Білім беру мазмұны және оқу жоспары, бағдарламалар, оқулықтар


Білім беру мазмұны және оқу жоспары, бағдарламалар, оқулықтар
Білім беру мазмұны - оқушыларды жан-жақты дамыту, ақыл-ойын, танымдық қызығушылығын қалыптастыру, еңбекке дайындау үшін белгілі типтегі мектепте оқытылатын білім мен біліктер жүйесі.
Білім беру мазмұны дидактикалық категория ретінде ''нені оқыту керек'' сұрағына жауап береді. Оқушыларды жан-жақты дамыту үшін оларға адамзат жинақтаған білім-дер, біліктер мен дағдылардың жүйесін меңгерту керек. Білім беру мазмұны қоғамның мектеп алдына қоятын ағымдағы және болашақ мақсаттары арқылы айқындалады. Сонымен бірге, оқу мазмұны жеке адамдардың да мақсат-тарын ескереді. Айта кететін жайт, оқу мазмұны әрқашан саяси, идеологиялық күрес сахнасы. Саяси күштер мектеп арқылы барша қоғамға өз ықпалын таратуға тырысады.
Оқу мазмұны қоғамның әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық қажеттіліктеріне сай қалып-тасады. Еліміздің тәуелсіздігі, Республикамыздағы әлеумет-тік-экономикалық және саяси өзгерістер мектеп түлектері жаңа қоғам құруға, мәдени және рухани өрлеуге дайын болуын талап етеді.
Білім мазмұнына әлеуметтік және ғылыми жетіс-тіктер деңгейі де өз әсерін тигізеді. Соңғы кезде ғылыми жаңалықтың пайда болуы мен оның мектепте оқытылуы арасындағы уақыт қысқарып бара жатыр. Мысалы, радио шыққанына 40 жыл өткенде ғана мектеп бағдарламасына енгізілсе, заманауи компьютерлік бағдарламалар шыққан жылы оқытылуда.
Оқу мазмұнына кіретін мәліметтер жас мүмкіндік-теріне де байланысты. Баланың есте сақтау қабілеті жоғары болғанымен, білімді игеру, мәнін түсіну үшін өмірлік тәжірибе керек.
Ұлттық және жалпы адамзаттық мәдениетке байла-нысты да оқу мазмұнында ерекшеліктер болады. Қазіргі заманда дүниежүзі бойынша оқу мазмұны адамдандыру, компьютерлендіру, кіріктіру, тұлғалық даму ережелеріне негізделеді.
Оқу мазмұны дидактикалық талаптар негізінде қай сыныпта, қандай көлемде қандай пәндер оқытылуы керектігін белгілейді. Бастауыш сыныптарда барлық пәндерден алғашқы элементарлық ақпарат берілсе, орта сыныптарда жүйелі білім беріледі.
Білім берудің мазмұны оқу жоспарларында, жеке пәндердің оқу бағдарламаларында және оқулықтарда, электрондық оқу құралдарында нақтыланады.
Оқу жоспары, бағдарламалар, оқулықтар
Оқу жоспары
оқу жылының, тоқсандардың, демалыс күндерінің мерзімін,
оқытылуға тиісті оқу пәндерінің тізімін,
әрбір оқу жылы /сыныптар/ бойынша оқу тәртібін және ретін,
- әрбір пәнге бүкіл оқу мерзімінде және апта сайын әр пәнге бөлінетін сағаттардың мөлшерін көрсететін мемлекеттік құжат.
Типтік оқу жоспары оқу министрлігінде жасалынып барлық орта мектептерге ортақ болып бекітіледі. Оқу жоспары мектептердің түрлеріне орай да жасалынады. Шағын комплектті, сегіз жылдық, ұлттық мектептерде жоспар өзінше құрылады.
Оқу жоспары қоғамның мектеп алдына қойған мақсатымен тығыз байланысты. Оқу жоспарында жеке пәндер педагогикалық заңдылықтарға, бірізділік және жүйелілік принциптеріне, оқушылардың жас және таным ерекшеліктеріне, санитарлық-гигиеналық талаптарға сай орналасады. Жеке пәндердің белгілі бір реттілікпен оқу жоспарында берілуі олардың өзара логикалық байланыс-тылығына тәуелді. Оқу пәндері міндетті және таңдаулы деп бөлінеді.
Оқу бағдарламалары оқу жоспары негізінде құрас-тырылады. Оқу бағдарламасының құрамы:
- аталмыш пән бойынша оқытудың мақсатын, оқушылар білімдеріне, біліктер мен дағдыларына қойы-латын талаптарды, олардың білімін бағалау жолдарын, оқытудың түрлері мен әдістері туралы нұсқауларды, бағдарламаның басты ерекшеліктері мен айырмашылық-тарын анықтайтын түсінік хат;
пәннің мазмұнын анықтайтын тараулар мен тақырыптар;
негізгі дүниетанымдық сұрақтар, басты ғылыми проблемалар тізімі;
әр тақырыпқа қажетті сағат мөлшері;
пәнаралық байланыстар туралы ұсыныстар;
әдістемелік оқу құралдары мен көрнекіліктер тізімі;
- ұсынылған әдебиет.
Сонымен, оқу жоспарының негізінде әрбір жеке пәндер бойынша бағдарлама құрылады. Ол түсінік хат, негізгі бөлім және әдістемелік аппаратынан тұрады.
Қоғамның дамып, жаңаруына, ғылыми жаңалық-тардың өсуіне байланысты оқу бағдарламалары қайта қаралады. 1990 жылдан бастап Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне, ұлттық идеяға бағытталған бағдарламалар дүниеге келуде. 1999 жылы қабылданған ''Білім туралы'' заңға байланысты білім беру саласын демократияландыру, гуманитарландыру, ұлттық және жалпы адамзаттық құнды-лықтарды меңгеруге сай білім беру саласының құрылымына, мазмұнына, сипаты мен оқу жоспарына, оқу бағдарламасы мен оқулықтарға өзгерістер енгізілді.
Бағдарлама жасауда кейбір кемшіліктерді атап өткен жөн болар:
оқушылардың түсінігіне қиын оқу материалын енгізу;
курсаралық байланысты ұмыту;
Оқу бағдарламасы оқушыларға оқу әдебиеті арқылы жетеді. Оқу әдебиетіне оқулықтар, анықтамалар, қосымша кітаптар, есептер мен жаттығулар жинақтары, атластар, карталар, жұмыс дәптерлері жатады. Солардың ішінде басты назар оқулыққа арналады. Жақсы оқулық оқушыны нәтижелі оқуға жетелейді.
Оқулық - оқу бағдарламасына сай оқу пәнінің мазмұнын жүйелі түрде баяндайтын кітап.
Оқулыққа қойылатын негізгі талаптар:
-оқу бағдарламасына сәйкес болу;
-оқушылар үшін ұғымды, қысқа және қызықты болу;
-көрнекіліктермен жақсы жабдықталу;
-тілі балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес болуы керек;
- тексеру, өзін-өзі тексеру және оқу нәтижелерін түзетуге арналған сұрақтар мен жаттығулардың болуы.
Оқулық оқушылар оқу материалын саналы, белсенді түрде, толық меңгеруін қамтамасыз етуі керек.
Оқулыққа қойылатын талаптар күрделі болғандық-тан соңғы кезде әрбір пәннен бірнеше нұсқада оқулықтар, оқу құралдары жарыққа шығуда. Дәстүрлі кітаптармен қатар аудио-, видеокассеталар және компактдисктерге жазылған оқулықтар пайдаланып жүр.
Қолданылған әдебиеттер
Ақпанбек Г. Қазақтардың дүниетанымы. -Алматы, Қазақ университеті, 1989.
Айтмамбетова Б. Жаңашыл педагогтар идеялары мен тәжірибелері. -А., 1991.
Айтмамбетова Б., Бозжанова К., т. б. Балаларды семьяда адамгершілікке тәрбиелеудің кейбір мәселелері. -Алматы, 1985.
Айтмамбетова, Бейсенбаева. Тәрбиенің жалпы әдістері. -А., 1991.
Айғабылова Н. Бала мінезінің қалыптасуы және оны тәрбиелеу жолдары. -А., өнер. 1972.
Ахметов Ж. Балаларды мәдениеттілікке тәрбиелеу жолдары. //Қазақстан мұғалімі, 18 ақпан, 1994.
Алмаханова Х. Жас өспірімдерге эстетикалық тәрбие беру. /Методикалық нұсқау. А., 1990.
Ақназарова Б. Класс жетекшісі. -А., Мектеп, 1973.
Әбенбаев С. Оқушы жастарға эстетикалық тәрбие беруді жетілдіру. -А., 1992.
Әбенбаев С. Мектептегі тәрбие жұмысының әдістемесі. -А., 1999.
Әбдіразақов Е. Адамгершілік, имандылық тәрбиесі. -Шымкент 1994.
Әбиев Ж. Жаңа адамды қалыптастыру. -Алматы, 1988.
Әбиев Ж. Еңбек тәрбиесінің педагогикалық негіздері. -Алматы, 1997.
Әбиев Ж. Оқушыларға атеистік тәрбие беру. Алматы, //Қазақстан мектебі, 1959. ғ3.
Әбілова З. Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру. -А., 1972.
Білім берудегі ұлттық модель.
Соңғы жылдарда елімізде білім бару саласын реформалаудың тиімді жолдарының бірі әлемдік стандарттық деңгейге көшу бағытында 12 жылдық оқыту жүйесі таңдалып алынуына байланысты баспа беттерінде туындаған көптеген пікірлер мен ұсыныстар жариялануда. Солардың ішінде ерекшелерінің бірі - <<Қазақ білім академиясы>> қоғамдық бірлестігінің президенті А. Құсайынұлы мен осы академияның академик-хатшысы Р. Башарұлының <<Білім берудің ұлттық модельін дұрыс таңдай алдық па?>> тақырыбында жарияланған мақаласында әлемдегі елдердің білім беру жүйесіндегі түрлі үлгілерін, оның ішінде өткен ғасырдың 50-жылдарындағы әлем мойындаған Кеңестер Одағы мектебінің 10 жылдық (4+3+3) үлгісін, осы бағытта 12 жылдық білім беру жүйесіне көшудің жапондардың (6+3+3) үлгісінің жоғарыда айтылған Кеңестер Одағы үлгісінің баламасы екендігін, оның тиімді жақтарын тілге тиек етуі. Сонымен қатар, жапон мектептерінің бастауыш сыныптарында оқытылатын пәндерінің негізі ана тілін оқытуға (1377 сағат) бағытталса, басқа пәндер (барлығы 8 пән) арифметика, өнер, еңбек, рухани -әлеуметтік, қоғамдық пәндерді оқытуға жоспарланғандығы айтылған. Елімізде қалыптасқан 4 жылдық бастауыш сыныптарда білім беру бағдарламаларының өзгертіліп шамадан тыс күрделенуі, оқушылардың ойлау қабілеті мен танымалдығын, қызығушылығын төмендетіп қана қоймай, олардың көпшілігінің оқуға деген ынтасын жоғалтуға мәжбүр етуде.
Сонымен қатар Елбасымыздың білім беру саласының алдында қойып отырған мақсаттарының бірі- <<тілдердің үш тұғырлығы>> идеясын, бүкіл еліміздің ұлттық мүддесі деңгейіне көтеруіміз қажет.
Ел болашағы - терең білімде
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақ жоғары мектебінің қарашаңырағы - Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 75 жылдығына орай 2009 жылғы 13 қазанда Алматыда осы іргелі білім ордасының професоорлары мен оқытушыларына және студенттеріне арнап оқыған дәрісі телекөпір арқылы еліміздің барлық жоғары оқу орындарында көрсетілген болатын. «Қазақстан дағдарыстан кейінгі дүниеде: Болашаққа интеллектуалдық секіріс» деп аталатын осы бағдарламалық сөзінде Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстанға біздің ұлтымыздың әлеуетін оятуға және жүзеге асыруға жағдай жасайтын интеллектуалды төңкеріс қажет», деген өрелі міндет қойды. «Бізге ұлттың интеллектілік діңін құру қажет, бізге халықаралық бәсекеге түсе алатын эрудициялы адамдар қажет», - деген толғамды ойын ортаға салды.
