ХХі ғасырдағы сыртқы саудалық келісім бойынша бухгалтерлік есеп операциялары


Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Кеңшілікова Лаура Талғатқызы, ғылыми жетекші Садуакасова Мархабат Берикболовна.

Е. А. Букетов атындағы ҚарМУ.

ХХІ ғасырдағы сыртқы саудалық келісім бойынша бухгалтерлік есеп операциялары

Халық шаруашылығы есептерінің арасында бухгалтерлік есептің алатын орны ерекше. Барлық экономикалық ғылымдар ішінде бухгалтерлік есеп өз алдына дараланып тұратын бөлек ғылыми сала. Бухгалтерлік есептің мәліметтері мен көрсеткіштері қоғамдық өндірістің дамуын экономикалық тұрғыдан зерттеуге бірден-бір негіз болып табылады. Сондықтан да бухгалтерлік есептің негізгі міндеті - халық шаруашылығының барлық салаларында нақты тұжырымды мемлекеттік талапқа сай есептеу жұмысын жүргізу. Қоғамымыздың даму кезеңдерінің қай сатыларында болмасын дамудың объективті экономикалық заңдылықтарын анықтау және ол заңдылықтарды пайдалану шараларын дұрыс белгілеу үшін есеп жұмыстарын, әсіресе бухгалтерлік есеп жұмыстарын дұрыс ұйымдастырудың маңызы зор.

Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есебі ҚЕХС және бухгалтерлік есепті жүргізу қағидалары негізінде құрылады және ол бүкіл алынған ақпараттарды пайдаланушылардың талабына, қызметтің құрылымын, ұйымының нысанына, айрықша ерекшелігіне, есептің сәйкес келуін қамтамасыз етеді.

­Қазіргі таңдағы Қазақстандық ұйымдардың сыртқы экономикалық қызметінің ұлғая түсуіне байланысты, олардың шетелдік валюталарды сыртқы және ішкі қарым-қатынастарда көбірек қолдануына орай, валюталық операцияларды жүргізу механизмін үйренудің қажеттілігі арта түсуде. Осыған орай бухгалтерлік есептің мәні өте зор.

Ұйымдардың шетелдік валютамен жасаған операцияларын жүргізу тәртібі «Валюталық курс өзгерістерінің әсері» 21 ХҚЕС-та қаралады.

Зерттеліп отырған кәсіпорын сыртқы сауда жасау мәмілесі бойынша, шетелдік компанияға сомасы 100 000 АҚШ доллары көлемінде алдын-ала төлем жасаған. Төлем жасалған кездегі бір доллардың нарықтық курсы 339 теңге. Бухгалтерлік есебі былай жүргізіледі:

Дт 1610 немесе 2910 - Кт 1050 - 3 390 000 теңге. (339х100 000) .

Бухгалтерлік есеп бойынша анықталған бағамдық айырма, валютаның теңгеге шаққандағы нарықтық бағамына сәйкес анықталып, кәсіпорынның табысына немесе шығынына жатқызылады.

31 желтоқсанға дейінгі атқарылған операциялар бойынша есептелген курстық айырма, қаржылық есеп стандарттарына сәйкес, аяқталмай қалған есептегі мерзім бойынша, табыстың құрамына қосылады.

Кәсіпорынның есебіне сай, 1 желтоқсан 2015 жылы шетелдік валюта бойынша 10 000 АҚШ доллары көлемінде тауар келіп түсті, осы операция бойынша есептесу келесі 2016 жылғы 15 ақпан айы болып белгіленген. Алашақ қарыз пайда болған кезде, доллардың теңгеге шаққандағы бағамы 307 теңге болған. Есеп беру кезеңінің 31 желтоқсанына доллардың бағамы 339 теңге болды.

1 желтоқсандағы сальдо Дт 1330 Кт 3310 3 070 000 (10 000х307)

31 желтоқсандағы сальдо Дт 7430 Кт 3310 3 200 000 (10 000х (339-307) )

Мекеменің валюталық шотына ақша келіп түскен күн, шетелдік валютамен операция жасалған күн болып саналады. Экспортқа шығарылатын тауарлардың кедендік құжаттары жасалған күн, тауарды сату бойынша операция жасалған күн болып есептеледі. Мысалы, 20 cәуір күні экспортқа тауар жіберілген. Экспортталған тауарлардың ақысы ағымдағы жылдың 28 сәуірі күні төленген. Мұндай жағдайда, егер тауарды жіберген күн мен оның кедендік құжаттарын рәсімдеу күні сәйкес келетін болса, зерттеліп отырған кәсіпорын бойынша 20 сәуір, онда борышкердің берешегі сол күннен бастап есептеледі. 28 сәуір күні келіп түскен қаржы бойынша, 20 сәуірден бастап туындаған курстық айырмашылықты есептеп шығару керек.

Осыған орай, операция жасалған күн мен оған ақы төленгенге дейінгі аралықтағы бағам айырмашылығы, нарықтық бағам бойынша есептеліп шығарылады.

Импорттық операциялар жүргізілген кезде, кедендік құжаттарды рәсімдеу кезіндегі тауардың кұны мен каржы аударылған күннің арасында бағам айырмашылғы пайда болады, соның нәтижесінде кредиторлык және дебиторлық қарыздар бойынша қайта есептеулер жүргізіледі.

Кәсіпорын 100 000 АҚШ доллары сомасында импорттық тауарлар әкеліп, ақысын тауар жөнелтілгеннен кейін төлеуге келіскен. Кедендік кұжаттар жасалған күнгі доллардың бағамы 339 тенге. Есептесу күнгі бағамы - 340 тенге. Кедендік рәсімдеу осы жылдың 1 наурыз күні жасалған. Ақысы 20 наурыз күні төленген.

Импорттық қызмет жасалған кезде, курс айырмашылығы кызмет көрсетілген күн мен ол үшін нақты ақы төленген күннің арасындағы бағамның өзгеруіне орай мәмілелік құн бойынша есептеледі. Ұйымға шетелдік компания 10 000 АҚШ доллары сомасына жарнамалық кызмет көрсеткен алдын-ала (1 наурыз) 5 000 доллар төленген, ал қызмет керсетілген болғандықтан толықтай есеп айырылысқан (30 наурыз) . Алдын ала ақы төленген күні доллар багамы 339 тенге, толык есептескен күні - 341 тенге, нақты қызмет көрсеткен күні (25 наурыз) 340, 5 теңге.

Дт 3310 4110 Кт 1030 -1 695 000 теңге (339 х 5 000) 1 наурыздағы алдын ала жасалған төлем;

Дт 7110 Кт 3310. 4110 - 3 405 000 теңге (340, 5 х 10 000)

25 наурыздағы жасалған қызмет;

Дт 3310. 4110 Кт1030 - 1 705 000 тенге ( 341 x 5 000) 30 наурызға есептесу;

Д 7430 Кт3310. 4110- 5 000 тенге (1 695 000 + 1 705 000 - 3 405 000)

Экспорттық-импорттық операциялар бойынша курс айырмашылығы, экспортталған тауарды кедендік рәсімдеу күнгі бағам мен айырбасқа алатын импорттық тауарды кедендік рәсемдеу жасаған күнгі валюта бағамының айырмасынан құралады.

Мекеме шетелдік компанияға бағасы 10 000 АҚШ доллары көлемінде тауар жеткізген, ал айырбас ретінде шетелдік компанияда сомасы 10 000 АҚШ доллары мөлшерінде тауар жеткізіп берген. Импортталған тауарды кедендік рәсімдеуден өткізген күні бағам 341 тенге, экспортталған күні- 339 тенге.

Дт 3310, 4110 Кт 1330 - 3 390 000 теңге ( 339 х 10 000) экспорт;

Дт 1330 Кт 1280, 2180 - 3 341 000 теңге (341 х 1) импорт;

Дт 1280, 2180 Кт 3310, 4110- 3 341 000 теңге, есепке алу;

Дт 3310, 4110 Кт 6250 - 10 000 теңге, курстық айырмашылығы.

Жауапты тулғалармен есептесу кезінде дебиторлық және кредиторлық қарыздар бойынша, курстық айырмашылық, қарыздың пайда болған күнгі валюта бағамымен, оны қайтарған кездегі бағамның айырмашылығынан құралады.

Ұйым шет елге қызметкерін іссапарға жіберіп, оған іссапар шығындары үшін 700 АҚШ долларын берген. Ақшаны берген күнгі бағам 339 теңге, аванстық есепті бекіткен күнгі бағам 341 теңге. Қызметкер 600 долларын жұмсап, 100 долларды мекеме кассасына аванстық есепті бекіткен күні қайтарып берген.

Дт 1250 Кт 1010 - 237 300 (339х700) ;

Дт 7210 Кт 1250, 2150- 204 600 теңге (341x600) ;

Дт 1010 Кт 1250, 2150-34 100 (341х100) ;

Дт 1250, 2150 Кт 6250- 1400 (237 300- 34 100 -204 600), курстық айырмашылық.

Шетелдік валютамен есептесу үшін мекемелер оларды валюта нарығынан сатып алады. Шетелдік валютамен операция жасау үшін арнаулы келісім-шарттар жасалады. Мекемелер ҚР Ұлттық банкісінің тиісті лицензиясы бар банктер аркылы шетелдік валюталарды сатып алуға және сатуға хақылы. Сатып алынған шетелдік валюталармен ағымдағы тауарларды сатып алу және сату, жұмыстарды орындап, қызмет көрсету, сонымен катар шетелмен төлемақылар жүргізу операцияларын атқаруға болады. Ондай

төлемдер шетелдік валюта түрінде алған займдар бойынша сыйақы телеуге, оларды уақытында қайтаруға пайдаланылуы мүмкін. Есеп шоттарында валюталық қаржылардың қозғалысы банкілік кұжаттардың негізінде көрсетіледі. Мысалы, мекеме өкілетті банк аркылы 1000 АҚШ долларын сатып алған. Сатып алынған күнгі доллардың бағамы 339 теңге болды. Нақты мәміле жасалған кездегі доллардың бағамы 340 тенге болған.

Дт 3310 Кт 1030 - 339 000 теңге; шетелдік валютаға төлеу үшін шығарылған;

Дт 3310 Кт 1030- 1000 теңге, нарықтық курс пен мәміле бағамының айырмасы;

Дт 7210 Кт 3310 - 2373 теңге, банке төлөнетін комиссиялық сыйақы; ($ 7) ;

Дт 1030 Кт 3310 - 336 627 теңге. валюталық шотқа кіріске алынған ($ 993) ;

Дт 7470 Кт 3310-1 000 теңге, шығарылған «сомалық айырма».

Егер бағамды сатып алу бірнеше күнге созылатын болса, онда 1020 «Жолдағы ақша қаражаттары» деп аталатын шотар тобында пайдаланады.

Мекеме өкілетті банк арқылы, келісілген бағам бойынша шетелдік валютаны сата алады. Мекеме өзінің 1 000 АҚШ долларын сатқан. Доллардың теңгеге шакқандағы бағамы 339 тенге. Нақты мәміле кезіндегі бағамы 340, 5 тенге болған.

Дт Кт

1020 1032 - 339 000 теңге;

1031 6280 - 340 500 теңге;

7470 1020 -339 000 теңге.

Мекеменің 1030 топтама шотында 1031 шот - теңге үшін; 1032 шот - АҚШ доллары үшін ашылған.

Қазақстан Республикасының аймағында қаржылық міндеттемелер теңге арқылы жүргізілуге тиісті. ( КР Азаматтық кодексінің 127 және 282 баптары - ҚР АК) . ҚР аумағында шетелдік валюталарды пайдаланып, сонымен катар міндеттемелерімен есептесу кезінде төлемдік күжаттар бойынша шетелдік валюталарды қолдану, ҚР заң актілері аныкталған шарттар мен талаптарға сәйкес іске асырылады. (КР АК 282 бабы) .

Қорытынды

Қорытындылай келе, кез келген ұйымның даму стратегиясы жақсы болу үшін оның бухгалтерлік есебі дәл және нақты жүргізілуі тиіс деген ұсыныс айтамын. Ол үшін келесі шараларды орындау қажет:

- біріншіден, шетелдік компаниялармен есеп айырмас бұрын, Ұллтық банк бекіткен нақты бағамды көрсету қажет ;

- екіншіден, шетелдік валютамен операция жасау үшін арнаулы келісім шарттар жасалуы тиіс;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дебиторлық борыштар есебінің нормативтік
Берешек қарыздарды талдау
Дебиторлық борыштар есебінің аудиті
Сатып - алушылар мен тапсырыс берушілердің борышы
Банктегі есеп және есеп беру негіздері
Дебиторлық қарыздың аудиті
Тауарларды сату есебі, оларды кірістеу және төлеу
Дебиторлармен және кредиторлармен операциялардың бухгалтерлік есебін ұйымдастыру
Дебиторлық берешек есебі
Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы заңдарына шолу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz