Сыртқы сауда


Мазмұны
Кіріспе . . . 3
I Сыртқы сауда . . . 4
1. 1 Сырқы экономикалық қызметінің жалпы мәселелері . . . 6
1. 2 Шетелдік валюта операцияларының есебі . . . 8
1. 3Тауарлардың импорты бойынша жасалатын операциялардың есебі. …. … . . . 11
1. 4 Тауарлардың экспорты бойынша жасалатын операциялардың есебі . . . 14
II Толлингті операциялардың есебі . . . 15
2. 1 Сыртқы экономикалық қызметпен байланысты басқа да
операциялардың есебі . . . 15
2. 2 Тауар шығарылған елді анықтау және тауардың шығуы туралы сертификат беру ережесі . . . 18
Қорытынды . . . 28
Қосымшалар . . . 29 Пайдаланылған әдебиеттер . . . 35
КіріспеБүгінде бухгалтерлік есебі басқару жүйесінде ең басты бір орын алады. Ол кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттап және басқарушылық шешімді қабылдау үшін негіз бола отырып, тұтынуды, таратуды, айналысты және басқа да өндіріс процесін шынайы көрсетіп береді. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есебі «Бухгалтерлік есеп Стандарттарында» және субъектілердің қаржылық-шаруашылық қызметіндегі бухгалтерлік есеп шоттарының «Бас есеп жоспарында бекітілген жалпы қағидалары мен ережелерінің» негізінде құрылады және ол бүкіл алынған ақпарттарды пайдаланушылардың талабына, қызметтің құрылымын, ұйымының нысанына, айрықшы ерекшелігіне, есептің сәйкес келуін қамтамасыз етеді.
Шарушылық жүргізудің қазіргі жағдайында шаруашылық жүргізуші субъектінің күрделі экономикалық тетігін нақты, жақсы жолға қоймайынша, сондай-ақ толық, сенімді ақпартсыз басқару жүйесін іс жүзінде жүзеге асыру мүмкін емес.
Экономиканың барлық саласындағы кәсіпорындардың иелері мен еңбек ұжымдары шикізат пен материалдарды ұқыпты жұмсауға, өндіріс қалдықтарын азайтуға, ысырапты жоюға, бәсекеге жарамды өнімдерін өндіруге, оның сапасын көтеруге, өзіндік құнын төмендетуге, қоршаған ортаны сақтауға мүдделі. Бұл орайда, шаруаға қарсыздыққа, кәсіпорынның материалдық құндылықтары, ақша қаражаттарын және басқа да ресурстарын заңсыз және тиімсіз жұмсауға және тонауға қарсы күресте бухгалтерлік есептің маңызы мен мәнін айырықша бағаламауға болмайды.
Есепке алынған ақпараттардың көмегімен шаруашылық жүргізуші субъектілердің және олардың құрылымдық бөлімшелеренің қызметін жедел басқару үшін, экономикалық болжамдар мен ағымдық жоспарлар жасау үшін, сөйтіп, ел экономикасынң даму заңдылықтарын зерделеу және зерттеу экономикалық тетіктің бірі ретінде пайдаланады.
І Сыртқы саудаСыртқы сауда статистикасында есепке алынатын негізгі көрсеткіштер сыртқы сауда айналымы, экспорт, импорт, сыртқы сауда балансының айырымы болып табылады.
Сыртқы сауда айналымы - елдің белгілі бір кезеңдегі экспорты мен импорты құндарының сомасы.
Тауарлар экспорты - отандық өндіріс тауарлары мен шетелде шығарылған реэкспорттық тауарларды коммерциялық негізде елден сыртқа шығару.
Тауарлар импорты - ел ішінде пайдалану үшін және реэкспорт үшін арналған шетелде шыққан тауарларды коммерциялық негізде шетелден әкелу.
Сыртқы сауда балансы (сыртқы сауда айырымы) - елдің белгілі бір кезеңдегі экспорты мен импорты құндарының арақатынасы. Сыртқы сауда балансы, егер экспорт құны импорт құнынан асып кетсе активті, ал керісінше арақатынаста болса пассивті болып саналады.
Ұйымдастырылмаған сауданы қоспағандағы мәліметтер жүктік кеден мәлімдемесін өңдеу негізінде алынған. Заңды тұлғалар үшін ресми мәлімдеуге кез келген заңды тұлғаға тиесілі, не олардың қарауындағы мемлекеттің немесе басқаның иелігіне, тұрған жеріне, кедендік жеңілдіктеріне байланыссыз республиканың кеден шекарасы арқылы өткен барлық тауарлар жатады. Тауар дегеніміз - елдің материалдық ресурстарын сырттан әкелгенде ұлғайтатын және сыртқа шығарғанда азайтатын барлық жылжымалы мүлік (электр энергиясын, газды, мұнайды қоса) . Жеке тұлғалар үшін жүктік кеден мәлімдемесі өндірістік тұтынуға арналған тауарларға толтырылады. Сөйтіп, кеден статистикасына ұйымдастырылмаған сауда шеңберінде тасымалданған тауарлар кірмейді.
Ұйымдастырылмаған сауданы қоса алғандағы мәліметтер де жүктік кеден мәлімдемесінен алынған ақпараттарға негізделген, алайда одан басқа сыртқы сауда айналымы көлеміне есепке алынбаған экспорт пен импорттың «қайықтық» сауда бойынша есептеулері қосымша енгізілген. Бұл есептеудің мәліметтері нақты тауарлар мен елдерге бөлмей жалпы экспорт және импорт көлеміне есептеледі. Ұйымдастырылмаған сауда көлемін анықтау әдістемесі, негізінде, кеден органдарында ресми түрде есепке алынбаған, жасалған сыртқы сауда операцияларын бағалауға негізделген.
Кеден статистикасы елдің мемлекеттік аумағына келіп түсетін және одан сыртқа шығатын барлық тауарлар есептелетін сыртқы сауда есебінің «жалпы» жүйесі негізінде тауарларды сырттан әкелу мен сыртқа шығарудың есебін жүргізеді. Мұндағы елдің статистикалық аумағының шекарасы - мемлекеттік шекара. Экспорт көлеміне мыналар кіреді: ұлттық тауарлар экспорты, өңделгеннен кейінгі тауарлар экспорты, импортталған тауарлар реэкспорты, еркін кеден аймақтары мен еркін қоймалардан экспорт, баж салығы салынбайтын сауда дүкендерінен тауар экспорты, сондай-ақ бір немесе одан көп жылға жал үшін әкетілген тауарлар. Импорттың негізгі құрамды бөліктері мыналар болып табылады: ел ішінде пайдалануға арналған тауарлар импорты, өңдеу үшін пайдаланылған тауарлар импорты, реимпортталған тауарлар, еркін кеден аймақтары мен еркін қоймалардағы тауарлар импорты, баж салығы салынбайтын сауда аймағына бағытталған тауарлар импорты, бір немесе одан көп жылға жал үшін әкелінген тауарлар.
Кеден статистикасы мынадай операцияларды есепке алмайды:
монетарлық алтынмен, бағалы қағаздармен, айналымдағы банкноттармен және монеталармен;
ел аумағы арқылы шетелдік тауарлар транзиті;
тауарларды елге әкелмей-ақ реэкспорттау;
уақытша әкелінген және әкетілген тауарлармен (көбінесе, өткізілмеген бөлігі консигнацияға, көрмеге, жәрмеңкеге арналған тауарлар) ;
шетел мемлекеттерінің дипломатиялық және елшілік өкілдіктерінің қызметке пайдалануға арналған тауарларымен; мемлекеттік органдарға, мемлекет басшыларына, үкімет мүшелеріне сый тартулар;
мемлекеттен тыс орналасқан отандық әскери бөлімдердің жауынгерлік әзірлік немесе күнделікті қызметіне арналған тауарлар;
коммерциялық мәні жоқ тауарлармен.
Сыртқы сауда ағынының географиялық бөлінуі мына схема бойынша жүргізіледі:
тауарлар экспорты-тауар бағытталған (тұтынатын) ел бойынша;
тауарлар импорты-тауар шығарылатын ел бойынша.
Экспорттық тауарлардың құндық есебі ФОБ немесе ДАФ бағасында (тауар бағасына оның құны мен тауарды кеме бортына немесе экспорттаушы елдің шекарасына дейін жеткізіп беру және тиеу бойынша шығындары кіретін тауар сату шарты) ; импорттық тауарлар - СИФ немесе СИП бағасында (тауар бағасына оның құны мен тауарды портқа немесе импорттаушы елдің шекарасына дейін сақтандыру және тасымалдау бойынша шығындары кіретін тауар сату шарты) жүргізіледі.
Құндық көріністер АҚШ долларымен көрсетіледі, шетел валюталарын долларға қайта есептеу кеден мәлімдемесін толтыруға қабылдаған күні Республиканың Ұлттық банкі белгілеген ресми бағамы бойынша жүргізіледі.
Экспорт пен импортты есепке алғанда Тауарларды бейнелеп жазу мен кодтаудың алты таңбалы үйлестірілген жүйесі (ҮЖ) және Еуропалық Одақтың құрастырылған тарифтік-статистикалық номенклатурасы (ЕО ҚН) негізінде өңделген «ТМД елдері сыртқы экономикалық қызметінің тауарлық номенклатурасы» (ТМД СЭҚ ТН) классификаторы қолданылады. ТМД СЭҚ ТН-ға сәйкес сандық есеп жүргізу мақсатында тауардың өлшем бірлігі анықталады. Қосымша өлшем бірлігі анықталмаған тауарлар нетто салмағы бойынша тоннамен есепке алынады. Әйтпеген жағдайда есепке алу номенклатурада көрсетілген өлшем бірлікпен (дана, жұп, литр және т. б. ) жүргізіледі.
1. 1. Сыртқы экономикалық қызметінің жалпы мәселелеріКәсіпорынның сыртқы экономикалық қызметінің негізгі түрлері тауарларды экспорттау мен импорттау болып табылады. Тауарларды экспорттау - тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып алушының еліне жөнелту арқылы шетелдік сатып алушыға салу; импорттау - тауарды сатып алушының еліне әкелу арқылы шетелдік сатушыдан алу.
Сыртқы экономикалық мәміле контрактімен рәсімделеді, онда олардың құқы, міндеттемесі және тараптардың жауапкершілігі көрсетіледі. Сондықтан дұрыс рәсімдеу үшін Халықаралық сауда палатасының әзірленген халықаралық сауда терминін («Инкотермс») пайдалануды ұсынады.
«Инкотермстің» барлық термині төрт базалық котегорияға топтастрылған:( 1-Қосымша)
«Е» тобының шарты бойынша сатып алушы сатушының қоймасынан жөнелтуге дайын тұрған тауарды алады. «Ғ» тобының шарты бойынша, сатып алушы көрсетсен транспорттық құралына дейін тауарды сатушының өзі жеткізіп беруге міндеттенген.
«С» тобының шарты бойынша сатушы тасымалдаушылармен шартқа отырады, бірақ жүкті жөнелткеннен кейін пайда болатын шығыстарға және тауардың бұзылуына (жоғалуына) жауап бермейді. «Д» тобының шарты бойынша сатушы барлық тәуекелділіктерді және жүкті белгіленген жеріне дейін жеткізіп берумен байланысты шығындарды өзіне алады.
СІҒ тауарды жеткізіп беру кезіндегі жағдайында сатушы жүктің әрбір тоннасын сақтандырады, фрахтысын анықтайды, жүкті жөнелтетін портқа жеткізіп, оны өз есебінен мерзіміне сәйес порт кемесіне тиейді және сатып алушыға құжаттарын қоса береді. Сатушының міндетіне тауардың транспорттық тәуекелділігі де кіреді.
Сөйтіп , CIF шарты кезінде сатып алушының жабдықтаушыға төлейтін бағасының ішіне тауардың құны, фрахтысы және сақтандырулар кіреді.
DAF жағдайында экспорт үшін рұқсат етілген белгіленген орнына дейін тауарды жеткізіп беру бойынша жауапкершілікті сатушы алады, ал сатып алушы көрсетілген орында және көрсетілген уақытында тауарды қабылдап алуға міндетті.
FAS - жабдықтау шартына сәйкес сатушы кеме бортына дейін тауарды өз есебінен жеткізіп беруді мойнына алады, ал содан кейінгі шығыстарды (арту, фрахт) сатып алушы алады. Транспорт құралына дейінгі тауардың бұзылуын және басқа да шығыстарын сатушы өз мойнына алады.
ҒОВ - сату жағдайына сәйкес жабдықтаушының бағасына тауардың құнын, кеме бортына арту және оған дейін жеткізу шығыстар, т. б. кіреді
«Инкотермс» ұсыныстық сипатта болады және оның белгілі бір бөлігін немесе толық көлемін пайдаланылуы тараптардың келісіміне байланысты болып келеді.
Қазақатан Республикасы аймағына әкелінетін және оның шекарасынан шығарылатын барлық тауралардың кедендік бақылаудан өтетіндігін көрсетеді. Бұл кезде заңда қаралған кедендік төлемдер экспорттауға да, импорттауға да салынады, оның құрамына мыналар кіреді:
кедендік баж салығы;
кедендік рәсімдеу үшін кедендік алымдар;
тауаларды сақтауға алынатын кедендік алымдар;
шығарып салғаны үшін кедендік алымдар;
Қазақстан Республикасының кедендік органына лицензия бергені үшін алынатын алым;
кеден ісін рәсімдеу бойынша машықтанған мамандық аттестатын бергені үшін алым;
алдын ала қабыладанатын шешімдер үшін төлем.
Бұл төлемдердің көбісінің мөлшерін кедендік тауар құнына тәуелді болып келеді, олардың құрамына шет елдік валютамен есептелген тауардың нақты құны және шетелдік төленеген үстеме шығысы кіреді. Егер де үстеме шығысыны жабдықтаушының өзі төлесе, онда ол тауардың нақты құнына бағаның бір элементі ретінде болады және сатып алушы өтейді.
Кедендік төлемді есептеудің негізін тауардың кедендік құны құрайды, тек кейбір арнайы кедендік төлемдерін, яғни, тауар бірлігі үшін белгіленген мөлшерде есептелетіндерін қоспағанда.
Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тысқары жерлерге шығарылатын тауарлардың кедендік құны; шот-фактурада көретілген тауар бағасына, сондай-ақ, егер шот-фактураға енгізілмеген болса, онда мынадай нақты шығындар : тауарды әуе айлағына, айлаққа немесе басқадай жерге дейін жеткізіп беруге жұмсалған шығындар; тауарды Қазақсатн Республикасының кедендік аумағынан сыртқары жерлерге шығару шығындары; сатушының шығарған шығындары; сақтандыру сомасы; комиссиялық және брокерлік сыйақылары; сондай-ақ Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес бағаланатын тауарлармен бірдей нәрсе ретінде қаралмаса, контейнерлердің немесе бірнеше рет қайталанып айналымда болатын ыдыс құндары негізінде анықталады.
Қазақстан Республикасының кедендік аумағына сырттан әкелетін тауардың кедендік құны мынадай әдістерді қолдану арқылы анықталады: сырттан әкелелінетін тауарларға жасалған мәміле бойынша ; ұқсас тауарларға жасалған мәміле бағасы бойынша ; бірыңғай тауарларға жасалған мәміле бағасы бойынша ; құннан шегеру әдісімен; құнға қосу әдісімен; резервтік әдісімен жасалады.
Кедендік төлем мөлшерлері мынадай түрлерге бөлінеді:
Адволарлық - салық мөлшері салынатын тауарлардың кедендік құнына процентпен есептеледі;
Ерекше - салық мөлшері салынатын тауарлар бірлігінің белгіленген мөлшерімен есептелінеді;
Аралас - салық мөлшері жоғарыда аталған кедендік салық түрлерінің екеуінеде үйлестіріледі.
Сыртқы экономикалық қызметте қолданатын негізгі құжаттар болып :
Техникалық құжаттаулар - техникалық төлқұжаты (паспорты), сызбасы, жинау бойынша нұсқауы, монтаждау, басқару және жөндеуі, техникалық жағдайын сипаттайтын құжат (спецификациясы) және т. б.
Тауарлы - ілеспе құжаттаулары- тауар сапасының сертификаты, буып-түю парағы; құрастырушы тізімдемесі (ведомосы) т. б. ;
Транспорттық, экспедиорлық және сақтандыру құжаттаулары - теміржол наклоднойы және оның көшірмесі (жүк түбіршегі, коносамент, автотранспорттық наклоднойы т. б. ), сақтандыру полисі немесе сертификаты;
Қойма құжаттары - экспорттау тауарына портта берілген қабылдау актісі, тауардың сақтауға алынғаны туралы қойманың қолхаты, басқа да кепілдік куәлігі т. б;
Есеп айырысу құжаттаулары - шот-фактурасы, аударым векселі (тратты) ;
Банкі құжаттаулары - валютаны аудару өтініші, инкасса тапсырмалары, акредетив ашу туралы тапсырмалар, чектер, Қазақстан Республикасының кеден депозитіне қаражатты аудару туралы тапсырмалары, есеп айырысу және валюталық шоттар бойынша жасалған операциялардың көшірмесі;
Кедендік құжаттаулар - кедендік жүк декларациясы (КЖД), тауардың шығуы (немесе шығарылған жері) туралы сертификаты, баж салығын төлегені туралы анықтама, акциздер, алымдар;
Талап (шағым) құжаттаулары - шағымдық хат, сотқа немесе арбитражға қойған талап арыз;
Бұзылған немесе кем шыққан жөнінде жасалған құжаттар - кем шыққанға жасалған коммерциялық актілер, авария сертификаты.
Сыртқы экономикалық қызмет бойынша есеп айырысу шетелдік валюта бойынша жүреді. Нақты мысалдарды қарастырмастан бұрын шетелдік валюта бойынша жасалатын операцияларына тоқталамыз.
1. 2. ШЕТЕЛДІК ВАЛЮТА ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ ЕСЕБІШетелдік валютасында жасалатын операцияларды бухгалтерлік есепте көрсету үшін № 9 БЕС ережелерін пайдаланады. Шетелдік валюталық операцияларына шетелдік валютада жасалатын мәмілелер жатады, олардың қатарына : шетелдік валютаға сатып алынған немесе сатылған мүліктер жатады.
Валютамен алынған немесе берілген несиелер (қарыздар) ; басқа да жолдармен алынған немесе валютаға сатылған активтер және т. б. Бухгалтерлік есептің Бас шоттар жоспарында шетелдік валютадағы ақша қаражаттарын есептеу үшін мынадай арнайы синтетикалық шоттар қарастырылған : 1032; 1040; 1012. Ал басқа активтері мен міндеттемелерін есептеу үшін мына шоттарға субшоттар ашылады: 5110; 1251; 1210; 3310; 3210 т. б., демек, шетел валютасында жасалған операцияларын бөліп көрсету мүмкіндігі зор. Бірақ ол операциялар бухгалтерлік есеп жахбасында тек теңгемен ғана көрсетіледі, яғни Қазақстан Республикасын Ұлттық банкінің белгіленген бағамы бойынша қайта есептелінеді. Бірақ олар алғашқы құжаттарда (касса кітабында, кіріс және шығыс каса ордерлерінде, есеп регистрларында) номиналдық түрі бойынша көрсетілуі мүмкін.
Мысал. «Узень! ЖШС 27 қаңтар 2002 ж. «Werbe» шетел кәсіпорнына жеткізіп берілетін (немесе әкелінетін) тауар үшін аванс ретінде ақша қаражатын аударған. Аударылған аванстың соммасы 3500 АҚШ долларын құраған. 27 қаңтар 2002 жылы ҚР ҰБ бағамы бойынша 1 доллар 151, 00 теңге тұрған. Олай болса, «Узень» ЖШС-тің бухгалтерлік есеп регистрларында жалпы сомаға келесі жазба жазылады:
528500 теңгеге
- 2910 шоты дебеттеледі де, 1032 шоты кредиттеледі.
Шетелдік валютада операцияны жасау кезінде операцияның жасалған күнін білу керек, онсыз операция дұрыс жасалған болып саналмайды. Төменде шетелдік валютада жасалған операцияның күнін анықтаудың тәртібі келтірілген. (2 қосымша)
Ақша қаражаты мен есептесулер (шетел валютасында алынған (берілеген) дебиторлық және кредиторлық қарыздар, несиелер, арнайы қаржыландыру қаражаттарының қалдықтары) міндетті түрде, ҚР ҰБ белгіленген бағамы бойынша ең соңғы есептік кезеңінің күніне қайта есептелуіне жатады.
Шетелдік валютаға алынған (қалыптасқан) негізгі құралдардың құны, аяқталмаған күрделі құрылыстар, тауарлы-материалдық құндылықтар, материалдық емес активтер, меншік капиталы одан әрі қайта бағалануға жатпайды. Шетелдік валютаға алынған (қалыптасқан) меншік капиталы және аударылған активтер ҚР ҰБ бағамы бойынша бағаланады және шетел валютасының өзгеруіне байланысты қайта есептеулер жүргізілмейді. Ондағы орын алған айырма бағамның айырмасы болып саналады. Сондықтан ондағы табыстың және шығыстың ажырата білу керек. Ол үшін баға белгілеу агенттігінің ақпарттарына сүйену керек.
Мысал. «Цемент» ААҚ берген өтініші бойынша, оған қызмет көрсететін банк 1000 АҚШ долларына теңгені ковертациялауға және 2 Ресей Рублін алған. ҚР ҰБ бағамы: 1 долларға - 152 теңге; 1 Ресей рубліне - 4, 8 теңге. Ал банкінің есеп айырысу бағамы бойынша : 1 доллар - 153 теңге; 1 Ресей рублі - 4, 5 теңге құраған. ( 3-қосымша)
Бағамдық айырма есеп және есеп беруде келесі тәртіп бойынша көрініс табады:
Шетел валютасында көрсетілген дбиторлық және кредиторлық қарыздарды өтумен байланысты, операциялары бойынша жасалған ҚР есептесу күніндегі бағам, бухгалтерлік есепте көрсетілген қарыздың бағамынан ерекшеленетін болса;
Әрбір есептік күнег шетелдік валютадағы ақша қаражатының қалдық құнын (ақша қаражаттарын қоса алғанда) қайта бағалаумен байланысты операциялар бойынша және әрбір операцияның алдында осы шоттардағы қаражаттардың қозғалысы бойынша айырмашылығы болса.
Төменде бағам айырмасының өте жиі кездесетін жағдайлары келтірілген:
Тауарларды және басқа да мүліктерді импорттау кезінде тауарды кедендік рәсімдеу күніндегі теңгенің нақты эквиваленттік құнымен және сол үшін аударылған ақша қаражатының күні арасындағы пайда болған айырма (жабдықтаушылармен есеп айырысу кредиторлық қарыздардың төмендеуі немесе қайта бағалануы немесе дебиторлық қарыздың берілген аванстары бойынша) ;
Көрсетілетін қызметтің импортталуы кезінде - осы қызметтің нақты тұтынған кезіндегісімен және соған аударылған ақша қаражатының күні арасында пайда болған айырма;
- дебиторлық және кредиторлақ қарыздардың пайда болуы мен олардың өтелу кезеңіне күнінің арасындағы болатын айырма;
- валюталық қаражаттар бойынша қарызы бар болған жағдайда, яғни несиелік мекемелерден немесе басқа да қарыз берушілерден алынған қарызды теңгелік тұрғысынан бағалаған кезде пайда болады.
Бағамдық айырманың пайда болу кезеңінен бастап қарыздың өтелу кезеңіне дейін есептеу арқылы анықталуы керек.
Бухгалтерлік есепте оның ішінде есеп беру кезеңінде бағамдық айырма көрініс табады, оған оның пайда болу күні мен қаржылық есеп беруді жасаған күнінің арасындағы айырма жатады. Бағамдық айырма не табыстың (оң болса), не шығыстың (теріс болса) құрамына жазылады, олар мынадай арнайы синтетикалық шоттарда көрініс табады:
6250 «Бағамдық айырмадан түскен алынған табыс» және «Бағамдық айырма бойынша шығыстар». Төменде шетел валютасындағы операциялардың қайта бағалануына және бағамдық айырманың есебіне бір мысал келтіріп көрейік .
Мысал: «Узень» ЖШС қаржылық есебінде тауар үшін 3500 АҚШ долларында дебиторлық қарызы көрсетілген, осы аталған қарыз 27 қаңтар 2002 жылы пайда болған, ол кезде 1 доллардың бағамы 151 теңгеге тең болған . «Узень» ЖШС 2 ақпан 2002 жылы «Global» компаниясы 3000 АҚШ долларға тауар алған; осы операцияның жасалған күні ҚР ҰБ валюталық бағамы 1 доллар шін 151, 20 теңге құраған. Осыдан басқа операциялар жасалған жоқ, ал 200 жылдың 28 ақпанында «Global» компаниясының дебиторлық қарызы 500 АҚш долларын құраған.
Есеп беру күніне, яғни 31 қаңтар 2002 ж. Және 28 ақпан 2002ж.
Осы процестегі операцияларды көрсету үшін «Узень» ЖШС бухгалтерлік есебінде келесі жазбалар жазылған. (4-қосымша)
Сонымен «Узень» ЖШС 2002 жылдың 28 ақпанындағы балансында «Global» компаниясының дебиторлық қарызы 75700 теңге (528500 + 1050 - 453600 - 300 + 50) құраған. Бағамдық айырмадан пайда болатын жоғалтудан қорғаудың бір тәсілі - хеджирование болып табылады, ал ол бағамдық жоғалту тәуекелділігін сақтандырудың бір түрі болып келеді.
Шетелдік тәуелді еншілес заң тұлғаларымен немесе бірлескен кәсіпорындармен есеп айырысу есебі жоғары айтылғандардан ерекше ереже бойынша жүреді.
Шетелдік тәуелді еншілес заңды тұлғаладың немесе бірлескен кәсіпорындардың нетто - инвестициясын анықтау үшін осы кәсіпорындардың таза активіне келетін инвестицияның сомасын есептеп шығару керек. Егер де субъект бөлімшелерінің 60% акциясына ие блса, онда оның таза активінің 60% нетто-инвестициясын құрайды; егер де ол 100% акциясына ие болса, онда неттоинвестиция сомасы болып табылады, және ол кәсіпорынның таза активіне тең болады. Субъектінің шетел валютасы қарыздары болуы үмкін, ал кәсіпорынның алашағы немесе берешегі болуы мүмкін. Нетто-инвестициясы бойынша бағамдық айырма есептен шыққанға дейін, кәсіпорынның меншік капиталы ретінде 5320 - «Басқа да» шотында көрініс табады.
Есептен шыққан кезде, ол не табыс ретінде (5320 шотының дебеті мен 6250 шотының кредиті) ; не шығыс ретінде (7430 шотының дебеті және 5320 шотының кредиті) танылады.
1. 3. Тауарлардың импорты бойынша жасалатын операциялардың есебі ... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz