Болашақ бастауыш сынып мұғалімдеріне жаңа педагогикалық технологияларды меңгертудің педагогикалық шарттары
Кіріспе ... ... ... ... ... ...3.6
1. Болашақ бастауыш мектеп мұғалімдеріне жаңа педагогикалық технологияларды меңгертудің педагогикалық.психологиялық теориясы ... ... ... .7.14
2. Болашақ бастауыш мектеп мұғалімдеріне жаңа педагогикалық технологияны оқытуды жетілдіру ... ... ..15.21
Қорытынды ... ... ... ... 22.23
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Қазіргі таңда еліміздегі ғылыми техникалық жаңару мен даму, еліміздегі барлық салалардың өзгерістері адамнан ізденімпаздықты, шығармашылықты, білімділікті, жан-жақты болуды талап етеді. Яғни, болашақ маман иелерінің еңбектің қай саласында болмасын білім алуда тек мәлімет, ақпараттарды меңгеріп қана қоймай, сол алған білімдерін өмірде тиімді етіп қолдана білетін, шығармашылық бағытын ұстанып, өз болмысын таныта алатын мамандар даярлау қажет.
Н.Назарбаев «...білім мен ғылымды өз дәрежесінде меңгерген елдер ғана әлемдік дамудың алдында, озық көштің бойда ұстар тұсында болады» деп кәсіби білікті де жанашыл болашақ мамандарды даярлау арқылы мемлекетіміз дамыған елдердің алдында болатындығын айтады. Сондықтан да республикамызда білім берудің жаңа жүйесін жетілдіру мәселсі басты назарда болып отыр. Бұл тұрғыдан Лиссабон конвенциясы, Сорбонна және Болонья декларациасында шешімдер қабылданған. Декларацияны: «Біз жоғары білімге деген теңдесі жоқ сұраныстың куәсі болып отырмыз, себебі оның әлеуметтік-мәдени және экономикалық дамудағы маңызын, сондай-ақ жаңа дағды, білім және идеяларды меңгерген жас ұрпақдың болашақты жасаудағы шешуші маңызын үлкен сезімен мойындаймыз»- делінген. Ал, Болон декларациясының білім беру саласына қойып отырған мақсаты- білім сапасын қамтамасыз ету болып табылады. Осы орайда елімізде білім беру жүйесін реформалауға бағытталған біршама істер жасалуда: білім беру жүйесіне 12 жылдық білім беру және оның бағдарламалары жасалынды, кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу үдерісін ұйымдастырудың ережесін бекітті (Қ.Р. Білім және ғылым министрлігі міндетін атқарушының 2007 ж 22 қарашадағы № 566 бұйрық), қашықтан білім беру технологиялары бойынша оқу процесін ұйымдастыру ережесін бекіту туралы заң қабылданды (Қ.Р. Білім және ғылым министрлігінің 2007 ж 29 қарашадағы №590 бұйрық), Жоғары білім беру ұйымдарында экстернат нысанында білім алуға рұқсат беру ережесі бекітілді ( Қ.Р.Білім және ғылым министрлігі 2007 ж 3 желтоқсандағы №602 бұйрығы), Қ.Р. білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған бағдарламасы бекітілді (Қ.Р. Президентінің 2004 ж 11 қазандағы №1459 жарлығы, өзгертулер мен толықтырулар 2007 ж 15 ақпаны).

1. Бушканец М. Т. Леухин Б. Д. «Хрестоматия по педагогике» Москва «Просвещение» 1976.
2. Рувинский. Л. И. «Введение в специальность» Москва «Просвещение » 1988.
3. Щукина Г. И, Голант Е. Я, Радина К. К. «Педагогика» курс лекций Москва «Просвещение» 1966.
4. Сухомлинский В. А. «Разговор с молодым директором» Москва «Просвещение» 1973.
5. Петровский А. В. «Педагогика» Москва 1973.
6. Өстеміров К, Н. Шаметов, И. Васильев. «Кәсіптік педагогика» Алматы 2006.
7. Таубаева Ш.Т, Лактионова С. Н. «Педагогическая инноватика как теория и практика нововедений в системе образования» Алматы 2001.
8. Ковалев Н. Е, Райский Б. Ф, Сорокин Н. А.. «Введение в педагогику» Москва «Просвещение» 1975.
9. Полянский С. Н. «Хрестоматия по педагогике» Москва «Просвещение» 1972.
10. Занков Л. В.. «Беседа с учителем» » Москва «Просвещение» 1972.
11. Баранов С. П, Воликова Т. В, Сластенин В. А. «Педагогика» Москва 1976.
12. Мамбетказиев Е. «Университеты XXI: инноваций и реформы» Усть-Каменогорск 1999.
13. Крутецкий В. А.. «Психология» Москва 1986.
14. Выготский Л. С. «Педагогическая психология» Москва 1991.
15. Ильина Т. А.. «Педагогика» Москва 1984.
16. Харламов И. Ф. «Педагогика» Москва 1999.
17. Сластенин В. А, Исаев И. Ф, Шланов Е. Н. «Общая педагогика» Москва 2003.
18. Сабыров. Т. С. Болашақ мұғалімдердің дидактикалық дайындығын жетілдірудің теориялық негіздері. Актуальные проблемы подготовкий будущих учителей начальных классов: теория и практика: Межвузовский сборник научных трудов / АГУ им. Абая,-Алматы, 1998.
19. Болашақ бастауыш сыныптар мұғалімінің дидактикалық даярлығы: Жоғары оқу орындары аралық ғылыми еңбектер жинағы (Алматы: Абай атындағы Ал МУ, 1999).
20. Әбілқасымова. А. Е «Студенттердің танымдық ізденімпаздығын қалыптастыру». Алматы, «Білім»1994.
21. Садықов Т. С, Әбілқасымова. А. Е. «Жоғары мектепте білім берудің дидактикалық негізі». Алматы, 2003.
22. Нұғысова. А. «Болашақ математика мұғалімдерін оқушылардың есеп шығару іскерліктерін қалыптастыру жұмысына дайындау». Алматы, 2002.
23. Коротаева. Е. В. Качества подготовки будущего педагога // Педагогика 9.2006.
24. Ысқақов. А. Ы. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. 10-том.Алматы 1986.
25. Ярмакеев.И. Э. Развитие профессионально –смыслового потенциала личности будущего учителя.// Педагогика. 2.2006.
26. Торхова. А. В.Становление индивидуального стиля деятельности будущих учителей. // Педагогика. 8.2006.
27. Добрынин. М. А. Болонская декларация как фактор формирования европейского образовательного пространства. // Педагогика 9.2006.
28. Қазақстан ұлттық энциклопедиясы. 8-том. Алматы 2006.
29. Қ. Р. Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. / Егемен Қазақстан. №36 (25008) 7 ақпан. 2008ж.
30. Қашықтан білім беру технологиялары бойынша оқу процесін ұйымдастырудың ережесі. / Заң газеті. №12 (1238) 25 қаңтар. 2008ж.
31. Қалдыбаев Ә, Ортаев. Б.Педагогикалық инновация. / Таным мен тәрбие. №3 (06 ) наурыз 2005ж.
32. Оқыту технологиялары бойынша. // Қазақстан мұғалімі. 5 маусым 2007ж.
33. Масырова Р. Р., Линчевская. Г. А. Инновационные школы в Казахстане. Алматы 2000.
34. Дәмітов. Б. Қ. Жоғары білім бойынша заңды және нормативтік құжаттар жинағы. 1998/2. Алматы 1998ж.
35. Фаустов. А. С, Баткина. И. Б. Резервы умственного труда студентов. Воронеж. 1986.
36. Серебрякова. Л. М. Подготовка инновационной деятельности: проекты и пути осуществление. Актуальные проблемы высшего образования. Алматы 2000.
37. Жанұзақов. Т. Қазақ тілінің сөздігі. Алматы 1999.
38. Блонский. П. П. Мои воспитания. Москва. 1971.
39. Өстеміров. К. Қазіргі педагогикалық технологиялар мен оқыту құралдары. Алматы 2007ж.
40. Аманқұлов. К. І. Педагогикалық практика барысында болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіптік шеберлігін қалыптастыру. П. Ғ. К. Ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация. Алматы 2004.
41. Блонский. П.П. Мои воспитания. Москва. Педагогика 1971.
42. Өстеміров К. Қазіргі педагогикалық технологиялар мен оқыту құралдары. Алматы 2007.
43. Аманқұлов К. І. Педагогикалық практика барысында болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіптік шеберлігін қалыптастыру. п.ғ.к., ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация. Алматы 2004.
44. Білімдегі жаңалықтар. Сәуір/ маусым. 2004 №2.

Қожа Ахмет Яссауи атындағы халықаралық қазақ түрік университеті
Түркістан гуманитарлық ғылымдар және бизнес институты
Тарих педагогика факультеті
Курстық жұмыс
Тақырыбы: Болашақ бастауыш сынып мұғалімдеріне жаңа педагогикалық
технологияларды меңгертудің педагогикалық шарттары.
Ғылыми
жетекші: п.ғ.к,доцент
Садықов Жарылқасын
Орындаған : Момбекова Рауан
Тобы: МНК-711
Түркістан 2008
Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3-6
1. Болашақ бастауыш мектеп мұғалімдеріне жаңа педагогикалық
технологияларды меңгертудің педагогикалық-психологиялық
теориясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... 7-1 4
2. Болашақ бастауыш мектеп мұғалімдеріне жаңа педагогикалық технологияны
оқытуды
жетілдіру ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ...15-2 1
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..22-23
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ..24-25
Кіріспе
Зертеудің көкейкестілігі. Қазіргі таңда еліміздегі ғылыми техникалық
жаңару мен даму, еліміздегі барлық салалардың өзгерістері адамнан
ізденімпаздықты, шығармашылықты, білімділікті, жан-жақты болуды талап
етеді. Яғни, болашақ маман иелерінің еңбектің қай саласында болмасын білім
алуда тек мәлімет, ақпараттарды меңгеріп қана қоймай, сол алған білімдерін
өмірде тиімді етіп қолдана білетін, шығармашылық бағытын ұстанып, өз
болмысын таныта алатын мамандар даярлау қажет.
Н.Назарбаев ...білім мен ғылымды өз дәрежесінде меңгерген елдер
ғана әлемдік дамудың алдында, озық көштің бойда ұстар тұсында болады деп
кәсіби білікті де жанашыл болашақ мамандарды даярлау арқылы мемлекетіміз
дамыған елдердің алдында болатындығын айтады. Сондықтан да республикамызда
білім берудің жаңа жүйесін жетілдіру мәселсі басты назарда болып отыр. Бұл
тұрғыдан Лиссабон конвенциясы, Сорбонна және Болонья декларациасында
шешімдер қабылданған. Декларацияны: Біз жоғары білімге деген теңдесі жоқ
сұраныстың куәсі болып отырмыз, себебі оның әлеуметтік-мәдени және
экономикалық дамудағы маңызын, сондай-ақ жаңа дағды, білім және идеяларды
меңгерген жас ұрпақдың болашақты жасаудағы шешуші маңызын үлкен сезімен
мойындаймыз- делінген. Ал, Болон декларациясының білім беру саласына қойып
отырған мақсаты- білім сапасын қамтамасыз ету болып табылады. Осы орайда
елімізде білім беру жүйесін реформалауға бағытталған біршама істер
жасалуда: білім беру жүйесіне 12 жылдық білім беру және оның бағдарламалары
жасалынды, кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу үдерісін
ұйымдастырудың ережесін бекітті (Қ.Р. Білім және ғылым министрлігі міндетін
атқарушының 2007 ж 22 қарашадағы № 566 бұйрық), қашықтан білім беру
технологиялары бойынша оқу процесін ұйымдастыру ережесін бекіту туралы заң
қабылданды (Қ.Р. Білім және ғылым министрлігінің 2007 ж 29 қарашадағы №590
бұйрық), Жоғары білім беру ұйымдарында экстернат нысанында білім алуға
рұқсат беру ережесі бекітілді ( Қ.Р.Білім және ғылым министрлігі 2007 ж 3
желтоқсандағы №602 бұйрығы), Қ.Р. білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға
арналған бағдарламасы бекітілді (Қ.Р. Президентінің 2004 ж 11 қазандағы
№1459 жарлығы, өзгертулер мен толықтырулар 2007 ж 15 ақпаны).
Жоғары білімді, өз ісінің шебері мамандарды дайындау мәселесі әр
уақытта да өзекті мәселе болып келеді. Дамыған елдердің жоғарғы оқу
орындары қоғам талаптаған қанағаттанарлық бірнеше үдерісті қарастырады:
жоғары білімді демократияландыру, ғылымды, білімді және өндірісті
интеграциялау түрі ретінде ғылыми оқу-өндірістік кешендер құру, оқыту,
студент еңбегін дараландыру, оқытушылардың кәсіби даярлығына жоғары талап
қою, жоғары оқу орындарында болашақ мұғалімдер даярлау мен олардың кәсіби
деңгейін көтеруде педагогика мен психологияның ролін жаңа технологиялар
негізінде көтеру.
Кез-келген мемлекеттің прогрессивті дамуының қозғаушы күші- мұғалім.
Сондықтан бүгінгі күні ғылым мен білім беру саласы қызметкерлерінің алдына
қойылып отырған басты міндет- білікті, шығармашыл, кәсіпқой мұғалім
кадрларын даярлау. Қазіргі кезде мектептер бойына қажетті білімдер қорын
жинаған маманды емес, жаңа педагогикалық технологияларды меңгерген,
жаңашыл, шығармашыл, кәсіпқой мұғалімдерді талап етеді. Қазіргі кезеңде
ғылымның соңғы табыстарына негізделіп мектеп өмірінде жүзеге асырыла
бастаған және асырылатын ең басты мәселелер: оқытудың ғылыми негіздерінің
өмір және еңбекпен байланыстылығы; оқтудың политехникалық принципі; арнаулы
факультативтік курстар; бағдарламалап және дифференциялық оқыту;қоғамдық
пайдалы және өнімді еңбектің оқу мен тәрбие жүйесінде алатын орны; кәсіптік
бағдар беру, техникалық құралдары, компьютерлерді, оқыту машиналарын
кеңінен қолдану т.б болып отыр. Осы мәселелерді іс жүзінде асыру мұғалімнің
тікелей психологиялық және педагогикалық білім деңгейіне байланысты.
Мұғалімнің кәсіби шеберлігі орта немесе жоғары оқу орнында оқып
жүргенде бітпейді. Ол үнемі өз жалғасын тауып отырады. Бұл жерде болашақ
мұғалімдердің ақпаратты іздестіру, өңдеу ой елегінен өткізу, игеріп және
қолдану жөнінде өз тарапынан белсенділікті талап етеді. Жалпы педагогикалық
білім беру құрылымы мен мазмұнын жетілдіру мұғалімдер даярлығының сапасын
арттыру қазіргі кезде өзекті мәселе болып отыр. Педагогикалық процесте озат
тәжірибені кеңінен қолданудың маңызы зор. Өйткені терең білім мен тәрбие
беру, педагогикалық озат тәжірибені зерттеу, жинақтау және таратудың
нәтижесі, мұғалімдердің шығармашылық ісінің жемісі.
Ғылыми-теориялық және практикалық бағытта болашақ мамандар даярлауда
әр түрлі зерттеулер жүргізілген:
- кәсіби мұғалім даярлаудың теориялық-әдіснамалық жағын Якунин В.А,
Лернер И.Я, Мищенко А. И, Е. И. Бурдина, В. А. Козырев, Г. С.
Юсупбекова, Леонтев А. Н, В. А. Сластенин, т.б
- оқу-тәрбие мақсатын жетілдіру мақсатында педагогикалық технологияларды
ұсынған Н. П. Гузик, В. В. Давыдов, Л. В. Занков, В. М. Монахов, С. Н.
Лысенькова, В. Ф. Шаталов, Д. Б. Эльконин, П. М. Эрдниев және т.б.
- педагогикалық технологияларды білім беру саласында пайдаланудың әдіс-
тәсілдері, шарттары, дидактикалық-әдістемелік негіздері бойынша: В. П.
Беспалько, Ж. А. Қараев, Ш. Таубаева, Б. Т. Барсай, Д. М. Жүсіпалиева,
М. В. Кларин, С. А. Көшімбетова, т.б.
Бүгінгі таңда жаңа педагогикалық технологияларды оқу-тәрбие үдерісіне
енгізуде әлі де болса шешімін таппай отырған мәселелер бар. Болашақ
мұғалімдердің жаңашыл сипаттағы бағыттылығын даярлауға бүгінгі мемлекеттің
сұранысы мен оларды жоғары оқу орындарында даярлауда жаңа педагогикалық
технологияларды пайдаланып теориялық және практикалық білім беруді
жетілдірудің арасындағы және жаңа педагогикалық технологияларды оқыту
барысында арнайы әдістемелік нұсқаулықтардың жоқтығы арасында қайшылықтар
кездеседі. Осы қайшылықтарды шешу мақсатында біз курстық жұмыстың тақырыбын
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдеріне жаңа педагогикалық технологияларды
меңгертудің педагогикалық шарттары деп таңдап алдық.
Осы курстық жұмысты жазу барысында алға қойған мақсат міндеттеріміз
төмендегідей:
Зерттеудің мақсаты: болашақ бастауыш сынып мұғалімдеріне жаңа
педагогикалық технологияларды игерту арқылы олардың кәсіби шеберліктерін
дамыту.
Зерттеудің міндеттері:
1. Зерттеу жұмысына теориялық-әдістемелік алғышарт болатын ғылыми
педагогикалық негіздерді анықтау.
2. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің жаңа педагогикалық технологияларды
игеруінің өлшемдері мен көрсеткіштерін анықтау.
3. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдеріне жаңа педагогикалық технологияларды
игеруге даярлаудың тиімділігін анықтау.
4. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдеріне жаңа педагогикалық технологияларды
игеруге әдістемелік нұсқаулықтар, ұсыныстар беру.
Зерттеудің нысаны: болашақ бастауыш сынып мұғалімдеріне жаңа педагогикалық
технологияларды игеруге даярлығын қалыптастыру.
Зерттеудің пәні: болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің жаңа педагогикалық
технологияларды меңгеруінің педагогикалық шарттары.
Зерттеудің болжамы: егер, болашақ мұғалімдерге жаңа педагогикалық
технологияларды игертудің мазмұнын ғылыми-теориялық тұрғыдан айқындап,
олардың функционалдық мүмкіндіктері анықталсы және әдістемесі мен
тұжырымдамасы жасалып, тәжірибеге ендірірілсе, онда мемлекетке қызмет
ететін білікті де жаңашыл, кәсіпқой мамандар даярланады.
Зерттеудің жетекші идеясы: жоғары оқу орындарында болашақ мұғалімдердің
оқушыларға оқу-тәрбие барысында шығармашыл сипатта білім беру, кәсіпқой
білікті мамандар даярлау.
Зерттеудің әдістері: зерттеу проблемасы бойынша философиялық,
психологиялық, педагогикалық, әлеуметтік, әдістемелік әдебиеттерге талдау
жасау, ЖОО мен мектептердегі оқу-тәрбие үрдісін бақылау жүйеге келтіру.
Зерттеудің көздері: зерттеудің проблемасы бойынша ғылыми еңбектер, ресми
материалдар мен құжаттар. Қ.Р Білім беру туралы заңы, 2005-2010 ж ж
арналған білім беруді дамытудың тұжырымдамасы, бағдарламалар, әдістемелік
нұсқаулар, мектеп мұғалімдерінің тәжірибелері, автордың жеке іс-әрекеті.
Зерттеудің теориялық мәні мен ғылыми жаңалығы:
1. Болашақ мамандардың жаңа педагогикалық технологияларды меңгеру
мүмкіндіктері айқындалды.
Курстық жұмыстың құрамы кіріспе, 3 тарау, қорытынды, пайдаланылған
әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспеде зерттеудің көкейкестілігі, мақсаттары, міндеттері, нысаны,
пәні, ғылыми болжамы, жетекші идеясы, зерттеудің көздері, әдебиеттері мен
ғылыми жаңалықтары мазмұндалды.
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдеріне жаңа педагогикалық
технологияларды меңгертудің педагогикалық теориясы бөлімінде болашақ
мұғалімнің кәсіби тұлғаның дамуы мәнділігі мен мазмұны ашылды, болашақ
мамандарға жаңа педагогикалық технологияны меңгерту теориялық тұрғыдан
қарастырылды.

технологияларды оқытуды жетілдіру бөлімінде болашақ мамандарға жаңа
педагогикалық технологияларды оқыту барысында зерттеп отырған мәселені
тиімді жолмен шешудің педагогикалық шарттары мен механизмдері анықталып,
жүйеленді.
Қорытындыда зерттеудің теориялық қолданбалы, тәжірибелік нәтижелері
түйінделді, зерттеу мәселесін растайтын қорытынды мазмұндалды.
Негізгі бөлім

технологияларды меңгертудің педагогикалық теориясы.
Жаңа педагогикалық технология деп нені айтамыз? Және оның дәл
анықтамасы осы күнде белгілі ма? Қандай пікірлер бар деген сауалға
тоқталайық. Жаңа педагогикалық технологияның мән-мағынасы туралы пікірлер
алуан түрлі. Технология деген сөзді бөлшектеп қарастыратын болсақ, (tehne-
өнер, шеберлік, logos- ілім, ғылым, заң деген мағына береді) – ғылыми
практикалық негізде шикізатты дайын өнімге айналдырудың әдіс-тәсілдерінің
жүйесі. (Қазақстан ұлттық энциклопедиясы 8-том Алматы 2006). Ал қазақ
тілінің түсіндірме сөздігінде (жауапты редактор Т. Жанұзақов. Алматы 1999ж)
технология- материалдарды өңдеу мен дайындау тәсілінің жиынтық аты деп
жазылған. Ал жаңа деген сөз 1. өңі түспеген, бұрын ұсталмаған. 2. жуықта,
жуырда, жақында. 3. алғаш рет, жаңа. 4. тың. 5. ауыс. 6. кейінгі деген
мағынаны білдіреді. Педагогикалық- педагогика методына тікелей
байланысты, соған лайық, педагогикаға қатысы бар. (Қазақ тілінің түсіндірме
сөздігі. 10-том. А. Ы. Ысқақов). Сондай-ақ педагогикалық технологияға әр
түрлі ғалымдар өз анықтамаларын берген. Мәселен, Б. Лихачев педагогикалық
технология- оқу әдісіне белгілі бір мақсат көздей отырып, әсер ететін
педагогикалық ықпал деп түсіндіреді және педагогикалық технология
түпкілікті өзгермейтін механикалық құрылым емес, бала мен мұғалімнің үнемі
түрленіп отыратын өзара қарым-қатынасының өзегі, мазмұнды ұйымдастырушы
құрылым,-дейді. М.Кларин - педагогикалық технология- бұл педагогикалық
мақсатқа қол жеткізу жолындағы қолданылған барлық тиімді ілім- амалдары мен
әдісті амалдарының құралдарының жүйелі жиынтығы және жұмыс істеу реті -
деп жазады. В. П. Беспалько оқу процесін іске асырудың мазмұндық
техникасы-практика жүзінде асыралатын белгілі бір педагогикалық жүйенің
жобасы. И. Волков оқыту процесінде жоспарлы нәтижеге жетудің
сипаттамасы. В.И.Шепель белгілі бір халықты өзгертудің, өңдеудің
әдістерінің жиынтығы, өнер, шеберлік, іскерлік. М. Чашанов дидактикалық
жүйенің процессуалдық бірлігі. М. Монахов оқытушы мен оқушыға қолайлы
жағдай жасау мақсатында оқу процесін жоспарлаудың, ұйымдастырудың,
өткізудің ойластырылған моделі, үлгісі-дейді. К. Өстеміров
педагогикалық технология- ұстаздың кәсіби қызметін жан-жақты қамтамасыз
ететін және жоспардағы басты міндеттерді орындаудың басты кепілі бола
алатын технологиялық іс-шаралар жиынтығы- деп жазған.
Сонда педагогикалық технология дегеніміз- оқыту мен тәрбие
беру барысында балаларға білімді ең жеңіл, тиімді әрі ұтымды әдіс-
тәсілдермен меңгерту деп анықтама беруге болады.
Соңғы жылдары озат технологиялар бойынша еңбек жазған
педогогтар –Ш.А.Амонашвили және П.И.Иванов, В.Ф. Шаталов, И.П. Волков,
Е.Н.Ильин, М.П.Шетитин, С.Н.Лысенькова, В.Т.Кабуш, М.П.Гузик, т.б. Осы
аталған авторлар оқу-тәрбие рпоцесінің сапасын арттыруда өз тәжірибелерін
ұсынды. Ш.А.Амонашвили бастауыш сынып оқушыларының жан-жақты дамуына
мүмкіндік жасайтын мектеп практикасында 6 жастағы балалармен жұмысты
ұйымдастыру принципі жағдайын ғылыми дәлелдеді. И. П. Иванов А.С.
Макареньконың идеясын жалғастыра келе, ұжым арқылы дамыту мен
тәрбиелеудің, қоғамдық балалар ұйымдарында әлеуметтік өмірді жетілдірудің
жолдарын ашты. В. Ф. Шаталов педагогикалық міндеттерді табысты шешу үшін
әрбір оқушыны күнделікті ақыл-ой еңбегіне бар күшін салуға қатыстыру, әрбір
оқушының абыройын, өз-өзіне сенімділігін күшейту қажет екендігін айтады. И.
П. Волков 1-ші сыныптан бастап өз бетімен және шығармашылық іс-әрекеттері
негізінде оқушылардың даму қабілетін және білімділігін анықтауға байланысты
сыныптан тыс жұмыстардың белгілі жүйесін жасады. Бұл оқушылармен
шығармашылық сабақ өткізіп, олардың қабілеттері мен деңгейлерін анықтауға
мүмкіндік береді.
Сонымен қатар қазақстандық педагог-ғалымдар да инновациялық
технологияларына өз үлестерін қосуда. Мәселен, оқытудың үшөлшемді
әдістемелік жүйесі технологиясының авторы, п.ғ.д., профессор Жауынбай
Қараев , Жанар Кобдикова, Сатылай комплексті талдау технологиясының
авторы п.ғ.к.,доцент Нұрша Оразахынова, Модульдік оқыту технологиясының
авторы М. Жанпейісова, Дамыта оқыту технологиясының авторы Ботагөз
Тұрғынбаева, т.б.
Жаңашыл мұғалімдердің тәжірибесі мектеп мұғалімдері мен
оқытушылар игілігіне айналып отыр. Сондықтан да олардың тәжірибесін
зерттеуде зор маңыз бар. Өйткені әрбір жаңа педагогикалық құбылыс
талқылауды, зерттеуді және таразылауды қажет етеді. Озат тәжірибені зерттеу
және оны оқу процесіне енгізу терең сауаттылықты, қажырлы еңбекті, сонымен
қатар, үнемі өзгеріп отыратын ғылыми жаңалықты біліп отыруды талап етеді.
Жаңа заманға лайықты дамыған, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру
барысында, оқушылардың даму мүмкіндігін зерттей отырып, сапалы білім,
саналы тәрбиені жаңа педагогикалық технологиялар арқылы жұмыс жасап келе
жатқан мектептерді атауға болады. әрбір баланың жеке қасиеттерін аша
отырып, шығармашылыққа баулуда бірнеше мектептер жұмыс істеуде.
Қазіргі кезде елімізде Монтессори, Штайнер, Френелердің жұмыс
жасап жүрген мектептер бар. 1993 жылдан бастап Алматы қаласында жеке меншік
Монтессори (1870-1954) мектебі құрылды. Онда бірінші сыныптан бастап
қазақ тілі, неміс, ағылшын тілдері жүреді. Сонымен қатар, эстетика, тіл
мәдениеті дәрістері де қоса өтіледі. Қосымша хор, би, жүзу сияқты үйірмелер
де бар. Мектептің ең басты мақсаты-балалардың шығармашылық қабілеттерін
арттыру болып табылады.
Рудольф Штайнердің (1861-1925) мектебі Қазақстанда вальдорфтық
мектеп деген атпен таралған. Мәселен, Алматы қаласындағы жекек меншік
мектеп (Сенім) Рудольф Штайнердің идеясы бойынша оқытылады. Онда келесі
бағыттар бойынша білім беріледі: заң, экономикалық, химия-биологиялық. Онда
қазақ тілі мен шет тілдері терең оқытылады. Вальдорфтық педагогиканың
элементін келесі орта мкетептер қолданады: №6,10,23,33,46,113,135,141,145
(Алматы қаласы).
Френе мектебінің әдістерін (1896-1966) көптеген мектептер қолданады,
соның ішінде әсіресе, бастауыш сыныптар. С. Френе әдісі баланың өз
тәжірибесіне негізделеді. Мәселен, бастауыш сынып оқушысынаеркін тақырыпта
шығарма жазу сияқты тапсырмалар беру арқылы баланың жан-дүниесін толық
біліп алуға болады. Сол арқылы баланың даму барысындағы кемшіліктерді
түзетуге болады.
Қ. Нұрғалиевтің авторлық мектеп-гимназиясы- Қазақстандағы ең мықты
мектептердің бірі. Бұл мектептердің ерекшелігі- ғылым мен тәжірибенің
қосылуы. Яғни оқушылар әрі оқиды, әрі жұмыс істейді.
А. Мыңбаевтың авторлық мектебі Алматы қаласында орналасқан.
Мектепке 9-11 сынып оқушылары қабылданады. Мектепте сабақ түстен кейін
басталады, ал түске дейін оқушылар Алматы қаласындағы өндіріс орындарында
еңбек етеді. Мектепте 2 рет тегін тамақ беріледі. Оқушылар ай сайын
айлықтарынан мектеп фондына ақша аударып отырады. Бұл ақшалар стипендияға,
туристік жолдамаларға, жаңа құрал-жабдықтарға жұмсалып отырады. Оқыту
процесінде үйге тапсырма берілмейді. Қыста және жазда емтихандық сессия
болып отырады.
Алматылық менеджерлер мектебі 12 желтоқсан 1988 ж құрылған
Қазақстандағы алғашқы менеджерлер мектебі болды.
Алматы қаласында эксперименттік жалпы білім беретін кешкі
мектептер (№1,№12) бар. Мектепке әлі орта мектепті бітірмеген, жұмыс
істейтін, әңгімелесуден өткен жастар қабылданады.
Қазіргі кезде қоғам талабына сай, кәсіби іс-әрекетке даярлықтан
өткен, шығармашылық қабілеттері дамыған, жаңашыл сипаттағы болашақ мамандар
даярлау міндеті тұр. Себебі, бастауыш сынып оқушыларына білім беруде,
тәрбиелеуде осы қасиеттер аса қажет. Жаңашыл дегеніміз- өндірісте,
өнеркәсіпте, ғылымды тың идея ұсынып, үлкен жаңалық ашушы адам, новатор. (
Т. Жанұзақов. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. Алматы 1999ж). Мұғалімнің
негізгі қаруы – кәсіби шеберлігі. Сондықтан студенттерге болашақ
мамандықтары бойынша қазіргі таңдағы озық технологияларды меңгерулері басты
орын алады. Бүгінгі заманда мемлекеттің жаңа тұрғыдан дамуы, білімнің
сапасын арттырып, жоғары дәрежеге жеткізу мақсатында жүзеге асырылуы
мемлекетке қызмет ететін, аса жауапкершілік жүктелген мұғалім тұлғасымен
өлшенеді. Оның қазіргі заманғы озық технологияларды меңгеруі, шығармашылық
белсенділігі, кәсіби белсенділігі, кәсіби біліктілігі мен байланыстыра
қарастыру көкейкесті мәселе болып отыр.
Мектеп мұғалімінің қызметінің сапалы жүзеге асуына негізделген
психология, педагогика ғылымының тұжырымдамасында мұғалім бойындағы
қасиеттің жиынтығы педагогиканың қызметі құрамынан көрініс алады. Мұндай
мұғалім тұлғасы қасиетінің жиынтығы оның педагогикалық қызметке даярлығы
болып табылады.
Педагогиканың жоғарғы оқу орнында студенттердің болашақ мамандығына
даярлығы қандай дәрежеде өтсе, болашақта орта білім беретін мектеп жағдайы
сондай дәрежеде болатыны белгілі. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін
шығармашылық тұрғысынан қалыптастырып, дамыту мәселесімен көптеген ғалымдар
айналысқан.
А. В. Петровский мектепті жандандырып, қайта құрудың алғы шарттары
ретінде мұғалім тұлғасын қарастырған. Оның ойынша мектептегі реформалар,
жаңа-тәсілдер мұғалім санасынан, жүрегінен өткеннен кейін ғана өз нәтежесін
береді. Мектеп үшін қажетті, әрі пайдалы реформалар мен әдіс-тәсілдерді
ұғынып, менгерген мұғалім білімді, тәжірибелі, педагогикалық шеберлігі
жоғары болуы тиіс. Сондықтан осындай қасиеттерді бойына жинаған мұғалім
тұлғасын даярлау-мемлекеттің болашағы деп атап көрсеткен.
Н. К. Крупская мұғалім жақсы педагог болу үшін өз бойына қандай
қасиеттері болуы керек деген сұраққа былай деп жазады: мұғалім ең алдымен
өз пәнін жақсы меңгеруі керек. Ол ғылымның негізін, оның қазіргі кездегі
жағдайын, ғылымның даму қарқынын және өмір мен тәжірибемен байланысын, оның
басқа ғылымдармен байланысын терең түсіну керек. Бір сөзбен айтқанда
мұғалім ғылымның диалектикалық негізін меңгеру керек. Яғни, бұл -бірінші
шарты, алайда мұғалім үшін бұл әрине жеткіліксіз. Екінші шарт- мұғалім
білім беру барысында сол білімдерді тек көрсетіп қана қоймай, қазіргі
заманғы техниканы пайдалана отырып, сол білімдердің ең негізін, маңызын
түсіндіру керек. Айтқан тұжырымдамасын дәлелдей алуы басты шарт. Сонымен
қатар, оқушыларға білімді меңгерулеріне барынша көмектесіп, сол меңгерген
білімдерін өмірде тиімді қолдана білу арқылы дами түсуге жол ашуы қажет.