Жақында желтоқсанның 1-інде өткен Үкімет отырысында қаралған басты мәселелердің бірі - Мемлекет басшысының бұл тапсырмасын орындау жайы болды.
Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау үшін елімізде 2009-2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің интеллектуалдық мектептерін дамыту стратегиясы жасалды.
Бұл жобаны ойдағыдай жүзеге асыру үшін білім берудің инновациялық модельдері ұсынылды, оған қазақстандық және әлемдік педагогикалық практиканың осы заманғы жетістіктері; Халықаралық бакалавриат; химиялық-биологиялық және физика-математика бағыттары бойынша бейінді оқыту; көптілді оқыту жүйелері кіреді.
Бұл орайда инновациялық екі түрлі модельге басымдық беріліп отыр. Оның ішінде №1 модель 19 мектепте толық енгізіледі, ал бір мектепте оны Халықаралық бакалавриатпен бірге жүргізу көзделуде. Осы тұрғыда бастауыш мектеп балабақшадан, мектепалды даярлықтан және 1-5 сыныптардан тұрады. Білім берудің осы буынында мектепке дейінгі топтар үш тілді оқып-үйрену, информатиканы 1-сыныптан бастап оқыту көзделіп отыр. Оқыту бағдарламалары бейіндік түрде жүргізіліп, қолданбалы және қызықты математика, жаратылыстану пәндері енгізіледі және баланың жас шағынан зерттеу дағдыларын меңгеруді көздейді. Ал негізгі мектептің 7-сыныбынан бастап бейіндік пәндер тереңдетіле оқытыла бастайды. Мысалға, 7-8 сыныптарда физика, математика, химия, биология және информатика бойынша элективтік курс-тар жүреді, ал 9-сыныптан бастап бейіндік пәндер толығымен ағылшын тілінде жүргізіледі. Ал қалған сабақтар қазақ және орыс тілдерінде өтетін болады. Білім беру бағдарламасында зерттеу дағдыларын дамыту, ақпараттарды өңдеп, талдай білуге маңыз беріледі. Ал жоғары сыныптарда бейіндік пәндер толығымен ағылшын тілінде, басқа пәндер қазақ және орыс тілдерінде оқытылады.
Білім бағдарламалары олардың Астанадағы Жаңа университеттің, Қазақстан университеттерімен үйлесімділігі ескеріліп жасалады. Сондай-ақ оқушылар өз таңдаулары бойынша, «Айелтс» (IELTS), «Тойфл» (TOEFL), «Сат 1, 2» (SAT I, SAT II) даярлық курстарынан өте алады және олардан емтихандар тапсырып, сертификаттарға қол жеткізе алады. Жоғары сыныптарда оқу бағдарламалары жаратылыстану-математика бағыттарына бейімделеді және оқушылардың бейімділігі мен қабілеттеріне қарай және ғылыми-зерттеу қызметіне ден қояды.
Астанадағы хитмия-биология бағытындағы интеллектуалдық мектепте №1 білім беру моделімен қатар Халықаралық бакалавриат бағдарламаларын енгізу көзделуде.
Ал №2 білім беру моделін жүзеге асыру аясында бастауыш сыныптарда Халықаралық бакалавриаттың авторландырылған бағдарламалар ғана жүзеге асырылады. Негізгі және жоғары сыныптарда 7 сыныптан бастап оқушылардың №1 модельде жүзеге асырылатын химия-биология бағыттарындағы бейіндік бағдарламалар бойынша немесе Халықаралық бакалавриат бағдарламалары бойынша оқу мүмкіндігін таңдауға ерік беріледі.
Халықаралық бакалавриат ауқымында бастауыш және негізгі мектептерде оқыту оқушылардың жалпы дамуына бағытталады және бейіндік жағынан бөлу көзделмейді. Жоғары сыныптарда да Халықаралық бакалавриат бағдарламалары бейініне қарай бөлінбейді, дегенмен оқушының таңдауы бойынша 3 пәннен тереңдетілген білім ала алады. Барлық пәндер жоғарғы сыныптарда ағылшын тілінде оқытылады.
Интеллектуалдық мектептердің түлектері оны бітіргеннен кейін пәндер бойынша несиелері көрсе-тілген орта білім аттестат, өз таңдауы бойынша «Айелтс» (IELTS), «Тойфл» (TOEFL), «Сат 1, 2» (SAT I, SAT II) сертификаттарын алып шығады.
Халықаралық бакалавриат бағдарламасы бойынша мектепті бітірген оқушылар Диплом мен МБ сертификаттарын алады.
Мектептерде педагог ка-дрларын іріктеу үшін олар міндетті түрде даярлық курсынан өтіп, мұғалімдерді іріктеудің 2 кезеңдік жүйесінен өтеді.
Студенттерді сапалы даярлау үшін Қазақстанның жетекші жоғары педагогикалық оқу орындарымен бірлесіп, жоғары курс студенттері Интеллектуалдық мектептердегі жұмысқа үйретіледі. Сондай-ақ осы мектептердің түлектері «Болашақ» бағдарламасына іріктеліп алынады.
Енді мұғалімдерге қатысты айтар болсақ, мұғалімдер 3 жылда бір рет біліктілікті жетілдіру курстарынан және аттестациялаудан өтіп тұрады. Курстар бағдарламалары Интеллектуалдық мектептердің білім беру мазмұны мен модельдері ескеріліп жасалады. Курстарды өткізу үшін тіркелген ұйымдар мен сертификатталған мамандар тартылады.
Мектептің барлық қызметіне, білім берудің мазмұны мен оқу бағдарламаларына тұрақты түрде мониторинг, бағалау және бақылау жүргізіліп отырылады.
Инновациялық білім беру бағдарламаларын енгізу және жүзеге асыру үшін Интеллектуалдық мектептер моделіне, білім мазмұнына сәйкес материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етіледі.
Әрбір сыныпта ақпараттық-коммуникациялық жүйе құрылады. Барлық сыныптар мектептің біртұтас ақпараттық-коммуникациялық желісіне қосылады. 2013 жылға қарай барлық Интеллектуалдық мектептер біртұтас ақпараттық-білім беру ортасына біріктіріледі.
2009 жылғы желтоқсанның 1-інде өткен Үкімет отырысында осы мәселені қарау барысында Премьер-Министр Кәрім Мәсімов бұл орайда жақсы жұмыс жүргізіліп жатқан атап өте келіп: «Бұл мемлекет басшысының университеттер, мектептер, қорлар бойынша тікелей берген тапсырмасы, ол жаман орындалып жатқан жоқ. Біз осы орайдағы алғашқы қадамдарды қолдай отырып, ілгері жылжи беруіміз қажет», деп ой қорытты.
Енді интеллектуалдық мектептерді дамыту стратегиясына арналған сараптамамызды қорытындылай келіп, кейбір жаңа ұғымдар-ға да түсініктер бере кетейік.
Айталық, Халықаралық бакалавриат - ЮНЕСКО мен Еуропа кеңесінде консультативтік мәртебесі бар халықаралық үкіметтік емес білім ұйымы. Бұл ұйымға әлем елдеріндегі 2000 мыңға тарта мектептер кіреді. Халықаралық бакалавриат дипломы әлемнің 102 еліндегі 1300-ден астам университеттерде танылған (олардың ішінде Оксфорд, Кембридж, Гарвард, Йель, Сорбонна, Лондон экономика мектебі және т. б. да әлем мойындаған білім ошақтары бар) .
Білім берудің бірінші моделін жүзеге асыру үшін Интеллектуалдық мектептердің білім мазмұнын отандық және шетелдік сарапшылар анықтайды. Барлық сыныптар үшін барлық пәндерден стандарттар, оқу бағдарламаларын және жоспарларын жасауды 2010 жылғы мамыр айына дейін аяқтау жоспарланып отыр.
2010 жылғы қыркүйектен бастап Білім және ғылым министрлігі бекіткеннен кейін жасалған бағдарламалар Интеллектуалдық мектептерде 2 жыл байқаудан өтеді. Байқау өткеннен кейін олар елдің басқа да мектептеріне таратылады.
№2 білім моделін жүзеге асыру үшін біз Халықаралық бакалавриат белгілеген білім беру бағдарламаларын жасап енгізуіміз және авторландырудан өткізу кезеңдерінен өтуге тиіспіз. Бұл үшін Қазақстанның авторлық мектептерінің оқу бағдарламалары пайдаланылады. 2010 жылғы қыркүйектен бастап барлық деңгейдегі авторлық бағдарламалар кезең-кезеңімен енгізіле бастайды.
Бүгінде оқу бағдарламаларын сатып алу, іріктеу және осы бағдарламалармен жұмыс жасайтын мұғалімдерді даярлау жұмыстары жүргізілуде. Халықаралық баклавриат бағдарламалары жоғары сыныптар үшін 2015 жылға дейін, ал барлық бағдарламаларды авторландыруды 2017 жылға дейін аяқтау жоспарланып отыр. Халықаралық бакалавриаттың сапалы ықпалдастырылған білім бағдарламаларын жасау және оларды ойдағыдай енгізу және авторландыру үшін бұл орайдағы тәжірибені зерделеу, басқару жүйесін және олардың барлық қызметін ұйымдастыру үшін «Өркен» АҚ АҚШ-та, Ұлыбританияда, Сингапурде, Люксембургте, Финляндияда, Францияда, Жапонияда бірқатар халық-аралық мектептерде болып, іс -тәжірибе жинақтайды және отандық және шетелдік оқу орындарымен, басқарушы компаниялармен ынтымақтастықты жол-ға қояды.
Бүгінгі таңда физика-математика бағытындағы 3 мектеп Астана, Көкшетау, Семей қалаларында жұмыс істеп жатыр. Мақсатты трансферттер есебінен Астанада, Өскеменде, Талдықорғанда мектептер салынып жатыр. Қалған 14 мектеп «Өркен» АҚ жарғылық қоры қаражаттары есебінен салынбақ. Қазір Оралда осындай мектеп жобалануда. Петропавл, Атырау, Шымкент, Ақтөбе, Тараз және Алматы қалаларында 6 мектепті жобалауға конкурс жарияланды.
Gmail Календарь Документы Reader Сайты Веб ещё ▼
Қазақ этнопадагогикасының ғылыми негiзiн қалаушы педагог-ғалымдар.
ХХ. ғ. басындағы этнопедагогика негізін салушылардың идеялары.
Жоспар:
1. Әбубәкір Диваев, Шәкәрiм Құдайбердиевтың мұралары.
2. Ахмет Байтұрсынов, Хәлел Досмұхамедов Мiржақып Дулатовтың тәлімдік идеялары.
3. Нәзипа Құлжанова, Жүсiпбек Аймауытов, Мағжан Жумабаевтардың этнопедагогикалық ой-пікірлері.
1. Әбубәкiр Диваев (1855-1933) . Қазақ ауыз әдебиетi үлгiлерiн жинау, бастыру мәселелерi ХIХ-ғ. мен ХХ-ғ. Басында бiр топ орыс ғалымдары айналысты. Олардың iшiнде Сырдария генерал-губернаторы Н. И. Гродековтың 1884 ж. қазақ, өзбек, қырғыз халқы ауыз әдебиетiн жинауды қолға алып, бұл жұмысты жергiлiктi халықтың тiлiн, салт-дәстүрiн жетiк бiлетiн Орынбор кадет корпусiнiң түлегi Ә. Диваевқа тапсырды. Ол араб, парсы тiлдерiмен қоса қазақ, өзбек, тәжiк тiлдерiн де жетiк бiлетiн едi.
Ә. Диваев белгiлi түркiтанушы В. Н. Наливкинмен, тарихшы, этнограф, филолог А. Н. Вышнеглярскиймен жүздесiп, ақыл-кеңес ала отырып, зерттеу жұмысының жоспарын жасады. Ел аузындағы ертек, аңыз-әңгiме, батырлар жырын жетiк бiлетiн қариялармен пiкiрлесiп, олардың бiлгендерiн жазып алып жiберiп отыратын мұғалiм-молдаларды бұл iске тартты. Өзi жинаған материалдардың бiр тобын Ресей география қоғамының Қазандағы бөлiмшесiне жiберiп отырды. Сондай-ақ 1886 ж. Ташкентте шыға бастаған “Түркiстан уалаяты” газетiнде жариялады. Диваев бiрiншiден қазақ ауыз әдебиетi үлгiлерiн келешек ұрпақ үшiн, тарих үшiн қажеттi дүние деп қараса, екiншiден жиналған материалдарды орыс тiлiне аударып, бастыру арқылы қазақтың көне мәдени мұрасымен орыс, батыс халық өкiлдерiне таныстыруды көздедi. 1896 ж. Қазан университетi жанындағы археология, тарих және этнография қоғамы Ә. Диваевқа хат жолдап, аталған қоғамға мүшелiкке алғанын хабарлайды.
Бұл қоғамның белсендi мүшелерi; В. В. Радлов, ВАлекторов, Г. Н. Потанин, В. П. Наливкин, Н. П. Остраумовтар да түркi халықтарының мұраларын жинау, зерттеу iсiмен айналысатын.
Ә. Диваев осы қоғамға өзi ел аузынан жинаған бай материалдарды және өзiнiң олар туралы жазған зерттеу мақалаларын жiберiп тұрды.
Қазан университетiнiң ғалымы П. Н. Ахметов (Сахит Герей АКхметов) Диваев жiберген қолжазба материалдардың маңыздылығын жоғары бағалады.
1896 ж. 22 қаңтарда Ә. Диваев ТКЛА ( Ташкентский кружок любителей археологии) мүше болып қабылданып, 1917 ж. дейiн сол үйiрмеден қол үзбей қызмет етедi. Диваев кейiн Москва университетiнiң табиғаттану, антропология, этнография қоғамына мүшелiкке өтiп, оларға да көптеген материалдар жiберiп тұрды.
2004 ж. Диваевтың қатынасымен Ташкентте мұсылман зиялыларының әуесқой театрын ұйымдастырды. Онда Диваев өзiнiң “Махаббат машақаты” атты пьесасын қойды. 1915 ж. Диваевтың ғылыми қызметiнiң 25 жылдығы аталып өтiлiп, “Қазақ”, “Туркестанские ведомости”, “Живая старина” газеттерiнде оған арнау мақалалар жарияланды.
1918 ж. Түркiстан Халық Университетi ашылып, Диваевты осы университетке оқытушылық қызметке шақырады. Ташкен университетi кеңестiк Орта Азияның шығыстану орталығына айналды. Кейiннен одан шығыстану институты бөлiнiп шығып, онда көрнектi шығыстанушы ғалым-академиктер қызмет еттi. Олардың iшiнде: В. В. Бартольд, С. Е. Малов, И. И. Зарубин, М. С. Андреев, М. Ф. Гаврилов, А. А. Семенов, В. М. Кун т. б. сияқты көрнектi ғалымдар болды.
А. Диваев 100-ге тарта ғылыми еңбек қалдырды. Ол жинаған қазақтың батырлар жыры 1922-23 ж. ж. Ташкентте тұңғыш 9 том болып басылды. 1924 ж. Ташкентте қазақтың тұрмыс-салт өлеңдерiнен құрастырған “Тарту” атты жинақ, ал 1926 ж. Қызылордада “Балаларға тарту” жинағы шықты. Ол “Алпамыс”, “Қамбар батыр” жырларының бiрнеше варианттарын, “Тазша бала” ертегiсiнiң үш нұсқасын салыстыра зерттеп, олардың iшiндегi ең толығын және ең көркем дегендерiн баспа арқылы шығарып отырған.
Диваевтың 1920 ж. Жетiсу, Сырдария бойына ұйымдастырған экспедициясы орасан мол материал әкелген. Олардың iшiнде аңыз да, жұмбақ та тақпақ та, мақал-мәтелдер де, айтыс өлеңдер де бар.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz