Электродинамика



Кіріспе
Негізгі бөлім
1) Электродинамика
2) Электр заряды. Электрлену. Электр зарядының сақталу заңы. Кулон заңы
3) Электр өрісі. Электр өрісінің кернеулігі. Электр өрісінің күш сызықтары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Электродинамика – физиканың зарядталған денелер мен бөлшектердің арасындағы өзара әрекетті іске асыратын материяның ерекше түрі – электр өрісінің заңдылықтарын және қасиеттерін зерттейтін бөлімі.
Қазіргі кезде жақсы зерттелген, дегенмен әлі де жұмбақ электрлік құбылыстармен үнемі кездесіп отырамыз. Ежелгі заманда янтарьды теріге ысқанда, оның жеңіл заттарды өзіне тарту қасиетін аңғарған. Осы құбылысты ежелгі грек философы Фалес Милетский сипаттаған.
Электрлік құбылыстардың табиғатын түсіну бірнеше кезеңдерге бөлінеде. Біріншісін, медициналық деп атауға болады. Бұл кезең XVII ғасырдың ортасына дейін созылған. Осы кезеңде денелерді электрлеудің әр түрлі тәсілдері ашылды, жеңіл нәрселерді тарту қасиеті тек янтарьда ғана емес, шыны, эбонит, фарфорда да болатыны анықталды. Емшілер мен тәуіптер денелердің электрлену қасиетін өз тәжірибелерінде қолдануға тырысты. Электрленген денелердің әрекетімен салыстырғанда сезімтал магниттер ерекше құрметке ие болады. Осы себепті, магниттік және электрлік материалдарды бірінші болып сипаттау ағылшын королевасы І Елизаветаның лейб-медигі медицина докторы У. Гильберттің (1544-1603) қаламұшынан шыққаны түсінікті. Ол 1600 жылы өзінің «Магнит пен магниттік денелер және үлкен магнит – Жер туралы» кітабында ол электрлік деп атаған үйкелісте ерекше күш пайда болатынын көрсеткен. У. Гильберт электрлік зарядты байқауға арналған алғашқы қарапайым құрал – электроскопты құрастырған.
Содан кейін, электрлік және магниттік құбылыстарды И. Ньютонның тартылыс теориясына ұқсас түсіндірілетін механикалық кезең басталды. Француз физигі Ш.О. Кулон (1736 – 1806), осы уақытқа дейін электростатиканың негізгі заңы деп аталатын, нүктелік зарядтардың өзара әрекеттесу заңын ашты. Италияндық физик Л. Гальвани (1735 – 1798) бақамен тәжірибелер жүргізіп жануарлардың электрлік қасиетін ашты. Италияндық физик А. Вольта (1745 – 1827) гальвани тоғының ұзақ әрекет ететін алғашқы көзі – вольта бағанасын құрастырды.
XVIII ғасырда орыс оқымыстылары М. В. Ломоносов (1711 – 1765) және Г. В. Рихман (1711 – 1753) үйде «жайтаратқыш-машина» құрып, атмосферадағы электрді зерттеді. Тәжірибе кезінде найзағай соғып Г. В. Рихман қаза тапты. М. В. Ломоносов зерттеулер жүргізіп, электрлік өзара әрекеттесудің сандық негізін құрды.
1826 ж. неміс физигі Г. С. Ом (1787 – 1854) эксперимент арқылы электр тізбегіндегі ток күші, кернеу және кедергіні байланыстыратын негізгі заңды ашты.
1. Тамм И.Е. Основы теории электричества.- М.: Наука, 1989.- 504 с.
2. Ландау Л.Д., Лифшиц Е.М. Теория поля. - Т.2/ Под ред. П.И. Питаевского. - М.: Физматлит, 2001. - 530 с.
3. Матвеев А.Н. Электродинамика.- М.: Высшая школа, 1980.- 383 с.

Пән: Электротехника
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе
Негізгі бөлім
1) Электродинамика
2) Электр заряды. Электрлену. Электр зарядының сақталу заңы. Кулон заңы
3) Электр өрісі. Электр өрісінің кернеулігі. Электр өрісінің күш сызықтары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер


Электродинамика
Электродинамика - физиканың зарядталған денелер мен бөлшектердің арасындағы өзара әрекетті іске асыратын материяның ерекше түрі - электр өрісінің заңдылықтарын және қасиеттерін зерттейтін бөлімі.
Қазіргі кезде жақсы зерттелген, дегенмен әлі де жұмбақ электрлік құбылыстармен үнемі кездесіп отырамыз. Ежелгі заманда янтарьды теріге ысқанда, оның жеңіл заттарды өзіне тарту қасиетін аңғарған. Осы құбылысты ежелгі грек философы Фалес Милетский сипаттаған.
Электрлік құбылыстардың табиғатын түсіну бірнеше кезеңдерге бөлінеде. Біріншісін, медициналық деп атауға болады. Бұл кезең XVII ғасырдың ортасына дейін созылған. Осы кезеңде денелерді электрлеудің әр түрлі тәсілдері ашылды, жеңіл нәрселерді тарту қасиеті тек янтарьда ғана емес, шыны, эбонит, фарфорда да болатыны анықталды. Емшілер мен тәуіптер денелердің электрлену қасиетін өз тәжірибелерінде қолдануға тырысты. Электрленген денелердің әрекетімен салыстырғанда сезімтал магниттер ерекше құрметке ие болады. Осы себепті, магниттік және электрлік материалдарды бірінші болып сипаттау ағылшын королевасы І Елизаветаның лейб-медигі медицина докторы У. Гильберттің (1544-1603) қаламұшынан шыққаны түсінікті. Ол 1600 жылы өзінің Магнит пен магниттік денелер және үлкен магнит - Жер туралы кітабында ол электрлік деп атаған үйкелісте ерекше күш пайда болатынын көрсеткен. У. Гильберт электрлік зарядты байқауға арналған алғашқы қарапайым құрал - электроскопты құрастырған.
Содан кейін, электрлік және магниттік құбылыстарды И. Ньютонның тартылыс теориясына ұқсас түсіндірілетін механикалық кезең басталды. Француз физигі Ш.О. Кулон (1736 - 1806), осы уақытқа дейін электростатиканың негізгі заңы деп аталатын, нүктелік зарядтардың өзара әрекеттесу заңын ашты. Италияндық физик Л. Гальвани (1735 - 1798) бақамен тәжірибелер жүргізіп жануарлардың электрлік қасиетін ашты. Италияндық физик А. Вольта (1745 - 1827) гальвани тоғының ұзақ әрекет ететін алғашқы көзі - вольта бағанасын құрастырды.
XVIII ғасырда орыс оқымыстылары М. В. Ломоносов (1711 - 1765) және Г. В. Рихман (1711 - 1753) үйде жайтаратқыш-машина құрып, атмосферадағы электрді зерттеді. Тәжірибе кезінде найзағай соғып Г. В. Рихман қаза тапты. М. В. Ломоносов зерттеулер жүргізіп, электрлік өзара әрекеттесудің сандық негізін құрды.
1826 ж. неміс физигі Г. С. Ом (1787 - 1854) эксперимент арқылы электр тізбегіндегі ток күші, кернеу және кедергіні байланыстыратын негізгі заңды ашты.
Француздың ұлы физигі А. М. Ампердің электродинамика саласындағы еңбектерін бағалау өте қиын. Ол магнит өрісінің магнит тіліне әрекет күшін анықтайтын ережені тұжырымдады (Ампер ережесі). Ток пен магнит арасындағы өзара әрекеттесуді бақылайтын көптеген құралдар жасап шығарды. Электр токтарының өзара әрекет күштерін ашты (Ампер заңы). А. М. Ампер магнитизмнің теориясын құрды.
Электрлік құбылыстарды зерттеуде ағылшынның ұлы физигі М. Фарадейдің еңбегі өте зор. Ол сол кездегі белгілі электр түрлерінің тепе-теңдігін дәлелдеді (жануар, электромагнитизм, термоэлектр, гальвани электрі және үйкелістен пайда болатын электр); ол электролиттен ток өтуін зерттеп, электролиз заңдарын, электромагниттік индукция құбылысын ашты, электр өрісі электрлік өзара әрекеттесуді іске асыратын иатерияның ерекше түрі электр өрісі ұғымын енгізді.
Ағылшын физигі Д. К. Максвелл (1831 - 1879) электромагниттік өріс теорясын құрды. Максвелл өз теориясын электрлік құбылыстардың негізгі заңдылықтарын өрнектейтін теңдеулер жүйесі түрінде тұжырымдады. Ол жылдамдығымен бірдей электромагниттік толқындардың бар екенін болжады.
Электрлік құбылыстарды зерттеген басқа атақты физиктердің де атап өту қажет. Орыс физигі Э. Х. Ленц (1804 - 1865) индукциялық ток бағытын анықтау ережесін және токтың жылулық әрекетінің заңын тағайындады. Токтың жылулық әрекетін Э. Х. Ленцтен тәілсіз ағылшын физигі Д. П. Джоуль (1818 - 1889) ашты. Орыс физигі Б. С. Якоби (1801 - 1874) жұмыс белдігі (вал) айнымалы элекртқозғалтқышты ойлап тапты, біқатар телеграф аппарттарын құрастырды.
Орыс физигі А. Г. Столетов (1839 - 1896) заттардың магниттік қасиетін зерттеп, заттардың магниттік қасиетін және олардың магниттелуін өлшейтін бірқатар эксперименттер қойды. Орыс физигі П. Н. Лебедев (1866 - 1912) асқан шебер экспериментатор ретінде белгілі. Қысқа толқынды 4 және 6 мм электромагиттік толқындар алу және қабылдау комплексін құрды. П. Н. Лебедев жарықтың бетке түсіретін қысымын эксперимент арқылы өлшеп, жарықтың электромагниттік теориясын тәжірибе жүзінде дәлелдеп, Ұлы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тербелмелі контурдағы электромагниттік тербелістер
ОРТА МЕКТЕПТЕ ЭЛЕКТРОДИНАМИКА бөлімің ОҚЫТУ ЖАҒДАЙЫ
Мектеп физика курсының Электродинамика тарауы есептерін шығарудың әдістемелік жолдары
Физикалық есептерді шығару тәсілдері
Физика сабағында электр және магнетизм курстарын оқыту
Арнаулы салыстырмалық теориясы
ЭЛЕКТРОСТАТИКА БӨЛІМІН ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Электродинамикадағы сақталу заңдары
Электродинамиканың көрнекілік тәжірибелерінің әдістемесі
Толқынөткізгіштер: Тікбұрышты толқынөткізгіштер
Пәндер