Қазақстандағы геодезия жүйесінің жұмыс реті



1.Геодезия туралы түсінік
2. Қазақстандағы топографиялық.геодезиялық және картографиялық қызмет басқарманың негізгі өндірістік міндеттері
3. Қазақстандағы геодезия жүйесінің жұмыс реті
4.Қорытынды
Геодезия – жер туралы өте ежелгі ғылымдардың бірі. Адамзаттың бағзы заманда жер бетінде қашықтық пен ауданды өлшеудегі ашқан заңдылықтары геометрия мен геодезияның ғылым ретінде дүниеге келуіне негіз болды. Грек тілінен аударғанда «геодезия» сөзі «жерді бөлу» деген мағынаны білдіреді. Қазіргі заманғы геодезияның жерді бөлу мағынасы шеңберінен әлде қашан шыққаны түсінікті.
Геодезия – жердің немесе оның жекелеген бөліктерінің пішіні мен көлемін, жерді карталар мен пландарға түсіру, сол сияқты адамның инженерлік қызметінің сан алуан міндеттерін атқару мақсатында жер бетін өлшеу әдістерін зерттейтін ғылым.
Адамзат қоғамының дамуына және ғылым мен техниканың өсуіне байланысты, геодезияның мазмұны да өзгеріп отырды. Соның нәтижесінде өзінің даму процесінде геодезия бірсыпыра дербес ғылыми және ғылыми-техникалық пәндерге бөлінеді:
1. Жоғарғы геодезия – жердің және планеталардың фигуралары мен көлемдерін зерттеу, сондай-ақ геодезиялық негізгі тірек жүйелерін құру жөніндегі міндеттерді шешеді. Жоғарғы геодезия міндеттерін шешу әдістерін егжей-тегжейлі зерттеу үстінде одан жеке пәндер болып геодезиялық астрономия, геодезиялық гравиметрия және ғарыш геодезиясы бөлінеді.
Геодезиялық астрономия – геодезиялық тірек жүйелері үшін аспан шырақтарын бақылау негізінде координаталық бастапқы мәліметтерді анықтап беру мәселелерімен айналысады.
Геодезиялық гравиметрия – жер бетінің жекелеген нүктелерінің ауырлық күшін арнайы аспаптармен өлшеу арқылы жердің фигурасын зерттеумен шұғылданады.
Ғарыштық геодезия – Жердің жасанды серіктерінің көмегімен жер беті нүктелерінің геометриялық арақатынастарын зерттейді.
2. Геодезия немесе топография жер бетінің біршама шағын учаскелерін түсірумен байланысты мәселелерді зерттейді.
3. Қартография жер бетінің едәуір территорияларының кескіндерін әр түрлі мақсаттағы карталар түрінде жасау әдістері мен процестерін, оларды жасау және көбейту технологиясын зерттейді.
4. Аэрофототопография жердің карталары мен пландарын фотосуреттер және әуеден түсірген фотосуреттер бойынша жасаудың әдістерін талдаумен айналысады.
5. Теңіз геодезиясы мұхиттар мен теңіздер түбінің табиғи қорларын барлау мен картаға түсіруге байланысты арнайы өлшеу әдістерін талдап жасайды.
6. Қолданбалы геодезия іздеулер, құрылыстар мен инженерлік ғимараттарды салу және пайдалану, жабдықтарды монтаждау, сонымен қатар еліміздің табиғат байлықтарын пайдалану кезінде атқарылатын геодезиялық жүмыстардың әдістерін зерттеумен айналысады. Қолданбалы геодезия өзінің жұмыс барысында геодезия әдістерін кең пайдаланады, ал кейбір жағдайларда оны өз тәсілдері мен құралдары арқылы шешеді.
1. З.Қ.Сәрсембекова, «Қазақ университеті» 2013
2. М.Б.Нұрпеисова, Астана 2009
3. Поклад Г.Г. Геодезия М: Недра, 1988.
4. Неумывакин Ю.К. и др. Геодезия. Топографические съемки М.: Недра, 1991.

Жоспар:
1.Геодезия туралы түсінік
2. Қазақстандағы топографиялық-геодезиялық және картографиялық қызмет басқарманың негізгі өндірістік міндеттері
3. Қазақстандағы геодезия жүйесінің жұмыс реті
4.Қорытынды

Геодезияның ҚР даму тарихы.
Геодезия - жер туралы өте ежелгі ғылымдардың бірі. Адамзаттың бағзы заманда жер бетінде қашықтық пен ауданды өлшеудегі ашқан заңдылықтары геометрия мен геодезияның ғылым ретінде дүниеге келуіне негіз болды. Грек тілінен аударғанда геодезия сөзі жерді бөлу деген мағынаны білдіреді. Қазіргі заманғы геодезияның жерді бөлу мағынасы шеңберінен әлде қашан шыққаны түсінікті.
Геодезия - жердің немесе оның жекелеген бөліктерінің пішіні мен көлемін, жерді карталар мен пландарға түсіру, сол сияқты адамның инженерлік қызметінің сан алуан міндеттерін атқару мақсатында жер бетін өлшеу әдістерін зерттейтін ғылым.
Адамзат қоғамының дамуына және ғылым мен техниканың өсуіне байланысты, геодезияның мазмұны да өзгеріп отырды. Соның нәтижесінде өзінің даму процесінде геодезия бірсыпыра дербес ғылыми және ғылыми-техникалық пәндерге бөлінеді:
1. Жоғарғы геодезия - жердің және планеталардың фигуралары мен көлемдерін зерттеу, сондай-ақ геодезиялық негізгі тірек жүйелерін құру жөніндегі міндеттерді шешеді. Жоғарғы геодезия міндеттерін шешу әдістерін егжей-тегжейлі зерттеу үстінде одан жеке пәндер болып геодезиялық астрономия, геодезиялық гравиметрия және ғарыш геодезиясы бөлінеді.
Геодезиялық астрономия - геодезиялық тірек жүйелері үшін аспан шырақтарын бақылау негізінде координаталық бастапқы мәліметтерді анықтап беру мәселелерімен айналысады.
Геодезиялық гравиметрия - жер бетінің жекелеген нүктелерінің ауырлық күшін арнайы аспаптармен өлшеу арқылы жердің фигурасын зерттеумен шұғылданады.
Ғарыштық геодезия - Жердің жасанды серіктерінің көмегімен жер беті нүктелерінің геометриялық арақатынастарын зерттейді.
2. Геодезия немесе топография жер бетінің біршама шағын учаскелерін түсірумен байланысты мәселелерді зерттейді.
3. Қартография жер бетінің едәуір территорияларының кескіндерін әр түрлі мақсаттағы карталар түрінде жасау әдістері мен процестерін, оларды жасау және көбейту технологиясын зерттейді.
4. Аэрофототопография жердің карталары мен пландарын фотосуреттер және әуеден түсірген фотосуреттер бойынша жасаудың әдістерін талдаумен айналысады.
5. Теңіз геодезиясы мұхиттар мен теңіздер түбінің табиғи қорларын барлау мен картаға түсіруге байланысты арнайы өлшеу әдістерін талдап жасайды.
6. Қолданбалы геодезия іздеулер, құрылыстар мен инженерлік ғимараттарды салу және пайдалану, жабдықтарды монтаждау, сонымен қатар еліміздің табиғат байлықтарын пайдалану кезінде атқарылатын геодезиялық жүмыстардың әдістерін зерттеумен айналысады. Қолданбалы геодезия өзінің жұмыс барысында геодезия әдістерін кең пайдаланады, ал кейбір жағдайларда оны өз тәсілдері мен құралдары арқылы шешеді.
Геодезия мен топография пәнінің негізгі ғылыми-техникалык міндеттеріне мына төмендегідей жүмыстар жатады:
а) жер бетіндегі жекелеген нүктелердің орындарын таңдап алынған координаталар жүйесінде анықтау;
б) әр түрлі инженерлік ғимараттарды жобалау және салу кезінде сонымен қатар ауыл шаруашылығы өндірісінде, жер бетінің және қойнауының табиғат байлықтарын пайдалануда қажет болатын түрі, сипаты, дәлдігі жағынан алуан түрлі өлшеулерді жер бетінде немесе жер астында атқару;
г) еліміздің қорғаныс мұқтаждығын геодезиялық мәліметтермен қамтамасыз ету.
Қазақстандағы топографиялық-геодезиялық және картографиялық қызмет басқарманың негізгі өндірістік міндеттері мынадай:
1. Республика территориясында геодезиялық тірек жүйесін дамыту және карталар жасауда қажетті топографиялық түсірулер жасау жөнінде жоғары дәлдіктегі жұмыстарды ұйымдастыру.
2. Алуан тектегі және түрлі мақсаттағы карталарды, пландар мен атластарды жасау және оларды басып шығару.
3. Әр түрлі мекемелер жасаған геодезиялық және топогра-фиялық жұмыстарды үйлестіріп, мемлекеттік бақылау жасап отыру.
Геодезия және картография бас басқармасы жанында республикада атқарылған картографиялық және геодезиялық жұмыстардың бәрі жиналған Орталық картографиялық қор және Мемлекеттік геодезиялық қадағалау басқармасы бар. Бұл мемлекеттік басқарма топографиялық және геодезиялық жұмыстарды жүргізуге рұқсат береді, олардың орындалу сапасын бақылайды, әрі келешектегі геодезиялық жұмыстар үшін бастапқы мәліметтер қызметін атқаратын материалдарды бір жүйеге келтіреді. Қазақстанда топографиялық-геодезиялық және картографиялық қызметті Геодезия және картография бас басқармасы басқарады.
Жер ресурстарын басқару Агеттігінің жанында республикада атқарылған картографиялық және геодезиялық жұмыстардың бәрі жиналған. Орталық картографиялық қор және Мемлекеттік геодезиялық қадағалау басқармасы бар. Бұл мемлекеттік басқарма топографиялық геодезиялық жұмыстар үшін бастапқы мәліметтер қызметін атқаратын материалдарды бір жүйеге кетіреді.
Қазақ еліндегі алғашқы топография мен картографияның дамуын жайлы Ш.Уалихановтың география және топография саласындағы елеулі еңбектерінен толық мағлұмат алуға болады. Ол 1856 жылы аса көрнекті ғалым, белгілі географ П.С.Семенов-Тяншанскиймен танысады. Орыс географы жас қазақ ғалымның қабілетіне ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанда геодезиялық қызметтің дамуы және жұмыс реті
Картографиялық жұмыстар
Геодезиялық өлшеулер туралы түсінік
Геоақпарат ғылымының ТМД мен Қазақстанда даму тарихы мен деңгейі
«мақташы» мектебінің құрлыс барысы
Құрылыста атқарылатын геодезиялық жұмыстар
Мемлекеттік геодезиялық торлар
Бірінші класстың триангуляциясы торы
Триангуляция жүйесінің қабырға ұзындықтарының қателігін алдын ала есептеу
Координат жүйесінің жоғарғы геодезия қолданылуы
Пәндер