Картаның ақпараттық қасиеті


Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

География және табиғатты пайдалану факультеті

Картография және геоинформатика кафедрасы

logo1

СӨЖ

Картаның ақпараттық қасиеті

Орындаған: Ерболқызы. С.

Тексерген: Тумажанова С. О.

Алматы, 2015

Мазмұны:

Кіріспе

Негізгі бөлім

  1. Карта түсінігі және онымен жұмыс жасау
  2. Объектілер мен құбылыстардың картографиялық бейнесі туралы негізгі түсініктер

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Картографиялық ақпаратты электронды тасымалдауыштарда сақтауға, жазуға және өңдеуге болады. Тасымалдауыштардағы әр картаға тиісті көрнекті бейнелер кодталған түрда сақталады. Бұл түрлендіру жұмыстарында бүкіл картаны түгелімен бейнелемей-ақ, оның құрамының жеке фрагменттерін немесе жеке элементтерін бейнелеу мүмкіндігін алуға болады. Аналогты карталарда бқл ерекшеліктер жоқ.

Ақпарат дегеніміз қоршаған орта жағдайы мен онда жүргізілетін үрдістер туралы кез келген мәлімет. Кеңістік мәліметі дегеніміз элементтер және жергілікті объектілер туралы ақпарат, олардың географиялық атауы, ұйымдастырушылық- техникалық және қосымша (сервистік) ақпараттың жүйеге түсетін, тұтынушы сақтайтын және беретін ақпараттар жиынтығы. Кеңістік мәліметінің динамикасын массив үндеуінің жиілігі және ақпартатың жаңару кезеңі сиақты параметрлер анықтайды.

Картографияның танымдылық құралы (пәні) картаға график тілімен түсіру-нақтылы жағдайды бейне белгі моделі бойынша. Картография -карта көмегімен кеңістік пен уақытты тоқтатып, жаңартуға, әр дәуірдің ерекшеліктерін, техниканың даму дәрежесін, қоғамды көрсете алады.

  1. Карта түсінігі және онымен жұмыс жасау

Карта ( map, chart) -жер бетінің тағы да басқа аспан денелерінің немесе ғарыштық кеңістіктің математикалық амалмен анықталып кішірейтіліп шынайылығына салыстырма түрінде кеңістіктік уақытта ол жоғары ақпараттылыққа йе және көрнектілігімен көрінетін кейіпті белгілі үлгі түрінде қаралады. Сондықтанда ол Жерді тану ғылымдарының және әлеуметтік -экономикалық ғылымдардың ең басты және маңызды құралы болып саналады.

Мазмұнына қарай карталар:

-жалыгеографиялық карталар;

-тақырыптық (тематикалық) катралар ( оның ішінде табиғат карталары, әлеуметтік-экономикалық карталар) ;

- арнай карталар сияқты топтарға бөлінеді.

Бұл карталардың барлығы аналитикалық (талдамдық), кешенді және синтетикалық болуы мүмкін.

Аналитикалық карта -аз қамтылған объектінің тек қана бөлек жақтарын немесе қандай да бір жаратылысты ( мыс: ауаның температурасы картасы) көрсететін карта. Бұл карта -бір құбылыстың толық сипаттамасын бейнелейді.

Синтетикалық карталар -объектінің интегралдық көрінісі немесе жаратылысын синтетикалық құрамда көрсететін карта. Көбінесе, синтетикалық карта территорияны комплекс бойынша типологиялық райондалуын көрсетеді. Құбылыстың немесе нысанның жалпылама бейнесін көрсетеді. Бұл карталар нысандардың жеке қомпоненттеріне сипаттама бермейді, бірақ ол туралы жалпы түсінік береді.

Қолданыстағы арнайы карталар: нысананың тұрған жерін көрсететін инвентарлық, жергілікті картаға; қандай да бір шаруашылық әрекет түінің іске жарамдылығын сипаттайтын бағалау карталарына; табиғат ресурстарын қорғаудың оңтайлы амалдарын қарастыратын табиғатты қорғауға арналған шараларды орналастыруды көрсететін карталарға; қазіргі уақытта дейін белгісіз немесе болмаған табиғи құбылыстарды алдын ала ғылыми түрде байқап білетін болжам карталарына бөлінеді. Мұхиттар картасы өз кезегінде теңіздер, шығанақтар, бұғаздар мен аймақтар карталарына бөлінеді.

Карта георафияның ерекше және негізгі тілі саналады. Сондықтан да ол компьютерлік географияның негізгі тілі болып саналады. Кеңістік деректерден тұратын бұл графикалық форма (пішін) әртүрлі координатты жүйеден, проекциядан, символдар жиынтығынан, қысқартулар және генерализациялар әдістемелерінен тұрады.

Қандайда болмасын картаның негізгі элементі шартты белгілерді және оларға арналған түсіндірме мәтін жүйесін пайдалану болып саналады. Картаны геоақпараттық жүйеге енгізгенде генерализацияның бірнеше деңгейінің әсері белгілі болады. Сонымен бірге масштабтардың, проекциялардың, символдардың, т. б қалай енгізілгені туралы деректер белгілі болады. Карта кеңістіктегі ақпаратты тере алатын бүкіл құралдар ішіндегі графиктік бейнелеуді сәтті бере алатын құралға жатады.

2. Объектілер мен құбылыстардың картографиялық бейнесі туралы негізгі түсініктер

Объектілер мен құбылыстардың картографиялық бейнесі деп жазықтық бетінде картографияланатын, табиғи және қоғамдық құбылыстар туралы бастапқы ақпаратты ұсынатын процесті айтады. Объектілер мен құбылыстардың картографиялық бейнесінің түсінігі, карта жасаудың негізгі мәні мен барлық процесті сипаттайды.

Басқа бейнелерден карта былай ерекшеленеді: белгілі бір масштабты қолданғанда сипатталатын математикалық құру заңымен, картографиялық проекциямен және физикалық жазықтықтан математикалық жазыққа дейін ауысуды қосады; картографияланатын аумақтың ерекшеліктерімен және картаның мақсатына, масштабына байланысты бейнеленетін мазмұнды сұрыптау мен қорытындылау ( жалпылау) ; картада барлық объектілермен құбылыстар шартты белгілер көмегімен салынады. Белгілерде объектілердің немесе құбылыстардың бейнеленетін мәнді мағынасы жасырылған. Шын мәнінде объектіден немесе құбылыстан картографиялық бейнеге ауысу ақпараттың түрлену процесі болып табылады.

Картаның негізгі қасиеттері: оның көрнектілігі, өлшемділігі және ақпараттылығы.

Көрнектілігі -арта мазмұнының ең негізгі және маңызды элементтерінің тез қабылдану мүмкінділігі.

Өлшемділігі - математикалық негізбен тығыз байланысты картаның маңызды сипаты; картаны ғылыми және өндірістік сипаттағы мәселелерді шешу үшін қолдануға мүмкіндік береді.

Картаның ақпараттылығы - бұл оның оұырманға объектілермен құбылыстар туралы әр алуан мәліметтермен сақтау мен беру мүмкіндігі.

Карта кеңістіктегі ақпаратты тере алатын бүкіл құралдар ішіндегі графиктік бейнелеуді сәтті бере алатын құралға жатады. Сондықтан карта тілін танып білу, түсіну, символдардың амалдарын және олардың өндіру әдістері картаны өнім ретінде қарауды қажет етеді.

Карта элементтері-картографиялық бейнеленуді, белгілерді ( легенданы) және жақтау сыртын безендіруді қамтитын картаның құрамдас бөліктері.

Картографиялық бейнелеу негізгі элемент болып табылады, яғни картаның мазмұны, нысандармен құбылыстар туралы мәліметтер жинағы, оларды орналастыру, қасиеттері, өзара қарым-қатынасы, динамикасы. Жалпыгеографиялық картада: елді мекнедер, әлеуметік -экономикалық және мәдени нысанда, жол қатынасы және байланыс желілері, жер бедері, гидрография, өсімдік жамылғысы және грунт, саяси -әкімшілік шекаралар сияқты мазмұн болады. Картаны қосымша жабдықтандыру оны оқуға және пайдалануға жеңілдік етеді.

3. Аннотация және оны құру жолы

Геометриялық әдіспен - полигон, сызық, нүкте түрінде берілген кеңістіктегі нысандар туралы мәліметтер карта бетінде жазу арқылы береді. Мұндай картографиялық мәліметтерсіз картаны оқу мүмкін емес. Сондықтан, әрбір нысанды салғанда, оның сандық және сапалық көрсеткіштерін немесе атауларын атрибуттар кестесіне толтырамыз. Электронды карталар жасау барысында аннотация жасау міндетті емес.

Аннотация дегеніміз - нысандардың сандық және мәтіндік мәліметтерден тұратын жеке қабат. Аннотация құру жолы:

Нысандардың қажетті мәліметтері жазылған соң, мысалы, елді мекендердің атауы name жолы арқылы категорияға бөлініп, карта бетіне жазылады. Нысандардың атауы тек бір бағытта ғана жазылады. Мысалы, оң жаққа, бірнеше қабаттың мәліметтері осы әдіспен жазылған жағдайда бір-бірімен араласып, оқылмай кетуі мүмкін. Сондықтан, жеке аннотация қабатын құрып, олардың орнын ауыстыруға болады. Осы жұмысты іске асыру үшін келесі функцияларды атқарамыз: ArcMap-та сол қабатқа барып, оң жағын басамыз → жазуларды аннотацияға конвертациялау (Convert labels to annotation) → ашылған терезеден осы аннотацияға қажетті мәліметтер болады → байланысты нысандар(feature linked) .

Аннотация жасаған кезде ескерілетін жағдайлар:

- карта масштабын көрсету керек;

- аннотациямен жұмыс жасағанда карта бетіндегі обьекттердің картографиялық заңдылықтарын қатаң сақтау керек.

Карталарды безендіру. Қағаз бетіне басып шығаруға әзірлеу

Мәліметтер түрінде (Data view) - кеңістіктегі нысандарды бейнелеу, мәліметтерді енгізу, түстерін таңдау, атауларын немесе жалпы мәліметтерін жазу, яғни редакциялау жұмысын жүзеге асырамыз.

Компоновка түріндегі(Layout view) - картаны безендіру, қағаз бетіне басып шығаруға дайындау жұмысы жүзеге асырылады.

1. Өзімізге қажетті масштабын көрсетеміз, карта қағаз бетіне симаса, қағаз өлшемін үлкейтеміз. Ол үшін Бет пен баспа параметрі( Page and print set up) командасын ашу керек. Оны екі жолмен ашуға болады:

1. Файл арқылы

2. Картадан бос кеңістікте тышқанның оң жағын басу арқылы.

Ашылған терезеде бірнеше операциялар орындалады. Мұнда тек қағаз өлшемі ғана емес, қағаз бетіне басып шығару жұмысы жүзеге асырылады.

1. Name командасында принтердің немесе плоттердің атын көрсетеміз.

2. Paper - қағаз өлшемін таңдаймыз.

3. Orientation:1) Портрет (Portret)

2) Альбом (Landscape)

Карта тақырыбын жазу үшін келесі командаларды орындаймыз:

Қою(Insert) → Аты (Title) →

Карта масштабын жазу

Карта бетінде масштабты 2 жолмен көрсетуге болады: сызықтық және сандық.

Сызықтық-Scale bar

Сандық-Scale text

Қою (Insert) → Сандық (Scale text)

Солтүстік бағдарды шақыру

Қою (Insert) → Солтүстік бағдар (North Arrow)

Карта легендасын құрастыру

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Географиялык карта туралы жалпы мәліметтер
Географиялық карта және оның қасиеттері
География
Орта мектепте географияны оқыту
Атырау облысының экологиялық жағдайын картографиялаудағы қазіргі технологияны пайдалану
ГАЖ моделдеу ерекшелігі
Алматы облысының ауыл шаруашылық картасын құрастыру
Географиялық карта
Карта туралы тарихи деректер
Географиялық карталарды топтастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz