Валюталық жүйе және оның түрлері жайлы



1 Халықаралық валюталық қатынастар
1.2 Бағамдық айырма түсінігі және оны есепте көрсету
1.3 Дүниежүзілік валюталық жүйе эволюциясы
Валюталық қатынастардың жекелеген элементтері ерте Грецияда және Ертедегі Римде вексель түрінде пайда болған. Келесі даму кезеңіне Лиондағы және Батыс Еуропа елдерінің басқа да сауда орталықтарында ортағасырлық вексель жәрмеңкелері жатады. Мұнда аудармалы вексель (тратта) бойынша есеп айырысулар жүргізілген. Феодализм қарсаңында және өндірістің капиталистік тәсілінің құрылуымен байланысты банктер арқылы халықаралық есеп айырысулар жүйелері дами түсті.
Халықаралық валюталық қатынастар халықаралық экономикалық қатынастарды жалғастырады. Валюталық қатынастардың жағдайы ұлттық және әлемдік экономиканың дамуына, саяси тұрақтылыққа, елдер арасындағы күштердің шекті қатынасына тәуелді болып келеді. Сыртқы экономикалық байланыстарда, оның ішінде валюталық байланыстарда саясат пен экономика, дипло¬матия мен коммерция, өнеркәсіптік өндіріс пен сауда бір-бірімен өзара бітісе байланысуы валюталық қатынастардың ұлттық және әлемдік шаруашылықтары орны ерекшелігін көрсетеді.
Капиталдың шеңбер айналысы процесінде ұлттық нарықтан әлемдік нарыққа қосылуы нәтижесінде ұлттық ақшалардың ішіндегі ақшалай капиталының бір бөлігі шетел валютасына айналады немесе керісінше. Ол көріністі халықаралық есеп айырысуларда, валюталық, несиелік және қаржылық операциялардың барысында байқауға болады.

Пән: Халықаралық қатынастар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
ВАЛЮТАЛЫҚ ЖҮЙЕ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ

Халықаралық валюталық қатынастар - ұлттық шаруашылықтарының
қызметтерінің нәтижесінен өзара қызмет ететін және әлемдік шаруашылықтағы
валюталардың қызмет етуі барысында қалыптасатын қоғамдық қатынастар
жиынтығы.
Валюталық қатынастардың жекелеген элементтері ерте Грецияда және
Ертедегі Римде вексель түрінде пайда болған. Келесі даму кезеңіне Лиондағы
және Батыс Еуропа елдерінің басқа да сауда орталықтарында ортағасырлық
вексель жәрмеңкелері жатады. Мұнда аудармалы вексель (тратта) бойынша есеп
айырысулар жүргізілген. Феодализм қарсаңында және өндірістің капиталистік
тәсілінің құрылуымен байланысты банктер арқылы халықаралық есеп айырысулар
жүйелері дами түсті.
Халықаралық валюталық қатынастар халықаралық экономикалық қатынастарды
жалғастырады. Валюталық қатынастардың жағдайы ұлттық және әлемдік
экономиканың дамуына, саяси тұрақтылыққа, елдер арасындағы күштердің шекті
қатынасына тәуелді болып келеді. Сыртқы экономикалық байланыстарда, оның
ішінде валюталық байланыстарда саясат пен экономика, дипломатия мен
коммерция, өнеркәсіптік өндіріс пен сауда бір-бірімен өзара бітісе
байланысуы валюталық қатынастардың ұлттық және әлемдік шаруашылықтары орны
ерекшелігін көрсетеді.
Капиталдың шеңбер айналысы процесінде ұлттық нарықтан әлемдік нарыққа
қосылуы нәтижесінде ұлттық ақшалардың ішіндегі ақшалай капиталының бір
бөлігі шетел валютасына айналады немесе керісінше. Ол көріністі халықаралық
есеп айырысуларда, валюталық, несиелік және қаржылық операциялардың
барысында байқауға болады.
Шаруашылықтың интернационализациялануы жағдайында ұдайы өндірістің
сыртқы факторларға: әлемдік өндіріс динамикасы, шетелдік ғылым мен техника
деңгейіне, халықаралық сауданың дамуына, шетел капиталының ағымы арта
түседі. Сондықтан да, бұл валюталық қатынастар мен ұдайы өндірістің
арасында тікелей және кері байланыстың болатынын көрсетеді. Халықаралық
валюталық қатынастар тұрақсыздығы мен валюталық дағдарыс ұдайы өндіріс
процесіне кері әсерін тигізеді.
Шаруашылық байланыстардың интернационализациялануы негізінде
халықаралық валюталық қатынастар біртіндеп бір формаларға ие болады.
Валюталық жүйе - ұлттық заңдылықтармен немесе мемлекетаралық
келісімшарттармен бекітілетін валюталық қатынастарды ұйымдастыру және
реттеу формасы.
Валюталық жүйелер үш түрге бөлінеді:
▪ Ұлттық валюталық жүйе.
▪ Дүниежүзілік валюталық жүйе.
▪ Аймақтық немесе мемлекетаралық валюталық жүйе.
Тарихта ұлттық валюталық жүйе ең бірінші қалыптасқан.
Ұлттық валюталық жүйе - халықаралық төлем айналымын жүзеге асыратын,
ұдайы өндіріс процесіне қажетті валюталық ресурсты құрайтын және оны
пайдалануға көмектесетін экономикалық қатынастар жиынтығын білдіреді.
Ұлттық валюталық жүйе - елдің ақша жүйесінің бір бөлігі. Оның
ерекшеліктері елдің құрамдас экономикасының және сыртқы экономикалық
байланыстардың даму дәрежесі мен жағдайына байланысты анықталады.
Ұлттық валюталық жүйе дүниежүзілік валюталық жүйемен тығыз байланысты.
Дүниежүзілік валюталық жүйе XIX ғасырдың ортасына таман құрылған.
Дүниежүзілік валюталық жүйе - бұл халықаралық несие-қаржы институттары
мен валюталық құралдардың қызмет етуін қамтамасыз ететін халықаралық
келісімшарттар мен мемлекетаралық құқықтық нормалар кешенін қамтиды.
Дүниежүзілік валюталық жүйелердің қызмет ету сипаты мен тұрақтылығы
дүниежүзілік шаруашылықтың құрылымдылық қағидаларының сәйкес келуі
дәрежесіне және алдыңғы қатарлы елдердің мүдделеріне байланысты болып
келеді.
Ұлттық және дүниежүзілік валюталық жүйелер арасындағы байланыс пен
айырмашылықтары олардың негізгі элементтерінен көрінеді.
1-кесте
Ұлттық және дүниежүзілік валюталық жүйенің элементтері
Ұлттық валюталық жүйе Дүниежүзілік валюталық жүйе
1) Ұлттық валюта 1) Резервтік валюталар
2) Ұлттық валютаның алмастырылу шарты 2) Валюталардың өзара алмастырылу
шарты
3) Ұлттық валюта паритеті 3) Валюталық паритеттерінің ортақ
режимі
4) Ұлттық валюта бағамының режимі 4) Валюталық бағамдар режимінің
регламентациясы
5) Валюталық шектеудің, валюталық 5) Валюталық шектеуді
бақылаудың болуы немесе болмауы мемлекета-ралық реттеу
6) Елдің халықаралық валюталық 6) Халықаралық валюталық өтімділікті
өтімділігін ұлттық реттеу мемлекетаралық реттеу
7) Халықаралық несиелік айналыс 7) Халықаралық несиелік айналыс
құралдарын пайдалануды регламенттеу құралдарын пайдаланудың
ереже-лерінің біртұтастығы
8) Елдің халықаралық есеп 8) Халықаралық есеп айырысудың
айыры-суларын регламенттеу негізгі формаларының біртұтастығы
9) Ұлттық валюталық нарық пен алтын 9) Дүниежүзілік валюталық нарық-тар
нарығының режимі мен алтын нарықтарының режимі
10) Елдің валюталық қатынастарын 10) Мемлекетаралық валюталық
басқаратын және реттейтін ұлттық реттеуді жүзеге асыратын
ұйымдары халықара-лық ұйымдар

Аумақтық валюталық жүйе өнеркәсібі дамыған елдердегі әлемдік валюталық
жүйе төңірегінде құрылады. Мысалы, Еуропалық валюталық жүйе (ЕВЖ) - бұл
Еуропалық қоғамдастыққа мүше елдердің валюта аумағында ұйымдастырылу -
экономикалық формасындағы қатынастарды білдіреді.
Мұндағы, валюталық паритет - валюталық бағамның негізі болып табылатын
заңды тәртіпте белгіленетін екі валюта арасындағы шекті қатынасы.
ХВҚ жарғысы бойынша валюталық паритет СДР негізінде (арнайы қарыз алу
құқығы) белгіленеді.
Егер де ұлттық валюталық жүйе ұлттық валютаға, яғни елдің ақша
бірлігіне негізделсе, ал дүниежүзілік валюталық жүйе - бір немесе бірнеше
резервтік валюталарға немесе халықаралық есептеу бірліктеріне негізделеді.
Резервтік валюта - бұл басқа елдер үшін валюталық паритет пен валюталық
бағамды анықтауда негіз ретінде қызмет ететін және валюталар бағамын реттеу
мақсатында валюталық интервенция жүргізуде пайдаланылатын халықаралық төлем
және резерв құралы қызметін атқаратын, элемнін, алдыңғы қатарлы елдерінің
еркін ауыстырылатын ұлттық валюталары.
Валюта - бұл біріншіден, сол елдің ақша бірлігі; екіншіден, шетел
мемлекеттерінің ақша белгілері; үшіншіден, халықаралық есептесу бірліктері
және төлем құралы (СДР, еуро).
Валюталық бағам - бір елдің ақша бірлігінің екінші бір елдің ақша
бірлігіне қатысты бейнеленетін бағасы.
Валюталық бағамның қажеттігі:
1) тауарлар мен қызметтермен сауда-саттықта, капиталдар мен несиелер
қозғалысы барысында өзара валюталарды айырбастайды. Импортер ұлттық
валютасын шетелден тауар алғаны үшін шетел валютасына ауыстырады.
2) дүниежүзілік және ұлттық нарықтағы бағаларды, сол сияқты эр елдің
құндық көрсеткіштерін салыстыруға;
3) фирмалардың және банктердің шетел валютасындағы шоттарын үздіксіз
қайта бағалап отыруға.
Валюталық бағамға әсер ететін факторлар ықпал етеді:
• Инфляция қарқыны. Инфляция қаншалықты жоғары болса, ол елдің
валютасының бағамы төмен болады. Ақшаның инфляциялық құнсыздануы, ол ел
валютасының төлем қабілеттігін және басқа елдің валютасына қатысты бағамын
төмендетеді.
• Төлем балансының жағдайы. Егер де төлем балансынының жағдайы
активті болса, онда шетелдік борышқорлар жақтан ұлттық валютаға сұраныс
өсіп, ұлттық валютаның курсын жоғарылатуга мүмкіндік береді, ал пассивтік
болса, борышқорлар оларды өздерінің сыртқы міндеттемелерін өтеу үшін шетел
валютасына сатып, ұлттық валюта бағамын төмендетеді.
• Әр елдегі пайыз мөлшерлемесіндегі айырма. Бұл фактордың валюталық
бағамға әсері екі жағдаймен болады: а) Елдегі пайыз мөлшерлемесіндегі
өзгерістер, капиталдың халықаралық қозғалысына, ең ал дымен, қысқа мерзімді
қозғалысына әсер етеді. Шын мәнінде пайыз мөлшерлемесінің өсуі, шетел
капиталының ішке ағылуын ынталандырып, ал оның төмендеуі ұлттық капиталдың
шетелге шығуына жол береді; ә) пайыз мөлшерлемесі валюталық нарықтағы
операцияларға және ссуданың капитал-дар нарығына әсер етеді, яғни шетелден
арзан несие алып, оны ішкі нарыққа орналастырады.
• Валюталық нарықтар қызметі мен алып-сатарлық валюталық операциялар.
Егер қандай да бір валюта бағамы түсетін болса, оны банктер тез арада
тұрақты валютаға сатуға тырысады.
• Белгілі бір валютаның Еуронарықта және халықаралық есеп айырысуда
пайдалану дәрежесі. Мысалға: Еуробанктер 60-70% операцияларын АҚШ ($)
долларымен жасағандықтан оған деген сұраныс пен ұсыныс ауқымы анықталады.
• Халықаралық төлемдердің жеделдетілуі немесе кешіктірілуі де
валюталар бағамына әсер етеді.
• Валютаға деген ұлттық және халықаралық нарықтагы сенімділік
дәрежесі.
• Валюталық саясат. Нарықтың және мемлекеттік реттеудің шекті
қатынасы оның динамикасына әсер етеді.

1.2 Бағамдық айырма түсінігі және оны есепте көрсету

Валюталық бағамның ауытқуы бағамдық айырма сомасы пайда болуына
себепші. Бағамдық айырмалар – валюталық активтер мен пассивтерді
бухгалтерлік есепте оларды тіркеу кезіндегі бағам бойынша және есеп
айырысулар жүзінде атқарылған уақыттағы бағалаулар арасындағы сомалық
айырмалар.
Шетелдік валютамен жасалған операциялар есебі №9 бухгалтерлік есеп
стандарттарына сәйкес шетелдік валютамен жасалған операциялар болып субъект
шетелдік валютаға мүлік сатып алатын немесе сататьш шетелдік валютамен
кредиттер алатын не болмаса беретін шетелдік валютаға активтерді ауыстырып,
активтерде сататын мәмілелер табылады. Валютамен операциялар бойынша
бухгалтерлік есептегі жазбалар атқарылған кезіндегі нарықтық бағам бойынша
саналған. Казақстан Республикасының валютасымен шоттарда көрсету тиіс.
ҚР валютасына қатысты шетел валютасының бағамы - ол басқа ұлттық немесе
халықаралық валюта бағасын теңгемен көрсету болып табылады. Ол биржадағы,
банкаралық нарықта сұраныс пен ұсыныстар негізінде, коммерциялық банктер
мен басқа заңды тұлғалар мен азаматтардың яғни валюталық ішкі нарықта
валютаны сату-сатып алуда қалыптасады.
Коммерциялық банктерде валютаны сатып алу-сату бағамдары, аукциондық
және биржалық бағамдар шетелдік валютаны нақты коммерциялық банктерде,
айырбас пункттерінде, валюталық аукциондар мен биржаларда сатып алу мен
сату бойынша - герациялар жасау үшін арналған.
Бағамдық айырмалар нарықтық бағамдардың шаруашылық операциясын жасау
мен есеп айырысу кезі арасындағы, яғни дебиторлық немесе кредиторлық
берешекті толық немесе жарым-жартылай өтеу кезеңінде болған өзгерістердің
нәтижесінде пайда болады. Бағамнын жағымды дамыған кезінде жағымды, ал
жағымсыз болғанында теріс бағамдық айырмалар пайда болады.
Бағамдық айырмалар мынандай жағдайда пайда болады:
а) импорттық операцияларда ұлттық валютадағы тауардың мәмілелік кұны
баламасының шот-фактурада (инвойсте) көрсетілген уақыты ақшалай қаражатты,
оны багалауға дейінгі немесе жабдықтаушылар мен мердігерлермен есеп айырысу
боойынша пайда болған дебиторлық немесе кредиторлық берешекті кеміту
жолымен аудару ай-құні, жылы арасында.
Мысал:
Кәсіпорын есеп құжаттарын жазған құніндегі 1 долларға 153.5 теңгелік
нарық бағамы бойынша 2000 долл. материал сатып алды.
Материалдарды кіріске алғанда мынандай бухгалтерлік жазбалар жасау
кажет:
201 Материалдар шот дебеті 671 Төленуге тиісті шоттар шот кредиті
307 000 теңге (2000 долл.-153.5).
І нұсқа:
Төлем 1 долл. 154.2 теңге болған доллар бағамы кезінде 20 құннен соң
жасалды.
671 Төленуге тиісті шоттар шот дебеті 431 Ел ішіндегі валюталық
шоттағы ақша шот кредиті 308 400 теңге (2000 долл.-154.2).
Теріс бағамдық айырма пайда болды (шетелдік жабдықтаушы алдындағы
кредиторлық берешек 307 000 теңге, бағам өзгеруі салдарынан 308 400 теңге
нақтылай төленеді), бұл бухгалтерлік жазбада былайша көрсетіледі:
844 Бағам айырмасы бойынша шығындар шот дебеті 671 Төленуге тиісті
шоттар шот кредиті 1400 теңге (308 400-307 000=1400)
II нұсқа:
Егер төлем құнінде доллар бағамы 1 долл. 153 теңге болса.
671 Төленуге тиісті шоттар шот дебеті 431 Ел ішіндегі валюталық
шоттағы ақша шот кредиті 306 000 теңге (2000 долл.-153).
Бағамдық айырма он (шетелдік жабдықтаушы алдындағы кредиторлық берешек
367 000 теңге бағам өзгеруі салдарынан 306 000 теңге нақтылай төленеді)
бухгалтерлік жазбада былайша көрсетіледі:
671 Төленуге тиісті шоттар шот дебеті 725 Бағамдар айырмашылығынан
алынатын кіріс шот кредиті 1000 теңге (307 000 - 306 000 = 1000).
ә) экспорт операциялары бойынша өткізілген уақытымен ұлттық валютадағы
келісім-шарттық құн баламасы мен ақшалай қаражаттың түсуі арасында.
Мысалы:
Шетелдік сатып алушыға 5 000 долл. өнім 1 долларға 153.5 теңге бағамы
бойынша есептік-ақшалай құжаттар жазу уақытымен.
Тауар құны 765 500 теңге.
Өнімнія езіндік құны 405 000 теңге.
Тиелген өнімнің нақты өзіндік құнына.
801 Сатылған дайын өнімнің өзіндік құны шот дебеті 221 Дайын өнім
шот кредиті 405 000 теңге.
Тиелген өнімнің келісім-шарттық құнымен жабдықтаушыға шот қойылды:
301 Алуға арналған есептеулер шот дебеті 701 Дайын өнімді сатудан
алынатын кіріс шот кредиті 765 500 (5 000 долл.-153.5).
I нүска:
Телем 15 күннен соң атқарылды. Валюталық шотқа қаражатты қосып
есептелген күні 1 долл. бағамы 153.7 теңге құрады.
431 Ел ішіндегі валюталық шоттағы ақша шот дебеті 301 Алуға арналған
есептеулер шот кредиті 768 500 (5000 долл.- 3 53,7).
Оң бағамдық айырма пайда болды ("шетелдік сатып алушының дебиторлық
берешегі 765 500 бағам өзгеруі салымдарынан ұйымның шотына 768 500
нақтылай түсті):
301 Алуға арналған есептеулер шот дебеті 725 Бағамдар
айырмашылығынан алынатын кіріс шоты кредиті 3 000 (765 500 -- 768 500).
II нұсқа:
Егер доллар бағамы түссе және валюталық шотқа қаражат қосып есептелген
құны 1 долл. бағам 153.2 теңгені кұрады.
431 Ел ішіндегі валюталық шоттағы акша ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақша рыногының теориялық негіздері
Валюталық нарыққа қатысушылар
Халықаралық банктік есепайырысу
Ақша қаражаттарының жалпы сипаттамасы. Кәсіпорындағы ақша қаражаттарының есебі
ВАЛЮТАЛЫҚ ЖҮЙЕ ЖӘНЕ ВАЛЮТАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ МЕН МАҢЫЗЫ
Валюталық бағам және валюталық нарық
Валюталық жүйе және валюталық қатынастар туралы
Қазақстан Республикасы ұлттық банкінің ақша-несие және валюталық саясаты
Нарықтық экономикадағы қаржы жүйесі
ӘЛЕМДІК ВАЛЮТАЛЫҚ ЖҮЙЕНІҢ ЭВОЛЮЦИЯСЫ
Пәндер