Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін дидактикалық ойындар негізінде қалыптастыру


МАЗМҰНЫ
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
Бұл дипломдық жұмыста кeлeci нормативтік құжаттарға ciлтeмeлep көрсетілген:
2007 жылдың 27 шілдесіндегі Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы.
Жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 Қаулысымен бекітілген.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауы АСТАНА. 17 қаңтар. 2014.
Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты. Жалпы бастауыш білім. - Алматы, 2008.
АНЫҚТАМАЛАР
Бұл дипломдық жұмыста келесі терминдерге сәйкес анықтамалар көрсетілген:
Мемлекеттік жоғары кәсіби білім беру стандарты - жоғары білім беру құрылымын, мазмұнын және жоғары білімнің негізгі бағдарламаларының көлемін анықтайтын құжат.
Білім беру бағдарламасы - білім беру мазмұны мен оқу үдерісін ұйымдастыру ерекшеліктерін сипаттайтын білім беру мекемелерінің нормативтік - басқару құжаттары.
Оқу үдерісі - оқытудың арнайы ұйымдастырылған түріндегі жеке тұлғаның жалпы дамуы мен тәрбиесінің, білім беру мақсатын айқындайтын біртұтас педагогикалық үдерістің нақты көрінісі.
Оқу жоспары (ОЖ) : білім беру деңгейлеріне сәйкес оқу пәндерінің тізімі мен көлемін, оқыту тәртібі мен бақылау түрін реттейтін құжат.
Дидактикалық жүйе - оқыту мақсатына жету жолында қолданылатын бірыңғай, іштей тұтас құрылым мен элементтер жиынтығы.
Портфолио білім алушының белгілі бір оқу кезеңіндегі оқу және әлеуметтік маңызы бар жеке жетістіктерін көрсететін тәсіл. Бұл тәсілдің көмегімен білім алушының бағытталған, жүйелі және үздіксіз бағалау мен өзін-өзі бағалау нысаны ретіндегі рефлексияға қабілеті белгіленеді және бағаланады.
Пәнді оқыту нәтижелері - игерілген білім, іскерлік, дағды және білім беру салалары бойынша құзыреттіліктер.
КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейтестілігі. Ғасырлар тоғысында өзінің жаңа даму жолы мен болмысын айқындап алған Қазақстан Республикасы ХХІ ғасырда болашақ буын ұрпаққа білім беру мен тәрбиелеудің жаңа парадигмаларын қалыптастыруды алдыңғы кезектегі міндет етіп қойып отыр. Бұл міндеттер жаңа әдіснамалық жүйені жасауда дәстүрлі оқыту үдерісіне жаңашылдық сипатта қайта қарап, оқытудың жаңа технологияларының табиғатын түсіне отырып, оқушылардың шығармашылық қабілетін қалыптастыру қажеттігін негіздейді. Айтылған мәселенің басты ерекшелігі оқытудың нәтижесін алдын-ала болжап, оқушылардың білім алуы барысында іздену-зерттеу және өз бетімен білім алу жүйесін, алған білімін өмірдің жаңа жағдайларында пайдалана білу арқылы танылады. Әсіресе, оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін қалыптастыру мәселесі қазіргі уақытта бастауыш мектеп үшін өзекті мәселе күйінде қалып отыр. Сондықтан қазіргі бастауыш мектептен бастап оқушылардың шығармашылық қабілетін қалыптастыру маңызды міндет, ғылыми мәселе. [1] .
Бастауыш сынып оқушыларының ойлау дәрежесі мен дербес іс-әрекеттегі белсенділігінің қалыптасуына жан-жақты жағдай жасап, мектепте берілетін ғылыми білім сапасын жаңа заман талаптарына сай іріктеу мен меңгерту міндеттері олардың шығармашылық қабілетін қалыптастыруға тікелей байланысты. Оқушыны даяр білімді қабылдаушы объект емес, білімді өз бетімен ізденуші субъект ретіне қарау мақсатында оқыту жүйесін лайықтаудың қажеттігі артуда.
Қазақстан Республикасындағы 12 жылдық жалпы орта білім беру Тұжырымдамасы әлемдік білім кеңістігіне ықпалдастырылған және жеке тұлға мен қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыратын білім берудің ұлттық моделін қалыптастыруға бағытталған міндеттер белгіленген. Сондықтан, жеке тұлғаға өзіндік құндылық ретінде қарап, бастауыш мектептен бастап оқушылардың шығармашылық қабілетін қалыптастыруда дәстүрлі оқыту әдістерін әлемдік білім кеңістігіндегі оқытудың озық технологияларын толықтыра отырып оқу үдерісін жетілдіру міндетіміз. [2] .
Осыған орай бастауыш мектепте берілетін білім мазмұнын жаңарту, оқытуды белсендірудің жаңа әдістемелік жүйесін жасау, ең алдымен, әрбір оқушының жан-жақты жетілуіне, ойлау белсенділігі мен ізденімпаздығының қалыптасуына, нәтижесінде шығармашыл жеке тұлғасының оқу-танымдық әрекетінің қалыптасуына қызмет етуі тиіс.
Тарихи тұлғалар, ғұлама ғалымдар Әл-Фараби [3], Ж. Баласағұн [4] білім, тәрбие мәселелері жайлы ілімдері мол рухани мұра. Әл-Фараби алған білімнің философиялық негізін салып, ол білімді-философиялық категория және бүкіл танымның даму үдерісінде қалыптасқан адамзат мәдениетінің рухани қазынасының жиынтығы деп қарастырады.
Шығармашылық қабілеттің психологиялық негізін Л. С. Выготский [5] ., П. Я. Гальперин, [6], В. В. Давыдов [7], С. Л. Рубинштейн [8], Н. Ф. Тализина, [9], М. Мұқанов [10], Қ. Жарықбаев [11], Ә. Алдамұратов [12], Г. М. Қасымова [13] және т. б. зерттеулерінде түрлі аспектілері, психологиялық тетігі қарастырылған.
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін қалыптастыруда ойынның мәнін психологиялық негізін және т. б. жүйелеген.
Ойын дамуының тарихи аспектісі адамзат әрекетінің ерекше формасы ретінде М. А. Данилов [14], Б. П. Есипов [15], П. И. Пидкасистиый[16] және т. б еңбектерінде көрсетілген.
Шығармашылық қабілетті қалыптастырудың негізгі бағыты - жеке тұлғаны қоғамның ең маңызды құндылығы ретінде танып, оның рухани дүниесінің баюына, танымдық белсенділігінің қалыптасуы арқылы интеллектуалдық мүмкіндігінің жоғары деңгейге жетуіне жағдай жасау.
Елімізде бастауыш сынып оқушыларының ойын әрекеті туралы оның ішінде дидактикалық ойындарды оқу-тәрбие үдерісінде қолданудың жолдарын М. Т. Тұрыскелдина [17], Т. Иманбеков [18] . зерттеуінде бастауыш сынып оқушыларының дамытушы ойындар арқылы оқу-танымдық әрекетін қалыптастыру мәселесі ішінара қарастырылған. Т. Ж. Бекботчаева, А. К. Айтпаева, Қ. Сағындықов [19], Г. М. Қасымованың зерттеулерінде қазақтың ұлттық ойындарын дидактикалық мақсаттарына жіктеген. Дей тұрғанмен, қазіргі бастауыш мектеп жағдайында оқушылардың дидактикалық ойындар арқылы шығармашылық қабілетін қалыптастырудың қажеттігі мен бұл мәселенің теориялық тұрғыда және ғылыми-әдістемелік жағынан қажетті зерттелмеуі, сонымен қатар бүгінгі бастауыш мектептің нақты қалыптасқан жағдайында оқытуды белсендіру мүмкіндіктерін ескеру негізінде тақырыпты “ Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін дидактикалық ойындар негізінде қалыптастыру ” деп таңдауымызға негіз болды.
Зерттеудің мақсаты: Бастауыш сынып оқшыларының шығармашылық қабілетін дидактикалық ойындар негізінде қалыптастыру.
Зерттеу нысаны: жалпы білім беретін мектептің бастауыш сыныбындағы педагогикалық үдеріс.
Зерттеу пәні: Бастауыш сыныптарда дидактикалық ойындар арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін қалыптастыру үдерісі.
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер бастауыш сыныптардағы оқу-танымдық іс-әрекетін қалыптастыруда дидактикалық ойындардың нақты мүмкіндіктері анықталып, оның үлгісі мен әдістемесі жасалса, онда бүгінгі қоғам талабына сай бейімделген, ойлау белсенділігі ұшқыр, жан-жақты, өзін-өзі үнемі дамытуға бағыттайтын, ізденімпаздық іс-әрекетте белсенді жеке тұлғаны қалыптастыруға болады, өйткені бұл қазіргі күнгі бастауыш мектептеріндегі оқу үдерісінің тиімділігін арттыруға көмектеседі.
Зерттеудің міндеттері:
- бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін қалыптастырудың теориялық негізін айқындау;
- оқу үдерісінде дидактикалық ойынды қолдану арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін қалыптастырудың ерекшеліктерін нақтылау;
- дидактикалық ойынды қолдану негізінде шығармашылық қабілетін қалыптастырудың әдіс тәсілдерін және жолдарын қарастыру.
Диплом жұмысының құрылымы: Диплом жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.
1. 1 Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін қалыптастырудың мәні
Егеменді еліміздің талабына сай мемлекеттік тілді меңгеру, оқыту, қазіргі заманға сай білімді де, тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу педагогтар еншісінде. Бастауып сынып оқушыларына тәрбие мен білім беру жұмыстарын ұйымдастыруда олардың сөйлеу, тілін дамыту, байланыстырып сөйлеу мәдениетін жетілдіруге, құрастыра сөйлеуге, сөздік қорының молаюына баса көңіл бөлген жөн. Мектепте бастауыш сынып оқушыларын дамыту мәселесі ұлттық даму стратегиясымен тығыз байланысты мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып табылады.
Бала - біздің болашағымыз. Олай болса, бастауыш сыныпта тәрбиелеу мен оқыту баланың ғана емес, еліміздің де жарқын болашағының кепілі. Ол - үздіксіз білім берудің алғашқы деңгейі. Сондықтан, мектепте бастауыш сынып оқушыларын тәрбиелеу мен оқытудың негізгі мақсаты - баланың жеке басының қалыптасуы мен дамуы болып отыр.
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін қалыптастыру мәселесі көп қырлы. Себебі білім беру және оқушы тұлғасын дамытуда шығармашылық қабілет ғылыми пәндердің кең аясын қамтитын ұғым болып табылатындығын көрсетеді.
Бiлiм беру жүйесi қоғамның әлеуметтiк - экономикалық дамуында жетекшi рөл атқарады, сондай - ақ оны әрi қарай айқындай түседi. Ал бiлiмнiң қалыптасып, дамуының жалпы шарттары философияның негiзгi мәселесi - рухтың материяға, сананың болмысқа қатынасы тұрғысынан зерттелетiн iлiм таным теориясы деп аталады. Таным теориясының басқа ғылыми теориялардан түбiрлi айырмашылығы - ол бiлiмнiң қалыптасуы мен негiзделуiнiң жалпы ұстанымдарын, объективтiк қатынастарды анықтауға мүмкіндік береді.
Шығармашылық қабілет - оқушының бiлiмге деген өте белсендi ақыл - ой әрекетi. Ол танымдық қажеттiлiктен, мақсаттан, таным қисындарынан және әрекеттiң негiзiнде оқушыларда шығармашылық белсендiлiктерiнен iзденiмпаздықтың негізінде қалыптасады.
. Оқу әрекетінің мазмұнын теориялық білімдер құрайды, осы әрекет арқылы оларды игеру кіші мектеп жасындағы балалардың теориялық санасы мен ақыл-ойын жетілдіреді, сонымен қатар әрекеттің практикалық түрлерін жүзеге асырудың шығармашылық-тұлғалық деңгейін дмытады. Бастауыш мектеп жасындағы балалардың оқу әрекеті субъектісі ретінде қалыптастыру проблемасы психологиялық-педагогикалық ғылымда кеңінен зерттелген. Бастауыш сынып жасындағы балаларының оқу әрекетін қалыптастырудың негізгі бағыттары және оларды дамыту Т. Сабыров [20], және т. б. ғалымдардың еңбектерінде толық сипаттама берген. Ғалым А. Х. Аренованың пайымдауынша, бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін қалыптастыруды өзіндік жұмысымен байланыстырып, оның мазмұнын және құрылымын көрсеткен.
Шығармашылық қабілеттердің өзі де білім базасына, іс-әрекеттердегі технологиялық процестерді жүзеге асыратын іскерліктерге байланысты болып табылатыны белгілі. Осы тұрғыдан қарастырғанда пәндік білімдер мен іскерліктердің мектепке дейінгі балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға маңызы ерекше болары айқын.
Адамның шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту мәселесі Қазақстан Республикасының Орта білімді дамыту тұжырымдамасында да білім беру мекемелерінің ең негізгі мақсаты дүниетанымдық, құзырлық, шығармашылық деп атап көрсетілген. Аталмыш құжатта “шығармашылық” ұғымына “… адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі” ретінде сипаттама берілген .
Қазақстан Республикасы гуманитарлық білім беру тұжырымдамасында былай делінген: “Білім берудің гуманитарлық сипаты, онда адам жай зерттеу объектісі ретінде ғана емес, ең алдымен шығармашылық пен таным субъектісі, құдіретті мәдениет үлгілерін дүниеге әкелген әрі өзінің шығармашылыққа деген құлшынысымен оқушыларды баурап әкететін субъект ретінде бедерленеді”. Бұл айтылғандар оқытудың басты мақсаты балаларға дүние заңдылықтарын, фактілерін таныту дегенді аңғартады. Оқу-тәрбие үрдісінде балалардың шығармашылық белсенділігін арттыру жағын ойластыруды алға тартады.
Елімізде білім беру жүйесіндегі оң өзгерістер орын алып қалыптасып келеді. Солардың қатарына мектепке дейінгі балалардың қасиеттерін, қабілеттерін дамытып, шығармашылығын, талантын ұштаудағы оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруды, оқытудың озық технологияларын пайдалануды айтуға болады. Оның себептерінің бірі қазіргі таңда ғылым мен техниканың дамуына, технология ғылым саласының озық жетістіктерінің өндіріске көптеп өзгерістер енгізуіне байланысты мектепте шығармашылық тұлғаға тән білім мен іскерлікті беру қажеттігі.
Шығармашылық - мәдени немесе материалдық құндылықтарды өз ойы бойынша жаңадан жасау ретінде түсінілетіні белгілі, әрі ол ойлаудың жоғары формасы болып табылады.
Бүгінгі таңда шығармашылықтың саласы көп, әр сала бойынша іс-әрекет нышандары әркімде болатынын, бірақ оны дамыту керектігін еліміздің психологтары ХХ ғасырдың бас кезінде зерттеулер барысында дәлелдеп көрсеткен.
Шығармашылық тұлға - бұл шығармашылыққа деген тұрақты да жоғары қызығушылығын білдіретін, шығармашылық қабілетті қалыптастырудың бірлігінде көрінетін, оған бір немесе бірнеше әрекет түрлерінде, жеке мәнді шығармашылық нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Шығармашылық тұлға қабілеттер арқылы көрініс табады. Ол көріністер адамның қасиеттерінің синтезі, психологиялық ерекшеліктері, немесе адамның психологиялық қасиеттерінің жиынтығы ретінде айқындалады. Шығармашылық қабілет, іс-әрекет жөнінде өз ойларын көптеген ғұламалар еңбектерінде жазып қалдырған.
Қабілеттер жайлы, оның адамның еңбектік сферасына байланысты зерттеулер жүргізілді. Мәселен, математикалық қабілеттер педагогикалық қабілеттер. Сондай-ақ оқушылардың шығармашылық қабілеттіліктерін дамыту және т. б. мәселелер бойынша зерттеудің жаңа бағыттары белгіленді.
Бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігі арнайы ұйымдастырылған оқыту процесі арқылы жүзеге асады. Бұл тұста біз оқыту проблемаларына іс-әрекеттік тұрғыдан қарау өтіп жатқан оқу материалының мазмұнын аша алатын және тиісті білімнің толыққанды меңгерілуін қамтамасыз ететін іс-әрекет түрлерін анықтауды білдіреді деген пікіріне қосыламыз. Мұндайда білім оқу міндеттерін шешу барысында игеріледі және де бұрыннан белгілі іс-қимылдарды бекітіп, жаңаларын меңгертеді, ал олар өз кезегінде бастауыш сынып оқушыларының жалпы қабілеттері мен мінез-құлық ерекшеліктерінің қалыптасуына себін тигізеді . Сонымен, бастауыш сынып оқушыларына білім педагогтан балаға дайын күйде берілмеуі тиіс, бала оны өз белсенділігінің барысында алуы тиіс.
Танымдық белсенділіктің мақсаты мен түрткісі іс-әрекеттің құрамына кіреді. іс-әрекет құрылымын әрекет ұғымымен қатар қарайды, ұсынады. Осы ұғымның негізінде іс-әрекет ұғымын әрекеттер жиынтығы ретінде түсіндіреді. Ол іс-әрекет құрылымында: қозғалыс - әрекет - іс-әрекетті ерекшелейді. Кез келген әрекеттің өз мақсаты мен түрткісі бар. Мұнда психолог әрекет мақсаты арқылы нақты нәтижені алуды түсіндірген. Кез келген әрекет, өзінің мақсатына сай адамды оятуға негізделеді. Әрекетке оянуды саналы сезінген адам әрекеттің түрткісі ретінде көрінеді. Кез келген іс-әрекет және оны құраушы әрекеттердің өзіндік мақсаты және түрткісі болады. Іс-әрекеттің мақсаты мен түрткісі әрекеттің мақсаты мен түрткісінен айырмашылығы жалпылама дәрежеде.
Психологияда жалпы белгіленген тұжырым: іс-әрекет мақсаты аралық мақсаттардың тізбектелген қатарына жету жолымен жүзеге асырылады. Оның әрбіреуіне жетуге кез келген әрекет бағытталған. Яғни, әрекет арнайы тізбектілікте орындалуы тиісті. Бұл алгоритм. «Әрекеттің өзіндік ерекше сапасы бар атап айтқанда ол жүзеге асырылатын тәсілдері. әрекетті жүзеге асыру тәсілдері мен операция деп атаймын деген».
Белсенділік құрылымын анықтай отырып, бізге қажетті тұжырымдарды қалыптастырған: мотив (зат) іс-әрекетті анықтайды; мақсат (жалпы және аралық) әрекетті анықтайды; әрекет орындалатын шартты операциялар анықтайды. Затына байланысты іс-әрекет түрі де өзгереді, мақсатқа байланысты - іс-әрекет алгоримті, шартқа байланысты - операциялық құрам өзгереді. Сонымен, мотив, мақсат, шарт - кез келген іс-әрекеттің, танымдық белсенділіктің де компоненттері болып табылады. Сонымен бірге белсенділік, әрекет, операциялар өзара айналыста болуы мүмкін.
мақсат, түрткі, шарт, сонымен қатар белсенділік әрекет және операциялар нақты бекітілмеуі мүмкін деп есептейді. Оның пікірінше, олар өзара айналыста болады деп тұжырымдайды. Психологияда мінез-құлықта, іс-әрекетте, белсенділікте өзектің айырмашылығы мәселесі күрделі мәселелердің бірі болып табылады. Оның жауаптары әртүрлі (іс-әрекеттің шарты, мінезінің сипаты, қойылатын міндеттің ерекшелігі), бірақ бірқатар еңбектерде жауап - іс-әрекет түрткісі ретінде бірыңғай берілген. «Мінез-құлық өз әрекетінің нәтижесін бағалауға және жеке салдарын күтуге бағытталады. Субъект салдары ретінде көрінетін маңыздылық, оған тиесілі құндылық диспозицияларымен анықталады, бұл көбінесе «мотив» сөзімен белгіленеді» Әрі қарай: «Мотив ұғымына» қажеттілік, еліктеу, ұқсау, қызығу, ұмтылу және т. б. тәрізді ұғымдар енеді. Мотив - бұл, іс-әрекетте адам үшін құндылықты көрсетеді. « . . . мотив «тұлға-орта» қарым-қатынасының мақсатты жағдайымен беріледі».
Психологияда қазіргі дейін «мотив» ұғымының бірыңғай анықтамасы келітірілмеген. Бұл ұғымның мүмкін болатын 3 жағдайы ерекшеленеді:
1) қажеттілігін қанағаттандырумен байланысты іс-әрекетке ұмтылысы; субъектінің белсенділігін туғызатын және оның бағыттылығын анықтайтын ішкі және сыртқы жағдайлар жиынтығы;
2) іс-әрекеттің затқа бағдарлануының таңдалуы;
3) әрекетті таңдаудың негізіндегі себептің саналылығы .
Сонымен, мотив - бұл біріншіден, ішкі ұмтылыс, екіншіден ішкі және сыртқы жағдайы; үшіншіден, іс-әрекет заты, төртіншіден, әрекетті таңдау себебі. Осы төрт кезең де тұлғаның белсенділігін туғызады және іс-әрекеттің бағыттылығын анықтайды пікірінше, «іс-әрекет заты оның нақы түрткісі болып табылады». Психологтар мен педагогтар іс-әрекеттің құрамды бөліктеріне әрекет пен операцияларды жатқызады. танымдық белсенділікті белсендіру танымдық ынтаға тікелей байланысты деп есептейді. Ол: «Танымдылық ынтаның өзіндік ерекшелігі бәрінен бұрын болмыстың тек сыртында қалмай, ішкі сырына терең үңілуді қажет деп білетін адам тенденциясында жатыр. Бұл орайда танымдылық ынтасы оқудың да бірқатар маңызды шарттарын талап етеді. Ол шарттардың негізі шәкірттердің білімге құштарлығын арттыратын ықыласында. Сондай ықылас бар жерде ой еңбегі қанша қиындықпен болса да нәтижелі қуанышқа бөлейді . . . » деп жазды. Оқушының танымдық әрекетін, танымдық белсенділігін арттырудың тиімді құралдарының бірі - оқушының өзіндік жұмысы, өздігінен білім алу әрекеті Бұл бағыт бойынша жазылған еңбектерін талдай отырып, мынадай тұжырым жасауға болады:
Республикамызда оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту бойынша бірқатар зерттеулер жүргізілді. Олардың ішінде жоғарғы сыныптарға шығарма жазғызу, оқушыларды сөз өнеріне баулу арқылы көркем-шығармашылық қабілеттерін дамыту, оқушы шығармашылығын дамытудың дидактикалық мүмкіндіктерін ғылыми-педагогикалық тұрғыдан тұжырымдау шығармашылық іс-әрекетке оқытудың ғылыми-дидактикалық негіздерін анықтау, шығармашылық қабілеттерін дамыту мәселелері тереңінен зерттелген.
Оқу дағдыларын қалыптастыру проблемаларымен және т. б. айналысқан.
Қ. А Аймағамбетова шығармашылық қабілетті қалыптастыру танымдық ынтаға тікелей байланысты деп есептейді. Ол: «Танымдылық ынтаның өзіндік ерекшелігі бәрінен бұрын болмыстың тек сыртында қалмай, ішкі сырына терең үңілуді қажет деп білетін адам тенденциясында жатыр. Бұл орайда танымдылық ынтасы оқудың да бірқатар маңызды шарттарын талап етеді. Ол шарттардың негізі шәкірттердің білімге құштарлығын арттыратын ықыласында. Сондай ықылас бар жерде ой еңбегі қанша қиындықпен болса да нәтижелі қуанышқа бөлейді . . . » деп жазды [22] .
Мектепте бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын, дарындылығын дамыту, тәрбиелеу - бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып отыр. Баланың қызығушылық қабілетін арттыру арқылы танымдық белсенділігін, қабілетін де дамыту қажет. Қызығу - бұл адамның саналы әрекеті.
Қызығушылық қалай пайда болады? Баланың қызығуы үшін - оның көңіл-күйі көтеріңкі, көңілді болуы тиіс. Бала бір нәрсеге қызығу үшін қызығатын нәрселер адамға жағымды сезімдер тудыруы керек. Жалпы адамның қызығуы бірнеше түрге бөлінеді. Қызығу туралы психологтар, педагогтар көптеген еңбектерін жазып, дәлелдеген, зерттеген. Олар мыналар: Э. Парондайк, У. Мак Дугал. Бұл ғалымдар қызығушылықты зерттеп, оның жемістерін де атап өтті. Мысалы:
А) қызығушылық қабілетті арттыра отырып баланың белсенділігін оятуға;
Ә) бала бойында шығармашылық заңдылықтарды дамытып, тәрбиелеуге; т. б.
«Шығармашылық» - адамның өмір шыңдығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz