Байқоңыр ғарыш айлағы жайлы


Пән: Автоматтандыру, Техника
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

  1. Кіріспе
  2. Негізгі

2. 1 Байқоңыр ғарыш айлағы

2. 2 Қазақстанның «ҚазСат» сериялы спутниктері

3. Қорытынды

4. Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе

Жердің жасанды серігі (ЖЖС) - Жер төңірегіндегі орбитаға шығарылып, әр түрлі ғылыми және қолданбалы мәселелерді шешуге арналған ғарыштық аппарат. Дүние жүзіндегі ең тұңғыш ЖЖС КСРО-да 1957 жылы 4 қазанда ұшырылды. 1958 жылы 1 ақпанда орбитаға тұңғыш америкалық ЖЖС - “Эксплорер-1” шығарылды. Кейінірек өз ЖЖС-терін басқа елдер: 26. 11. 1965 - Франция (“А-1” серігі), 11. 2. 1970 -Жапония (“Осуми”), 24. 4. 1970 - Қытай (“4 айна-1”), 28. 10. 1971 - Ұлыбритания (“Просперо”), 18. 7. 1980 - Үндістан (“Рохини”) ұшыра бастады. Канада, Франция, Италия, Ұлыбритания, т. б. елдерде жасалған кейбір серіктер 1962 жылдан бастап америкалық тасығыш ракеталардың көмегімен ұшырылды. Кеңестік тасығыш ракеталардың көмегімен Үндістан, Франция, Чехословакия, т. б. елдердің ЖЖС-тері орбитаға шығарылды.

2. 1 Байқоңыр ғарыш айлағы

Байқоңыр - Қызылорда облысы Қармақшы ауданының аумағында орналасқан ғарыш алаңы. Байқоңыр ғарыш айлағының іргесі 1955 жылы қаланған болатын. Алғашында әскери полигон ретінде салынған, Ғарыш алаңын салу үшін Байқоңырды таңдап алу кезінде бұл жердің елді мекендерден қашық болуы, экватор жазықтығына жақындығы, ракета ұшырудың қауіпсіздігі, қайтып оралатын ғарыштық объектілер үшін қолайлы қону аймақтарының болуы, т. б. факторлар ескерілді. КСРО басшылары оны 1957 жылы ғарыш айлағы етті. 4 қазанда ұшырылған жасанды жер серігінен бұрын осы жылдың 15 мамырында Р-7 зымыраны әуеге жіберілген. Алайда, ұшыру жұмыстары сәтсіз өтіп, ғарыш аппараты межелеген жерге жете алмады.
1957 жылдың 2 қарашасында ғарыш айлағынан екінші зымыран да сәтті ұшты. Лайка есімді ит мінген ғарыш кемесі Жер орбитасына шығып, зерттеу жұмыстарын жүргізген.

1991 жылы Қазақстан өз тәуелсіздігін алғаннан кейін Байқоңыр қазақ жерінде қалды. Алайда, ғарыш саласы дамыған Ресей елі нысанды 2050 жылға дейін жалға алған болатын. Ғарыш айлағы үшін орыстар жыл сайын Қазақстанға 5 миллиард теңгеге жуық қаржы төлеп отыр. Ал, жалпы Байқоңыр кешеніне (ғарыш айлағы мен Байқоңыр қаласы) Ресей Федерациясы тарапынан шығатын шығынның көлемі 6, 16 миллиард рубльді құрайды.
Байқоңыр - әлемдегі ең ірі үш ғарыш айлағының бірі. АҚШ-тағы Канаверал, Қытайдағы Цзюцюань секілді Байқоңырдан да зымырандар ғарышкерлермен бірге ұшырылады. Ең көп ғарыш кемелері осы қазақстандық нысаннан ұшырылғандықтан Халықаралық ғарыш станциясының орбитасы Байқоңырға ыңғайланып жасалынған.

2. 2 Қазақстанның «ҚазСат» сериялы спутниктері

KazSat телерадиохабарларын тарату арналары, телефондық байланыс, деректерді беру, Интернет желісіне кеңжолақты қол жеткізу, VSAT-желілерді құру және дамыту, ведомстволық және корпоративтік байланыс желілерін құру, мультимедиялық қызметтер пакетін көрсету үшін арналған.

KazSat ғарыштық жабдығы 2006 ж. маусымның 18-інде Байқоңыр айлағынан Ресей және Қазақстан президенттерінің қатысуымен ұшырылды.

KazSat-тың ұшырылуынан бастап Қазақстанның ғарыштық бағдарламаларын іске асыру басталды. KazSat-1 -Жер айналымындағы орнатылған, Қазақстанның алғашқы ғарыш жабдығы. Қазақстан территориясында кем дегенде 36 арналық телевизиондық хабарлар тарайтын болады. Бүкіл Қазақстанның түпкір-түпкіріне байланыс баратын болады. «Қазсат» елге арзан әрі сапалы байланыс телеарналар және интернет беруге тиіс болған. Ұшырмас бұрын серікке осындай жарнама жасалған болатын.

2008 жылы желтоқсанның 2 «Қазсат-1» жер серігі жұмысын толығымен тоқтатқаны туралы Парламент Мәжілісінде Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің отырысында Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Талғат Мұсабаев мәлімдеді. Борттағы басқару жүйесінің белгісіз себептермен жиі істен шығуы мен құрылғының сапасыздығы мүшкіл жағдайға әкеп соқты, деді агенттік төрағасы. Ал 2011 жылы қыркүйекте Қазақ Ұллтық ғарыш агенттігі төрағасы «Kazsat-1» ғарыш серігі 65 млн. долларға сақтандырылған. «Сондықтан «Kazsat-1» ғарыш серігіне жұмсалған қаржы толығымен қайтарылды деп жариалады.

«ҚазСат-2» қазақстандық жасанды жерсерігі - Қазақстанның «ҚазСат» сериялы спутниктерінің екіншісі, коммуникациялық жасанды жерсерігі. Ғарыш аппараты Қазақстанның аумағындағы спутниктік байланыс (интернет, желілі телефон және ұялы байланыс) пен телехабар тарату, ақпарат пен деректер алмасу жұмыстарына пайдаланылады. Жасанды жерсерігін жасауды Ресейдің М. В. Хруничев атындағы ғарыштық-ғылыми өндірістік орталығы мойнына алған болатын. «ҚазСат-2»-ге қатысты келісімшарт 2006 жылы жасалып, ол бойынша қазақстандық жасанды жерсерігі 2009 жылдың желтоқсан айында ұшырылуы көзделген еді. Алайда техникалық жағынан жақсы жарақталмаған және біраз өзгерістерді қажет еткен ғарыш аппаратын ұшыру кейінге шегеріліп, «ҚазСаттың» сәтті күні 16 шілдеге дөп келді. Құрдымға кеткен «ҚазСат-1»-дің құны 65 млн доллар болса, «ҚазСат-2»-ге мемлекет қазынасынан 115 млн доллар бөлінді. * «ҚазСат-2» 2011 жылдың шілденің 16 күні Астана уақыты бойынша таңғы сағат 5-тен 16 минут өткенде Байқоңыр ғарыш айлағындағы №200 ұшыру алаңынан көкке самғап, ғарыш орбитасына сәтті көтерілді. «Протон-М» зымырантасығышы арқылы «ҚазСат-2» спутнигімен қатар, ғарыш кеңістігіне америкалық «ОС-2» телекоммуникациялық жерсерігі де жеткізілді. Ғарыш аппараты бір айдың ішінде шығыс бойлық бойынша ғарыш кеңістігін кезе жү­ріп 86, 5 градустық өз орбитальдық нүк­те­сіне жетуі тиіс. Содан кейін барып аппарат жүйесі екі ай бойына сынақтан өткізіледі. Ал 2011 жылдың қазан айында ресейлік мамандар жерсерікті Қазақстанның ғарыш байланысы республикалық орталығының мамандарына тапсырады. «ҚазСат-2» аппаратының іске қосылғаннан кейін ашылған «Отау ТВ» жерсеріктік желісі көңілге басу ғана. Бірақ қызмет ақысы арзан емес.

Қазсат-3 аппараты ұшырылысымен Түрікменстан, Қырғызстан сияқты Орта Азия мемлекеттеріне қызмет көрсетуді бастаймыз. Интернет-телефония, 3G интернет желілерімен Қазақстанды толық қамтамасыз етеміз деп ойлаймыз. «Қазсат-3»-ті еліміздің тапсырысы бойынша ресейлік компания 3 жыл құрастырған. Құны 27 млрд. теңге болатын «Қазсат-3» «Қазсат-2» толықтыратын болады. Ал, «Қазсат-3» іске кіріссе, елімізде телерадио хабар тарату жүйесі мен интернет жылдамды артып және байланыс түрлері арзандамақ. Отандық спутниктің Орта Азия мен Ресей аумағын да қамтуға күші жетеді. Оның үстіне «Қазсат» жобасы мұнымен шектелмейді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Байқоңыр ғарыш айлағы
Байқоңырдың экологиялық проблемасы
Қазақстан мен Ресей мемлекеттерінің арасындағы келісім – шарт
Қызылорда облысында туризмді дамыту
Байқоңыр ғарыш айлағының көрінісі
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА ТУРИЗМДІ ДАМЫТУ ПЕРСПЕКТИВАСЫ
Әлемдік ғарыш туризмінің жағдайы
Протон зымырантасығышының апаты
Жер кіндігі – Байқоңыр!
Тарау «байқоңыр» ғарыш айлағының құрылуы және ресейге жалға берілуі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz