Гаж технологиясын қолдана отырып кеңістіктік мәліметтерді өңдеу


Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

География және табиғатты пайдалану факультеті

Картография және геоинформатика кафедрасы

logo1

СӨЖ

ГАЖ технологиясын қолдана отырып кеңістіктік мәліметтерді өңдеу

Орындаған: Ерболқызы. С.

Тексерген: Таукебаев. Ө. Ж.

Алматы, 2015

Мазмұны:

Кіріспе

Негізгі бөлім

1) ГАЖ-ға сипаттама

2) ГАЖ-дың атқаратын қызметі

3) Мәліметтерді қайта құрылымдау операциялары

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Геоақпараттық зерттеулердің нәтижесінде қазіргі уақытта ғылымдар жүйесінде геоинформатика өте маңызды орын алып отыр.

Геоинформатиканың негізгі міндеттерінің бірі - географиялық ақпараттарды талдаудың орындалуына көмектесетін бағдарламалық құралдарды құруға географиялық зерттеулердің автоматтандырылуы.

Геоақпараттық жұмыстарды орындау барысында географияның орны ерекше.

Қазіргі қоғамда геоинформатика өзіне лайықты орын алуда. Оны географиялық зерттеулерді ақпараттаудың мақсаты мен міндеттерінен көруге болады. ГАЖ біртіндеп адамның маңызды әрекет сфераларына, әлеуметтік және экономикалық саясатқа, шаруашылықты және табиғи қорларды басқару, табиғатты және экологияны қорғау, жерлерді бағалау және тіркеу, кадастр, ғылым, ілімге енді. Геоинформатиканың мағынасы болып географиялық ортадағы кеңістік-уақыттағы ақпараттар ағыны болып табылады.

  1. ГАЖ-ға сипаттма

ГАЖ дегеніміз - табиғи және әлеуметтік-экономикалық геожүйелерді, олардың құрылымын, байланысын, динамикасын, кеңістік пен уақыттағы тіршілік етуін, географиялық білімдер мен мәліметтер банкісі негізінде компьютерлік белгілеудің көмегімен зерттейтін ғылым.

Қазіргі уақытта ақпарат (қоғамдық қызмет салаларында есептеу техникасының енгізілуі) қолданылмайтын қызмет түрінің қандай да бір саласын атау қиын. Ақпараттық технология кез келген ғылымның ажырамас бөлігі болып келеді. Оны түрлендіре отырып, шексіз жетілдіруге ұмтылуда. Жер жөніндегі ғылымда ақпараттық технологияның арқасында геоақпараттану және географиялық ақпараттық жүйелер-ГАЖ деген сияқты ұғымдар пайда болды.

ГАЖ-жүйе ретінде географияны, информатиканы, ақпараттар жүйелер теориясын біріктіре отырып, картография және басқа ғылымдардың тоғысқан жерінде пайда болды. Ол таным әдісі ретінде жүйелік тұрғы негізінде сандық есептеу техникаларының ең жаңа жетістіктерін қолданып құрылған жүйе. ГАЖ - бұл кеңістік үйлестіруші деректерді жинауды, сақтауда, өңдеуді, көруді, бейнелеуді және таратуды қамтамасыз ететін ақпараттық жүйе. Геоақпараттық жүйелердің анықтамалары көп, нақты айтқанда - бұл аймақтық деректерді жинау, сақтау, өңдеу, сараптау және шығаруға арналған компьютерлік жүйелер. Міне сол себепті, қазіргі уақытта ГАЖ табиғи және әлеуметтік-экономикалық үрдістер мен құбылыстарды үлгілейтін, олардың байланыстарын, қарым-қатынастарын, болашақта дамуын болжайтын және шешім қабылдап, басқаруға арналған негізгі ғылым болып отыр. [1]

  1. ГАЖ-дың атқаратын қызметі

ГАЖ мәліметтерді өңдеу мен картографияда өте күшті графикалық құрал болып табылады.

ГАЖ мынадай маңызды мәселелерді шешеді:

1. Жоғары сапалы картографиялық өнімдерді құру;

2. Мәліметтер базасында ақпараттарды графикалық нысандармен байланыстыру;

3. Мәліметтердің карталық, графиктік, диаграммалық сызба түрінде берілуі;

4. Кеңістіктегі мәліметтерге талдау жасау, орналасқан жерін үлгілеу;

5. Басқару мен шұғыл шешімдерге қолғабыс беру;

6. Мәліметтердің түрлі ақпараттық жүйелермен қарым-қатынас және т. б.

аймақта таралған ақпаратты жинап, өңдеп, сақтап, талдауға арналған.

ГАЖ-бұл:

  • Адам-бағдарлама-машиналық кешен.
  • Белгілі бір аумақта пайда болған жағдайда жедел ықпал ету және сол жағдайдың картографиялық және тақырыптық ақпаратын алу.
  • Аймақтың кеңістік контурынан әртүрлі тақырыптық ақпаратты бірінің үстіне бірін салу - overlay операциясы.
  • Аналитикалық және картометриялық зерттеу мен талдау. Негізінде кез-келген картаның жоспар жолы ГАЖ арқылы жасалады.
  • Кез-келген үрдістер мен құрылымдардың өзгеруін зерттеу және олардың жағдайын уақытында үлгілеу.
  • Кеңістіктік ақпаратты көрнекі ету және динамикалық режимді көрсету.
  • Аумақтар мен қорларды басқару, жылдамдық, сапа, дәлдік.
  • Ғылым, технология және бизнетің бір жерде тоғысуы.
  • Кеңістік талдауда картография мен картометриядағы революция [2] .

3. Мәліметтерді қайта құрылымдау операциялары.

ГАЖ-дың ортасына кірген кеңістіктік мәліметтер, алдын ала дайындық операцияларынан өткізуді талап етеді. Мәліметтерді бір форматтан екіншісіне өткізу керек. Осы операциялардың ең маңыздысы мәліметтерді векторлық түрден растрлық түрге айналдыру болып саналады және керісінше. Қазіргі уақытта жаңа алгоритмдер жетерлік. Бірақ олар күннен-күнге жаңаруда, сондықтан «растр-вектор» және «вектор-растр» қағидасы кеңінен тараған. «Вектор-растр»-айнардыру, растрлық ГАЖ-дың жұмысы. Бұл жұмыста векторлық мәліметтер керек кезде жазу құрылымдарына шығу (матрицалық, лазерлік принтерлер) шешілген. Вектор-расторлық алгоритм қолданылады, бірақ белгілі бір деңгейде ғана. Одан кейінгі генерализациялау жүрмейді, себебі бастапқы бейне өзгеріп отырады.

Географиялық ақпараттарды компьютерде өңдеу үшін арнайы жүйе құрылған: География саласында ақпараттық технологияны қолдану бұл геожүйеде өтіп жатқан өзгерістер мен құбылыстарды автоматты түрде өңдеуге және талдауға мүмкіндік береді. Қазіргі кезде ақпараттарды өңдеу үшін ір түрлі техникалық құрал-жабдықтар қолданылады. Ең көрнекті өкілі -ЭЕМ және қолданбалы бағдарламалар.

Осы география, информатика және жүйелі талдау мәселелерін біріктірсек, Үлкен гоеақпараттық жүйе құруға (ГАЖ) болады. ГАЖ-дың зерттеу зерзаты-гоежүйе. Қолданатын әдістері - матиматикалық үлгілеу және жүйелі талдау. Сонымен қатар ГАЖ-ды әртүрлі ақпараттар алуда қолданамыз. Олар мынадай түрде болады:

  • Сандық
  • Географиялық (карта, суреттер)
  • Кестеліктер
  • мәтіндік

ГАЖ- екі өлшемді немесе үш өлшемді көлемдегі объектілерді бейнелеп, оларды математикалық тілде өңдеуге мүмкіндік беретін бағдарлама. Сондықтан объектілер бірлескен координаталар жұйесіне географиялық байланыста болуы керек.

Гаж -жер бедері туралы мәліметтерді өңдейтін бағдарлама. Бұл мәліметтердің ең маңызды ерекшеліктері жеке немесе бірнеше объектілермен тұтас істеуге мүмкіндік беретін, олардың айрықша векторлық сипаты болыа табылады.

Гаж-дың ерекшелігі - көп қабаттылығы; мысалы, жер бедері үшін арнайы құрылыс, жол, өсімдік т. б қабаттардан тұрады.

Бұдан 10 жыл бұрын ГАЖ тек екі өлшемді болды, бірақ есептеу құралдарын шығару деңгейі жоғарылаған кезде алдымен 2, 5 өлшемді, ал содан кейін «шын мәніндегі» үш өлшемді ГАЖ-дар пайда болды. 2, 5 өлшемді дегеніміз- кез келген үш өлшемді объект жасауда биязы модельденеді, ал биіктігі бойынша объект шегінде өзгере алмайтын тек бір мән беріледі дегенді білдіреді. Сонымен екі ірі шатырлы үй 2, 5 өлшемді жүйеде модельденбейді, ал жалпақ шатырлы үйдің модельденбеуі әбден мүмкін.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Географиялық ақпараттар жүйесі
Тіршілік қауіпсіздігі сабағындағы ақпараттық технологиялар
Ландшафттар және оларға бейімделген мал шаруашылығы жүйесі
Географиялық талдау және кеңістіктік модельдеу түсінігін талдау
География сабағында ақпараттық технологияны пайдалану.
Ақпараттық жүйе және ақпараттық технологияның электр қауіпсіздігін басқарудағы алатын орны және мәні
Геоақпараттық картографиялау
Картографияның негізгі салалары
Геоақпараттық жүйелер
Экологиялық жағдайы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz