Турбо Паскаль бағдарламасының жазу ережелері, құрылымы және тілдің әліпбиі



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

І. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1.1. Паскаль бағдарламалау тілі
1.2. Паскаль тілінің негізгі түсінігі
1.3. Турбо Паскаль бағдарламасының жазу ережелері, құрылымы және тілдің әліпбиі
1.4. Турбо Паскальда амалдардың жазылу тәртібі
1.5. Турбо Паскаль жұмысының негізгі ортасы мен терезе құрылымы
1.6. Турбо Паскаль жайлы жалпылама мағлұмат
1.7. Турбо Паскаль тілінің операторлары
1.8. Циклдік құрылымды алгоритмді программалау
1.9. While операторы жайында қысқаша түсінік

2.0. Repeat операторы
2.1. For параматрлі қайталану операторы
2.2. Күрделі циклдер
2.3. Қадам бойынша ЭЕМ.де есеп шығару әдісі
2.4. Мысал есептер

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Паскаль программалау тілінің алғашқы нұсқасын 1968-1970 жылдары Стэнфорд университетінің информатика кафедрасының профессоры, швейцариялық ғалым Никлаус Вирт жасады. Оны Borland корпорациясының қызметкерлері жетілдірді (олардың құрған тілдері Turbo Pascal, Borland Pascal және Object Pascal деп аталды). Delphi жүйесінде Object Pascal программалау тілі пайдаланылады. Turbo Pascal стандартты паскальдың барлық құралдарын қамтитын және жаңа құралдармен толықтырылған, кеңейтілген нұсқасы (біз оны кейде Паскаль деп те атаймыз).
Ал 1975 жылы стандартты Паскальдың компиляторымен Турбо Паскаль (3.0 нұсқысы) программалау тілі пайда болды. Содан бері Паскаль жалпы білімдік, кәсіптік-техникалық мектептерде және жоғарғы оқу орындарында «бірінші» программалау тілі ретінде қолданыла бастады.
Турбо Паскаль тілін пайдаланудың қарапайымдылығынан пайдаланушылар арасында кең орын ала дастады.
Келе-келе Турбо Паскаль 4.0, ТП 5.0, ТП 6.0, және ТП 7.0 нұсқаларының дүниеге келуі кәсіпкер қолданушының еңбектегі өнімділігін арттыруға мүмкіндік беруге, қолданбалы есептерді шығаруда қолдануға үлкен үлес қосты. Енді осы тілдің ерекшелігі бірсыпыра мүмкіндіктерге толы болып келетінін ерекше атап өту қажет.
Бағдарламалау тілі дегеніміз – адам мен компьютердің (ЭЕМ) өзара байланыс жасасу құралы. Бағдарламалау тілі екі топқа бөлінеді: таза машиналық кодпен, не белгілі бір машина кодына арналып ассамблерде жазылған тіл- төменгі дәрежедегі және жоғарғы дәрежедегі адам тіліне жақындатылған Basic, Qbasic, Ci, Turbo Pascal т.б. көптеген бағдарламалау тілдері. Мемлекеттік бағдарлама бойынша осы тілдерден Basic, Turbo Pascal, Visual Basic тілдерінің бірін меңгеру ұсынылған. Паскаль бағдарламалау тілі француз математигі Блез Паскаль құрметіне аталған. Ол 1968-1971 жылдарда Никлаус Вирттің Цюрихтағы Жоғарғы Техникалық мектепте оқыту тілінің бірі ретінде жазылған. Кең қолдана бастауы 1984 жыл, себебі осы жылдары қарапайым қолдануға ыңғайлы Турбо Паскаль компиляторы пайда болады. Ол Borland International компаниясында жасалды. Компилятор дегеніміз транслятордың бір түрі, ал транслятор дегеніміз белгілі бір компьютер мен бағдарламалау тілі түріне арналып жазылғанбағдарлама, оның міндеті жазылған бағдарламаны машиналық кодқа айналдыру. Турбо Паскаль жүйесі — компьютердің жабдықтық және бағдарламалық қорларын басқаруға арналған бағдарлама. Жүйенің негізгі тапсырмалары есептеулерді үйлестіру, әмірлердің орындалуын реттеу, енгізу және шығару құрылғыларын бақылау, желі қызметін жеңілдету және файлдарды басқару болып табылады. Осы заманғы жалпы тапсырмаларды атқаруға арналған компьютерлер, соның ішінде жеке компьютерлерде, бағдарламаларын жегу үшін программалау жүйесін қажетсінеді. Қандай да бiр кеңiстiкке орналасқан коммуникация жүйесi. Компьютерде орын алатын әр әрекет, артта өтетін қызмет болсын, бағдарлама болсын, үдіріс ретінде өтеді. Компьютер Вон Ньюман құрылымына негізделген жағдайда, процессор бір мезетте тек бір процесті өндей алады.
Тілдің алфавиті басқа тілдермен салыстырғанда құрылымы жағынан түсінікті, себебі оның әрбір амалы сипатталып отырады. Тілдің алфавитінің құрамына әріптер, цифрлар және арнайы белгілер кіреді.
Тілдің қарапайым құрылымына сан, идентификатор, тұрақты, айнымалылар, функция және өрнек ұғымдары кіреді. Программада амалдардың орындалуына қажетті мәліметтердің сандық, логикалық немесе символдық (литералдық) мәндік шамалары болады.
Программалау тілдерін оқыту қазіргі кездегі маңызды негіздердің біріне айналып отыр. ЭЕМ-ді адамқызметінің әртүрлі салаларында пайдалану үшін программалау тілдерін меңгеру және сол тілдерде жазылған программаларды (ЭЕМ-ді программалық қамтамасыз етудің құрамындағы) қолдана білуі қажет. Қазіргі кезде программалау тілдерінің түрлері өте көп. Солардың ішіндегі бірінші деңгейдегі программалау тілі ретінде негізінен оқытылатыны – осы Паскаль тілі. Өйткені, компьютерлік сауаттіліқ пен программалауды алғашқы кезеңде үйретуге ең қолайлы тіл. Паскаль тілі алгоритмдік тілдердің ішіндегі кеңінен таралған тілдердің бірі болып табылады.
Мен, осы курстық жұмысты жаза отырып, Паскаль алгоритмдік тілімен танысып, оны пайдаланып, программалау құру жолдарын үйрендім. Алғашқы қадамдарда теориялық және практикалық материалдарға сүйене отырып жұмыс жасадым да, содан соң күрделі мәселелерге ауыстым.
1979 жылы қабылданған стандартты Паскаль тілінің кейінгі нұсқалары жетілдірілген. Қазіргі дербес компьютерлердің пайда болуына байланысты тілдің Турбо Паскаль деп аталатын нұсқасы жасалды. Қазіргі уақытта бұл жүйенің бірнеше нұсқалары бар, соңғы жасалған ең қуаттысы 7.0 нұсқасы болып табылады, бірақ, программалау бастамасын жүйенің 5.5 нұсқасынан бастап үйренген дұрыс.
Сондықтан да қазіргі кезде Паскаль тілі кез келген саладағы күрделі есептерді шешу үшін пайдалануға болатын, кеңінен таралған стандартты программалау тіліне айналды.
Осы орта мүмкіншіліктері кең: Паскаль тілінде программалаудың негізгі принциптері, программа құрылымы, тілдің негізгі элементтері мен операторлары қарастырылған. Сонымен қатар, Паскаль тілінде программалар құру, күрделі құрылымдық типтер (жолдар, жиындар, жазулар, массивтер және файлдық типтер) қарастырылған.
Сондай-ақ, Паскаль тілінің графиктік және дыбысты басқару мүмкіндіктері толық қамтылған. Оқу құрылымының соңында программалар кітапханасы берілген.
Ақпаратты өңдеу жазылған есепті шығару алгоритмі бойынша жүзеге асады. Алгоритмді жазудың бірнеше тәсілі бар екені белгілі. Алгоритмді жазу тәсілдерінің ішінде компьютерде орындалатын программа түріндегі – оның программалау тілінде жазылуы ерекше орын алады. Программала тілі – компьютерге арналған есеп шығару алгоритмін жазу үшін пайдаланылатын жасанды тіл. Программалау тілінде жазылған алгоритм программа, ал алгоритмді жазу процесі программалау деп аталады.
Программалау тілі үш құраушының: алфавит, синтаксис және семантика бірлігі болып табылады.
• Тілдің алфавиті – тілдің сөйлемдерін жазуда пайдаланылатын, тілдің барлық символдарының жиынтығы.
• Тілдің синтаксисі – тілдің сөйлемдері мен оның құрамдас бөліктерін құру үшін пайдаланылатын ережелер жиынтығы.
• Тілдің семантикасы – тілдің синтаксисі бойынша құралған оның құрылымын түсіну ережесін анықтайды.
Қолданылған әдебиеттер:
1. “Паскаль тілінің негіздері” (Б.Нақысбек, Г.Қалықова)
2. Паскаль тіліндегі программалау негіздері.(А.Б.Дәулетқұлов, С.Алғазы)
3. “Алгоритмы и программы на языке Turbo Pascal'' (Ю.Федоренко)
4. Бобровский С. Паскаль. Учебный курс. –М., 2001.
5. “Алгоритмдеу және программалау негіздерін оқыту” (Б.Д.Сыдықов)
6. Нұрмұханбетова Г.К., Әмiрбекұлы А., Сүлейменова Л. Паскаль тiлiнен лабораториялық практикум. -Шымкент: Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрiк университетi, 2002.-132 б.
7. Жуков А. Изучаем Паскаль. 2001.

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
І. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1.1. Паскаль бағдарламалау тілі
1.2. Паскаль тілінің негізгі түсінігі
1.3. Турбо Паскаль бағдарламасының жазу ережелері, құрылымы және тілдің әліпбиі
1.4. Турбо Паскальда амалдардың жазылу тәртібі
1.5. Турбо Паскаль жұмысының негізгі ортасы мен терезе құрылымы
1.6. Турбо Паскаль жайлы жалпылама мағлұмат
1.7. Турбо Паскаль тілінің операторлары
1.8. Циклдік құрылымды алгоритмді программалау
1.9. While операторы жайында қысқаша түсінік
2.0. Repeat операторы
2.1. For параматрлі қайталану операторы
2.2. Күрделі циклдер
2.3. Қадам бойынша ЭЕМ-де есеп шығару әдісі
2.4. Мысал есептер
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ
Паскаль программалау тілінің алғашқы нұсқасын 1968-1970 жылдары Стэнфорд университетінің информатика кафедрасының профессоры, швейцариялық ғалым Никлаус Вирт жасады. Оны Borland корпорациясының қызметкерлері жетілдірді (олардың құрған тілдері Turbo Pascal, Borland Pascal және Object Pascal деп аталды). Delphi жүйесінде Object Pascal программалау тілі пайдаланылады. Turbo Pascal стандартты паскальдың барлық құралдарын қамтитын және жаңа құралдармен толықтырылған, кеңейтілген нұсқасы (біз оны кейде Паскаль деп те атаймыз).
Ал 1975 жылы стандартты Паскальдың компиляторымен Турбо Паскаль (3.0 нұсқысы) программалау тілі пайда болды. Содан бері Паскаль жалпы білімдік, кәсіптік-техникалық мектептерде және жоғарғы оқу орындарында бірінші программалау тілі ретінде қолданыла бастады.
Турбо Паскаль тілін пайдаланудың қарапайымдылығынан пайдаланушылар арасында кең орын ала дастады.
Келе-келе Турбо Паскаль 4.0, ТП 5.0, ТП 6.0, және ТП 7.0 нұсқаларының дүниеге келуі кәсіпкер қолданушының еңбектегі өнімділігін арттыруға мүмкіндік беруге, қолданбалы есептерді шығаруда қолдануға үлкен үлес қосты. Енді осы тілдің ерекшелігі бірсыпыра мүмкіндіктерге толы болып келетінін ерекше атап өту қажет.
Бағдарламалау тілі дегеніміз - адам мен компьютердің (ЭЕМ) өзара байланыс жасасу құралы. Бағдарламалау тілі екі топқа бөлінеді: таза машиналық кодпен, не белгілі бір машина кодына арналып ассамблерде жазылған тіл- төменгі дәрежедегі және жоғарғы дәрежедегі адам тіліне жақындатылған Basic, Qbasic, Ci, Turbo Pascal т.б. көптеген бағдарламалау тілдері. Мемлекеттік бағдарлама бойынша осы тілдерден Basic, Turbo Pascal, Visual Basic тілдерінің бірін меңгеру ұсынылған. Паскаль бағдарламалау тілі француз математигі Блез Паскаль құрметіне аталған. Ол 1968-1971 жылдарда Никлаус Вирттің Цюрихтағы Жоғарғы Техникалық мектепте оқыту тілінің бірі ретінде жазылған. Кең қолдана бастауы 1984 жыл, себебі осы жылдары қарапайым қолдануға ыңғайлы Турбо Паскаль компиляторы пайда болады. Ол Borland International компаниясында жасалды. Компилятор дегеніміз транслятордың бір түрі, ал транслятор дегеніміз белгілі бір компьютер мен бағдарламалау тілі түріне арналып жазылғанбағдарлама, оның міндеті жазылған бағдарламаны машиналық кодқа айналдыру. Турбо Паскаль жүйесі -- компьютердің жабдықтық және бағдарламалық қорларын басқаруға арналған бағдарлама. Жүйенің негізгі тапсырмалары есептеулерді үйлестіру, әмірлердің орындалуын реттеу, енгізу және шығару құрылғыларын бақылау, желі қызметін жеңілдету және файлдарды басқару болып табылады. Осы заманғы жалпы тапсырмаларды атқаруға арналған компьютерлер, соның ішінде жеке компьютерлерде, бағдарламаларын жегу үшін программалау жүйесін қажетсінеді. Қандай да бiр кеңiстiкке орналасқан коммуникация жүйесi. Компьютерде орын алатын әр әрекет, артта өтетін қызмет болсын, бағдарлама болсын, үдіріс ретінде өтеді. Компьютер Вон Ньюман құрылымына негізделген жағдайда, процессор бір мезетте тек бір процесті өндей алады.
Тілдің алфавиті басқа тілдермен салыстырғанда құрылымы жағынан түсінікті, себебі оның әрбір амалы сипатталып отырады. Тілдің алфавитінің құрамына әріптер, цифрлар және арнайы белгілер кіреді.
Тілдің қарапайым құрылымына сан, идентификатор, тұрақты, айнымалылар, функция және өрнек ұғымдары кіреді. Программада амалдардың орындалуына қажетті мәліметтердің сандық, логикалық немесе символдық (литералдық) мәндік шамалары болады.
Программалау тілдерін оқыту қазіргі кездегі маңызды негіздердің біріне айналып отыр. ЭЕМ-ді адамқызметінің әртүрлі салаларында пайдалану үшін программалау тілдерін меңгеру және сол тілдерде жазылған программаларды (ЭЕМ-ді программалық қамтамасыз етудің құрамындағы) қолдана білуі қажет. Қазіргі кезде программалау тілдерінің түрлері өте көп. Солардың ішіндегі бірінші деңгейдегі программалау тілі ретінде негізінен оқытылатыны - осы Паскаль тілі. Өйткені, компьютерлік сауаттіліқ пен программалауды алғашқы кезеңде үйретуге ең қолайлы тіл. Паскаль тілі алгоритмдік тілдердің ішіндегі кеңінен таралған тілдердің бірі болып табылады.
Мен, осы курстық жұмысты жаза отырып, Паскаль алгоритмдік тілімен танысып, оны пайдаланып, программалау құру жолдарын үйрендім. Алғашқы қадамдарда теориялық және практикалық материалдарға сүйене отырып жұмыс жасадым да, содан соң күрделі мәселелерге ауыстым.
1979 жылы қабылданған стандартты Паскаль тілінің кейінгі нұсқалары жетілдірілген. Қазіргі дербес компьютерлердің пайда болуына байланысты тілдің Турбо Паскаль деп аталатын нұсқасы жасалды. Қазіргі уақытта бұл жүйенің бірнеше нұсқалары бар, соңғы жасалған ең қуаттысы 7.0 нұсқасы болып табылады, бірақ, программалау бастамасын жүйенің 5.5 нұсқасынан бастап үйренген дұрыс.
Сондықтан да қазіргі кезде Паскаль тілі кез келген саладағы күрделі есептерді шешу үшін пайдалануға болатын, кеңінен таралған стандартты программалау тіліне айналды.
Осы орта мүмкіншіліктері кең: Паскаль тілінде программалаудың негізгі принциптері, программа құрылымы, тілдің негізгі элементтері мен операторлары қарастырылған. Сонымен қатар, Паскаль тілінде программалар құру, күрделі құрылымдық типтер (жолдар, жиындар, жазулар, массивтер және файлдық типтер) қарастырылған.
Сондай-ақ, Паскаль тілінің графиктік және дыбысты басқару мүмкіндіктері толық қамтылған. Оқу құрылымының соңында программалар кітапханасы берілген.
Ақпаратты өңдеу жазылған есепті шығару алгоритмі бойынша жүзеге асады. Алгоритмді жазудың бірнеше тәсілі бар екені белгілі. Алгоритмді жазу тәсілдерінің ішінде компьютерде орындалатын программа түріндегі - оның программалау тілінде жазылуы ерекше орын алады. Программала тілі - компьютерге арналған есеп шығару алгоритмін жазу үшін пайдаланылатын жасанды тіл. Программалау тілінде жазылған алгоритм программа, ал алгоритмді жазу процесі программалау деп аталады.
Программалау тілі үш құраушының: алфавит, синтаксис және семантика бірлігі болып табылады.
* Тілдің алфавиті - тілдің сөйлемдерін жазуда пайдаланылатын, тілдің барлық символдарының жиынтығы.
* Тілдің синтаксисі - тілдің сөйлемдері мен оның құрамдас бөліктерін құру үшін пайдаланылатын ережелер жиынтығы.
* Тілдің семантикасы - тілдің синтаксисі бойынша құралған оның құрылымын түсіну ережесін анықтайды.

1.1 Турбо Паскаль бағдарламалау тілі
Бағдарламалау тілі дегеніміз адам мен компьютердің (ЭЕМ) өзара байланыс жасау құралы. Бағдарламалау тілдері екі топқа бөлінеді: таза машиналық кодпен, не белгілі бір машина кодына арналып ассемблерде жазылған тіл - төменгі дәрежедегі және жоғарғы дәрежедегі - адам тіліне жақындалған BASIC, Qbasic, Ci, Turbo Pascal т.б. көптеген бағдарламалау тілдері. Мемлекеттік бағдарлама бойынша осы тілдерден Basic, Turbo Pascal, Visual Basic тілдерінің бірін меңгеру ұсынылған.
Паскаль бағдарламалау тілі негізінен француз математигі Блез Паскальдің құрметіне аталған. Ол 1968-1971 жылдарда Никлаус Вирттің Цюрихтағы Жоғарғы Техникалық мектебінде оқыту тілінің бірі ретінде жазылған. Кең қолдана бастауы 1984 жыл, себебі осы жылдары қарапайым қолдануға ыңғайлы Турбо Паскаль компиляторы пайда болды. Жалпы компилятор дегеніміздің өзі - тарнслятордың бір түрі, ал транслятор дегеніміз - белгілі бір компьютер мен бағдарламалау тілі ретінде арналып жазылған бағдарлама, оның міндеті жазылған бағдарламаны машиналық кодқа лезде айналдыру. Турбо Паскаль тілінің негізі Turbo.exe және Turbo.tpl файлдары арқылы берілген. Turbo.exe файлында компилятор, экран редакторы, жүйелегіш орналасса, Turbo.tpl файлында арнайы қойылған функциялар мен процедуралар (көмекші бағдарламалар) кітапханасы жазылған. Қазір жетілдіріле келе мынадай артықшылықтарымен ерекшеленеді:
* Құрылымдық бағдарламалау. Өзінше бөлек блок арқылы тұйық жұмыс істей алатын функциялар мен процедуралар жазып, оны қажет кезінде шақырып пайдалану нәтижесінде бағдарламаның түсініктілігі, қатесін түзету мүмкіндігі молаяды.
* Жоғарыдан төмен біртіндеп құру. Бағдарламашы алдын ала өзіне қажетті міндетті шешу үшін оны бірнеше бөліктерге бөліп, соңында оны іске асыра алады.
* Обьектілі бағдарланған бағдарламалар жасай алу. Бұл мүмкіндік Паскаль тілінің аясын кеңітті, жақсы жақтарын алып басқа бағдарламалау тілдерінде пайдалануға мүмкіндік берді, яғни олармен байланысты арттырды. Кейінгі Delphi бағдарламасы осының бір жемісі деп қарастыруымызға әбден болады.

1.2. Паскаль тілінің негізгі түсінігі
Алфавиті
Паскаль тілінде: латынның әріптері (Аа, ..., Zz) араб цифрлары (0,...,9) және арнайы таңбалар қолданылады. Арнайы таңбалар:
-арифметикалық және салыстыру амалдары (+,-,*,,,, ,=,=,@);
-арифметикалық және логикалық функциялар (DIV,MOD, NOT,AND,OR,IN,SHL,SHR).
-әр түрлі тыныс белгілері:
{} немесе (**)-түсініктеме жазатын жақшалар;
[] - массив индекстерін және жиын элементтерін белгілеу;
() - айнымалы тізімін белгілеу;
` ` - апостроф; := - меншіктеу белгісі;
; - операторлар мен хабарларды ажырату;
: - айнымалыны бөліп көрсету;
= - айнымалының типін типтің сипаттамасынан немесе тұрақтыны өз мәнінен бөліп көрсету;
, - тізім элементтерін ажырату;
Программа құрылымы
Программа келесі бөлімдерден тұруы мүмкін, бұл бөлімдер (тек соңғыдан басқасы) бір-бірінен нүктелі-үтір арқылы ажыратылады:
* программа тақырыбы;
* белгілер бөлімі;
* тұрақтылар бөлімі;
* типтерді сипаттау бөлімі;
* процедура мен функцияларды сипаттау бөлімі;
* программа денесі;
Программалау барысында алдын-ала анықтауды қажет етпейтін мәліметтердің стандартты типтері мен программалаушының өзі анықтайтын типтерді пайдалануға болады.
Стандартты типтер
oo бүтін типтер-SHORTINT, INTEGER, LONGIN, BYTE,WORD;
oo нақты типтер - REAL, SINGLE, DOUBLE, EXTENDED, COMP;
oo логикалық тип -BOOLEAN ; символдық тип CHAR ; жолдық тип STRING ; ASCII - жолдық- PCHAR; текстік файл TEXT;
Басқа типтердің барлығы типтер бөлімінде, айнымалылар немесе тұрақтыларды сипаттау бөлімінде анықталуы қажет. Нақты типтен басқа қарапайым типтер үшін мына функциялар анықталады:
DEC(N) N-ді азайту (қысқарту)
INC(N) N-ді үлкейту (ұзарту)
ORD(N) N-нің рет нөмірі
ODD(N) N-нің жұптығын тексеру
PRED(N) N-нің алдынғы мәні
SUCC(N) N-нің келесі мәні
Нәтижесі бүтін болатын мәліметтердің бүтін типтерімен жұмыс істеу үшін келесі арифметикалық функциялар қолданылады:
ABS(N) N-нің абсолют шамасы
A DIV B бүтін бөлу
A MOD B қалдықты бөлу
+ қосу
* көбейту
- азайту
TRANC(X) Х нақты санның бүтін бөлігі;
ROUND(X) Х нақты санды бүтінге дейін дөңгелектеу;
SQR(X) N санын квадраттау;
Логикалық функциялар: NOT- терістеу; OR - біріктіру немесе логикалық қосу; AND -қиылысу немесе логикалық көбейту; XOR - екінің модулі бойынша қосу.
Стандартты функциялар
ABS(X)-Х-тің абсолют мәні
ARCTAN(X)- Арктангенс Х
COS(X)-Косинус Х
SIN(X)- Синус Х
EXP(X)- е2
FRAC(X)- Х-тің бөлшек бөлігі
ARCCOS(X)=ARCTAN(SQRT(1-SQR(X))X)
ARCSIN(X)=ARCTAN(XSQRT(1-SQR(X)))
Тілдің операторлары
* BEGIN END құрама оператор;
* IF...THEN шартты оператор;
* CASE...OF таңдауоператоры;
* FOR... DO параметрлі қайталау операторы;
* REPEAT... UNTIL шартқа дейін қайталау операторы;
* WHILE... DO әзіргі шартқа байланысты қайталау;

1.3. Турбо Паскаль бағдарламасының жазу ережелері, құрылымы және тілдің әліпбиі
Нұсқауларды (командалар мен операторларды) ЭЕМ-ға түсінікті тілде жазып, жүйелеп, берген ақпаратты өңдеуді іске асыратын тізбені бағдарлама (программа) деп атаймыз. Бағдарламадағы нұсқаулар (командалар мен операторлар) тізбесін жүйелеп жазу кезеңін бағдарламалау дейміз. Бағдарлама жазуда алгоритм ұғымы басты роль атқарады. Алгоритм - орындаушыға белгілі бір мақсатқа, нәтижеге жетуге арналып жазылған нұсқаулардың жүйеленген, әр қадамында бір әрекетті іске асыратын нұсқауды оператор дейміз. Команда бірнеше операторлар қоспасынан да тұруы мүмкін. Есептерді шығарғанда, алгоритм құрғанда белгілі бір ЭЕМ мен бағдарламалау тілінің мүмкіндіктерін ескеру керек. Turbo Pascal-да бағдарлама жазуда мына төмендегі негізгі таңбалар пайдаланылады: Қазақ әліпбиінің бас және кіші әріптері бағдарламалауда тек мәтіндерді өңдеу мен түсініктемелер жазуда ғана қолданылады. Осы жоғарыдағы бағдарлама жазуда пайдаланылатын таңбалар тобын Turbo Pascal әліпбиі деп атаймыз. Бұл таңбалардан бөлек таңбаларды бағдарлама жазуда пайдалана алмаймыз.
Таңба
Аталуы
Таңба
Аталуы
A-Z
латынның бас әріптері
:
қос нүкте
a-z
латынның кіші әріптері
+
қосу белгісі
0-9
арап цифрлары
-
азайту белгісі
Арнайы таңбалар:

бос орын
*
жұлдызша, көбейту белгісі
~
тилда
!
леп белгісі
@
айшық
#
сан белгісі
$
ақша белгісі
%
пайыз белгісі
&
амперсант белгісі
()
жай жақшалар
_
төменгі сызық
=
теңдік белгісі
{}
өрнекті жақшалар
[]
квадрат жақшалар
\
кері көлбеу

көлбеу сызық
;
нүктелі үтір
:
қос нүкте
`
апостроф, жалқы тырнақша
``
тырнақша

кем

артық
,
үтір
.
нүкте
?
сұрау белгісі

Турбо Паскальдің негізгі түйінді сөздері:

AND
OF
ARRAY
OR
NOT
PACKED
BEGIN
PROCEDURE
CASE
RECORD
CONST
PROGRAM
DIV
REPEAT
DO
SET
DOWNTO
THEN
ELSE
TO
END
TYPE
FILE
UNTIL
FOR
VAR
FUCTION
WHILE
GOTO
WDITH
IF
LABEL
MOD

Бағдарлама бірнеше бөлімнен құралып жазылады, мысалы:
Сипаттау бөлімі
Program (Өзіміз қоятын бағдарлама аты жазылады)
Uses (Кітапханалар аттары жазылады)
Label (Бағдарламада қолданылатын белгілер бөлімі)
Const (Тұрақты шамалар жазылады)
Type (Өзіміз анықтайтын айнымалылар көрсетіледі)
Var (Құратын бағдарламамызға қажетті барлық айнымалылар түрі көрсетіліп жазылады)
Процедуралар мен функциялар бөлімі
Procedure (Процедура мәтіні толық жазылады)
Function (Функция мәтіні толық жазылады)
Негізгі бөлім
Begin
Бағдарлама денесі, яғни негізгі нәтижеге жету үшін пайдаланылатын нұсқаулар тізбесі жазылады.
End.
Қарапайым сәлемдесу бағдарламасын құралық:
Program Hello_CHIKO;
Var Name: String; {Мәтіндік шама Name}
BEGIN
Write(`Толық атыңыз кім?') {Сұрақты экранға жазып шығарады}
ReadLn(Name); {Пернешеліктен енгізуді сұрату}
Writeln(`Сәлем,',Name,'!'); {Сәлемдесуді экранға шығару}
ReadLn
END.
Бұл мысалдан мынаны байқауға болады:
1. Сипаттау бөліміндегі түйінді сөздердің қажеттісін ғана пайдалануға ғана болатынын.
2. Бағдарламаның әр нұсқауының соңы нүктелі үтірмен аяқталатынын.
3. Соңғы END түйінді сөзінің соңына нүкте қою керектігін.
Program түйінді сөзінен кейін бағдарлама шартына байланысты өзіміз таңдап алған атты тек латын әліпбиі әріптерін пайдаланып жазамыз.
Сипаттау бөліміндегі түйінді сөздерден кейінгі мәліметтердің жазылуы мына төмендегідей болуы тиіс:
Uses Crt, Graph, Printer, Overlay; т.б. кітапхана аттарыныңқажеттісі үтірмен ажыратылып жазылады. Кітапхананы өзіміз де жасауымызға болады.
Const Pi=3.14159; g=9.81; Тұрақты шамалар аты, содан соң теңдік таңбасы және мәні беріледі. Аралары нүктелі үтірмен ажыратылып жазылады.
Var A, B, C: integer; құратын бағдарламамызға қажетті барлық айнымалылар аттары және олардың қандай шама екенін көрсететін түрі жазылады. Әр түрлі шамалар бөлек-бөлек жазылып, бір тектес шамалар аттары бірнешеу болса аралары үтірмен бөлінеді де, одан соң қос нүкте (:) қойылып, түрі көрсетіледі. Турбо Паскальда стандартты: integer, real, char, boolean сияқты шама түрлері болады.Сондай-ақ Паскальда шамалар түрлерін өзіміз анықтап, жаңа айнымалылар түрлерін көрсетуге де болады.
Type Metal=(Na, K, Al, Fe, Ag);
Ay_kuni=(1..30);
Jaz_ayi=(маусым, шілде, тамыз);
Label A, A3, 4, 5b, 72mk45; (Тек осы белгі атында ғана жеке сан, әріп және әріптер мен сандар қоспасын пайдалана аламыз. Белгілер арасы үтірмен ажыратылып жазылады).

1.4 Турбо Паскальда амалдардың жазылу тәртібі
Амалдар
Амал аты
Математикалық жазылуы
ТР-да жазылуы
+
Қосу
45+95
45+95
-
Азайту
А-В
А-В
*
Көбейту
12 Х 34
12 * 34

Бөлу
65 : 8
64 8
Div
Бүтіндей бөлу

17 div 3
Mod
Қалдықты бөлу

13 mod 4

Турбо Паскальдаквадраттаудан басқа дәрежелеу амалы жоқ. Оны орындату үшін математикалық жолдарды пайдалану керек. Мысалы С дәрежесін С*С*С*С*С, не е түрінде, оны Паскальда айнымалыға меншіктеп былайша жазуға болады:
Dareje:=С*С*С*С*С; немесе Dareje:=EXP(5*Ln(C));

1.5 Турбо Паскаль жұмысының негізгі ортасы мен терезе құрылымы
Турбо Паскальда жұмыс жасау интеграцияланған сайманды қабықшаны (терезе) пайдаланудан басталады. Ол терезе менюлер жолы, жұмыс алаңы және көмекші ақпараттар жолынан тұрады. Менюлер жолын активтендіруді тышқанмен немесе Ғ10 пернесін басу арқылы іске асырамыз. Менюлер жолында Windows стандарты терезесіндегіге ұқсас мынадай менюлер аттары орналасқан: File, Edit, Search, Run, Compile, Debug, Options, Window, Help.
Бұл менюлерді тышқанның сол жақ пернесін шерту арқылы немесе Alt перенесімен меню атының бірінші әрібі (латын) пернесін қосып басу арқылы активтендіреміз. Мысалы Run менюін ашу үшін Alt+R пернесін басамыз, сонда оның ішкі менюлері ашылады. Менюлермен жұмыс істеу Windows-тың стандартты терезелерімен жұмысқа ұқсас.
oo File - файлдармен жұмыс
* New - жаңа файл құру
* Open - алдын ала сақталған файлды ашу
* Save - файлды дискетке сақтау, не Ғ2 басу арқылы
* Save as - файл атын өзгертіп немесе басқа орынға сақтау
* Change dir - каталогты алмастырып қою
* Print - бағдарлама мәтінін баспаға беру
* Dos shell - Dos жүйесіне уақытша шығу
* Exit - ТП жұмысты аяқтау, не Alt+X басу арқылы
oo Edit - peдакциялау
* Undo - соңғы өзгертуді қайта қалпына келтіру
* Redo - өзгертуді орындату
* Cut - мәтін бөлігін қию, не Shift+Del басу арқылы
* Copy - мәтін бөлігін көшіру, не Ctrl+Ins басу арқылы
* Paste - буфердегі мәліметтерді қою, не Shift+Ins басу арқылы
* Clear - мәтіннің белгіленген бөлігін өшіру, не Ctrl+Del басу арқылы
oo Search - іздеу
* Find - мәтін үзіндісін табу
* Replace - мәтін үзіндісін ауыстыру терезесін ашу
* Search again - мәтін үзіндісін қайта іздету
* Go to the line number - нөмірі көрсетілген жолға көшу
* Show last compile error - соңғы қате коды мен бағдарламадағы орнын көрсету
* Find error - бағдарламаны орындар алдындағы қатені табу
* Objects - пайдаланылатын обьектілерді көрсету
* Units - пайдаланылатын модельдерді көрсету
* Globals - пайдаланылатын модульдардың бастыларына сілтеме
* Simbol - пайдаланылатын таңбаларды көрсету
oo Run - орындау
* Run - бағдарламаны орындату, не Ctrl+F9 басу арқылы
* Setup over - қадаммен орындаттыру, не Ғ8 басу арқылы
* Trace into - топқа ену арқылы, не Ғ7 басу арқылы
* Go to cursor - меңзер тұрған жэерге дейін орындату, не Ғ4 басу арқылы
* Program reset - әрекеттегі барлық файлдарды жабу
* Parametrs - параметрлер
oo Compile - компиляциялау (тексеру)
* Compile - бағдарлама мәтіні қатесін тексеру, не Alt+F9 басу арқылы
* Make - бағдарлама құру
* Buld - өзгертуді ескерту
* Find error - қатені іздету
* Information - ағымдағы файл туралы мәлімет шығарту
oo Debug - өзгерту, көру, іздеу
* Evaluate - мәнді бағалау
* Call stack - стек жайын шақыру
* Find procedure - процедураны шақыру
* Integrated debugging On - интеграциялаған түзегіш
* Stand-Alone debugging Off - автономды түзегіш
* Display swapping Start - экранды ауыстыру
* Refrech display - бейнені регенерациялау
oo Options - баптау, әр түрлі күйлер қою
* Compiler - компилятор пайдаланатын параметр терезесін ашу
* Memory sizes - жад көлемін қою
* Linker - жинақтау параметрлерін қою
* Directories - файл орналса алатын каталогтар
* Browser - көру үлгілерін орнату
* Tools - компоненттер орнын беру
* Environment - тышқанмен жұмыс істеу үлгісін беру
* Open - компиляция файлын ашу
* Save - конфигурация файлын сақтау
* Save as - конфигурация файлы атын сақтау
oo Window - терезе түрлері
* Tile - терзелерді ретпен орналастыру
* Cascade - терезелерді бірінің үстіне бірін қойып орналастыру
* Arrange icons - ашық терезе белгісін жасау
* Close all - барлық терезелерді жабу
oo Help - көмекші
* Contents - ағымдағы әрекет туралы көмек алу, не Shift+F1 басу арқылы
* Topic searh - меңзер тұрған сөз туралы көмек алу, не Ctrl+А1, басу арқылы
* Using help - контексті көмек туралы ақпарат алу
* Compiler directivcs - директива туралы көмек алу
* Procedures and functions - стандартты функциялар мен процедуралар туралы көмек алу
* Reserved words - түйінді сөздер туралы көмек алу
* Standart units - стандартты модульдер туралы көмек алу
* Turbo pascal language - тіл туралы көмек алу
* Error messages - қателер туралы көмек алу
* About - жүйе туралы көмек алу.
Жұмыс алаңы - ортаңғы үлкен төртбұрыш. Алғаш жұмыс алаңын (бет) ашқанда оның үстіңгі жағында NONAME00 (аты жоқ) деген файл аты автоматты түрде жазылып шығады. Еске сақтарда бағдарламамызға ат берсек, сол берген атымыз сақталған кезде жазыдып шығады. Сақталған онымыздан жадқа қайта тиесек сол файл атымен тиеледі. Бір мезгілде 10 бетпен жұмыс істей аламыз, сондықтан жоғарғы оң жақ шетінде бет нөмірі көрініп тұрады. Ашылған беттерді активтендіру үшін Alt+[бет нөмірі] пернесін басуымыз қажет. Беттің төменгі оң жақ бұрышында 1:1 жазуы тұрады. Бағдарлама жазған кезде ол өзгереді, мысалы 8:21 болса, ол 8 жолда, 21 бағанға (сол жолдағы 21 таңбаны) жазғанымызды білдіреді. Бағдарлама жазылып біткен соң оны орындату үшін Alt+F9 пернесін бассақ трансляциялау процесі жүріп, синтаксистік қателер тексеріледі. Қате табылса оның коды және қандай қате кеткені жөнінідегі түсініктеме басқа түспен жазылып шығады. Осы қате шыққан жолды меңзер көрсетеді, кейде қате меңзер үстіндегі жолда болады. Қатені бірден тауып түзейміз де қайта орындатамыз. Орындалу нәтижесі интеграцияланған сайманды қабықша астында көрінбей қалып қояды. Оны көру үшін Alt+F5 пернесін басуымыз керек. Қайта интеграцияланған сайманды қабықша оралу үшін кез келген пернеге қол тигізу жеткілікті.
Көмекші ақпараттар жолында мына мәліметтер жазылып тұр:
F1 Help F2 Save F3 Open Alt-F9 Compile F9 Make F10 Menu
Бұл командаларды орындай бастағанымызда, олар туралы түсініктер өзгеріп шығып отырады.
Олардың қолданылу мақсатын мына кестеден біле аламыз:
Перне аты
Орындайтын іс-әрекеті
1
2
Ғ1
Контекстік көмекші терезесін ашады.
Ғ2
Активті терезедегі бағдарламаны сақтау.
Ғ3
Сақталған файлды жадқа тиеу терезесін ашады.
Ғ4
Меңзер тұрған орынға дейін бағдарламамызды орындатып, түзетуге, тексеруге мүмкіндік береді.
Ғ5
Тереземіздің өлшемін өзгертуге мүмкіндік жасайды.
Ғ6
Редакциялау және тікелей орындату терезесін ауыстырып қосады. Қатемізді табуға мүмкіндік аламыз.
Ғ7
Қадам бойынша орындауды (трассировка) әске асырады.
Ғ8
Қадам бойынша орындау. Экраннан көріп отырып орындатуға мүмкіндік аламыз. Функцияны, процедураны қарастырамыз.
Ғ9
Маке тәсілімен компиляциялауды орындату.
Ғ10
Жоғарыда тұрған негізгі менюді активтендіреді.

1.6 Турбо Паскаль жайлы жалпылама мағлұмат
1. Турбо Паскаль тілінің идентификаторлары (ТП)
ТП Идентификаторлары дегеніміз өндірісте пайдаланылатын терілген символдардың жиынтығын айтамыз. Идентификаторларға қойылатын негізгі шарттар (талаптар):
* Идентификатор латын әліпбиінен және сандарынан тұрады.
* Идентификатор әріптен а1 деп басталуы тиіс {"а1", а бірақ керісінше емес "1а"}.
* Идентификатор өте үлкен көлемдегі кез келген логикалық символдардан тұруы мүмкін, бірақ оның тек алғашқы 63 ғана танылады.
* Қызметтік сөздерді идентификатор ретінде пайдалануға болмайды.
* Идентификаторларды жазғанда бос орындарды жазуға болмайды.
2. Турбо Паскаль тілінде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Turbo Pascal жүйесінде массивтерді ұйымдастыру технологиясы
Turbo Pascal тілінің операторлары жайлы
Turbo Pascal жүйесінде жолдарды ұйымдастыру технологиясы
Турбо Паскаль бағдарламысының тарихы
Turbo Pascal 7.0 интегралдық программалау ортасын пайдалану
Паскаль тілі туралы түсінік
Паскаль тілінің операторлары
Турбо Паскаль жүйесінде қосалқы программаларды ұйымдастыру технологиясы туралы
Паскаль тілінде сызықтық бағдарлама құру
Орта мектепте программалау негіздерін оқыту
Пәндер