Демографиялық дағдарыс және оның салдары


Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Демографиялық дағдарыс және оның салдары.

Қәзіргі кездегі демографиялық және экологиялық жағдайда қоршаған ортаға тек бай ( өнеркәсібі дамыған) елдер ғана емес, сонымен қатар кедей (аграрлық ) елдер де кері әсер етеді.

Өнеркәсібі жоғары дамыған, бай елдрдің қоршаған ортаға әсері олардың табиғатты тікелей бұзуымен емес, техногенді ластануына байланысты. Дүниежүзінің халқының 20-25%-ын құрайтын бұл елдердің халқы қоршаған ортаға ластанулардың 80%-ын фактор халықтың саны емес, өндіріс пен онымен бірге жүретін байлық болып табылады.

Екінші дүние жүзілік соғыстан кейінгі АҚШ-тағы молшылық кезінде, американ маманы: В. Лебоу: «біздің өте жоғары өнімді экономика тұтынуды- сатып алу мен пайдалану күнделікті дәстүрге айналды . . . Бізге заттардың көп мөлшерде сатып одан одан соң тасталып және басқалармен көп мөлшерде ауыстырылып отырғаны қажет»- деді.

Қазіргі кезде ғаламшардың әрбір тұрғыны ХІХ-ХХ ғасырда өмір сүрген ата-бабаларымен салыстырғанда шамамен 4, 5 есе бай болғанымен жердегі халықтың өмір сүру жағдайымен деңгейі бірдей емес. 1-млрд өте бай адам болса, ал 1-млрд өте мұқтаждық жағдайда өмір сүреді. Байлықты доллармен есептегенде дүние жүзінде 157 миллиордер, 2- миллионға жуық миллионерлер күндік табысы АҚШ-тың 1- доллардан кем болатын 1, 5 млрд адамдар бар. Америкадағы балалардың өздерінің күнделікті қажеттіліктеріне жұмсайтын ақшасының мөлшері ( жылына 230 доллар), планетаның жарты миллиард кедей адмдарының өмір сүруіне жұмсайтын мөлшерінен артық.

Кедей елдерде қоршаған ортаға әсер экожүйелерге жасалатын шектен тыс қысым нәтежиесінде табиғатты тікелей жоюмен байланысты. Бұл ормандардың жойылуы және басқа экожүйелердің бұзылуы, ресурстардың сарқылуы және тағы басқалар арқылы көрінеді.

Мұндай жолдармен табиғаттың бұзылуының негізгі себебі кедейлік болып табылады. себебі, күнделікті бір күнін қалай өткізуді ойлауға мәжбүр адам өзін қоршаған орта мен табиғатты ойлауға қабілетсіз.

Қоршаған ортаның бұзылуы адамдар өте бай болғанда да және өте кедей болғанда да орын алады. Бірақ жердің табиғат ресурстарына келтіретін зиянкестігі үшін жауапкершіліктің басым 1- млрд бай адамдардың үлесіне тиеді. Өнеркәсібі дамыған елдер болат өндірудің шамамен -2/3, қорғасын, мыс, никель, қалайы, цинктің-2/3 астам бөлігін, энергияны пайдаланудың ¾ көлемін құрайды. Сонымен қатар, соңғы жүз жылда индустриалды дамыған елдердің шаруашылық қызметі нәтижиесінде атмосферадағы парниктік эфект туғызатын газдардың 2/3 бөлігін шығарған. Бұл елдердегі энергияны пайдалану қышқылдық жауын- шашындардың түсуіне әкеліп соқтыратын күкірт пен азот тотықтарының жалпы көлемін шамамен ¾ бөлігін шығарады.

Өнеркәсібі дамыған елдердің экономикасының дамуының көзі- қоршаған орта есебінен тапшылықты қаржыландыру болып табылады. Яғни олар пайдаланған табиғат ресурстары мен биосфераның ластануы үшін табиғатқа келтірілген зиян өтелмейді. Бұл елдердің «экологиялық қарызы» үздіксіз өсуде:өсу жылдамдығы жыл сайын триллион доллармен есептеледі. Тек жер атмосферасындағы көмірқышқыл газының концентрациясын өнеркәсіптік қызметі үшін жылына 625 миллиард доллар мөлшерінде күрделі қаржы жұмсауы керек. Көптеген дамыған елдерде зиянды заттарды қоршаған ортаға шығаруға рұқсат етілетін нормалары белгіленген. Бұл нормалдардың артып кетуіне жол берген өндірушілер табиғат қорғау шараларына жұмсалатын ірі қаржылай айыппұл төлейді.

АҚШ- тың және де басқа дамыған елдер экологиялық жауапкершілікті негізгі дамушы елдерге ауыстыруда. Олардың ойынша экологиялық лас өндіріс орындары үшінші әлем елдерінде орналасқан, сондықтан келтірілген зиянкестік орнын солар толтыруға тиіс.

Дүние жүзіндегі қаржы айналымы 1980-1990 жылдарды аралығында төмендегідей болған:дамыған елдерден дамушы елдерге -49 млрд доллар . дамушы елдерден дамыған елдерге -242 млрд доллар. Олай болса, табиғат ресурстарының сарқылуы және қалпына келмейтінін түсіну дүние жүзіндегі әлеуметтік теңсіздікті одан әрі шиеленістіріп жібереді.

Өкінішке орай бай және кедей елдердің байлығының арасындағы айырмашылық кемімей отыр. Байлар одан әрі баюда, ал кедейлер -кедейленуде. Бұл өзекті экологиялық мәселелерді шешуді қиындатады.

Қазақстан халқының саны 2000 жылдың басында 14896, 1 мың
адам болды. 1989 және 1999 жылдардағы халық санағы арасында
еліміздің халқы 7, 7%-ға, яғни 1989 жылы 16199, 2 мыңнан, 1999
жылы 14953, 1 мың адамға азайды. Шындығында жеке облыстар,
қалалар және ауылдар арасында халықтың аумақтық қайта бөлінуімен
қатар жүретін халық санының кемуі, елді мекендер желісі мен
жүйесінің қалыптасуына елеулі өзгерістер туғызады

Қазақстан халқының динамикалық аймақтар бойынша едәуір ай-ырмашылықтары байқалады. Соңғы екі халық санағының арасында еліміздің аймақтарының 80%-да (78, 6%), оның ішінде Павлодар облысында 85, 6%, Ақмола облысында - 78, 6%-ға дейін, Солтүстік Қазақстан аймағында едәуір халық санының төмендегені байқала-ды. Тек Атырау, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарында халықтың бұрынғыдай дәстүрлі өсу тенденциясы сақталуда. Бірақ бұл облыстарда да халық саны салыстырмалы азаюда. Екі халық санағының арасындағы он жылда халық саны небәрі 5, 3%-ға ғана өсті. Халық санының және оның аймақтарының төмендеу тенденциясы еліміздің экономикасы тұрақталмайынша, халықтың тұрмыс жағдайы жақсармайынша біраз уақыт сақталуы мүмкін.

Әзірше елімізде және оның аймақтарында халықтың сыртқа жаппай қоныс аударуы байқалып, туу деңгейі төмендеуде.

Экономикалық реформалармен байланысты болған*өзгерістер (өнеркәсіп, оның ішінде өңдеуші салалар кәсіпорындарының жабылуы) урбандалу үрдісіне едәуір әсер етті. Еліміз және оның аймақтарында қала халқы санының өсуі баяулап, оның керісінше жедел төмендеуі байқалуда. Жалпы алғанда Қазақстан бойынша халық саны екі халық санағының арасында 8, 85%-ға төмендесе, еліміздің өнеркәсібі дамыған аимақтарында қала халқының саны - Алматы облысында 13, 3%-ға, Ақмола облысында - 24, 3%-ға азайды.

Қала халқы санының қысқаруы орташа және шағын қалаларда көбірек болды. Олардың халық саны қысқарып қана қоймай, кейбір шағын қалалар тіршілігінің тоқталуы байқалды. Халқының саны 10 мың болатын қалалар саны қысқарды (1989 ж. 67 болса, 1999 ж. 60-қа түсті) . Ал халқының саны 20 мың болатын қалалық елді мекендер он жылда 17 мыңға дейін төмендеп, Қазақстандағы орташа қалалар 42%-ға күрт азайды. 12 қаланың орнына 1999 жылы 7 ғана қала қалды. Сондай-ақ ірі қалалар саны да азайды. Республикадағы осы қатардағы 2 үлкен қаланың орнына бүгінде бір ғана Алматы қаласы қалды. Реформа кезеңінде 500 мыңнан төмен тұрғыны бар қалаға Қарағанды қаласы жатты (1989 жылы 507, 3 мың адам, ал 1999 жылы - 436, 9 мың адам) .

Халық санағы аралығы көзөңінде қала халқы негізінде елімізден тысқары жерлерге көшіп-қонуы есебінен қысқарды. Қызылорда мен Оңтүстік Қазақстан сияқты өкі аймақтағы халықтың бір шама өсуі -табиғи өсу және халықтың ауылдан қалаға, республика ішілік қоныс аударуы есебінен жүзеге асуда. Экономиканың құлдырауы, еліміз аумағы бойынша салыстырмалы түрде халықтың орналасуын біркелкі өтө отырып, қала халқының шоғырлануының бүзылуын (декоцент-рация) күшейтуде.

Ауылдық қоныстану үрдісі қалыптасуының едәуір аймақтық ай-ырмашылығы байқалады. 1999 жылғы статистикалық мәліметке сүйенсек, ауыл халқының ең жоғарғы үлес салмағы Алматы, Оңтүстік Қазақстан облыстарына келеді. Осы екі облыстар үлесіне ауылдық мекендер тұрғындарының 35, 6% келеді. Қазақстанның жеке аймақтарында ауыл халқы санының өзгерісі әрқалай. Мысалы, 1989-1999 жылдар аралығында Солтүстік Қазақстан облыстарында орташа ауыл халқының саны 19, 5%-ға азайды, Қарағанды облысында - 21, 2%-ға, Шығыс Қазақстан облысында - 14, 2%-ға азайғандығы байқала-ды.

Ауылдан халықтың қалалық мекендерге кетуін жалпы шаруашылық тұрғысынан қарасақ, ауыл халқының кемуі заңды болып табылады. Бірақ Қазақстанда соңғы жылдардағы ауыл шаруашы-лығы саласындағы дәлелсіз реформалар салдарынан (фермерлік шаруашылықтың жедел дамуы) көші-қонның жеделдеуімен байла-нысты ауылдық мекендердің елсізденуі орын алуда. Солтүстік Қазақ-стан, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстары ауылдық мекендерінен халықтың кетуі соншалықты, ауылда еңбекке жарамды адамдар қалмауда. Сондықтан мемлекет мүддесіне сай келетін бүл аудандарда халықтың ауылдық көші-қонуын реттеу мәселесі орын алуда. Халықтың динамикасы мен құрылымы ерекшелігін анықтайтын негізгі элемент туу болып табылады. Қазіргі кезеңде туу мыналармен анықталынады:

- 1988 жылдан бастап туудың жалпы деңгейінің төмендеуі едәуір қарқынды болды. Тек 1990 жылдан 1992 жылға дейінгі кезенде туудың төмендеу қарқыны Қазақстан бойынша 9, 3%-ды құрып, яғни туу коэффициент! осы кезеңде 1990 жылғы 21, 7%-дан 1992 ж.
19, 2%-ға төмендеді. Мұнан кейінгі жылдары туу коэффициентінің
төмендеуі едәуір болды. 1994-1997жж. кезеңінде туу коэффициент
23, 8%-ға, яғни 18, 2%-дан 14, 7%-ға төмендеді. Туудың елеулі
төмендеуі қала және ауыл халқына тән болды. Және де бұл үрдіс
қарқынды түрде қалалар және қала типтес поселкелерде 1990 жыл-
мен 1992 ж. аралығында, ал ауылдық қоныстарда 1994 пен 1996
жылдар аралығында жүзеге асты. Бұл белгілі бір мөлшерде, қалалық
қоныстарда әйелдердің төменгі ұдайы өсу (туу мүмкіндігі), ал ауыл-
дық қоныстарда оның әлі де болса мүмкіндігінің болуымен
түсіндіріледі . Қарастырылып отырған облыстарды алсақ, онда әрі
жалпы, әрі қалалық және ауылдық қоныстар бойынша туудың ең жо-
ғары төмендеуі Шығыс Қазақстан, ал ең төменгісі - Оңтүстік Қазақ-
станға тән болып келеді;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі өркениеттің жаһандық мәселелерін шешудегі ғылым мен техниканың рөлі
Халықтарды Қазақстанға күштеп қоныс аудару
Экологиялық демография мәселелері
Демографиялық мәселелер
Экономикалық реформалардың демографиялық және әлеуметтік салдары
ӘЛЕУМЕТТІК ЗЕРТТЕУЛЕРДЕГІ ОТБАСЫ МЕН ОТБАСЫЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДАҒЫ АЖЫРАСУДЫҢ ТЕНДЕНЦИЯСЫН ТАЛДАУ
Қазақ халқының саны
Халықты санау әдісі
Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығында аз қалдықты технологиялар енгізу. Бірлестіктер экологиясы және экожүйедегі энергия. Табиғи қорлар және оларды тиімді пайдалану
Қазақстан халқының КСРО уақытында ашашрылқта болған жағдайы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz