Бастауыш сыныпта проблемалық сабақты ұйымдастыру ерекшеліктері



1 Қазіргі заманғы білім берудің басты мақсаты
2 Проблемалық оқыту
Қазіргі заманғы білім берудің басты мақсаты – мамандарды әлемді шығармашылық тұрғыдан өзгертудің әдістемесімен қаруландыру. Осы тұрғыдан алғанда ғылыми міндеттерді дәстүрлі емес әдістермен шешудің жолы ретінде проблемалық оқыту жүйесі ұсынылуы заңды құбылыс.
Проблемалық оқытудың ерекшелігі – мұнда мұғалім білімді дайын түрде баяндап бермейді, оқушылардың алдына проблемалық міндет қояды. Шешімді және шешу құралдарын оқушы өзі іздестіруі тиіс. Бұл технологиялық әдістегі ең маңызды мәселе – жаңа білім жаттау немесе есте сақтау үшін емес, проблеманы немесе бірнеше проблемаларды шешу үшін беріледі. Проблемалық оқыту педагогикада жаңа құбылыс емес, тарихта белгілі адамдардың) Сократ, Руссо, Дистервег, Ушинский т.б.) есімдерімен байланысты.
Проблемалық оқыту кезінде жүретін психологиялық процестер механизмі төмендегідей: белгісіз, түсініксіз жаңа проблемамен жолыққан адамда таңғалу, дағдарыс пайда болады да «оның мәні неде?» деген сұрақ туындайды. Әрі қарай ойлау процесі белгілі схемамен жүреді, яғни - болжам тастау, оны негіздеу және тексеру. Содан соң студент не өз бетімен ойша іздестіру жүргізеді, немесе оқытушының көмегіне сүйенеді. Шығармашылық ойлаудың белсенділігі – проблеманы ұжымдық түрдегі шешу схемасы: «субъект – объект – субъект» қарым-қатынастарына түседі.
1. К. Өстемірова «Қазіргі педагогикалық технологиялар мен оқыту құралдары» Алматы 2007ж.
2. К. Көпеева, А. Қалынова «Оқыту үрдісінде педагогикалық технологияларды ұтымды пайдалану». // «Білім» журналы №5, 2005ж.
3. Ж.Б. Қоянбаев, Р.М. Қоянбаев «Педагогика» Алматы, 2000ж.
4. А.Е.Әбілқасымова, Р.С.Омарова «мұғалімдердің танымдық ізденімпаздығын қалыптастыру негіздері» Алматы, 2003ж.
5. «Өзін-өзі тану» хрестоматия. Алматы, 2004ж. «Бөбек» Республикалық оқу-сауықтыру орталығы.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Бастауыш сыныпта проблемалық сабақты ұйымдастыру ерекшеліктері

Қазіргі заманғы білім берудің басты мақсаты – мамандарды әлемді
шығармашылық тұрғыдан өзгертудің әдістемесімен қаруландыру. Осы тұрғыдан
алғанда ғылыми міндеттерді дәстүрлі емес әдістермен шешудің жолы ретінде
проблемалық оқыту жүйесі ұсынылуы заңды құбылыс.
Проблемалық оқытудың ерекшелігі – мұнда мұғалім білімді дайын түрде
баяндап бермейді, оқушылардың алдына проблемалық міндет қояды. Шешімді және
шешу құралдарын оқушы өзі іздестіруі тиіс. Бұл технологиялық әдістегі ең
маңызды мәселе – жаңа білім жаттау немесе есте сақтау үшін емес, проблеманы
немесе бірнеше проблемаларды шешу үшін беріледі. Проблемалық оқыту
педагогикада жаңа құбылыс емес, тарихта белгілі адамдардың) Сократ, Руссо,
Дистервег, Ушинский т.б.) есімдерімен байланысты.
Проблемалық оқыту кезінде жүретін психологиялық процестер механизмі
төмендегідей: белгісіз, түсініксіз жаңа проблемамен жолыққан адамда
таңғалу, дағдарыс пайда болады да оның мәні неде? деген сұрақ туындайды.
Әрі қарай ойлау процесі белгілі схемамен жүреді, яғни - болжам тастау, оны
негіздеу және тексеру. Содан соң студент не өз бетімен ойша іздестіру
жүргізеді, немесе оқытушының көмегіне сүйенеді. Шығармашылық ойлаудың
белсенділігі – проблеманы ұжымдық түрдегі шешу схемасы: субъект – объект –
субъект қарым-қатынастарына түседі.
Проблемалық оқыту – оқытудың әдіс-тәсілдерін қолдана отырып білімді
шығармашылық тұрғыдан меңгеруге негізделген дидактикалық жүйе.
Оқушыны өз бетімен ізденуге үйрету. Олардың танымдық және
шығармашылық икемділіктерін дамыту. Атап айтқанда:
оқушының белсенділігін арттыру;
- оқу материалында баланы қызықтыратындай мәселе туғызу;
- оқушы материалды сезім мүшесі арқылы ғана қабылдап қоймайды, білімге
деген қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында меңгереді;
- оқытудың бала өмірімен, еңбегімен байланыстылығы.
- мұғалім оқушыларды қарама-қайшылық жағдайына әкеліп, одан шығудың
жолдарын өздеріне қалдырады;
- біркелкі сұраққа әртүрлі пікірлерді жинақтайды;
- сыныпқа берілген жағдайды әртүрлі позицичдан қарастыруды ұсынады;
- нақты сұрақтар қояды;
- проблемалық теориялық және практикалық міндеттерді анықтайды;
- проблемалық міндеттерді қояды;
Проблемалық жағдайдың құрылуы және оның оқу проблемасына ауысуы,
проблемалық міндеттердің құрастырылуы – проблемалық оқытудың бастапқы
кезеңдері ғана әрі қарай оқушылар оқытушының бағыттауы мен келесі
шығармашылықпен ойлау операцияларын шешуге тиіс:
• проблеманы шешетіндей варианттарды ұсынып, болжамдарын айту;
• болжамдарды теориялық және тәжірибелік тұрғыдан тексеру;
• қорытынды жасау;
• шешілген проблеманың дұрыстылығын тексеру.
Сонымен, проблемалық оқыту технологиясы бірнеше кезеңдерден өтеді.
Оның негізгі кезеңі ойлаудың кедергісін түсіндіруге алып келетін
проблемалық жағдай. Проблемалық жағдай барысында пайда болатын оқу
проблемасы да қиын, бірақ оқушылар шеше алатындай дәрежеде болуы шарт.
Проблеманың қойылуы және түсіндірілуімен бірінші кезең аяқталады. Екінші
кезеңде оқушы сұрақтың жауабын толық алу үшін жетпейтін ақпараттарды
белсенді түрде іздестіруге кіріседі. Үшінші кезеңде қажетті білімдермен
қарулана отырып, проблеманы шешіп, алынған нәтижелерді бастапқы болжаммен
салыстыра отырып тексереді.
Проблема қойып оқытудың нәтижелі болуының 4 негізгі шарты бар:
• проблеманың мазмұнына қызығушылық тудыра алатындай жеткілікті
мотивациямен қамтамасыз ету;
• әрбір этапта туындатып отыратын проблемалардың шама жетерліктей болуы
(белгілі мен белгісіздің тепе-теңдік қарым-қатынасы);
• шешілетін проблеманың оқушы үшін маңыздылығы;
• педагогтың оқушымен диалогының өзара түсіністік пен сыйластыққа
құрылуы;
Проблемалық оқытудың жағымды да, жағымсыз да жақтары бар екенін атап
өтуге тиіспіз. Бұл технологияның артықшылығына – оқушының өзіндік
шығармашылық іс-әрекеті негізінде білімді өз бетімен меңгеру мүмкіндіктері,
соның нәтижесінде оқу еңбегіне деген жоғары қызығушылығының, жемісті ойлау
қабілеттерінің дамуы жатады. Ал, кемшіліктеріне – кей кездерде процеске
қатысушылардың танымдық іс-әрекеттерінің әлсіз басқарылуын, жоспарланған
мақсатқа қол жеткізуде уақыттың шамадан тыс көп шығындалуын атап көрсетуге
болады.
Проблемалық оқыту дидактикалық жүйе сияқты мына ұстанымдарға: оқытудың
ғылымилығы мен жүйелілігі; оқушылардың оқудағы белсендігі мен
ізденімпаздығы; білім мен тәрбие берудің және дамудың бірлігі; теорияның
практикамен байланысы; проблемалылығы; оқу мен еңбектің үйлесімі; қиындық
пен ұғынықтылық; қосарлылық; сөз бен көрнекіліктің бірлігі; оқытудағы
саралаушылық пен даралаушылық; кәсіпке бағыттаушылық.
Проблемалық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ПРОБЛЕМАЛЫҚ ОҚЫТУДЫҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Біріккен сабақ
Қазіргі жағдайдағы бастауыш сынып оқушыларының дамуында ақпараттық технологияның ықпалы
Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын қалыптастырудың мүмкіндіктері
Оқушылардың өзара оқыту сабақтары
Бастауыш сынып оқушылары
Бастауыш сынып математикасында проблемалық технологияны қолдану
Шағын жинақты мектеп мұғалімінің сабаққа дайындығы
Тұлғаның шығармашылық қабiлеттерiн дамытудың теориялық негiздерi
Білім сапасын арттырудағы жаңа оқыту технологиясының маңызы
Пәндер