Математикадан дидактикалық материалды дайындау әдістемесінен дәрістер



1 Дәріс: Дидактикалық материалдарды қолданудың педагогикалық және психологиялық негіздері
2 дәріс Көрнекілік принципі және оның ролі
3 дәріс Балабақшада көрнекі құралдары қолданудың жолдары мен маңызы
4 дәріс Дидактикалық материалдарға сипаттама
5 дәріс Балабақшада қолданылатын көрнекі құралдардың негізгі түрлері
6 дәріс 10.ға дейін санау. 1.10 аралағында таңбаларды қолдана білу. Аталған санға байланысты қимыл жасау. Геометриялық пішіндерді атау және айыра білу.
7 дәріс 10.ға дейінгі тура және кері санауды жалғастыру. Санның заттық көлеміне байланысты емес екендігін көрсету. Суреттен таныс геометриялық фигураларды таба білу.
8 дәріс 10.ға дейін санау (кері және тура) кеңістікті бағдарлау. Апта күндері туралы білімін жетілдіру.
9 дәріс Өлшеуіштер арқылы заттың ұзындығын өлшеу. Аралас заттарды салыстырып қайсысы көп, қайсысы аз екендігін ажырату.
1. Берілген дәріс тақырыптарының мазмұнымен танысу.
2. Дәрістің тақырыптарына байланысты негізгі және қосымша әдебиеттермен жұмыс жүргізу.
3. Ғылыми-әдістемелік әдебиеттер, журнал, газет т.б басылымдарды тақырыпқа байланысты оқып, өз бетімен зерттеу.
4. Семинарлық жұмыстарды жоспарлау және орындау барысындағы талдау қорытындысы (анкета жүргізу, әңгіме, сабақтар конспектісі, таблица, сызба, графиктер, оқушылардың жазба жұмыстарының қорытындысы тест қорытындысы, дидактикалық материалдар)
5. Дәрістің тақырып шеңберіндегі ұйымдастырылыған ғылыми-теориялық және ғылыми тәжірибелік зерттеу материалдары негізінен педагогика және психология, математика ғылымдары бойынша белгілі теориялық ұғымдар мен ережелерге негізделіп топтастырылған дайын дидактикалық материал болып табылады.
6. Дәрістер, семинарлар мен зертханалық жұмыстардың тақырыптарына байланысты қолданған әдебиеттерге теориялық талдау.
- қолданған әдебиеттердің тақырыпқа байланысты қолданудың тиімділігі.
- оқушы дүниетанымын қалыптастырудағы төл оқулықтардың маңызы қандай?
- басқа пән оқулықтарымен сабақтастығы
- математиканы оқытудың теориясы мен технологиясы пәнінен материалдарын тиянақты меңгеру жолдарына арналған педагог әдіскерлердің кешегі және бүгінгі күнгі оқулықтарына зерттеу.
- журналдардағы, ғылыми ЖАК, аймақтық т.б тақырыптарға байланысты мақалалар тиімділігі.
Математикадан дидактикалық материалды дайындау әдістемесі пәнінен мазмұны тақырыпқа сай жүргізеледі, бастауыш сыныптарда бүгінгі өмір талабы мен ұштастыра отырып мүмкіндіктері мен жолдарын анықтау.
- математикадан дидактикалық материалды дайындау әдістемесі
- пәнінен белгілі бір оқылған оқу бағдарламасына сай тақырыптар алынады.
- Дәрістердің берілгензерттеу, тақырыптарға байланысты мазмұны мен зерттеу әдістерінің тиімділігін бақылау көздеген мақсатына жетті ме, үнемі кеңес беріп отыру.
- математикадан дидактикалық материалды дайындау әдістемесі
- пәнінен оқыту процесінде инновациялық әдіс тәсілдерді қолдану.
- оқу жұмыс бағдарламасы, математиканы оқытудың теориясы мен технологиясы пәнінен оқулықтары бастауыш сыныптарға арналған белгілі бір мақсатпен қолдану.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
2-БӨЛІМ. ДӘРІС КЕШЕНІ

Дәрістік жұмыстарға қойылатын әдістемелік нұсқау

Математикадан дидактикалық материалды дайындау әдістемесі

1. Берілген дәріс тақырыптарының мазмұнымен танысу.
2. Дәрістің тақырыптарына байланысты негізгі және қосымша
әдебиеттермен жұмыс жүргізу.
3. Ғылыми-әдістемелік әдебиеттер, журнал, газет т.б басылымдарды
тақырыпқа байланысты оқып, өз бетімен зерттеу.
4. Семинарлық жұмыстарды жоспарлау және орындау барысындағы талдау
қорытындысы (анкета жүргізу, әңгіме, сабақтар конспектісі,
таблица, сызба, графиктер, оқушылардың жазба жұмыстарының
қорытындысы тест қорытындысы, дидактикалық материалдар)
5. Дәрістің тақырып шеңберіндегі ұйымдастырылыған ғылыми-теориялық
және ғылыми тәжірибелік зерттеу материалдары негізінен педагогика
және психология, математика ғылымдары бойынша белгілі теориялық
ұғымдар мен ережелерге негізделіп топтастырылған дайын
дидактикалық материал болып табылады.
6. Дәрістер, семинарлар мен зертханалық жұмыстардың тақырыптарына
байланысты қолданған әдебиеттерге теориялық талдау.
- қолданған әдебиеттердің тақырыпқа байланысты қолданудың
тиімділігі.
- оқушы дүниетанымын қалыптастырудағы төл оқулықтардың маңызы
қандай?
- басқа пән оқулықтарымен сабақтастығы
- математиканы оқытудың теориясы мен технологиясы пәнінен
материалдарын тиянақты меңгеру жолдарына арналған педагог
әдіскерлердің кешегі және бүгінгі күнгі оқулықтарына зерттеу.
- журналдардағы, ғылыми ЖАК, аймақтық т.б тақырыптарға байланысты
мақалалар тиімділігі.
Математикадан дидактикалық материалды дайындау әдістемесі пәнінен
мазмұны тақырыпқа сай жүргізеледі, бастауыш сыныптарда бүгінгі өмір
талабы мен ұштастыра отырып мүмкіндіктері мен жолдарын анықтау.
- математикадан дидактикалық материалды дайындау әдістемесі
- пәнінен белгілі бір оқылған оқу бағдарламасына сай тақырыптар
алынады.
- Дәрістердің берілгензерттеу, тақырыптарға байланысты мазмұны мен
зерттеу әдістерінің тиімділігін бақылау көздеген мақсатына жетті
ме, үнемі кеңес беріп отыру.
- математикадан дидактикалық материалды дайындау әдістемесі
- пәнінен оқыту процесінде инновациялық әдіс тәсілдерді қолдану.
- оқу жұмыс бағдарламасы, математиканы оқытудың теориясы мен
технологиясы пәнінен оқулықтары бастауыш сыныптарға арналған
белгілі бір мақсатпен қолдану.
1 Дәріс: Дидактикалық материалдарды қолданудың педагогикалық және
психологиялық негіздері
1. Қыркүйекте әдетте күн жылы болады. Соны пайдаланып, серуендеу
кезінде балалармен бірге қажетті құралдарды дайындап алуға мүмкіндік бар.
Санау материалдарын әр баланың өзімен жеке таңдаңыз. Сабақ өткізуге
материалдың 20 данасы қажет. Ол мынадай болуы тиіс:
● бір балада бірыңғай (20дананың барлығы – теңіз тастары немесе
барлық 20 – жаңғақтар, талшындар, қандыағаш бүршіктері);
● әр балада әрқилы (біреуінде – тастар, екіншісінде – жаңғақтар);
● ол қолданатын балаға ұнауы керек;
● көлемі үлкен болмауы тиіс;
● төзімді болуы керек;
● тапсырмаларда айтылатын затар мен жан-жануарлардың орнына қолдана
алатындай неғұрлым абстрактілі болғаны жақсы, ал ол болса, балалардың
қиялдауы мен абстрактілі ойлауын дамытады;
● сенсорлық тартымды ұстағанда (осы себептен де табиғи материалдарды
қолданған абзал, өндірістік орыннан шыққан есептеу таяқшалары, түр-түсі мен
пішіні сан алуан, жылтыр және салқын теңіз тастарымен салыстырғанда
біркелкі болып келеді).
Балалар есептеу материалдарына арналған қапшықтарды тік бұрышты етіп
өздері тігіп және оны қалауы бойынша матамен, терімен, моншақтармен және
т.б. әшекейлей алады, сонымен қоса, кітаптарға арналған қатты қағаздан
немесе теріден бетбелгі дайындап алуларына болады. Үлгілер мен нұсқауларды
қолөнер еңбегіне арналған көптеген көмекші құралдардан табу қиын емес.
Бетбелгінің берік болуына мән беріңіздер. Егер балалар қаласа, өзінің
туыстарына да арнап бетбелгі жасауларына болады. Түрлі түсті кете
жіптерінен кішкене бұрымдар өріп, оларды бетбелгі ретінде қолдануға болады.
Бұл жерде де олардың эстетикалық әсемдігі мен дербес ерекшелігі болғаны
маңызды.
Әрбір балаға көлемі 5х7 см болатын ақ қатты қағаздан жасалған 0-ден 9-
ға дейінгі сандардың (әрқайсысынан 2 данадан) 20 карточкасын дайындау
керек. Сіз үлгі дайындап қойсаңыз болады, ал балалар өздері қоршап және
қиып алады. Карточка пішінінің сол жағы сәл көтеріңкі, ал оң жағы ішке сәл
қайтарыңқы болса балады. Дайындалған карточкаларға үлкендер қарындашпен
сандарды салады (немесе тағы да 10 үлгі дайындайды, балалар олардың ішін
бояйды). Балалар өз қалаулары бойынша сандарды фломастерлермен қоршап
сызады. Олар бірнеше түсті қолданып көркем безендірулеріне болады – бұл
олардың құқығы.
Санау таяқшаларын немесе сіріңкелерді (оларға жекелеген қапшықтар
қажет, мыс. Полиэтиленнен) он-оннан жинап, резеңкемен немесе жіңішке сыммен
буып қою қажет. Жұмыс барысында сіз санау мен қайта санау дағдысына
тексересіз, баланы ондықтарды санауға жаттықтырасыз, оған 20, 30, 40 және
т.б. сандардың қалай жазылатынын көрсетесіз.
Балалар дайын үлгілер бойынша қалың түрлі түсті қағаздан геометриялық
пішіндердің жинағын қиып жасайды. Оның ішіне мынадай пішіндер кіреді:
● үшбұрыштар: теңжақты (4дана, әртүрлі түстен үлкені және кішісі),
теңбүйірлі (дәл сондай нұсқалар);
● тікбұрыштар (2 дана), шаршылар (2 дана - әртүрлі түстен үлкені
және кішісі);
● шеңберлер (4 дана, үш түрлі түстен үлкені және кішісі).
Белеленген жол бойынша қию дәлдігі көру және қозғалыс координациясына
арналған сынақтардың бірі болып табылады, сондықтан да балаларды осыған
жаттықтыруды ұмытпаңыздар.
2. Күзгі жапырақтарды жинау және салыстыру; түсіне, түріне, көлеміне
қарай жіктеу. Жапырақтардың қандай өсімдік тобына жататындығын анықтау.
Өнімдер мейрамын өткізіп, әртүрлі көкөністер мен жемістер алып
келіңіз және оларды мынадай жіктерге бөліңіз: көкөністер – жемістер,
дөңгелек өнімдер, ұзынша немесе сопақша өнімдер.
3. Үлкен – үлкенірек – ең үлкен, кішкентай – кішірек – ең кішкентай,
биік – биігірек – ең биік, аласа – аласарақ – ең аласа, ауыр – ауырырақ –
ең ауыр, жеңіл – жеңілірек – ең жеңіл, терең – тереңірек – ең терең, жарық
– жарығырақ – ең жарық, қараңғы – қараңғырақ – ең қараңғы және т.б. тиісті
салыстырмалы және таңдаулы шырайдағы салыстырмалы сын есімдерді дұрыс
өзіндік дербес қолдануға үйретеміз.
4. Жапырақтарды көлеміне, ақшыл түстісінен қоңырқай түстісіне қарай
бөлу.
5. Санына қарай салыстыру. Бастапқыда балаларға қай жерде судың,
құмның, тарының және т.б. көптігін, ал қай жерде аздығын көзбен анықтауды
ұсынамыз, яғни, үзіліссіз мөлшерлерді салыстыра бастаймыз. Алғашқы
мысалдардың жауаптары көзге көрініп тұруы қажет. Одан кейін балаларға
әртүрлі ыдыстарға құйылған судың мөлшерін салыстыруды ұсынамыз. Мөлшерді
бірдей жағдайда, мысалы бірыңғай ыдыстарда болса ғана салыстыру керек
екеніне балалардың көзін жеткіземіз.
Стақанға құйылған және жайпақ ыдысқа шашылған құм мысалын
қарастырайық. Ыдыста құм көп болуы керек, бірақ ол көзге көрінбейді.
Қайсысында көп екенін қалай анықтаймыз? Олар әртүрлі нұсқалар ұсынуы үшін,
ойлауына ықпал етіңіз. Олардың құмды екі бірдей ыдысқа салуды ұсынуы
мүмкін. Оны іске асырыңыз. Одан кейін басқа да шешімдер ұсынуы мүмкін.
Құмды салмағы бойынша салыстыру үшін таразығка салуға болаатынын балаларға
жеткізіңіз. Салмақты өлшеу шкалалары мен бірліктері туралы мағлұммат беруге
асықпаңыз; әзірге тапсырманың мақсаты құмның қайсысында көп, қайсысында аз
екенін анықтау ғана қажет болып отыр.
Бірінің үстіне бірін қою арқылы баудың қайсысы ұзынырақ, қай орамал
үлкенірек екенін анықтаңыздар.

2 дәріс Көрнекілік принципі және оның ролі
1. Бір белгісіне қарай жіктеу
Сабақ өткізу үшін карточкаларды немесе заттарды топтауға арналған
қатты қағаздан кесілген және түрлі түсті сымнан жасалған әр түсті үш шеңбер
немесе баулар дайындау қажет.
Жіктеудің ең қарапайым түріне нақты заттардыңатаулары бойынша жіктеу
жатады: мысалы, балалар ойыншық топтарының ішінен көліктерді, аңдарды,
қуаршақтарды, доптарды және т.б. таңдай алады.
Бейнеленген заттарына (карточкаларға) қарап, заттарды таңдау анағұрлым
күрделі болып табылады. Ең оңай түрі – жалпы ойыншықтардың іштерінен
көліктерді таңдап алу. Неғұрлым күрделі түрі – аттарына қарай ойыншықтарды
бірнеше топтарға бөлу. Бір белгісіне қарай жіктеудің жеке түрі дихотомия
деп аталады – берілген топты екіге бөлі: мясалы, балалар топтарын ұлдар мен
қыздарға бөлу, жануарларды – қанаттылар мен қанатсыздарға және т.б. бөлу.
Күрделілігіне қарай топтарды бөлуде қандай да бір сенсорлық негізде
қабылдайтын белгілер жатады: түсіне, пішіні, көлеміне, материалына,
ауырлығына қарай.
Топтарды қасиеттеріне қарай ажырату неғұрлым күрделі тапсырма болып
табылады. Бұл жағдайда топты бөлмес бұрын, балалар ол қасиеттің барлығын
немесе доқтығын анықтайтын тәжірибе жүргізулері қажет: мысалы, қайсысы
жүзеді, қайсысы батады, қайсысы магнитпен тартылады, қайсысы су сіңіреді,
қайсысы ериді, т.б.
жеуге жарайтын – жеуге жарамайтын деп аталатын топпен жіктеу ойынын
бәріміз білеміз. Ұқсастығына байланысты басқа да белгілерді таңдауға
болады: тірі – тірі емес, қозғағышы бар – қозғағышы жоқ, дөңгелегі бар –
дөңгелегі жоқ және т.б.
Лото ойыны. Ұндай лотоларды кітаптар мен журналдардың суреттерін,
ескі ойындардың карточкаларын ашық хаттарды, тіпті маркаларды да қолдану
арқылы жасауға болады. Карточкалар жиынтығынң бірнеше бөлімі болуы мүмкін.
1-бөлімі. Әрбір бала ортақ атаумен біріккен (көліктер, кемелер,
балықтар, жылқылар және т.б.). суреттерді жинайды.
2-бөлімі. Түрлерінің ұқсастықтарына қарай. Әрбір бала қандай да бір
геометриялық пішін таңдайды және соған ұқсас заттар бейнеленген
карточкаларды таңдайды.
3-бөлімі. Карточкаларды түсіне қарай іріктеу.
4-бөлімі. Зоологиялық лото. Балалар суда, солтүстік жақтарда өмір
сүретіндерге, ұша алатындарға және т.б. бөліп таңдай алады.
5-бөлімі. Көлік. Балалар оларды адамдардың қозғалысына көмектесуіне
қарай жіктей алады.
6-бөлімі. Кімге не керек? Әртүрлі мамандық иелеріне қажетті құрал
түрлерін іріктейді.
7-бөлімі. Бұл қашан болады? Балалар жыл мезгілдерін көрсететін
карточкаларды таңдайды.
8-бөлімі. Техника әлемінде. Балалар заттарды электрлік және
механикалыққа, дөңгелегі бар және дөңгелегі жоқтарға жіктей алады.
Қисынды кестелік лото. Екі белгісіне қарай жіктеу, кестемен танысу.
Баланың мақсаты – кестені карточкалармен дұрыс толтыру.

3 дәріс Балабақшада көрнекі құралдары қолданудың жолдары мен маңызы
1. Жалпылама сөздер.
2. Қолшатыр астына жина ойыны. Қолшатырдың ұстағышында
жалпылама түсінік беретін сөз жазылған, мысалы: киім, аяқ киім, ыдыс,
жиһах, гүлдер, көкөністер, жемістер, ағаштар, құстар, аңдар. Қолшатырдың
бөліктерін балалар суреттермен толтырады.
Төртінші артық ойыны.
Жұмыс қағазға жазылады: басқаларына сәйкес келмейтін затты
геометриялық пішінді) сызып тастау немесе боямау керек және топты
жалпылама сөзбен атау қажет.
Карточкалармен жұмыс жасау: артық карточканы жауып қою керек.
Есту арқылы жұмыс жасау: тәрбиеші сөздер айтады да, солардың ішінде
басқаларға сәйкес келмейтінді бөліп көрсетуді сұрайды, мысалы: қалампыр,
қызғалдақ, шырша, раушан. Неғұрлым күрделі түрі: қалампыр, қызғалдақ,
ботакөз, раушан.

4 дәріс Дидактикалық материалдарға сипаттама
1. Маңызды белгілер – анықтау негізі
Әрбір заттың, тірі жанның көптеген белгілері бар. Мынадай ойын
ойнайық. Мен қазір белгілерін атай отырып, сендердің біреулеріңді
суреттеуге тырысамын, ал сендер менің кім туралы айтып тұрғанымды
анықтауларың керек. Ол ұл. Оның шаштары ашық түсті, көздері қоңыр. Ол
футбол ойнағанды жақсы көреді. Ол бүгін джинсы және тор көзді көк көйлек
киіпті.
Иә, бұл Мақсат. Мақсат пен Арманның қандай қандай ұқсастықтары бар?
Олардың қандай айырмашылықтары бар? Енді Мақсат біреуді суреттеп берсің.
Мен геометриялық пішінді суреттеймін, ал сендер оны табыңдар, атаңдар
және маған көрсетіңдер.
Бұл пішіннің 3 бұрышы, 3 қабырғасы, 3 биіктігі бар.
Бұл пішіннің бұрыштары жоқ, бірақ ол шеңбер емес.
