Орталық Азия мемлекеттерінің аймақтық қауіпсіздік саласындағы өзара экономикалық жүйесінің қалыптасу негіздерін анықтау


Мазмұны
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі XXғ. аяғы - XXIғ. басында ғаламдық және аймақтық деңгейде саяси-экономикалық салада мемлекеттер арасындағы өзара тәуелділік және әлемде пайда болған жаңа қауіптерге төтеп беру үшін бірігіп қызмет ету іс-шаралары күшейе түседі. Солтүстік пен Оңтүстік арасындағы ынтымақтастық жаңа көрініс алды. Оңтүстіктен төніп тұрған қауіптер - аймақтық қақтығыстар, халықаралық лаңкестік, жаппай қырып-жою қаруын таратпау, демографиялық теңсіздік бүгінде Солтүстік елдерінің басты назарын аудартып отыр.
Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін Орталық Азияда бес тәуелсіз мемлекет пайда болды. Олар: Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркменстан және Тәжікстан. Орталық Азия посткеңестік аймақтағы маңызды стратегиялық аймаққа айналды. Табиғи қазба байлықтарға бай Орталық Азия аймағы әлемдегі ірі державалардың мүдделері тоғысқан аймақ болып табылады. Кеңестер Одағынан бөлініп шыққан мемлекеттер ендігі жерде өз қауіпсіздіктерін қалыптастыруға кірісті.
Қауіпсіздікті берік қамтамасыз ету мақсатында тынтымақтастық шаралары жүзеге асырыла бастады. Ең алдымен Орта Азия мемлекеттері арасында дипломатиялық қарымқатынастар орнатылып, екі жақты қатынастарда қауіпсіздік саласындағы келісімдер жасала бастады. Осы қатынастардың негізінде тынтымақтастық ұйымдары құрыла бастады. Мұндай ұйымдардың жарқын мысалы Шанхай Тынтымақтастық Ұйымы, Ұйымдық Қауіпсіздік Шарты туралы Ұйым. Қазіргі таңда осы ұйымдардың аясында қауіпсіздікке әсер ететін мәселелермен түрлі бағытта күрес шаралары жүргізілуде.
Тәуелсіз еліміздің географиялық орналасуы және оның ұлттық мүдделері сияқты ұзақ мерзімді сипаты бар факторлардың ықпалымен Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының басымдық берілетін бағыттары қалыптасуда. Планеталық сипаттағы қауіп-қатердің пайда болуына ғаламдану (жаһандану) процесін және жаңа технологиялардың дамуына, жаңа экономикалық құрылымның қалыптасуына аймақтық деңгейдегі халықаралық ынтымақтастықтың тереңдеуінің сан алуандығына байланысты дүние жүзінде болып жатқан түбірлі де дүбірлі өзгерістер - мұның бәрі мемлекетіміздің сыртқы саясатының бағытына түзетулер енгізуге мәжбүр етеді.
Өзекті халықаралық проблемаларды шешуге қатысты жедел әрі әрі икемді үн қатысуға осы мәселелерде жаңа көзқарастарды әзірлеуді және жүзеге асыруды талап етеді. Дегенмен сыртқы саясаттың негізге алынатын қағидаттары өзгеріссіз қала береді.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев өзінің жолдамасында айтқандай, «ұлттық мүддені қорғауды және болашақта аймақтағы күштердің тепе-теңдігін қамтамасыз етудің жолы - интеграция саясатында жатыр. Сондықтан да бірінші кезекте Қазақстан өз сыртқы саясатында басты назарды Ортаазиялық интеграциялық үрдіске бөлуі тиіс», - дейді.
Осындай жағдайда Қазақстан өзінше дербес дамуын жаһандану процесімен үйлестіруге мәжбүр болды. Былай алып қарағанда еліміздің өз еркімен өркендеуіне барлық мүмкіндіктер бар сияқты. Қазба байлығымыз жеткілікті шетел инвестициялармен бірге жаңа технологиялар да келіп жатыр. Еліміздегі байлықтарымызды өндіру де оны өнімге айналдыруда сыртқа шығарып сату да Қазақстанның әлемдегі талай-талай елдермен ықпалдастықта болуын көп деңгейлі интеграцияға түсуін талап етеді.
Бүгінгі күні жаһандану заманында тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұрғысынан Шығыс пен Батыс жақындасуы Еуразия кеңістігіндегі мемлекеттердің дүниеге деген қатынасы мен интеграциясы іспетті аса тарихи қажеттілікке айналуда жаһандану заманында адам мен табиғат, техника мен адамгершілік, ислам мен христиандық, ұлттық пен жалпы адамзаттық құндылықтар арасында теңсіздік аса зор әлемдік күйреуге, барлық адамзаттың жойылуына апарып соқтыруы мүмкін.
Қазақстан Президенті Н. Ә. Назарбаев ұсынған Еуразияшылдық идеясының дүниеге айрықша қатынас түріндегі мәдени-философиялық доктрина ретінде іске асыру осы теңсіздікті жоюдың басты жолы, адам тіршілігінің әр түрлі тараптарын үйлестірудің бірден-бір тәсілі болар еді.
Бүгінгі таңда Қазақстан өзінің сыртқы саясатындағы байсалды да, парасатты қадамдарының арасында көрші мемлекеттермен тұрақты өзара ықпалдастық әрі тең әріптестік орнатқан, осының негізінде біртұтас экономикалық кеңестік Еуразиялық экономикалық қоғамдастық құру секілді өміршең үрдістер белең алып, интеграциялық ықпалдастық жүйесі айқындала түсуде.
Жас тәуелсіз мемлекет еліміздің қауіпсіздігі, оның халықаралық қауымдастықпен арадағы ынтымақтастығы қарым-қатынастары қазіргі заманда елдер мен халықтарға бейбіт тұрғындарға қатер төндіретін халықаралық террор мен экстремизмге қарсы тосқауыл қою мәселелерінің Қазақстанның алдына алғашқы күндерден-ақ көлденең тартылды. Бұл әсіресе өз тәуелсіздігін алып жатқан әлемдік қоғамдастыққа әлі орны айқындалмаған болашағымызды уақытқа байланысты күрделі жағдайдан әлі шыға қоймаған ел үшін аса маңызды еді. Осы жоғарыда айтылғандардың бәрі жұмыстың өзектілігін тағы да дәлелдей түседі.
Қазақстанның Азия мен Еуропалық қиылысындағы геосаяси орналасуы экономикалық және әскери саяси мүдделері, сонымен қатар қазіргі бар экономикалық әуелетінің болуы, оны ірі аймақтық мемлекет ретінде қалыптастырудың алғы шарттары болды. Қазақстан өзара қауіпсіздікке, егемендікті құрмет тұту аумақтық тұтастық принциптерімен өзінің төңірегінде тұрақтылық пен ізгі көршілік аймағын қалыптастыруға мүдделі. Осы жағдайлар тақырыптың өзектілігін білдірді.
Тақырыптың зерттелу деңгейі: Еліміздің тәуелсіздікке қол жеткізгеніне көп уақыт өтпесе де Қазақстанның сыртқы саясаты туралы мәселелер төңірегінде жазылған ғылыми диссертациялар мен монографиялар, мақалалар да барлық.
Қазақстан Республикасының сыртқы саясатындағы немесе жалпы халықаралық сипаттағы жетістіктері егеменді еліміздің тұңғыш президенті Н. Ә. Назарбаевтың есімімен байланыстырылады. Елбасы өзінің «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы дамуының стратегиясы» «Ғасырлар тоғысында», «сындарлы он жыл» және тағы басқа еңбектерінде республикамыздың сыртқы саясаты басымдықтарын тұжырымдаған еді. Сонымен қатар еліміздің сыртқы саясатының негізгі бағыттарына және Қазақстанның халықаралық поэзияларын нығайту жөніндегі отандық дипломатия күш жігеріне жан-жақты талдау Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрі «Қазақстан Республикасының дипломатиясы», «Беласу» және тағы басқа да еңбектерінде жасалды.
Қазақстанның сыртқы саясатындағы әлемдік державалар дың Қазақстандағы саясаты және мүдделері бағытындағы мәселелер жөніндегі саясаттанушы ғалымдар мен зерттеушілер: М. Тәжин, А. Дугин, С. Сейдуманов, Б. Сұлтанов, Л. Мұзапаров, А. Әбішев, В. Галямов және тағы басқалардың мақалаларының маңызы айтарлықтай. Алайда, Қазақстанның біртұтас экономикалық кеңістіктегі орны мен ролі Орталық Азия елдерімен өзара интеграциялық ықпалдастығын дамыту және тағы басқа мәселелер өзінің зерттеушілерін күтуде.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері: Орталық Азия мемлекеттерінің аймақтық қауіпсіздік саласындағы өзара экономикалық жүйесінің қалыптасу негіздерін анықтау, сонымен қатар Орталық Азия елдерінің қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастығының факторлары және алғышарттарын, Орталық Азия елдерінің қауіпсіздік саласындағы мәселелердің ерекшеліктері мен қайнар көздерін, осы мәселелерді шешуге бағытталған тынтымақтастықтың жаңа бағыттарын ашып көрсету.
Жұмыстың мақсатына жаһандану процесі даму қарқынына бүкіл әлемдік масштабы, қауіп-қатердің күшейе түсуі жаңа технологиялардың және экономикалық құрылымдардың қалыптасуына өңірлік деңгейдегі халықаралық ынтымақтастықтың тереңдеуі мен әр алуандылығына орай қазіргі дүниеде болып жатқан өзгерістер - осының бәрі тәуелсіз еліміздің сыртқы саясатына түзетулер енгізуге мәжбүр етеді.
Өзекті халықаралық проблемаларды өлшеуге қатысты жедел икемді үн қатуға бұл мәселелерде жаңа көзқарастарды әзірлеуді және іске асыруды талап етеді. Осы мақсаттан барып зерттеудің мынадай міндеттері туындады: саяси ғылымның онық құрамдас бөлімі сыртқы саясаттың теориялық және методологиялық мәселелерін қарастыру:
- аймақтық және әлемдік дамудың серпілін Қазақстан мүдделілігін ескеретін теңдестірілген және жауапты сыртқы саяси бағытын одан әрі жүзеге асырудың маңыздылығын қарастыру;
- Ауқымды интеграциялық үрдістер шеңберінде Қазақстан -Ресей стратегиялық серіктестік қатынастарын дамыту туралы өзіндік пікір білдіру;
- Қытай Халық Республикасымен Қазақстан арасындағы экономикалық ынтымақтастық, халықаралық қауіпсіздік проблемалары бойынша белсенді саяси үн қатысуды бекемдеуге талдау жасау;
- Қазақстан және АҚШ арасындағы өзара қарым-қатынастардың жоғары деңгейін нығайтуға қатысты өзіндік қорытындыға келу;
- Еуропалық Одақ елдерімен ынтымақтастықты дамыту деңгейін анықтау;
- Орта Азия мемлекеттерімен ынтмақтастықтың жаһандану процесіндегі маңыздылығына баға беру;
- Орталық Азия елдерінің экономикалық қауіпсіздік жүйесінің қалыптасу негіздерін анықтау.
- КСРО құлдырағаннан кейінгі тәуелсіздік алған мемлекеттердің экономикалық, саяси, әлеуметтік жағдайын, сыртқы және қауіпсіздік саясатын қарастыру.
- Орталық Азия елдерінің экономикалық қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастығының факторлары және алғышарттары зерттеу
- Орталық Азия елдерінің ішкі қауіпсіздік саласындағы тынтымақтастығын талқылау.
- Орталық Азия аймағындағы қауіпсіздік саласындағы тынтымақтастықтың жаңа бағыттары
Зерттеу жұмысының методолгиялық және әдістемелік негіздері: Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдардағы Қазақстандағы саяси зерттеулердің методолгиялық базасы болып, танымның жалпы методолгиялық интерактиві статусын иемденуші тәуелсіз диалектикалық материалистік философиялық методолгия және нақты теорияның мазмұнынан туындайтын методолгиялық принциптер жүйесі немесе нақты ғылыми методолгия синтезделген екі деңгей ретінде көрініс беруде.
Осыған байланысты жұмыстың методологиялық негізіне жалпы тарихтың және саяси ғылымның өзгеше тән принциптері алынды. Нақтылап айтқанда зерттеуде негізінен тарихилық принципі диалектикалық принцип және ғылыми объективтілік принциптері басшылыққа алынды. Зерттеуде алға қойған мақсатқа жету үшін мынадай арнаулы саяси ғылымның әдістері қолданылды. Салыстырмалы жүйелеу социологиялық тарихи, нормативтік. Бұл тәсілдерден басқа жалпы ғылыми әдістер талдау, жинақтау, дедукция, индукция, диалектикалық материализм қолданылды.
Жұмыстың құрылымы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 ОРТАЛЫҚ АЗИЯ МЕМЛЕКЕТТЕРІНІҢ АЙМАҚТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕЛЕРІНІҢ НЕГІЗГІ АСПЕКТІЛЕРІ
- Орталық Азия мемлекеттерінің аймақтық қауіпсіздік жүйесінің қалыптасу негіздері
КСРО тыдырағаннан кейін Орта Азия мемлекеттері тәуелсіздіктеріне қол жеткізді. Осы кезеңнен бастап аймақ халықаралық қатынастардың дербес субъектісіне айналғандықтан, аймақтық аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қажеттілігі туындады. Қазақстан Орта Азия мемлекеттерімен дипломатиялық қарымқатынастар орнатып, қауіпсіздік саласындағы тынтымақтастықты дамытуға белсене кірісті.
Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992 жылғы 23 қарашада орнатылды. 2007 жылдың қараша айынан бастап Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасында Төтенше және өкілетті Елшісі Зауытбек Қауысбекұлы Тұрысбеков болып табылады. 2008 жылдың қараша айынан бастап Өзбекстан Республикасының Қазақстан Республикасында Төтенше және өкілетті елшісі Фарух Исламжанұлы Тұрсынов болып табылады.
Қазақстан-өзбек арасындағы қатынастар жеткілікті түрде тұрақты дамуда. Тараптар өңірлік қауіпсіздік мәселелерінде ықпалдасады олар халықаралық ұйымдар мен форумдар мысалы ШЫҰ, ТМД, ҰҚШҰ, АӨЫСШЖК мүшелері болып табылады. Қазақстан-өзбек қатынастары шарт-құқықтық базасын ынтымақтастықтың барлық саласын қамтитын 100-ден астам құжат құрап отыр. ҚР Президентінің 1998 жылғы 30 қазандағы Өзбекстанға ресми сапары кезінде екі жақты қатынастардың негізін салушы Мәңгілік достық туралы шартқа қол қойылды. 2006 ж. 11 қаңтарда Өзбекстан Президенті И. Кәрімов Астана қаласында өткен Қазақстан Президентін ресми ұлықтау салтанатты рәсіміне қатысты. 2006 жылғы 19-20 наурызда ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Өзбекстанға мемлекеттік сапары барысында екі ел Президенттерінің жетекшілік етуімен Мемлекетаралық үйлестіру Кеңесін (МҮК) құру туралы шешім қабылданды. Ол екі жақты ынтымақтастықтың басым мәселелерін тиімді шешуге қызмет етеді. Ол сондай-ақ Алматыда өткен АӨСШК Екінші Саммитіне (2006 жылғы 17 маусым) және Астанадағы Орталық Азия елдері президенттерінің ресми емес кездесуіне (2006 жылғы 1-2 қыркүйек) қатысты. 2006 жылдың 4 қыркүйегінде ӨР Президенті И. Кәрімовтің Қазақстанға мемлекеттік сапары болды, оның барысында Мемлекетаралық үйлестіру Кеңесінің ережесі бекітілді. Сонымен бірге 2006-2010 жылдарға арналған экономикалық ынтымақтастық және 2006-2008 жылдараға арналған мәдениеттілі-гуманитарлық ынтымақтастық бағдарламаларына қол қойылды.
2006 жылғы 3 қарашада ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Өзбекстанға жұмыс сапары болып, оның барысында МҮК-тің 1-ші отырысы өтті. 2007 жылғы 26-27 шілде аралығында ҚР Премьер-Министрі К. Мәсімовтің Өзбекстанға сапары болып, оның кезінде МҮК-тің 2-ші отырысы өтті. К. Мәсімов Ташкентте болған уақытында оны ӨР Президенті И. Кәрімов қабылдады және ол ӨР Премьер-Министрі Ш. Мирзиёевпен келіссөздер өткізді.
МҮК отырысы кезінде Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы 2007-2016 жылдарға арналған экономикалық ынтымақтастықтың стратегиясына қол қойылды және оны іске асыру үшін жұмыс тобы құрылды. 2008 жылдың 22-23 сәуір күндері Президент И. Кәрімовтің Қазақстанға ресми сапары орын алды, оның барысында тараптар саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды қарастырды. Қазақстан мен Өзбекстан арасында еркін сауда аймағын құру, бизнес-орталықтар және Сауда өкілеттіктерін ашу, мұнай саласында әріптестікті нығайту және т. б. туралы келісімдерді дайындауға екі жақ уағдаластыққа келді.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев Түрікменстанда ресми сапармен 1993 жылғы 19 мамырда, 1999 жылғы 8-9 сәуірде болды, сондай-ақ 2002 жылғы 23-24 сәуірде Ашхабат қаласында өткен Каспий жағалауы мемлекеттері Басшыларының Бірінші саммитінің жұмысына қатысты. Түрікменстанның Президенті С. Ниязов Қазақстанда ресми сапармен 1997 жылғы 27 ақпанда, 2001 жылғы 5-6 шілдеде болды, сондай-ақ 2002 жылғы 28 ақпан - 1 наурыз аралығында Алматы қаласында өткен ТМД мемлекеттері басшыларының бейресми кездесуіне қатысты. 2001 жылғы 5 шілдеде Астана қаласында мемлекет басшылары Қазақстан-түрікмен мемлекеттік шекарасын межелеу және демаркациялау процесі туралы шартқа қол қойды. 2005 жылдың қараша айында іргелес мемлекеттердің мемлекеттік шекарасында алғашқы шекара бағаналарының орнатылу рәсімі салтанатты түрде өткізілді. Қазақстан Республикасы мен Түрікменстан арасындағы мемлекеттік шекараны демаркациялау процесін ағымдағы жылы аяқтау көзделген. Қазіргі таңда біздің елдеріміз Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін анықтауға қатысты келіссөз процесіне қатысуда. Бұл мәселеде Қазақстан мен Түрікменстан ұқсас ұстанымдар білдіріп, келісушілік танытп жатыр. Сонымен қатар, қазіргі уақытта Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы Каспий теңізінің табанын межелеу туралы келісімнің жобасын даярлауға байланысты келіссөз процесі жалғасу үстінде. Сондай-ақ Арал теңізі бассейнінің су қорларын басқару және трансшекаралық өзендердің су қорларын пайдалану мәселелері қарастырылатын Аралды сақтап қалу халықаралық қоры шеңберінде Қазақстан мен Түрікменстан ынтымақтастық танытуда. Географиялық тұрғыдан жақындығы, тарихи тарихи тұрғыдан терең тамырластығы, тілдің, мәдениеттің, салт - дәстүрдің ортақтығы Қазақстанның Қырғыстан Республикасымен жаңа тиімді ынтымақтастығының сенімді негізі болып табылады. Екі жақты қарым-қатынас 1993 жылы жасалған, Достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шарттың ережелеріне сәйкес құрылады. Шартта тараптардың әрқайсысы өз аумағында тұрып жатқан екінші тараптың азаматтарына жалпыға бірдей танылған азаматтық, әлеуметтік, экономикалық және мәдени құқықтар мен еркіндіктерге кепілдік береді. Құжатта сауда-экономикалық, мәдени, ғылыми-техникалық және басқс да байланыстарды кеңейтуге, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге айрықша маңыз беріледі. Тараптық қоршаған ортаның ластануын болдырмау, табиғатты пайдаланудың, әсіресе экологиялық тұрғыдан қолайсызаудандарда ұтымдылықты және ресурсты үнемдеуді қамтамасыз етуге айрықша маңыз беріледі. Тараптар қоршаған ортаның ластануын болдырмау, табиғатты пайдаланудың, әсіресе экологиялық тұрғыдан қолайсыз аудандарда ұтымдылықты және русурсты үнемдеуді қамтамасыз ету үшін қажетті шаралар қабылдау туралы өздеріне міндеттеме алды. Мемлекеттер сейсиология саласында ынтымақтасуға, өз аумақтарындағы ірі эколгиялық тұрғыдан қолайсыз аудандарда ұтымдылықты және ресурсты үнемдеуді қамтамасыз ету үшін қажетті шаралар қабылдау туралы өздеріне мндеттеме алды. Мемлекеттер сейсмология апаттардың салдарын жоюда жәрдем көрсетуге, сондай-ақ халықтың тыныс тіршілігі үшін қауіп туғызатын, табиғи және техногендік факторларға байланысты төтенше жағдайлар туындаған кезде өзара көмек көрсетуге уағдаласты.
Екі жақты қатынастардың шеңберінде 90-ға жуық құжаттарға қол қойылды. Олардың ішінде Сауда-экономикалық ынтымақтастық принциптері туралы, Еркін сауда-саттық туралы, Қазақстан мен Қырғыстанның үкіметтері мен ұлттық банктері арасында есеп айырысуларды ұйымдастыру туралы келісімдер маңызды болып табылады. Жерді республикааралық пайдалану туралы, өнеркәсіп, құрамында ураны бар шикізатты өндіру және ұқсату саласындағы бұдан былайғы интеграция туралы және басқа да келісімдердің маңызы үлкен. Тараптардың өзара қарым-қатысындағы негізгі арқау - сауда-экономикалық ынтымақтастықты жан-жақты тереңдету.
Қырғыстанның Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы Біртұтас экономикалық кеңестік құру туралы шартқа қосылуы, осы шартқа қосылуы, осы шартқа үш тарапты құжаттың сипатын беру шын мәнінде Орталық Азия республикаларының арасындағы ынтымақтастықтың жаңа кезеңі басталғандығын куәландырады, олар өзара тиімді байланыстарды нығайту мақсатында күш-жігерді біріктіруге деген ұмтылыстарын анық білдірді. Екі жақты қатынастарды кеңейту үшін Президент А. Ақаевтың 1997 жылғы 8 сәуірдегі Қазақстанға ресми сапарының зор маңызы болды. Екі мемлекет басшылары мәңгілік достық туралы шартқа қол қойды. Бұл құжат Қазақстан мен Қырғыстанның әртарапты ынтымақтастығының тұрлаулы болашағын белгілеп берді. Екі елдің Президенттері екі елдің арасындағы мемлекеттік шекараны құқықтық тұрғыда ресімдеудің орындылығы туралы пікір білдірді. Осы уағдаласты орындау үшін тараптар Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы шекараны делимитациялауға кірісті. Н. Назарбаевтың 2001 жылғы маусымда Бишкек сапары барысында екі мемлекет басшылары осы жұмысты тиісті шартқа қол қою үшін жылдың аяғына дейін аяқтау ниеті туралы мәлімдеді.
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы 2001 жылы «Шанхай бестігінен» (Қазақстан, Ресей, Кытай, Қырғызстан және Тәжікістан) құрылған. ШЫҰ-ның негізі - Шекара аумағында әскери саласында сенімді нығайту туралы Шанхай келісімі (1996 жылы) және Шекара аумағында қарулы күштердің өзара қысқартылуы туралы Мәскеу келісімі (1997 жылы) болып табылады. Аталған екі тарихи келісімнің біріншісіне қол қою үшін 1996 жылы Шанхай қаласында бес мемлекет басшысы кездесіп, ол «Шанхай бестігі» деген атауға негіз болды. Шанхайдағы, оған ілесе бір жылдан кейін Мәскеуде өткен саммиттер алты жылдан соң көп жақты ынтымақтастық ұйымына айналған құрылымның негізін қалады. Қазақстан, Шанхай ынтымақтастық ұйымымен ықпалдасуды өзінің сыртқы саясатының басым бағыттарының бірі ретінде қарастыра отырып, аталған Ұйымға ерекше мән береді. ШЫҰ осы өңірдегі мемлекеттердің қауіпсіздік және сенім шараларын нығайту мәселелерін бірлесіп шешу ұмтылысының нәтижесінде пайда болды. Ұйымның мүдделері саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық салаларға таралды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz