Анафилактикалық шок белгілері



Кіріспе
1. Негізгі бөлім
1.1. Анафилактикалық шок
1.2. Қан тамырлары қызметі жетіспеушілігінің түрлері
1.3. Қан тамырлар қызметінің жедел жетіспеушілігі
1.4. Естен тану
Қорытынды
Пайдаланған әдебиет
Анафилактикалық шок-организмге аллерген енген жағдайда бірден дамитын аллергиялық реакция нәтижесінде пайда болатын өмірге қауіпті паталогиялық процесс және қан айналымы,тыныс алу, орталық жүйке жүйесінің ауыр бұзылыстарымен сипатталады.
Шоққа қарсы шаралар: 0,18% эпинефрин ерітіндісін 0,3-0,5 мл бұлшық ет ішіне. Қайталап 5-10 минуттан кейін артериалдық қысымды бақылаумен. Антигистаминді препараттар 1% дифенгидрамин ерітіндісі 1,0мл бұлшық етке.(процестің одан әрі өршуін тоқтатады). Көк тамырға инфузионды ем. 0,9 % натрий хлорид ерітіндісі 1 литр мөлшерінде.
Естен тану — қатты күюдің, қансыраудың, қатерлі басқалай дерттің, организмде қажетті су мөлшерінің жетіспеушілігінің немесе аса қатты аллергиялық реакцияның салдарынан болатын адам өміріне қауіпті құбылыс. Сондай-ақ естен тану жағдайын іштен көп қан кету де тудыруы мүмкін.
Естен танудың белгілері
• Әлсіздік, тамыр соғысының жиіленуі (минутіне 100-ден астам соғу жиілігі);
• Салқын тер шығу: көгіс тартып, мұздап, дененің тершуі;
• Қан қысымының күрт төмендеп кетуі;
• Ақыл-естің ауысуы; әлсіздік немесе талып қалу
Анафилактикалық шок-организмге аллерген енген жағдайда бірден дамитын аллергиялық реакция нәтижесінде пайда болатын өмірге қауіпті паталогиялық процесс және қан айналымы,тыныс алу, орталық жүйке жүйесінің ауыр бұзылыстарымен сипатталады.
ЖІКТЕЛУІ.
Найзағай тәрізді ағым-жедел басталады, артериалдық қысым тез үдемелі төмендейді, естен тану,тыныс жетіспеушілігі үдейді. Бұл ағымның ерекшелігі жүргізілген белсенді шокқа қарсы емге төзімді және үдемелі терең коматозды жағдайға дейін дамиды. Алғашқы минуттарда немесе сағаттарда өмірлік маңызды мүшелердің зақымдануына байланысты өлімге әкеледі.
Бұл ағым екі түрде өтуі мүмкін. Жедел тыныс жетіспеушілігімен немесе жедел тамыр жетіспеушілігімен.
Жедел тыныс жетіспеушілігі түрінде кенеттен әлсіздік пайда болып, үдейді, кеудесінде қысу сезімі, ауа жетпеуі, жөтел, экспираторлы ентікпе, бас ауруы, жүрек тұсындағы ауырсыну, қорқыныш сезімі пайда болады. Тері жабындары бозарған, цианозды. Тыныс алуы қиындаған, құрғақ сырылдар тыныс шығару соңында. Беттің немесе дененің басқа бөліктерінің ангионевротикалық ісігі дамуы мүмкін. Жедел тыныс жетіспеушілігі үдеген жағдайда және жедел бүйрекүстілік жетіспеушілік қосылған жағдайда өлімге әкелуі мүмкін.
1.Протоколы диагностики и лечения заболеваниий для организаций оказывающую скорую и неотложную медицинскую помощь. Алматы-2007.
2.Тактика ведения и скорая медицинская помощь при неотложных состояниях. Руковотство для врачей. А. П. Верткин
3.Рекомендации по окозанию скорой медицинской помощи в Россиской Федераций А.Г.Мирошниченко . В.В. Руксин
4.И. Маколкин, С. И. Овчаренко — Внутренние болезни. М.:Медицина, 1999 ISBN 5-225-04376-3
5.Ішкі аурулар. Маколкин В.И., Овчаренко С.И., 2005 год.

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН ДЕНСАУЛЫҚ
САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ
АЛМАТЫ КӨПСАЛАЛЫ
ОБЛЫСТЫҚ АУРУХАНА

БАЯНДАМА

"Анафилактикалық шок белгілері "

Ішкі ағзалар ауруларын емдейтін бөлімше
Орындаған: Кеинова С.

Алматы, наурыз 2016
ЖОСПАР
Кіріспе
1. Негізгі бөлім
1.1. Анафилактикалық шок
1.2. Қан тамырлары қызметі жетіспеушілігінің түрлері
1.3. Қан тамырлар қызметінің жедел жетіспеушілігі
1.4. Естен тану
Қорытынды
Пайдаланған әдебиет

КІРІСПЕ
Анафилактикалық шок-организмге аллерген енген жағдайда бірден дамитын аллергиялық реакция нәтижесінде пайда болатын өмірге қауіпті паталогиялық процесс және қан айналымы,тыныс алу, орталық жүйке жүйесінің ауыр бұзылыстарымен сипатталады.
Шоққа қарсы шаралар: 0,18% эпинефрин ерітіндісін 0,3-0,5 мл бұлшық ет ішіне. Қайталап 5-10 минуттан кейін артериалдық қысымды бақылаумен. Антигистаминді препараттар 1% дифенгидрамин ерітіндісі 1,0мл бұлшық етке.(процестің одан әрі өршуін тоқтатады). Көк тамырға инфузионды ем. 0,9 % натрий хлорид ерітіндісі 1 литр мөлшерінде.
Естен тану -- қатты күюдің, қансыраудың, қатерлі басқалай дерттің, организмде қажетті су мөлшерінің жетіспеушілігінің немесе аса қатты аллергиялық реакцияның салдарынан болатын адам өміріне қауіпті құбылыс. Сондай-ақ естен тану жағдайын іштен көп қан кету де тудыруы мүмкін.
Естен танудың белгілері
:: Әлсіздік, тамыр соғысының жиіленуі (минутіне 100-ден астам соғу жиілігі);
:: Салқын тер шығу: көгіс тартып, мұздап, дененің тершуі;
:: Қан қысымының күрт төмендеп кетуі;
:: Ақыл-естің ауысуы; әлсіздік немесе талып қалу

1.1 АНАФИЛАКТИКАЛЫҚ ШОК
Анафилактикалық шок-организмге аллерген енген жағдайда бірден дамитын аллергиялық реакция нәтижесінде пайда болатын өмірге қауіпті паталогиялық процесс және қан айналымы,тыныс алу, орталық жүйке жүйесінің ауыр бұзылыстарымен сипатталады.
ЖІКТЕЛУІ.
Найзағай тәрізді ағым-жедел басталады, артериалдық қысым тез үдемелі төмендейді, естен тану,тыныс жетіспеушілігі үдейді. Бұл ағымның ерекшелігі жүргізілген белсенді шокқа қарсы емге төзімді және үдемелі терең коматозды жағдайға дейін дамиды. Алғашқы минуттарда немесе сағаттарда өмірлік маңызды мүшелердің зақымдануына байланысты өлімге әкеледі.
Бұл ағым екі түрде өтуі мүмкін. Жедел тыныс жетіспеушілігімен немесе жедел тамыр жетіспеушілігімен.
Жедел тыныс жетіспеушілігі түрінде кенеттен әлсіздік пайда болып, үдейді, кеудесінде қысу сезімі, ауа жетпеуі, жөтел, экспираторлы ентікпе, бас ауруы, жүрек тұсындағы ауырсыну, қорқыныш сезімі пайда болады. Тері жабындары бозарған, цианозды. Тыныс алуы қиындаған, құрғақ сырылдар тыныс шығару соңында. Беттің немесе дененің басқа бөліктерінің ангионевротикалық ісігі дамуы мүмкін. Жедел тыныс жетіспеушілігі үдеген жағдайда және жедел бүйрекүстілік жетіспеушілік қосылған жағдайда өлімге әкелуі мүмкін.
Жедел тамыр жетіспеушілігінде кенеттен әлсіздік, құлағында шу пайда болады, суық тер басады. Тері жабындары бозарған. Акрацианоз. Артериалдық қысым үдемелі түрде төмендейді, тамыр соғысы жіп тәрізді, жүрек тондары тұйықталған. Бірнеше минуттан кейін естен тануы мүмкін, тырысулар. Жүрек-тамыр жетіспеушілігі үдеген жағдайда өлімге әкеледі.
Қайталанбалы ағым-клиникалық белгілері жақсарғаннан кейін бірнеше сағат немесе тәулік өткенде шок белгілерінің қайтадан дамуы. Кейде шок қайталанғанда алғашқы кезеңге қарағанда ауыр өтеді және емге төзімді болады.
Абортивті ағым-шоктың асфиксиялы түрі. Науқастарда шоктың клиникалық белгілері тез жойылады, кейде емдік препарттарды қолданусыз.
Шоктың эректилді кезеңі 2 түрде дамиды-церебралды немесе кардиоваскулярлы.
Церебралды түріне қозу, эйфория, рефлекстердің жоғрылауы, қарашықтардың кеңуі тән. Науқастың есі анық, қозған, мазасыз, қорқыныш сезімі болады.
Кардиоваскулярлы түріне артериалдық қысымның қалыпты немесе жоғары болуы, тахикардия немесе тамыр соғысының баяулары, тері жабындарының бозаруы немесе қызаруы тән.
Торпидтік кезеңде шоктың барлық негізгі патогенетикалық механизмдері қосылады(нағыз шок).Бірнеше сағатқа созылады және жедел көмек болмаған жағдайда өлімге әкеледі. Торпидтік кезеңді 3 дәрежеге бөледі.
1 дәрежелі шок. Компенсирленген, вазоконстрикция.басым. Жалпы жағдайы ауыр, тері жабындары бозарған, еріннің, тырнақ фалангаларының цианозы, тыныс алуы беткей, гипотермия белгілері, орталық жүйке жүйесі жағынан әлсіздік, реакциясы баяулаған, қарашықтардың тарылуы. Кардиоваскулярлы белгілері: артериалдық қысым біраз төмендеген немесе қалыпты, тамыр соғысы баяулаған.
2 дәрежелі шок. Субкомпенсирленген, вазодилятация басым. Жағдайы өте ауыр, цианоз өршиді (таралған цианоз), тыныс алуы жиі, беткей, гипотермия, шөлдеу, олигоанурия. Церебралды синдром: есеңгіреген,қарашықтары кеңейген, жарыққа реакциясы баяулаған. Кардиоваскулярлы синдром: жүрек тондары тұйықталған, гипотония, тахикардия, экстрасистолия. Қанда метоболикалық ацидоз, гипокалиемия, гипоксия.
3 дәрежелі шок. Декомпенсирленген, вазотония басым. Жағдайы өте ауыр, таралған цианоз, гипотермия, тыныс алуы беткей, жиі Чейн-Стокс тынысы түрінде, анурия. Церебралды синдром: есі жоқ,адинамия, қарашықтары кеңейген, жарыққа реакциясы жоқ, сезімталдық жойылған. Кардиоваскулярлы синдром: тамыр соғысы анықталмайды немесе жіп тәрізді, систолалық артериалдық қысым 50 мм-ден төмен, жүрек тондары тұйық, аритмия. Қанда айқын метоболикалық ацидоз,ауыр гипоксемия [1].
ЖЕДЕЛ КӨМЕК.
Науқасты жатқызу. Аяғын көтеру. Бетін бүйірге бұру.
Аллергеннің организмге одан әрі түсуін тоқтату: иньекция орнын немесе жәндік шаққан жерді 0,18% 0,5 мл эпинефрин ерітіндісін 5,0 мл натрий хлорид изотониялық ерітіндісінде крест тәрізді енгізу және мұз басу. Аллергенді мұрынға немесе көзге тамызса сумен жуу. Аллергенді ішке қабылдаған жағдайда асқазанды жуу.
Аллергияға қарсы ем: преднизолон 90-150 мг көк тамыр ішіне.
Симтомды ем. Егер артериалдық гипотензия сақталса көк тамыр ішіне вазопрессорлы аминдер. Систолалық артериалдық қысым 90 мм-ге жеткенге дейін допамин 4-10 мгкгмин, бірақ 15-20 мгкгмин аспауы қажет.(200 мл допамин 400 мл 0,9% натрий хлорид ерітіндісінде немесе 5% декстроза ерітіндісінде). Инфузия минутына 2-11 тамшы енгізіледі.
Брадикардияда 0,1% атропин ерітіндісі 0,5 мл тері астына. Қажет болған жағдайда 5-10 минуттан кейін қайталап енгізеді.
Бронхоспазмда көк тамырға 2,4% аминофиллин ерітіндісі 1,0 мл (10,0 мл-ден көп емес) натрий хлорид изотониялық ерітіндісінде енгізеді немесе B2 - адреномиметиктер, сальбутамол 2,5- 5,0 мг небулайзер арқылы.
Менің тәжірибемде 2011жылы 5 анафилактикалық шокпен науқастарға көмек көрсетілді.1 левомецитинге. Науқас анамнезінде левомецитінге анафилактикалық шок. Алкоголды мастану күйінде танысы берген левомецитінді сұрамай қабылдаған.
1 пеницилинге. Науқас анамнезінде пенициллинге анафилактикалық шок. Бірнеше жылдан кейін қайтадан иньекциясын жасаған.
1 ципролетке.
2 ара шағуына [2].

1.2 ҚАН ТАМЫРЛАРЫ ҚЫЗМЕТІ ЖЕТІСПЕУШІЛІГІНІҢ ТҮРЛЕРІ
Қан айналымы қызметінің жетіспеушілік синдромы деп жүрек және қан тамырлар жүйесі мүшелері мен тіндерінің олардың қалыпты қызметі үшін қажетті қан мөлшерін жеткізе алмауын айтады. Жетіспеушілік не жүрек, не жалпы қан тамырлар қызметі бұзылғанда пайда болады. Клиникада көбінесе жүрек қызметінің жетіспеушілігіне байланысты қан айналымы қызметі жетіспеушілігі кездеседі. Ал ол дамығанда бүкіл қан айналым аппаратының қызметі бұзылады
Бұл қан тамыр ішіндегі қанмен, айналымдағы қанның ара қатынасының мөлшері бұзылғанда пайда болады. Ол қан мөлшерінің азайғанында (көп қан кеткенде, организмнің сусыздануында) немесе қан тамырларының күш-қуатының (тонус) төмендеуінде дамиды. Қан тамырлар тонусының төмендеуінің себептері: 1) тамырлардың вазомоторлы нервтерінің рефлекторлы бұзылуында(жарақат кезінде, сірлі қабықтардың тітіркенуінде, миокард инфарктінде, өкпелік артерияның эмболиясында т.б.; 2) вазомоторлы нервтерінің орталықты бұзылуы(гиперкапнияда, мидағы жедел гипоксияда); 3) көптеген инфекциялармен улану кезіндегі қан тамырларының парезі пайда болады. Тамыр тонусының төмендеуінен қанның организмде таралуы бұзылады: құрсақ қуысындағы қан тамырларында жиналған қан көлемі көбейіп, ал айналымдағы қан көлемі азаяды. Айналымдағы қан көлемінің азаюы, жүрекке веналық қан көлемін азайтып, артериялық және веналық қан қысымының төмендеуіне әкеліп соғады [3].

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Анафилактикалық шок кезіндегі мейірбикенің кәсіби қызметінің ерекшеліктері
АНАФИЛАКТИКАЛЫҚ ШОК ПРОФИЛАКТИКАСЫ, АЛҒАШҚЫ КӨМЕК
Анафилактикалық шок
Тыныстың жіті жетіспеушілігі
Шок түрлері
Жүктілік кезінде гипертензиялық бұзылыстар
Аллергоздар
Кардиогендік шок
Анафилаксия белгілері
Аллергиялық реакция түрлері
Пәндер