Бұл пішіннің 8 қабырғасы, 8 брышы бар.
Бұл пішін – төртбұрыш, оның барлық қабырғалары тең.
Мен не жасырдым? ойыны. Балалардың алдына 8-10 түрлі заттар немесе
қос суреттер қойылған. Балалар сұрақ қою арқылы үлкеннің ойлаған
карточкасын табуы керек. Әрбір сұрақтан кейін, әрі қарай қарастырылмайтын
карточканы алып тастау қажет. Мысалы, Ол тірі ме? деген сұраққа иә деп
жауап берілсе, тірі емес заттар бейнеленген карточкаларды төңкеріп немесе
алып тастаған жөн, ол баланың әрі қарай ізденуін және сұрақ қоюын
жеңілдетеді.
Сабақтарды карточкалармен де, шынайы заттармен де жүргізген абзал.
Тақырыпты бекіту үшін үстіне бастырып жазатын мысалы ересек мектепалды
жасына арналған Менің математикам тәрізді дәптерлерді қолдануға болады.

5 дәріс Балабақшада қолданылатын көрнекі құралдардың негізгі түрлері
1. Өлшеміне байланысты реттеу
Бұл сабақ балалармен бірге, ретке келтірілген өсуші (кемуші)
қатарларды құру операциясын қайталауға мүмкіндік береді. Балалардың барлығы
игеруге тиісті ең қарапайым түрі дәстүрлі бағдарлама бойынша жақсы таныс
көлеміне, биіктігіне, ұзындығына, еніне, аумағына, салмағына қарай анықтау
болып табылады.
Сондай-ақ түстің ақшылтым тартуына дейін акварельмен немесе
қарындашпен боялған карточкалар топтамасын алдына жаюға болады.
Бейнеленген заттарының саны өсе түсетін карточкалар топтамасын құруға
болады.
Балалардың көз алдында стақандарға әртүрлі мөлшерде қант
салынғандықтан, тәттілігі арта түскен шай құйылған стақандар топтамасын
құруға болады.
Ең соңында, үш тең қабырғалы әртүрлі көлемді үшбұрыштардан аппликация
арқылы қалайша шырша және аққаланы жасауға болатынын еске түсіруге болады.

6 дәріс 10-ға дейін санау. 1-10 аралағында таңбаларды қолдана білу.
Аталған санға байланысты қимыл жасау. Геометриялық пішіндерді атау және
айыра білу.
1. Мөлшерді сақтау
Егер қосу немесе алу болмаса (қатар конфигурациясы өзгергенде,
сұйықтарды басқа ыдысқа құйғанда және т.б.) санның өзгермейтіндігі туралы
пікірдің балаларда қалыптасуына стандартты зерттеулер жүргізіңіз.
Нысандардың, ұзындықтардың, аумақтардың және ауданның санының сақталуан
тексерейік.
Балалардың алдына ұзын қатарға тізілген 8 жаңғақтан тұратын заттар
тобы қойылған. Балалардың көзінше тәрбиеші жаңғақтардың орналасуын
өзгертіп, оларды шеңбер бойына тізеді. Балаларға сұрақ: жаңғақтардың саны
көбейді ме, әлді азайды ма?
Балалардың алдында 8 бүршік және 8 емен жаңғағынан құрылған заттар
тобы. Педагог қайсысының көптігін анықтауды сұрайды.
Биік тар ыдыстан су тәрелкеге құйылады. Сұрақ: су азайды ма, әлде
көбейді ме?
Ұзын таспаны тәрбиеші нығыздап орайды. Сұрақ: ол көбейді ме, әлде
азайды ма?
Бір парақ қағазды педагог балалардың көзінше орайды немесе умаждап
тастайды. Сұрақ: қағаз азайды ма, әлде көбейді ме?
Балаларға белгілі бір ертегіні (Шалқан, Бауырсық) артынан
алдына, соңынан басына қарай айтып беруді ұсыныңыз. Егер бала қиналса,
оған көмек ретінде үстел үсті сахнасының пішіндерін немесе ертегі бойынша
желілік бейнелер топтамасын беруге болады.
Балалармен бірге тақпақтар, өлеңдер және мына түрдегі ертегілер оқыған
өте пайдалы, мысалы, Ешкі жаңғақ теруге шықты... .
Мата тоқудың, нан пісру, өсімдіктер мен адамдардың өсуінің кері
тәртібін қалпына келтіру.
Балаларға сұрақ қоямыз: бастапқы жағдайды қалпына келтіру мүмкін бе,
егер: картоптан пюре дайындалса; шаш сәнделіп өрілсе;
Шашты жаңа түске бояса; сүтті пакеттен стақанға құйса; құрбақа бақаға
айналса; 5 талшынға 3 талшын қосылса?

7 дәріс 10-ға дейінгі тура және кері санауды жалғастыру. Санның заттық
көлеміне байланысты емес екендігін көрсету. Суреттен таныс геометриялық
фигураларды таба білу.
1. Уақытты ұғыну
Балалардың уақыт мезгілдері туралы білімдерін, осы уақытта адамдардың
әдетте не істейтіндіктері туралы түсініктерін тексеріңіз және бекітіңіз.
Етістіктің уақытша түрлері туралы түсініктерін тексеріңіз: осы шақ,
өткен шақ және келер шақ.
Сөздердің қай уақытқа арналғаны турал түсініктерін тексеріңіз: бүгін,
кеше, ертең. Уақыт арасында не жойылды: кеше немесе алдыңғы күні, ертең
немесе бүрсігүні? Әрбір сөзге қандай уақыт аралығы сәйкес келеді?
Оқиғаларды болған уақытына сәйкес бірізділікпен құра ала ма, моны
тексеріңіз: ертегінің желісін суреттер арқылы, тірі жанның өсу және даму
тәртібін, өндіріс үрдісін (мысалы, үстелдің үстінде нанның немесе көйлектің
пайда болуын) қайталап беру.
Балалармен жыл мезгілдерін және олардың белгілерін, пейзаждық
мезгіліне қатынасын табу білуін қайталау. Жыл айларын және олардың жыл
мезгілдеріне қатынасын, орналасу тәртібін қайталау.
Апта күндерін, олардың атауларының орналасу тәртібін қайталау.
Топта бірнеше күнтізбе болғаны дұрыс. Күнделікті балалармен бірге
күнтізбенің жанына келіп, бүгін күннің нешесі, аптаның қай күні, қай ай,
қандай жыл екендігін айтып отыру қажет.

8 дәріс 10-ға дейін санау (кері және тура) кеңістікті бағдарлау. Апта
күндері туралы білімін жетілдіру.
1. Сағат. Уақытты қалай білуге болады
1. Құм немесе су сағаттар арқылы үрдістердің ұзықтығын анықтау. Құм
сағат пен қол сағат тілдерін салыстыру.
2. Сағаттардың түрлерін қарастыру: көше мұнарасындағы, қабырғадағы,
үстел үсті, қол сағаттарды салыстыру. Сағат түрлері: электрондық,
механикалық. Циерблат түрлері: сандық, тілдік.
3. Сағаттардың зергерлік үлгілері. Қағаздан өз бетінше сағат құрастыру
(суретін салу).
4. Сағаттар мен күнтізбелердің шығу тарихы.
5. Сағаттардың қатты қағаздан жасалған үлгілері. Балаларды –
секундтық, минуттық, сағаттық тілдерімен таныстыру. Сандарға және
циферблатқа назар аудару:
а) педагог айтқан уақытты қою;
ә) өз жасаған сағат үлгісінің уақытын оқып беру.
Сабақта уақытқа байланысты өлеңдер қолдануға болады:

Үйдегі біздің бала мысық
Бірде тұрды көзін қысып,
Ас үйдегі тамақтан
Екіде жеді шұжықты,
Ыдыста тұрған аймақты
Үште ішіп құнықты,
Төртте тұрып жуынды
Бесте аунап кілемде
Біраз ойнап жылынды.
Сағат алты болғанда
Балық жеді қутыңдап,
Сағат жеті болғанда
Тышқанмен ойнап тығылмақ,
Сағат сегіз болғанда
Көзін қысты қуланып,
Сағат тоғыз болғанда
Ертегі тыңдап, қуанып,
Сағат онды соққанда
Ұйқыға кетті тек сонда.
Өйткені ол тұрмақшы
Уақыт бірді соққанда.
б) әртүрлі үрдістердің ұзақтығын белгілеп отыру;
в) тілдік, электрондық, құм сағаттардың көрсеткіштерін салыстырып
отыру.

9 дәріс Өлшеуіштер арқылы заттың ұзындығын өлшеу. Аралас заттарды
салыстырып қайсысы көп, қайсысы аз екендігін ажырату.
1. Кеңістік туралы түсінікті қайталау және бекіту
Көмекші сөздер мен үстеулер туралы түсінігін тексеру: соңында және
алдында, астында және үстінде, маңайында және жанында, қасында,
ішінде,арасында, жақында және алыста. Көрсетілген материалдармен жұмыс
жасау.
Сөйлемді аяқта ойын жаттығуы.
Кесе ... тұр. Серік ... шықты. Сурет ... ілініп тұр. Мысық ... астында
жатыр.
Тышқан ... астындағы інде өмір сүреді. Біз ... астынан өттік. ...
астында көп жаңғақтар жатыр. Біз жаңбырдан ... астына тығылдық.
Ыдысты біз ... қоямыз. Шұжықты ... саламыз. Апам көжені ... пісіреді.
Суды ... , ал шырынды ... құюға болады. Балалар ... барады. Апам Аружанның
... лента байлап берді. Дәулеттің лақтырған добы ... барып түсті. ...
қыдырған және ... шомылған жақсы.
Көлік ... жүріп келе жатыр. Құстар ... ұшады. Біз ... дейін жеттік те,
... бұрылдық. Әсет ... алдында отырды.
Жоғарыда және төменде. Қазіргі сәтте сенің жоғарғы жағыңда не тұр?
Төменгі жағыңда?
Суретке қара: акробат басымен тұр. Сен қалай ойлайсың, оның жоғарғы
жағында не тұр, ал төменгі жағында? Қорытынды: жоғары – ол дегеніміз үнемі
жерден алыс, аспанға бағыт алу, төмен – жерге бағыт алу. Жоғары және
төмен түсініктері сенің денеңнің тұрған қалпына тәуелді емес.
Сюжеттік бейнені талдағанда, балалардан жоғарыда және төменде не бар
екенін сұраймыз.
Алдында және артында. Сенің алдыңда және артыңда не тұр? Егер сен
бұрылсаң, жағдай өзгере ме? Иә, бұл түсініктер сенің денеңнің орналасуына
тәуелді.
Ойыншық аюдың алдында не бар? Ал оның арт жағында?
Суретте: кейіпкердің алдында не орналасқан? Ал артында? Ол суреттегі
бейнелердің қайсысын көріп, қайсысын көрмей тұр?
Оң жағында және сол жағында. Бала оң жақта және сол жақта
түсініктерін айыра алуы және есте сақтауы үшін, солардың біреуінен бастаған
жөн, мысалы, оң жақта қайда екенін анықтаудан бастаса болады. Ол үшін
бала өз денесінің оң жағын айыра білуі қажет, өйткені, бұл анықтаулар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып оқушыларының өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру
Бастауыш сынып оқушыларының өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру (математика пәні 3-сынып)
Бастауыш сыныптарда математиканы оқытуды ұйымдастыру
Математиканы тереңдетип окыту
Математиканыесептер арқылы оқыту әдістемесі
Педагогикалық колледждерде бастауыш мектеп мұғалімдерінің математикадан дамыта оқытуға әдістемелік даярлығын арттыру
Математикадан логикалық есептер жинағы
Математиканың сыныптан тыс жұмыстарын ұйымдастыру формалары
Жас ерекшелік топтардағы тәрбиешінің дербес іс-әрекеті
Орта мектепте математиканы оқыту әдістері және формалары
Пәндер