Үшіншіден, мұғалім балалардың жас ерекшеліктері мен даму заңдылықтарын,
ойлау қабілеттерін, балалардың әр жастағы даму ерекшеліктерін, қазіргі
балалардың өмірлік тәжірибесін, мінез-құлқын білуі шарт. Осы негізге сүйене
отырып, білім беруді оңтайластыруы керек деген шарттар қояды.
Н. А. Петров болса мұғалімнің оқушыларға деген қарым-қатынасы өте
жұмсақ болуы керек деп есептейді. Сонымен қатар, балалар ұжымына терең ден
қойып, балалардың іс-әрекетіне асығыс шешім қабылдамау керек дейді. Және
бұл ойды И. Р. Страхов дамыта түсті: мұғалім шеберлігі-оның балалармен
жоғары дәрежедегі қарым-қатынасы.
Л. И. Рувинский Мұғалім –бұл болашаққа ұмтылатын адам. Ол ең қиын
үдерісті басқарады, қоғам мен өсіп келе жатқан ұрпақты байланыстырушы.
Макаренько: Жақсы мұғалім болу үшін педагогикалық дарындылық талап
емес, кәсіби шебер болу үшін жақсы педагогикалық ұжымда жұмыс жасау керек
деп есептейді. Себебі, ешқандай оқу орны студентті білікті маман етіп жасап
шығармайды, ол тек белгілі бір мамандық иесі атағын ғана береді. Ал білікті
маман болу үшін жақсы бір ортада бірнеше жыл жұмыс істеу жеткілікті деп
есептейді. Әрине жақсы маман болу үшін педагогикалық ұжымның маңызы зор.
Себебі, мектепке жаңадан келген маманға әріптестерінің бағыт-бағдары,
тәжірибе алмасуы жас маман үшін көмегі зор.
В. А. Сухомлинский педагогикалық мәдениет неден тұрады дегенде ең
алдымен мұғалімнің өз мамандығын жетік меңгергендігінен тұрады деп жазады.
Ең бастысы мұғалімнің ғылымның ең қиын сұрақтарына жауап бере алатындығы,
ғылыми маңызы бар мәселе төңірегінде ой тұжырымдай алатындай дәрежеде болуы
керек .
В. Н. Сорока – Росинский көп адамдар мұғалімге терең білімділік,
кітаптағы жазылғынды меңгеру жеткілікті деп есептейді. Алайда бұл дұрыс
емес, осы 5-6 парақ жазумен мұғалім абыройы шектелмейді, оның белгілі бір
ерекшеліктері болуы керек деп есептейді. Мәселен, автор бірнеше
мұғалімдердің мінез-құлқын , жүріс-тұрысын, әдіс-тәсілдерін, т.б.
белгілерін айта келе, мұғалім балаларға әсер ететіндей қабілеттері болуы
керек. Оқушылар мұғалімді сол қасиеті үшін сыйлап, еліктеуі тиіс деп
көрсетеді.
Выготский. Л. С : мұғалім лекция оқығанда немесе сабақ түсіндіргенде
дайын білімдерді беретін болса, онда ол мұғалім болудан қалады. Мұғалімге
қойылатын талап ең алдымен ғылыми білімдері болуы керек. Тек дәл білімдер
ғана мұғалімнің ең күшті қаруы болады. Бұрын мұғалімнен тек өз пәнін ғана
жетік білуді талап етсе, ал қазіргі кезде өз мамандығының техникасын білуді
талап етуде. Сонымен қатар мұғалім белсенділігі де аса маңызды. Яғни
мұғалім ұжыммен бірлікте болуы керек. Сонда ғана мұғалім мен балалардың
арасында берік адамгершілік қарым-қатынас орнайды. Мұғалім оқу – тәрбие
үдерісін міндетті түрде өзінің шығармашылық, қоғамдық, өмірлік жұмысымен
байланыстыруы керек,-деп атап көрсеткен.
Т. А. Ильина мұғалім болу үшін ең алдымен балаларды жақсы көруі
керек. Бар күшін балаларды оқыту мен тәрбиелеуге арнаған адам ғана мұғалім
бола алады.
Г. К. Ахметова қазіргі заманда шынайы мұғалім тұлғасы оның
педагогикалық шеберлігі мен икемділігі, білімі мен әдіс-тәсілдерді өз
бойына қалыптастырумен шектелмей, қазіргі заман талабына сай келетін
мұғалім кәсіби жан-жақты дамыған , жетілген болуы қажет,- деп есептейді.
Ж. Қ. Астамбаева мұғалімнің кәсіби маман ретінде қалыптасуында
әдістемелік дайындық елеулі роль атқарады.
Ұ. Қ. Қияқбаева болашақ бастауыш сынып мұғалімі жас ұрпақты оқыту
мен тәрбиелеу ісінде кәсіптік деңгейі және ұстаздық шеберлігі жоғары болу
үшін педагогикалық-психологиялық арнайы зерттеулер негізінде айқындалған
ұстаздық мамандыққа тән іскерлік пен дағдыларды меңгеруі тиіс.
К. Өстеміров Болашақ немесе жұмыс істеп жүрген мамандардың
шығармашылық қабілеттерін өз бетінше жүзеге асырудың маңызды формалары
жобалау, авторлық қызмет жүйесі тиімді әрі нақты құру арқылы кәсіпті өмір
бойы игеру болып табылады.
Ғылыми әдебиеттерді талдауымызды түйіндейтін болсақ, болашақ
мамандардың кәсіби даярлықтарын айқындауға негізделген. Авторлар болашақ
мамандар ұғымының мазмұнына түрліше мағына береді. Яғни болашақ бастауыш
сынып мұғалімдері ең алдымен өз саласын жетік білуі керек. Сонымен қатар
ғылымда болып жатқан өзгерістердің барлығынан хабардар болып, сол үшін
өздігінен ой тұжырымдап, өз үлесін қосуға талаптануы маңызды. Білім беру
саласындағы басты тұлға – ұстаз. Ы. Алтынсарин мектептің тынымсыз соққан
жүрегі деп мұғалімнің алатын орнын өте керемет суреттеген. Адам өмір сүре
бастағанынан бастап оқудың қажеттілігін түсінді және сол жинақтаған
білімдерді ұрпақтан –ұрпаққа жеткізуді мақсат етті. Білім арқылы өмірдегі
барлық жұмбақтардың сырын ашуға ұмтылды. Осыдан 300 жыл бұрын өмір сүрген
атақты славян педагогы Я. А. Коменский мұғалімдер жөнінде күн астында
мұғалім мамандығынан жоғары ешқандай мамандық жоқ деп жазған. (Коменский.
Я. А. Избр пед соч. Москва 1955). Мұғалім еңбегінің ерекшелігі неде?
Мұғалім- өскелең ұрпақ пен қоғам арасын байланыстырушы. Ол ең қиын үдерісті
басқарады. Қоғам мұғалімге ең жауапты тапсырма жүктейді.Ұстаз еңбегі үнемі
жаңарып, шығармашылыққа бағытталған болуы тиіс. Ұстаз бүгінге емес,
болашаққа қызмет ететін мемлекет қызметкері. Ол заман дамуынан артта
қалмастан , өзін -өзі жан-жақты дамытып, ғылыми-теориялық білімін және
педагогтық мамандығын үнемі жетілдіріп отыруға талаптанады. Болашақ маман
иелері алған білімдерін тек жадында ғана сақтамай, сонымен қатар
шығармашылық қызметке де әзір болуы керек. Сондықтан жоғары оқу орнындағы
оқу процесі жастардың шығармашылық потенциалын дамытуына жол ашуы жөн.
Шығармашылық дегеніміз- қоғамның материалдық және рухани өмірін жетілдіруде
бұрын болмаған жаңа, соны заттар, шығармалар және т.б. өндіретін, адамның
танымға және шындықты түрлендіруге бағытталған саналы, мақсатты, белсенді
іс-әрекеті. (Қоянбаев Р. М. Ыбыраимжанов. Қ. Т. Педагогикалық сөздік.
Түркістан 2006). Яғни, шығармашылық тек адамда ғана болатын қасиет. Әр
саладағы болып жатқан өзгерістер мен жаңалықтар, озық техникалар, дамыған
медицина, т.б адамардың шығармашылық іс-әрекекттерінің жемісінен туындаған.
Мұғалімнің шығармашылығы- теориялық білімінің тереңдігі және қазіргі
кездегі маңызды мәселелерді ұғыну арқылы өз пайымдауын, тәжірибесінің
тиімділігін көрсету.
Шығармашылықтың негізі болатын құбылыстар:
- әлеуметтік ортамен тығыз қарым-қатынас;
- педагогикалық, психологиялық бейімділік;
- өзіндік білімін жетілдіру қажеттілігі;
- зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жинақтау;
Болашақ мамандар өз мамандығына байланысты ғылыми-теориялық
мәселелерді жоғарғы оқу орындарына сәйкес меңгеруі тиіс. Егер ол өзінің
білімін жетілдіріп отырмаса, жаңа технологияларды меңгермесе ол студент
болашақта оқушыларға білім және тәрбие бере алмайды. Ал, мұндай жағдайды
болдырмау үшін болашақ маман иелеріне жаңа педагогикалық технологияларды
меңгерту басты міндет болып табылады. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдері
қазіргі кездегі жаңа педагогикалық технологиялардың пайдалану жолдарын,
мақсат-міндеттерін, әдіс-тәсілдерін жетік білулері тиіс. Сондықтан болашақ
маман иесінің баспасөз материалдарында жарияланып отырған тың мәселелермен,
педагог –ғалымдардың идеяларымен таныс болуы керек. Және сол мәселені
өзінше талқыға салып, артық, кемшілік жақтарын таразылап, өз пайымдауларын
айтып, дәлелдейтіндей шамада болуы керек. Семинарлар мен ғылыми
конференцияларға қатысу арқылы ой-өрісін кеңейтуі керек. Болашақ маманның
ғылым жетістіктері мен озат тәжірибелерді заман талабына сай меңгеру, оны
өмірде тиімді пайдалану арқылы оқушыларға білім мен тәрбие бере алады.
Сонда ғана болашақ маман шығармашыл еңбектің тамаша шебері бола алады. Яғни
болашақ бастауыш сынып мұғалімдері-қазіргі заманға лайықты озық
технологиялардан хабардар болып, ғылымның қазіргі кездегі жаңалықтарынан
қалыс қалмай, үнемі өзін дамытып отыруы шарт. Сонымен қатар, ғылыми –
зерттеу жұмыстарымен айналысып, белгілі бір тақырып төңірегінде зерттеу
жұмыстарын жүргізіп, өзінің жасаған тұжырымдамасын қорғау жұмыстары
барысында (курстық жұмыс, дипломдық, ғылыми – конференцияларды, т.б) ашық,
дәлелді түрде айтып, пікір сайыстыра алатындай дәрежеде болуы керек.
Болашақта жұмыс істеу барысында сол оқу орнында өз мәселесі төңірегінде
тәжірибелік зерттеу жұмыстарын жүргізіп, өз тәжірибесін көпшілікке
таратуына жол ашу.
Қ. Р. Білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасының Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары мен
тетіктері атты бесінші ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz