Экскурсиызық іс-әрекеттің теориялық астары мен жүргізу әдістеріне талдау



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ..3

1 БІЗДІ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ТАНЫП БІЛУ ҮДІСІ РЕТІНДЕГІ ЭКСКУРСИЯЛЫҚ ІС.ӘРЕКЕТТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСТАРЫ
1.1 Экскурсияның эстетикалық мәні мен сипаттық белгілері ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2 Экcкурсиялық қызметтің негізгі қағидалары мен жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... 14
1.3 Экскурсия жүргізушісіне қойылатын негізгі талаптар ... ... ... ... ... ... ... ... ...22
1.4 Экскурсия дайындаудың әдістемелері мен кезеңдері ... ... ... ... ... ... ...25

2 АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ АУМАҒЫНДА ЭКСКУРСИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ
ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ МЕН ДАМУ БОЛАШАҒЫ
2.1 Алматы қаласындағы экскурсиялық қызметтің қазіргі жағдайы ... ... ... ... ..33
2.2 Алматы облысы аумағындағы ерекше қорғауға алынған аумақтардың танымдық және экологиялық бағыттағы экскурсияларды ұйымдастырудағы алатын орыны ... ... 35

3 АЛМАТЫ ОБСТЫНДАҒЫ ЭКСКУРСИЯЛЫҚ ІС.ӘРЕКЕТТІ
ДАМЫТУДЫҢ ТАБИҒИ ЖӘНЕ ТАРИХИ.МӘДЕНИ АЛҒЫШАРТТАРЫ
3.1 Алматы облысындағы тарихи.археологиялық ескерткіштердің танымдық экскурсияларды ұйымдастырудағы алатын орыны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...47
3.2 Алматы облсындағы мәдени.сәулет ескерткіштері мен мұражайлардың экскурсиялық іс.әрекеттерді дамытудағы маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 57
3.3 Экскурсиялық іс.әрекетті жарнамалау ... ... ..63

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ..66
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ..68

ҚОСЫМШАЛАР
Туризм, өзінің бағыттарымен, соңғы жылдары әлемнің көптеген мемлекеттерінің шаруашылығының негізгі саласына яғни «пайда көзіне» айналды. Ал сол істерді айқын көрсетіп, танып білу, маңыздылығы жағынан алдыңғы қатарда тұрған ерекше түрі – экскурсиялық іс-әрекет.
Экскурсиялық іс-әрекет қоғамға әр түрлі ғылым саласы бойынша объективті білім беруге, сонымен қатар, отансүйгіштік тәрбиеберудегі мүмкіндік беретін мәдени-ағарту және әлеуметтік қызыметінің маңызы бүгінгі таңда да зор. Экскурсиятану өзінің әлеуеті мен мүмкіндігіне сай дәстүрлі тарихи, өлкетанулық және туристік зерттеулерді жүргізуге жағдай тудырып, таным үрдісін түсінуге, таныстыратын нысаннан қажетті шынайы ақпарат алуға назараудартады.
Тәрбиелік қызыметі өзбюетімен іздену, жеке шығармашылық тұрғыдан қарау, отансүйгіштік сезімді ояту өткен тарихты оқып-үйренудің маңызын айқындауға ақыл-ой, адамгершілік тәрбиелерін беруге мүмкіндікбереді. Осыған орай диплом жұмысының тақырыбы еліміздің экономикалық даму стратегиясының міндеттерінде көзделген басқа салалармен қатар туризмді дамытуға сәйкес Алматы облысының туристік-саяхаттық нысандарын танып білуге және оған экскурсиялық іс-әрекетті ұйымдастыруға, дамытуға негіз болатын табиғатын туристік іс-әрекетте тиімді пайдалану мәселелерін қарастыруымен өзекті.
Диплом жұмысының мақсаты: экскурсияныы ұйымдастыру мен жүргізу әдістеріне талдау жасау негізінде танымдық маңызы бар саяхаттық нысандардың түрлерін, Алматы облысындағы экскурсиызық іс-әрекеттің қазіргі жағдайын, даму болашағын анықтау.
Диплом жұмысының мақсаты алдыға қойған келесі міндеттерді шешуді көздейді:
- экскурсиызық іс-әрекеттің теориялық астары мен жүргізу әдістеріне талдау жасау;
-экскурсия жүргізушісіне қойылатын негізгі талаптарды, облыс аумағында танымдық экскурсияларды ұйымдастырудағы теледидар арқылы берілетін бағдарламалар мен жарнамалардың рөлін;
1. Ягофаров Г.Ф., Тынчерова З.В., Саипов А.А. «Экскурсоведение. Педагогические и практические аспекты». Алматы, 2001.-185с.
2. 20. Лютерович О.Г., Ягофаров Г.Ф. «Три экскурсии по Семиречью» Алматы, 2003. - С. 27-33.
3. 22. Кабушкин, Дурович. «Организация туризма». Минск, 2003.- С.289-291.
4. 23. А.А. Саипов. «Актуальные вопросы теории и практики туризма». Алматы. 1999.-275с.
5. Емельянов, Б.В. Профессиональное мастерство экскурсовода Текст. / Б.В. Емельянов. -М.: ЦРИБ «Турист», 1998. 230 с.
6. 2. Киселева, М.А. Экскурсия как наглядный метод обучения Текст. / М.А. Киселева // Музееведение и историко-культурное наследие: сб. статей. Кемерово: Кем-ГУКИ, 2008. - Вып. 2. - С. 74 - 77.
7. Еремина, Е.В. Роль туристско-экскурсионной деятельности в процессе познания мира учащимися Текст. / Е.В. Еремина // IV Педагогические чтения им. В.И. Верещагина: сб. статей. Барнаул: Изд-во Алт. ун-та, 2009. - Вып. 4. - С. 30 - 33.
8. Конищева, Е.Г. Экскурсии как средство повышения качества познавательной деятельности учащихся Текст. / Н.Г. Конищева // III Педагогические чтения имени В.И. Верещагина: сб. статей. Барнаул: Изд-во Алт. ун-та, 2007. Вып. 3. - С. 97 -98.
9. Культурология и экскурсоведение Текст.: конспект лекций / сост. К.В. Кулаев.i-М.: «Советский спорт», 1998.-112 с.
10. Курило, JI.B. Подготовка экскурсоводов в системе туристического образования Текст.: автореф.канд. пед. наук:13.00.08 JI.B. Курило.М, 1998.-30с.
11. Омельченко, Б.Ф. Экскурсионное общение: познание, воспитание, отдых Текст. / Б.Ф. Омельченко. М., 2000. - 87 с.
12. Основы экскурсионного дела в музеях Текст.: сб. статей / под ред. Ф.Л. Кур-лат, М.А. Казариновой, H.H. Злацен. Труды НИИ культуры. - М., 1999. - Вып. 1. -150 с.
13. Писцов, K.M. Экскурсии как компонент культурно-просветительской политики в первое десятилетие советского государства Текст.: автореф. . канд. ист. наук: 07.00.02 / K.M. Писцов. М, 2001. - 22 с.
14. Рафиенко, E.H. Экскурсионный метод и город: постановка проблемы в 20-е гг. Текст. / E.H. Рафиенко // Музейное дело. Музей культура — общество: сб. науч. трудов.-М., 1992.-Вып. 21.-С. 102-109.
15. Садыков, Г.Г. Учебная экскурсия как форма экологической деятельности в микросоциуме Текст.: автореф. . канд. пед. наук: 13.00.02 / Г.Г. Садыков. Екатеринбург, 2000. - 22 с.
16. Степанищева, Н.П. К вопросу о методике подготовки экскурсии Текст. / Н.П. Степанищева // Краеведческие записки: сб. статей. — Барнаул, 1999. Вып. 3. - С. 204-215.
17. Конищева, Е.Г. Экскурсии как средство повышения качества познавательной деятельности учащихся Текст. / Н.Г. Конищева // III Педагогические чтения имени В.И. Верещагина: сб. статей. Барнаул: Изд-во Алт. ун-та, 2007. Вып. 3. - С. 97 -98.
18. Степанищева, Н.П. К вопросу о методике подготовки экскурсии Текст. / Н.П. Степанищева // Краеведческие записки: сб. статей. — Барнаул, 1999. Вып. 3. - С. 204-215
19. Шкурко, А.И., Шуцкая, К.Г. Экскурсионная работа в общественных музеях Текст. / А.И. Шкурко, К.Г. Шуцкая // Актуализация вопросов деятельности общественных музеев: сб. статей. М., 2000. - С. 83 - 94.
20. Шпаченко, И.А. Теоретическое обоснование и реализация комплексной модели образовательного процесса в музейно-экскурсионной среде Текст.: автореф. . канд. пед. наук: 13.00.01 / И.А. Шпаченко. Томск, 2003 - 28 с.
21. Экскурсия. Организация и методика проведения Текст.: сб. статей / под ред. Г. Косинова, А. Аграчева. М., 1970. - 120 с.
22. Степанищева, Н.П. Музей и посетитель Текст. / Н.П. Степанищева // Краеведческие записки: сб. статей. Барнаул, 2007. - Вып. 7. — С. 167 - 172.
23. Святославский, A.B. Городская экскурсия. Основы теории и практики Текст. // A.B. Святославский. М., 2006. — 64 с.
24. Садовский, В.Н. Системный подход и общая теория систем: статус, основные проблемы и перспективы развития Текст. / В.Н. Садовский // Системные исследования. Методологические проблемы: Ежегодник. М., 1999. - С. 87 - 94.
25. Социально-экономический паспорт Алматинской области за 2012 год. Управление экономики Акима Алматинской области, 2013, -С.17-20.
26. Алматы облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының 2011-2015 жылдарға арналған СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОСПАРЫ
27. Социально-экономический паспорт Алматинской области за 2011год. Управление экономики Акима Алматинской области, 2012, -С.12-16
28. . Социально-экономический паспорт Алматинской области за 2010 год. Управление экономики Акима Алматинской области, 2011, -С.14-18.
29. Туристский путеводитель. «Жетесу – край туризма». Алматы. 2002 год. С. 18-21, 22-23.
30. Чигаркин А.В. Памятники природы Казахстана (Примечательные ландшафты и их охрана). -Алма-Ата: Қайнар, 1980.-144с.
31. Алиева Ж.Н. Экологический туризм. -Алматы: Қазақ университеті, 2002.-С.44-52.
32. Байзаков Т.Б., Дудукалова Л.Н., Глотов С.Н. Туристские ресурсы особо охраняемых территорий Казахстана //Актуальные вопросы теории и практики туризма.-Алматы: Қазақ университеті, 1999.-С. 134-138.
33. Алиева Ж.Н. Роль экологического туризма в устойчивом развитии Республики Казахстан: автореф. дис. географ. наук: 23.00.25. - Алматы, 2001.-25 c.
34. Чигаркин А.В. Геоэкология и охрана природы Казахстана. -Алматы: Қазақ университеті, 2006.-444 с.
35. Дуйсен Г.М. Национальные парки Казахстана и их роль в развитии туризма //Транзитная экономика. – 1998. – № 4. – С. 50–55.
36. Попов И.В. Рекреационная оценка горных территорий. –Алматы: Эверо, 2000.-С.98-106.
37. Диденко-Кислицина Л.К. Кайнозой Юго-Восточного Казахстана.-Алматы: 2001.- С.7-8.
38. Чупахин В.М. Высотные геосистемы гор Южного Казахстана и Средней Азии. -Алма-Ата: Наука, 1974.-С. 165-186.
39. Ердавлетов С.Р. География туризма: история, теория, методы, пракика.-Алматы: Ғылым, 2000. – 450 с. 40. Байпақов К.М., Таймағамбетов Ж.Қ., Жұмағамбетов Т. Қазақстан археологиясы.-Алматы: Қазақ университеті, 2006.- 188-211б.
41. Самашев З.С. „Шаманские“ сюжеты петроглифов Казахстана //Вопросы археологии Казахстана. –М, 2000.- Т. 2. -С.197-208.
42. Самашев З.С. Жетісу жеріндегі тастағы таңбалар //Қазақ тарихы. 2006. №2, - 17-20б.
43. Акишев К.А., Куашев Г.А. Древняя культура саков и уйсунов долины реки Или.- Алма-Ата: Изд-во АН Каз ССР,1959.-С.89-95.
44. Акишев К.А., Куашев Г.А. Древняя культура саков и уйсунов долины реки Или.- Алма-Ата: Изд-во АН Каз ССР,1959.-С.89-95. 45. Байпаков К.М., Железняков Б.А. О мусульманской культуре на средневековом городище Каялык в 2004 г. //Nomad Kazakhsttan.- 2005, №4-С 50-57. 46. Железняков Б.А. Манахейский храм Каялыка //Nomad Kazakhsttan.- 2005, №6-С.79-88. 47. Железняков Б.А. О раскопках водопровода городища Каялыка //История и археология Семиречья. –Алматы, 2007. Вып.3. -С. 143-147. 48. Байпаков К.М., Воякин Д.А., Акылбек С.Ш., Железняков Б.А. Каменьщиков М.В., Сорокин Д.В. Исследования среднекового Каялыка в 2006г. //Отчет об археологических исследованиях по государственной программе «Культурное наследие» в 2006 г. –Алматы, 2007.-С. 150-153. 49. Самашев З.С. Петроглифы Казахстана.-Алматы: Өнер, 2006.-200 с.

Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 79 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

1 БІЗДІ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ТАНЫП БІЛУ ҮДІСІ РЕТІНДЕГІ ЭКСКУРСИЯЛЫҚ ІС-
ӘРЕКЕТТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСТАРЫ
1.1 Экскурсияның эстетикалық мәні мен сипаттық белгілері
... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2 Экcкурсиялық қызметтің негізгі қағидалары мен
жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... .14
1.3 Экскурсия жүргізушісіне қойылатын негізгі талаптар
... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
1.4 Экскурсия дайындаудың әдістемелері мен кезеңдері ... ... ... ... ... ... ...25

2 АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ АУМАҒЫНДА ЭКСКУРСИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ
ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ МЕН ДАМУ БОЛАШАҒЫ
2.1 Алматы қаласындағы экскурсиялық қызметтің қазіргі жағдайы
... ... ... ... ..33
2. Алматы облысы аумағындағы ерекше қорғауға алынған аумақтардың
танымдық және экологиялық бағыттағы экскурсияларды ұйымдастырудағы
алатын
орыны ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .35

3 АЛМАТЫ ОБСТЫНДАҒЫ ЭКСКУРСИЯЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТТІ
ДАМЫТУДЫҢ ТАБИҒИ ЖӘНЕ ТАРИХИ-МӘДЕНИ АЛҒЫШАРТТАРЫ
3.1 Алматы облысындағы тарихи-археологиялық ескерткіштердің танымдық
экскурсияларды ұйымдастырудағы алатын
орыны ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... .47
3.2 Алматы облсындағы мәдени-сәулет ескерткіштері мен мұражайлардың
экскурсиялық іс-әрекеттерді дамытудағы
маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ...57
3.3 Экскурсиялық іс-әрекетті
жарнамалау ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..63

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .66
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ..6 8

ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..71

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Туризм, өзінің бағыттарымен, соңғы жылдары
әлемнің көптеген мемлекеттерінің шаруашылығының негізгі саласына яғни
пайда көзіне айналды. Ал сол істерді айқын көрсетіп, танып білу,
маңыздылығы жағынан алдыңғы қатарда тұрған ерекше түрі – экскурсиялық іс-
әрекет.
Экскурсиялық іс-әрекет қоғамға әр түрлі ғылым саласы бойынша
объективті білім беруге, сонымен қатар, отансүйгіштік тәрбиеберудегі
мүмкіндік беретін мәдени-ағарту және әлеуметтік қызыметінің маңызы
бүгінгі таңда да зор. Экскурсиятану өзінің әлеуеті мен мүмкіндігіне сай
дәстүрлі тарихи, өлкетанулық және туристік зерттеулерді жүргізуге жағдай
тудырып, таным үрдісін түсінуге, таныстыратын нысаннан қажетті шынайы
ақпарат алуға назараудартады.
Тәрбиелік қызыметі өзбюетімен іздену, жеке шығармашылық тұрғыдан қарау,
отансүйгіштік сезімді ояту өткен тарихты оқып-үйренудің маңызын айқындауға
ақыл-ой, адамгершілік тәрбиелерін беруге мүмкіндікбереді. Осыған орай
диплом жұмысының тақырыбы еліміздің экономикалық даму стратегиясының
міндеттерінде көзделген басқа салалармен қатар туризмді дамытуға сәйкес
Алматы облысының туристік-саяхаттық нысандарын танып білуге және оған
экскурсиялық іс-әрекетті ұйымдастыруға, дамытуға негіз болатын табиғатын
туристік іс-әрекетте тиімді пайдалану мәселелерін қарастыруымен өзекті.
Диплом жұмысының мақсаты: экскурсияныы ұйымдастыру мен жүргізу
әдістеріне талдау жасау негізінде танымдық маңызы бар саяхаттық
нысандардың түрлерін, Алматы облысындағы экскурсиызық іс-әрекеттің
қазіргі жағдайын, даму болашағын анықтау.
Диплом жұмысының мақсаты алдыға қойған келесі міндеттерді шешуді
көздейді:
- экскурсиызық іс-әрекеттің теориялық астары мен жүргізу әдістеріне
талдау жасау;
-экскурсия жүргізушісіне қойылатын негізгі талаптарды, облыс аумағында
танымдық экскурсияларды ұйымдастырудағы теледидар арқылы берілетін
бағдарламалар мен жарнамалардың рөлін;
- Алматы облысы аумағында экскурсияны дамытудың қазіргі жағдайы мен
перспективаларын анықтап, ұсыныстар енгізу.
Зерттеу жұмысының нысаны ретінде Алматы облысында экскурсиялық іс-
әрекеттің қазіргі қазіргі жағдайы алынды.
Зеттеу жұмысының пәні ретінде Алматы облысы аумағындағы танрымдық
маңызы бар нысандарында экскурсиялық іс-әрекетті дамыту мүмкіндіктері
алынды.
Жұмыстың теориялық және әдіснамалық негізі. Экскурсиялық іс-әрекетті
дамытудың теориялық және қолданбалы мәселелерін зерттеген отандық, орыс
және шетелдік ғалымдардың еңбектері, қорлық, есептік және жобалық
материалдармен басшылыққа алынды.
Диплом жұмысының кешенділігін жалпы ғылыми және арнайы зерттеу әдістері
қамтамасыз етті. Олардың қатарына негізінен – экспедициялық картографиялық,
статистикалық, жүйелі талдау және салыстырмалы талдау, анықтамалық талдау,
синтездеу, тарихи әдістері жатады.
Зерттеу жұмысының нәтижелерінің ғылыми жаңалығы:
- Алматы облысында экскурсиялық іс-әрекетті дамытудың қазіргі жағдайы
мен оған әсерететін алғышарттар анықталды;
- Алматы облысының ерекше қорғауға алынған аумақтар мен тарихи-
археологиялық, мәдени-сәулет және өлкетану мұражайларының танымдық
экскурсияларды ұйымдастырудағы алатын орыны айқындалды;
- Алматы облысында экскурсиялық іс-әрекетті ұйымдастыруға мүмкіндік
беретін табиғи, тарихи-миәдени және өндірістік нысандар дың тізбесі
жасалып, шағын жарнамалық бейнероликтер дайындалды.
Диплом жұмысының ғылыми-тәжірибелік мәні. Теориялық-әдіснамалық
тұрғыдан қарауға негізделе отырып, Алматы облысындағы мемлекеттік ұлттық
табиғат бақтарындағы, тарихи-археологиялық және бірегей табиғат
ескерткіштерінің, мұражайларының танымдық, оқу-тәрбиелік маңызы мен олардың
экскурсиялық іс-әрекетті дамытудағы алатын орыны анықталды. Алматы облсы
аумағындағы экскурсиялық нысандарды танымдық экскурсияларды ұйымдастыру
мақсатында тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін деректер алынды.
Диплом жұмысын жазу барысында жиналған деректер мен шығарылған
қорытындыларды, мұраражай қызыметкерлері, туризм мамандығының білімгерлері
білім көзі ретінде пайдалана алады.
Жұмыстың құрылымы мен көлемі. Диплом жұмысының мәтіні компьютермен
терілген 80 беттен, .. кестеден, 3 картадан және .. қосымшадан (.. беттік)
тұрады. Әдебиеттер тізіміне 70 еңбек енгізілген. Жұмыс кіріспеден, үш
тараудан және қорытындыдан тұрады.

1 БІЗДІ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ТАНЫП БІЛУ ҮДІСІ РЕТІНДЕГІ ЭКСКУРСИЯЛЫҚ ІС-
ӘРЕКЕТТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСТАРЫ

1.1 Экскурсияның эстетикалық мәні мен сипаттық белгілері

Экскурсияның мәнін түсіну, экскурсия жұмысының мазмұны мен ұйымдастыру
ісіне қатысты негізгі мәселелерін шешуте мүмкіндік береді. Жалпы мән
деген түсініктің өзі қандай да бір заттың басқа жақтармен және
байланыстармен табиғи тәуелділіктің бүтінділігін қарастырады. Экскурсия —
бізді қоршаған ортаны таныстыратын көрнекті процесс. Бұл процестің
ерекшелігі сол, ол тақырыпты ашуға негіз болған, алдын-ала таңдалып алынған
объектімен байланысты екендігінде. Сондай-ақ, кез-келген шолушы немесе
тақырыптық экскурсия — бұл белгілі бір мақсатқа бағытталған және алдын-ала
бағдарламасы жасалынған процесс. Экскурсияның ұйымдастырушылары экскурсияны
бастамастан көп бұрын эксурсияға қатысушы адамның нені көретіндігі,
еститіндігі және сезетіндігі, сондай-ақ, бұл шараның нәтижесінде қатысушы
қандай шешімге келетіндігі жөнінде анық білуі тиіс.
Экскурсияның негізі — екі негізгі элементтен тұрады. Яғни көрсету және
айту. Әңгіме мен көрсетілімнің дұрыс мазмұнда құрылуы — эксурсия
өткізілуінің қажетті деңгейіне қол жеткізеді. Және оның тиімділігі де осы
мәселелерге тікелей байланысты. Экскурсиялылықтың дамуы мынадай мазмұн
түрлерімен өрбиді. Әңгіме көрсетілімнен көп, Әңгіме көрсетіліммен тең және
әңгіме көрсетілімнен аз [1].
Алғашқы түрі. Көрнектіліктің шектеулі элементтері бар лекция және
доклад түріндегі ауызша сөйлеу. Мұндай жағдайда лектор сөйлеу кезінде оқу-
көрнекілік құралдарын қатыстыру арқылы әрлейді. Яғни ол суреттер,
чертеждер, карта және гербарийлерді т.б. қолданады. Топ басшысы туристерді
басқа қалаларға алып шығу кезінде жол – жөнекей экскурсиялық ақпараттармен
таныстырып отырады. Ондағы әңгіме жекеленген объектілерді, яғни мәдени және
тарихи ескерткіштерді, тарихи оқиғалар өткен жерлерді көрсетумен толыға
түседі.
Бұл кезеңде әңгіме өзіндік мәні мен тәрбиелік мәні жағынан аудитория
үшін көрсетілімге қарағанда жақсы әсер ететіні сөзсіз. Ал көрсетілімге
келер болсақ, ол қаншалықты жарқылдап тұрса да, әрі қызықты болған күннің
өзінде мұнда ол әңгімеге бағынышты болады.
Екінші түрі. Экскурсияның бұл түрінде әңгіме мен көрсетілім бірдей
деңгейде болады. Көрнекіліктің басым салмағы мен тыңдарманның өтінішімен
болған әңгіме де тең түсіп отырады. Қатысушы бұрын тек тыңдаушы ғана болса,
бұл кезеңде бір мезетте әрі тыңдаушы, әрі көруші бола алады. Сондай-ақ, бұл
кезеңде объектілер негізгі және қосымша болып екіге бөлінеді, топтардың
автобустардан шығып, объектілерге бақылау жасауы басталады. Сондай-ақ,
экскурсия жүргізушісі тың нысанды көрсету мен таныстырудағы методикалық
тәсілдері көрініс табады. Логикалық өзгерістер, яғни объектілер арасындағы
сөздік көпірлер таңдалады.
Үшінші түрі. Бұл кезеңде әңгіме де, көрсетілім де экскурсиялық сипатқа
ие болады. Көрсетілімнің (көрермен қатары) көлемі ұлғайып, негізгі
Экскурсияны ұйымдастырушының ұсынған тәсілі дәлелденуі тиіс. Дәлелдің бір
түрі сезу, қабылдауда болып табылады [2].
Көз алдындағы объектілерді дәлелдеп түсіну емес, есту сезімі
экскурсияның танымдылығын дамытады.
Эстетикалық қабылдауда үлкен рольді табиғат алады, экскурсияны
ұйымдастырушы табиғатқа, экскурсияға шыққанда ағаштың симметриялық жағдайын
айтуының өзі табиғаттың керемет екенін аңғартады.
Адам мен табиғат арасындағы байланыс туралы мәліметтер, көбінесе
ғылыми технологиялық революция дәуірінде өте үлкен белең алды. Адам тек
табиғи байлықтарды пайдаланып қана қоймай, туған жерін гүлдендіреді. Бұл
орынды йемденеді Әңгімедегі негізгі нәрсе —нысанды көрушілердің қабылдауын
талдауы. Әңгіме экскурсиялық түрде өрбиді. Яғни ашық комментарий түрінде,
анықтама, түсініктеме, нысанды көрсетудегі негізгі сөз немесе нысанды
көрсетіп біткеннен кейінгі қорытынды бөлім (түсіндіруші) негізінде
жалғасады. Сөз болып жатқан шараның бұл кезеңінде негізгі рөлді
экскурсиялық объектілерді өз мақсаты деңгейінде көрсететін көрсетілімдер
атқарады. Бұл жағдайда әңгіме екінші орынға шығады. Ол енді толығымен
көрсетілімге бағынады. Мұнда логикалық айқындалған методикалық тәсілдер
қолданылады. Әңгіме арасында енді сөздік-көрініс түріндегі логикалық
өзгерістер таңдалып алынады. Айтылатын әңгіме және қорытынды экскурсияның
өзіндік негізгі бөлімі ретінде дайындалынады. Аталған шара өзінің толық
мағынасында экскурсияға айналады. Мұндай өзгеріс әңгіме мен көрсетілім бір-
біріне белсенді түрде әсер еткенде ғана белгілі бір образда дами түспек.
Тәжірибе жүзінде экскурсия кезіндегі айтылатын әңгіме мен көрсетілім
біртұгас бүтін нәрсеге айналады. Яғни осы элементтің бірі екіншісінің орнын
алмастыра алады деген сөз. Оның үстіне, бір құрушы элемент — әңгіме —
екіншісінсіз өмір сүре алмайды. Яғни көрініссіз, көрсетілімсіз экскурсияға
қатысушыға белгілі бір дәрежеде әсер ете алмайды. Өйткені, олар бір-біріне
негізделген, бір-бірін толықтыра отырып олар бір бүтіндікгі құрайды. Ол —
экскурсия.
Экскурсия термині бірнеше мағына береді. Оның бір мағынасы экскурсия
белгілі бір тақырыптың аясында өз біліміңді жетілдіру мақсатында тексеру
көмегіне сүйеніп серуендеу болса, көрнекті экскурсия жүргізушісі
В.А.Гердтің айтуынша ол мынадай мәнге ие болады. Экскурсия -топ
мүшелерінің (экскурсанттар) жетекшілерінің көмегімен дене және оның пайда
болуының табиғи жағдайдағы кейпін ұғынатын қоғамдық дамушы жұмыс түрі. Сол
мақсатта оқытатын орынға баруы [3].
Л.Бархаш болса, экскурсиялық қызметке мінездеме бергенде оның
балалармен мектептен тыс уақыттағы жұмыспен байланыстырады. Ол экскурсияны
белгілі бір деңгейде білім алудың көрнекті әдісі деп санайды. Бұл
пікірлерді экскурсионист ғалымдар айтқан. Ал сөздік құрастырушылар да бұл
терминді түрліше түсіндірді. Экскурсия зерттеушісі (1882ж) В.Даль бұл
терминге былайша түсінік береді. Экскурсия, серуен, шөп жинауға керек
затыңды іздеуге шығу. 1895 жылы шыққан үстелдік сөздікте экскурсия — оқу
немесе ғылыми мақсатта жолға шығу деп түсіндірілген. Ал Кіші Кеңес
энциклопедиясында (1931ж) экскурсия — белгілі бір жерге ұжыммен оқу-іздену
мақсатында бару деп көрсетіледі. Ол жер мүмкін өндіріс, кәсіпорын, совхоз,
мұражайлар болуы мүмкін. Ал Үлкен кеңес энциклопедиясында аталған терминге
нақты анықтама берілген. (1931) Ал шетелдік сөздер Сөздігінде экскурсияға
жолсапар, серуен және оқу- ғылым және спорттық немесе қызығушылық мақсатта
қандай да бір мекемеге бару деп анықтама берген. Жоғарыда көрсетілген
анықтамалардың бәрінде ортақ түсінік бар [2].
Экскурсия - бұл маманның жан-жақты білімдік байлығымен экскурсиялық
бағыт тың, тақырыптың және нысандың алдынала таңдалуымен байланысты
мақсатты қоршаған әлемді тану процесі.
Әрбір экскурсия белгілі бір мақсатқа, танымдылық, тәрбиелік, сауықтыру
және т.б. ие болуы керек. Объектілерді көрсету және қойылған мақсаттарға
жету үшін әңгімелеу алдын ала таңдалған тақырыпқа сәйкес болуы шарт.
Экскурсия экскурсиялық бағыты нысанды көрсету жүйелігіне байланысты
құралады.
Экскурсия - ағарту және тәрбие жұмыстарының басқа да нышандары сияқты,
экскурсияны ұйымдастыруда, жүргізу мен дайындау әдісінде өзіндік белгілері
мен ерекшеліктері бар.
Көбінесе белгілер бір-бірімен ұқсас немесе бір-бірінен ерекше
заттармен түсіндіріледі және бұл оның негізгі мәнін ашатын сипаттама болып
табылады. Онсыз болмыс, зат түсініктері өзінің мәнін жоғалтады.
Қазіргі кезде экскурсияның экскурсиялық істің теориктерінің
тәжірибесінде анықталған 7 белгісі бар. Бұл белгілер төмендегідей болып
жіктеледі:
1.Жүргізудің уақыт бойынша ұзақтылығы. Бұл халықаралық стандарт
бойынша жоғарғы шегі 24 астрономиялық сағат. Ең қысқа экскурсиялар
өндірістік, мұражайлық және көрмелік болып есептелінеді. Оның ұзақтығы 45
минут немесе одан да ұзақтау болуы мүмкін. Ал қала маңында жүргізілген
экскурсиялар 24 сағатты қамти алады. Әрине, бұл экскурсия жүргізушісі тар
дамылсыз жұмыс істейді деген ұғым емес, мұндай экскурсияларда ұйымдастыру
мәселелеріне көп көңіл бөлінеді (тамақтану, көңіл көтеру, демалыс, басқа да
тұрғылықты түсініктерге қосымша экскурсиялар).
2.Экскурсанттардың тобы. Эксукурсияның негізгі белгілерінің бірі
экскурсия тобы. Топ бірнеше адамдардан құралатындықтан олардың ортақ
мақсаты танымдық қызығушылық. Танымдық қызығушылықты қанағаттандырудың
ағартушылық формасы экскурсия. Сондықтан топ болмаса экскурсия болмайды, ал
экскурсия болмаса топ құралмайды. Экскурсияға қатысушы топты
экскурсанттар деп атайды. Экскурсанттар саны 1-50 адамға дейін бола
алады.
Экскурсанттардың сандық құрамы көбінесе көліктегі орын санымен
анықталады. Топтағы адамдардың жалпы саны белгілі бір орында экскурсия
жүргізудің жағдайларымен қауіптілікпен және ғимараттың үлкенділігіне
байланысты табиғи объектілерде, цехтарда, мұражайларда анықталады.
Сондықтан да мұражайларда, жәрмеңкелерде топтағы адамдар саны алдын ала
анықталған.
3. Жоғары маманданған жетекшінің болуы. Экскурсия жүргізушісі осындай
жетекшілер қатарына жатады. Экекурсияның сапалы өтілуі экскурсия өткізіп
отырған мекеменің атағы тікелей оның білімділігіне байланысты. Ол
мемлекеттік және жергілікті сатыда белгілі бір құқықтары мен міндеттері бар
экскурсиялық істегі басты тұлға. Туристерге қызмет көрсетуде өткізуге қажет
тақырып бойынша экскурсия жүргізушісі 20 экскурсияны, ал алғашқы
бастаушылар 1- 2 тақырыптан меңгере алады. Экскурсия жүргізушісі
міндеттері: экскурсияны өткізу, экскурсия жұмыстарын жетілдіру және
адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыздандыру.
4. Экскурсиялық объектілерді көрсету. Экскурсиядағы объектілерді
көрсету мәселесінің бірі, бұл көрермендік әсер беретін белгі. Экскурсияның
мақсаттық жетістіктері мен тақырыптың ашылуы және жоспарының сапалы болуы
нысанды таңдауға байланысты. Экскурсиялық объектілердің тәрбиелік,
танымалдық құндылықтары мен нысанды ашу ерекшеліктерінің өзінің түрлері,
көрсету әдістері, жіктеу сы, тәсілдері бар. Бұл экскурсияны ұмытылмайтындай
етіп өткізуіне көмектеседі. Арнайы көрсету объектілерсіз экскурсия лекция
сияқты болады, сондықтан да ол көрсетуге негізделеді.
5. Экскурсанттарды экскурсиялық бағыт бойынша алып жүру. Экскурсиялық
бағыт ты жаңа экскурсия дайындау кезінде құрады, оның өзінің жіктеу сы
болады. Экскурсиялық бағыт ұзақтығы бірнеше ондаған метрден (мұражай,
жәрмеңке) бірнеше жүз километрге жетеді. Экскурсиялық бағыт қа құрылымы
жағынан белгілі бір талаптар қойылады. Экскурсиялық бағыт тың арнайы карта
схемалары жасалады. Ең бастысы адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыздандыру
мен экскурсияның терең мазмұнының ашылуы.
6.Экскурсияның мақсаттық бағыты. Бұл белгі жүргізілген экскурсияның
тақырыбының міндеттік түрін анықтайды. Мақсат экскурсияға мазмұн беріп,
алдына қойған міндеттерді орындауға байланысты. Мақсаттық жүйесіз экскурсия
тәрбиелік, насихатгық, жарнамалық т.б. қызметтерді жүзеге асыра алмайды.
Сондықтан да экскурсияның басты құжатындағы лауазым парағынан кейін ең
бірінші бөлімде экскурсияның мақсаты тұрады. Тақырып астына және
экскурсияға баратын адамдарға байланысты экскурсияның мақсаты мен мәні
өзгеріп отырады.
7. Тақырып бойынша міндетті құжаттар. Жаңа экскурсияның тақырыбын
дайындау қиын және ұзақ үрдіс. Дайын болған кезде бұл жұмысты аяқталған деп
есептеуге болады. Экскурсиялық құжат технологиялық картаны бекітетін
экскурсиялық пакетпен, экскурсияның бақылау мәтінімен, экскурсиялық бағыт
схемасымен, экскурсиялық объектілермен, экскурсия жүргізушісі ты
қорғалынған тақырып экскурсияны өткізуге жіберетін кәсіпорындарды
басқарушының бұйрығымен түсіндіріледі. Экскурсиялық құжаттардың бар болуы
экскурсияны сапалы өткізуіне бағыт береді [3].
Экскурсияның ғылыми және эстетикалық мәні. Жеке тұлғаның қалыптасып
дамуына жан-жақты тәрбие берудің негізгі құрамдас бөлігі эстетикалық
тәрбие. Экскурсия жұмыстарында эстетикалық тәрбие беру экскурсанттарды
әсемдікті сезініп, әсемпаз болуға баулиды. Эстетикалық тәрбие экскурсияның
барлық тақырыптарында қамтылуы тиіс. Әсіресе табиғи экскурсиялар мен
өнертану экскурсияларының эстетикалық тәрбие беруде алатын орны ерекше. Шет
елдер тәжірибелеріне сүйенетін болсақ, экскурсия әдемілік пен әдептіліктің
тәрбие және өнеге көзі. Экскурсия арқылы бүкіл халық болмысындағы әсемдік
пен әдептілікті танып білуге болады. Сондықтан кез-келген экскурсия
тақырыптарына, экскурсиялық анықтамаларға, әдістемелік жобаларға,
эстетикалық тәрбиелік мәндегі мәліметтерді және ұсыныстарды қосып, енгізу
қажет. Бұл шара экскурсияны ұйымдастырушыларға эстетикалық тәрбие беруде
үлкен септігін тигізеді [4].
Экскурсияларда эстетикалық тәрбие беру процессі мынадай
баспалдақтардан құралады;
- Экскурсия жүргізушісі экскурсанттарға қоршаған ортаның кез-келген
бөлшегінен әсемдікті сезіндіру,
- Экскурсанттарға алдымен табиғаттың әдемілігін көрсетіп қана қоймай
оның мазмұнын түсіндіру.
- Экскурсанттар бойында эстетикалық талғамды туғызу және оны
қалыптастыру.
Эстетикалық талғам дегеніміз- зат немесе құбылысқа сезім тебіреністері
арқылы (эмоционалды) баға беру, сондықтан - эстетикалық талғамнан
эстетикалық идеал құралады.
Экскурсия ұйымдастырушының алдында тұрған негізгі мәселе-адамдардың
бойында эстетикалық идеалды жасау.
Экскурсия жүргізушісі экскурсия барысында мынандай нәтижеге жетуге
талпынуы қажет:
- Адамзат әлемінің және оны қоршаған ортасының әсемдігін сезінуге,
сұлулыққа сүйсініп, сұлулықты аялауға, эстетикалық білімнің қалыптасуы мен
дамуына;
- Эстетикалық заңдылықтарға байланысты белсенді іс-әрекеттерді үйрену.
Өнер түрлеріне байланысты туындылардың әсемдік сырларын әсерлі көрсете
білу.
Эстетикалық анализдің ең маңызды жері экскурсияда материалдық
мәдениеттің тарихи тақырыбын ескеру. Экскурсияны ұйымдастырудағы бұл
эстетикалық тәрбие берудің рухани әлемге көзқарастың жоғары болуына көзбен
көретін объектілерге және экскурсия әңгімелеріне қызығушылығын тудыруы
қажет [3, 98-99 б.].
Эстетиканың жіктемесі: Эстетика бұл ғылым қоршаған ортадағы барлық
кереметтерді, қоғамдағы материалдық және рухани өндірісті зерттейді.
Эстетиканың жіктемесі, қоршаған ортадағы болатын құбылыстарға анализ беруге
жағдай жасайды.
Әсемдік - бұл затардың немесе құбылыстардың жоғары деңгейі. Әсемдік
құбылыстармен заттардың нақты белгілерімен анық мазмұнының көрсетілуі.
Әсемдіктің белгілері: симметрия, пропорция, ритм, шегі, үйлесімділігі.
Эстетикалық анализде көзбен көру объектілерінде немесе құбылыстарында, ол
көбінесе сәулетте, қала салуда (симметрия, ырғақта, пропорцияда, шегінде),
табиғатта, тарихи тақырыпта (симметрия, шегі) және тағы басқаларында
кездеседі.
Әсемдікке, сұлулыққа қарсылық көбінесе еңбек немесе әскери ерліктерде,
соғыс тақырыптарында белең алады. Әсемдікті бұзбаумен міндетті түрде
көрсету қажет, себебі мұндай жорықтар бір бағытты болып, өмірдің
диалектикасын мүжілген күшінде көрсетеді.
Жоғары үйлесімділік, бұл жіктеме әсемдікке өте жақын, бұл көбінесе
заттарға және құбылыстарға жақын және олар өте алып көлемде болуы қажет.
(сарқырамалар, қар шыңдары, вулкандардың атқылауы). Жоғары үйлесімділік
адамның жаны, адамның іс-әрекеті. Бұлардың барлығы рухани және физикалық
күштермен байланысты.
Экскурсияны ұйымдастырудың маңызды мәселесі-ғылыми көзқарасты енгізу.
Әлемдік көзқарас дегеніміз - бұл адамның өмірлік позициясы мен қағидалары
нің жүйесі. Сол себепті де әлемге деген көзқарасының құрылуына эстетикалық
тәрбие беруді енгізбесек, адамда эстетикалық мәдениет болмайды. Әлемдік
көзқарас ғылыми білімнің негізінде құрылады.
Экскурсия-қоршаған ортаны тану болып табылатындықтан диалектикалық
әдіс- қандай болмасын фактімен қарастырылып, қандай жағдайда оның дамуының
және нақты экскурсиялық мәселелерді шешуін қарастырады, іштей түсіну үшін
кейбір білімдер аз. Мүмкін таным, сезім мен бірге болуы. Экскурсияға шыққан
туристерде қызығушылық пайда болған жағдайда ғана өзінің идеалына деген
күрес пайда болады.
Адам қызметінің интеллектуалдық ойлау қабілетінің сезімге деген
дайындығы жақсы болған жағдай да ғана іс- әрекеттің жүзеге асуына ықпал
етеді. Сезімсіз ойлау яғни эмоция болмайды [3, 47б.].
Экскурсияда танымдықтың үш деңгейін көрсетуге болады:
Эмоциалық - қызықтыратын материалға деген талап. Мысалы аңыздар,
оқиғалар, экзотикалық жануарлар мен өсімдіктер, әзілқой әңгімелердің
барлығы дерлік экскурсавод әңгімесінде басты роль атқарады. Қандай құбылыс
болмасын онда эстетикалық потенциял болады, тек оны тауып және пайдалана
білу керек.
Ғылыми емес деп, экскурсиядағы құрғақ дәлелдер, дайын нәтижелерді
айтамыз, олар қандай негізде және өзекті болмасын, қызықсыз болуы анық.
Экскурсияда ұйымдастырушы күнбағыс плантациясын көрсете отырып, оның
шығатын өнімін, пайдасын, техникасын, планының орындалуын процент түрінде
көрсету және осы салада жақсы көрсеткіш көрсеткен адамдарды атап кету
маңызды. Экскурсия барысында біз екі нысанды айттық. Бұл екеуіде
экскурсиялық танымдылықты шешпейді. Бұл жердегі сұлулық сол дәлелдерде
болады.
Экскурсияны ұйымдастырушы жорықтың құнды болуы үшін, әрине логикалық
мән болуы керектігін ескеру қажет. Экскурсияға шыққан туристер үнемі
мәліметтердің дәлелді болғандығын күтеді. Егер де экскурсия логикалық
дәлелденген болса, онда ол қанағаттандырылады. Экскурсияда логикалық
заңдылықтарды орындаған жағдайда ғана оның құндылығын арта түседі.
Ең бастысы экскурсияда нақты ақпарат болуы қажет және көзбен көретін
объектілердің барлығы дерлік тақырыпты ашуы керек және оқиғаларды
қорытындылауы шарт.
Экскурсиядағы себеп-салдардың байланысы оның логикалы тұрғыда
дұрыстығы, дәлелденуі, нақтылығы қызығушылық пен назарды өзіне аудартады
және танымдық қуаныш силайды. Бұндай экскурсия арнайы ойлап табылған
логиканы қажет етпейді. Логикалық байланыс объективті шындықпен бірге
жанасуы шарт.
Логикалық ауытқулар, ішкі логиканы жасыру үшін ойлап табылған жағдайда
экскурсияның сапасын төмендетеді. Формальдыққа бағыттайды.
Экскурсия ғылымилығы, заңдылықтардың жүзеге асуы, Диалектикалық теория
(талқылау мен сезу) заңдылықтардың логикасы, экскурсиялық мәселелерді сәтті
шешуіне жағдай жасайды Тақырып үрдісі экскурсияда көрінуі тиіс. Табиғаттың
заңдылықтарын терең түсіну экскурсияны ұйымдастырушыға және экскурсияға
шыққан топты табиғатты аялап, күтуге шақырады [5].
Әйтпесе ол табиғатты аялауға немқұрайлықпен қарауы мүмкін. Эстетиканың
кейбір сұрақтарының қалыптасуы жайлы экскурсиядан гөрі, әдістемелік
секциялық сабақтарда өткен жөн.
Әдістемелік сабақтарда мындай сұрақтарды ескерген дұрыс:
1. Экскурсиядағы диалектикалық әдісті тану.
2. Экскурсия әңгімелеріндегі ойлау мен талқылаудың үйлесімдігі.
3. Экскурсиядағы логика.
Бұл сұрақтардан басқа секцияларда мына мәселелерді қарастыру қажет:
1) Өсімдіктерді эстетикалық талдау арқылы көрсету.
2) Жануарларды көрсету.
3) Табиғатқа деген аяушылық пен эстетикаға үйрету.
4) Экскурсияда этика және діни насихат.
Өндірістік және т.б. экскукрсияда, еңбек сферасы көрсетілгені дұрыс,
экскурсияда мамандық туралы әңгіме айтылғаны жастар үшін өте қажет. Өзінің
қызметін сүйетін сыпырушы, жинастырғыш және шөп қырқушыны мысалға алсақ:
олардың іс-әрекеті бір жағынан эстетикалық өте мәнді бағаға ие болады.
Бұл еңбектің өзі өте керемет болып саналады, себебі оның өзінде
адамның зейіні, ынтасы, ырғақтың тездігі және жеңіл қимыл сияқты
қасиеттері байқалады.
Жұмысқа деген ынта мен пейіл сол адамның өзіне байланысты болып
келеді. Тіпті ең әйгілі жұмыстың өзі, адамға ұнамды болмаса, оның өзіде
түкке тұрмайтын қажетсіз болып саналады.
Экскурсияда дұрыс тәсілді қолданған экскурсавод болашақ мамандарға
қызметті таңдауда дұрыс бағыт береді.
Еңбек тәрбиесін берудегі экскурсиялық жұмыстарда, мынандай әлеуметтік
мән беру қажет, ақшаны табу, ақшаны қолдану, бологиялық қажеттіліктерді (
тамақ, киім, тұрақ және т.б.) ескеру.
Өндірістік экскурсияда көрсетілетін объектілер, екі деңгейге бөлінеді.

Біріншісі: экскурсанттарды еңбекке деген қызығушылықты және жақсы
еңбектік дәрежені алу үшін тәрбиелейді.

Екіншісі: ірі, әсем, жоғары тиімді өндірістерді және керемет үлгілерге
тәрбиелейді.
Тәрбиелік мәні бар мәселелер, білім мен сезімнің қосылғанында ғана
талқыланады.
Экскурсияның кейбір қыр - сырларын меңгеруге болады, алайда егерде
экскурсияны ұйымдастырушының ұйытқысы төмен болса, экскурсия ешкімге
ұнамайды, қанағаттандырмайды. Экскурсиядағы әңгіме, ол топпен байланыс қана
емес, тілдік байланыстың өзі өте күрделі. Экскурсия ұйымдастырушы сөзді
дұрыс айтуы мүмкін. Алайда ол жорықтың талаптарының бірі ғана болып
табалады.
Экскурсияны ұйымдастырушының сөзі бағдарламалық тұрғыда дұрыс және
мазмұнды болуы тиіс. Бұл талап орындалмаған жағдайда экскурсия құр сөзді,
мәнсіз әрі қызықсыз болады.
Тілдің шеберлігі- экскурсияны ұйымдастырушы әңгімесінің логикалық
тұрғыда дұрыс құрылуы. Заңдылықтардың сақталмауы сөйлемнің бұзылуына,
қабылдау сезімінің күмәнді байланысына әкеледі. Фактілерді айту барысында
оның реті сақталуы тиіс, яғни себеп — басы — дамуы — соңы — нәтижесі
[3, 38б.].  
Экскурсияны осындай түрде жүргізген жағдайда, тыңдаушылардың
қызығушылығын артырып, қажеттілігін қанағаттандыратын дәрежеге жетеді.
Экскурсияны ұйымдастырушының айтылғаны, экскурсияға шыққандар үшін өте
қажет болуы тиіс. Экскурсияға шыққандардың жасы, қызметі, даму дарежесі әр
түрлі болғандықтан, олар үшін дайындайтын сөз күрделі болады. Алайда
экскурсияда бұл өзекті мәселе ны шешуге болады, экскурсияны
ұйымдастырушының әңгімесінде экскурсияға шыққан туристің қандай категориясы
болмасын, бәріне қызықты мағлұматтар берілуі тиіс. Әңгіменің қызықты, мәнді
болуына берілетін мағлұматтардың жаңа болуы да өте байланысты. Экскурсияны
ұйымдастырушыға қойылатын талап бір тақырыпты үнемі, бірақ әр түрлі жаңаша
айтуда болып табылады. Заттар немесе құбылыстар, басқа заттармен,
құбылыстармен қанша байланысты болса, соншалық жаңа әдісті қолдануға
болады. Экскурсияны ұйымдастырушы, жорық барысында өзінің дауыс ырғағын
дұрыс пайдалануы қажет. Дауыстың әсерлігі- эстетикалық құндылыққа жатады.
Автобусқа кірер кезде, сәлемдесу рәсімінен-ақ экскурсияны ұйымдастырушының
қандай адам екені туралы ой қалыптасады.
Экскурсияны ұйымдастырушыға өзінің дауысының ырғағына, тембріне,
дыбыстың бір қалыптылығына мән берілуі тиіс. Бұл мәселелерді шешу үшін, өз
сөзіңді магнитафонға жазып алып, сосын кемшіліктерді анықтау қажет.
Экскурсияны ұйымдастырушыны түсіну үшін оның сөзін өз білімімен
салыстырады. Осындай жағдайларда ең басты қабылданатын ақпарат, айтылатын
ақпаратпен ұқсас болуы қажет.
Экскурсия барысында берілетін кейбір мағлұматтың кедергілердің
кесірінен естуге қиын болатындықтан, экскурсия барысында жорықтанушы таным
процесін қиындатады. Егер де ұйымдастырушы өзінің сөздерінің кейбірі дұрыс
естілмей, жатқандығын білсе, ол сол сөйлем туралы қосымша мағлұмат беруі
тиіс.
Экскурсияда тіл шеберлігі өте қажет. Ол үнемі ғылыми мәліметтерді
ескеруді, пайдалануды қажет етеді. Экскурсияны ұйымдастырушы әдістемелік
секцияны ұйымдастырумен және құрумен өз бетінше айналысуы шарт.
Қоршаған ортадағы келеңсіз жағдайларға әрқашанда әзіл қарсы тұрады.
Экскурсияны ұйымдастыруда әзіл кейбір практикалық мәселелерді шешуге
көмектеседі. Үнемі әзіл бола берсе, жорықты ұйымдастырушы тарапынан
дамымаған эстетикалық мәдениетті көрсетеді. Бұл экскурсияны ұйымдастырушы
өз жұмыс экскурсиялық бағыт ында қандай теориялық және әдістемелік негізге
сүйену керектігін көрсетеді.
Экскурсиядағы көңіл - күйдің жоғары дәрежеде болуы үшін-экскурсаводтан
үлкен білімділікті, белгілі бір түрдегі мүмкіншіліктерді, жоғары
эстетикалық мәні бар дәстүрді, сонымен қатар, теориялық және экскурсиялық-
әдістемелік негізі бар білімді қажет етеді.
Экскурсия экскурсия жүргізушісінің бойында жоғары эстетикалық
мәдениетті қалыптастырады. Бұл мәселені сәтті шешу үшін экскурсиялық
үрдісті эстетикалық жоғары мәнде ұйымдастыру қажет [6].
Әр бір экскурсия жүргізушісі өзінің ұйымдастырған экскурсиясынан оған
қатысушылардың барлығы көңілдерінің көтеріңкі болып кетуін қамтамасыз етуі
керек. Экскурсия жүргізушісі тек қана туған жердің әдемілігін көрсетіп
қана қоймай, басқа, көзқараспен табиғатқа қарауға, өзінің табиғатқа деген
көзқарасын өзгертуге шақырады.
Экскурсанттар бағытталған объектіге қарайды. Қарау ол әрине көру болып
саналмайды. Экскурсанттардың жадыларында, тек қана көз алдында дақ қалады,
себебі объект туралы жеке белгілер жайында ешбір нәрсе айтылмаған пассивті
түрдегі психологиялық қабылдау болады. Экскурсияны ұйымдастырушының
жұмысында бір қалыптылық пайда болады.
Екінші бейнелеу, экскурсанттардың жадыларында объект туралы көз
алдында бейне қалады. Бұл жерде есте көп уақытқа дейін қалу үшін оның
жекеше мүмкіншіліктерін ескеру қажет. Осы жағдайда адамның физиологиялық
және психологиялық заңдылықтарын байланыстыруымыз қажет. Нәтижесінде
көрсетілетін объектілер қатесіз және оңай қабылданады. Экскурсияны
ұйымдастырушы нысанды өзі дұрыс көріп, анықтап зерттеп, нысандың
мүмкіншіліктерін оқып біліп қандай әдістемелік мүмкіншіліктерді және қандай
процестерді экскурсанттар қаншалықты қызық екенін түсіндіру.
Бұл мәселелерсіз нысанды таныстыру мүмкін емес.
Экскурсияның сәтсіз болуы, экскурсанттардың қанағаттанбағанының
көріністері, тамаққа деген көңілінің толмағанын, экскурсияға
қатысатындардың кешігіп келуінен, наразылықтардың тууы, барлығы дерлік
экскурсияны ұйымдастырушының атына шағым түсіреді.
Экскурсияны ұйымдастырушылар арасында мынадай ой қалыптасқан: егерде
экскурсия барысында туындаған қайшылықтар болса экскурсавод кінәлі
болмайды. Алайда, туындаған қайшылықтардың алдын алмаса және туындаған
кезде оны дер кезінде жоюға тырыспаса, онда экскурсия жүргізушісі кінәлі
болып саналады.
Экскурсия сапасы экскурсия барысындағы жасалған жағдайға тікелей
байланысты болады. Оның кепілдігі: таза автобус, жақсы микрофон, мәдениетті
жүргізуші. Осының барлығы экскурсияны ұйымдастырушының еңбегін көтереді.
Әрине, ойдағыдай жағдай болмай қалуы мүмкін, алайда өте жақсы, жоғары
сапалы түрде жағдай жасауға тырысу керек.
Экскурсияда әңгіменің үзілуі бірнеше себептерден болады яғни, дұрыс
жұмыс істемейтін микрофон, т.б. Осындай кедергілер жорықтың дұрыс өтпеуіне
әсер етеді. Микрафонның дыбыс жүйесінің әлсіз болуы. акустикасының жаман
болуы, жорықты ұйымдастырушының қатты дауыс көтеріп сөйлеуі, екі есе
қиыншылықтарда жұмыс істеуіне соқтырады. Бұл мәселені шешудің бірден-бір
жолы - ол аппаратураны өзгерту [6].

1.2 Экскурсиялық қызметтің негізгі қағидалары мен жіктелуі

Экскурсия саяси, философиялық, ғылыми, әдеби және басқа да түрлі
көзқарастағы идеялар мен теорияларды таратуға көмектеседі. Отандық үгіт-
насихат жұмыстарын жүргізу қызметін орындай отырып экскурсия кезкелген
тақырып жөнінде саяси-идеялық нақты бағытты ұстануы тиіс. Адамгершілік
қағидалары не сүйенген экскурсияның негізіне, ғылымилық, шыншылдық, өмір
теориясымен байланыс, тапқырлық, тан қалдырушылық, түсініктілік жүйелілік,
ұлтжандылық жатады.
Ғылымның принципі. Экскурсияның мазмұны қазіргі ғылым мәліметтерімен
сәйкес келіп жатады. Барлық деректер, оқиғалар, теориялық жағдайлар ғылыми
тұжырымдамаларға дәйек болу арқылы қазіргі заманғы ғылымның өздерімен
байланысты бағытта объективті ғылыми баға алады [7].
Өмірмен байланыс теориясы. Экскурсия материалы өмірмен байланысты
болуы тиіс. Мысалы, өмір сүріп отырған қоғамдағы оқиғалардың нақтылығы
деген сияқты жағдайлармен байланысты болуы қажет. Экскурсия жемісі
ұсынылған материалдың қаншалықты түсініліктігіне байланысты. Сондай-ақ, ол
материалдардың мазмұны сол аудиторияның олардың білім деңгейі мен өмір
тәжірибесін ескергенде тиімді ме деген мәселелер назардан тыс қалмауы тиіс.
Экскурсия-ақпарат қызметінде. Кезкелген экскурсия өз тақырыбына
қатысты кеңестік тарихи ғылымның жетістіктерінен, медицинадан, биологиядан,
космостық ілімнің жаңалығынан, архиологтардың ашқан жаңа мәліметтерден,
спортшылардың жетістіктерінен, мәдениет және шаруашылық құрылысының соңғы
жаңалықтарынан белгілі бір деңгейде ақпараттардан хабарланып отырады.
Экскурсия өткізудің негізгі жүйелі тәртіпке бағындырылған нақты және
дәлелденген мәтін. Экскурсияның мазмұнын таңертеңгілік радио және жаңадан
оқылған газеттің жаңалықтарымен толықтыруға болмайды. Кез-келген экскурсия
өзіне қатысты тапсырмаға сәйкес өз тақырыбында жеткілікті негізделген және
тиянақты түрде дәлелденген ақпаратпен толығып отырады.
Экскурсияның мәдени демалыс уақытын ұйымдастыру қызметі. Экскурсия
"оқу және өзіндік білім" терминімен ерекшеленетін топқа жатады. Оның мәні
басқа да жеке және коллективті мәдениетті қалыптастыруда үнемі дамып
отырады. Мәдени демалыс уақытын ұйымдастырудағы танымал үлгі бола отырып
экскурсия адамның рухани қажеттілігін толық түрде қанағаттандырып отырады.
Мәдени демалыс уақытын ұйымдастырудағы экскурсияның рөлі экскурсиялық
мекемелер және мұражайлар жекеленген эпизодты шарлардан жүйеленген
шараларға қатысқанда байқалады. Мұндай өзгеріс тәрбиелік және мәдени-
көпшілік жұмыстарға жақсы сапалы нәтиже береді. Әрбір келесі экскурсия
өткен экскурсияның жалғасы. Яғни келесі экскурсияның басы өткен
экскурсияның аяғымен байланысып отырады. Бұл әдіс қиын тақырыпты да ашуға
көмектеседі.
Экскурсиялық жүйе экскурсанттарға белгілі бір жүйеде білім береді.
Мәселен, оларға туған қалаларының тарихы немесе өзі тұратын аймақтың
тарихи, мәдени ескерткіштер туралы толық, жүйелі мәліметтермен
ақпараттандырып отырады. Экскурсияның жүйесі сондай-ақ оған қатысушылардың
санын арттыруға, жақсы нәтижеге жетуге, жүйеленген эксплуатациалық
топтардың тұрақтылығына қызмет етеді. Мұның бәрі оқу-тәрбие процесін тиімді
етеді [8].
Экскурсияның мәдени және техникалық білімді жетілдіру қызметі.
Экскурсия өз тақырыбына сәйкес білімнің белгілі бір салаларында адамдардың
білім деңгейін кеңейтуге ықпал етеді. Экскурсияға қатысу арқылы оған
қатысушылар отанының тарихы, сонымен бірге өнер, архитектура, әдебиет,
экономика және өндіріс орындары жөніңдегі білімдерін жетілдіріп отырады.
Экскурсия идеалды түрде мәдени-тәрбиелік жұмыстарының жинақталған
түрлі үлгілерін көрсетеді. Оған тақырыптық және әдістемелік дәлелденген
бөлімдер кіруі мүмкін. Олар төмендегідей жүзеге асуы тиіс:
- көркем фильмдерден үзінділер немесе деректі хроникалық фильмдерді
толығымен көрсету;
- оқиғаға қатысушылар немесе оның куәгерлерінің сөздері, мысалы, 1941-
1945 ж.ж. Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің, әскери-тарихи тақырыптағы
экскурсия кезіндегі сөздері;
- өнеркәсіп және ауылшаруашылық орындарының жетекшілері, инженерлік-
техникалық саладағы қызметкерлердің өндірістік-экономикалық тақырыптағы
экскурсия барысында сөйлеген сөзі;
- сазгерлердің, музыканттардың, әртістердің шығармашылығына арналған
экскурсиялардағы әртістердің орындауындағы және дауыс жазбаларында
жазылған музыкалық шығармаларды таңдау;
- тарихи және мәдени экскурсияларда дауыс жазба түріндегі мемлекеттік
және қоғам қайраткерлерінің сөздерін естуге, тыңдауға болады.
Экскурсия адам қызығушылығын арттыру қызметі. Экскурсия тек білім
беріп қана қоймай, адамдардың қандай да бір ғылымға, білімнің нақты бір
салаларына, белгілі бір мәселелерге деген қызығушылығын оятуға ықпал етеді.
Әдеби экскурсиялардың біріне қатысып, көркем мұражайға барған адам алдағы
уақытта да сол жазушының шығармашылығына деген қызығушылығы артады.
Осылайша экскурсия көптеген адамдар үшін өз білімін жетілдіруде үікен
жүйелі жұмыстың басы болып саналып кетеді.
Жиырмасыншы, отызыншы жылдары экскурсия бұқаралық дайындық және маман
дайындау ісінің маңызды түрлерінің бірі ретінде ғана қаралған. Ал бүгінгі
күні бұл мәселе экскурсияны лекциялық, курстық жұмыстармен, ұлтгық
ақпараттық мәліметтермен толықтыру арқылы шешілген [8, 32б].
Экскурсия жіктелуі. Жіктеу дегеннің өзі ортақ белгілері бойынша
белгілі бір заттың, оқиғаның кластарға, бөлімдерге бөлініп жіктелуі дегенді
білдіреді. Бұл сауал экскурсиялық жұмыскерлер мен ғалымдардың, бір сөзбен
айтқанда, экскурсионистердің толғақты мәселелерінің бірі. Экскурсиялық
жұмыстарының реттеу барысындағы тәжірибесіне сүйеніп, В.А.Герд былай дейді:
"Біздің негізгі мақсатымыз экскурсияның бөлінуі, экскурсияны жүргізу
барысында кездесетін жағдайлардың өздеріне тән ерекшелігін ескере отырып,
топтарға және топшаларға жіктеу. Яғни бұл жол жетекшілерге экскурсия
барысында ұшырасатын түрлі мәселелерге байланысты сауалдар төңірегінде тез
шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Негізгі белгілеріне қарай жіктеу бізге
экскурсияның орталық түрлерін анықтауға жол береді" [15].
Экскурсияның топтарға және топшаларға бөлінуі, оның экскурсияның
өткізілу сипатын анықтауға және оның жасалуына қатысты мәселелердің дұрыс
шешілуін қамтамасыз ететін негізгі ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік
береді.
Осыдан 50 жыл бұрын экскурсия жіктеу сын Б.Е.Райков ұсынған болатын.
Ол жиырмасыншы жылдардағы экскурсиялық жұмыстың мазмұны мен бағытына қарап,
экскурсияның негізгі белгілерін былай көрсетті:
1. Ұзақтығына байланысты бөлу: а). бір күндік, бір түндік. в).
көпкүндік
2. Мазмұнына қарай: а). Табиғи -географиялық б). Гуманитарлық . в).
өндірістік
3. Көлеміне қарай: а). бір тақырыпқа ғана арналған б). бірнеше жақын
тақырыптар в). жүйеленген.
4. Тапсырыс бойынша: а). іздеушілік түрінде б). иллюстрациялық
5. Логикалық құрылымы бойынша: а). Талдамалы б). синтетикалық
6. Қатысушылардың құрамы бойынша: а). мектеп жасындағылар
б). мектеп жасына дейінгілер в). мектепте оқымайтындар.
Экскурсияны аналитикалық және синтетикалық деп бөлу мүмкін емес.
Өйткені, анализ әдетте әрбір экскурсияда қолданылады. Экскурсияны құрамына
қарай бөлу тіпті күрделі. Экскурсияны өткізу мен оған дайындық
әдістемесінде экскурсия негізгі үш түрге бөлінген:
1. Түсіндірмелі және иллюстрациялық

2. Оқу-іздену
3. Аралас және иллюстрациялық-ізденулік, кейде бақылаушылық деп те
аталады.
Ал кейбір ғалымдар экскурсияны екіге бөліп қарастырады:
А). Демонстрациялық объект.
Б). Анықтамалық объект.

Алғашқы топқа эстетикалық, тарихи-көркем, этнографиялық және
техникалық-экономикалық экскурсия түрлері жатады. Яғни бұл бағыттағы
экскурсияға қатысушылар белгілі бір мақсатта көретін объектілеріне барып
тұрады.
Екінші топқа көркем шығармаларды белгілі бір жайттың мазмұнын ашу үшін
емес, сол жазушының өмір- дерегінің иллюстрациясына, шығармашылығына
қызығушылық негізінде қарайтын әдеби тақырыптағы экскурсиялар жатады.
Өз тақырыптарына қарай экскурсия 1960 жылдардың басында мәдени-тарихи,
көркем, табиғи-ғылыми, өндірістік деген сияқты жіктерге бөлініп
қарастырылған. Бүгінгі күні экскурсия және туризм жөніндегі орталық кеңес
жүйесі негізінде ортақ қабылданған экскурсия жіктеу сы төмендегідей
топтарға жіктелді: мазмұнына қарай, қатысушылардың құрамына қарай, өткізілу
орнына қарай, дамыту әдісіне байланысты, өткізілу формасына және қозғалыс
тәіліне байланысты жіктеледі. Аталған топтардың әрқайсысында өздеріне ғана
тән арнайы белгілер бар. Мазмұнына қарай бөлінген топқа экскурсияның екі
түрі жатады. Яғни жалпы шолу (көп жоспарлы) және тақырыптық.
Шолу экскурсиясы әдетте бірнеше тақырыптан құралады. Яғни, бұл көп
жоспарлы деп бекерден-бекер айтылған жоқ. Оларға мыналар жатады:
Бұрынғы, қазіргі және болашақ Алматы, "Ұлы Түркістанның тарихы және
ескерткіш орындары", "Астана -жаңа және еңбеккер атақты қала", "Туған
аймағым -Қарағанды, мен өзінмен мақтанамын", "Алматы-Қазақстанның оңтүстік
астанасы"[9].
Шолу экскурсиясында, әдетте, тарихи және қазіргі күнгі материалдар
қолданылады. Объект көрсету барысында түрі, мазмұны жағынанда әртүрлілікті
қолданылатын экскурсия түрі бар. Яғни, тарихи және әдеби ескерткіштер,
табиғат көріністері, ерекше оқиғалардың өткен орны, қала мен ауылдардың
кейбір элементтері, өндіріс және ауылшаруашылық кәсіпорындары, құрылыс
алаңдары экскурсияның осы түріне жатады. Мұндағы көрініс үлкен планда
ұсынылады. Сөйтіп, экскурсияға қатысушыға сол қала, сол аймақ туралы жаллы
тұтастай мағлұмат береді. Шолу экскурсиясының хронологиялық шеңбері - көп
жағдайда объект ретінде көрсетілетін қаланың ең алғашқы құрылған кезі мен
бүгінгі күнге дейінгі жайы төңірегінде өрбиді.
Тақырыптық экскурсия әрдайым бір ғана тақырыпты ашуға арналады.
Мәселен, тарихи экскурсияның негізіне ортақ бір тақырыпқа құралған айтулы
оқиғаны немесе бірнеше оқиғаны суреттеу жатады. Және оқиға желісі кейде
қоғамның дамуындағы тарихи кезеңдердің белгілі бір үнін де қамтуы мүмкін.
Ал экскурсия архитектуралық тақырыпқа арналған болса, оның негізгі тақырыбы
архитектураның өте қызықты тақырыптарының бірі болуы мүмкін. Мәселен,
белгілі бір қала көшелерінде немесе алаңдарында орналасқан XVIII немесе XIX
ғасырлардан қалған архитектуралық ескерткіштер, ансамбльдерді мысал ретінде
айтып өтуге болады. 1950 жылдары экскурсия мәдени тарихи, көркемділік.
Тарихи - ғылыми, өндірістік және өлкетанушылық болып бөлінген [6, 79б.].
Осылай бөлудің логикалық негізі бар, бірақ та 1970 жылдан бастап
насихаттық бағыты келесі тақырыптық экскурсиялар жіктеу сын мақұлдады:
тарихи, тарихи-революциялық, әскери-тарихтық, өндірістік,
жаратылыстанушылық, әдеби, архитектуралық, өнертанушылық. Осы топтардың
әрқайсысы өзіндік тақырыпшаларға бөлінеді.
Тақырыптық экскурсия 8- топқа бөлінеді. Олар тарихи, тарихи-
революциялық, әскери-тақырыптық, өндірістік - экономикалық, табиғаттану,
өнертанулық, әдеби және архитектуралық - құрылыстық деп жіктеледі. Осы
тақырыптық экскурсиялардың әрқайсысы өз кезегіне мазмұндарына қарай
топшаларға да бөлінеді. Мысалға, тарихи экскурсия тарихи кезеңдерге
байланысты мынандай топшаларға бөлінеді: Революцияға дейінгі еліміздің
тарихы, бүгінгі күнге дейінгі аралықтағы ел тарихы. Топшалар шағын
хронологиялық шеңбердің аясын қамтиды. Мәселен, XIX ғасырдың бірінші
жартысындағы оқиғаларды ашу мақсатындағы экскурсия немесе экскурсия
объектісі ретінде қаралған аймақтың 1941-1945 ж.ж Ұлы Отан соғысынан
кейінгі өмірі [10].
Мазмұнына қарай тарихи экскурсиялар төмендегідей топшаларға жіктеледі:
тарихи аймақтық, археологиялық және этнографиялық. Тарихи-аймақтық
экскурсияға мынадай тақырыптар жатады: "Түркістанның тарихи орындары",
"Олардың есімдерімен қаланың көше, алаң аттары аталады".
Археологиялық экскурсия тарих көздерінің заттай көрсетіліміне негізделіп
құралады. Мәселе, өткен тарих ескерткіштері, ежелгі қала орындары сияқты
объектілер аталған экскурсия түріне жатады. Заттай тарихи көздерге өндіріс
қарулары және солардың көмегімен құрылған материалдық жетістіктер, яғни
құрылыс нышандары, енер шығармалары, адам еңбегінің жемісі жатады. Атап
айтсақ, гректік, римдік, византиялық, театрдың бір бөлігі, су құбыры,
монша, шеберхана, үйлер, шаруашылық көше құрылыстары. Арменияда экскурсия
объектісі ретінде Тейшебани қаласын және Гарни ауылын қазатын болса,
Өзбекстанда Афрасиаба, Ташкентте ежелгі Пенджигентті, Қазақстанда Отрарды,
Талхизды қарастырады [11].
Әскери - тарихи экскурсиялар мынадай түрлерге яғни әскери
оқиғалар өткен еске алатын немесе ескерткішті орындар; сондай-ақ, әскери-
инженерлік көріністер; халық қаһармандарының ерліктеріне қатысты орындары;
әскери-тарихи, мемориалды және аймақтық музейлер.
Өндірістік экскурсия өндірістік-тарихи, өндірістік-экономикалық және
өндірістік-техникалық болып жіктеледі.
Өндірістік-тарихи түрі кәсіпорындардың тарихын ашып, зауыт,
фабрикалардың, транспорттық құрылымдардың олардың дамуындағы белгілі бір
даму кезеңдерін көрсететін өмір дерегімен таныстырады.
Өндірістік-эконамикалық түрі өнімдердің өз бағасын, еңбек өнімдерін,
ғылыми еңбек ұйымдары, өндіріс өнімдерінің сапасын арттырудағы күрес сынды
мәселелерді қарастыру жолында жұмыс істейді.
Өндірістік-техникалық түрі технологиялық процестің жекешеленген цехтар
мен участоктардың жұмысының көрінісін қамтамасыз етеді. Ерекше топшаларға
жас өспірімдердің кәсіби деңгейін жетілдіру мақсатындағы мамандандырылған
өндірістік экскурсиялар жатады. Мұндай экскурсиялардың негізгі мазмұны
нақты, жан-жақты негізгі мамандыққа арналады.
Табиғаттану экскурсиясының геологиялық түрі. Жер әлемінің түрлі
салалары туралы мағлұмат береді. Ал зоогеографиялық түрі сол аймақтың
жануарлар әлемін; ботаникалық өсімдіктердің өмірі мен дамуы;
гидрогеологиялық сол аймақтың сулы ресурстарымен таныстыруды мақсат етеді.
Мысал ретінде, сол маңдағы өзен-көлдерді айтуымызға болады. Ландшафтты қала
сыртында орналасқан парк, орманды жерлерге жасалатын экскурсиялар түрі.
Өнертану экскурсиясы төмендегідей топтарға бөлінеді: театралды, тарихи-
музыкалы, монументті мүсін өнерінің жетістіктері, картиналық галереяға
экскурсия, мұражай, мүсіншілер мен суретшілердің өнер туындылары, көрме
залдары, т.б. Бұл топқа "Сахи Романов туындылары", "Суретшінің ізгілік
мұрасы А.Қастеевке арналған экскурсиялық тақырыптарды мысалға келтіруге
болады.
Әдеби экскурсияның топтары төмендегідей көрініс береді:
Әдеби-биографиялық, мұнда қандай да бір драматург пен жазушының
өмірдерегі және шығармашылығы арқау болады. Бұл монографиялық экскурсияға
"М.Әуезов Алматыда", "Әдебиет Сардары Сәкен аға" сынды тақырыптарды мысал
ретінде көрсетуге болады.
Тарихи-әдеби түрі әдебиеттің белгілі бір аймақтағы даму деңгейін
анықтауды мақсат тұтады. Оған мысал: "Әдеби Семей өңірі", "Жетісу
аймағындағы жазушы-класиктер" сияқты тақырыптарды жатқызуға болады.
Әдеби-көркем түрі Жазушылар мен драматургтардың және ақындардың
шығармалары мен соның кейіпкерлеріне арналған экскурсияның поэтика-мәтіндік
қырын анықтайды.
Архитектуралық-сәулет экскурсияда көп таралған, танымал тақырыптар
жақсы пайдаланылады. Белгілі бір кезеңдегі архитектуралық ескерткіштер,
белгілі бір архитектордың шығармасы, жаңа құрылыс алаңдарына жасалынатын
экскурсия осы бағытты қамтиды.
Қозғалыс тәсіліне байланысты жаяу және әртүрлі көліктерді қолдану
түрлеріне бөлінеді. Сондай-ақ бұған автокөліктер, темір жол көліктері,
теплоходтар, тікұшақтар, мал көліктері қолданылады.
Экскурсияға қатысушылардың құрамына байланысты. Экскурсияның бұл түрі
жасы үлкен азаматтарға және балаларға арналған, жергілікті тарғындарға және
сол аймақка келуші туристерге, қалалық және ауылдық аймақ азаматтарына,
белгілі бір мекемелердің немесе кәсіпорындардың профсоюздық комитеттерінің
өтініштері бойынша ұйымдастырылған топтарға және жекелеген адамдарға
арналған болып бөлінеді.
Экскурсияның өткізілу орындарына қатысты. Бұл қалалық, қаладан тыс,
өндірістік және мұражайлық болып жіктеледі.
Қалалық түрінде - қаланы тұтастай немесе белгілі бір бөлігі, мәселен,
ескі немесе жаңа құрылыс жүрген орындарына экскурсия жасау.
Қаладан тыс экскурсия - аты айтып тұрғандай, қаладан тыс аймақтарға
соңғы пунктпен аралық 100 метрден аспайтын аралықтағы нысанды қамту талабы
ескерілген экскурсия. Алайда, кейбір жағдайда мұндай экскурсиялардың
шақырымдық аралығы ұзарып та отырады. Экскурсияның бұл түрі бірнеше топқа
бөлінеді. Біріншісінде - қатысушылар экскурсияны соңғы пунктінде өткізеді.
Екіншісінде - жолай болатын экскурсия. Яғни жол-жөнекей кездесетін
ескерткіштерге соғу.
Сонымен бірге экскурсияның бұл түрі шолушы және тақырыптық болып екіге
бөлінеді. Шолушы түрі аймақтың тарихын, экономикасын, мәдениетін, ғылымын,
табиғатын бағамдайды [12].
Өндірістік экскурсияның өткізілу орны төмендегідей жүйеде жүзеге
асады:
Зауыттар, фабрикалар, комбинаттар, бірлестіктер;
Өндірістік құрылыс нышандары, әдеби-күнделікті және тұрғын үй
объектілері;
Колхоз, совхоз ауылшаруашылық-техникалық кәсіпорындар; ғылыми-зерттеу,
жобалау институттары, лаборатория, ғылыми орталықтар.
Жылжу әдісі бойынша жүргізілетін экскурсия жаяу және түрлі көлік
құралдарын пайдалану арқылы жүзеге асады. Жаяу жүргізілетін экскурсияның
ерекшелігі сол, экскурсия өткізілу кезінде таныстырылатын әңгіме де
көрсетілетін көрініске де өте қолайлы. Ал көлік құралдарын оның ішінде жиі
қолданыстағы - автобус көлігі екі бөліктен тұрады. Экскурсиялық
объектілердің анализі - тарихи ескерткіштер және мәдениет ошақтарын автобус
терезесінен көру арқылы немесе әр тоқтаған аялдамадан тамашалау арқылы
жүзеге асады. Ескеретін жайт экскурсия кезінде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің тарихи дамуына үлес қосқан ғалымдар еңбектерінің орны
Сыныптан тыс жұмыстардың формалары
Құқықы әлеуметтік объектісі, пәні, әдісі, құрылымы, атқаратын қызметі (функциясы)
Психика мен сана мәселелері
Оқыту психологиясының негіздері туралы
Таным әдістеріндегі талдау мен синтезді есептер шығаруда қолдану
Негізігі психологиялық әдістер
Еңбекке баулу сабағында өзіне - өзі қызмет ету еңбегінің ерекшелігі
Экономикалық тәрбие беру туралы бала тілін жет
Қазақ әдебиеті сабағында қолданатын әдіс-тәсілдерінің жалпы сипаты
Пәндер