Әлеуметтік экологияның өзекті мәселелері


АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ

ӘЛЕУМЕТТІК ПӘНДЕР

КАФЕДРАСЫ

Әлеуметтану пәнінен

№2 семестрлік жұмыс

Тақырыбы:

«Әлеуметтік экологияның өзекті мәселелері»

Орындаған: БВТк-08-01 тобы студенті

Карабалина Н. У.

Қабылдаған: доцент Орынбекова Д. С.

АЛМАТЫ 2011

Жоспар:

  1. Кіріспе . . . 3
  2. Негізгі бөлім:Экологиялық сана және экологиялық мәдениет . . . 5Қазақстандағы экологиялық жағдай . . . 7Экология - жаһандық мәселе . . . 10
  3. Қорытынды . . . 14
  4. Қолданылған әдебиеттер . . . 15

Кіріспе:

Адамзат баласы өз басынан әр түлі қоғамдық өндіріс әдістерін өткізгені белгілі. Ғылыми-техникалық революцияның ықпалымен рыноктық қатынасқа байланысты адамдардың қоғам алдына қоятын талаптарының ауқымы өсті, түрлері көбейді. Қазір қарапайым адамдар еңбек және тұрмыс жағдайын жақсарту және сауықтыру, кәсіпорындарға жұмысшы бақылауын кең түрде қолдану, өндірісті басқару және әлеуметтік мәселелерді шешуге хақылы болуын, қоршаған ортаны аялау жөнінде өкіметтің, атқарушы органдардың батыл шешім қабылдауын, еңбекке деген құқықты іске асыру, экономикалық, әлеуметтік, экологиялық және соғыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету, осы саладағы жетістіктердің бәрін де бейбіт мақсатқа пайдалану және осы сияқты басқа көптеген талаптарды өткір қойып отыр.
Қазіргі технологияның дамуы өндірістің табиғи фактордан тәуелсіздігін бәсеңдетсе, екінші жағынан, оның рөлі барған сайын күшейіп, әуе және космос кеңістігі, дүниежүзілік мұхит т. б. еніп отыр. Осылайша табиғат ресурстарын экономикалық айналымға қамту көлемі барған сайын арта түсуде. Бұдан бір тұтас экологиялық-экономикалық ұдайы өндірістік жүйе қалыптасты деп қорытынды жасауға болады. Заманымыздың ғұлама ғалымы академик Вернадскийдің сөзімен айтқанда, бұл - неосфера дәуірінің басталуы.
Ғылым мен практикада дәлелдегеніндей, интенсивтендіру қоршаған ортаны, табиғатты әлсіретпейді, қайта оның сол қалпында сақталып, жетіліп отыруына, табиғи қалпында қоры таусылмай ұдайы өндіріліп тұруына ықпал етеді. Адамдардың табиғатқа ықпалы қай қоғамда да қандай шаралар қабылдап, оны ақылмен ойластырып, ұйымдастырып іске асыратындығына байланысты. Біздің еліміз жағдайында табиғатқа көзқарас, оны аялау, қорғау, сақтау мәселесіне жете көңіл бөлінбей келгені өкінерлік жағдай. Қандай мөлшерде, қаншаға түссе де ең алдымен өндірістік жоспарды орындау керек деген принцип табиғатқа, адам баласына орны толмас зиян келтіріп келгенін айтпасқа болмайды. Арал теңізі, Семей, Капустин Яр полигондарына байланысты жайлар, аймақтық мәселе дер едік. Өйткені республика халқына, табиғатына, оның болашағына тигізген қайғы-қасіретін бір мемлекет күшімен жою қиын, оған әлемдік деңгейде бірлескен шаралар жүйесі керек. Дүниежүзілік мұхит, теңіздер де олардың мұнай өндірумен ( бұл өндірудің 25 проценті) байланысты қатты ластанып отыр, тіпті ондағы өсімдіктер мен хайуанаттар дүниесіне зор қауіп төнуде. Сондай-ақ егістік жерлерде минерал тыңайтқыштарын орынсыз енгізудің адамзат пен табиғатқа зиянды әсер- ықпалы қаншама десеңізші. Сондықтан экологиялық проблемалар қазір дүниежүзілік көлемде қатты шиеленіскен күйде. Табиғаттан алуды ғана білу жеткіліксіз, оны сақтап, қорғау туралы кең бағдарламалық шараларды тез арада іске асыру бүкіл адамзаттың, болашақтың ең басты міндеті.
Қорыта айтқанда, ғылыми - техникалық прогресс қоғамдық дамудың, оның әлеуметтік мәні мен мазмұнын жоя алмайтын, бірақ дүниеде болып жатқан барлық құбылыстарға орасан зор ықпал ететін табиғи, обьективті процесс.
Адам тарихи дамудың жемісі, барлық қоғамдық-экономикалық қатынастардың жиынтығы. Ол ғажайып құдіретті күш, табиғаттың алып тұлғасы. Адам өндіргіш күштің басты элементі, өндірістің субьективті жеке факторы. Қоғамдық өндіріс адамсыз іске аспайды, оның нәтижесі адамның қажеттіліктерін қанағаттандыруға, солардың мүддесі үшін қызмет етеді. Игіліктерді өндіруші бір ғана күш бар. Ол да адам. Қоғамды өркендетушіде адам. Адам қоғамнан тыс өмір сүрмейді, қоғамның аясында болады, соның өрісінде дамиды. Адам барлық өндіріс түрлерінің шешуші факторы. Сондықтан қоғам дамуының сатыларына байланысты ол үнемі даму үстінде болады. Адамның өндірістегі орны, рөлі, адамға қойылатын өндірістік, әлеуметтік және т. б. талаптар күшейді

Экологиялық сана және экологиялық мәдениет

Индивидтің нақты қоғамдық қатынастары мен оның санасындағы осы қатынастардың бейнесі арасындағы негізгі қызығушылығы арасындағы байланысымен шығады. Адамдар анықталған әлеуметтік қызығушылығымен іс - әрекет жасайды. Сонымен қатар қажеттіліктің динамикалық жүйесі негізінде субъект анықталған және қатысты тұрақты диспозицияны қалыптастырады және әр түрлі ситуацияларға бейімделеді. Нәтижесінде сана мен құқықтық сана адамдардың іс - әрекетін басқарады, ал адамдардың іс - әрекеті мен әлеуметтік белсенділіктің сипаты сана мен құқықтық сананың сапасын сипаттауға мүмкіндік береді. Адам сана мен тәртіпке тәуелді. Сонымен қатар олардың өзгеруі қоршаған орта мен қоғамдық қатынастардың талаптарымен сәйкес жүріп отырады. Осы шарттарда маңызды тек қана экологиялық құқықтық сана ғана емес, экоқұқықтық мәдениет, заңды және заңсыз іс - әрекеттерді жасаудағы потенциалды әзірлік те жатады, бірақ құқықтық сананың деңгейін көрсететін азаматтық нигилизмнің латентты формасын да жатқызуға болады.

Әрбір халық пен әрбір елде өзіне тән қайталанбас тарихымен, табиғатымен ерекшеленетін индивидуалдылығы болады. Аймақтық мәдениет деңгейінде әр түрлі табиғаттың әлеуметтік қатынастармен байланысын көрсететін маңызды шаралар өткізіліп жатыр. Б. Коменердің айтуынша, қоршаған ортаның қоғамға әсері жергілікті шарттармен ұштасып жатады, адам қоршаған ортамен байланыспай, нақты табиғи жағдайларға байланысты өмір сүреді және әрекеттенеді. Осыдан шығатыны территориядағы әлеуметтік - өндірістік организациялардың табиғи факторларды қолдануы ландшафты - экологиялық әдісті талап етеді.

Әлеуметтану ғылымының кандидаты, Астрахан мемлекеттік техникалық университетінің доценті Е. А. Шишкина - ның 2007 жылғы экологиялық және азамттық сана - сезімді анықтауда жартылай жабық типті анкеталық сұрау негінде жүргізген зеттеуінде келесі нәтижелерге көз жеткіземіз:

Анкета сұрақтары
Әр түрлі категориядағы жауап нұсқалары
1
2
3
4
5
6
7
8
Анкета сұрақтары: Браконьерлікпен және заңсыз жолмен табиғат ресурстарын сатумен пайда табатын азаматтар туралы ойыңыз қандай?
Әр түрлі категориядағы жауап нұсқалары:
Анкета сұрақтары: А) иә, себебі адамдардың басқа күн - көріс көзі жоқ
Әр түрлі категориядағы жауап нұсқалары: 23, 3
15, 4
17, 5
72, 8
74, 3
10, 6
13, 4
25
Анкета сұрақтары: Б) иә, себебі кейбір басшылар да бұнымен айналысады, тек заңды түрде
Әр түрлі категориядағы жауап нұсқалары: 33, 3
45, 4
32, 5
5
7, 4
36, 2
28, 5
28, 8
Анкета сұрақтары: С) жоқ, бұндай әрекетті ешқашан қолдауға болмайды
Әр түрлі категориядағы жауап нұсқалары: 43, 4
39, 5
50
22, 2
18, 3
53, 3
58, 1
46, 2
Анкета сұрақтары: Сіз не істер едіңіз, егер қоршаған ортаның ресурстарын заңсыз айналымға қосу мүмкіндігі туса?
Әр түрлі категориядағы жауап нұсқалары:
Анкета сұрақтары: А) келісемін, неге пайда таппасқа
Әр түрлі категориядағы жауап нұсқалары: 3, 3
4, 7
2, 5
7, 8
34, 5
8, 5
6, 3
9, 6
Анкета сұрақтары: Б) келісемін, егер бұл әрекет үшін жазаланбайтыныма сенімді болсам
Әр түрлі категориядағы жауап нұсқалары: 10
23, 3
7, 5
30, 7
40, 2
21, 3
20, 4
9, 6
Анкета сұрақтары: С) қандай жағдай болса да келіспеймін
Әр түрлі категориядағы жауап нұсқалары: 40
39
37, 5
11, 5
4, 2
8, 5
74, 2
28, 8
Анкета сұрақтары: Сіз қоршаған ортаға тигізген зияны үшін қойылатын құқықтық санкциялар қажет деп ойлайсыз ба?
Әр түрлі категориядағы жауап нұсқалары:
Анкета сұрақтары: А) иә
Әр түрлі категориядағы жауап нұсқалары: 85, 9
73, 5
94, 6
76, 9
45, 4
72, 6
79, 2
72
Анкета сұрақтары: Б) жоқ
Әр түрлі категориядағы жауап нұсқалары: 8, 8
13, 9
17, 5
54, 6
19, 1
17, 1
25
Анкета сұрақтары: С) басқа
Әр түрлі категориядағы жауап нұсқалары: 5, 3
12, 6
5, 4
5, 6
8, 3
3, 7
3

Ескерту: 1 - ЖОО оқытушылары; 2 - студенттер; 3 - мұғалімдер; 4 - оқушылар; 5 - орта арнайы оқу орынында оқитындар; 6 - дәрігерлер; 7 - орта арнайы білімі барлар; 8 - әлеуметтік білімі және профессионалдық квалификациясы жоқ адамдар.

Сұрау экологиялық және азаматтық сананың деформациясының жоғары деңгейін көрсетті. Сонымен, сұралған барлық топтардың көрсеткіштерінің салыстырмалы анализі сана деңгейі кем дегенде білім мен интеллектуалдылық дамуына, қызметтік процесіне байланысты.

Қазақстандағы экологиялық жағдай

Қазақстан Республикасы Еуразия құрлығында экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз етуде, яғни экологиялық жүйелерді дамытуда байланыстырушы қызметін атқарады. Өйткені, еліміздің климат жағдайы әралуан, әсіресе өңірдің су тепе-теңдігіне тән ерекшелігіне орай Еуразияның бүкіл аумағындағы экологиялық ахуал Қазақстанның тұрақтылығына байланысты екендігін айта кету керек. Ал экономиканың өсуі экологиялық жағдайға тікелей байланысты екені баршаға мәлім.

Ел Президенті өзінің Жолдауында халықтың әл-ауқатын қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі бағыты болып табылатындығын атап көрсетті. Бұл ретте табиғи құндылықтар және қоршаған ортаның жай-күйі әрбір азаматтың денсаулығының, ұлтық әл-ауқаттың ажырамас бөлігі болып табылуы ең маңызды мәселе екені сөзсіз. Сол себепті біздің ішкі жалпы өнімнің өсуі қоршаған ортаның ластанудың жоғары деңгейінде жүріп жатқанын айтпасқа болмайды. Бұл тұрғыда табиғи орта мен халықтың денсаулығына кері әсер ететін экологиялық зардаптарды болдырмау мақсатында еліміздегі атқарылып жатқан қыруар еңбектің мән-жайын айта кету ләзім.

Қоршаған ортаны қорғау министірлігі қазіргі таңда республикалық және жергілікті деңгейдегі экологиялық проблемалардың тізбесін жасады. Тізбеде аса айрықша және көкейтесті экологиялық мәселелер көрініс тапқан. Оларды шешу жөнінде арнайы өңірлік бағдарламалар жасалған. Осыдан бастап Ақтөбе, Ақтау, Атырау, Өскемен, Семей, Балқаш, Орал және Тараз қалаларында канализациялық тазарту құрылыстарын жобалау және оны салу жұмыстары басталады. Тәуелсіз еліміздің жалпы тарихында алғаш рет қоршаған ортаны ластауды жою жөнінде жұмыс басталды деуге толық негіз бар. Оған мысал конденсаторлардың бірінші партиясы «Дариьял-У» полигонына әуе көлігі арқылы Германияға қайта өңдеуге жіберілгенін айтсақ болады.

Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясында айтылғандай, еліміз неғұрлым жоғары дәрежедегі ауасы кәусар, суы тұнық ең таза жасыл ел болуы қажет. Осыған байланысты "2007-2012 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында қоршаған ортаны қорғау жүйесінің орнықты дамуының негізгі бағыттары" айқындалған еді. Онда төрт негізгі кезең бойынша нұсқаулық көрсеткіштер алғаш рет анықталып отыр. Еліміздің орнықты дамуын жан-жақты қамтамасыз етуде қоршаған орта ахуалын, оның сапалық көрсеткішін жан-жақты жақсарту үшін, оған қоса Президент пен Үкімет белгілеген айқын әрі нысаналы көрсеткіштерге қол жеткізуде түрлі бағыттар бойынша жүмыстар жүргізіліп келеді.

Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі әлемдік стандарттарға толығымен сәйкестендірілген және халықаралық келісімдермен және конвенциялармен үндестірілген. Осы кодексті іске асыру үшін қолданыстағы 46 заңға қатысы бар актілер қабылданды. Оған мысал ретінде Базель конвенциясына негізделген қалдықтардың жаңа классификаторы, Орхусс конвенциясына сәйкес жұртшылықтың экологиялық ақпаратқа және сот әділдігіне қол жеткізуін қамтамасыз ету жөніндегі актісі, Монреаль хаттамасына сәйкес парниктік газдар мен озонды бұзатын заттардың шығарындыларының есебін жүргізу, түгендеу және нормалау ережесі және бұдан басқаларды да келтіруге болады. Мына бір мән-жайды да айта кеткен жөн. Үкімет елімізді орнықты дамуға көшудегі тұжырымдамасын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында 97 ұстаным бар, оның бүгінде 33-ші орындалды. Осы ретте Қазақстан Республикасы Үкіметінің орнықты даму жөніндегі бөлімдері және тиісті нысаналық көрсеткіштері ортамерзімдік жоспарларға сәйкес келуде. 2008-2015 жылдарға арналған елдің бәсекеге қабілеттілігі және экспорттық мүмкіндігінің жаңа деңгейдегі сапалыққа қол жеткізу мақсатында біршама жұмыстар атқарылды.

Бұған қоса Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп "Қоршаған ортаның ластанудағы халық денсаулығының жай-күйі үшін қауіптілікті бағалау ережесін бекіту туралы" және Білім және ғылым министрлігімен "Технологияларды (жобаларды) орнықты даму критерийлері бойынша серпінділер санатына жатқызу әдістемесін бекіту туралы" бірлескен іс шаралар қолға алынды.

Табиғатты қорғау бойынша мемлекеттік бақылауды жүргізетін талаптар барынша күшейтіліп, 2007 жылы министрліктің бастамасына орай сот органдарының шешімдерімен 226 кәсіпорындардың кызметі уақытша тоқтатылды. Нәтижесінде 40 миллиард теңгеден астам сомаға талаптар келтіріліп, айыппұл салынған. Осының есебінен табиғат корғау заңын бұзушылық 2006 жылмен салыстырғанда 20 пайызға төмендеген.

Сонымен қатар, қоршаған ортаны қорғау аясында Қазақстаның халықаралық ынтымақтастығы және ондағы алатын орны тереңдей түсуде. Ротгердам және Стокгольм конвенциялары ратификацияланды. Киото хаттамасын ратификациялау туралы заң қарастырылуда.

Елдегі экологиялық ахуалды жақсарту үрдісіне нарықтық тетіктерді тарту маңызды болмақ. Сондықтан Қоршаған ортаны қорғау министрлігі жалпы сомасы 200 миллиардтан астам теңгеге табиғат ресурстарын пайдаланушылардың үш жылдық іс-шара жоспарларын пысықтады. Олар меншікті эмиссиялардың жалпы ішкі өнімнің бірлігінде кем дегенде жыл сайын 25-30 пайызға төмендету көзделген. Яғни, бұл жоспар бойынша экологиялық рұқсаттардың ажырамас бөлігін министрлік катаң бақылауға алады деген сөз.

Қоршаған ортаны қорғау саласында жаңартылатын ресурстар мен энергия көздерін пайдалану жөніндегі үсыныстар бойынша Оңтүстік Қазақстанның өзендерінде экологиялық таза шағын су электр станцияларының (СЭС) каскадтарын салуды Германия мен Австрияда сияқты дамыған елдердегідей дәрежеге жеткізу көзделуде. Ол елдерде шағын су электр станцияларының саны он мыңдап сналады. Семейдегі ядролық сынақ аумағындағы экологиялық мәселелерді кешенді шешу тұжырымдамасы тыңғылықты жұмыс істеуде. Полигон аумағының 80 пайыздан астамын халық шаруашылығына қайтару жөніндегі іс-шаралар өз дәрежесінде орындалуда.

Қазіргі таңда Ел Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «ІІІ Жер саммитін» 2012 жылы Астана қаласында өткізу туралы бастамасын іске асыру жөніндегі шаралар жан-жақты жүргізілуде. Бұл саладағы орнықты даму жөніндегі екі саммит Америка және Африка континенттерінде өткені баршаға мәлім. Енді Еуразияның құрлығына қатысты кезек біздің елдің еншісіне тигелі тұр.

Осы тұрғыда Қазақстанның құқық қорғау органдарымен де бірталай жұмыстар жолға қойылған. Мәселен, экологиялық қылмыстар бойынша 2007 жылы 164 қылмыстық істер тергеліп, аудандық соттарға жіберілген. Оның сотта 158 қаралып, 219 адамға қатысты үкім шығарылған. Ал осы жылдың бірінші тоқсанында 35 қылмыстық іс тергеліп сотқа түскен. 37 қылмыстық істері бойынша, 58 адамға үкім шығарылған. Ондағы қаралған істердің басым көпшілігі заңсыз балық аулау мен заңсыз аңшылық, сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктердің және құрып кету қаупі төнген олардың түрлерін заңсыз жою екенін баса айтып кеткен жөн. Себебі қылмыстық кодекстің 17 бабы бойынша қылмыстық жауапкершілік көзделген болса да құқық қорғау орындарымен, аталған бес-алты баптың көлемінде ғана тергеу әрекеттері жүргізіледі. Яғни, қылмыстық кодекстегі көптеген экологиялық талаптардың бұзылуы салдарынан қоршаған ортаны ластау, бүлдіру, жануарлар дүниесін қорғау ережелерін бұзу т. б. қауіпсіздік ережелерін бұзу орын алады. Оны тікелей бақылап қадағалаумен айналысатын құқық қорғау органдарының немқұрайлықтары елеңдетеді.

Адамда табиғатты аялау сәби кезінен басталады. Сондықтан күнделікті өмірде еліміздің қаласы мен даласын кіршіксіз, таза күйде көркейіп, мерейін өсіру Қазақстан азаматтары экологиялық тепе-теңдікті, қоршаған ортаны аялауды ұрпақтан ұрпаққа аманат етіп, ол отбасында, оқу - ағарту орындарда жақсы үрдіс, дәстүрмен жалғасын тауып жатса, нұр үстіне нұр болар еді.

Экология - жаһандық мәселе

Адамзат қоғамының алдында тұрған экологиялық мәселелер оның дамуының барлық тарихи кезеңдерінде орын алып отырды. Бірақ, өндірістік қоғам мен демографиялық жарылыс кезеңінде адамзаттың табиғатқа теріс әсерінің нәтижелері ғаламдық сипатқа ие болды. Экологиялық мәселенің мәні - табиғаттағы қалыптасқан тепе-теңдікті бұзбай, миллиардтаған адамдарды жерде қоныстандыру және олардың барлық қажеттіліктерін қамтамасыз ету. Қазіргі Жердегі тіршілік адам қызметінің сипатына тәуелді.
Қазіргі кезең адамның ерекше биосфералығқ қызметі - биосфераны қорғау мен сақтап қалу қызметімен анықталып отыр. Экологиялық мәселелердің алдын алу үшін адам ретсіз дамудан тиімді, реттелген, табиғат пен қоғамның даму заңдарына негізделген дамуға өтуі тиіс. Тек осы кезде ғана адамзат қоғамының дамуы үздіксіз, ұзақ уақыттық, бірқалыпты жағдайда, табиғи және әлеуметтік дағдарыссыз дамиды. Мұндай дамуды - тұрақты даму деп атайды. Бірақ бұл үшін адамдардың сана-сезімі, олардың мақсаты мен адамгершілік бағыттылығы өзгеруі тиіс.
Планетадағы тіршілікті қорғау бүкіл адамзаттың бірігуін талап етеді.
1987жылы БҰҰ-ның Дүниежүзілік қоршаған орта мен даму комиссиясы «Біздің жалпы болашағымыз» атты есебінде «қоршаған орта үшін қауіпсіз, жолда экономикалық дәуірге» аяқ басуға шақырды.
1992 жылдың маусым айында Рио-де-Жанейро қаласында өткен БҰҰ-ның қоршаған орта мен даму бойынша өткен конференциясы «Тұрақты даму» концепциясын және «ХХІ ғасырдың күн тәртібіне» атты ауқымды бағдарламасын қабылдады. Бұл бағдарламада шешілуі болашақта тұрақты дамуды қамтамасыз ететін жалпы мәселелер қарастырылған. Оның нәтижесі төмендегі көрсетілген.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экологиялық тәлім-тәрбиенің қазіргі мәселелері
Экологияның қалыптасу тарихы мен кезеңдері жайлы ақпарат
Экологияның қалыптасу тарихы мен кезеңдері. Қазіргі таңдағы экология ғылымының құрылымы туралы ақпарат
Экологияның қалыптасу тарихы және кезеңдері туралы ақпарат
Экологиялық мектептердің қалыптасуы.Осы күнгі экологияының негізгі бөлімдері.Экологияның қатысуымен шешілетін теориялық және қолданбалы мәселелер
Қазақстан Республикасының экологиялық мәселелері
Әлеуметтік экологияның өзекті мәселелері туралы
Экология және тұрақты даму пәні, мақсаты мен міндеттері
Экологияның қалыптасу тарихы мен кезеңдері жайлы
Экологиялық информатика
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz