Бейнелеу өнері пәні барысында бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымын қалыптастыру



Аннотация ... ... ... ... .5
Нормативтік сілтемелер ... ... ... ... ... ... ... ... 6
Анықтамалар ... ... ... ... ... ...7
Кіріспе ... ... ... ...8.10
1 Бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымын қалыптастырудың педагогикалық мәселелері
1.1 Бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымын қалыптастырудың педагогикалық.психологиялық ерекшеліктері ... ... ... .11.20
1.2 Бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымын қалыптастыру мәселесінің зерттелу жағдайы ... ... ... ... ... ... 21.27
2 Бастауыш сыныптарда бейнелеу өнері сабағы арқылы оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру әдістемесі
2.1 Бейнелеу өнері сабақтарында оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру мүмкіндіктері ... ... ... ... ... ... .28.35
2.2 Бейнелеу өнері сабақтары арқылы оқушылардың дүниетанымын қалыптастырудың әдіс.тәсілдері, оны жетілдіру жолдары ... ... ... ... ... ... 36.47
2.3 Іс.тәжірибе барысындағы әдістемелік сабақ жоспарларының үлгілері ... ... ..48.63

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .64.65

Пайдаланылған әдебиеттер
: Қазақстанда болып жатқан әлеуметтік-экономикалық жаңару, барлық салаға айтарлықтай өзгерістер енгізді. Елбасы Н.Ә. Назарбаев халыққа жолдауында Қазақстан әлемдегі бәсекеге барынша Қабілетті 50 елдің қатарына кіру міндеттерін қойып отыр. Сонымен қатар қоғам алдында білім беру жүйесін модернизациялау- жылдық мектеп жүйесіне көшу мақсатыда тұр. Бұл жағдайда педагогика ғылымының алдында қоғам санасының аталмыш сферасының жаңа тиімді болатындай даму жолдарын іздестіру міндеттері тұр[1]. Жеке тұлға- өзіндік құндылық. Оның дамуы мен қалыптасуы мектепте оқыту мен тәрбиелеудің басты мақсаты болуы керек. Бұл жөнінде ежелден-ақ Ұлы ойшылдарымыз әл-Фараби, Ж. Баласағұн, ұлы Абай ерекше толғанған, сондықтан, еңбектерінде адамның жеке басын, дүниетанымын дамыту үнемі көтеріп отырған. Дүниетанымның қалыптасуы- күрделі әлеуметтік- педагогикалық мәселе. Педагогика тарихы мен мектеп тәжіриебесінде бұл мәселені шешудің үлкен және құнды тәжірибесі жинақталған. Ғылыми білім берудің негізгі бағыты –адамды қоғамның ең маңызды құндылығы ретінде тану , оның рухани жан дүниесінің баюына, саяси көзқарасы мен шығармашылық белсенділігінің, кәсіби іскерлігінің жоғары деңгейде қалыптасуына толық мүмкіндік беру., жағдай жасау. Жалпы бастауыш білім берудің мемлекеттік стандарттарында өскелең ұрпақтың дамуы, ғылыми дүниетаным қалыптастыруының айқын бағыттары көрсетілген[2]. Себебі ғылыми дүниетаным – қоғамдық сананың ең жалпы және жоғарғы формасы. Адам дамуының дүниетанымының мәні мен маңызын ашуда әсіресе Қорқыттың, Әл-Фарабидің, Қ.А..Яссауидің, Абайдың және тағыда басқа ойшылдарымыздың көзқарастары анықталып, дүниетанымның өмір, табиғат заңдылықтарының алатын орны ерекше екендігі көрсетілді. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев: «Ғасырлар мақсаты – қоғамның нарықтық қарым – қатынасқа көшу кезінде саяси – экономикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын, ізгіленген ХХІ ғасырды құрушы, іскер, өмірге икемделген, жан – жақты мәдениетті жеке тұлғаны қалыптастыру», - деп тұжырым жасады[3].
Қоғамның осындай дарынды адамдарға деген қажеттілігін қанағаттандыру талабы білім беру жүйесінің алдына баланың жеке қабілеті мен әлеуметтік белсенділігінің дамуына жол ашу, шығармашылық қабілеті зор жеке тұлғаны қалыптастыру міндетін қойып отыр. Елбасының жолдауы «Қазақстан-2050» саяси бағыты» жаңа саяси бағыт қазақстандықтардың өмірінің барлық саласын қамтиды.
1. Қ.Р.Президентінің Қазақстан халқына жолдауы. 17 январь 2014.
2. Жалпы білім беретін мектептің 1-4 сыныптарына арналған «Музыка», «Бейнелеу өнері» оқу бағдарламалары – Астана, 2013. – 32 б.
3. Қ.Р.Президентінің «Қазақстан 2050 стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына жолдауы.
4. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2014 жылғы 11 қараша.
5. Қ.Р.Президентінің «Қазақстан 2050 стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына жолдауы.
6. Бержанов Қ., Мусин С. Педагогика тарихы. - Алматы, 1984.
7. Әбиев Ж..Ә., Бабаев С.Б., Құдиярова А.М., „Педагогика“ А.-2004.
8. Жарықбаев Қ.Б., Қалиев С.Қ. Қазақ тәлім-тәрбиесі.-Алматы: 1995.
9. Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық. — Алматы: «Жеті жарғы» баспасы, 2008 жыл. ISBN 9965-11-274-6
10. Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3
11. Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет.ISBN 9965-822-10-7
12. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Әлеуметтану және саясаттану бойынша / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2006.
13. Назарбаев Н.Ә. Инновациялар мен оқу-білімді жетілдіру арқылы білім экономикасына //Егемен Қазақстан, №115, 2006 жыл, 27 мамыр.
14. Нұрғалиев Р.Н., Ақмамбетов Ғ.Ғ. Философиялық сөздік Алматы: «Қазақ энциклопедиясы». 1996.
15.Амантурлин Ш.Орысша-қазақша-ағылшынша педагогикалық-психологиялық сөздік / - Алматы, 2007.
16. Орынбеков М. Ежелгі қазақтың дүниетанымы, А., 1996
17. Кішібеков Д., Сыдықов Ұ. Философия. Алматы 2000.
18. Асқарова. М.Оқушылардың ғылыми материалистік көзқарасының қалыптасуы. - Алматы: Мектеп, 1976
19. Аймаганбетова Қ. „Бастауыш сыныптарда дүниетануды оқытудың теориялық негіздері“. Алматы 2003.
20.Мясищев В. Н. психология отношений избранные психологические труды под редакцией а. а. бодалева москва - воронеж 1995 г.
21. Аманжолов С. Эстетикалық тәрбие және халықтық бейнелеу өнері. –Қазақстан мектебі. 1990 ж. №12.
22. Ушинский К. Д. Таңдамалы педагогикалық – шығармалары 1955.
23. Байділдаев М., Мағауин. М «Бес ғасыр жырлайды» - 1984 ж.
24. Жарықбаев Қ.Б., Қалиев С.Қ. Қазақ тәлім-тәрбиесі.-Алматы: 1995.
25. Выготский. Л.С. Проблема культурного развития ребенка М:,- 1928.
26. Тәжібаев Т. Жалпы психология. Алматы 1993.
27. Жарықбаев Қ.Б., Қалиев С.Қ. Қазақ тәлім-тәрбиесі.-Алматы: 1995.
28. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М.. Педагогика. - Алматы, 2000.
29. Скаткин.М.Н. Методология и методика педагогических исследований / — М., 1986.
30. Уәлиханов Ш. Таңдамалы шығармалары. Алма-Ата, 1958
31. Алтынсарин Ы. Таңдамалы шығармалары. 3 томдық, А., 1953
32. Құнанбаев А. Шығармалары. ІІ том. – А.: Жазушы, 1995.
33. Құдайбердіұлы Ш. Шығармалары. – А.: Жібек жолы, 2006.
34. Теплов Б.М. Проблемы индивидуальных различий. - М., 1961.
35. Қарғабекова Р., Жубаниязова Г. «Бейнелеу өнерінің тарихы». Алматы-2004ж; 125-бет.
36. Виппер Б.Р. «Введение в историческое изучение искусства». Москва, «Изобратительное».
37. Жаңбыршиев О. «Кескіндеменің техникасы мен технологиясы». Алматы-2004.
38. Шипанов А.С. «Әуесқой жас суретшілер мен мүсіншілер». Алматы. «Мектеп».
39. Кузин В.С. Изобразительное искусство и методика его преподования в начальных классах. М. 1984.
40. Марғұлан Ә. «Қазақтың сәндік қолданбалы өнері». -Алматы: Өнер. 1989. 2 том.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 64 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Аннотация ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 5

Нормативтік
сілтемелер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 6

Анықтамалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 7

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8-10

1 Бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымын қалыптастырудың
педагогикалық мәселелері

1.1 Бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымын қалыптастырудың
педагогикалық-психологиялық
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... 11-20

2. Бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымын қалыптастыру
мәселесінің зерттелу жағдайы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... .21-27

2 Бастауыш сыныптарда бейнелеу өнері сабағы арқылы оқушылардың
дүниетанымын қалыптастыру әдістемесі

1. Бейнелеу өнері сабақтарында оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру
мүмкіндіктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... .28-35
2. Бейнелеу өнері сабақтары арқылы оқушылардың дүниетанымын
қалыптастырудың әдіс-тәсілдері, оны жетілдіру
жолдары ... ... ... ... ... ... 36-4 7

3. Іс-тәжірибе барысындағы әдістемелік сабақ жоспарларының
үлгілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 48-63

Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... 64-65

Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
6-67

Аннотация

В дипломной работе рассматривается обеспечение основы познания
мировозрения учеников начальных классов через рисование, основные
обязанности начальных школ развивать в учениках личность, обеспечить первые
навыки построения, науки и учебы, обеспечить первые навыки постраения,
науки и учебы, обеспечить доверие в себя, познать окружающую среду,
делопроизводительность. Основа познание мировозрение через рисование дает
возможность расскрывать активный интерес на природные явления.

In the thesis work рroviding of basis of cognition of world view
students of initial classes is here examined through drawing, basic duties
of initial schools to develop personality in students, provide the first
skills of construction, science and studies, provide the first skills of,
sciences and studies, provide a trust in itself, to get to know an
environment. Basis cognition of world view through drawing gives an
opportunity of active interest on the natural phe give stopped.

Нормативтік сілтемелер

Бұл дипломдық жұмыста келесі нормативтік сілтемелер көрсетілген:

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына
Нұрлы жол – болашаққа бастар жол Жолдауы. сайт интернет.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына
Жолдауы. Егемен Қазақстан, 28 қаңтар 2012.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту
Тұжырымдамасының (2003ж. 27.12) мақсаты
Жас ұрпаққа адамгершілік – эстетикалық тәрбие беру концепциясы
Қазақстан мұғалімі газеті, 11.08.1998. – 2 б
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту
Тұжырымдамасы. (2003ж. 27.12.)
Назарбаев Н. Қазақстан – 2030 - Алматы: Білім, 1997. – 256 б.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру
стандарты Жалпы бастауыш білім. Алматы: РКБ, 2003 – 46-58 б.

Анықтамалар

Дүниетаным - адамның өзіне, әлемге, өзінің әлемдегі орнына деген
көзқарастар жүйесі.

Көзқарастар - баланың өзі сенетін білімдері, ұғымдары, практикадан
шығарған теориялық тұжырымдары, ұсыныстары.

Ойша талдауды дамыту дегеніміз - бұл жүйелі жаттығулар арқылы заттардың
құрылымды негізін ашып береді. Оқушы танып-білуге және шығармашылыққа
қажетті затты, нәрсені немесе құбылысты санасында түсінуі.

Бейнелеу өнерін оқыту әдісі дегеніміз — мұғалімнің бейнелеу өнері
сабақтарында оқушылардың бейнелеу іс-әрекетіне басшылық ету тәсілдерінің
жүйесі.

Таным дегеніміз – обьективтік шындықты адамның ойында бейнелейтін және
қайта жаңғыртатын қоғамдық іс – әрекеттің барысы. Ақиқатқа жетудің,
обьективті шындықты танудың диалектикалық жолы Нақты пайымдаудан
абстрактілі ойлауға, одан тәжірибеге көшу - болып табылады. Таным
барысында ойлаудың түрлі тәсілдері пайдаланылады (анализ, синтез, дедукция,
индукция, абстракция).

Танымдық қызығулар – оқуға, ғылымға қызығу. Қызығу балаларда қарапайым
тану қызығулары болып көрінуден басталады. Ол көбінесе балалардың
бейімділігіне қарай көрінеді. Қызығу пәрменді, белсенді болуы қажет, ол
үшін бала тікелей әрекетпен айналысуы тиіс. Мұғалім балалардың қызығуын
тәрбилеуде оларға әлі де онша мәлім емес жанама қызығуларын тауып, соларды
тұрақтандыру жағын ойластыруы қажет. Сонда ғана бала рухани өмірге бай,
босқа зерігуді білмейтін, еңбек сүйетін жан – жақты қабілетті тұлға болып
шығады.

Ойлау – сезім мүшелері арқылы алынған мәліметтерді өңдейді. Ойлау
барлық психикалық үдерістерді қамтиды. Ойлаудың дамуы адамның нақтылы іс –
әрекетіне тығыз байланысты. Ойлаудың екі түрі болады, біріншісі, біреуден
естіген немесе көпшілікке әйгілі мағлұматтарды қайталау. Екіншісі, ойлаудың
ойланып – толғануға байланысты түрі.

Кіріспе

Зерттеудің өзектілігі:  Қазақстанда болып жатқан әлеуметтік-
экономикалық жаңару, барлық салаға айтарлықтай өзгерістер енгізді. Елбасы
Н.Ә. Назарбаев халыққа жолдауында Қазақстан әлемдегі бәсекеге барынша
Қабілетті 50 елдің қатарына кіру міндеттерін қойып отыр. Сонымен қатар
қоғам алдында білім беру жүйесін модернизациялау- жылдық мектеп жүйесіне
көшу мақсатыда тұр. Бұл жағдайда педагогика ғылымының алдында қоғам
санасының аталмыш сферасының жаңа тиімді болатындай даму жолдарын іздестіру
міндеттері тұр[1]. Жеке тұлға- өзіндік құндылық. Оның дамуы мен қалыптасуы
мектепте оқыту мен тәрбиелеудің басты мақсаты болуы керек. Бұл жөнінде
ежелден-ақ Ұлы ойшылдарымыз әл-Фараби, Ж. Баласағұн, ұлы Абай ерекше
толғанған, сондықтан, еңбектерінде адамның жеке басын, дүниетанымын дамыту
үнемі көтеріп отырған. Дүниетанымның қалыптасуы- күрделі әлеуметтік-
педагогикалық мәселе. Педагогика тарихы мен мектеп тәжіриебесінде бұл
мәселені шешудің үлкен және құнды тәжірибесі жинақталған. Ғылыми білім
берудің негізгі бағыты –адамды қоғамның ең маңызды құндылығы ретінде тану ,
оның рухани жан дүниесінің баюына, саяси көзқарасы мен шығармашылық
белсенділігінің, кәсіби іскерлігінің жоғары деңгейде қалыптасуына толық
мүмкіндік беру., жағдай жасау. Жалпы бастауыш білім берудің мемлекеттік
стандарттарында өскелең ұрпақтың дамуы, ғылыми дүниетаным қалыптастыруының
айқын бағыттары көрсетілген[2]. Себебі ғылыми дүниетаным – қоғамдық сананың
ең жалпы және жоғарғы формасы. Адам дамуының дүниетанымының мәні мен
маңызын ашуда әсіресе Қорқыттың, Әл-Фарабидің, Қ.А..Яссауидің, Абайдың және
тағыда басқа ойшылдарымыздың көзқарастары анықталып, дүниетанымның өмір,
табиғат заңдылықтарының алатын орны ерекше екендігі көрсетілді. Қазақстан
Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев: Ғасырлар мақсаты – қоғамның
нарықтық қарым – қатынасқа көшу кезінде саяси – экономикалық және рухани
дағдарыстарды жеңіп шыға алатын, ізгіленген ХХІ ғасырды құрушы, іскер,
өмірге икемделген, жан – жақты мәдениетті жеке тұлғаны қалыптастыру, - деп
тұжырым жасады[3].
Қоғамның осындай дарынды адамдарға деген қажеттілігін қанағаттандыру талабы
білім беру жүйесінің алдына баланың жеке қабілеті мен әлеуметтік
белсенділігінің дамуына жол ашу, шығармашылық  қабілеті зор жеке тұлғаны
қалыптастыру міндетін қойып отыр.  Елбасының жолдауы Қазақстан-2050 саяси
бағыты жаңа саяси бағыт қазақстандықтардың өмірінің барлық саласын
қамтиды. Елбасының бұл жылғы жолдауы еліміздің алдағы жылдарға жоспарланған
стратегиялық мақсаттармен міндеттерін айқындалған бүкіл халыққа, жалпы
ортақ еңбек қоғамына үндеген аса маңызды құжат болып табылады[4]. Елбасының
биылғы Жолдауы - еліміздің өркендеуінің алғышарты. Әр жыл сайынғы Президент
жолдауы өз жаңалықтарымен, құнды идеяларымен, еліміздің жаңғыруына,
өркендеуіне негіз болатын салмақты тұжырымдармен ерекшеленеді. Өйткені
Перзидент Жолдауы еліміз үшін жыл сайынғы басты құжат. Барлық уақытта да
және қазіргі уақытта да басты мәселелердің бірі болашақ өскелең ұрпақтың
тәрбиесі мен білім алуында ұстаздардың атқаратын рөлі ерекше болып отыр.
Тәуелсіз еліміздің келешегі, оның әлемдік өркениеттегі өз орны, ең алдымен
білім мен тәрбиенің бастауы – ұстаз қолында - деп атап көрсеткен болатын.
Қазақстан – 2030 бағдарламасында жүзеге асырылу сөз болып, іс-тәжірибеде
көрінуде, енді Қазақстан – 2050 стратегиялық бағдарламада ол одан да
дамытылады, бұл арада мектептің орны айрықша[5].
Осы қазіргі уақытта білімнің кең көлемді қоры жиылған заманымызда
бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымын қалыптастыру мәселесіне тоқталып
өтетін болсақ: оқытудың әр түрлі әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, терең
білімді, ізденімпаз, барлық іс-әрекеттерінде шығармашылық бағыт ұстанатын,
сол тұрғыда өз болмысын таныта алатын жеке тұлға тәрбиелеу ісіне ерекше мән
берілуде. Демек, мектептегі бейнелеу өнерін оқыту барысы оқушылардың
дүниетанымын қалыптастырып, дамытуына жол ашуы қажет. Дүниетаным - оқушының
оқуға, білуге деген ынта-ықыласының, құштарлығының көрінісі болып саналады.
Бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымын қалыптастыру - бейнелеу өнері
пәніне байланысты ұйымдастырылған эстетикалық тәрбиені қатар жүргізетін,
шығармашылық пен оқушының психикалық дамуын, танымы мен қиялын арттыратын
ұзақ әрі кең ауқымды үрдіс. Қорқыт атаның, Әл-Фарабидің, Қ.А.Ясауидің,
Абайдың, Шәкәрімнің т.б. адам дамуындағы дүниетанымның мәні мен маңызын
ашуда көзқарастары анықталып, дүниені танудың, өмір, табиғат
заңдылықтарының алатын орны ерекше екендігі көрсетілді[6].
Тұлға дүниетанымының теориялық, интеллектуалдық, практикалық сипатын
ашумен психологтар С.Л.Рубинштейн, А.С.Леонтьев, А.Ковалев, К.К.Платонов,
Л.Н.Божович, Р.С.Немов, А.В.Петровский, Л.В.Занков, В.В.Давыдов,
Д.Б.Эльконин, А.С.Асмолов, Т.Тәжібаев, М.Мұқанов, Қ.Жарықбаев, С.Жакупов,
Ж.И.Намазбаева, Қ.Шериязданова т.б. шұғылданып, өз еңбектерінде ғылыми-
теориялық және әдістемелік жағынан айқындап берді[7].
Бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымының ерекшеліктерін, оның жеке
тұлғаның дамуымен өзара байланыстарын Б.Т.Лихачев, И.Лернер,
Ю.К.Бабанский, В.Беспалько, К.Жүнісова, Р.М.Қоянбаев т.б. педагогикалық
зерттеулерінде қарастырды және олардың дүниетанымын қалыптастырудағы
білімнің рөлі, оқушылар іс-әрекеті мен ұстанымдарының мәні, оған қажетті
жағдайлар туралы А.С.Леонтьев, В.А.Крутецкий, Д.Б.Эльконин, С.Жакупов т.б.
зерттеген[8].
Бейнелеу өнері арқылы оқушылардың дүниетанымын қалыптастырудың жүзеге
асырылуының теориялық және әдістемелік зерттеулері И.Г.Песталоцци,
П.П.Чистяков, Н.Н.Ростовцев, К.Ф.Юон, В.С.Кузин, Б.П.Юсов, П.Я.Шпикалова,
Қ.Ералин, С.Смаилов, М.Абдирасилов, Б.Әлмұхамбетов, Ж.Балкенов, Ә.Камаков,
Қ.Болатбаев, К.Құдабаева т.б. еңбектерінде жан-жақты анықталған.
Зерттеу мақсаты: Бейнелеу өнері пәні барысында бастауыш сынып
оқушыларының дүниетанымын қалыптастыру.
Зерттеу нысаны: бейнелеу өнері пәнін оқыту барысында бастауыш сынып
оқушыларының дүниетанымын қалыптастыру мәселелері.
Зерттеу пәні: Бастауыш сыныптардағы бейнелеу өнері пәні.
Зерттеудің міндеттері:
- Бастауыш сыныптарда оқушылардың дүниетанымын қалыптастырудың
теориялық негіздерін зерттеу;
- Бастауыш сыныптарда оқушылардың дүниетанымын қалыптастыруда бейнелеу
өнері пәнінің маңызын анықтау;
- 2-сыныпта бейнелеу өнері пәнін оқытуда оқушылардың дүниетанымын
қалыптастырудың тиімді әдіс-тәсілдерін көрсету;
- Бастауыш сынып оқушыларының бейнелеу өнері пәні барысында
дүниетанымын қалыптастыру жолдарын анықтау.
Дипломдық жұмыстың құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан,
қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспеде: зерттеу жұмысының көкейкестілігі, мақсаты, нысаны, пәні,
міндеттері қамтылған. Екі тарауда бастауыш сынып оқушыларын бейнелеу өнері
пәні барысында дүниетанымын қалыптастырудың теориялық, әдістемелік жақтары
талданып жазылған. Сонымен қатар, оқу-тәрбие барысында оның сабақ барысында
және сабақтан тыс уақыттарда маңызы түсіндіріледі. Қорытындыда зерттеліп
отырған тақырып толық нақтыланып, түйінделді.

1 Бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымын қалыптастырудың
педагогикалық мәселелері

1.1 Бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымын қалыптастырудың
педагогикалық-психологиялық ерекшеліктері
Бастауыш сынып оқушыларын өз алдына үлкен бір жеке тұлға, өзіндік
құндылық. Оның дамуы мен қалыптасуы мектепте оқыту мен тәрбиелеудің басты
мақсаты болуы керек. Бұл жөнінде ежелден-ақ көптеген ұлы ойшылдарымыз Әл-
Фараби, Ж.Баласағұн, Абай, Шәкәрім, т.б., ерекше назар бөліп, ой-
толғаныстарын жасырмаған, сондықтан да еңбектерінде баланың  жеке басын,
дүниетанымын дамыту мәселесін үнемі көтеріп отырған. Дүниетанымның
қалыптасуы- күрделі педагогикалық мәселе. Педагогика тарихы мен мектеп
тәжіриебесінде бұл мәселені шешудің үлкен және құнды тәжірибесі
жинақталған. Бастауыш сынып оқушыларын оқыту мен тәрбиелеудің, дамытудың
негізгі  бағыты – оны  қоғамның ең маңызды  құндылығы ретінде тану, оның
рухани жан дүниесінің баюына, көзқарасы мен шығармашылық белсенділігінің,
қимыл-қозғалыстарының  жоғары деңгейде  қалыптасуына толық мүмкіндік беру,
жағдай жасау. Жалпы бастауыш білім берудің мемлекеттік  стандарттарында
өскелең ұрпақтың  дамуы, дүниетаным қалыптастыруының  айқын бағыттары
көрсетілген. Себебі дүниетаным – қоғамдық сананың ең жалпы және жоғарғы
формасы. Дүниетаным ұғымына тоқталатын болсақ оның түрлі анықтамалары
келтірілген. Дүниетаным - жеке адамның, әлеуметтік топтың, таптың немесе
тұтас қоғам қызметінің бағытын және шындыққа деген қатынасын айқындайтын
принциптердің, көзқарастардың мақсат-мұраттар мен сенімдердің жүйесі[9].
Дүниетанымды қалыптастыру саяси, адамгершілік және эстетикалы қ көзқарастар
көп әсер етеді. Ғылыми білімдер дүниетаным жүйесіне ене отырып, адамның
немесе бүкіл топтың қоршаған әлеуметтік және табиғат заңдылықтарын
бағдарлау мақсаттарына қызмет етеді. Сонымен қатар, ғылым адамдарды әртүрлі
нанымдар мен адасулардан құтқарып, оның шындық болмысты ақыл-ойы арқылы
тануына жағдай жасайды[10]. Дүниетаным - адамдар мен табиғатқа, жалпы
құндылықтарға, моральдық ережелерге жеке тұлғаның жалпы қатынасын
білдіретін негізгі сенім, қалып, таным немесе қоғам мүшелерімен ортақ
көзқарас қалыптастырып, қоршаған ортамен қатынас қалыптастырудағы негізгі
өлшем. Ол - адамның дүниені ақиқатпен теориялық және тәжірибелік жағынан
бірлікте тану мақсатындағы рухани-тәжірибелік әдіс. Дүниетанымда тұтас
адамзат әлемінің үлгісі сияқты мәдениет категорияларының жүйесі көрініс
тапқан[11]. Дүниетаным - әлемді түсіну, қабылдау, қоршаған ортадағы
шынайылыққа жалпылама көзқарастар жүйесі. Дүниетаным - адамның
өзіне, әлемге, өзінің әлемдегі орнына деген көзқарастар жүйесі[12].
Қазіргі қоғам дамуының әрекеті әлемдік және отандық педагогика,
психология ғылымдарының жетістіктерін ұзақ жылдар бойы зерделеп жинақтай
келе, жалпы білім беретін орта мектептер мен мектептің бастауыш сатысында
білім беру жүйесіне үлкен жауапкершілікті туғызуда. Бірінші кезекте
бұрынғыша оқушының білім–біліктіліктері мен еңбек дағдыларын белгілі бір
жүйеде ғана қаруландыру емес, қайта оқу әрекетін жаңаша түрде қалыптастыру
негізінде оқушылардың жеке тұлға дүниетанымын қоғам талабына сәйкес
қалыптастыру мәселелері қойылып отыр. Жоғарыда аталған өзекті мәселелер,
“Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейінгі білім беруді дамыту
тұжырымдамасын” жүзеге асыруда білім беру жүйесін оңтайландыру арқылы
мектеп оқушыларына берілетін білім сапасын дамытудың маңыздылығы баса
айтылып, нақты міндеттері белгіленген[13]. 
Сондықтан, мектеп оқушыларына берілетін білім сапасын көтеру тек мектеп
мұғалімдерінің оқу әрекетін шығармашылық тұрғыда ұйымдастыра білгенде ғана,
арта түсетіні белгілі. Оқушылар әрекетінің ең басты және жетекші түрі –
оқу. Оқу – баланың өзінің дүниетанымдық әрекеті болып саналады. Оқу басқа
іс–әрекеттерге қарағанда оқушылардың дүниетаным қабілетін дамытуға, дүниеге
адам көзқарасын біртіндеп қалыптастыруға ықпал жасайтын оқушы әрекеті болып
табылады. Оқыту барысында оқушылардың жұмысты шығармашылық пен орындай
білуі, дүниетанымдық белсенділігін арттыру қазіргі кездегі барлық
мұғалімдер қауымын толғандырып жүрген мәселелердің бірі екені айқын.
Қоршаған дүние туралы адам көзқарасының қалыптасуы танымға байланысты болып
келеді. Таным әртүрлі қырынан қарауға болатын күрделі ұғым. Таным әрекеті
қажеттілік арқылы жүзеге асырылып отырылады. Философия тұрғысынан танымға
мынандай анықтама берілген: Таным – ойдың білмеуден білуге қарай дәл емес,
неғұрлым толық дәл білуге қарап ұмтылатын адам ой–өрісінің күрделі үлгісі
деп түйіндеген[14]. Адам танымы қоғамның практикалық қажеттілігіне сәйкес
жүріп жатады. Таным адам санасын дамытудың негізі. Адам танымы байқаудан,
нақты аңғарудан заңдарды теория жүзінде ашуға, ал сонан кейін ол заңдарды
теория мен практикада қолдануға қарай жүріп отырады. Практика тұрғысынан
оқушылардың танымы, өзіне тән ерекшелігі бар күрделі психологиялық үрдіс.
Оқушылардың нәтижелі оқуына әсер ететін сыртқы және ішкі күштер немесе
себептер болады. Оқушылардың білім алуда ілгері қарай басуына себептер
болатын негізгі күш — түрлі қайшылықтар[15]. Бала білмеуден білуге қарай
қадам басқанда әртүрлі қиындықтар мен қайшылықтар кездеседі, оларды шешу
мен игеру нәтижесінде оқу міндеттері жүзеге асырылады. Оқыту үрдісіндегі ең
негізгі қайшылық ол педагогикалық міндет, талаптар мен оқушылардың
мүмкіндіктерінің білімі мен дағдыларының және дамуының қазіргі деңгейі
арасындағы қайшылық. Қазіргі кездегі мектеп оқушыларының білім деңгейі
кеңестік дәуір ыдыраған кезден бастап қажетті білімдерді игерудегі
дәрменсіздіктері байқалды. Өйткені қазіргі кездегі оқушылардың білім
алудағы құлшыныстары, ата-аналардың өз балаларына деген көзқарастары,
мұғалім мен оқушылардың, мұғалім мен ата-аналар арасындағы қарым-қатынас
мәселелері келелі мәселелердің тууына ықпал етіп отыр. Бұндай мақсат
міндеттердің өз дәрежесінде орындалмауы арқасында оқушылардың білім алудағы
жалпы дүниетаным деңгейлерінің өз дәрежесінде қалыптасып дамуына кері
әсерін тигізуде. Бірқатар ғалымдар жалпы таным процесіндегі қарама -
қайшылық теориялық және практикалық мәселелердің танымдық сипаттағы білім
деңгейі, түсінуі мен даму арасында орын алады деп түсініктеме беріп кеткен.
Демек таным әрекетінің негізінде оқушыда дүниетанымдық белсенділік
қалыптасады. Баланың өзіндік танымы (қалауы, ынтасы, құштарлығы, әсерленуі)
негізінде қабылданған білім, дағды, ептілік әлдеқайда нәтижелі әрі жемісті
болып отырады. Дүниетанымды қалыптастыру өткінші процесс емес. Адам
дамуында бұл процесс тұрақты және үздіксіз өзгерістерге ұшырайды.
Кез–келген тарихи кезеңдерде дүние, табиғат, оның түрлі құбылыстары туралы
адамның өзіндік көзқарасы, түсінігі болады. Дүниеге көзқарас адамзат
санасының, дүниетанымының қажетті бөлігі. Отандық философ М.Орынбеков
Дүниетаным жеке адам және оның қоғамдағы орны, сана сезімдік қалпы жайлы
ұғымдарының жиынтығы, дүниенің біртұтастығын түсіну нәтижесі болып
табылады, дейді[16]. Дүниетанымның басты категориялары ретінде Дүние
және адам алынады. Дүниетаным адам санасының қоғам, табиғат
құбылыстарының ғылыми түсінігін қамтиды. Адамзаттың пайда болу тарихын
түсіндіруде әртүрлі көзқарастардың бар екені мәлім. Дүниетаным оның
қоғамдағы орнын анықтау, табиғаттың құбылыстары мен заңдылықтарын
танудың–философиялық дүниетанымның негізгі мәселелері болып саналады.
Мысалы: материалистер мұндай проблеманы ғылыми дүниетаным тұрғысынан
дәлелдесе, ал дін ілімінің өкілдері тәңірдің қалауымен деп тұжырымдайды.
Бірқатар ресей философтарының ой-пікірлерін түйіндей келе отандық
философтар Ә.Нысанбаев, Ж.Әбділдин, Д.Кішібеков, О.Сегізбаев, Ә.Тұрғынбаев,
М.Орынбековтар дүниетаным ұғымына өздерінше сипаттама бере келе,
дүниетанымды тұтас дүние деп ондағы адамның орны жайындағы түсініктер мен
пікірлердің жиынтығы деп түсіндіреді[17]. Педагогикалық ғылыми еңбектерде
дүниетанымның төрт құрамды бөлігі қарастырылып жүр. Олар: ғылыми білім
жүйесі; дүниетаным; сенім; адам мұраты. 
Білім – объективті дүниені бейнелейтін адам баласының мол тәжірибесі. Білім
арқылы табиғаттың және қоғам құбылыстарының объективтік жақтарын зерттейді,
түсінеді, ұғады. Ғылыми білім қалыптасудың және адам дүниетанымы дамуының
үлкен тірегі. Ал дүниетаным жеке адамның табиғи және әлеуметтік
құбылыстарын түсіндіру туралы пайымдауы, ой тұжырымы. 
Сенім, терең тиянақты ойланып айтылатын идеялардың жиынтығы. Сенім жеке
адамның өмірлік позициясын анықтайды, мінез–құлқын сипаттайды. 
Адам мұраты жете түсінудің жоғары кемелі, адам баласының жоғары
мұрат–мақсаттары, өмірге ұмтылушылығы, талпынушылығы. Мұрат, айналадағы
өмірді жетілдіруге және қоғамның әлеуметтік, экономикалық үдеуін дамытуда
адам баласының сезімін оятады. Мұратқа жетудің жолы мен түрі көп
болғанымен, халық оған батылдық, адалдық, күш–қайрат арқылы жетуді айрықша
армандап көксеген. Аңыз, ертегілерде қоршаған дүние ішінде адамды жоғары
ұстап, оның өзіне тән қасиеттерді (батырлық, тапқырлық, күштілік,
ақылдылық, сұлулық, ізгілік, адамгершілік т.б.) сол кездегі қоғаммен тығыз
байланыста көрсетеді. Қай кезде де адам өзі өмір сүретін ортада қызмет
етіп, іс–әрекет жасап, өз қажеттерін өтеп алуына, мүдде, мақсат қойып, сол
арқылы өз мақсатына ұмтылып отырған.
Әрине көксеген мұратына жету үшін білім, ақыл–ой, шеберлік, ұстамдылық,
шыдамдылықтың қажеттілігі аңыз, ертегілерде атап айтылған. Халық ауыз
әдебиеттеріндегі ойшылдар мен ақын жыраулар (Асан қайғы, Бұхар жырау, шал
ақын Шортанбай, Ақтанберді, Шалкиіз, Дулат, Майлықожа, Ақан сері, Махамбет,
Шернияз, Сүйінбай, және т.б.) өз дүниетанымдық көзқарастарында материалдық
рухани байлықтарды, ақыл–парасатты, адамгершілік пен қоғамдық байлықты
игеру мақсатында паш етті. Олардың көксегені теңдік, бостандық, жерді
сақтау, табиғи ортаны қорғау, адамдар арасындағы қарым–қатынас, үлкендерді
сыйлау және т. б. өмір қажеттігіне қатысы бар мәселелерді дәріптеу
болды. Көшпелі қазақ елінің рухын халық ауыз әдебиеттері (ән, жыр, күй,
айтыс, ертегі т. б.) арқылы қалыптасатынын айтсақ, алғашқы адамдар өзін
қоршаған дүниенің сырын білмегендіктен олардың бәрінен қорқатын болған.
Мысалы; табиғаттың сұрапыл күштерінің бәрі – найзағай жарқылдап, күн
күркіреп, жер сілкіну, су тасу т.б. құбылыстармен адамдарды үрейлендіріп
отыратын қаҺарлы күштер қатарында саналды. Ендеше алғашқы адамдардың
дүниетанымы айналаны қоршаған (алуан түрлі құбылыстарға назар аударып,
оларды өздерінше түсіндіре бастаған) табиғат құбылыстарын түсіндіру
талаптары да осыған ұқсас болып отырды. Жазушы С.Мұқанов Еңбек етудің
арқасында алғашқы адамдардың сана–сезімі оянып, табиғатқа саналы түрде әсер
ете бастаған кезде, айналаны қоршаған алуан түрлі құбылыстарға назар
аударып, оларды өздерінше түсіндіре бастаған – деп, ой түйеді[18]. Кейін
келе адам санасы, тілі, ұғымы дамып, табиғатты меңгеру жолындағы өздігінен
атқарылатын әрекеттер етек алып, күнделікті көргендерін тек қабылдап қана
қоймай, заттар мен құбылыстардың байланыстарын іздестіруге, олардың себеп-
салдарын білуге талпынып отырды дейді. Сонымен, адамдардың ой-өрістерінің
дамуына байланысты адам дүниетанымы да жаңа белеске көтеріліп отырды. Ал
қазақ халқы дүниетанымы көне замандардан оқусыз тоқып, ой-түсініктерді
топшалап, таразылау арқылы, көктегі жұлдыздар шежіресін, аққан су, жанған
от, көшкен құм, асқар тауларды өздігінше сезіну, түйсіну, қабылдау арқылы,
дала заңдары, болжам түйіндері, философиялық тұжырымдаулары арқылы,
халқымыздың ауыз екі поэтикалық ұғым түсініктерінде орын тапқан. Кейін келе
бұндай болжамдармен ой – пікілер қазақ халқының ертедегі философиялық
мифтік аңыз, қиял ғажайып ертегілер мазмұнынына арқау болып уақыт өте,
халық ауыз әдебиетінің мол мұрасына айналды. Осындай философиялық ой-
түйіндердін даму жолында халық ауыз әдебиетінің небір тамаша үлгілері
өмірге келіп отырды. 
Қазақ халқы ертеден кешке дейін өмір тіршілігінің көбісін табиғат
құшағында, күндіз түні мал соңында өткізіп, қазақ халқы айналасын қоршаған
жаратылыс дүниесі, оның сан алуан құбылыстары, аспан мен жер, күн мен ай,
күн мен түн, қараңғы мен жарық, жан мен тән, байлық пен кедейшілік,
жақсылық пен жамандық, бақытсыздық т.б. сан алуан аңыз, қиял ғажайып
ертегілер, өлеңдер, мақал - мәтелдер, нақыл сөздер. жұмбақтар түрінде
болжамдарды өмірге келтірген. Сондықтан халқымыздың ауыз әдебиеті халықтық
дүниеге көзқарас жиынтығы болып саналынады. 
Халық ауыз әдебиетінің барлық жанырлары халық пен бірге дүниеге келіп,
бірге жасап келе жатқан адам дүниетанымының барлық құпияларына жауап
беретіндей деңгейде дамып отырған. Осы тұста білімі бар, парасатты
ойшылдарымыз көріне бастады. Қоғам мен техниканың дамуы жаңа ойшылдардың
шығып, олардың дүниетанымдық көзқарастарының өзгеруіне әсерін тигізді.
Философтар дүниетанымды адамның дүниеге көзқарасымен тікелей байланысын
дәлелдейді. Философтардың дүниетаным туралы айтқан ой - пікірлеріне сүйене
отырып, дүниетаным сыртқы дүниетанымның адам санасындағы жай ғана көрінісі
емес, тұлғаның дүниеге қарым - қатынасы деп қорытындылауға болады. Қарым-
қатынас тек білім беру түрінде емес, наным, сенім, идея, адамның ынта
талабы, іс-әрекетінің танымдық және тәжірибелік ұстанымдары нысанасында да
көрініс береді. Адам дүниетанымы, адам сана сезімінің құбылысы ретінде,
оның қызметі мен оның дамып өрістеуіне тәуелді болады. Әрбір кездегі
адамдардың физиологиялық даму кезеңіне байланысты таным шеңберлері де
кеңейіп, өрістей отырып, таным түйсіктері де ұлғайып тереңдей түседі. Таным
арқылы заттар мен құбылыстардың басты белгілерін бейнелі қабылдау
нәтижесінде адам ұғымы қалыптасады. “ Ұғым” дегеніміз-заттар мен
құбылыстардың жалпы қасиеттерін бейнелейтін ой- түйіндеудің негізгі
түрлерінің бірі.  Педагог ғалым Қ.Аймағамбетова өзінің Бастауыш сыныптарда
дүниетануды оқытудың теориялық негіздері атты еңбегінде көзқарас, адамның
айналадан, қоршаған дүниеден (тұжырымға) қабылданған әр түрлі құбылыстары
мен заттары туралы ұғымның жиынтығы ғана емес, ол-түрлі нақты фактілер
арқылы жинақталған,қорытылған,ғылым негіздерімен байытылған білімдерден
тұратын сана-деп,түсіндіреді[19]. 
Философиялық, психологиялық, педагогикалық ғылымдарының зерттеулері бойынша
адам дүниетанымының деңгейлері адамзат қоғамының даму сатысында дамып,
күрделене түседі дейді. Адам көзқарасы ғылыми біліммен толысқан сайын
қоршаған ортада, алған білімді меңгеру және ұғыну денгейлеріне қарай
өзгеріп дүниетаным шеңберлері де баий түседі, қалыптасып отырады деп
түсіндіреді. Олай болса қалыптасқан адам көзқарасына байланысты дүниетанымы
да өзгеріп отырады. Адам дүниетанымы біріншіден, қоғамның тарихи дамуына
байланысты өзгерсе, екіншіден, сол қоғамдағы халықтың сана-сезімінің өсуі,
білімді меңгеру мүмкіндігіне қарай өзгеріп отырады. Сондықтан дүниетанымның
қалыптасуы ұзақ, күрделі процесс, оның нәтижесінде өзіндік көзқарастар және
сенім жүйесі дамиды және қалыптасып отырады деп түсіндіреді философтар.
Жалпы дүниетаным, оның құрылымының компоненттерін анықтауда белгілі
психологтар В.В.Богословский, А.Г.Ковальев, А.Д.Виноградов, А.Н.Леонтьев,
В.Н.Мясищев, С.Л.Рубинштейн, Д.Н.Узнадзе, М.В.Матюхина, Ә.Алдамуратов,
Қ.Б.Жарықбаев, Т.Тәжібаев т. Б. дүниетаным ұғымына түсініктер бере отырып,
оны жеке тұлғаның құрылымы ретінде қарастырады. Жеке тұлға, оның құрылымы
туралы мәселелерге психологтардың әрқайсысының өзіндік пікірі, өзінше
талдауы бар. В.Н.Мясищев жеке тұлғаны ең алдымен адамның қоршаған шындыққа
қатынасының жүйесі ретінде сипаттайды[20]. А.Г.Ковальев жеке тұлға
дүниетанымы қоғамдық болмыстың бейнеленуі деп, оның қалыптасуының бірден-
бір факторы тәрбие екенін атап көрсетеді[21]. Сондай-ақ ол жеке тұлға
дүниетанымының саналы ерекшеліктерін; бағыттылық, ғылымилық, сенімділік,
оның іс-әрекетімен мінез-құлықпен байланысын айқындайды. Ғалымдардың
түсіндіруінше жеке адамның өмірге, табиғатқа көзқарасының қалыптасу
процесі, дүниетаным идеясы элементтерін игеруден, яғни білімнің, ғылымның
негіздерін және мінез–құлықтың белгілі бір нормаларын білу, оларды сақтай
білуден басталады. Дүниетанымдық білімін мектеп оқушылары дене, ақыл–ой
күшінің дамуына, білім деңгейіне сәйкес бірте–бірте игеріп отырады. Орыстың
ұлы педагогы К.Д.Ушинский Әрбір сыныптан (ең кіші сыныптан) бастап
оқушылардың жасына қолайлы өзінің жинақталған көзқарасы болуы керек, әрбір
жыл сайын бұл көзқарастың тереңдетілуі, кеңеюі, толықтырылуы тиіс – деп,
жазды[22]. Ал, әрбір ұлттың дүниетанымдық деңгейі, өз ортасына, өмір сүру
тіршілігіндегі қажеттілікпен, түрлі шаруашылықтардың табиғатпен, адаммен
қарым-қатынасы арқылы туып дамып отырды. Мысалы: қазақтар өмір сүру
тіршілігіне қажетті төрт – түлік малды күтіп баптаудан, оларға қажетті
құрал саймандардың туындауынан, оларды тұтынудағы қадыр қасиеттерінен
көрініс тапса, тағы басқада қазақ халқының дүниетанымдық деңгейі киім
киісінен, киімге мата таңдауынан, киімге салынған сәнді өрнектеріне деген
талғамынан көрініс тапқан. Қазақ ССР ғылым академиясының басқаруымен
шығарылған Бес ғасыр жырлайды жинағында әйгілі Шал ақынның Күдер бешпет,
ақ семсер – ердің көркі, Ер жігіт жауға аттанған – елдің көркі. Жарасар
шәйі, сиса, өз сәніменен, Масатыға қосылса - зердің көркі, - деген өлең
шумақтарынан кезінде қазақ халқының антрополиялық тұрпатына ғана емес,
киіміне қарап та халқымыздың басқа да ұлттардан ажыратылатынын қазақ
ұлтының тектілік сезімін киімге материал таңдай білу, киімге ою-өрнекті
сала білу қабілеттерінің о бастан-ақ болғанын аңғарамыз деп жазған[23]. 
Бұл түсініктерден қазақ ұлтының киім үлгісі өз заманына сәйкес киімдеріне
мата түрін таңдай білу, ол киімдердің адам жастарының ерекшеліктеріне, жыл
маусымдарының ыңғайлығына, халқымыздың ұлттық тұрмыс жағдайының әл-ауқатына
сәйкес киім үлгілерінің қонымды, әрі әсем, ықшамды болып келулеріне қолөнер
шеберлерімен қазақ әйелдерінің әр қайсысы үлкен жауапкершілікпен қараған.
Қазіргі кезде бұндай талаптарды Алматы, Шымкент, Өскемен, Қарағанды,
Қызылорда т.б. қалаларымыздағы ұлттық киім үлгілерін тігіп дайындайтын
“Сән”ательелерінің жұмыстарынан көруге болады. Бұндай ұлттық үлгіде
тігілген киім үлгілерін халқымыз соңғы кездерде жиын тойларда, концерттік
сахына төрлерінде және күнделікті өмірде киіп жүрсе, ондай киім үлгілерінің
әсемдігі, ою-өрнектерінің көзтартар үйлесімділігінен халқымыздың ұлттық
болмысын, ұлттық дүниетанымының кең екенін байқауға болады. Адам баласы
дүниетанымының қалыптасу процесінде әр түрлі факторлар әсер етеді. Мәселен
әлеуметтік орта мен тәрбие, қазіргі кездегі ағымдық ақпарат құралдары; олар
теледидар, радио, компьютерлік технологиялар, интернет жүйесі адам
дүниетанымын жалпылама дамытқанымен ұлттық тәрбие беретін көріністерді табу
жоқтың қасы. Әрине олардың әрқайсысы адамның (оқушының) іс–әрекеттеріне,
психикасы мен ойлау қабілетіне әр түрлі ықпал жасайды. Мысал ретінде айта
кететін болсақ, ХХІ ғасырда өмір сүріп жатқан уақытта өркениетті ел
қатарынан көрінудің нышаны ретінде келешек қоғам жастары өз қатарынан кем
қалмауы үшін, жастарды жан – жақты етіп даярлау, әсіресе ұлттық болмысы
басым болып тұратын жастарды тәрбиелеу үшін қоғам болып күресуімізді қажет
етеді. 
Ал, өкімет тарапынан бірінші кезекте қазақ ұлтының жоғын жоқтап, келешегін
ойлайтын қызу қанды, саналы түрде жұмыс істей алатын басшыларды қажеттеуде.
Бір ғана компьютерлік технологияның әсері туралы сөз ететін болсақ, қазіргі
қоғам дамуы келешек жастардан үлкен компьютерлік технологиялар мен
интернетті меңгеруді талап етеді. Өркениетті дамыған елдердегі білім беру
жүйесі секілді, елімізде мұндай талаптарды орындау үшін мектептің бастауыш
сатысынан бастап компьютерлік сауаттылықты қажет ететіндігі айқындалып,
қазіргі кезде бастауыш сыныптардың оқу бағдарламасына енгізіліп отырғаны
белгілі. Оқушы жастар тез арада компьютерлік технологияның барлық білім
негіздерін игере алмаса да өздерінің шама–шарқына қарай компьютерлік
ойындар арқылы компьютерді басқару жүйесімен жақсы таныс болуда. Бұл деген
баланың ойлау жүйесінің артуы мен дүниетанымдық қабілеттерінің дамуына
септігін тигізетіні анық. Бірақ баланың ми құрылысының дамуына кері әсер
етпеуі үшін шектен тыс жүктемеуіміз тиіс. 
Дегенмен, компьютерлік сауаттылықты арттырамыз деп, оқушылардың бойына жат
қылықтарды (қатыгездік, қорқыныш, үрей, сенімсіздік) сіңіруден аулақ
болуымыз керек. Мектеп оқушыларын ауылдық жерде құрылған шаруа қожалықтары
мен ұжымшарлардың бау–бақша, көкөніс т.б. егістік алқаптарына
ұйымдастырылған топ серуен (саяхат) жасау арқылы адам еңбектерімен танысып
отырады. Ондай жұмыстардың түрлерімен етене таныс болу, сезіну арқылы,
мәдени дақылдарды суаруда, баптауда, бақша өсімдіктерінің дәндерден өсіп,
өніп жетілуі адам еңбектерінің үлесінсіз дамып жетілуі қиын екендігі туралы
мағлұматтар алып отырады. Мұндай кездерде мамандардың берген түсініктерінен
түйсік, сезу мүшелері арқылы қабылдап олардың дүниетанымдық түсініктері
молая түседі. 
Қайтадан ұйымдасқан ауылдық шаруа қожалықтарымен, өндірістік шаруа
бірлестіктеріндегі техника түрлерімен таныса отырып, әрбір техникалық
құралдардың өзіндік жұмыс атқару ерекшеліктеріне, техникалардың
күш–қуатының өзгешеліктеріне, жалпы техника туралы түсініктері молайып,
танымдық түсініктері мен білімдері арта түсетіні белгілі. Оқушылардың
танымы, сезім, көру қабілеттерінің дами түсуі үшін оқытудың техникалық
құралдары (теледидар, бейнемагнитофондар) арқылы өткізілген сабақтарда
әрбір техниканың ғылыми жаңалықтарымен баланыстырып түсіндіре білетін
болса, оқушылардың ғылыми түсініктері мен дүниетанымдық қабілеттері молая
түсетіні анық. Қазіргі таңда мектеп оқушылары бұл айтылған мәселелердің
барлығын толық түсінуге мүмкіндіктер мол. Өйткені компьютерлік ойындарды
басқарып т.б. теледидарлық хабарларда берілетін түрлі фантастикалық
бейнефильмдерді көріп өскен балада мүмкіншіліктер мол. Бұндай
материалдармен қоса әр кезде беріліп отырылатын теледидарлық хабарлардағы
жан–жануарлар әлемінде, өсімдіктер әлемінде, техника түрлерінің ғылыми
жаңалықтары, ғарышты игерудегі адам баласының қол жеткізген жаңалықтары мен
ғарыш аппаратын дайындаудағы жетістіктерді сабақтарда тиімді пайдалана
білсек, мектеп оқушылары үшін үлкен көмегін тигізері анық. Бұндай
жаңалықтар мен жетістіктерді оқушылардың өздері көздерімен көре отырып
сезіну, түсіну, қабылдау қабілеттерінің, жалпы дүниетанымдық қабілеттерінің
қалыптасуына септігін тигізеді. Мұндай түсініктермен бірге адам баласының
биологиялық даму ерекшеліктеріндегі адам ағзасының дұрыс жұмыс істеуіне,
адам денсаулығының мықты болып өсіп жетілуіне толып жатқан факторларға тек
дәрігер ғана емес, әрбір адам, жас кезінен бастап хабардар болып, әрбір
адамның денсаулығы өз қолында екеніне көз жеткізуде мақал-мәтелдермен т.б.
қарапайым түсініктермен ұғындыра білуіміз қажет. Ол үшін адамда дене
қозғалысының көп болуы, оның ішінде еңбек әрекеті адам жасына сәйкес болып
келуі, тамақтануда көптеген дәрумендік (витаминдік) тағамдардың көп болуына
аса назар аудару керектігін, қажетті сабақ тақырыптарында қазақ
этнопедагогикасы материалдары: мақал-мәтелдермен байланыстырып, оқушы
білімін, түсінігін тереңдетіп қана қоймай, оқушы дүниетанымын кеңейтуге мол
мүмкіншіліктер бар екенін тек қана үлкен шеберлікпен сабақты өтуге бағыт
беруді жөн көріп отырмыз. 
Дүниетанымның мәні мен қызметі туралы айтатын болсақ, баланың ғылыми
дүниетанымына табиғат және қоғам елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайлар,
қоғамдық саяси қатынастар әсер етеді. Ғылыми сенімдер ғылыми-философиялық
білімдерді, қазіргі ғылым жетістіктерін оқып-үйрену, дүниені танудың ғылыми
әдістерін қолдану арқылы қалыптасады.
Ғылыми дүниетаным – қоғамдық сананық ең жоғарғы түрі. Ол арқылы баланың
өмірдегі жақсы мен жаманға көзқарасы қалыптасып, бағыт-бағдары айқындалады.
Ғылыми дүниетаным тек қана білімдер арқылы ғана емес, сонымен қатар,
дәйекті дәлелдері аз жапған көзқарастарды жеңу нәтижесінде қалыптасады.
Қоғамның өзгеруі, қоғамдық және жаратылыс ғылымдарында ашылған жаңалықтар
ғылыми дүниетанымды жетілдіреді, толықтырады, нақтыландырады, кейбір
көзқарастарды өзгертеді.
Дүниетанымды қалыптастыратындар: тәжірибені теориялық тұрғыдан қорыта білу,
сезімнің ақыл-ойға әсері, саналы, алдына қойған мақсаты бар ерік-жігер.
Бұлар баланың көзқарастары мен сенімдерін қалыптастырады.
Көзқарастар - баланың өзі сенетін білімдері, ұғымдары, практикадан шығарған
теориялық тұжырымдары, ұсыныстары.
Бала олар арқылы табиғатта және қоғамда болып жатқан түрлі құбылыстарға
баға беріп, өзінің мінез-құлқын, жүріс-тұрысын белгілі бір бағытқа салып
отырады. Сенім - ақиқат екендігіне бала ешқандай күмән келтірмейтін
білімдер, ұғымдар, тұжырымдамалар, теориялар, болжамдар.
Бала өз сеніміне сүйеніп ол үшін күреседі, басқалардан қорғайды, өз басына
төнген қауіптен қорықпайды, басқа балаларды өз соңынан ілестіргісі келеді.
Сенімге сезім әсер етеді. Таным процесінде қуану білімнің ақиқаттығына
сену, өз алдына мақсат қою, сұлулықтан ләззат алу сенімнің қалыптасуына
ықпал етеді. Қажымайтын қайрат - дүниетаным құрамындағы маңызды бөлік.
Баланың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру үшін оған теориялық білімдерді
берумен шектелуге болмайды. Тәжірибелік жұмыстарды ұйымдастыру кезінде бала
өз алдына мақсат қойып, соған жету үшін жігерлене еңбек етеді. Теориялық ой
- дүниетанымның элементі, болмыс туралы білімдерді, құбылыстарды
шығармашылықпен, терең түрде ой елегінен өткізе білу, дүниетанымды
жетілдіру, сенімді басшылыққа алып, іс-әрекет жасауға ұмтылу. Дүниетаным
көптеген маңызды қызмет атқарады. Ол өзінің ағарту қызметі арқылы балаға
табиғат және қоғам туралы ғылыми білімдер беріп, оны жалған қөзқарастардан
арылтады, болмысты тану әдістерімен қаруландырады. Дүниетаным тәрбиелік
қызмет атқарады. Бала өзі келісетін көзқарастары арқылы, адамгершілігін,
ерік-жігерін, эстетикалық сезімдерін шыңдайды. Мұғалімдер оқушыларды
адалдыққа сендіріп, олардың адал жүруіне керекті батылдықты, табандылықты,
ізгілікті, жауапкершілікті тәрбиелеу керек. Осы талапты орындау үшін қоғам
және жеке адамдар өміріндегі жақсы тұстарды балаларға әсерлі етіп
түсіндірген дұрыс. Саяси-әлеуметтік, философиялық, моральдық, эстетикалық,
ғылыми теориялық білімдерді меңгеру оқушының белсенді ой жұмысын туғызады.
Ғалымдар болмысты (алуан түрлі байланыстағы объективтік дүние, тұрмыс,
қоршаған орта, жағдайлар) түсіну үшін диалектикалық тәсілдер қолдану
керектігін дәлелдеп отыр. Бұл тәсілді қолданғанда баланың миы жағдайды
дұрыс бағалап, шығармашылықпен жұмыс істейді, құбылыстарды басқа
құбылыстармен байланыста қарайды. Баланың дүниетанымы ұйымдастырушылық
қызмет атқарады. Бала өзінің дүниетанымына сүйеніп, тәжірибеде түрлі іс-
әрекет жасайды. Дүниетанымның прогностикалық қызметі арқылы бала қоғамның
даму заңдарын қолданып, оған ғылыми, теориялық, тәжірибелік тұрғыдан баға
беріп, бүгіні мен болашақты жасау туралы ұсыныстар айтады. Сонымен, ғылыми
дүниетанымдық тәрбиенің мақсаты – баланың жеке тұлғасының орталығында
орналасатын дүниетанымды берік және оған сенетіндей етіп қалыптастыру, сол
арқылы қоршаған ортамен дұрыс байланыс жасауға көмектесу.
Осы мақсатқа жету үшін мұғалім оқушының ғылыми көзқарастары мен сенімдерін
қалыптастырып, ғылыми емес, дәлелдері аз көзқарастарды сыни тұрғыдан
ойлауға үйрету керек. Ол үшін оқу тәрбие процесінің мүмкіндіктері
пайдаланылады.

1.2 Бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымын қалыптастыру мәселесінің
зерттелу жағдайы
Ұлы ғұламалардың, ойшылдардың дүниені танып, білуді анықтайтын өлім мен
өмір, жалғандық пен шындық, жан мен тән, қозғалыс пен тыныштық туралы
күрделі ұғымдар туралы ойларында келешек өскелең ұрпаққа берілетін
сарқылмас мол қазына жатыр. Дүниетанымдық ұғымдардың өзегінде ұлттық
дүниетаным жатады. Соған сәйкес, Қоқыт ата, Әл-Фараби, Иассауи, Қашқари,
Баласағұн, Низами, Науаи, Ұлықбек, Абай, Шоқан т.б. сынды халықтың ұлы
перзенттерінің ой толғаныстары мен дүниенің, жаратылыстың ақиқатын, мәнін
ашуға тырысқан көзқарастары қазіргі өмірдің көптеген сырларын танып білудің
қайнар көзі болып табылады. Дүниетанымның анықталуы дүниеге көзқарас, яғни
адамның тіршілік болмысынан пайда болған қоғамдық тарихи құбылысымен
байланысты болады. Адамның әрбір тарихи кезеңдерде табиғат, ондағы
құбылыстар, өмір, тіршілік, тұрмыс туралы өзіндік көзқарасы, түсінік-
ұғынулары болады. Адамзат санасының, дүниетанымының қажетті бөлігі де - осы
дүниеге көзқарас болып табылады. Дүниетаным құрылымын, оның басты
қарастыратын объектісін қоғамдық сананы саралау арқылы түсіндіру А.Спиркин,
М.Федосеев, В.Журавлев, Д.Кішібеков, Ә.Нысанбаев Ж.Әбділдин, М.Орынбеков,
Ә.Тұрғынбаев т.б. философтардың пікірінде кең орын алады. Дүниетанымды
дүниенің бейнелену нәтижесі деп түсіндіре келіп, оның қалыптасу деңгейлерін
В.П.Ратникова, В.Н.Лавриенко сынды философтар анықтады. Олардың
түсіндірулерінше, бейнелеудің алғашқы деңгейі түйсікпен байланысты болып,
құбылыстардың дүниесі, болмыстың сыртқы, жеке көріністері белгіленеді. Ал,
дүниені сезіну, түсіну - бейнелеудің екінші деңгейі екендігін көрсетеді,
яғни құбылыстар мен үдерістердің өзара байланысын, олардың ұқсастығы мен
ерекшеліктерін анықтау жұмысын жүргізген. Осындай жоғарыдағы философиялық
пікірлерді талдай келе, дүниетаным – адам санасындағы дүниенің сыртқы
бейнесі ғана емес, оның сол дүниеге, қоғамдық өмірге қарым-қатынасы деген
қорытынды жасауға болады. Дүниетаным ұғымын мән жағынан ашып, оның
құрылымдық негізгі компоненттерін анықтайтын болсақ, оның психологиялық
жағынан қалыптасу жақтары да үлкен маңызға ие екендігін көруге болады,
яғни дүниетанымды жеке тұлғаның құрылым бөлігі ретінде қарастыру мәселесі
туындайды. Бұл жөнінде көрнекті психолог ғалымдар Л.С.Выготский,
С.Л.Рубинштейн, Л.Ф.Обухова, П.И.Иванов, Б.Г.Ананьев, Т.Тәжібаев,
М.Мұқанов, Қ.Жарықбаев т.б. өз тұжырымдарын жазды[24]. Психолог
Л.С.Выготскийдің айтуынша, дүниетаным адамның сыртқы дүниеге қатынасы
бойынша мәдени тұрғыдағы оның бүкіл мінез-құлқын сипаттайды және дүниетаным
мен жеке тұлғаның өзара байланысына диалектикалық тұрғыдан талдау жасап,
дүниетанымды тек дүние мен оның құрамдас бөліктері туралы түсініктер жүйесі
деп қарауға болмайтындығын көрсетеді[25]. Еліміздегі психология ғылымының
дамуына көп еңбек сіңірген психолог ғалым Т.Тәжібаев жеке тұлғаны
әлеуметтік қатынастар мен сапалы іс-әрекетті жүзеге асырушы, нақты қоғамның
мүшесі, өзін басқалардан ажырата білетін, өзінің кім екенін түсінетін адам
деп[26], Қ.Жарықбаев болса дүниетаным мен сенімді, мотивтер мен қажеттерді,
бейімділік пен қызығуларды, мұрат пен талғамды жеке тұлғаның өмірлік
бағытын көрсетуші компоненттер екендігін саралайды[27]. Бұл пікірлер
Р.С.Немов, А.Петровский, А.С.Асмолов, С.М.Жакупов, Ж.И.Намазбаева,
Қ.Шерьязданова т.б. еңбектерінде айтылады. Дүниетанымның интеллектуалдық,
тұлғалық, практикалық сипатын ашуда жеке тұлға қалыптасуындағы өзіндік
мен мазмұнын айқындауда психологтардың еңбектері көлемді демекпіз.
Педагогикалық тұжырымдамаларда дүниетаным жеке тұлғаның қалыптасуы мен
дамуының анықтаушы факторы ретінде түсіндіріледі. Дүниетаным, оның жеке
тұлғаның дамуымен өзара байланысы, дүниетаным құрылымының компоненттері
туралы Б.Лихачев, И.Лернер, Ю.Бабанский, В.Беспалько, И.П.Подласый,
И.Ф.Харламов, А.Н.Леонтьев т.б. еңбектерінде баяндалып, дүниетанымның
дамумен байланыста өрбитіндігін, дамуды жеке тұлғаны жетілдіріп,
кемелдендірудің өте күрделі диалектикалық үрдісі екендігін көрсетті.
Жеке тұлғаның дамуы дегеніміз - оның жүйке жүйесіндегі функционалдық
мүмкіншіліктерінің, психикалық үдерістерінің, адамгершілік қасиеттерінің,
білімінің, көзқарастарының, оқу қабілетінің адам баласы жасаған материалдық
жеке рухани байлықты игерудің жєне сол байлықты келешекте жасаудың даму
тарихын айтамыз.
Дүниетанымның қалыптасу деңгейін анықтауда көптеген зерттеу
жұмыстарындағы дүниетаным қалыптастыру өлшемдері жөнінде тұжырымдарды
аңғаруға болады. Олар: ғылыми білімнің тереңдігі; шындықты диалектикалық
тұрғыда ұғыну қабілеті; әлеуметтік белсенділіктің көрінуі. Қазақстандағы
ғылыми-педагогикалық еңбектерде оқушылардың дүниетанымын қалыптастыруда
тәрбие мәселелері айтыла келе, дүниетанымның негізгі төрт түрлі құрылымдық
компоненттері, яғни білім, сенім, адам мұраты, дүниетаным көрсетіледі. Осы
мәселе бойынша бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне, күрделі
дүниетанымдық білім қалыптастыру қабілеттеріне қарай сараласақ, олар дүние,
қоршаған орта, табиғат, қоғамдағы іс-әрекеті туралы ғылыми білімнің алғашқы
негіздерін игереді. Сонымен қатар, оқу-тәрбие үдерісінде олардың Отан,
халық, бейбітшілік, болашақ т.б. туралы түсініктері қалыптасатындығы
айқындалған.
Талданған дүниетаным мәселелерін ғылыми зерттеудің философиялық,
психологиялық, педагогикалық, қорытынды нәтижелері мынаған саяды:
1. Еліміздегі және алыс жақын шетелдердегі философтардың және
ойшылдарының ой-пікірлері бойынша дүниетанымды қалыптастыратын себептерге
мыналар жатады:
а) дүниетаным адамның қажеттіліктері мен мұқтаждарын қозғаушы және
қоршаған ортадағы іс-әрекетті, бағыт-бағдарды реттеуші қызмет атқарады және
адамның жас, психологиялық өзіндік ерекшеліктеріне, оның өмірлік
ұстанымдарына байланысты болады;
ә) дүниетаным адамның іс-әрекетін, мінез-құлқын реттеушісі, сенім мен
мұратының тірегі әрі көрсеткіші болып саналады;
б) дүниетаным жеке адамды, тұлғаны дамытудың басты факторы болып табылады;
в) дүниетаным білім берудің қажетті іргетасы болғандықтан, ғылыми
дүниетанымды қалыптастырудың ең маңызды шарттарының бірі - бұл ғылыми білім
беру болып саналады (сурет-1. Дүниетанымды ғылыми зерттеудің нәтижесі).

Сурет 1. Дүниетанымды ғылыми зерттеудің қорытынды нәтижелері.

Белгілі педагогтар Ж.Б.Қоянбаев, Р.М.Қоянбаев Бастауыш сынып
оқушылары жас ерекшеліктеріне қарай күрделі дүниетанымдық ұғымды игеру
қабілеттеріне қарай дүние, табиғаттың құбылыстары, адамның табиғатпен өзара
әрекеттесуі, қоғамдағы оның іс–әрекеті туралы ғылыми білімнің бастапқы
негіздерін игеріп, оқу–тәрбие үрдісінде ғылыми білім негіздері қалыптасады”-
дейді[28]. Оқушы дүниетанымын қалыптастыруда мектепте өтілетін бейнелеу
өнері пәнінің оқу бағдарламасында қарастырылатын оқу материалдары арқылы,
оқушылардың көзқарастарын қоғамдық пайдалы өнімді еңбек арқылы, түрлі
бейнелерді салу арқылы, көптеген адамдардың еңбектері мен таныса отырып
эстетикалық, дүниетанымдары қалыптаса бастайды. Сондықтан, бейнелеу өнері
пәнін оқыту арқылы оқушы дүниетанымының қалыптасуына септігін тигізетін іс
– шаралар арқылы оқытудың өмірмен тығыз байланысын арттыра түсіп,
оқушыларды бейнелеу өнеріне қатыстыру жұмыстары арқылы іске асырылып
отырылады. Бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымын қалыптастыру мәселесін
зерттеуде Н.А.Менчинская, О.Г.Богданова, Э.И.Маносзон, Т.К.Мухина,
Р.М.Рогова, М.Н.Скаткин, В.А.Сластениннің еңбектерін атап өтуімізге болады.
Олар мектеп оқушыларының дүниетанымын қалыптастырудың ең қолайлы кезеңі
екенін атап көрсетеді. 
М.Н.Скаткин балаларда қоршаған орта туралы алғашқы түсінік мектепке дейінгі
кезеңде қалыптасып, бастауыш мектепте қоғам, табиғат құбылыстары мен
заңдылықтары туралы нақты білімді қалыптастыруға болатынын
тұжырымдайды[29]. Мектепке дейінгі кезеңде қалыптасқан алғашқы дүние,
заттар, жан–жануар, құрт–құмырысқалар т.б. жәндіктер туралы жалпы аты, заты
туралы түсініктері болғанымен олардың құрлысы, оларды күтіп баптау, оларды
әртүрлі материалдардан дайындау жолдарымен тек қана бастауыш сыныптардағы
өтілетін пәндер барысында, оның ішінде бейнелеу өнері сабақтарында оқып
үйреніп, түсініктері молая түседі. Демек оқушылардың ғылыми білім алудағы
дүниетанымдық көзқарастары сынып сандары өскен сайын дами түсіп, кәсіби
білім алуларына ықпалы тиеді дер едік. Бұл айтылған түсініктерді бейнелеу
өнері пәнінен басқа да қазақ тілі, еңбекке баулу, математика пәндерінен
алған білімдері арқылы дүниетанымдық деңгейлері кеңейіп отырылады. Мектеп
оқушыларының көзқарастарын дамытуда, оқушылардың ғылыми дүниетанымын,
ұлттық дүниетанымын кеңейтуде халқымыздың бойында ертеден қалыптасқан
тәлім–тәрбиелік ой–пікірлердің, дүниетанымдық көзқарастардың оқушылар үшін
мол азық дүние екенін айтуға болады. Қазақ ойшылдарының қайсысын алсақ та
олар табиғатқа еліктемей, оның сырын ашып, еліне, халқына танытуға
талпынбай қалған емес. Олардың қатарынан Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин,
А.Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ш.Аймауытовтардың
еңбектерін оқушылардың дүниетанымын қалыптастыруға ықпалының зор екенін
атап өтуімізге болады деп түсіндіреді. Солардың бірі Шоқанның еңбектерінің
көбісі жергілікті халықтардың ауыз әдебиеті, тұрмыс салты болып келген.
Шоқанның ұлттық дүниетанымға қосқан үлесінің бірі, қазақ халқының
киім–кешек үлгілері тұрмыстық құрал–жабдықтары жайындағы жазып кеткен
пікірлері дәлел бола алады. Әсіресе, қазақ тұрмысындағы қалыптасқан
аңшылық, соғыстық құрал–жабдықтарды талдап, қайшының, пышақтың, найзаның,
жібенің, айбалтаның түрлерін, олардың тұрмыстық пайдасын және аң аулауға
қажетті ер адамдар тағатын (кісе) т.б. маңызды көптеген деректерді жазып
қалдырғанын, олардың жастар дүниетанымына тигізетін пайдасы зор екенін
айтып кетуге болады. Шоқанның жастар дүниетанымына әсері Юрта атты
еңбегін оқығанда қазақ киіз үйінің көшіп–қонуға ыңғайлылығын өте асқан
шеберлікпен дәл суреттей білген. Киіз үйдің тез арада жиналып кез келген
жерге тігуге ыңғайлылығын, үйдің ішкі көрінісін, басқұр, желбау, бел бау
секілді бұйымдарының ою–өрнектерінің эстетикалық мәнін толық сипаттай
білген. Сонымен қатар, қымыз ашытуға арналған ыдыс–аяқтар жөнінде жазса
қазақ халқының өзбек, қытай халықтарынан үйренген кәсібі – егін егумен
(тары, бидай, жүгері, зығыр) айналыса бастағанын суреттеу арқылы түсіндіре
білген. Сондықтан, Шоқан шығармалары оқушылардың дүниетанымын
қалыптастыруға үлкен мәні бар байлығымыз деп санауымыз керек[30]. 
Қазақ ағартушысы Ы.Алтынсариннің дүниетанымдық көзқарасы жайлы сөз ететін
болсақ, жастарға білім беруге арналған дүниетанымдық көзқарасы өз алдына
бір төбе деуімізге болады. Бүкіл шығармашылығының бәрінде Ы.Алтынсарин
жастарды әсемдікке, адамгершілікке, табиғатты сүйе білуге, еңбекқорлыққа,
ұлттық қолөнерге баулу жолдарын түсіндіре біліп, оқушыларды еңбекке баули
отырып жастарды тазалыққа шақырып отырады. Ы.Алтынсарин шығармаларындағы
халық ауыз әдебиеті үзінділері, шағын әңгімелері, мақал–мәтелдері
оқушылардың ой–өрісін, дүниетанымын кеңейтуге бағытталғанын байқауға
болады. Ы.Алтынсарин ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бейнелеу өнерін оқытудағы оқушылардың дүниетанымын қалыптастырудың интеграциялық мазмұны
Ұлттық дүниетанымды халық өнері арқылы қалыптастыру
Бастауыш сыныптарда дүниетануды оқытудың маңызы және оның басқа пәндермен байланысы
Бастауыш сынып оқушыларының ұлттық дүниетанымын музыка арқылы қалыптастырудың педагогикалық шарттары
Бастауыш сынып оқушыларына эстетикалық тәрбие берудің педагогикалық мәселелері
Мектеп оқушыларының шығармашылық қабілетін қалыптастыру
Бастауыш сыныптарда оқытуда пәнаралық байланыстың әдістемелік негіздері
Сәндік қолданбалы өнер элементтерінің негізіндегі көркем қол өнер технологиясы
Көркемөнер құралдары арқылы оқушылардың эстетикалық сезімдерін қалыптастыру
Бейнелеу өнерінің оқушылардың білім сапасын және танымдық белсенділігін арттыруда ықпалы
Пәндер