Кәсіпорынның бюджетін қалыптастыру


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

КӘСІПОРЫННЫҢ БЮДЖЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Жұмали Ә. Ж.

Лұқпанова М. А.

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,

Экономика және Бизнес

Жоғары Мектебі,

«Қаржы» мамандығы,

3-курс студенттері

Ғылыми жетекші: Купешова Б. К.,

аға оқытушы

Аннотация:

Төменде келтірілген мақалада кәсіпорынның бюджетін қалыптастыру тәсілдері келтірілген. Кәсіпорынның бюджетін тұрақтандыру мәселесінде ең маңыздысы болып бюджеттендіруді жоспарлау, қаржылық жоспар құру, бюджеттендіру моделін оңтайландыру табылады.

В данной статье рассматриваются повышение качества системы бюджетирования. В этой связи актуальным является уточнение понятия и принципов организации бюджетирования на предприятиях, разработка финансовой структуры и целостной модели бюджетирования, учитывающих специфику деятельности предприятия.

Application of budgeting provides a rational management the resources of enterprise, allows to strengthen control and financial discipline, provides transparency and forecast of financial streams.

Қазақстан Республикасындағы қазіргі экономикалық жағдай кәсіпорындарға микроэкономикалық деңгейде ішкі фирмалық жоспарлауда және макроэкономикалық деңгейде стратегиялық жоспарлауда жаңа қадамдар жасауды қарастырады. Кәсіпорынның қабілеттілігі нарықтық қатынастардың мәселелерінен шығады, яғни оның мақсатын бюджеттеу арқылы ертерек кәсіпорынның өз күшімен орындауға мүмкіндігін және қаржыландырудың тартылған көздері арқылы өндірістік бағдарламаны орындауды қамтамасыз ететінін, материалдық-техникалық базаны нығайтатын және басқа да міндеттерді шештінін анықтауға болады. Бюджеттеуді басқа экономикалық пәндерден бөлуге болмайды, себебі, оны кәсіпорынның қызметін, басқару процесінде жоспарлау, бақылау және басқару қызметі арқылы пайдаланады. [1, 206 б. ]

Бюджет тұтас ұйым үшін де, оның бөлімшелері үшін де жасалуы мүмкін. Бюджет шын мәнінде пайдалы құжат болуы үшін бірнеше әзірлік жұмыстары жүргізілуі керек. Анықтап айтқанда:

• ұйым алдына қандай мақсат қояды;

• жалпы экономикалық және салалық факторлардың, бәсекелестердің ықпалы;

• кәсіпорынның ұйымдық құрылымы;

• қандай қаржы құрылымы қолайлы.

Бюджеттеудің негізінде материалдық, еңбек, қаржылық және басқа да ресурстарды тиімді басқару жүйесі жатыр. Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорын өз бетінше жоспарлауды, өндірістік бағдарламаларды дайындайды, өнімдерді өндіру мен өткізу, баға, әлеуметтік-экономикалық саясаттар жөніндегі стратегияны анықтайды. Осы және басқа да міндеттерді орындау үшін, сонымен қатар басшылар мен менджерлерге шешімдер қабылдау үшін өндірістік бағдарламалар мен жобалардың орындалуына байланысты барлық шығындардың түрлері бойынша, тартылған инвестициялар туралы сенімді және объективті ақпарат қажет.

Нарықтық экономика шаруашылық және қаржылық дербестікті болжайды. Шаруашылық дербестік- кәсіпорынның ұйымдастыру формасын, қызмет түрін, бизнес бойынша серіктерді, өткізу нарығын, бағаларды белгілеу және басқаларды анықтауда өз таңдауын білдіруі, ал қаржылық дербестік - оның толық өзін-өзі қаржыландыруы, қаржылық стратегияны, баға белгілеу саясатын жасаудан тұрады. [3]

Осыған байланысты тиісті бағдарламалар мен жобаларды орындау мақсаттары

мен міндеттерінен туындайтын жоспарлау, бақылау және реттеуді қамтамасыз ететін

бюджеттеу қажеттілігі көрініс табады.

Бюджет кәсіпорынның шаруашылық (операциялық), инвестициялық және қаржылық қызметінен болатын шығындар мен түскен қаржыларды көрсететін операциялық қаржылық жоспар, яғни бюджет кәсіпорынның қызметінен және даму жоспарының сандық түрінде көрінісі болып табылады, ол кәсіпорын әр түрлі баламаларда қандай пайда табатындығы туралы сұраққ жауап береді.

Кәсіпорында бюджетті қолданудың бірқатар артықшылықтары бар:

1. стратегиялық және тактикалық жоспарлау өндірістік жағдайларды бақылауға көмектеседі;

2. бюджет басқарушылық бақылаудың құрамдас бөлігі болып табылады, ұйымның және оның бөлімшелерінің қызметінен нәтижелерін бағалауға объективті негіз жасайды;

3. бюджет кәсіпорынның әр түрлі бөлімшелерінің қызметін үйлестіруші құрал болып табылады;

4. бюджет - жауапкершілік орталықтарының жоспарды орындауын бағалау үшін бағалау негізі: менеджерлер жұмысы бюджеттің орындалуы туралы есеппен бағаланады; нақты нәтижелерді бюджет мәліметтерімен салыстыру менеджерлер жұмысын қай аймаққа бағыттау керек екендігін көрсетеді;

5. бюджеттің көмегімен ауытқуларды талдау жүргізіледі.

Қаржылық стратегияны жоспарлаудың мақсаты инвестицияны тарту жоспарын құру болып табылады. Кәсіпорындар үшін күрделі салымдар оның материалдық-техникалық базасын жаңарту және бәсекеге қабілетті өнім өндіру мақсатында жаңа технология мен техниканы ендіруде маңызды болып табылады. Осыған сәйкес бюджеттеу кәсіпорынның инвестицияға қажеттілігін анықтау мен қаржылық стратегияны жүзеге асыруда негізгі роль атқарады.

Күрделі салымдар туралы шешім - бұл күрделі салымдар сметасын құру мен оның қайтарымдылығын бағалаумен байланысты ұзақ мерзімді шешімдерді қабылдау. Бұл процесс мына бағытта қолданылады:

а) компания қандай инвестициялық жобаларды таңдау керектігін анықтау;

ә) жобаны жүзеге асыруда компания күрделі салымның жалпы сомасын анықтау;

б) жобаның қалай жүзеге асырылатындығын анықтау.

Сонымен бірге, бюджеттендіру жүйесінде барлық жазулар бухгалтерлік есептегідей белгілі мерзім бойынша жасалуы керек. Ол қандай да бір ресурсқа деген қажеттіліктің қай бағытта пайдаланылатынын анықтап, қажеттілікті алдын-ала қанағаттандыру үшін керек. Операциялардың жүзеге асырылу мерзімін 1 жыл бұрын белгілі бір күнге жоспарлап жасау мүмкін еместігі түсінікті, дегенмен бір ай мерзімге белгілеуге болады.

Сонымен, кәсіпорынды бюджеттендіру ресурстарды басқаруда тиімді жүйені құрудың бәсекелестік артықшылығына мүмкіндік береді, ол мүмкін болған мәселелерді анықтайды және сәйкесінше келешектегі қызметтерді жоспарлайды.

Кәсіпорында бюджеттендіру жүйесін енгізу басшылыққа белгілі бір қаржылық нәтижеге жету есебімен қаржылық-шаруашылық қызметті жоспарлауға мүмкіндік береді, сонымен қатар, мақсаттарды анықтауға және қызметтің бақылаулы көрсеткіштерін бекітуге мүмкіндік береді және де барлық бөлімшелер қызметінің қаржылық нәтижелер барысына бөлімшелер басшылары арасында жауапкершілік аумағын анықтау және қаржылық басқарудың қызметін бөлу арқылы жол көрсетуге мүмкіндік туады.

Басқарушылық есепті енгізу кезінде басқарушылық есеп жүйесіндегі ақпаратты қалыптастыру кезінде бюджеттік есептің деректерін пайдалану мүмкіндіктерін жасау үшін бюджеттік есебінің мақсаттары үшін қолданылатын бағдарламалық өнімді пысықтау жөнінде қажетті шаралар қабылдануға тиіс. Бұл ретте оның кезінде барлық бастапқы ақпарат бюджеттік есеп жүйесінен келіп түсетіндей ақпаратпен алмасуды ұйымдастыруға артықшылықтар беру қажет .

Бюджеттендіру жүйесін енгізуде әрбір кезең бойынша жұмыстардың орындалу мерзімдерінің сақталуын нақты бақылау және қол жеткізілген нәтижелердің жоспарланған көрсеткіштерге сәйкестігін бақылауды қамтамасыз ету өте маңызды.

Бюджеттендірудің қаржылық жоспарлаудан негізгі айырмашылығы - қаржылық жауапкершілікті табыстаудан тұрады. Бюджет құру арқылы нарықта кәсіпорынның қызметін және қалай болып жатқанын түсінуге, шығындарды үнемдеуге қол жеткіземіз. Кәсіпорында бюджеттендіру жүйесін енгізу және оны қалыптастыру бір бөлімшеден екінші бөлімшеге ақпарат алмасумен жүзеге асады.

Өңірлер бойынша кәсіпорындар бюджеті статистикасы (млн. теңге)

2010
2011
2012
2013
2014
: Қазақстан Республикасы
2010: 101508
2011: 422046
2012: 353803
2013: 512044
2014: 750783
: Ақмола
2010: -5941
2011: -3996
2012: 507
2013: -3442
2014: 2616
: Ақтөбе
2010:
2011: 18768
2012: 24624
2013: 48816
2014: 83874
: Алматы
2010: -3473
2011: 670
2012: 2505
2013: 4219
2014: 6243
: Атырау
2010: 44029
2011: 142493
2012: 127125
2013: 127963
2014: 182834
: Шығыс Қазақстан
2010: 5486
2011: 12630
2012: 13318
2013: 7228
2014: 12367
: Жамбыл
2010: -2968
2011: -5445
2012: -1311
2013: -1134
2014: 5502
: Батыс Қазақстан
2010: -2307
2011: 3387
2012: 1448
2013: 1908
2014: 5440
: Қарағанды
2010: 10095
2011: 78232
2012: 55743
2013: 88607
2014: 115129
: Қостанай
2010: 7228
2011: 2410
2012: 4707
2013: 4794
2014: 15810
: Қызылорда
2010: 6180
2011: 29191
2012: 39489
2013: 43729
2014: 70754
: Маңғыстау
2010: 25558
2011: 61775
2012: 28085
2013: 77224
2014: 89886
: Павлодар
2010: 6428
2011: 3889
2012: 2812
2013: -3615
2014: 9738
: Солтүстік Қазақстан
2010: 201
2011: 1881
2012: 211
2013: -4517
2014: -1129
: Оңтүстік Қазақстан
2010: 7853
2011: 19030
2012: 4529
2013: 12606
2014: 15363
: Астана қаласы
2010: 8117
2011: 41703
2012: 10983
2013: 64882
2014: 102649
: Алматы қаласы
2010: -7200
2011: 15428
2012: 39028
2013: 42776
2014: 33707

Ескерту: [6] мәліметтер ҚР статистикалық бюллетенінен алынған.

Жалпы қәзіргі таңда ҚР-ның әртүрлі өңірлері бойынша кәсіпорындар мен ұйымдардың табыстары айтарлықтай өсіп отырғанын байқауға болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорын бюджетін қалыптастыру әдісі
Бюджет және бюджетті жоспарлау
Капитал бюджетін қалыптастыру
«ҚарағандыЭлектроМонтаж» ЖШС бюджетін құру
Қаржы менеджментінің мазмұны
Қаржылық менеджмент оқу құралы
Көмекші өндіріс есебі
Басқадай өндіріс шығындары
Кәсіпорынның қаржылық жоспарлар жүйесі
Кәсіпорынның қаржы бөлімі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz