйлестіруге көмектесіп қоймай, кәсіпорын жұмысының тиімділігін бағалауға негіз болады, сондайақ басқару құралы ретінде қолданылады.
Бюджеттендірудің басты мақсаты - кәсіпорынның барлық шаруашылық-экономикалық қызметін үйлестіруді қамтамасыз ету. Сонымен бюджеттендіру айқын жоспарлау және басқару шешімдерін қабылдау жүйесін ендіруге,қаржы тәртібін нығайтуға,компания және капитал иелерінің мүддесін сақтауға ықпал етеді,тұрақты қаражат ағынын қамтамасыз етеді,қаржы жағдайының өзгеруін бақылауға және түпкілікті нәтижесінде уақыт бойынша шаруашылық операцияларын жоспарлауға көмектеседі.
Бюджеттендіру жүйесін құру негізінде белгілі принциптерге қарастырылған:
1. Мақсатты келістіру принципі алға қойылған міндеттерді орындау үшін өндірістің барлық факторларын теңгеруді (баланстау) қарастырады. Ол бюджеттерді төменнен жоғары қарай дасау арқылыорындалады, өйткені басқарудың төменгі бөлігі жағдайды нақты бағалай алады және жоспарланған бюджет көрсеткіштерінін орындалуын қамтамасыз етеді.
2. Жауапкершілік принципі ол кәсіпорынды басқаруда адам факторының рөлін сипаттайды.
3. Икемділік принципі. Жүйеге икемді бюджетті қосу, оңтайлы сату көлемін талдауға көмектеседі.
Қаржы менеджерлерінің шешетін ешбір күрделі жұмысы, және мақсаты сапалы капитал бюджетін жасауға әсер ететін бірнеше факторларды қарастыру.
Біріншіден, капитал бюджетін жасау туралы шешім өз күшін бірнеше жылға сақтайды, оны қабылдай отырып фирма өз шешімінің белгілі бөлігінің икемділігінен айрылады. Мысалы, алған активтердің қызмет ету мерзімі 10 жыл. Алынған активтер болашақ сату көлеміне негізделіп алынады. Сол 10 жыл мерзіміне сату көлемі болжамдалады. Соңында, фирманың күрделі бюджетін жасау шешімі,бағасын анықтайды.
Өйткені, жаңа тауарларды жасау, қызмет көрсету немесе жаңа нарыққа шығу үшін белгілі капиталды инвестициялаудв қажет етеді.
Осыған байланысты қажетті активтерді алуды бағалауда жіберілген қажеттіліктер фирма жұмысына қиындық тудыруы мүмкін. Егер фирма есепсіз көп құрал-жабдықтарға инвестицияласа, ол негізгі қорларда ұстап тұруға, амортизацияға өте жоғары шығындар жұмсайды. Екінші жағынан, егер фирма жеткіліксіз қаражаттарды инвестицияласа, онда басқа проблеалар тууы мүмкін. Біріншіден, оның жабдықтары, айналым активтері фирмаға бәсекелестікке сай келетін өнімдерді, тауарларды шығаруға жеткіліксіз болады. Екіншіден, егер фирманың қуаттылығы жеткіліксіз болса, онда ол нарықтағы бәсекелес фирмаларға өз үлесін жібереді, ұтылады. Ол айырылған жағдайды қалпына келтіру үшін, болашақта көздеген шығындарды қажет етеді. Тиімді жасалған бюджет капалы, уақытында таратуды және сатып алатын активтердің сапасын жақсартады. Егер фирма алдын ала жаңа активтерді сатып алуды болжамдаса, онда фирма дер кезінде оларды алады.
Соңында айтатын жай, әлбетте фирма капиталды инвестициялайтын болса, ол аз ақша болмайды, ондаған млн. тенге болуы мүмкін, ал ол сома фирмаға қолма-қол беріле қоймайды. Сондықтан фирма капитал шығындары бағдарламасын қарастырғанда, өзінің қаржыландыру жоспарын белгілі бір мерзімге алдын ала ойластыруы керек, бұл қаралған сұрақтар капиталды бюджеттендірудегі қаралатын міндеттерге қатысты.
Бюджеттеудің негізінде материалдық, еңбек, қаржылық және басқа да ресурстарды тиімді басқару жүйесі жатыр. Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорын өз бетінше жоспарлауды, өндірістік бағдарламаларды дайындайды, өнімдерді өндіру мен өткізу, баға, әлеуметтік-экономикалық саясаттар жөніндегі стратегияны анықтайды. Осы және басқа да міндеттерді орындау үшін, сонымен қатар басшылар мен менджерлерге шешімдер қабылдау үшін өндірістік бағдарламалар мен жобалардың орындалуына байланысты барлық шығындардың түрлері бойынша, тартылған инвестициялар туралы сенімді және объективті ақпарат қажет.
Нарықтық экономика шаруашылық және қаржылық дербестікті болжайды.
Шаруашылық дербестік - кәсіпорынның ұйымдастыру формасын, қызмет түрін, бизнес бойынша серіктерді, өткізу нарығын, бағаларды белгілеу және басқаларды анықтауда өз таңдауын білдіруі, ал қаржылық дербестік - оның толық өзін-өзіқаржыландыруы, қаржылық стратегияны, баға белгілеу саясатын жасаудан тұрады. Осыған байланысты тиісті бағдарламалар мен жобаларды орындау мақсаттары мен міндеттерінен туындайтын жоспарлау, бақылау және реттеуді қамтамасыз ететін бюджеттеу қажеттілігі көрініс табады.
Бюджет - кәсіпорынның шаруашылық (операциялық), инвестициялық және қаржылық қызметінен болатын шығындар мен түскен қаржыларды көрсететін операциялық қаржылық жоспар.
Бюджет кәсіпорынның қызметінен және даму жоспарының сандық түрінде көрінісі болып табылады, ол кәсіпорын әр түрлі баламаларда қандай пайда табатындығы туралы сұраққ жауап береді.
Бюджеттендіру - бүді кәсіпорын бөлімшелерінің қызметін келісіп басқарудын жеке-жеке тарамдарға бөлінген жүйесі. Бюджеттендірудің шешуші сәтіне үйлестіру, адрестік және шығынды бағалау жатады. Бюджеттендіру бюджет жүйесіне негізделеді.
Ол басшылардың сандық жобаларын сәйкестендіріп, нақтылайтын кәсіпорын қызметінің және дамуының жоспарын сандық тұрғыдан білдіреді; кәсіпорын қандай нұсқалар арқылы пайда түсіре алады деген сауалға жауап береді.
Бюджетті қолдану мына артықшылықтарды қалайды:
1. Стратегиялық тұрғыдан да, тактикалық тұрғыдан да жоспарлау өндіріс ахуалын бақылауға көмектеседі.
2. Бюджет басқарушылық бақылаудың құрамдық бөлігі болып табылады, тұтас ұйымның және оның бөлімшелерінің қызмет нәтижелерін бағалаудын объективті негізін қалайды.
3. Бюджет кәсіпорынның әр түрлі бөлімшелерінің қызметтерін үйлестіру құралына қызмет етеді.
Бюджет - жауапты орталықтардың жоспарды қалай орындағанын бағалайтынz бағаның негізі: менеджерлердің жұмысы бюджетті орындау туралы есеп беру бойынша бағаланады; бюджет деректерімен нақты нәтижелерді салыстыру менеджерлердің қызметін қай салаға бұру керек екенін көрсетеді. Бюджеттің көмегімен ауытқудың талдауы жасалады.
Өндірістік қызметті басқару жүйесі кәсіпорынның өндірістік міндеттер мен мақсаттарды жүзеге асыруын қамтамасыз ететін құрылымдық элементтер мен өзара байланысты функциялардың жиынтығын білдіреді.
Өндірістік қызметті басқару ең алдымен жиынтық функциялар арқылы жүзеге асырылады. Ол көп қырлы әрі әр түрлі объектілерді, қызмет түрлерін, міндеттерді және т.б. қамтуы мүмкін. Бұл қатынаста басқару функциясын мына белгілер бойынша жіктеуге болады:
ұйымның алдына қойған мақсатына қол жеткізуді қамтамасыз ететін операцияларды жоспарлау;
әр түрлі қызмет түрлерін және бөлімшелерді үйлестіру.
Тұтас ұйым бойынша топтардың және жеке қызметкерлердің мүдделерін бір арнаға салу;
өз жауапты орталықтардың мақсаттарына жеткізу үшін барлық деңгейлердегі басшыларды ынталандыру;
ағымдағы қызметті бакылау және жоспарлы тәртіпті қамтамасыз ету;
жауапты орталықтар мен оның басшыларының жоспарды қалай орындағанына баға берудің негізі;
менеджерлерді оқыту құралы;
ақпарат және басқару.[5]
Осы бөлімді түйіндей келе, басқарудың қазіргі жүйесі кәсіпорынның бюджеттер жүйесін әзірлеу туралы қабылданған шешімдер және оның орындалуын бақылаудың үйлестірілуін талап етеді. Бюджеттер жүйесі қаражаттардың түсуі және шығындарын ағымды қатаң бақылау жасауға мүмкүндік тудырады.
1.3 Бюджеттеудің кезеңдері
Бюджет процесі әр түрлі сатылардан немесе кезеңдерден тұрады. Әр компания үшін олар ір түрлі болып табылады. Бірақ қаржы мамндары мына алты қадамдар болуы тиіс деп есептейді;
Бизнес-модельді құру
Атқарылуына бақылау
Бюджеттің атқарылуы
Бюджетті құру
Бюджетті бекіту
Бақылау көрсеткіш сандарын жүргізу
Бюджеттеу
Бизнес-модельді құру
Атқарылуына бақылау
Бюджеттің атқарылуы
Бюджетті құру
Бюджетті бекіту
Бақылау көрсеткіш сандарын жүргізу
Бюджеттеу
1-сурет. Бюджеттеудің кезеңдері.
Бюджеттеудің негізгі сатыларын көрсете отырып, оларға ақпаратты өңдеу жағынан қысқаша сипаттама берейік.(Сур.1).
1. Бизнес-моделді құру және оған өзгерістер енгізу. Бизнес-моделді құрастыру бюджетті жоспарлау механизмі мен оның элементтері (мысалы, актив әрқашан пассивке тең болуы керек) арасындағы байланыстың математикалық сипаттамасын қамтитын ресурстарды қалыптастыру мен жұмсау жөніндегі әр түрлі схемалардың құрылымы ретінде қарастыруға болады.
Бизнес-моделді пайдаланудың тиімділігі бюджеттеу жүйесі өзге аналитикалық жүйелермен шоғырланған кезде бірнеше рет өседі. Осылайша ақшалай ағымдарды болжау мен өтімділікті талдау үшін несиелік ұйымдарға Банкті басқару моделін (ББМ) немесе оған ұқсас активтер мен пассивтерді басқарудың маманданған жүйелерін қолдану қажет.
2. Бюджетті құру. Барлық жағдайларда бюджетті құру үдерісінде ұйымның қызметтері мен бөлімшелеріне қажет кезеңге ресурстарды бөлудің болжамды бақылау көрсеткіш сандары жарияланады. Бұл құрылымдар қойылған мақсаттарға (айталық, несиелік портфельде 20%-ға арттыру) және қолда бар ресурстарға байланысты өздерінің меншікті бюджеттерін (алғашқы бюджеттер) құрып, кейін оларды талқылау мен бекітуге ұсынады. Қабылданған алғашқы бюджеттер - бүкіл ұйымның бюджеттік жобасын құрайтын блоктар болып табылады. Кейінгі бақылауды қамтамасыз ету үшін жобалар мен жоспарлар жауапты тұлғаны міндетті тіркеу арқылы жүйеде сақталуы тиіс. Олардың негізінде бюджеттер мен олардың келешектегі өзгерістері қарастырылады Бюджетті құру кезеңі келесідей белгілерімен сипатталады:
+ жаңа ақпараттың кең көлемі;
+ Ақпараттар көздері әр түрлі аумақтар бойынша таратылып, тәуелсіз болуы мүмкін;
+ Ақпараттың негізгі ағынының бір бағытта қозғалуы - қызмет етуші құрылымдардан менеджментке қарай.
Бюджетті құру сатылары:
1. Сату бюджеті
2. Өндіріс бюджеті
3.а Материалдарды пайдалану бюджеті 3.б Материалдарды сатып алу бюджеті
4. Еңбек бюджеті
5. Өндірістік үстеме шығындары
6. Қорлар бюджеті
7.Өзіндік құнды есептеу
8. Өндірістік өзіндік құн
9.Әкімшілік, коммерциялық шығын
10. Пайда мен зиян жобасы
11. Баланс жобасы
3. Бюджетті бекіту. Бекіту үдерісінде жеке баптарды қайта бөлу, реттеу жүзеге асырылады. Оның қорытынды нұсқасы әр түрлі көптеген факторларға, оның ішінде нарық конъюктурасына, әлеуметтік-экономикалық жағдайдың тұрақтылығына және де қызметкерлердің болашақ демалыс алуларына да байланысты. Бұл кезеңнің нәтижесі-қажетті кезеңге қабылданған ұйымына бюджеті.
Көптеген факторлардың (әсіресе, нарықтық конъюктурасының элементтерін) ұзақ мерзімге жоғары дәрежедегі дәлдікпен болжау мүмкін болмағандықтан, кейде икемді бюджет технологиясы қолданылады. Бұл технологияның негізіне әр түрлі көрсеткіштердің динамикасына байланысты туындауы мүмкін өзгерістер алдын-ала енгізілген.
Бұл кезең келесі жағдайлармен сипатталады: бір жерде ықшамдалынған бюджет әр түрлі құрылымдық және сандық өзгертулерге тап болады. Бұл өзгертулер оның көрсеткіштерін қолда бар ресурстарды оптималды бөлу жағдайына бейімдейді.
1. Бақылау көрсеткіш сандарын жеткізу. Бюджет жобасын бекіткеннен кейін алғашқы бюджеттерді құрастырушларға, барлық өзгерістер жөнінде хабарлау қажет, яғни оларға бекітілген бақылау сандарын жеткізіп, керек кезде алғашқы бюджеттерді түзету мүмкіндігін беру. Бұл үдерісінің негізгі мані - бюджет үзінділерін бөліп алып, оларды төмен түрған құрылымдарға жеткізу. Алғашқы бюджеттердің жасаушылар оларды бақылау көрсеткіштеріне сай, өз көрсеткіштерін ресурстарды тодық жұмсау шартымен дұрыстайды. Көрсеткіштерді жоғарыдан төменге қарай өңдеудің мақсаты бюджетті оның төмен тұрған буындарында ресурстардың маңызын арттыру болып табылады. Бөлімшелер мен тиісті қызметтердің өңделген алғашқы бюджеттерді ұйымның бюджетін өзекті жағдайда ұстап түру үшін қайтадан біріктіріледі.
Бұл кезеңде бюджеттеу үдерісі операциялардың кең көлемімен сипатталады. Бұл операциялар автономды жұмыс үшін және олардың толықтылығы мен сенімділігін тексеру мақсатында болашақ кезеңге жинақтаумен байланысты. Өзінің тағайындалуы бойынша бұл - бөлу үдерісі болып табылады.
2. Бюджеттің атқарылуы. Бюджеттің атқарылуы - бюджеттеу кезеңдерінің ең ұзақ мерзімдісі және жауаптысы. Мұнда бюджет сыртқы жағдайлардың немесе ішкі қажеттіліктердің өзгеруіне байланысты әр түрлі өзгертулерге ұшырауы мүмкін: ресурстар бөлінеді және азаяды, бюджет баптары пропорционалды түрде кемиді, бюджет арнайы алгоритмдер бойынша өзгереді және т.б.
Нақты айтқанда бұл бір жерде жинақталған ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz