Бастауыш сыныпта қазақ тілі сабағында эстетикалық тәрбие беру


Ф-ОБ-001/033
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Білім технологиялары кафедрасы
Пернеева Мөлдір
Бастауыш сыныпта қазақ тілі сабағында эстетикалық тәрбие беру
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
5В010200 - мамандығы - Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі
Түркістан 2015
Ф-ОБ-001/033
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Білім технологиялары кафедрасы
«Қорғауға жіберілді»
Білім технологиялары
кафедрасының меңгерушісі,
п. ғ. д., доцент Б. Ортаев
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы ׃ Бастауыш сыныпта қазақ тілі сабағында эстетикалық тәрбие беру
5В010200 - мамандығы - Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі
Орындаған: ППМ-111 тобының студенті
Пернеева Мөлдір
Ғылыми жетекшісі п. ғ. к., доцент
С. Қожагелдиева
Түркістан 2015
Аннотация
Эстетическая среда способность стремиться к ребенку, чтобы увидеть красоту искусства и красоты мира в целях разработки систематического тенденцию поощрять его личность. Искусство инструменты предметом искусства является повышение образования детей. Усыновление ребенка красотой и эмоциональной экспрессии внимания, а также эстетической концепции, эстетического суждения, эстетического качества, ценообразование должно быть сделано.
Аbstract
Aesthetic environment the ability to seek the child to see the beauty of art and the beauty of the world in order to develop a systematic tendency to promote his personality. Art Tools Objects of art is to increase the child's education subject. Educator has to preform beauty and emotional expression of attention, as well as the aesthetic concepts of aesthetic judgment, aesthetic quality, pricing should be done.
özet
Estetik çevre çocugun kişiliğini tanıtmak için sistematik bir eğilim geliştirmek için sanat güzelliği ve dünyanın güzelliklerini görmek için çocuğu aramaya yeteneği lazım. Sanatın Sanat Araçları Objeler çocuğun eğitim konuyu . Eğitici çocuğun güzelliğini ve ilgi duygusal ifadesini yanı sıra estetik yargı, estetik kalite estetik kavramları artırmak, fiyatlandırma yapılmalıdır.
Нормативтік сілтемелер
Бұл дипломдық жұмыста келесі нормативтік сілтемелер көрсетілген:
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту Тұжырымдамасының (2003 ж. 27. 12. ) мақсаты
Назарбаев Н. «Қазақстан - 2030» - Алматы: Білім, 1997. -256 б.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты /Жалпы бастауыш білім/. Алматы: РКБ, 2010 - 46-58 б.
Анықтамалар
Эстетикалық тәрбие - болмыстағы және өнердегі сұлулық пен әсемдікті дұрыс қабылдау және эстетикалық түсінікті, сезім мен талғамды тәрбиелейтін, өнерде және өмірде сұлулықты жасау, оған қатысу қабілетін қажетсінуін қалыптастыратын тәрбиенің бір бөлігі.
Эстетикалық тәрбие дегеніміз - қоршаған дүниенің, өнердің сұлулығын баланың көру және сұлулыққа талпыну қабілетін дамыту мақсатымен оның жеке басына ықпал етуге бағытталған, жүйелі үрдіс. Балаларды өнер құралдарымен тәрбиелеу - көркемдік тәрбие пәнін құрайды. Тәрбиеші баланы сұлулықты қабылдауға, оған эмоциялық ықлас білдіруге, сондай-ақ, эстетикалық ұғым, эстетикалық пікір, эстетикалық баға беру қасиетін қалыптастыруға жасау керек.
Эстетикалық сезім дегеніміз - өмірдегі, көркем өнердегі әсемдікті қабылдаудан туатын эстетикалық нәр алу, толқу, рахаттану. Ол адам табиғатына ғана тән жоғарғы сезім
Эстетика - өмірді сезім арқылы біліп танудың негізгі жолы.
Эстетикалық ләззат - табиғат, қоғам өмірі туралы және өнер сұлулығын қабылдау нәтижесінде немесе іс-әрекет үстінде, адамның рухани дүниесінің тебіреніп, жан рахатына батуы.
Эстетикалық таным - бұл өмірдегі, еңбектегі және табиғаттағы сыртқы әдемілік пен нағыз сұлулықтың арасын ажырата білу және өнер шығармаларына жоғары талап қоя білу
Қазақ тілі - адам сезімінің нәзік тілі, яғни адамдардың бір-бірімен эстетикалық байланыс, қатынас құралы.
КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі: Адамдардың әсемдікке сезімдері олардың өмірінде зор рөл атқарады. Әсемдікті көре, түсіне, жасай білу адамның рухани өмірін байытады, қызғылықты етеді, оған ең жоғары рухани ләззаттануға мүмкіндік береді. Біз әр адамның қоғамдық мәнін жан-жақты дамытуға ұмтыламыз, сондықтан әр баланың сезім нәзіктігін, көркемдікті, әсем нәрсені сүйетіндей етіп дамытуымыз керек. Адамның әсемдікті және жексұрындықты, сәулеттілік және ұждансыздықты, қуаныш пен қайғыны т. б. түсінуге байланысты оның қоғамдағы тәртібі айқындалады.
Қазақстанның ХХІ ғасырдағы басты даму жолын белгілеп Елбасының «Қазақстан - 2030» стратегиялық жоспарында халықтың рухани жаңаруына ерекше маңыз берілген. Сондықтан жан жақты жетілген, дүниесі бай, белгілі дәрежеде ғылыми білім жүйесін игерген және оны бағалай, талдай алатын, өзге халықтардың тарихын, мәдениетін, тілін меңгерген, өздігінен денсаулығын нығайтуға, адамгершілік қасиеттерін, эстетикалық талғамын дамытуға ынтызар, өмірдің әрқилы кезеңдерінде дербес еңбек етуге даяр ұрпақты тәрбиелеу - ең басты өзекті мәселе [1] .
Жастарымыздың үлгі алатын ең таңдаулы ішкі, сыртқы адамгершілік-эстетикалық сапаларын үйренетін адамы міне осындай болуы анық.
Н. Назарбаев "Ғасырлар тоғысында" еңбегінде "Тәрбиенің түпкі мақсаты - қоғамдық нарықтың қарым-қатынасқа көшу кезінде саяси-экономикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп шығыа алатындай ізгіленген ХХІ ғасырды құрушы іскер, өмірге икемделген жан-жақты мәдениеті жеке тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру" деген тұжырымдама жасаған. Осы орайда халқының мәдениетін, әдебиетін, тілін, салт-дәстүрін, өнерін сүю арқылы нағыз мәдениетті маман даярлау да бүгінгі күннің көкейтесті мәселесі.
Қазіргі кезде әсемдікке көзқарасты тәрбиелеу - тәрбие барысының зейін салуды, күн санап өсіруді талап ететін мәселесі. Біздің қоғам адамына тек қана өнердің емес, еңбек, қоғамдық қатынастар, қоршаған әлеуметтік орта, тәртіп, тұрмыс, табиғаттың әсемдік жақтары ықпал етеді. Әсемдік құбылыстары адамның шындыққа қатынасын анықтайтын пайдалы істердің шын факторына айналып отыр.
Адам өмірінде әсемдікке көзқарас әрдайым қуатты рухани күш ретінде көрінеді. Балаға балғын бөбектік кезеңінен бастап, әсемдікке ұмтылу тән нәрсе. Ол әрдайым бойларында әсемдік құндықтары бар қатар құрбыларына, ересектерге еліктейді. Балалардың өз еңбек іс-әрекеті тиімді және сапалы болуы үшін оның ұйымдастырылуы толысып, тамаша нәрсені қабылдау деңгейіне жеткені жөн.
Сонымен, оқушылардың әсемдікке көзқарасын тәрбиелеу - дамыған әсемдік сана мен талғамды, оны қабылдау және бағалау қабілетін қалыптастырудың мақсатқа бағыттала ұйымдастырылған барысы. Әсемдікке тәрбиелеу оқушыны жан-жақты және үйлесімді дамытудың жалпы жүйесінде ең алдымен өзіне тән қызмет атқарады. Ол іс-әрекеттің барлық түрлеріндегі әсемдік нышанын анықтап, оны оқушының әсемдікке көзқарасының дамуы, білім алуы, қалыптасу құралына айналдырады.
Эстетикалық тәрбие туралы әр дәуірдің педагогтары, психологтары бала жанын қалай және немен қоректендіру керек деген ой-тұжырымдар айтып өткен. Мысалы, Ш. Уәлиханов [2], Ы. Алтынсарин [3], А. Құнанбаев [4], Ж. Аймауытов [5], А. Байтұрсынов [6], М. Жұмабаевтың [7] т. б. бала бойына жақсы қасиетті егумен қатар, әрбір істен көркемдікті, сұлулықты көре білуге тәрбиелейтін шығармалары күні бүгінгі дейін өз маңызын жойған емес. Сонымен қатар шетел және орыс педагогтары Я. А. Коменский [8], К. Д. Ушинский [9], В. А. Сухомлинский т. б. баланы жан-жақты дамытуда эстетикалық тәрбиенің алатын орны ерекше екенін атап өтеді [10] .
Бүгінгі талап өткен өмірімізден кеткен қателіктерімізді болдырмау мақсатында, жаңа ұрпақты қалыптастыру мен тәрбиелеу үшін мұғалімдерге үлкен жауапкершілікті жүктейді. Жас шыбық, иілуге қандай икемді болса, жас бала да тәрбиені қабылдауға сондай бейім.
Эстетикалық тәрбие дегеніміз - қоршаған дүниенің, өнердің сұлулығын баланың көру және сұлулыққа талпыну қабілетін дамыту мақсатымен оның жеке басына ықпал етуге бағытталған, жүйелі үрдіс. Балаларды өнер құралдарымен тәрбиелеу - көркемдік тәрбие пәнін құрайды. Тәрбиеші баланы сұлулықты қабылдауға, оған эмоциялық ықлас білдіруге, сондай-ақ, эстетикалық ұғым, эстетикалық пікір, эстетикалық баға беру қасиетін қалыптастыруға жасау керек.
Эстетикалық сезім дегеніміз - өмірдегі, көркем өнердегі әсемдікті қабылдаудан туатын эстетикалық нәр алу, толқу, рахаттану. Ол адам табиғатына ғана тән жоғарғы сезім.
Эстетикалық тәрбиенің мақсаты - баланың бойына эстетикалық құндылықтарды сіңіруді қажетсіну, оған деген қызығушылығын, эстетикалық талғамын дамыту, эстетикалық іскерлік пен дағдысын қалыптастыру. Баланың сезіміне әсер ету - шексіз жұмыс және тәрбие жұмысының күрделі саласы. Эстетикалық сезім әлеміне қатысы бар құбылыстарды зерттейтін философияның бір саласы болса, эстетикалық тәрбие көбінесе адамның сезіміне тәрбиелеу арқылы санасына әсер етіп, іс-әрекетіне бағыт-бағдар беруді көздейді. Жүріс-тұрыс адамдар арасындағы қарым-қатынас талаптарын түсініп, сезіну оның эстетикалық жағын қамтиды. Этика мен эстетика іс-әрекет, жүріс-тұрыс, мінез-құлық көріністері арқылы бір-бірімен байланысып жатады. Әр нәрсенің мөлшері мен өлшемін білу эстетикалық жақтан сезіну арқылы келеді. Эстетикалық тәрбиенің басты мәселесі - сезім әлеміне әсер ету, оны дамыту, қалыптастыру. Сезім мен дағдылар арқылы сұлулықты түсіне-сезіне білуге тәрбиелеу баланың дара қасиеттерін, барлық мүмкіндіктерін қалыптастырады.
Баланың көркемдік-эстетикалық дамуы сәтті болу үшін тәрбиеші, педагог жас ерекшелігіне сай әртүрлі ойындар, сабақтардың түрлерін қызықты, әрі танымды өткізеді. Танымдық ықпалдар эстетикалық қобалжулармен неғұрлым байланыста болса, соғұрлым нәтижесі де, әсер етуі де жақсарады. Педагогтың балалар қажеттіліктерін, мүмкіндіктерін, қызығушылықтарын ескере отырып, әр біреуімен жұмыс жасауы, бала тұлғасының дербестігін көркемдік шығармашылық арқылы айқындауы, баланың өзін-өзі көрсетуіне мүмкіндік береді.
Балаларға жағымды жағдай жасайтын болсақ, олар көркемдік-эстетикалық түсініктерді еркін меңгереді. Оқыту мен тәрбиелеу арқылы оларға білім беріп қана қоймай, тұлғалық дамуына жағдай жасай отырып, әрекеттілік қабілетін (интеллектуалды, эмоционалды, еңбектік, ерікті) дамыту керек. Бала адекватты, өнімді және нәтижелі дамиды. Осыған орай көркемдік-эстетикалық тәрбиенің мектеп алды мекемелерге қоятын міндеттері:
- Баланың қиялын, эстетикалық сезімін, қабылдауын жүйелі және биік мақсатқа бағытталған түрде дамыту; өнердің барлық түрі қажеттілік сияқты сезімдерді тудырады;
-Баланы өнер саласындағы әрекетке, алғашқы көркемдік білімді игеруге және көркемдік деңгейді бағалауға баулу.
- Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиенің басты мақсаты - адам. Ш. А. Амонашвилидің адамгершілікке тәрбиелеу педагогикасында, балаға үмітпен, сенімді көзбен қарап, оны жағымды көре біліп, жақсы қасиеттерін көріп, соны үнемі арқау етіп, үлгі етудің тәлімді мәні зор [11] .
Республикамыз егемеңді ел болып отырған қазіргі шақта мектеп оқушыларын елін, жерін, туған халқының тілі мен салт-дәстүрін, ән-жырларын қастерлейтін саналы да, отансүйгіш, парасатты азамат етіп тәрбиелеуде қазақ тілі пәнінің алатын орны ерекше. Осыған байланысты тіл отбасында да, мектепте де, балабақшада да бала тәрбиесінің ең негізгі құралы. Күй, ән, өлең-жыр, тақпақ, жаңылтпаш, ертегі, мақал-мәтел сияқты өнер түрлері халық педагогикасының қайнар көзі.
Бүгінгі таңда еліміздің әлемдік білім кеңістігіне енуге бағытталған талпыныстары білім беру мазмұнын жаңарту, оқу үрдісін жетілдіру, әсіресе шәкірттің шығармашылық жұмысын, эстетикалық тәрбиесін дамытатын оқытудың жаңа әдіс - тәсілдері мен түрлерін іздестіруге аса мән беріп отыр. Осыған байланысты зерттеу проблемасы саласында жарық көрген арнайы ғылыми еңбектерге, оқу әдістемелік құралдарға жасалған талдау қазіргі кезеңде бұл мәселенің әдебиеттерде жеткіліксіз қарастырылуы, өзіндік іс-әрекетінің анықтамалық ғылыми негіздемесін жасауда, оқу үрдісінде бастауыш сынып оқушыларының эстетикалық тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру деңгейі мен қазіргі талаптар жүйесі арасындағы қайшылықтардың болуы диплом жұмысымыздың тақырыбын "Бастауыш сыныпта қазақ тілі сабағында эстетикалық тәрбие беру" деп таңдауға негіз болды.
Диплом жұмысының мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының қазақ тілі сабағында эстетикалық тәрбие беру мәселелерін теориялық және практикалық тұрғыда негіздеп, әдістемелік жағын қарастыру.
Зерттеу объектісі: Бастауыш сыныптың оқу-тәрбие процесінде эстетикалық тәрбие беру.
Зерттеу пәні: бастауыш сыныпта қазақ тілін оқыту процесі
Зерттеу міндеттері:
1) Бастауыш сыныпты оқыту барысында оқушылардың эстетикалық тәрбиесін
қалыптастыруда педагогикалық-психологиялық еңбектерге талдау жүргізіп, теориялық жағынан негіздеу.
2) Бастауыш сынып оқушыларын оқытуда эстетикалық тәрбие берудің негізгі бағыттары мен ерекшеліктерін қарастыру.
3) Бастауыш сынып оқушыларына қазақ тілі пәнін оқытуда эстетикалық тәрбие берудің әдіс-тәсілдері
Зерттеу әдісі: Тақырыпқа байланысты әдебиеттерге, газет-журналдардағы озат тәжірибелерге талдау жасау.
Зерттеудің теориялық қолданымы. Оқыту үрдісі барысында эстетикалық тәрбиені дамытуға қазақ тілі пәнінің әсер ететін факторлары.
Зерттеудің практикалық қолданымы.
Баланың қазақ тілі сабағындағы эстетикалық тәрбиені қабылдауы.
1. Бастауыш сынып оқушыларын оқыту барысында эстетикалық тәрбие берудің педагогикалық негізі
1. 1 Бастауыш сынып оқушыларына эстетикалық тәрбие берудің психологиялық-педагогикалық мәселелері
Бастауыш мектеп жасындағы балаларды зерттеу іс-әрекеттерін бақылау олардың мектепке дейінгі жастағы балалардағы сияқты әсемдік пен өнегелік жөніндегі түсініктерінің араласып жататынын көрсетеді.
Баланың әсемдікке көзқарасын тәрбиелеу әсемдіктің қасиеттері бар әр түрлі өміршең қатынастар және әсерлер ықпалымен жүзеге асатын жайдың барысы болып табылады. Бастауыш мектеп жасындағы балалардың әсемдікке көзқарасы тез, үздіксіз дамиды. Оған себеп болатын нәрсе - оқу, қоғамдық пайдалы және тұрмыстық еңбектің жаңа жүйеге түсуі.
Эстетика - философиялық ілім. Ендеше, ол да этика сияқты нақты ғылымдар өлшеміне сай келмейді. Кейбіреулер философияны ғылымнан гөрі өнерге жақындастырады. Ол рас па, өйткені оларға негізгі ортақ нәрсе жеке тұлғаның, даралықтың үлкен орын алатындығы. Бірақ көркемөнер үшін тұлға тағдырының басқаларға ұқсамайтын кездейсоқтығы, бірегейлігі маңызды болса, философия үшін жалқылық жалпылықтың көрісуі мен жүзеге асуының формасы ретінде маңызды.
Эстетика ұғымын ғылыми қолданысқа XVIII ғ. Орта шенінде неміс философы Александр Баумгарген енгізді. Ол эстетиканы грек тіліндегі “айстетикос” сөзінен құрастырып шықты. Этимологиялық тұрғыдан алғанда “айстетикос” - сезім, сезіммен қабылданатын деген мағынаға ие. Этимологиялық түбір әлі күнге дейін “анестезия” сөзінде кездеседі [12] .
А. Баумгарген сезім арқылы қабылдауға кемелділікті әсемдік деп білген, әсемдіктің бірден бір көрініс табатын саласын өнер де қарастырған. Сөйтіп, неміс философы эстетикаға әсемдікті және оның өнерде көрініс табуын зерттейтін ілім деген анықтама берген.
Сұлулық заңы бойынша адамның дүниені игеруге деген талпынысын А. Баумгарген эстетика ұғымын енгізбей тұрып-ақ белгілі болған. Эстетиканың тікелей өнермен байланыстығын есте ұстасақ, өнер тарихы - адамзат тарихы екендігін де мойындаймыз. Адамзат есін білгелі бері өнерін бірге өзін-өзі жетілдіріп, мәдени игіліктерін жасап та келеді [12, 16 б. ] .
Адамдардың эстетикалық сезімдері олардың күнделікті өмірінде зор рөл атқарады. Әсемдікті көріп, түсіне, бағалай білу адамның рухани өмірін байытады, қызғылықты етеді, одан ең жоғары рухани ләззат алуға мүмкіндік береді. Біз әр адамның адамгершілік, тұлғалық келбетін жан-жақты дамытуға ұмтыламыз, сондықтан әр баланың сезім нәзіктігін, көркемдікті, әсем нәрсені сүйетіндей етіп дамытуымыз керек. Адамның әсемдік пен жексұрындықты, адамгершілік пен ұждансыздықты, қуаныш пен қайғыны т. б. түсінуіне байланысты, оның саналы тәртібі мен мінез-құлқы айқындалады. Осыдан келіп адамның әсемділікке шынайы көзқарасы мен мұраттары болуы керек екендігі шығады. Қазіргі кезде эстетикалық көзқарасты тәрбиелеу - тәрбие барысыда тұрақты зейін салуды, күн сайын талапты күшейтетін мәселе. Біздің қоғам адамына тек қана өнердің ғана емес, сондай-ақ еңбек, қоғамдық қатынастар, қоршаған орта, тәртіп, тұрмыс, табиғаттың да әсемдік жақтары да ықпал етеді. Эстетикалық көзқарастар адамның шындыққа деген бағамын анықтайды.
Адам өмірінде эстетикалық көзқарас әрдайым қуатты рухани күш ретінде көрінеді. Балаға балғын бөбектік кезеңінен бастап, әсемділікке ұмтылу тән нәрсе. Ол әрдайым бойларында әсемдік құндылықтары бар қатар - құрбыларына, ересектерге еліктейді. Балалардың өз еңбек іс-әрекеті тиімді және сапалы болуы үшін оның ұйымдастырылуы толысып, тамаша нәрсені оң қабылдау деңгейіне жеткені жөн. Балаға сонымен қатар жасампаздықтың да әсемдігі ашылады. Еңбек әсемдігін қабылдауды үйретіп, қоғамдық іс-әрекет әсемділігіне сезімталдығын тәрбиелеп, мұғалім балалардың еңбек белсенділігін кеңейтуге дем береді. Эстетикалық көзқарасты тәрбиелеудің экономикалық мәселелерге әрі тікелей, әрі жанама қатынасы бар. Бұл біздің қоғамдағы қоғамдық өндіріс адамдардың өскелең рухани және материалдық қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталғандығынан туындайды. Сонымен оқушылардың эстетикалық көзқарасын тәрбиелеу - дамыған әсемдік сана мен талғамды, оны қабылдау және бағалау қабілетін қалыптастырудың мақсатқа бағыттала ұйымдастырылған үрдісі.
Эстетикалық көзқарасты тәрбиелеу оқушыны жан- жақты үйлесімді дамытудың жалпы жүйесінде, ең алдымен өзіне тән қызмет атқарады. Ол іс-әрекеттің барлық түрлеріндегі әсемдік нышанын анықтап, оны оқушының әсемдікке көзқарасының даму, білім алу, қалыптасуы құралына айналдырады. Кең ой-өрістілік сөйлеу, іс-әрекетінің мазмұнынан сөз өнерін, ақыл-ой еңбегін, шындықтың обьективтік жақтарын, көркем сөз сұлулығын, бөліп қарайды. Еңбек іс-әрекетінде еңбек мақсаттары және процесі, оның нәтижесі, сұлулығы ерекше көрсетіледі. Құқықтық іс-әрекетінде қоғамдық мұраттардағы, дамудағы оның, ынтасы мен тәртібіндегі сұлулыққа баса назар аударылады.
Бейнелеу іс-әрекеті барысында балаларға көзге көрінетін әлем, музыкада адам жасаған дыбыс үйлесімділігінің сұлулықтары ашылады. Дене тәрбиесі мәдениеті және гигиена негіздері арқылы бала адам денесінің тән және жан сұлулығын таниды т. б. Оқушыны әсемдікке тәрбиелеудің, жан-жақты және үйлесімді дамытудың жалпы жүйесінде жанама қызмет те бар. Әсемдіктің адам үшін зор тартымды күші бола отырып, сонымен бірге оның іс-әрекетінің белсенді және тиімді дем берушісі де болады.
Оқушы өнегелігінің әсемдігі, оның жан дүнисінің байлығы, шешендігі оны басқа адамдарға тартымды етеді. Оқушылар алдында ашық көрініс берген еңбек әсемдігі, оның еңбегін тартымды етеді және еңбек іс-әрекетінің үрдісін жеңілдетеді. Ерлік пен шын азаматтық әсемдігі адамдарды қоғамдық тәртіп және құқықтық әрекеттерін орындауға жетелейді. Баланың эстетикалық көзқарасын тәрбиелеу, әсемділік қасиеттері бар әртүрлі өмірдегі қатынастар мен әсерлер ықпалымен жүзеге асырылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz